25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырмен тең



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#7360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ж.Ә.ДүЙСЕБАЕВА,

тараз қалалық сотының судьясы. 

салық берешегін өндіру 

 

„

Қазақстан республикасының конституциясының 35-бабына сай, заңды 



түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді 

төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 188-бабында: 

«Меншік құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын 

және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайда-

лану және оған билік ету құқығы беріледі» делінген.

Меншік құқығын қорғау барлық құқық салаларымен жүзеге 

асырылады. Мысалы, конституциялық құқық меншік құқығын 

қорғаудың жалпы қағидаларын бекітетін болса, отбасылық құқық 

ерлі-зайыптылар мен балаларының меншік қатынастары мен олар-

ды қорғау мәселелерін реттейді. Сол сияқты қылмыстық құқық пен 

әкімшілік құқық біреудің мүлкін заңсыз иеленуіне жауаптылық 

белгілейді.

Қазіргі таңда соттарда жеке меншік құқықтарының бұзылуына 

қатысты істер саны көбеюде, бұл дегеніміз – азаматтардың меншігін 

қорғаудың сенімді кепілі, өзгенің мүлкіне басқалардың заңсыз 

араласуына тосқауыл қоюшы бірден-бір билік органы сот болып 

қалып отыр. Меншік құқықтарының бұзылуына қатысты істердің 

қаралауы күрделі істер санатына жатады, себебі мұндай істерді қарау 

басқа санаттағы істермен салыстарғанда уақытты көп алады, егжей-

тегжейлі зерттеуді және көптеген заңдар мен нормативтік актілерді, 

басқа да заңдастыру құжаттарын зерттеуді  қажет етеді.

Сот тәжірибесіне сүйенетін болсақ, кейбір азаматтар өзіне 

берілген  меншікті  қағаз,  құжат  жүзінде  қалдырып,  одан  әрі 

заңдастыру рәсімдерін жүргізбей жүргенде жылжымайтын мүліктің 

нарқы артып, оны заңдастырудың мәселелері туындаған кезде жіберіп 

алған салғырттықтарының зардабын тартып жатқандары қаншама.

Мысалы, кейбір азаматтар жергілікті билік органдарының 

меншікті (жерді, үйді, саяжайды және т.б.) иелікке беру жөніндегі 

шешімдерін, басқа да құжаттарын одан әрі рәсімдемей қағаз жүзінде 

қалдырады да, көп жыл өткен соң    меншік құқығын тану жөнінде 

сотқа жүгінеді. Яғни қаншама уақыт өтіп, тіпті кейбір заң талап-

тары мен нормативтік құжаттар да өзгеріп кетіп жатқан болса да, 

кейде рәсімделмеген меншіктің басқа иелікке өтіп кетуі де мүмкін. 

Сондықтан азаматтар өздерінің меншігіне берілген жер учаскелерін, 

тұрғын үйін өз мерзімінде заңдастырып, үй құрылысына құқық 

беретін  жергілікті атқарушы органның  шешімін және жердің 

мемлекеттік актісін тіркетіп алғандары жөн болар еді.

Негізінде мәмілелердің жарамсыздығының жалпы негіздері 

Азаматтық кодекстің 157-бабында көзделген. Мысалы, Азаматтық 

кодекстің  157-бабының  1-тармағында  мәміленің  нысанына, 

мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру 

бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі 

адамдардың тиісті мемлекеттік органның, не прокурордың талабы 

бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Сондай-ақ Азаматтық кодекстің 157-бабының 3-тармағына 

сәйкес, мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда тараптардың 

әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін 

қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаса, құнын 

ақшалай өтеуге міндетті.

Бұл заң талабын орындау жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату 

шартын жасаған жағдайларда қиындық туғызбайды.

Г.м.БАЙКУЛОВА,

тараз қалалық сотының судьясы.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Сараптама  жүргізу  кезінде  оның 

объектілері  сараптаманы  тағайындаған 

соттың  рұқсатымен  зерттеулер  жүргізу 

және  қорытынды  беру  үшін  қаншалықты 

қажет  болса,  сол  шамада  ғана  бүлдірілуі 

немесе пайдаланылуы мүмкін. Көрсетілген 

рұқсат сот сараптамасын тағайындау тура-

лы ұйғарымда немесе сот сарапшысының 

өтінішхатын қанағаттандыру туралы не оны 

қанағаттандырудан ішінара бас тарту туралы 

уәжді ұйғарымда қамтылуға тиіс. 

Сараптамалық  зерттеу  объектілерінің 

анықтығы мен жарамдылығына сот кепілдік 

береді. Сараптамалық зерттеу объектілері, 

егер олардың көлемі мен қасиеттері бұған 

мүмкіндік  берсе,  сарапшыға  оралған 

және  мөрленген  түрде  беріледі.  Қалған 

жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот 

сарапшыны зерттеу объектілері орналасқан 

жерге  жеткізуді,  оларға  кедергісіз  қол 

жеткізуді және зерттеу жүргізу үшін қажетті 

жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.

Іске  қатысатын  адамдар  сараптама 

жүргізу кезінде, осындай қатысу соттан тыс 

сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың 

қалыпты  жұмысына  кедергі  келтіретін 

жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. 

Сот іске қатысатын адамдардың сараптама 

жүргізу кезінде қатысуы туралы өтінішхатты 

қанағаттандырған кезде, көрсетілген адамдар 

сараптама жүргізілетін орын мен уақыт тура-

лы хабарландырылады. Хабарландырылған 

адамдардың  келмеуі  сараптама  жүргізуге 

кедергі келтірмейді.

Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде 

іске қатысатын адамдар қатысқан жағдайда, 

сот  приставының  міндетті  қатысуын  сот 

айқындайды.

Сараптама  жүргізу  сот  сараптамасы 

органына тапсырылған кезде, сот сарапта-

маны тағайындау туралы ұйғарымды және 

қажетті  материалдарды  оның  басшысына 

жібереді.  Сараптаманы  сот  сараптама-

сы  органының  ұйғарымда  көрсетілген 

қызметкері  жүргізеді.  Егер  сараптама 

тағайындау туралы ұйғарымда нақты сарап-

шы көрсетілмесе, оны таңдауды сот сарапта-

масы органының басшысы жүзеге асырады, 

бұл туралы сараптаманы тағайындаған сотқа 

хабарлайды.

Егер  сараптама  жүргізуді  сот  сарап-

тамасы  органының  қызметкері  болып 

табылмайтын адамға тапсыру көзделсе, сот 

сараптаманы тағайындау туралы ұйғарым 

шығарылғанға  дейін  оның  жеке  басына 

және  сарапшыға  қарсылық  білдіруге  осы 

Кодекстің 39-бабында көзделген негіздердің 

жоқ екендігіне көз жеткізуге тиіс.

Сараптаманы  жүргізуге  байланысты 

шығыстарды өтеу, сондай-ақ сарапшының 

еңбегіне ақы төлеу осы Кодекстің 110 және 

111-баптарында белгіленген қағидалар бой-

ынша жүргізіледі.



меншік құқығын 

қорғау маңызды

сараптама жүргізу тәртібі

 

„

меншік қатынастарын реттеу 



ата заңымыздан бастау алып, 

азаматтық кодексінде, мемлекет 

иелігімен алу және жекешелендіру 

туралы заңдарда, басқа да 

нормативтік-құқықтық актілерде 

жалғасын тапқан.

 

„

Қазақстан республикасының азаматтық процестік кодексі 2015 жылғы 



31 қазандағы № 377-V Қрз 87-б. сәйкес сараптама зерттеу сипатына не сот 

отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкін еместігіне немесе 

қиындығына қарай сотта немесе соттан тыс жүргізіледі.

тӘуЕлсіз Ел ҰлаНдары

 

„

тараз қаласындағы №28 балабақшада тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында  «Біз - тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты 



мерекелік іс-шара өтті.

Арсен БАЙзАҚ

Мерекелік шараны балабақша меңгерушісі Гүлнар 

Тубаева ашып: «Баршаңызды жаңа өміріміздің баста-

уы болған, ұлтымыздың ұлы мейрамы – Қазақстан 

Республикаcы Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен 

құттықтаймын! Бүгінгі мерекенің еліміздің тарихын-

да, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. 

Себебі кез келген ұлт үшін тәуелсіздік пен теңдік, 

азаттық пен елдік, береке мен бірлік - ең қымбат, 

ең асыл ұғымдар. Кішкентай бүлдіршіндер,  сендер 

осы тәуелсіз елдің ұрпағысыңдар, сендердің әрбір 

жетістіктерің тәуелсіз еліміздің мерейінің үстем 

болуымен байланысты» - деді. Мерекелік шарада  

«Туған жер» бүлдіршіндер хорының орындауында 

«Пай, пай, туған жер», «Атамекен» әндері шырқалып, 

«Батырлар», «Шашу» биі орындалды. Сонымен 

қатар әр бүлдіршін Тәуелсіздікке тарту ретінде жыр 

шумақтарын жатқа оқыды. №4 «Ақжелкен» ересек-

тер тобының балалары «Бақыт іздеген бала» атты 

көрінісінде анасын тыңдамай бақыт іздеп кеткен бала 

(Ахметжан Рысбай) өзге елде қанша жақсы қарсы 

алса да, өзін жайсыз сезінгенін әдемі жеткізе білді. 

Көріністе әбден жер кезіп шаршаған бала ойланып 

отырады.Сонда қарт ата келіп жөн сұрайды. Бала 

өзінің кім екенін ұмытып қалғанын айтады. Сөйтіп, 

қашанда  арқасында  жүретін  қоржынын  ашып, 

ішінен домбыра, торсық, қамшы шығарады. Қария 

осы заттарды көріп баланың қазақ екенін, Тәуелсіз 

Қазақ елінің ұланы екенін айтып, дамыған қазақ 

елінің тарихымен таныстырады. Осылайша, бала өз 

Отаны Қазақстанға, анасына, туған жеріне оралады. 

Осы көрініс арқылы балалардың өз туған жеріне 

деген сүйіспеншілігі оянды. Қойылымда ана рөлінде 

– Аяла Мұрат, бала – Ахметжан Рысбай, орыс қызы 

– Дарья Гуляева, өзбек қызы – Інжу Қатымхан, корей 

қызын Аяла Мұрат керемет ойнап шықты. Қойылым 

авторы – Айлана Асылханова.

-  Расында, балалар рөлдерді аса шеберлікпен 

орындап шықты.Оның үстіне біздің балабақшада 

бірнеше ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері тәрбиеленеді. 

Қалай дегенде де, сәби жүректері Отан деп соққан 

балалардың шеберліктеріне қалай риза болмайсың! 

Отанды сүю, туған жерді құрметтеу, ата-ананы 

қадірлеу  сынды  құнды  қасиеттер  бала  бойына 

осындай патриоттық қойылымдар арқылы сіңетініне 

сенімдімін, - дейді балабақша меңгерушісі Гүлнар 

Сәлиқызы.  Ал    мереке  соңында  бүлдіршіндер 

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығына орай сән үлгілерін көрсетті. 

Өнерпаз өрендер.    



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ДАТА


11

Кезекті  бір  ауысып  келген 

Талдықорған  пединститутының 

бұрынғы проректоры Базар Дамитов 

еді. Біз одан: «Базар Қабдошұлы, 

Талдықорған  пединституты  ре-

спублика көлемінде мақтаулы боп 

алдыңғы лектен көрініп жүр. Сонда 

ол  қай  жағынан  мықты?»  –  деп 

сұраған едік.

- Ол оқу орнының іші-сырты 

бірдей жалтырап тұр ғой. Ең ал-

дымен азаматтарының бір-бірімен 

қарым-қатынасы,  мәдениеті  мен 

іскерлігі өзге жұрт үлгі аларлықтай 

өнегелі. Соған сай студенттерінің 

оқу  сапасы  да  айта  қаларлықтай 

жоғары,-деген еді. Ойланарлықтай 

нәрсе болды. 

Өткен  ғасыр  90-жылдардың 

орта шенінде Жамбылдағы үш ин-

ститут бірігіп, бір ғана ТарМУ-дың 

шаңырағына топтасты. Кадрлары 

жаңарып,  материалдық  базасы 

нығайып күрт өсіп,  республикадағы 

іргелі  жоғары  оқу  орнына  айна-

лып  шыға  келді.  Қаланың  нақ 

ортасындағы  ірі-ірі  ғимараттар 

беріліп, оқу корпустары жаңарып, әр 

мамандыққа сәйкес ыңғайландырып 

жөнделді. Республика көлеміндегі 

ғылыми жиындар, конференциялар 

өткізіліп,  аса  көрнекті  ғалымдар 

бас  қосып,  келелі  мәселелер 

шешіліп  жатты.  Айтулы  даталар 

ұмытылмай, өз кезегімен аталып, 

ел есінде жаңғыртылып жатты. Уни-

верситет құрамына ірі-ірі ғалымдар 

шоғырландырылып,  жас  маман 

ғалымдар қаулап өсіп келе жатты.

Сол  күндердің  бірінде,  жаңа 

ғасырдың  бастапқы  шағында 

ректордың  қабылдау  бөлмесінде 

кезегімді күтіп отырған едім. Жаңадан 

проректор  боп  тағайындалған                                                                                                

Дария Қожамжарованың іссапардан 

келген беті екен. Ұшақтан түскен 

бойда ешқайда бұрылмай қызметке  

араласып,  төңірегіндегілерге: 

«Алматының бірнеше жоғары оқу 

орындарында  болдым,  жұпыны 

ғана  күй  кешіп  отырғандарын 

байқадым. Соны салыстыра келіп, 

өз  университетімізді  көз  алдыма 

келтірдім де бойымды мақтаныш 

сезімі биледі» - дегенін құлағым 

шалып қалды.

Заман  күннен-күнге  өзгеріп, 

түлеп, жас ұрпақ өз жаңалығымен 

дүниені  жаңғыртып  келе  жатты. 

Оңтайлы тың шешімдер, талапқа 

сай өзгерістер бірінен соң бірі іске 

асырылып жатты. Сондай күндердің 

бірінде тағы бір үлкен бетбұрыс – 

Тараз мемлекеттік педагогикалық 

институтының бөлініп шығуы еді. 

Бұл енді осы аймақ қажеттілігінен 

туындаған  тың  шешім  болды. 

Оның  алғашқы  басшысы  болып 

осы институттың бұрынғы түлегі 

Махметғали Сарыбеков келді. Енді 

институт  біртұтас,  бірыңғай  өз 

мамандығына  сай  іс-жоспарын 

жүзеге асыра бастады. Ұжымның ты-

нысы әлдеқайда кеңейіп сала берді. 

Бір кездегідей емес, институттың 

өз мамандарынан  ғылым доктор-

лары он-ондап, ғылым кандидат-

тары  жүздеп  саналатын  болды. 

Білікті кадрлар сырттан ғана емес, 

өз мамандарын шұғыл түрде өсіріп, 

жетілдіру арқылы да толыға баста-

ды. Бірер жылдан соң Махметғали 

Сарыбеков министрдің орынбасары 

болып жоғарылап кеткеннен соң, 

оның орнына тағы бір білікті бас-

шы Асқар Әбдуалиев келді. Дәстүр 

жалғастығы  дами  түсті.  Ендігі 

үдеріс - студенттерді оқыту үлгісі де,                                                                                   

әдіс-тәсілі де мүлде жаңаша. Ғылым 

мен техниканың шапшаң дамып, 

өрістеп  келе  жатқан  кезеңінде 

жаңалық боп ел өміріне батыл еніп 

келе жатқан компьютер, интернет, 

қашықтан оқыту үлгісі кеңінен етек 

алып, жас ұрпақтың қабілетін еселеп 

ұштай түсті.

О с ы д а н   б і р е р   ж ы л д а н 

соң  институтқа  жаңа  басшы  –                                

Дария  Қожамжарова  ректор  бо-

лып келді. Енді институттың жаңа 

өрісі ашылып, тың серпін әкелді. 

Институттың  бар  қабілеті  мен 

жетістігі жиырмаға жуық мамандық 

бойынша  студенттер  дайындай-

тын 7 факультеттің құрамындағы 

он  беске  жуық  кафедраның  іс-

тәжірибесінен толық көрінетін. Бұл 

кезде институт күрделі мәселелерге 

арнап ірі ғылыми форумдар өткізіп, 

біртіндеп республика көлеміндегі 

орталыққа  айнала  бастады.  Тек 

соңғы екі-үш жылдың көлемінде 

Қазақ хандығының 550 жылдығына 

және  1916  жылғы  ұлт-азаттық 

қозғалыстың  100  жылдығына 

арнап  өткізген  республикалық, 

халықаралық конференциялардың 

өзі не тұрады!

Жастарға  саналы  білім  беру, 

отансүйгіштік  рухта  тәрбиелеу 

мәселелеріне ерекше мән беретін 

институт  ұжымының  атқарып 

келе  жатқан  іс-әрекеті  ұшан-

теңіз.  Басқаны  былай  қойғанда, 

и н с т и ту т т а ғ ы   е ң   а л д ы ң ғ ы 

қатардан көрініп жүрген бір ғана 

кафедраның  соңғы  екі-үш  жыл-

да  атқарған  жұмыстарына  көз 

жүгіртіп  көрейікші.  Қазіргі  күні 

«Қазақ филологиясы» кафедрасы 

құрамында 25 адам жұмыс істейді. 

Ғылыми атағы барлары – 14, оның 

ішінде 2 ғылым докторы, профес-

сорлар, 12 ғылым кандидаттары, 

доценттер, 5 аға оқытушы  және 5 

магистрант. Кафедра профессор - 

оқытушыларының ғылыми деңгейі  

65 пайызды құрайды. Кафедраның 

алдына қойған келелі мақсаттары 

бар. Олар: білім беру үрдісін білікті 

мамандармен қамтамасыз ету, оқу 

ісіне инновациялық технология мен 

интерактивті әдістерді енгізу, кафе-

дра оқытушыларының халықаралық 

және  республика  көлеміндегі 

білім  беру  бағдарламалары  мен 

жобаларына  қатысуын  кеңейту, 

институт көлемінде пәндік олим-

пиадаларды  кезегімен  өткізіп 

отыру, жаңа тұрпатты мұғалімдер 

дайындауға бағытталған ғылыми–

теориялық  зерттеулерді  жүргізіп 

отыру. Байқайсыз ба, «бүгінгі әуен 

бұрынғы әуеннен өзгеше» демекші, 

осының бәрі бұдан жиырма, отыз 

жыл бұрынғы әдіс-тәсілден мүлде 

өзгеше, жаңаша екендігін көзіміз 

көріп келеді. Заман қалай өзгеріп, 

заманына  сай  мамандарының  іс-

әрекеті қалай жаңғырып түрленген.

Қазір  бір  ғана  осы  «Қазақ 

филологиясы» кафедрасының өзі 

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік уинверситетімен «Қазақ 

тілі  мен  әдебиеті»  мамандығына 

а к а д е м и я л ы қ   ұ т қ ы р л ы қ 

бағдарламасы бойынша  білім алу 

бағытында  бір-бірімен  студент-

тер  алмасып,  оқыту  тәжірибесін 

іске  асырып  отыр.  ТарМПИ-ден 

Сандуғаш Құрманбек, Е.Қапалов, 

Ж.Есеналы, А.Құдретуллаева Абай 

атындағы ҚазҰПУ-да, А.Қырғызбек 

пен Б.Жексенбайқызы І.Жансүгіров 

атындағы Жетісу университетінде 

білім алып келді. Мұның есесіне 

сол  оқу  орындарынан  «Қазақ 

тілі  мен  әдебиеті»  мамандығына 

а к а д е м и я л ы қ   ұ т қ ы р л ы қ 

бағдарламасы бойынша бір топ сту-

денттер келіп оқып, іс-тәжірибеден 

өтті.

Кафедра  өз  мамандығы  бой-



ынша  Берлин  қаласындағы  Сво-

бода университетінің Түркология 

институтымен  және  Венгрияның 

Сегед  университетімен  тығыз 

байланыста  жұмыс  істеп  келеді. 

Соңғы жылдардың өзгерісін кафедра 

профессор-оқытушылары мен сту-

дент жастары Гете университетінің 

профессоры  И.А.  Невскаяның 

(Германия)  «Көне  түркі  жаз-

ба  ескерткіштерінің  тілі»,  Сегед 

университетінің  профессорлары 

Р.Мұқашеваның «Мажар әдебиеті» 

және Мария Иваничтің  «Қазақ – 

венгр әдеби байланыстары» деген 

тақырыптар бойынша қызғылықты 

әрі  ғылыми  мәні  бар  лекцияла-

рын  тыңдап,  тәжірибе  алмасты. 

Бұл  ғалымдармен  тіл  білімі  мен 

әдебиеттің өзекті мәселелеріне бай-

ланысты ғылыми қарым-қатынас 

әлі де электронды пошта арқылы 

пікірлесумен,  талдау  жасаумен 

жалғасып жатыр.

Соңғы үш жылдың өзінде ка-

федра жұмысы қарыштай дамып, 

республикалық көлемде «Мәңгілік 

Ел»  идеясы  және  білім  берудегі 

модернизация», «8-Республикалық 

олимпиада»  және  «Ерліктің 

арқауы – елдіктің бас-тауы» деген 

тақырыптарда ғылыми - практикалық 

конференциялар  өткізген.  Бұл 

шаралардың студент жастар ара-

сында өтуі дәстүрдің үздіксіз дамып, 

өрлеп  келе  жатқанының  айғағы 

боларлықтай. «Іс тетігін кадрлар 

шешеді» деген рас сөз. Кафедраның 

бұл жетістігі оның басшысы фило-

логия ғылымдарының докторы, про-

фессор Тұрсынай Әбдіқадырованың 

іскерлігімен тікелей байланысты.

Кафедра өзінің бүгінде абырой-

лы қызмет атқарып жүрген бұрынғы 

түлектерімен мақтана алады. Олар: 

ТИГУ ректоры Ерболат Саурықов, 

«Жамбыл-Тараз» газеті редакция-

сы» ЖШС директор-бас редакторы 

Эльмира  Мырза-Ғали,  ТИГУ  ка-

федра меңгерушісі Рахат Елубаева,                                                           

ТарМПИ  кафедра  меңгерушісі 

Меруерт  Көпбаевалар.  Ал  бір 

кездері кафедраға жас маман болып 

келген  Айсұлу  Тұрарова,  Сәмен 

Құлбарақов,  Темірбай  Мұқашев, 

Сейсекүл  Исматова,  Гүлзинат 

Қарымбаева, Нұржамал Асылбеко-

валар шетінен ғылым докторлары, 

кандидаттар  болып  қалыптасты. 

Бұлардан  соң  келген  жаңа  лек  -          

Жазира Әбдуалиева, Рахат Салама-

това, Гүлнәр Мейрманова, Алшагүл 

Мұқашева, Света Байсеитова, Лаура 

Мақұлова, Әйгерім Баймбетовалар 

тәжірибелі ұстаздар қатарын тол-

тырды. 


Бір кездері бүкіл бір институт 

болып атқаратын іргелі жұмысты 

бүгінде бір ғана кафедраның жеке 

өзі атқаратындай дәрежеге жеткен.

Осының бәрін көре-біле жүріп, 

бұдан 30-40 жыл бұрынғы шағын 

институттың күйкі тірлігі еріксіз еске 

түседі. Бар-жоғы екі ғана факультет, 

төрт-бес ғана мамандықты дайын-

дайтын. «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

мамандығы бойынша студенттерді 

қабылдау  кейіннен  90-жылдары 

ғана мүмкін болды. Оның өзі облыс 

көлемінде бұл мамандық тым тап-

шы болып, кадр жетіспегендіктен 

ашылып еді. Шағын кафедраның 

құрамында бар-жоғы 8-9-ақ маман, 

оның екеуі ғана ғылым кандидатта-

ры, доценттер.

Дегенмен сол кездегі алғашқы 

қадамдар,  алдыңғы  толқын 

ағалар тобының белсенді әрекеті 

ұмытылмақ  емес.  Олар  Танабек                                                                 

Омаров, Шәбден Адилов, Нұрғали 

Сарыбеков,  Қапаш  Тасболатов, 

Ерімбет  Қонақбаев,  Қуандық 

Тұрдалин,  Ғалимолла      Сайде-

нов, Тұран Бегалиевтер өздерінің 

қажымас  қайратымен,  ерік-

жігерімен  институттың  аяғына 

тік  тұруына  өлшеусіз  еңбек  етті. 

Біз  оларды  алыптар  тобы  деуші 

едік.  Сол  кездің  балаң  жастары 

болған біздер - Апутан Шұқанов, 

Алтынбек  Наурызбаев,  Алтай                                                                                 

Байтелиев,  Билібай  Муслимов, 

Сәбит Тамаев, Назар Кунгуровтар 

бүгінгінің  қарияларына  айналып 

отырмыз. Сол жылдары Алматыдан 

келген Орталық Партия Комитетінің 

хатшысы  Өзбекәлі  Жәнібеков: 

«Азырақ шыдаңыздар, әлі-ақ теңдік 

туып,  өркендеп  өсетін  кездеріңіз 

болады» - деген еді. Айтқаны келді.

Мінеки, сол күткен күннің жи-

ырма  бес  жыл  ішіндегі  игілігін 

көріп келеміз. Бір кездегі шағын оқу 

орны қанатын кеңге жайған үлкен 

оқу ордасына айналып отыр. Жыл 

сайын жүздеп, мыңдап өз түлектерін 

шартарапқа  ұзатып  шығарып  са-

лады.  Бұл  енді  іші-тысы  бірдей 

жалтырап тұрған,  көсегесі көгерген 

оқу ордасы ғой.

Б і р   к е з д е р і   Д а р и я 

Пернешқызының  «Бойымды 

мақтаныш сезімі билейді!»  деген 

сөзі дәл қазір біздің де ойымызға 

келіп тұр!

Өсе бер, өркендей бер, қасиетті 

білім  ошағы!  Сенің  50  жылдық 

мерекең, өзінің ақ шуағына бөлейтін 

мерейлі күніңді  біз асыға күтеміз!

Рахым САДЫҚБЕКОВ,

ардагер ұстаз.

 

„

Қазақ елі егемендік алған күндері жамбыл пединститутының 



құрылғанына жиырма бес жыл толып еді. айтулы күнді ешкім 

есіне түсірмей, елемей де өте берді. өйткені ол кезде институт 

басшылары - ректорлар жиі ауысып тұратын. 

БИіктЕ

РЕсМи

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



Жоба



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет