Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№



Pdf көрінісі
бет5/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3.4. «ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МАШИНА 
ЖАСАУ» БАСЫМДЫҒЫ
«Энергетика» басымдығы бойынша ғылыми 
жобалар мен бағдарламалар нәтижелерін (іске 
асыруды) талдау
Қазақстанның ғалымдары Астана қаласында 
«Болашақ энергиясы» EXPO-2017 Дүниежүзілік 
көрмесіне белсенді қатысуға дайындалып жатыр. 
Астана осы саладағы ең үздік әзірлемелер мен 
трендтерді көрсетуге арналған алаңға айналады, 
әлем ғылымы мен бизнесінің өкілдерін жинайды. 
EXPO-2017  дайындалу мен өткізуге ғылыми-
техникалық қамтамасыз ету мақсатында 
«2013-2017 жылдарға арналған Қазақстан 
Республикасының таза энергия көздерін 
әзірлеудің» ғылыми-техникалық бағдарламасы 
әзірленді, соны іске асыру нәтижесінде 
мультимедияны қолданумен жұмыс істейтін 
қондырғылар мен макеттер құрылатын болады.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
39
EXPO-2017 мына бағыттар: күн энергетикасы; жел 
энергетикасы; құрамдастырылған энергетика; 
сутегі энергетикасы; геотермалды сулар; энергия 
үнемлеу; биоэнергетика; шағын гидроэнергетика 
бойынша отандық әзірлемелердің экспонаттары 
көрсетілетін болады. Көптеген бағыттар бойынша 
бүгінде жоғары деңгейдегі ғылыми зерттеулер 
бар, олар EXPO-2017   талаптарына сәйкес келеді. 
Ғылыми бағдарламалар мен жобаларды іске 
асыру EXPO-2017   көрсету үшін тәжірибелі және 
жартылай өнеркәсіптік үлгілерді құруға мүмкіндік 
береді. 
2013-2014 жылдары жоғары импакт-факторлары 
бар журналдарда жарияланған жұмыстар 
бойынша балама энергетика саласында маңызды 
нәтижелер алынды. 
«Жаңғыртылмалы көздермен энергетика жүйесін 
қосу үшін энергияны сақтауға инновациялық 
аккумуляторлар әзірлеу» тақырыбы шеңберінде 
«Назарбаев университеті» ААҚ қызметкерлері 
орындаған 2,08-ден 5,97 дейін импакт-факторы 
бар есептік кезеңде (2012-2014 жылдар 
аралығында) журналдарда 5 жұмыс жарияланды. 
Осы жұмыстарда энергия аккумуляторлар 
жүйелері бойынша маңызды ғылыми 
нәтижелерге  қол жеткізілді және стандартты 
емес параметрлері бар жаңа композиттік 
катодтары мен батарея катодының бірегей 
құрамы құрылды.
«Наноқұрылымдық материалдар негізінде 
жаңа тиімді термоэлектрлі генераторларды 
әзірлеу» тақырыбы бойынша (Л.Н.Гумилев 
атындағы ЕҰУ) жоғары КПД термоэлектрлі 
генераторларға қол жеткізу мақсатында жаңа 
көп функционалды нанокристалдық және 
нанокомпозиттік халькогенидтік материалдар 
(супериониктер) жасау және синтездеу бойынша 
коммерцияланатын эксперименталды нәтижелер 
алынды. Олар (0,5 – 2,2) импакт-факторы 
бар 5 жұмыс жариялады. Нақты материал 
құрамы бойынша практикалық нәтижелерге 
қол жеткізілді және олардың жоғары 
техникалық параметрлері теромоэлектрлі 
және магнеторезисті қолдану, фотовальтаика 
үшін жаңа қондырғылар мен аспаптар жасауға 
мүмкіндік береді. 
«Жаңа ұрпақтың күн элементтерін құру үшін 
кремний наноталшықтарын пайдалану» 
жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ 
Ұлттық университетінің Эксперименталды және 
теориялық физика Ғылыми зерттеу институтының 
ғалымдары елеулі нәтижелердің арқасында 
жоғары импакт-факторы бар журналдарда 5 
жұмыс жариялады.
«Кремний күн элементтерін фототүрлендірудің 
тиімділігін арттыру технологиясын әзірлеу» 
тақырыбы шеңберінде әл-Фараби атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінің Зерттеу 
мен талдаудың Физика-химиялық әдістер 
орталығының ғалымдары атқарған жұмыстарда 
жақсы ғылыми-техникалық нәтижелерге қол 
жеткізді. Олар 3 жұмыс жариялады және 
ҚР инновациялық патентін беру туралы оң 
қорытынды алды. 
2014 жылдың қорытындысы бойынша «Парасат» 
ҰҒТХ» АҚ мен оның еншілес ұйымдары мынадай 
нәтижелер алды:
Импульстік лазерлік тұндыру әдісімен никель 
мен алюминат лантан төсемінде электролитті YSZ 
пленканы дайындалды. Практикалық маңызы 
автономды энегия қондырғысының негізгі 
бөлігі болып табылатын және көмірсутектің 
қышқылмен электрохимиялық реакциясы 
есебінен электр энергиясын өндіру үшін арналған 
қатты оксидті отын элементтерін дайындау болып 
табылады;
Металлургиялық кремнийден силицидтік 
қорытпаларды алудың шлакты технологиясы 
мен газ тәрізді моносилан бөлумен аталған 
қорытпаларды қайта өңдеу технологиясы 
әзірленді;
«Кристалдық кремний – аморфты кремний» 
гетероқұрылым негізінде күн элементтерін 
алу технологиясы әзірленді. Кремний негізінде 
жартылай өткізгіштік құрылымды алудың осы 
технологиясының негізі басқаратын электродтың 
реттелетін әлеуетімен магнетрондық тұндыру 
әдісі болып табылады;
Төмен температуралы наноөлшемді қатты 
оксидті отындық элементтердің тәжірибелі 
батареяларын жинау технологиясы әзірленді;
Жарықдиодты чиптер үшін арзан төсемдік 
материалдардың тәжірибелі өндірісін құру. 
Осы жұмыс шеңберінде CVD, MOCVD және PLD 
әдісімен металл төсемдерге өтетін қабаттарды 
алу бойынша эксперименталды желі құрылды. 
Хьюстон университетімен бірлесіп төсемнен 
графен қабатын қауіпсіз бөлу әдісі әзірленді;
Қазақстанның түрлі нүктелерінде нақты 
пайдалану жағдайында жоғары тиімді күн 
үлгілерін пайдалану тиімділігін нақты уақыт 
режимінде мониторингтеу үшін қуаты 3 кВт дейін 
фотоэлектрлі энергия қондырғыларының желісі 
әзірленді және құрылды;
«Кристалдық кремний – аморфты кремний» 
гетероқұрылымды алудың технологиялық телімі 
құрылды, қажетті техникалық құралдар және 
жабдықтармен жабдықталды;
Наноөлшемді қатты оксидті отындық 
элементтердің тәжірибелі үлгілері жасалды;
Жеке элементтерді, сондай-ақ батареяларды 
тексеру кіретін отындық элементтерді сынау үшін 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
40
талдау стенді әзірленді;
Жарықдиодты және олардың негізінде жарық 
беретін аспаптарды сертификаттаудың 2 
зертханасы құрылды;
ФТИ базасында жартылай өткізгіш 
жарықдиодтары негізінде жарық беретін 
аспаптарды және қондырғыларды  шығару 
бойынша тәжірибелі өндіріс құрылды;
Тәжірибелі гидродинамикалық жылытқыштар  
жасалды;
Айына өнімділігі 1 млн. жарықдиодтарын 
шығаратын тәжірибелі-өнеркәсіптік телім 
құрылды;
Жарықдиодтарды корпустау бойынша 
технологиялық желі құрылды және 
оңтайландырылды, толымдаушы элементтерін 
пайдаланумен құрастыру цехы салынды;
Түрлі мақсаттағы жарықдиодты шамдар үшін 
өзіндік қуаттандыру көздерін өндіру бойынша 
тәжірибелі-өнеркәсіптік телім құрылды. 
Жаңғыртылатын энергетиканың отандық және 
әлемдік ғылыми қауымдастықпен дамытылатын 
дәстүрлі бағыттарымен қоса Қазақстандық 
ғалымдар әлемдегі алғашқылардың бірі болып 
наноөлшемді қатты отындық элементтерді 
құру мәселесімен айналасты және 2017 жылға 
олардың жұмыс істейтін даналарын ұсынатын 
болады. Мұндай қатты отындық элементтер 10 
кВт/см3 дейін электр энергиясын беретін болады. 
Салыстыру үшін сіріңке қорабындай көлемі 
бар элемент 5 орташа статистикалық үйді (жеке 
үйлер) электр энергиямен қамтамасыз ететін 
болады
EXPO-2017 Халықаралық арнайы көрмеге 
дайындалу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
шеңберінде жарылғыш заттарды анықтау 
құрылғысымен бақтарды жарықтандырудың 
құрамдастырылған шамдарын жасау бойынша 
жұмыстар жүргізілуде. 
Ұлттық ғылыми кеңес «Энергетика және машина 
жасау» ғылымын дамыту басымдығы бойынша 
2016-2018 жылдарға арналған арнайы ғылыми 
бағыттар құрды:
1.Энерготиімділігі және энергияны үнемдеу;
2. Жылу және электроэнергетика, жанармай мен 
көмірқұрамды қалдықтарды тиімді пайдалану
3. Баламалы энергетика және технология: 
3.1. Жаңғыртылатын энергетика көздері, 
3.2. Ядролық және сутекті энергетика,  
3.3. Энергияның басқа да көздері;
4. Энергетикалық сектордың қоршаған ортаға 
әсері
5. Көлік және құрылыс машинасын жасау
6. Ауылшаруашылық машинасын жасау
7. Тау-металлургиялық және мұнайгаз 
машинасын жасау
8. Электротехникалық машина жасау.
3.5  «ЕЛІМІЗДІҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘЛЕУЕТІ» 
БАСЫМДЫҒЫ
«Елдің зияткерлік әлеуеті» басымдығы 
бойынша ғылыми жобалар мен бағдарламалар 
нәтижелерін (іске асыруды) талдау 
Қазақстан Республикасында астрофизикалық 
зерттеулердің даму перспективалары аса 
маңызды үш бағытпен сабақтас. 
1. Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен 
технологиялар орталығы жұмыс жоспарына 
кіретін алыс ғарышты атмосферадан тыс бақылау 
әдістерімен зерттеу бойынша қазақстандық 
ғылыми бағдарламаларды дайындау. Спектр 
диапазондарында (ультракүлгін, рентген, 
гамма) қол жетімсіз жердегі құралдармен 
бақылау кешендерін орындау және қазіргі 
астрофизиканың өзекті мәселелерін шешу 
(қараңғы энергия табиғаты, ғаламның белсенді 
ядролары, жұлдыздардың және жұлдыз 
жүйелерінің құрылу) жоспарлануда.
2. Қазіргі космологияда үлкен рөл атқаратын 
сандық үлгілеу әдістерінің дамыту. Сандық 
үлгілеу нақты астрофизикалық көріністерді 
бақылау кезінде мүмкін емес үдерістермен 
эксперименттер қойылуын мүмкін етеді. 
Институтта Әлемнің ірі ауқымды құрылымы 
дамуын үлгілеу бойынша сандық экспериментті 
табысты жүргізуге көмегін тигізген мини-GRAPE – 
кластер құрылды. Жаңа космологиялық есептер 
жүргізу үшін арнайы бағдарламалық жасақтама 
дайындалуда және GPU-кластерлерде олардың 
жүзеге асуы үшін әдістемелер өңделуде. Бұл 
біздің сандық эксперименттердің көлемін 
біршама көбейтуге және космологиялық 
үлгілеудің жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік 
береді.
3. Әлем жөнінде қазіргі ғылым дамуының басым 
бағыттарының бірі болып табылатын ядролық 
астрофизика.
Катализ дамуының негізгі бағыттары:
- катализдік іс-әрекеттің ғылыми негіздерін алдын 
ала болжау,
- алдын ала берілген және реттелуші қасиеттері 
бар катализаторларды синтездеу,
- мұнайхимиясы мен мұнайөңдеудегі жаңа 
катализаторлар мен технологиялық үдерістер, 
- катализаторлар синтезінің дайындалуының 
ғылыми негіздерін және өнеркәсіптік 
технологиялар жасау,
- катализдегі нанотехнология,
- мұнайхимиясы мен мұнайөңдеудің катализдік 
үдерістері мен катализаторларды физика-
химиялық зерттеу,
- талғамды органикалық химия және 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
41
фармацевтика,
- экологиялық катализ.
Академик Д.В.Сокольский атындағы органикалық 
катализ және электрохимия институтында 
(ОКЭИ) мұнай өңдеу үдерістеріне арналған 
жоғары тиімді катализаторлар жасау жұмыстары 
жүргізілуде: гидроөңдеу, крекинг, қ-алкандар 
изомеризациясы, риформинг және алкилдеу. 
Қазақстанның минералды шикізатынан әр түрлі 
мақсатта катализаторлар өндірудің өнеркәсіптік 
технологияларын жасау, ауыр газойльды бензин 
немесе дизель фракциясына катализдік өңдеудің 
бір сатылық үдерісінің жаңа технологияларын 
жасау; ауыр фракциялардың крекингі; 
гидрокүкіртсіздендіру; гидроизомеризации және 
алкилдеу; гидроконденсатты катализдік өңдеудің 
технологияларын жасау; мұнай және  ілеспе 
газды бензинге айналдыру, олефиндер және 
ароматты көмірсутектер; метанды парциалды 
тотықтыру үдерісінің және метанды көміртегі 
диоксидімен  риформинглеу синтез газ ала 
отырып әрі қарай оттекті қосылыстармен 
синтездей отырып;  экологиялық жоғарыоктанды 
отын қоспаларын синтездеу; көмірсутек шикі 
заттарын тотықтыра отырып мұнайхимиялық 
синтез үшін катализаторлар мен  технологиялар 
жасау, оттегі-, азот-, винил- және фосфорлы 
қосылыстар алу мақсатында тотықтыра 
фосфорилирлеу; күкіртсутек, күкірт, техногенді 
мұнай қалдықтарын, мұнай өңдеу кәсіпорындары 
мен транспорттың көмірсутекті қалдықтарын 
өңдеу және жою технологиялар жасау.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
катализдік және мұнайхимиялық бағытта мына 
мәселелерді зерттейді:
- қоңыр көмірлерді катализдік жағудың жаңа екі 
каскадалық үдерісін жасау және енгізу, химиялық 
және физикалық активациялау және олардан 
сұйық отын алу әдістерін жасау, Қазақстан 
көмірлерінің гуматтары негізінде жоғары тиімді 
катализаторлар жасау,
- Қазақстанның минералды шикізаты базасында 
(табиғи цеолиттер және қазақстандық 
кен орындарының топырағы) ауыр мұнай 
фракцияларының және мазут крекингісінің 
катализаторларын жасау,
- жаңа буынды металкомплексті катализаторлар 
қатысуымен алкендер мен оксиарендерді 
көміртегі оксидімен(СО және СО2)  карбонилдеу,
- қазақстандық бентонитті топырақ  және 
табиғи цеолиттер негізіндегі бензинді және 
басқа да фракцияларды изомеризациялаудың 
катализаторларын жасау,
- радиациалы-модифицирленген катализаторлар 
қатысуымен парафин қатарындағы жеңіл 
көмірсутектерді ароматизациялау процесінің 
технологиясы  мен катализаторлары,
- көмірдің минералды массасынан органикалық 
массадан және бағалы компоненттерден синтез-
газ алудың плазмалы технологияларының 
ғылыми негіздерін жасау.  
А.Б. Бектұров атындағы химия ғылымдары 
институтында топырақтың мазутталуы 
мәселелері зерттеледі.
Қазақстан Республикасы Органикалық 
синтез және көмірхимиясы институтында 
көмірді гидрогенизациялау катализаторлары 
мен технологиялары жасалады, әртүрлі 
функционалды топты көмірсутектерді 
электрокатализді тотықсыздандыру зерттеледі.
Ұлттық ғылыми кеңес «Елдің зияткерлік әлеуеті» 
ғылымын дамыту басымдығы бойынша 2016-
2018 жылдарға арналған ғылыми бағыттар 
құрды:
1) Жаратылыстану-ғылыми бағыттардағы іргелі 
зерттеулер:
1.1. Математика, физика, химия және биология 
саласындағы іргелі зерттеулер
2) Табиғатты тиімді пайдалану саласындағы іргелі 
зерттеулер
3) Көп нысанды мақсаттағы жаңа ұрпақ 
материалдарын құру саласындағы іргелі 
зерттеулер
4) Ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялардың іргелі проблемалары
4.1. ғылыми және білім үдерістеріндегі заманауи 
ақпараттық технологиялар
4.2.  технологиялық үдерістерді математикалық 
үлгілеу;
4.3 ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
және автоматтандыру және жүйелерді басқару 
үшін жаңа машиналарды жасау.
5) Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық 
ғылымдар саласындағы іргелі зерттеулер
5.1. ғылыми бәсекеге қабілетті өндірістерді 
(экономиканы) дамытудың әлеуметтік-
экономикалық жағдайларын зерттеу.
5.2. қазіргі жағдайдағы мемлекеттің әлеуметтік 
және экономикалық саясатын іске асыру 
саласындағы зерттеулер.
5.3. әлеуметтік және қоғамдық-гуманитарлық 
ғылымдар мен пәнаралық зерттеулердің 
көкейкесті проблемалары.
5.4. қоғам мен мемлекетті жаңарту жағдайында  
мәдениет, дәстүр, құндылықтар саласындағы 
зерттеулер.
 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
42
4. ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
(ғылыми мекемелердің және жоғары оқу орындарының, ғылыммен айналысатын дербес білім беру ұйымдарының 
ғылыми әлеуетінің, сапалық құрамы жай-күйін, отандық ғылыми кадрларды даярлау сапасын, шетелдік ғалымдарды 
тарту  ісіне,  ғылыми  зерттеулерді  жүргізу  үшін  ғылыми  зертханалардың  қазіргі  заманғы  жабдықтармен 
жарақтандырылуына талдау)
Кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі зияткерлік ресурсқа, ғылымды қажетсінетін 
салалар  мен  ақпараттық  технологияларға,  өндірістің  барлық  факторларын  тиімді  пайдаланып, 
сапалы жетілдіруге негізделетін ғылыми әлеуеттің дамуымен анықталады. 
Қазақстан  Республикасы  дамудың  зор  әлеуетіне,  оның  ішінде  ғылыми  әлеуетке  де  ие.  Ғылыми 
әлеуеттің  даму  мәселесі  мемлекеттік  жоспарлау  және  ғылымды  басқарудың  тәжірибелік 
міндеттерін  шешу,  ғылыми  зерттеулер  тиімділігін  және  ғылым  мен  өндіріс  байланысын  арттыру 
арқылы шешіледі. Сондықтан бірінші кезекке ғылыми әлеуетіміздің және оны «жасаушылардың», 
яғни құрылымдық компоненттердің сандық бағалау мәселесі шығады. 
Ғылыми әлеует мыналармен сипатталады:  
-  ғылым  кешенін  қаржыландыру  көлемімен,  оның  ішінде:  мемлекеттік  бюджет,  бюджеттік  емес 
қорлар, кәсіпкерлік сектор ұйымдары және шетелдік инвесторлардың қаржысы арқылы;
- ғылымның материалды-техникалық базасын дамыту деңгейімен;  
- ғылым саласында еңбек ететіндер санымен, докторлар мен кандидаттар санымен;  
- еліміздің инновациялық жүйе жағдайымен.  
Ғылыми  әлеуетті  тиімді  пайдалану  ғылыммен  айналысып  жүрген  мамандардың  оңтайлы 
құрылымына,  біліктілікке,  дайындық  деңгейіне,  ғылыми  білім  өсімін  қамтамасыз  ететін  ғылыми 
мамандардың шығармашылық интеллектуалды қабілетіне байланысты болмақ. 
ҒЫЛЫМ КАДРЛАРЫ. 
Ғылым даму локомотиві болып табылады. Сондықтан Үкіметіміздің алға қойған 
Елімізді дүние жүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына қосу жоспарындағы тапсырмаларын орындау 
көбінесе ғылымның жағдайымен тікелей байланысты. 
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму сатысына қадам басуы ағымдағы экономикалық 
жағдайларға ғылымның да бейімделуін талап етеді. Ол тиісті кадрлық, қаржылық және материалдық 
қамтамасыз етуді талап етпек. 
Дәл  осы  кадрмен  қамтамасыз  ету,  оның  сандық,  әсіресе  сапалық  құрамы  ғылымның  дамуының 
басым бағыты болып отыр. 
2014 жылы Қазақстанда ғылым және ғылыми-техникалық жұмыстармен 25,8 мың адам айналысқан, 
оның  ішінде  18,9  мың  адам  –  ізденуші  мамандар,  яғни  жаңа  білім,  өнім,  үрдіс,  әдіс  пен  жүйе 
қалыптастырып, зерттеулер үдерістерін және оларға сәйкес жобаларды басқарумен айналысатын 
қызметкерлер; 3,9 мың адам –  техникалық қызметкерлер, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық 
жұмыстардың және оның жүзеге асу нәтижелерін алуға атсалысатын қызметкерлер. 
Жалпы алғанда 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін ҒЗТКЖ жұмыстарын іске асыруға қатысқан 
қызметкерлердің саны 8,8 мың адамды немесе 51,8%-ды құрады; ізденуші мамандар саны – 8,0 
мың адам немесе 73,4%; техникалық қызметкерлер саны айтарлықтай өскен жоқ (4.1 кесте).  

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
43
Кесте 4.1- Қазақстан Республикасындағы ғылым саласындағы мамандардың саны және 
ғылыми кадрларды дайындау көрсеткішінің динамикасы 
2014 жылы Қазақстанда ҒЗТКЖ айналысатын қызметкерлердің жалпы үлесі 1 миллион адамға шаққанда 
1481 адамды құрады. Бұл Финляндия (7832), Исландия (6807), Швеция (5416), Жапония (5287), АҚШ (4605), 
Норвегия (4587), Австралия (3759), Канада (3597), Франция (3213) елдерімен салыстырғанда едәуір төмен 
көрсеткіш [27].
Соңғы уақыттары еліміздегі ЖОО-да ҒЗТКЖ айналысатын қызметкерлер санының өсуі байқалады. Сол 
сияқты олардың ғылыми-техникалық қызметкерлердің жалпы санындағы үлесі де артып келеді. (4.2 кесте).
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
*ҒЗТКЖ айналысатын мамандар саны, педагогикалық қызметімен бірге ҒЗТКЖ айналысатын ғылыми-педагогика саласы 
мамандарын есепке алмағанда 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
44
Қазақстан  Республикасы  Статистика  комитетінің  деректері  бойынша  зерттеуші  мамандардың  жалпы 
санынан жоғары білікті мамандардың үлесі 2014 жылы 43,2%-ды құрады. 
Жалпы зерттеуші мамандардың басым бөлігі әдеттегідей жаратылыстану ғылымдары және инженерлік 
талдау және технология сияқты  ғылым салаларынан болып келеді. Жалпы мамандар саны бойынша 
олардың үлесі 30 және 29%. Әлеуметтік ғылымдар саласында мамандар аз (4.4-кесте).
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Кесте 4.3  – Зерттеуші мамандар қатарындағы ғылыми атағы бар жоғары білікті мамандар 
Егер 2010 жылы ЖОО-да ҒЗТКЖ айналысатын жалпы қызметкерлердің үлесі 17% болса, 2014 жылы бұл 
көрсеткіш  38%-ды  құрады.  Негізінде  бұл  мемлекеттік  деңгейде  қолданылған  шараларға  байланысты 
болып  отыр.  Осылайша  қазіргі  таңда  ЖОО-нда  оларға  ғылыми-зерттеу  бөлімдерін  құруды  қосқанда 
ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді түрде демеу көрсетілуде. 
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
*Педагогикалық қызметімен бірге ҒЗТКЖ айналысатын ғылыми-педагогика саласы мамандарын есепке алмағанда  
Кесте 4.2 – Ұйымдар бойынша ҒЗТКЖ айналысатын мамандардың саны

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
45
Ғылымның ұйымдастырушылық құрылымы. ҚР Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2014 жылы 
Қазақстанда  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибелік-құрылымдық  жұмыстармен  айналысатын  392  ғылыми 
ұйым  тіркелген.  2000-2014  жылдар  аралығында  олардың  саны  135  бірлікке  немесе  бір  жарым  есеге 
артқан [28, 29] (4.5-кесте).
Көріп  отырғанымыздай,  2014  жылы  барлық  ғылыми  ұйымдардың  62,5%  ҒЗИ  құраса,  22,7%-н  ЖОО 
құрайды.
2014  жылы    түрлі  ведомстволық  тәуелділік  пен  меншіктік  формадағы  392  ғылыми  ұйымдардың  үлес 
салмағы мемлекеттік секторда – 25,8%, кәсіби жоғары білім беру секторында – 26,8%, кәсіпкерлік сектор 
– 38,0%, мемлекеттік сектор – 25,8%, коммерциялық емес сектор – 9,4% -дан келді. (4.6-кесте).
Кесте 4.4 – 2014 жылғы ізденуші мамандардың ғылым салалары бойынша бөлінуі 
Кесте 4.5 – Түрлері бойынша ҒЗТКЖ айналысатын ұйымдар
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
Кесте 4.6 – Қызмет секторлары бойынша ҒЗТКЖ айналысатын ұйымдар
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді  

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
46
Қазақстандағы өсіп-өну мәселесіне ғылыми кадрлар әлеуеті өсімінің төмендігі, докторлықтың аз қорғалуы, 
олардың басым көпшілігінің ғылымнан тыс қолданылып жүргендігі себепші болып отыр. 
2013 жылы Ph.D дәрежесін алушылардың саны әрең дегенде 673  адамға жетті. Статистика комитетінің 
мәліметі  бойынша  ғылым  саласында  223  немесе  33,1  %  доктор  жұмыс  істеді,  яғни  жоғары  білікті 
мамандардар даярлаудың жаңа жүйесі жүріп жатқан 6 жылда жалпы көрсеткіштің мардымсыз бөлігінің 
66,9 %-ы немесе Ph.D докторларының үштен екісі ғана ғылыми зерттеулерге қатысы жоқ жұмыс саласын 
таңдаған. 
2014  жылдың  соңында  Ph.D  ғылыми  дәрежесін  алушылардың  саны  1116  адамға  жетті,  ғылыми 
зерттеулермен айналысушылардың саны 335 адамды құрап, 30,0% көрсетті. Осылай болғанда да әрбір 
үшінші  Ph.D  докторы  ғана  өзі  бастаған  ғылыми  зерттеуін  жалғастырады.  Қазақстанда  Ph.D  доктор 
диссертациясын қорғау санының артқаны байқалады. 2012-2013 жылдары ҚР БҒМ Ph.D докторларының 
санын 520-ға дейін, 2014 жылы 1000-ға дейін жеткізуді жоспарлаған еді (4.1 - сурет).
Суреттен көріп отырғанымыздай, 2010-2014 жылдарда жоспарланған 2220 PhD докторанттардың орнына 
докторлық диссертациясын тек 878 адам ғана қорғаған, яғни жоспарланған көрсеткіштен екі жарым есе 
аз.  Қорғаудың  салалық  құрылымы  2014  жылы  техникалық  ғылым  мен  технологиялар  мамандықтары 
бойынша  30  мамандық  жоғары  көрсеткішке  ие  болса,  бұдан  әрі  кемиді:  гуманитарлық  ғылымдар 
бойынша – 12,  әлеуметтік ғылым, экономика және бизнеске – 10, жаратылыстану ғылымдарына – 9, 
білім беру және ауылшаруашылық ғылымдарына – 7, қызмет көрсету – 3, медицина, құқық және мал 
шаруашылығына – 2.
Ph.D диссертациясын қорғау бойынша мамандықтар ауқымы кеңейе түседі: 2013 жылы қорғау 75 мамандық 
бойынша іске асты, 2014 жылы – 85 мамандық. Гуманитарлық ғылымдар бойынша мамандықтар ауқымы 
кеңейді: Мәдениеттану, Дінтану, Археология, Этнология, Шетел филологиясы, Түркология, Лингвистика 
сияқты  мамандықтар  қосылды,  техникалық  ғылымдар  бойынша  11  мамандық,  оның  ішінде  елдің 
Сурет 4.1 – Жоғары білікті кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырыс және PhD докторларының нақты саны 
Республиканың экономикалық дамуы ең алдымен кен өндіру өнеркәсібі салаларымен, металлургиямен, 
ауыр машина жасаумен анықталғандықтан, зерттеу және талдау саласында үнемі экономика саласының, 
сондай-ақ  өнеркәсіп  орындарының  ғылыми-техникалық  бөлімдерінің  қажеттілігіне  бағытталған  жеке 
салалық ғылыми-зерттеу, конструкторлық, жобалық ұйымдардан тұратын кәсіпкерлік сектор  тұрды. 2014 
жылы аталған сектор бойынша ҒЗЖ орындалуы туралы ақпаратта қолданбалы зерттеулер және талдау 
жұмыстарымен айналысқан 149 ұйым ұсынылды.  
Отандық ғылыми кадрларды дайындаудың сапасы. Ғылыми зерттеу саласындағы, қазіргі қызметтің барлық 
саласында белең алып отырғанындай, постдипломды (көпдипломды) білімнің қажеттілігінде  маңызды 
объективті негіз бар. Осыған байланысты шетелдерде өз білімдерін ғылымда ғана емес, сонымен қатар 
одан  тыс  жерлерде  де  қолданып  отырған  ғылым  докторлары  қатарының  көбейгені  байқалады  [30]. 
Осындай үрдісті ескере отырып, ғылымнан бөлек басқа қызмет салаларындағы докторантура түлектері 
сынға  алынбайды,  керісінше  «бір  мамандық  –  көптеген  карьералық  баспалдақ»  қағидасы  бойынша 
қызмет баспалдағымен көтерілудің кең ауқымындағы кәсіби өсудің заманауи талаптарына жауап береді. 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
47
2014  жылы  мамандықтар  тұрғысында  техникалық  ғылымдар  мен  технология  бойынша  қорғаулар 
басымырақ – 129 (29,1 %), әлеуметтік ғылымдар және экономика – 85 (19,18 %); гуманитарлық ғылымдар 
– 58 (13,0%), жаратылыстану ғылымдары – 51 (11,51 %); құқық – 33 (7,44 %) және денсаулық сақтау және 
әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)  – 29 (6,54 %); білім беру – 25 (5,7 %).
Ауыл шарушылығы ғылымы бойынша ең аз қорғалды (15), ветеринария (9), қызмет көрсету (8) және 
әскери істер бойынша (1).
Құрылымның  және  2009-2014  жылдарда  ғылыми  атақ  алған  PhD  докторлардың  салалық  құрылым 
динамикасындағы өзгерістері 4.2 - суретінде берілген. Жаратылыстану мен нақты ғылымдар саласындағы 
докторлар  үлесінің  3,9  есеге  кемігені  (44,8%-дан  11,5%-ға  дейін)  және  техникалық  ғылымдар  мен 
технология  саласында  бір  мезетте  9,2-43,2  %-ға  (4,7  есе)  өскені  байқалады.  Қоғамдық  ғылымдар 
саласындағы  докторлардың  үлес  салмағы  басымырақ  (орташа  алғанда  45,5%),  бұл  біліктілігі  жоғары 
кадрларды даярлаудың дәстүрлі екі сатылы жүйесі барысында да орын алған көрсеткіш.
индустриалды-инновациялық дамуының басымдығын ескергенде 7-уі технология бойынша. 
Бір  жағынан  2014  жылы  әлеуметтік  ғылымдар,  экономика  және  бизнес  мамандықтары  бойынша 
қорғаулар азайып кетті, 2013 жылы 13 болса, 2014 жылы 10. Тіпті Есеп пен бухгалтерия мамандықтары 
бойынша, сонымен қатар жаңа, сұранысқа ие мамандықтар ретінде белгілі – Инновациалық менеджмент 
және Жобаларды басқару мамандықтары тарапынан да қорғау болмаған. 
Ғылыми  кадрлар  әлеуетінің  докторлық  диссертация  қорғаудың  салалық  құрылымы  Классификатор 
мамандықтар номенклатурасына сәйкес келеді (4.7-кесте). 
Алайда  кейбір  мамандықтар  бойынша  қорғау  үлесі  мен  мамандықтар  үлесі  Классификаторда  өзара 
сәйкес келмейді (4.7-кесте). Осылайша құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, денсаулық 
сақтау мәселелері бойынша қорғау үлесі Классификаторда осы бөлім мамандықтар үлесінен 2-3 есеге 
артық екенін көрсетеді.  
2013  жыл  мен  2014  жылды  салыстыру  барысында  түрлі  ғылыми  мамандықтар  бойынша  қорғаудың 
ғылым  салалары  бойынша  Классификатордағы  мамандықтармен  сәйкестігі  басым  екені  байқалады.  
Сонымен  2013  жылы  PhD  докторантурасының  мамандық  Классификаторы  қоғамдық-гуманитарлық 
және техникалық ғылымдар бойынша мамандықтар санының бркелкі екенін растады – 34 және 37 %, ал 
бұл салаларда қорғау сәйкестігі тиісінше 64 және 19,8 % болған еді. 2014 жылы қоғамдық-гуманитарлық 
және техникалық ғылымдар бойынша қорғау үлесі 36,5 және 45,9% болса, Классификаторда сәйкестілігі 
– 45,3 және 40,6% болды.
Кесте 4.7 – Ғылыми қызметкерлер тобы шамасында қорғалған PhD диссертацияларының саны, 2014 жыл 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
48
Кадрлық әлеуеттің жас ерекшелік сипаттамасы. ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2014 
жылғы ғылыми зерттеулер мен зерттемелер саласында еңбек ететін қызметкерлердің жас ерекшеліктік 
құрылымының  ең  көп  пайызы  (25,3%)  25-34  жас  аралығындағы  топқа  тән  болса,  25-ке  дейінгі  жас 
қызметкерлердің үлес салмағы одан аздау (11,3%), ал 65-тен жоғары егде жастағылардың үлес салмағы 
(8,4%) (4.3- сурет).
Орташа алғанда қарастырылған кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың докторлары саны техникалық ғылымдар 
саласынан 2,2 есеге және жаратылыстану, нақты ғылымдар саласынан 1,4 есеге басым түседі. Қоғамдық 
мамандарды артығымен даярлап шығарған ғылыми кадрлардың осындай салалық құрылымының еліміздің 
инновациялық-техникалық даму сұранысына сай келуі екіталай.
Докторанттардың  басым  бөлігі  жалпы  санның  35,4%-н  құрайтын  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-нде 
қорғалады – 157, 2014 жылы. Жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлайтындар қатарында Қ.И.Сәтбаев 
атындағы ҚазҰТУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, ҚазҰАУ; аймақтық – Мемлекеттік 
медициналық университеті (Семей қаласы) бар. 
PhD  диссертация  қорғау  бойынша  диссертациялық  кеңес  жүйесінің  кеңеюі  байқалады.  2014  жылы 
диссертациялық кеңестің жұмыс қорытындылары және ғылыми кадларды даярлау мәселелері (2015 жыл 
9 ақпан) жөніндегі семинар-жиналыста соңғы 4 жылда диссертациялық кеңестің саны 2011 жылы 16-дан 
2014 жылы 52-ге жеткендігі туралы (6 ұлттық, 10 мемлекеттік және 6 жеке меншік ЖОО) аталып өтті. 2014 
жылы бітіруші PhD докторанттардың жалпы саны 611 адамды, диссертациясын қорғағандардың саны 336 
докторант немесе 54,9%-ды құрап, 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда (46%) жоғары болды. Одан бөлек 
өткен жылдардан қорғауға 127 докторант шықты. Диссертациялық кеңестің (6) басым бөлігі 2014 жылы әл-
Фараби атындағы ҚазҰУ-де 112 ғылыми мамандықтың 39 бойынша қорғау жасады. 
2014  жылы  докторларды  даярлау  34  ЖОО  173  мамандық  бойынша  белгіленді.  2013  жылы  даярлық 
жұмысы  республиканың    28  ЖОО  125  мамандық  бойынша,  2012  жылы  –  91  мамандық  бойынша  24 
ЖОО-нда  жүргізілген  болатын.  Мамандық  даярлау  бойынша  басымдылық  әлбетте  ҚазҰУ  тиесілі  (37 
мамандық). Ауқымды мамандандықтар тізімі бойынша (11-ден 18-ге дейін) докторанттарды даярлайтын 
тағы Республикалық 3 ЖОО бар – Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы 
ҚазҰТУ. 2009.09.01 ҚР Жоғары және Жоғары білімнен кейінгі білім мамандықтар Классификаторына сәйкес, 
Ph.D докторантура бағдарламасындағы мамандықтары тізімінде барлығы 180 аталым бар [30].
Диссертациалық  кеңестің  шешімі  бойынша  2014  жылы  5  PhD  докторлық  диссертациясына  қатысты 
жарамсыз  деген  шешім  шығарылды.  Ағылшын  тілінде  17  Ph.D  докторант  өз  жұмысын  қорғап  шықты, 
Мысыр Араб Республикасынан 3 шетелдік азамат қорғады[30].
Магистрларды жекеменшік ұйымдар даярлап жатқанда докторанттарды даярлаумен көбінесе мемлекеттік 
оқу мекемелері айналысатынын айта кеткен жөн (4.8-кесте).
Кесте 4.8 – 2014 жылы ғылымға мамандар даярлаған мекемелер саны
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді
сурет 4.2 – Ph.D докторлардың салалық құрылымы 
Барлығы
Мемлекеттік
Жеке

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
49
Соңғы  4  жылдағы  Ph.D  докторлармен  толығатын  біліктілігі  жоғары  кадрлық  әлеуеттің  мемтіркеу 
динамикасында едәуір жас жұмысшылар тобының үлесі (25 жасқа дейін) болғанымен, біршама азаяды 
(12,3-11,3%),  неғұрлым  белсенді  жастағы  ғылыми  кадрлардың  үлесінің  (45  жасқа  дейін)  керісінше 
көбейгендігін байқауға болады (18,3-20.1%), сонымен қатар аға буын өкілдердің де үлес салмағы өсуде 
(7,7-8,4%), яғни егде жасқа қарай жас ерекшеліктер өсімі бар (4.9-кесте). 
Сурет 4.3 – 2014 жылы ғылыми-зерттеу және зерттемелік жұмыстармен айналысқан қызметкерлерді 
жасына байланысты жіктеу
55-64  жас  аралығындағы  зерттеушілер  тобының  үлес  салмағының  төмендеуімен  (18,6-дан  16,5  %-ға 
дейін) қатар 65 жастан жоғары жастағы кадрлардың санының артуын қартаю факторының орын алып 
отырғанымен бағалауға болады.  
Ғылыми  зерттеулер  мен  талдау  жұмыстарымен  айналысқан  ғылыми  қызметкерлердің  жалпы  саны 
бойынша Рh.D докторлардың үлесі небәрі 1,3% (2014 ж.), зерттеушілер арасында – 1,8 % болғандықтан, 
жас  буынның  жас  ерекшеліктері  көрсеткіштері  айтарлықтай  өзгере  қойған  жоқ.  Соңғы  4  жылда  жас 
зерттеушілердің  (35  жасқа  дейінгі)  саны  орташа  есеппен  36,7%-ды  құрады;  орта  жастағы  ғылыми 
қызметкерлер (35-54 жас аралығындағылар) – 38,3%-ды, ал аға буынның (55-65 жас және жоғары ) – 
24,9%-ды құрады (4.10- кесте).
Ғылым саласында жүргізіліп, қолға алынған шаралар өз нәтижесін берді. Ғылыми қызметкерлер мен 
біліктілігі жоғары ғылыми қызметкерлердің қатары артты. Ғылыми мекемелердің де саны артуда. Ғылыми 
бірлестіктердің тұтынушылардың, олардың зерттеулерінің нақты мәселелерін шешетін ғылыми бөлімдер 
сияқты жаңа формалары дамуда.  Мұндай жинақылық ағымдағы біршама мәселелерді шешіп беретіні 
анық. Алайда одан да үлкен ғаламдық, ауқымды техникалық және ауқымды ғылыми мәселелерді шешу 
үшін  көп  жылдық  тәжірибемен  жасақталған  ғылыми  стационарлық  ұжымдар  әлі  де  қажет.  Осындай 
жағдайда біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды даярлау жұмысы әлсіздік танытып келеді. 
Кесте 4.9 – Ғылыми-зерттеу және зерттемелік жұмыстармен айналысушы қызметкердің жас ерекшелігінің көрсеткіші
Кесте Мемлекеттік статистика мәліметтері негізінде түзілді

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
50

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет