Инструкция по эксплуатации 28 uk плита інструкція 56 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата03.03.2017
өлшемі5,89 Mb.
#7287
түріИнструкция
  1   2   3   4   5   6   7   8

EKG61101O

................................................ .............................................

KK ПЕШ

ҚОЛДАНУ ТУРАЛЫ



НҰСҚАУЛАРЫ

2

RU КУХОННАЯ ПЛИТА



ИНСТРУКЦИЯ ПО

ЭКСПЛУАТАЦИИ

28

UK ПЛИТА


ІНСТРУКЦІЯ

56


МАЗМҰНЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  3

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  4

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  8

4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  9

5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  9

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  10

7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  10

8. ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  11

9. ТҰМШАПЕШ - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  12

10. ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  14

11. ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  16

12. НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  20

13. ОРНАТУ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  21

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар бойғы кәсіби тәжірибе мен

инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық

бұл құрылғыны жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын тамаша нәтижеге

қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат:

www.electrolux.com

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:

www.electrolux.com/productregistration

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және фирмалық қосалқы

бөлшектерді сатып алу үшін:

www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА КӨМЕК, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз.

Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі

Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат.

Жалпы мағлұматтар менен кеңестер

Қорғаған ортаға зиян келдірмей пайдалану туралы нұсқаулар

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.



2

www.electrolux.com

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге жеткізілген

нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Құрылғыны дұрыс

орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде адам жарақат

алса және ақаулық орын алса өндіруші жауапты емес.

Нұсқаулықты келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Назарыңызда болсын!

Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе мүгедек болып

қалу қаупі бар.

• Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқан балалар

және кемтар, сезім немесе ой-қабілетіне нұқсан келген

адамдар немесе тәжірибесі немесе білімі аз адамдар, өз

қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның бақылауында

болса пайдалана алады.

• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс

ұстаңыз.


• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып тұрғанда,

балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.

Қолжетімді бөлшектері ыстық болады.

• Егер құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен жабдықталса,

оны іске қосуды ұсынаыз.

• Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын басқаның

бақылауынсыз орындамауға тиіс.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану

барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін

ұстамаңыз.

• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан

басқару жүйесімен басқармаңыз.

• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне

қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы мүмкін.

ҚАЗАҚ


3

• Өртті ешқашан сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз, бұндай

жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ

немесе өрт басқыш көрпе тәрізді затпен жабыңыз.

• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.

• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.

• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір заттарды

пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.

• Сақтау тартпасын ұстаған кезде абай болыңыз. Ысып

тұрады.

• Сөре сырғытпаларын алу үшін әуелі сөре сырғытпасының



алдыңғы жағын, содан кейін артқы жағын бүйірлік

қабырғадан тартыңыз. Сөре сырғытпаларын әрекеттерді

керісінше орындап салыңыз.

• Ашатын кезде қақпаққа төгілген затты тазалаңыз. Қақпақты

жабар алдында пештің үстін салқындатып алыңыз.

• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды немесе

өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі сызат түсіп,

шыны шытынап кетуі мүмкін.

2.    ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Бұл құрылғы келесі нарықтарға арналған: 

KZ   RU   UA

2.1 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана

орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе



пайдаланбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай

болыңыз, себебі салмағы ауыр. Әрқашан

қорғаныс қолғабын киіңіз.

• Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.

• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,

заттардың арасындағы минимум

қашықтықты сақтаңыз.

• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған

конструкциялардың қауіпсіз болуын

қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғының жан-жағын биіктігі осы

құрылғының биіктігімен бірдей

құрылғылармен жанастырып қою керек.

• Құрылғыны тағанға қоймаңыз.

• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің

астына қоймаңыз. Бұл есік немесе терезе

ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан

құлап кетпеу үшін қажет.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

4

www.electrolux.com


• Электртоғына қосу жұмыстарын білікті

электрші ғана іске асыруға тиіс.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау

қажет.


• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы

электр параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

Сай келмесе, электршіге хабарласыңыз.

• Әрқашан дұрыс орнатылған, қатерден

сақтандырылған розетканы қолданыңыз.

• Көп тармақты адаптерлер мен ұзартқыш

сымдарды қолданбаңыз.

• Құрылғының ашасына және сымына зақым

келтірмеңіз. Зақым келген электр сымын

ауыстырту үшін қызмет көрсету

орталығына немесе электршіге

хабарласыңыз.

• Электр сымдарын құрылғының есігіне,

әсіресе ыстық тұрған есікке тигізуге

болмайды.

• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы

бар бөлшектердің электр қатерінен

сақтандырғышын, саймансыз алынбайтын

етіп бекітіп қою керек.

• Құрылғының ашасын розеткаға тек

құрылғыны орнатып болғаннан кейін ғана

жалғаңыз. Орнатып болғаннан кейін

ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны

сұқпаңыз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін сымынан

тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып

суырыңыз.

• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана

қолданыңыз. желіні қорғайтын

ажыратқыштар, сақтандырғыштар

(ұстатқыштан алынған бұрандалы

сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан

қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

• Электр жүйесі құрылғыны кез келген

полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін

оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.

Оқшаулағыш құралдың контакт ара

қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.

Газға қосу

• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті

маман ғана іске асыруға тиіс.

• Құрылғының айналасында ауаның

айналуын қамтамасыз етіңіз.

• Газбен жабдықтау туралы ақпарат

техникалық ақпарат тақтайшасында

берілген.

• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып

әкететін құрылғыға жалғанбаған.

Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне

сай орнатыңыз. Желдету талаптарының

дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.

2.2 Қолданылуы

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу, күйіп қалу немесе

электр тоғының қатеріне ұшырау

қаупі бар.

• Бұл тұрмыста қолдануға арналған құрылғы.

• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан

тыс қалдырмаңыз.

• Құрылғыны пайдаланып болған сайын

тоқтан ажыратыңыз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының ішкі жағы

ысып кетеді. Құрылғының ішіндегі

қыздырғыш элементтерге қол тигізбеңіз.

Тұмшапештің керек-жарақтарын немесе

тұмшапеш ыдыстарын алып-салған кезде

үнемі қолғап киіңіз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін

ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа

шығуы мүмкін.

• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз немесе

суға тиіп тұрған құрылғыны

пайдаланбаңыз.

• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін

үнемі жабық ұстаңыз.

• Пісіру алаңдарына ас құралдарын немесе

кәстрөлдердің қақпақтарын қоймаңыз.

Қызып кетуі мүмкін.

• Құрылғыны қолданып болғаннан кейін "off"

(сөндіру) қалпына қойыңыз.

• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат

сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

• Құрылғы орнатылған бөлменің жақсы

желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

• Пішімі дұрыс, диаметрі оттықтың

диаметрлерінен үлкен орнықты ыдыстарды

ғана пайдаланыңыз.

ҚАЗАҚ


5

• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына

дейін жылдам бұраған кезде, жалынның

өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.

• Ыдыстардың шеңберлердің ортасына

орнатылғанына және пісіруге арналған

беттің жиектеріне жабысып қалмайтынына

көз жеткізіңіз.

• Құрылғымен бірге жеткізілген керек-

жарақтарды ғана қолданыңыз.

• Оттыққа жалын шашыратқышты

орнатпаңыз.

Назарыңызда болсын!

Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.

• Тоңмайларды немесе майды қыздырған

кезде тұтанғыш бу пайда болады. Тоңмайға

немесе майға тамақ пісірген кезде қызған

заттарды немесе оттың жалынын алыс

ұстаңыз.


• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу,

кенет жарылыстың орын алуына себеп

болады.

• Құрамында тағам қалдықтары бар



қолданылған май, бірінші рет қолданылып

отырған майға қарағанда, төмен

температурада өрт пайда болуға әкелуі

мүмкін.


• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш

зат салынған дымқыл заттарды

құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне

қоймаңыз.

• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын

немесе ашық отты жақындатпаңыз.

• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.

Алкоголь қосылған қоспаларды

қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы

пайда болуы мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.

• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп

немесе өңі кетпес үшін:

– пештің ыдыстарын немесе басқа

заттарды құрылғының табанына тура

қоймаңыз.

– алюминий жұқалтырды құрылғының

табанына тура қоймаңыз.

– суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.

– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл

ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде

ұстамаңыз.

– керек-жарақтарды алғанда немесе

орнатқанда абай болыңыз.

• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің

өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.

Бұл кепілдік заңына сәйкес

қарастырылатын ақаулық емес.

• Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру үшін

шұңғыл табақты қолданыңыз. Жеміс

шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.

• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.

• Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша

қайнатпаңыз.

• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап

кетуге жол бермеңіз. Құрылғының бетіне

зақым келуі мүмкін.

• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе

ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.

• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр

қоймаңыз.

• Құйылған шойын, алюминий немесе астына

нұқсан келген ыдыстар шыны керамика

бетке сызат түсіруі мүмкін. Бұндай

заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп

жылжыту керек.

Қақпақ


• Қақпақтың техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

• Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.

• Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған кезде

ашпаңыз.

• Қақпақты жабар алдында оттықтардың

барлығын сөндіріңіз.

• Пештің үсті мен тұмшапеш әбден

суымайынша қақпақты жаппаңыз.

• Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып

кетуі мүмкін.

Назарыңызда болсын!

Құрылғы аударылып кетпес үшін оны

орнықты етіп орнататын құралдарды

орнатыңыз. Орнату тарауын қараңыз.

2.3 Күту менен тазалау

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу, өрт қаупі және

құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

6

www.electrolux.com


• Құрылғыны жөндеу алдында электр

желісінен ағытып, ашасын розеткадан

суырыңыз.

• Құрылғының салқын тұрғанына көз

жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы

мүмкін.


• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу

ауыстырыңыз. Қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

• Құрылғының есігін алған кезде абай

болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!

• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес

үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.

• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе

тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.

• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш

заттарды қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,

түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе темір

заттарды пайдаланбаңыз.

• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның

орамында көрсетілген сақтық шараларын

орындаңыз.

• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар

болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.

• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада

жумаңыз.

2.4 Ішкі жарық шамы

• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға

ғана арналған жарықтама шам немесе

галоген шамы қолданылған. Оны бөлмені

жарықтандыру үшін қолданбаңыз.

Назарыңызда болсын!

Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.

• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны

тоқтан ажыратыңыз.

• Техникалық параметрлері сай келетін

шамдарды ғана қолданыңыз.

2.5 Қызмет көрсету

• Құрылғыны жөндету үшін тұтынушыларға

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана

қолдануды ұсынамыз.

2.6 Құрылғыны тастау

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу немесе тұншығып қалу

қаупі бар.

• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.

• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа

тастаңыз.

• Балалар мен жануарлар құрылғыға

қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін

алыңыз.

ҚАЗАҚ


7

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ

3.1 Жалпы көрінісі

10

1

6



7

5

8



9

1

2



3

4

4



3

2

1



Пеш үстінің тетіктері

2

Грильдің тетігі



3

Минут операторының тетігі

4

Гриль индикаторы



5

Пеш шамының түймешігі

6

Тұмшапеш функцияларының тетігі



7

Қыздырғыш элемент

8

Тұмшапештің шамы



9

Техникалық ақпарат тақтайшасы

10

Сөре деңгейлері



3.2 Пісіру алаңдарының көрінісі

1

4



2

3

1



Жартылай жылдам оттық

2

Жартылай жылдам оттық



3

Қосымша оттық

4

Жылдам оттық



3.3 Керек-жарақтары

• Тұмшапеш сөресі

Ыдыс, торт қалыптарын қою, тағам қуыруға

арналған.

• Тегіс пісіру науасы

Торттар мен печеньелерге арналған.

• Қуыруға арналған шұңғыл таба

Пісіру мен қуыруға немесе май жинайтын

таба ретінде қолдануға арналған.

• Зат сақтау суырмасы

Тұмшапештің астыңғы жағында зат сақтау

суырмасы орналасқан.

• Сөре сырғытпалары, қосымша сатылатын

жабдық


Сөрелерді немесе науаларды қоюға

арналған. Бұларды жеке тапсырыс беріп

алдыруыңызға болады.

8

www.electrolux.com


4. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Тұмшапештің есігін ашу үшін,

тұтқасын әрқашан ортасынан

ұстаңыз.

4.1 Алғашқы тазалау

• Керек-жарақтары мен алмалы сөре

сырғытпаларының барлығын (егер бар

болса) алыңыз.

• Құрылғыны алғаш рет пайдаланар алдында

тазалаңыз.

"Күтіп ұстау және тазалау" тарауын

қараңыз.

4.2 Алдын ала қыздыру

Құрылғының бетіндегі қоқыстарды жағып

жіберу үшін құрылғыны алдын ала

қыздырыңыз. Керек-жарақтар қалыпты жұмыс

режимімен салыстырғанда қызып кетуі мүмкін.

Осы кезде иіс, түтін шығуы ықтимал. Бұл

қалыпты жағдай. Ауаның жеткілікті түрде

айналып тұрғанына көз жеткізіңіз.

Ең үлкен температураны 1 сағатқа

орнатыңыз.

5. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

5.1 Оттықтарды тұтату

Назарыңызда болсын!

Ас үйде ашық отты пайдаланған

кезде өте абай болыңыз. Жалынды

дұрыс пайдаланбау салдарларының

ешбіріне өндіруші жауапты емес.

Оттықты әрқашан ыдысты қоймай

тұрып жағыңыз.

1.

Тетікті шегіне дейін басып, ең үлкен



қалыпқа   дейін бұраңыз. Тетікті басқан

кезде тұтату генераторы өздігінен

қосылады.

2.

Басқару тетігін басып шамамен 10 секунд



ұстап тұрыңыз. Сонда термоэлемент

жылиды. Бұлай істемеген жағдайда газ

беріліміне кедергі келеді.

3.

Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін



реттеңіз.

Егер бірнеше әрекеттен кейін оттық

жанбаса, оның шілтері мен

қақпағының дұрыс тұрғанын

тексеріңіз.

A

B

C

D

A)

Оттық табақшасы



B)

Оттық шілтері

C)

От алдырғыш



D)

Термореле

Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса,

басқару түймешесін сөндірулі

қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1

минуттан кейін оттықты тағы бір рет

жағып көріңіз.

Пешті орнатқаннан кейін немесе қуат

үзілісінен кейін электр қуатын қосқан

кезде, тұтату генераторы өздігінен

іске қосылуы мүмкін. Бұл қалыпты

жағдай.


ҚАЗАҚ

9

Назарыңызда болсын!

Егер оттық 10 секундтан кейін

жанбаса, басқару тетігін босатыңыз,

оны өшірулі қалыпқа бұраңыз да, кем

дегенде 1 минуттан кейін оттықты

тағы бір рет жағып көріңіз.

Оттықты электр құралын қолданбай

жағуға болады (мысалы, ас үйде

электр қуаты болмаған кезде).

Жалынды оттыққа жақын әкеліп,

тиісті басқару тетігін ең көп газ

шығару қалпына бұрап, 10 секунд

басып ұстап тұрыңыз.

Оттықты сөндіру

Отты сөндіру үшін басқару тетігін   белгісіне

бұраңыз.


Назарыңызда болсын!

Кәстрөлдерді оттықтан алардан

бұрын үнемі отты азайтыңыз немесе

сөндіріп қойыңыз.

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қуат үнемдеу

• Егер мүмкіндік болса, ыдыстың қақпағын

әрқашан жабыңыз.

• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны

ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.

Назарыңызда болсын!

Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін

табалар мен кәстрөлдерді

пайдаланыңыз.

Оттық

Ыдыстың диаметрі



Жылдам

160 - 260 мм

Жартылай

жылдам


140 - 240 мм

Қосымша


120 - 180 мм

Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс

ыдысты қолданыңыз.

7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тазалардан бұрын

сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Құрылғыны тазалау немесе жөндеу

жұмыстарын жүргізердің алдында

оны электр желісінен ажыратыңыз.

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны

бумен тазалағыш немесе жоғары

қысыммен тазалағыш құралдармен

тазаламаңыз.

Назарыңызда болсын!

Түрпілі тазалағыш заттарды, темір

жөкені немесе қышқылды

қолданбаңыз. Бұндай заттар

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

Құрылғының бетіне түскен сызаттар

немесе қошқыл дақтар оның

жұмысына ешқандай әсер етпейді.

• Пештің үстін тазалауды жеңілдету үшін

таба қоятын тағандарды алып қоя тұруға

болады.


• Эмальмен қапталған бөліктерді,

қақпақшасы мен шілтерін сабыны бар

сумен жуып, орнына қайта қояр алдында

жақсылап құрғатыңыз.

• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен

жуыңыз да, содан кейін жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

• Таба қоятын тағандар ыдыс жуғыш

машинада жууға арналмаған. Оларды

қолмен жуу керек.

• Ыдыс тағандарын қолмен жуғанда,

құрғатып сүрткенде абай болыңыз, себебі

эмальмен қапталған жиектері өткір болуы

мүмкін. Қажет болса, қатып қалған




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет