Ғылым туралы ұлттық баяндама қазақстан республикасы президенті н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғЫ 21 тамыздағЫ№


 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/16
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.3 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Соңғы жылдары отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінің сілтемеге ие болуы қазақстан ғылымының 
әкімшілері мен ғалымдарының басты назарында болып отыр. Дәйексөзге ие болу – тәжірибе жүзінде 
ғылыми  коммуникация  мен  жаңа  білімнің  пайда  болу  механизмінде  жалғыз  «көзге  көрінетін»  із.  Ол 
зерттеудің маңыздылығы мен өзектілігін  көрсетеді. Жарияланымның орташа сілтемесі зерттеу нәтижесінің 
салыстырмалы қолжетімділік деңгейі мен ғылыми ықпалын көрсетеді.
Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) мәліметтер базасында 2011-2014 жылдарда қазақтандық 
ғалымдар мен мамандардың 3215 ғылыми жарияланымдары туралы мәлімет бар, олар 3214 рет сілтемеге 
ие болған, ол дегеніміз орташа есеппен 1 жарияланымға 1,51 сілтемеден келеді деген сөз (2015 жылдың 
15 мамырындағы жағдай бойынша).
Әлем ғылымында Қазақстанның салмақты орынға ие болуына физика ғылымы  саласындағы отандық 
жарияланымдар өз үлесін қосты, мұны жарияланымдар саны (1281) мен орташа сілтемелік көрсеткіші 
(2,56)  дәлелдей  түседі.  Аталған  саладағы  еңбектерге  орташа  сілтемелік  көрсеткіш  1,7  есе  артып 
отырғандығын Web of Science Core Collection мәліметтер базасы қолжетімді болғалы бергі уақыттағы 
Қазақстан жарияланымдары туралы мәліметтер сәйкес көрсетіп отыр (2.6-кесте)

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
23
Кесте 2.7 - 2011-2014 жылдардағы Қазақстанның физика ғылымдары саласындағы жарияланымдарының орташа сілтемелік 
көрсеткіші, Web of Science Core Collection
Электрохимия және метеорология бойынша жарияланымдар қызығушылық тудырып, 5-тен астам жұмыс 
орташа сілтеме көрсеткен. 
2012 жылы жарық көрген Назарбаев университет  «One-step synthesis ofbranched sulfur/polypyrrole nano-
composite cathode for lithium rechargeable batteries» жұмысы литий аккумуляторлық батареясы туралы 
жарияланым ғалымдар арасында аса қызығушылық тудырды. 1,5 жыл ішінде бұл жарияланымға 38 рет 
сілтеме жасалған.
Метеорология  саласындағы  «Applications  and  usage  ofthe  real-time  Neutron  Monitor  Database»  деп 
аталатын мақала барша әлемге таралатын нейтронды мониторларға тіркелетін ғарыш сәулелерін қауіп 
туралы  хабар  беретін  сигнал  жасауда  NMDB  мәліметтер  базасын  қолданудың  маңыздылығы  туралы 
айтылады.  Ионосфера  институтының  ғалымдарымен,  яғни  шетелдік  ғалымдармен  бірлесе  жазылған 
мақала өзге ғалымдардың еңбектерінде 25 рет сілтемеге ие болған. 
Физика  ғылымы  саласындағы  тек  қана  қазақстандық  авторлармен  дайындалған  әрбір  үшінші  жұмыс 
сілтемеге ие.  Бұл топтағы еңбектердің орташа сілтемесі 0,84-ке тең. Халықаралық авторлар ұжымымен 
бірлесе жазылған мақалалар орташа есеппен 4 реттен астам сілтемеге ие болады (2.8-кесте).
Кесте 2.8 - 2011-2014 жылдардағы физика ғылымдары саласындағы қазақстандық 
жарияланымдардың сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection.

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
24
Плазмалы физика саласындағы қазакстандық ғалымдардың бөлшектер арасындағы өзара әрекеттесудің 
жаңа тиімді үлгілерін әзірлеуге байланысты жұмыстарына жасалған сілтемелер олардың сұранысқа ие 
екендігін көрсетеді. Мысалы, 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары жариялаған «Effective 
potentials for ion-ion and charge-atom interactions of dense semiclassical plasma» мақалаға 50 рет сілтеме 
көрсетілсе, дәл сол ғалымдардың 2011 жылы жарияланған «Pseudopotentials of the particles interactions in 
complex plasmas» мақаласына 23 рет сілтеме көрсеткен. 
Физика  ғылымы  саласында  2011-2014  жылдар  аралығында  отандық  жарияланымдар  411  басылымда 
жарық көрген. Физика саласы бойынша тізімде көрсетілген 100-ден астам отандық мақалалар шетелдік 
журналдарда ең жоғары квартиль Q1-мен ұсынылады, сонымен қатар америкалық «Physical Review D», 
немістің «European Physical Journal C», ресейлік «Physics of Atomic Nuclei», голландиялық «Physics Let-
ters B» және итальян тіліндегі «Journal of High Energy Physics» журналдары да бар. Квартиль журналдың 
ғылыми беделін көрсетіп, оның импакт-факторымен анықталады. Саралай келе сілтеме базасына енетін 
әрбір журнал төрт квартильдің біреуіне тап болады: Q1-ден (ең жоғарысы) Q4-ке (ең төменгісі) дейін.
2011-2014 жылдары жарық көрген біршама еңбектер Ресейлік ең төмен Q4 квартилі категориясымен 
жарық көретін журналдарда жарық көргендігін атап өту керекпіз. Олардың қатарына «Russian Journal 
of General Chemistry», «Russian Physics Journal», «Russian Journal of Physical Chemistry A» және басқа да 
басылымдар кіреді.
ӨМІР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖӘНЕ БИОМЕДИЦИНА
Өмір  туралы  ғылымдар  мен  биомедицина  салалары  бойынша  жарияланымдар  2011-2014  жылдар 
аралығында 903 құжатты құрап, сілтемелік көрсеткіші 1,20-ға тең болды. Бұл сала аграрлық,  , сонымен қатар 
медицина бойынша 75 пәнді құрайды. Аталмыш саладағы нәтижелердің көрнекілігі мен объективтілігі 
жағынан жарияланым дармассиві екі тақырыптық бағыт бойынша зерттеледі.
АГРАРЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ
Аграрлық  және  биологиялық  ғылымдар  бойынша  отандық  еңбектердің  құрылымдық  массиві  483 
жарияланымда 20 пәндік тәртіп бойынша ұйымдасқан. Бір жарияланымға орташа сілтеме мөлшері 1,26. 
Сілтеме талдауы 2011-2014 жылдары 10 және одан да көп жарияланымға ие ғылыми бағыттар бойынша 
жүргізілді (2.9-кесте). 
Қаралған пәндік тәртіп бойынша алынған отандық жарияланымдардың орташа сілтеме мөлшері 3,12-
0,58 аралығында өзгеріп отырады. Неғұрлым жоғары сілтемелік көрсеткіштерге азық-түлік ғылымы мен 
технология, зоология сынды бағыттар ие болып отыр. 
Ауыл  шаруашылығы,  қоршаған  орта,  микробиология  және  жасушалы  биология  салалары  бойынша 
жұмыстар  орташа  есеппен  1,44  сілтемеге  ие.  Ветеринария,  биохимия  және  молекулярлы  биология, 
ботаника, биотехнология және қолданбалы микробиология бойынша жазылған жұмыстардың орташа 
сілтемесі 1,00-ге жетпейді. 
Кесте 2.9 - 2011-2014 жылдардағы аграрлық және биологиялық ғылымдар саласында жарық көрген 
Қазақстандық жарияланымдардың орташа сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
25
Х.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің жеуге жарамды саңырауқұлақтың үш түрі: 
антиоксидантты, антихолинэстеразды және микробқа қарсы белсенділігін зерттейтін «In vitro antioxidant, 
anticholinesterase and antimicrobial activity studies on three Agaricus species with fatty acid compositions and 
iron contents: A comparative study on the three most edible mushrooms» деп аталатын жұмысы азық-түлік 
өнеркәсібіндегі жарияланымдар тобы бойынша әлдеқайда жоғары сілтемеге ие болды. 
Зоология бойынша Назарбаев Университет ғалымдарының Danio rerio модельді ағзасы туралы «Towards 
a Comprehensive Catalog of Zebrafish Behavior 1.0 and Beyond» жарияланымы  едәуір қызығушылығын 
тудырды.  Тек  қана  отандық  авторлардың  дайындаған  жарияланымдарының  сілтемесімен  қатар, 
халықаралық әріптестермен бірлесе жазылған мақалалар да қызығушылық тудырып отыр (2.10-кесте).
Кесте 2.10 - 2011-2014 жылдардағы аграрлық және биологиялық ғылымдар саласындағы 
қазақстандық жарияланымдардың сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection
Шетелдік әріптестермен бірлесе жазылған жарияланымдар әлемдік ғылыми қауымдастықтың сұранысына сай 
және сілтеме санына да ықпал етеді. Тек қазақстандық ғалымдардың 217 жұмысының 14-і ғана сілтемеге ие 
болған. Орташа сілтемесі 0,10-ға тең. Осы уақыттағы шетелдік ғалымдармен бірлесе жазылған жарияланымның 
жартысына жуығы сілтемеге ие. Бұл топтағы жұмыстардың орташа сілтемесі 2,14-ті құрайды.
Зерттелген жылдардағы қазақстандық ғалымдардың аграрлық және биологиялық ғылымдар саласындағы 
жарияланымдары Web of Science Core Collection мәліметтер базасына енгізілген 221 халықаралық басылымда 
жарық көрген. 
Талдау нәтижесі 35%-дан астам қазақстандық еңбектер жоғары ғылыми беделді басылымдарда жарияланғанын 
көрсетті. Нидерландылық «Journal of Biotechnology», америкалық «Faseb Journal», ұлыбританиялық «Current 
Opinion in Biotechnology» және «Febs Journal» басылымдары барлық қамтылған категориялар бойынша Q2-
ден төмен емес квартильге ие.
МЕДИЦИНА
2011-2014 жылдары Web of Science Core Collection мәліметтер базасында жарық көрген медицина саласы 
бойынша қазақстандық жарияланымдар 572 бірлік және олар орташа есеппен 1,13 рет сілтемеге ие болған. 
Барлық жарияланымдар 46 бағы бойынша бөлінген. Бірақ тек 20 пән ғана 10 және лодан да көп жарияланымға 
ие. Зерттеу саласының көпшілік бөлігі бірлі-жарымғана жұмысты көрсетеді. Бір жарияланымға орташа сілтеме 
мөлшері 1,13-ті құрайды.
Онкология,  инфекциялық  аурулар,  медициналық  генетика  және  тұқымқуалаушылық  салалары  бойынша 
жарияланымдардың  өзектілігін  ерекше  атап  өтуге  болады,  олардың  орташа  сілтемесі  2,0-ден  жоғары. 
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды ұйымдастыру категориялары бойынша отандық авторлардың 
ғылыми жұмыстары бір жарияланымға Қазақстан бойынша жалпы жарияланымдардың көрсеткіші деңгейіне 
тең келіп отыр. Web of Science Core Collection мәліметтер базасында зерттелген кезең аралығында сонымен 
қатар аллергия, кардиология, эндокринология сынды бағыттарда жарияланған, бірақ бірде-бір сілтемеге ие 
болмаған қазақстандық ғалымдардың жұмыстары да бар. 
«Challenges to effective cancer control in China, India, and Russia» деп аталатын онкология саласына қатысты 
Үндістан, Ресей, Қытай елдерінде обырға қарсы тиімді күрес мәселелеріне арналған жарияланым көп сілтемеге 
ие болған. Мақала Алматы онкология орталығы мен шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып жазылған. 
Web of Science Core Collection мәліметтер базасында индекстелетін ғылыми басылымдарда жұқпалы аурулар 
туралы жарияланымдар жиі жарық көреді, мысалы «Spread ofextensively resistant VIM-2-positive ST235 Pseudo-
monas aeruginosa in Belarus, Kazakhstan, and Russia: a longitudinal epidemiological and clinical study» деген атпен 
жарық көрген Беларусия, Ресей және Қазақстан елдеріндегі көк ірің таяқшасының дәрілік тұрақтылығына 
арналған мақала Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдарымен бірлесе жазылған. 
Генетика, тұқымқуалаушылық салалары бойынша ең көп сілтемеге ие болған Жалпы генетика және цитология 
институты ғалымдары дайындаған «Mitochondrial DNA and Y Chromosome Variation Provides Evidence for a 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
26
Кесте 2.11- 2011-2014 жылдардағы медицина саласындағы қазақстандық жарияланымдардың орташа сілтемелік 
көрсеткіші, Web of Science Core Collection
Медицина  саласы  бойынша  отандық  авторлардың  мақалалары  256  аталым  басылымда  жарық 
көрген.  Келтірілген  мәліметтерден  көргеніміздей,  2011-2014  жылдардағы  медицина  саласы  бойынша 
қазақстандық мақалалардың  ең маңызды бөлігі Q1 және Q2 квартильді журналдарда басылған, атап 
айтқанда америкалық басылымдар «Faseb Journal» және «Value in Health» және ағылшындық басылым - 
«Allergy».
Recent  Common  Ancestry  between  Native  Americans  and  Indigenous  Altaians»  жұмыста  этникалық  топтар 
халқының Ү хромосомасы мен митохондриалы ДНҚ-сы талданады. Жасалған зерттеудің нәтижесі Сібір мен 
Америкадағы қоныстандыру үдерісін түсінуге аса қажет.
Жалпы  медицина  саласы  бойынша  қазақстандық  авторлармен  дайындалған  274  мақаланың  тек  32-сі 
ғана 1-ден 9-ға дейін сілтеме көрсеткен. Бұл топтағы орташа сілтемелік көрсеткіш 0,36-ға тең. Осы уақытта 
халықаралық бірлескен жарияланымдардың 40%-дан астамы 1-ден 34-ке дейін сілтеме жасалған, орташа 
есеппен 1 жарияланымға 1,84 реттен келеді (2.11-кесте). 
ТЕХНИКА ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМДАР 
2011-2014  жылдардағы  техника  және  қолданбалы  ғылым  салаларындағы  отандық  зерттеулер  21 
ғылыми бағыт бойынша 761 жарияланым жарық көрді. Қазақстан бойынша орташа есептегенде аталған 
салада орташа сілтемелік көрсеткіш төмен, 1,12-ні құрайды.
Жарияланымның орташа сілтемелік көрсеткіші зерттеу нәтижесінің ғылыми ықпалының салыстырмалы 
деңгейін көрсетеді. Техника және қолданбалы ғылым салалары бойынша аталмыш индикатор 0,00-мен 
9,00-дің арасында ауытқып тұрады. 
Инженерия,  материалтану  бағыттарындағы  отандық  жұмыстардың  көп  бөлігі  орташа  сілтемелік 
көрсеткішке  микроскопия,  инновациялық  менеджмент  және  басқару  ғылымы  бірлі-жарым 
жарияланымдар сәйкесінше 9,00 және 4,50-ге тең. 
Микроскопия бойынша дайындалған «Study ofdeformation behavior, structure and mechanical properties 
of the Al-Si-Mn-Fe alloy during ECAP-PBP» деп аталатын мақалада микроқұрылымды кристалдың қайта 
түзетілген  геометриясынан  теңканалды  бұрыштық  сығымдауды  және  механикалық  қасиетін  Al-Si-Mn-
Fe түрінде қорытпа жасау туралы айтылады. Жұмыс Қарағанды мемлекеттік университеті мен чехиялық 
әріптестерімен жасалған. 
«The long tail or the short tail: The category-specific impact of eWOM on sales distribution» жұмысы 9 рет 
сілтемеге ие болып, болашақ сатылымды негіздейтін өнім классификациясының тың әдісіне негізделеді. 
Мақала Қазақстан менеджмент, экономика және болжам институтының ғалымдары мен Корея еліндегі 
әріптестерімен бірлесе дайындалған.  
Орташа есеппен екі реттен көп сілтемеге ие болған жарияланымдар ішінде пәнаралық ғылымдар, 
ақпараттық ғылым және кітапханатану салаларында бар. 
Назарбаев  Университет  ғалымдарының  «Driving  Forces  of  Conformational  Changes  in  Single-Layer 
Graphene Oxide» ғылыми мақаласы химиялық модификацияланған графен-полимерлі композиттердің 
электр токөткізгіштігі туралы айтылады және бұл еңбек өзге ғалымдардың жұмысында көрсетіледі.  
Халықаралық авторлас жарияланымдар үлесі жалпы ағымда әлемдік ғылыми қауымдастықтағы елдердің 
зерттеу интеграциясы деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші ретінде қаралады. Техника және қолданбалы 

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
27
ғылым салалары бойынша тек қазақстандық авторлар атынан жарық көрген 425  жарияланымның тек 
63-і ғана 1-ден 9-ға дейін сілтемеге ие болған. Олардың орташа сілтемесі 0,28 болса, дәл осы кезеңде 
халықаралық әріптестермен со-авторлық түрде дайындалған 336 жарияланымның сілтемесі 2,20-ға тең 
болып отыр. Халықаралық авторлас мақалалардың жартысы 1-ден 39-ға дейін сілтемеге ие болған. 
2011-2014 жылдардағы техника және қолданбалы ғылым салалары бойынша жарияланымдар 411 
басылымда жарық көрген. Жалпы санының 70%-ға жуығы 227 шетелдік журналдарда, 30%-ы конференция 
материалдарында және сериалы кітаптарда жарияланған. 10-нан астам отандық жарияланымдар тек 7 
журналда ғана бар 
Негізінде техника және қолданбалы ғылымдар бойынша 2011-2014 жылдар аралығында жарық көрген 
мақалалар Q3 және Q4 жоғары емес картильдеріне ие журналдарда жарияланған. 
ӨНЕР ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
2011-2014 жылдардағы Web of Science Core Collection мәліметтер базасында жарық көрген қазақстандық еңбектер 
саны өте аз. Олардың жалпы саны 33, орташа сілтемесі 0,12 рет, 8 бағыт бойынша бөлінген (2.12-кесте).
Кесте 2.12 – 2011-2014 жылдардағы өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша қазақстандық жарияланымдардың 
орташа сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection
Шығыстану, дін және пәнаралық ғылымдар бойынша зерттелген салалар бойынша жарияланымдар 
1 ғана сілтемеге ие. Олардың біреуі ғана екі реет сілтемеге ие болған, атап айтқанда, «Anti-Westernism 
on the European Periphery: The Meaning of Soviet-Turkish Convergence in the 1930 s». Мақала Назарбаев 
Университет ғалымдарымен дайындалған, 1930 жылдардағы кеңес-түрік конвергенциясының маңызы 
туралы айтылады.
Аталған  салалар  бойынша  өзге  елдердің  аздаған  қызығушылықтарының  бар  болуы  аймақтардың 
жақындығына байланысты.
2011-2014 жылдар аралығында жарық көрген өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша 33 
отандық жарияланымдардың көп бөлігін тек өз ғалымдарымыз дайындаған (2.13-кесте).
Кесте 2.13 - 2011-2014 жылдардағы өнер және гуманитарлық ғылым салалары бойынша қазақстандық жарияланымдардың 
сілтемелік көрсеткіші, Web of Science Core Collection

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
28
Өзге  елдермен  әріптестікте  12  жұмыс  жарияланған,  оның  ішінде  6  жұмыс  –  АҚШ  ғалымдарымен, 
қалғандары  бір-бір  жұмыстан  Ресей,  Германия,  Англия,  Польша,  Қырғызстан,  Канада  және  Чехия 
Республикасы бар. Халықаралық авторлас жарияланымдардың зерттеу нысаны  негізінен қазақстандағы 
немесе посткеңестік елдердегі дін мәселелері. Бұл топта тек 2 жұмыс қана сілтемеге ие болған.
2011-2014  жылдар  аралығында  өнер  және  гуманитарлық  ғылым  салалары  бойынша  қазақстандық 
еңбектер Web of Science Core Collection базасында енетін 26 халықаралық журналда жарияланған. Тек 
Назарбаев Университет атынан берілген екі мақала ғана импакт-факторы бар басылымдарда жарияланған. 
Бұл өнер мен гуманитарлық ғылым саласы бойынша Q2 категориясындағы америкалық «Slavic Review» 
журналы.
 
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР
Қазақстандық авторлардың әлеуметтік ғылымдар саласындағы жарияланымдары 17 пән бойынша 640 
мақала және орташа сілтемесі 0,15-ке тең. Осы ретте 2011-2014 жылдар аралығында тек 8 ғылыми бағыт 
қана 10 және одан көп жарияланымға ие. Олардың ішінде тек екі ғылыми бағыт – бизнес және экономика 
(247 құжат) ғана айқын байқалады, сонымен қатар білім беру мен педагогикалық зерттеулер (212 құжат). 
Бірақ  олардың  орташа  сілтемесі  0,13  және  0,02-ні  құрады,  сәйкесінше,  Қазақстан  бойынша  аталмыш 
көрсеткіш айтарлықтай төмен.
Қазақстандық ғалымдардың география, коммуникация, урбандалу бойынша Web of Science Core Collec-
tion мәліметтер базасына кірген жарияланымдарының саны өте аз және өзге ғалымдардың еңбектерінде 
бірде-бір рет сілтеме жасалмағандығын атап өту керек.
Сонымен қатар, қоғамдық ғылымдар, биомедицина, археология және халықаралық қатынастар бойынша 
жазылған  мақалалар  саны  да  тым  аз,  десе  де  бұл  топтың  орташа  сілтемесі  әлеуметтік  ғылымдарға 
қарағанда көбірек. 
«HIV Among Injection Drug Users and Their Intimate Partners in Almaty, Kazakhstan» деп алатын мақала 
Алматы  қаласында  есірткі  заттарын  қолданатын  және  серіктесінің  ВИЧ  індетін  жұқтыруын  анықтау, 
емдеу шараларын жақсарту, оларға күтім жасау бойынша дайындалған. Аталмыш жұмыс 8 сілтемеге ие, 
Республикалық СПИД-ке қарсы күрес және емдеу орталығының мамандары АҚШ–тағы әріптестерімен 
авторлас мақала жазған. 
Археология бойынша 4 мақаланың үшеуі сілтемеге ие. «Patterns of pastoralism in later Bronze Age Kazakh-
stan: new evidence from faunal and lipid residue analyses» деп аталатын мақала Орталық Азиядағы біздің 
заманымызға дейінгі кезеңдегі мал шаруашылығы жайында жазылып, 5 сілтемеге ие.
Қазақстандық ғалымдардың халықаралық авторлас ретінде дайындаған мақалалары туралы 2.14-кестеден 
қарауға болады.Қазақстандық авторлар дайындаған 561 жарияланымның тек 14-і ғана сілтемеге ие. Осы 
кезеңде халықаралық әріптестік негізінде дайындалған әрбір үшінші материал сілтемеге ие болып отыр. 
Бұл жұмыстардың орташа сілтемесі әлдеқайда жоғары.
Зерттелген  жылдардағы  қазақстандық  ғалымдардың  әлеуметтік  ғылымдар  саласындағы  барлық 
жұмыстары Web of Science Core Collection  құрамына енетін 170 халықаралық басылымдарда жарияланған. 
Олардың 50%-дан астамы конференция материалдарында жарияланған. 
Экономика саласы бойынша біршама мақалалар украиндық «Actual Problems of Economics» журналында 
жарияланған. Оның квартилі, ресейлік «Sotsiologicheskie Issledovaniya» журналы секілді ең төмен Q4. Алыс 
шетелдердегі 12-ден 27 отандық жұмысты жариялайтын «Value in Health», «International Journal of Psychol-
ogy» және «Europe Asia Studies» басылымдары әлеуметтік ғылымдар бойынша әртүрлі категориялардағы 
Q1 және Q2 ең жоғарғы квартильге ие.
Кесте 2.14 - 2011-2014 жылдардағы әлеуметтік ғылым саласы бойынша қазақстандық жарияланымдардың сілтемелік 
көрсеткіші, Web of Science Core Collection

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
29
3. БАСЫМ БАҒЫТТАҒЫ ІРГЕЛІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
 
(по 
(Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссия  айқындаған  ғылымның  бағыттары 
бойынша және іске асырылуын талдау)
2013 жылы ғылым дамуының басым бағыттарына түзетулер енгізілді және ЖҒТК мәжілісінде (22.06.2013 
ж.) ғылым дамуының 2014-2016 жылдарға арналған жаңа басымдықтары мақұлданды, мұнда келесі екі 
басымдыққа өзгерістер енгізілді:
– табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;
– энергетика және машина жасау.
Осылайша, Елбасының «Қазақстан - 2050» Стратегиясында белгілеген тапсырмаларына сәйкес бірінші 
басымдық  бүгінгі  таңдағы  табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану  мен  геология  ғылымдары  бойынша 
өзекті зерттеулермен, экология саласындағы әзірлемелермен (қоршаған ортаны қорғау), су және өзге 
ресурстармен толықтырылды.
Екінші  басымдық  ел  экономикасының  индустриалды-инновациялық  даму  басымдықтарына  сәйкес 
машина жасау саласындағы энергияны өзгерту (энергетикалық машиналар, зымыран-ғарыштық техника, 
ауыл шаруашылығы машиналары, көлік және т.б.) бойынша зерттеулермен толықтырылды.
Қалған үш басымдық бойынша: 
-  Ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар  басымдығы  бойынша  экономика,  басқару 
жүйесімен, қорғаныс және қауіпсіздік, білім беру және ғылымның осы саласы бойынша басқа салаларда 
сұранысқа ие жұмыстардың кең шоғыры қарастырылған; 
-  Өмір туралы ғылымдар басымдығы бойынша медициналық және биологиялық зерттеулер, 
биотехнологиялар, экология және басқа да ұқсас бағыттар қарастырылған;
- Елдің зияткерлік әлеуеті басымдығы бойынша анағұрлым «ілгері» бағыттарда, әлемдік ғылымда бәсекеге 
қабілетті іргелі, жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық зерттеулер өткізу қарастырылған.
Сонымен 2014 жылдың Ғылым бойынша Ұлттық баяндама ЖҒТК отырысында мақұлданған 2014-2016 
жылдарға арналған ғылым дамуының бес басымдығына сәйкес ғылыми зерттеулердің іске асырылуына 
арналды:
• Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу;
• Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар;
• Өмір туралы ғылым
• Елдің зияткерлік әлеуеті
• Энергетика және машина жасау
Басым бағыттарды таңдаудың негізгі белгілері:
–  елдің  әлеуметтік-экономикалық    даму  басымдықтарына,  2020  жылға  дейін  Қазақстан  Республикасы 
дамуының  стратегиялық  жоспарына,  2010-2014  жылдарға  арналған  ҚР  Үдемелі  индустриалды-
инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарлама;
– ғылым дамуының әлемдік үрдістеріне сәйкестігі;
– кадрлық және материалды-техникалық әлеуеттің болуы;
–  инновациялық  дамуда  пайдалануға  арналған  ғылыми-зерттеулер  нәтижесін  коммерциаландыру 
мүмкіндігі.
2011-2014 жылдары іске асырылған 2115 жобаны талдау көрсеткендей, жобалардың 52%-ы жаратылыстану 
ғылымдары саласындағы іргелі зерттеулерден, сондай-ақ әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы 
іргелі және қолданбалы зерттеулер болып табылады. Бұл ретте, 48% -ы қолданбалы зерттеулердің қалған 
басымдықтарына тиесілі, соның ішінде энергетикаға - 9%, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат 
пен өнімді қайта өңдеуге - 12%, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларға - 9%, өмір 
туралы ғылымдарға -18%

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
30
Сурет 3.1 - Гранттық 
қаржыландыру бойынша 
жобалардың халықаралық 
сараптамасы 
6593  өтінімнің  сараптамасын  жасау  үшін  барлығы  2990  ғалым  және  инженер,  оның  ішінде  59  әлем 
елдерінен 1759 шетелдік сарапшы тартылды. Бұл ретте, жобалардың сараптамасына шетелдік ғалымдар 
мен мамандардың 71%-ы Еуропа мен АҚШ елдерінен тартылды (3.1-сурет).
3.2-суретте  Қазақстан  өңірлері  бойынша  тапсырыс  берушілердің  белсенділік  динамикасы  келтірілген. 
Алматы қаласының, содан кейін Астана қаласының, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 
ғалымдары ең белсенді болып табылады. 
3.2-сурет. Қазақстан өңірлері бойынша тапсырыс берушілердің белсенділік динамикасы 
Бағдарламалық-нысанды қаржыландыру стратегиялық маңызды міндеттерді шешуге бағытталған және 
конкурстық  негізде  немесе  конкурстық  рәсімдерден  тыс  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімі 
ОҚО
Қарағанды
Ақмо
ла
М
аңғыст
ау
Қост
анай
Алма
ты об
лысы
Ақтөб
е
БҚО
ШҚО
СҚО

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
31
бойынша жүзеге асырылады.  2012 жылдан бастап 2012-2014 жылдары іске асырылатын 134 ғылыми-
техникалық бағдарлама қаржыландырылды, олардың әкімшісі 14 мемлекеттік орган болып табылады. 
2014 жылы грантты қаржыландыру бойынша 1527 жоба және бағдарламалық-нысандық қаржыландыру 
бойынша  45  ғылыми-техникалық  бағдарлама  аяқталды.    1527  ғылыми  жобаның    927    жобасы  іргелі 
зерттеулерге, 600 – қолданбалы зерттеулерге бағышталған. 
2014  жылдың  нәтижелері  бойынша  барлығы  408  жоба  бойынша  510  қорғау  құжаты  (патенттер  мен 
алдын  ала  патенттер)  алынды,  оның  ішінде  мына  басымдықтар  бойынша    Елдің  зияткерлік  әлеуеті  - 
54;  Табиғи  ресурстарды  тиімді  пайдалану,  шикізат  пен  өнімді  қайта  өңдеу  -  167;  «Ақпараттық  және 
телекоммуникациялық технологиялар - 18; Өмір туралы ғылым - 213; Энергетика және машина жасау - 58.
2014 жылы алғаш рет 2015-2017 жылдарға бағдарламалық-нысандық қаржыландыру шеңберінде ғылыми-
техникалық бағдарламаларға конкурс өткізілді. ҚР Үкіметінің жанындағы ЖҒТК 2015-2017 жылдарға 107 
ғылыми-техникалық бағдарлама мақұлданды, ол мемлекеттік органдар бойынша төмендегідей бөлінді:
• 
ҚР Білім және ғылым министрлігі– 58 ҒТБ.
• 
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі– 36 ҒТБ. 
• 
ҚР Энергетика министрлігі– 4 ҒТБ. 
• 
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі– 5 ҒТБ. 
• 
ҚР Ұлттық экономика министрлігі – 4 ҒТБ.
2014 жылы 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсының 
нәтижесінде ғылым дамуының  5 басымдығы бойынша ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және 
жеке тұлғалар  5749 жоба ұсынды. 5749 жобаның ішінен  865 жоба конкурстық құжаттама талабына 
сәйкессіздігі салдарынан кері қайтарылды. Сараптамаға жіберілген 4884 өтінімнен 1781 жоба немесе 36%  
мақұлданды.
Басымдықтар бойынша өтінімдер  мен мақұлданған жобаларды бөлу төмендегідей жүзеге асырылды :
Осылайша, гранттық қаржыландыру конкурсының нәтижелерінен жоғары оқу орындарындағы 
ғылымның маңызы арта түскендігі байқалады.
ЖОО
ҒЗИ 
 
 
 
 
Басқалар
Жеке тұлғалар
Тапсырыс беруші түріне қарай 
өтінімдер төмендегідей бөлінді: 
Барлық жобалар
2702
1892
254
36
 Энергетика және машина жасау
 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, шикізат 
және өнімді қайта өңдеу 
 Ақпараттық және телекоммуникациялық 
технологиялар 
 Өмір туралы ғылымдар
 Елдің зияткерлік әлеуеті 
БАРЛЫҒЫ:
Басымдықтар
Жобалардың 
барлығы
Мақұлданған 
өтінімдер
473
1300
547
997
1567
4884
128
638
94
367
554
1781 (36%)

ҒЫ Л Ы М Т У РА Л Ы ҰЛ Т Т ЫҚ Б А Я Н Д А М А
2015
32

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет