Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет9/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42

Қорытынды  
Осы мақалада келтірілген материалды сараптай келіп, мынадай қорытынды жасауға 
болады.Арамшөптерді  жою  үшін  қант  қызылшасы  егісінде  гербицид  қолданғанда  оның 
егісіндегі  арамшөптер 83,2-87,7 пайызға  дейін  жойылды.  Қант  қызылшасы  егісінде 
гербицид  қолданғанда  оның  өнімділігі 300-312 ц/га  болып,  қанттылығы 15,3 пайызды 
көрсетті.  
 
Əдебиеттер  
  
1.  Əльдеков  Н.А.,  Балғабаев  Ə.М.,  Есіркепбаев  Т.Б.  Ауыл  шаруашылық 
дақылдарының биологиялық ерекшеліктері мен агротехникасы. – Алматы, 2013. – 154 б. 
2.  Əрінов  Қ.  К.,  Мұсынов  Қ.  М.,  Апушев  А.  Қ.,  Серекпаев  Н.А.,  Шестакова  Н.  А., 
Арыстанғұлов С. С.   Өсімдік шаруашылығы. – Алматы, 2011. - 424 б. 
3.  Əльдеков  Н.А.,  Балғабаев  Ə.М.,  Есіркепбаев  Т.Б.  Қант  қызылшасын  өндіруді 
ұлғайту негіздері. – Алматы, 2009. – 101 б. 
4.  Əуезов  Ə.Ə.,  Атақұлов  Т.А.,  Сүлейменова  Н.Ш.,  Жаңабаев  Қ.Ш.  Егіншілік 
оқулық. – Алматы, 2005. – 146 б. 
 

67 
Жинсанова С.Ж., Жаңабаев К.Ш. 
ВЛИЯНИЕ ДОЗЫ ВНЕСЕНИЯ ГЕРБИЦИДА РАТНИКА НА ЗАСОРЕННОСТЬ 
ПОСЕВОВ САХАРНОЙ СВЕКЛЫ В УСЛОВИЯХ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ 
В  статье  приведены  результаты  исследований  гербицидов,  применяющихся  против 
сорняков на посевах сахарной свеклы в условиях Алматинской области. 
Zhinsanova S.ZH., Zhanabaev K.Sh. 
INFLUENCE OF A DOSE HERBICIDE RATNIK ON A WEEDNESS SOWINGES OF 
SUGAR BEET IN THE CONDITIONS OF ALMATY REGION 
Тhe results of researches of herbicides, are driven being used against weeds on sowing of 
sugar beet in the conditions of Almaty region. 
ƏОЖ 633.18:633.26/29:631.8(574) 
Жуматаева Ж., Тоқтамысов Ə.,
  
Елеуова Э., Календерова Ж.,  
Бимағанбетов Б., Назаров Е. 
Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті
Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ТҮЙЕЖОҢЫШҚА ДАҚЫЛЫН КҮРІШ АУЫСПАЛЫ ЕГІСІНДЕ ЖАСЫЛ 
ТЫҢАЙТҚЫШҚА ПАЙДАЛАНУ – ТАЗА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМ АЛУДЫҢ КЕПІЛІ  
Аңдатпа  
Күріш  ауыспалы  егісіндегі  түйежоңышқа  дақылын  жасыл  тыңайтқышқа  тиімді 
пайдалану  жолдарын  зерттеп  таза  экологиялық  өнім  алу  мүмкіндігін  қарастыру  болып 
табылады. 
Кілт сөздер: түйе жоңышқа, гидроморф, жасыл тыңайтқыш, күріш. 
Кіріспе  
Қазақстан  Республикасының 2007-2024 жылдарға  арналған  тұрақты  дамуға  көшу 
тұжырымдамасында 
жаңа 
экологиялық 
қауіпсіз 
технологияларды 
өсімдік 
шаруашылығына  енгізіп  пайдалану  арқылы  ел  экономикасын  арттыру    жəне  ішкі 
нарықтағы  тамақ  өнімдерінің  сапасын  бақылауды  күшейтуге  ерекше  көңіл  бөлу 
қажеттілігі айтылған. 
Соған  байланысты  егіншілік  саласына  балама  экологиялық  таза  технологияны 
қолдану  арқылы  ауыл  шаруашылығы  дақылдарына  минералды  тыңайтқыштар  мен 
пестицидтер  аз  қолданып  өсіруге  жəне  экологиялық  таза  өнімдерді  өндіретін  саланы 
дамытуға баса назар аударылуы қажет. 
Бұл,  өз  кезегінде,  ғылыми-  тəжірибелік  жұмыстардың  құндылығын  арттырып, 
зерттеу тақырыбы мəселесінің өзектілігін айқындайды. 
Зерттеу материалдары мен əдістері  
Ғылыми-зерттеу  жұмыстары  ауылшаруашылығы  экологиясына  қатысты  теориялық 
жəне  практикалық  мəселелерді  шешу  үшін  алға  қойған  мақсатқа  байланысты  Қазақтың 
Ы.Жақаев  атындағы  күріш  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының    Қарауылтөбе 

68 
 
тəжірибе  шаруашылығында  арнайы  салынып,  игерілген  күріш  ауыспалы  егіс 
танаптарында жүргізілді. 
Өңірдің  ауа-райы – континентальды,  жазы-ыстық,  əрі-құрғақ,  қысы-суық,  қарсыз, 
жылдың жалпы орташа температурасы 8,4-8,9
0
С. Сырдария  атырабының топырақ түрлері 
аллювийлік шөгінділерден пайда болған. Мұнда топырақ құрылу процесі гидрологиялық 
режимнің  ықпалымен  жүреді.  Осы  өңірге  тəн  климат,  өсімдік,  гидрология  жəне 
гидрогеология  жағдайында    пайда  болған  əртүрлі  топырақтар  екі  үлкен  топқа  жатады: 
атыраулық ылғалды (гидроморф) жəне шөлейт бөлігінде (субареал) қуаң топырақтар.  
Өлкенің  топырақтары  көп  түрлі  болғанымен  құмды  жəне  таудың  топырағын 
қоспағанда,  бəріне  тəн  ортақ  белгілері  бар:  құрамында  корбанат  көп (10-25%) топырақ 
профилі  қабаттасып  жатады,  топырақта  макроқұрылым  жоқ,  бірақ  суға  тез  езілмейтін 
микроқұрылым  бар.  Егіншілікке  пайдаланатын  негізінен  гидроморф  (ылғалды) 
топырақтар. 
Жүргізілген  жұмыстың  мақсаты – күріш  ауыспалы  егісіндегі  түйежоңышқа 
дақылын жасыл тыңайтқышқа тиімді пайдалану жолдарын зерттеп таза экологиялық өнім 
алу мүмкіндігін қарастыру болып табылады. 
Зерттеу нəтижелері  
Түйежоңышқа  дақылы  жасыл  тыңайтқышқа  өсіру  технологиясының  ерекшелігі. 
Негізгі  дақыл  жинап  алынғаннан  кейін  сүдігер 23-25 см  тереңдікте  жүргізіледі.  Келесі 
жылы  көктем  айында  ылғал  сақтау  мақсатында  (М-6)  мала  жүргіземіз.  Одан  кейін 
тыңайтқыш  беріп  дискілеп,  тырмалап  тұқым  СН-16  тұқым  сепкішімен 10-12 кг/га  себу 
нормасы  бойынша  қатарлы  əдіспен  себілді.  Тұқым  топырақтың 3-4 см  тереңдігіне 
сіңіріледі. Түйежоңышқа бірінші жылы өсу кезеңінде арамшөптер тұқым шашпауы үшін 
1-2  рет  орып  алынды.  Келесі  жылы  түйежоңышқа  биік  болып  өседі.  Одан  əрі  жасыл 
тыңайтқышқа пайдалану үшін, мамыр айында түйежоңышқаны перпендикуляр бағытында 
БДТ-7 дискімен дискілеп 10-12 см тереңдікке енгізіледі. 
 
Кесте 1 - Тəжірибеде күріш ауыспалы егісінде түйе жоңышқаны жасыл тыңайтқыш 
есебінде пайдалану жəне оның күріш өнімділігіне əсері зерттелді  
 
Тəжірибе нұсқалары 2015 
Фон 
Өнімі,ц/га 
2 жылдық түйежоңышқа 
шымы 
Тыңайтқышсыз 38.9 

60
P
60 
59.6 
1 жылдық түйежоңышқа 
шымы 
Тыңайтқышсыз 35.7 

60
P
60 
54.1 
Түйежоңышқаның сидерат 
аударма шымы 
Тыңайтқышсыз 34.9 

90
P
60 
51.8 
Үздіксіз (34 жыл) күріш 
егісі (бақылау) 
Тыңайтқышсыз 12.8 

60
P
60 
34.7 
 
2015 жылы жүргізілген далалық тəжірибе бақылау нұсқасында күріш дақылы 34 жыл 
ауысымсыз егіліп, онан басқа үш нұсқада түйежоңышқаның шымы, аударма шымы жəне 
сидерат шымына күріш егілді. 
Бақылау нұсқасында тыңайтқыш берілмеген егістің өнімі 12,8 ц/га болғанда, осында 
тыңайтқыш  берілген  егістің  өнімі 34,7 ц/га  болды.  Ал  түйежоңышқаның  шымына  күріш 
дақылын егіп оған аз мөлшерде тыңайтқыш берген жағдайда (N 
60
P
60
кг/га ə.е.з) өнім 59,6 
ц/га  болды,  ал  сидерат  шымына  күріш  дақылын  еккенде,  өнім  түйежоңышқа  шымына 
еккен күріштен аз болды (54,1 ц/га) ал аударма шымға егілген күріштің өнімі, тыңайтқыш 
(N 
60
P
60
кг/га ə.е.з.) бергеннің өзінде 51,8 ц/га болды.  

69 
Қорытынды  
Сондықтан  да  күріш  дақылынан  экологиялық  таза  əрі  мол  өнім  алу  үшін 
түйежоңышқа  дақылын  күріш  ауыспалы  егістігінде  екі  жыл  ұстап  шымын  толық 
пайдалану өте тиімді. 
Əдебиеттер 
1  ҚР  президентінің 2006 жылғы 14.ХІ  №216  жарлығымен  мақұлданған  ҚР 2017-
2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы//Егемен Қазақстан газеті-
№270-2006ж. 
2 Алтынбеков А. «Күріштік ауыспалы егістіктер жəне тыңайтқыштарды пайдалану. 
Қазақстандағы жерлерді мелиорациялау жəне күріш егуді дамыту». А.Қайнар, 1975 ж.  
3  Воробьев С.А., Буров Д.И., Туликов А.М. «Егін шаруашылығы» М.Колос, 1997 ж. 
Жуматаева Ж.Б., Токтамысов А.М.,
  
Елеуова Э.Ш., Календерова Ж.,  
Бимаганбетов Б., Назаров Е. 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ РАСТЕНИЯ ДОННИК В КАЧЕСТВЕ ЗЕЛЕНОГО УДОБРЕНИЯ 
СЕВООБОРОТЕ РИСА – ГАРАНТИЯ ПОЛИЧЕНИЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТОЙ 
ПРОДУКЦИИ 
Возделывание  донника  в  рисовом  севообороте  на  зеленое  удобрение  повышает 
плодородия почвы, а также при выращивании риса после донника за счет агротехнических 
и биологических приемов получаем экологически чистый растениеводческий продукт. 
Zhumataeva Zh.B., Toktamisov A.M., Eleyova E.Sh., Kalendarova Zh.,  
Bimaganbetov B., Nazarov E. 
USING  PLANT  CLOVER AS GREEN MANURE IN THE RATOTION RICE – A 
DUARANTEE OF OBTAINING ENVIRONMENTALLY FRENDLY PRODUCTS 
The cultivation of clover in a rice crop rotation for green manure improves soil fertility, as 
well as in rice after clover due to agronomic and biological methods of crop produced an 
environmentally friendly product.  
ƏОЖ: 633; 632. 95 
Ибаш Н., Уразымбетова Қ. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
МАЙБҰРШАҚ ЕГІСІНДЕ ЖАҢА ГЕРБИЦИДТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 
Аңдатпа  
Алматы  облысы  тау  бөктері  суармалы  аймағында  майбұршақ  егісіндегі 
арамшөптермен химиялық күресті  одан əрі жетілдіру. Бұрыннан қолданылып келе жатқан 
гербицидтердің орнына берілетін мөлшері аз, қоршаған ортаға тигізетін əсері төмен жəне 
Қазақстанның  оңтүстік-шығыс  таубөктері  аймағы  жағдайында  майбұршақ  өсірудің 

70 
 
рационалды қорүнемдеу технологиясының тəсілдерінегізінде айқындау болып табылады. 
Агроэкожүйесінде  табиғатпайдалану  ресурстарын  сақтаудың  тиімді  мүмкіндігін 
қамтамасыз  ететін  тəсілдерді,  экофитосанитарлық  жағдайын  тұрақтандыратын,  өнімді 
жоғарлататын  жəне  дақылды  өсіруде  гербицидтерді  дұрыс  пайдалану  негізінде  энергия 
сақтауды зерттеу жəне анықтау. 
Кілт сөздер: Майбұршақ, ресурс үнемдеу технологиясы, культивация, күтіп-баптау,  
топырақ тығыздығы, гербицид, арамшөп,өнімділік 
Кіріспе  
Майбұршақ дақылын өсіруде Қазақстанның оңтүстік-шығысының табиғи-климаттық 
жағдайлары  оңтайлы  болып  саналады.  Соңғы  жылдары  егіс  алқабының 54 мың  га 
жоғарылағанын  байқалды.  Алайда  орташа  өнімділік  бар  жоғы 11-12 ц/га  құрап  отыр, 
негізінен майбұршақ дақылының ең тиімді көрсеткіші 30-30 ц/га болуы қажет. 
Шаруашылық  жағдайының  өзгеруіне  байланысты  топырақ  құнарлығын  сақтап 
қалатын, экологиялық таза дақыл жəне өнімнің жоғарылауына əсер ететін (қазіргі ғылыми 
жетістіктерді ескеретін) жаңа технология қажет. Сондай-ақ ескеретін негізгі мəселелердің 
бірі дақылды еккенде тұрақты өндіріс құру жəне ол бəсекелестікке сай болуы. 
Қазақстанда  майбұршақтың  өнімділігін  жоғарлатудың  маңыздылығы  практикаға 
өсімдікті ауыру, зиянкес  жəне арамшөптерден қорғау бойынша жаңа жетістіктерді енгізу 
болып табылады. 
Елімізде ауыру, зиянкес  жəне арамшөптерден өнімнің жалпы өнімнен потенциалды 
төмендеуі 26% құрайды. Қазақстанның оңтүстік шығыс таубөктері жағдайында майбұршақ 
өнімінің  төмендеуі  үлкен  көлемге  жетіп  отыр.  Ғалымдардың  жүргізген  зерттеулерінің 
мəліметтері  бойынша:  ауырулардан 15-20%, зиянкестерден 20-30%, ал  кейде 50% дейін 
жетеді, арамшөптерден 80% [1]. Суармалы жағдайда оңтайлы микроклимат болғандықтан  
егістіктің арамшөппен ластануы тəлімі жермен салыстырғанда 10-20% жоғарлайды, тіпті 
кей жылдары оның  жеткен сондай мөлшері өнімді жинап алуға мүкіндік бермейді. 
 Өсімдікті қорғауда агротехникалық, химиялық, биологиялық, физикалық жəне басқа 
да  əдістер  қолданылады.  Осылардың  ішінде  ең  тиімдісі  химиялық  күрес,  яғни  топырақ 
өңдеуді минимализациялай отырып, гербицид қолданудың үлкен тəжірибелері бар [2]. 
Өсімдік  қорғаудың  химиялық  əдісі  осы  уақытқа  дейін  ең  тиімдісі  болып  келеді. 
Сонымен, гербицид қолдану АҚШ-да жұмыс қолына қажеттілікті 30-50%, Жапонияда 42 
% қысқартқан, ал еңбек өнімділігі 20% артқан [3].  
Гербицидтердің  түрлері  ұдайы  өзгеріп  отырады,  белгілі  қолданып  жүрген  кең 
тараған Базагран, зенкор, пивот сияқты гербицидтердің орнына жаңа экологиялық қауіпсіз 
əсері бар, берілу мөлшері минималды гербицидтер келіп отыр [4]. 
Соңғы  жылдары  майбұршақ  егісінде  арамшөптермен  күресуде  пивот (0,8-1,0 кг/га) 
қолданылып  келеді,  оның  оңтайлы  жағымен  қоса  біраз  мəнді  кемшіліктері  де  бар.  Ең 
алдымен  оның  ыдырау  кезеңі  ұзақ,  яғни 28 айға  созылады:  препараттың  əсерлі  затының 
60%  бірінші  жылы  қоданылады, 20% - екінші  жылы,  ал  қалғаны  үшінші  жылы. 
Майбұршаққа  топырақ  гербициді  ретінде  пивотты  бергенде,  ол  тұқымның  өнгіштігін 
төмендетіп,  өскіннің  сиректенуіне, 10-14 күндей  өсімдіктің  өніп-өсуін  тежеп,  əлсіретеді. 
Кейіннен ол кері əсері жойылады, бірақ вегетация кезеңінің созылуына жəне өнімділікке 
əсері болады.  
Пивотты топыраққа енгізетін гебицид ретінде қолданудың кейінгі əсерінің болуына 
қарай,  ол  ауыспалы  егісте  көптеген  дақылдарды  өсіруді  қысқартады:  бұршақ 
тұқымдастарды  жəне  астық  тұқымдас  көп  жылдық  шөптерді.  Осындай  жағдайлар  басқа 
əсерлі гербицидтер іздеуге мəжбүр етеді. Қолданылып жүрген  хармони + зеллек суппер 
майбұршаққа оңтайлы əсер етеді. Мұндағы атап өтетін жағдай, селектің жалғыз өзін беру 
астық  тұқымдас  арамшөптерді  толық  жойғанымен  танаптың  жусан  жапырақты 
ойраншөппен  ластануына  мүмкіндік  туғызады.  Бұның  себебі  астық  тұқымдас 

71 
арамшөптерден бос жерге жусан жапырақты ойраншөп тұқымдарының шығуына қолайлы 
жағдай тууында жəне де жүргізілген бақылаулар арамшөптермен тек майбұршақ егісінде 
ғана  емес,  оның  алдындағы  дақылдарында  да  химиялық  күрестің  қажеттілігі  бар  екенін 
көрсетеді.  Сондықтан  біздің  жүргізген  тəжірибе  жұмысының  мақсаты  қорүнемдеу 
технологиясы  бойынша  топырақ  өңдеуді  минимализациялай  отырып,  қоршаған  ортаға 
зиянсыз жаңа гербицидтердің түрлері мен мөлшерін зерттеу болып отыр. 
Зерттеу нəтижелері жəне оларды талдау  
Зерттеу  жұмысы  Алматы  облысы  Еңбекшіқазақ  ауданы  Қазақ  Ұлттық  аграрлық 
университеттің «Агроуниверситет» оқу тəжірибе шаруашылығында өтті. Зерттеу жұмысы 
«Қазақстанның оңтүстік шығысының суармалы аймағы жағдайында майбұршақ жəне рапс 
өсірудің  ресурсүнемдеу  технологиясын  жасау»  тапсырмасы  бойынша  жүргізілген 
тəжірибелерде қолданып жүрген нұсқаларға байланысты орындалды: 
-
 
майбұршақты  өсірудегі  ресурсүнемдеу  технологиясы  бойынша қолданылатын 
гербицидтердің түрі мен мөлшерін айқындау(кесте 1). 
Кесте 1- Тəжірибе нобайы 
Рет 
саны 
Қорүнемдеу технологиясы 
Гербицидтер 
Негізгі 
Қатараралық 
1
Топырақты 14-16 
см сыдыра жырту 
6-8см 
культивациялау 
Гербицидсіз (бақылау) 

Пивот 0,8 л/га (эталон) 

Ессентапир 0,5 л/га 

Ессентапир 0,75 л/га 

Ессентапир 1,0 л/га 

Фабиан 0,1 л/га 
Зерттеуге майбұршақ дақылының “Мисула - 1092” сорты алынды: П.Ф. Тамаровский 
атындағы  селекция  совхозының  сорты,  ҚҒЗИ  жəне  Талғар  сельхозтехникумында  гибрид 
əдісімен  алынған.  Бұтағының  биіктігі 120-130 см; 1000 дəнінің  салмағы 130-150 г; 
құрамында 43,7% ақуыз, 22,1% май болады; орташа ерте пісетін; вегетациялық кезеңі 105-
115  күн;  тұқымның  орташа  өнімділігі,  Мем.сортсынау  мəліметі  бойынша 41 ц/га,  ең 
жоғарысы – 43 ц/га. 
Майбұршақ өзінің биологиялық ерекшелігіне байланысты, мейлінше арамшөптерден 
таза  танапта,  əсіресе  алғашқы  өніп-өсу  кезінде  жақсы  өскін  бермесе,  онда  ол  дамуы 
бойынша арамшөптерден қалып жəне қурап кетуі əбден мүмкін.  
Сондықтан, майбұршақ егісін  арамшөптерден қорғауды қамтамасыз ету үшін тиімді 
шараларды жасау, ауылшаруашылығында ең маңызды мəселе болып табылады. 
Зерттеуде  майбұршақ  дақылының  өсіру  технологиясын  жетілдіре  отырып, 
ресурсүнемдеу  технологиясына  сəйкесінше  қатар  аралық  өндеуді  жəне  оны  гербицид 
қолданумен ауыстырып оңтайлы нұсқасын белгілеп, оны ары қарай өндірісте пайдалану. 
Сол  арқылы  егістің  агрофитоценозын,  фитосанитарлық  жағдайын  жақсарта  отырып, 
энергетикалық, экономиялық тұрғыдан тиімді технология енгізу болып табылады. 
Зерттеу  танабында    майбұршақ  танабының  арамшөптермен  ластануын  сандық  əдіс 
арқылы, 1 м
2
-ғы  арамшөптердің  түрі  жалпы    массасы,  алғашқы  қатараралық  қопсыту 
жəне егін жинар алдында есептелінді, яғни майбұршақтың вегетациялық кезеңіндегі өніп 
шыққаннан  гүлдеуге  дейін  жəне  бұршақ  салғаннан  өнім  жинағанға  дейінгі  мерзімінде 
арамшөптердің  саны  мен  салмақ  үлесі  бақылауға  алынды  (кесте 2). Гербицид  ретінде 
қосжарнақты 
біржылдық, 
көпжылдық 
астық 
тұқымдас 
арамшөптерге 
жəне 
ойранжапырақты  жусан  жапыраққа  қарсыЕссентапир  мен  фабиан    препараттары,  ал 

72 
 
эталонды гебицид ретінде пивот қолданылды. Гербицид шашқан соң 21 күннен кейін ғана 
бақылау жүргізілді. 
Зерттеу  жұмысының  əдістемесіне  сəйкес  майбұршақтың    тұқымын  себер  алдында 
топырақ  өңдеу 10-12см  культивациялау  жəне  күтіп-баптау  мерзіміндегі  қатараралықты 
қопсыту  бірдей нұсқалармен жүргізілді. 
 
Кесте 2 - Гербицидтердің майбұршақ егісіндегі арамшөптерге əсері, 2015 ж. 
 
Рет 
саны 
Тəжірибе нұсқалары 
Арамшөп 
саны, 
дана/м
2
 
Арамшөп 
салмағы, 
г/м
2
 
21 күннен кейін 
Жойы-
луы,% 
саны, 
дана/м
2
 
салма-
ғы,г/м
2
 

Гербицидсіз (бақылау) 73 
854  88  1335  - 

Пивот 0,8 л/га (эталон) 70  1050  35 525 50 

Ессентапир 0,5 л/га  60  900  15 225 75 

Ессентапир 0,75 л/га  53  735  13 150 86 

Ессентапир 1,0 л/га 45 755 9 
136 
87 

Фабиан 1,0 л/га 
52  800  11 138 89 
 
Гербицид  қолданылмаған  бақылау  нұсқасында  майбұршақ  егісінің  арамшөптермен 
ластануы  шаршы  метрдегі  саны 73 болса,  биомассасы 854 г  құрған,  кейіннен 
арамшөптердің санының өсуі жаздық кеш пісетіндермен толықтырылыр биомассасы 1335 
г жеткенін көруге болады. Эталонды нұсқада өніп шыққаннан гүлдеуге дейінгі мерзімдегі 
арамшөптер  саны 70 дана/м
2
,  ал  салмағы 1050 грамм,  бірінші  гербицид  енгізгенде  оның 
саны 35 дана,  салмағы 525 г  төмендеген,  жойылу 50% болса,  ал  Ессентапир 0,5 л/га 
гербицидін  енгізгенде  саны 15 дана,  салмағы 225 г,  жойылуы 75% болған.  Ессентапир 
гербицидін 0,5-0,7 л/га  мөлшерімен  енгізгенде  жойылуының  арасында  айырмашылық  аз 
ғана  болды.  Ең  жоғарғы  көрсеткіш  фабиан  гербицидін 0,1 л/га  мөлшерімен  бергенде 
арамшөптердің жойылуы 89% жетті.  
 
Кесте 3 - Гербицидтердің майбұршақ өнімділігіне əсері, 2015 ж. 
 
Рет саны 
Нұсқалар 
Орташа өнім, ц/га 
Бақылаудан ауытқу, ц/га 

Гербицидсіз (бақылау) 19,3 


Пивот 0,8 л/га (эталон) 23,8 
+4,5 

Ессентапир 0,5 л/га 26,3 
+6,5 

Ессентапир 0,75 л/га 27,6 
+7,8 

Ессентапир 1,0  л/га 26,9 
+7,1 

Фабиан 0,1 л/га 26,5 
+6,7 
 
ЕАЕА
05
 0,67 
ц/га 
 
 
Тəжірибе  мəліметтеріне  қарағанда  гербицид  қолданылған  нұсқаларда  бақылау 
нұсқасымен  салыстырғанда  майбұршақ  өнімділігі 4,5-7,8 ц/га  жоғары  болған,  яғни 
қолданылған  гербицидтердің  барлығы  дерлік  өнімнің  қалыптасуына  оңтайлы  əсерін 
тигізгенін  3 кесте  мəліметтерінен  көруге  болады.  Ессентапир  гербицидін 0,75 л/га 
мөлшерімен,  ал  фабианды  ұсынылған 0,1 л/га  мөлшерімен  берілген  нұсқалардағы 
өнімділіктің  айырмашылығы  бар  жоғы 0,6 ц/га  болған.  Ессентапир  біржылдық  жəне 
көпжылдық астық тұқымдастар жəне карантинді арамшөптерді жоюда тиімділік көрсетті.       
 
 

73 
Қорытынды 
Сонымен  арамшөптермен  күресуде  бұрыннан  қолданылып  келе  жатқан  пивот 
гербицидіне қарағанда Ессентапир мен фабиан гербицидтерінің əсері жоғары болды. 
Ессентапир  гербицидін 0,75 л/га  мөлшерімен,  ал  фабианды  ұсынылған 0,1 л/га 
мөлшерімен берілген нұсқалардағы өнімділіктің айырмашылығы бар жоғы 0,6 ц/га болған. 
Əдебиеттер  
1. Сулейменова Н.Ш.,  Жаппарова  А.А. 
Приемы  ресурсосберегающей  технологии
возделывания сои в условиях Алматинской области. 
Ж.Поиск, №2(2) /2012.- С.248-252 
2. Сулейменова   Н.Ш.,  Жаппарова  А.А.  Ресурсосберегающая  экологически
безопасная  технология  возделывания  сои – залог  высокой  урожайности  и  качества 
продукции. Материалы Междунар.научно-прак. конф.к 100-летиюпроф. М.А.Гендельмана 
«Иновации-путь к новому этапу развития АПК», Том-1, Астана 2013. - С 353-356. 
3. Моисеенко  А.А..
 
Сое  нужны  «щадящие»  гербициды.  Ж. «Поля  Августа»  № 3  за
2004 г. 
4. 11. Б.М.Узбеков, Д.Ж.Сейдахметов  Ресурс үнемдеу технологисының майбұршақ 
танабының  арамшөптермен  ластануына  əсері  Ж.  ИЗВЕСТИЯ,  НАН  РК.-  № 1,  2013. -С. 
58-62 
Ибаш Н., Уразымбетова К.  
ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ НОВЫХ ГЕРБИЦИДОВ НА ПОСЕВАХ СОИ 
В  статье  приводятся  данные  о  продуктивности  сои  в  зависимости  применения 
гербицидов.  Результаты  исследований  показали,  что  наибольшей  продуктивности 
растения  сои  достигли - 27,6 ц/га  при  применении  гербицида  Ессентапир  в  норме 0,75 
л/га. 
Ibash N., Urazymbetova K. 
EFFICIENCY USE OF NEW HERBICIDES ON SOYBEAN SEEDING  
In article data on efficiency of soybean are provided in dependence use of herbicides. 
Results of researches showed that the greatest efficiency of a plant of soy reached - 27,6 
c/hectare at use of herbicide Essentapir in norm of 0,75 l/hectare. 
ƏОЖ 633.85 (574.51) 
Исабекова Ж.О., Есенбаева Г.Л. 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУ БӨКТЕРІ СУАРМАЛЫ ЖАҒДАЙДА МАЙБҰРШАҚ 
СОРТТАРЫНЫҢ СОРТТЫҚ АГРОТЕХНИКАСЫ 
Аңдатпа  
Алматы облысы тау бөктерінің суармалы жерлерінде ерте, орташа жəне кеш пісетін 

74 
майбұршағының  сорттық  агротехникасын  анықтау  мақсатында  жүргізілген  зерттеу 
жұмыстарының нəтижесінде кеш пісетін, яғни Жансая сорты, қатараралықтарын 30 см етіп 
себу əдісін пайдаланған жағдайда өнімділіктің ең жоғарғы 30,78 ц/га нəтижесін көрсетті.  
Кілт сөздер: Майбұршақ, сорт, себу əдісі, өнімділік, суармалы жағдай. 
Кіріспе  
Қазақстан ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруге жарамды жер көлемі бойынша, 
əлем нарығында бəсекелестікке қабілетті аграрлы мемлекеттер қатарына кіреді.  
Ауыл шаруашылығы саласы еліміздің экономикалық, əлеуметтік өмірінде айрықша 
орын  алады.  Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  даму  деңгейі  елдің  экономикалық 
қауіпсіздігін анықтайды [1].  
Еліміздегі  егіншілік  саласының  негізгі  жəне  стратегиялық  тұрғыдан  маңызды 
бағыты – дəнді  бұршақ  дақылдарын  өндіру  болып  табылады.  Ауыл  шаруашылығы 
егіншілігінде дəнді бұршақ дақылдарының негізігі үш басты мəселелерді шешуде алатын 
орны ерекше, олар: астық өндірісі, өсімдік белогі мен топырақ құнарлылығы.  
Дəнді бұршақ дақылдарының ішінде майбұршақ дақылы жоғары тағамдық жəне мал 
азықтық  құндылығымен  сипатталады.  Себебі  оның  дəнінде 30-52% ақуыз, 20% 
шамасында  көмірсулар  мен 17-27% майлар  бар.  Етпен  салыстырғанда  майбұршақтың 
ақуызында  қышқыл  екі  есе,  минералдық  тұздар  төрт  есе  көп.  Бұл  дақыл  организмге 
сіңімді жəне жеңіл қорытылады, сондықтан ол тамақ өнеркəсібінде кеңінен қолданылады. 
Майбұршақтан лецитин, желатин жəне кондитер тағамдары дайындалады. Майбұршақтың 
1 тонна дəнінен 113 кг май алуға болады. Сүзілген майы тағам ретінде пайдаланылады [2]. 
Майбұршақ — бағалы мал азықтық дақыл. Оның шөбі дəмді, құрамында 36,4% шикі 
протеин, 6,47% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,24% клетчатка жəне 5,64% күл болады [3]. 
Алматы облысының тау бөктері жағдайында ауыл шаруашылығын көтерудің негізгі 
бағыты – майбұршақ  егіншілігін  интенсивті  дамыту  болып  табылады.  Бірақ,  аталған 
аймақта  қазіргі  таңда  майбұршақтың  əртүрлі  сорт  нұсқаларын  орналастыру,  сонымен 
қатар  олардың  сорттық  агротехникасын  анықтау  жүйелі  жүргізілмегендіктен,  дақылды 
өндіру мүмкіндігі шектелуде.  
Мақалада Алматы облысы тау бөктерінің суармалы жерінде ерте, орташа жəне кеш 
пісетін  майбұршағының  сорттық  агротехникасын  анықтау  үшін  жүргізілген  зерттеулер 
нəтижесі беріліп отыр.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет