25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырмен тең


„ «астана» көп салалы колледжінде  тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «жаратылыстану



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата03.03.2017
өлшемі5,28 Mb.
#7360
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

„

«астана» көп салалы колледжінде  тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «жаратылыстану 



ғылымдары – ғылым айнасы» тақырыбында апталық өтті.

Апталықтың    мақсаты    мен    міндеттері  

нақтыланған    соң,  жұмыс    жоспары    бойын-

ша  жүзеге    асырылып    отырды.    Әрине  бұл 

пән  мұғалімдері  тарапынан үлкен ізденіс  пен 

шығармашылықты  талап  етеді. Циклдағы  пән  

бірлестігінің  әр мүшесі  осы талап үдесінен шығып,   

өз шеберліктерін  көрсете  білді.

Апталықтың алғашқы күні дене шынықтыру 

пәнінің  оқытушысы  Серік  Оразбаевтың 

ұйымдастыруымен  колледждің  студенттер 

арасындағы  құрама  командасы  Ы.Сүлейменов 

атындағы №37 орта мектеп оқушыларының ко-

мандасымен спорттың волейбол түрінен кездесу 

ойынын  жүргізіп,  жүлделі  орынға  ие  болды. 

Цикл  оқытушылары  арасында  «Білім  берудегі 

инновациялық технологиялар» тақырыбында семи-

нар жұмысы жүргізілді. Семинарда циклдың барлық 

оқытушылары  семинар  тақырыбы  бойынша  өз 

тәжірибелерімен байланыстырып баяндама оқыды. 

Семинар барысында оқытушылардың дайындаған 

баяндамаларын талдай отырып, қорытындысында 

қазіргі  заманда жастарға ақпараттық технология-

мен байланысты әлемдік стандартқа сай  мүдделі 

жаңа білім беру өте қажет екендігі айтылды. Білім 

ақпараттық қоғамда, жаһандану заманында құнның 

негізгі  көзіне  айналуда.  Сондықтан  да  биылғы 

оқу  жылында  өткізілетін  барлық  іс-шараларды 

да жүйелі түрде осы ғылымдар негізін тереңірек  

аша түсуге, әр студенттің осы пәндердің  беймәлім   

тұстарын    зерттеуге  деген  қызығушылығын  

арттыруға бағыттадық.

Сондай-ақ    1.2  тобы  студенттерімен  химия 

пәнінің оқытушысы Шолпан Кәрібаева  «Метал-

дар»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.  Сабақта  

оқытушы жаңа ақпараттық  технологияларды тиімді  

қолдана білді.                                                             

Ал 1.4 тобы студенттерімен информатика пәнінің 

оқытушысы Динара Борықбаева «Электр өрісі», 

«Электр өрісінің кернеулігі»,  4МТ тобымен Аяулым 

Үсенқызы «Бейнелеу өнері сабақтарында оқытудың 

техникалық  құралдарын  қолдану  әдістемесі», 

1.2 тобымен дене шынықтыру пәнінің оқытушы 

Серік Оразбаев волейбол ойыны бойынша «Допты 

жоғарыдан әріптесіне беру мен қабылдау әдісін 

меңгерту» тақырыптарында ашық сабақтар өткізсе, 

Бақытжан Жұматай                                                 ба-

скетбол ойыны бойынша панорама сабағын өткізді. 

Оқытушылар алға қойған мақсаттың орындалуына 

баса  назар  аударып,  өздерінің  шығармашылық 

ізденіс  үстінде  екендіктерін  айқындап,  сабақта  

оқыту әдістерін тиімді қолдана білді.

3БЖБ  тобымен  оқытушы  Шолпан  Кәрібаева 

өзін-өзі  тану  пәнінен  «Түсіністік  пен  достық» 

тақырыбында ашық сабақ өткізсе, оқытушы Динара 

Борықбаева 1.2 және 1.4 топтары студенттерімен 

«Жас информатиктер» тақырыбында сабақтан тыс 

жарыс сабағын өткізді. 

Бейсенкүл Жусипова «Банк жүйесі» тақырыбында 

панорама сабағын өте жоғары деңгейде көрсете 

білді. Оқытушы  өз  тәжірибесінің  мол  екенін 

сабақта  жаңа  педагогикалық  технологияларды  

жүйелі  пайдалану  арқылы көрсетті. 

Апталықтың жабылуы қорытындысында цикл 

жетекшісі Айдана Исмаилова апталықта жүргізілген 

жұмыстар туралы есеп берді. «Білімділер бәйгесі» 

тақырыбында оқытушылар мен студенттер біріккен 

топтық  интеллектуалдық  ойыны  жүргізілді. 

Апталыққа студенттер белсенді қатысып, оның 

қорытындысы бойынша марапатталды. 



татьяна КАзАНГАПОВА, 

колледж директорының

әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.

 

„

 Қазақстан республикасы 



тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 

«мәңгілік Ел» патриоттық  актінің 

шеңберінде  «25 ізгі іс» акциясын 

өткізуде  қала мектептері белсенділік 

танытты. 

Игі іс ізгілікке бастайды

Атап  айтқанда,  Ы.Сүлейменов  атындағы  №37  орта 

мектебінің ұстаздары мен оқушылары «25 ізгі іс»  акци-

ясы барысында әдеби кітаптар жинақтап,  кітапханаға 

тарту етіп,  әр сынып  25 досына арнап  мейірімге толы 

хат жазды.  Кездескен жандарға жақсы тілектер айтып,  

бос уақыттарында қоршаған ортасына жақсылық жасауға 

асықты. Балалардың бір-біріне достығы, мейірімділігі 

арта түсті. Мектеп ұстаздарының ұйымдастыруымен аз 

қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық 

жасап, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері үйде оқытылатын 

балалармен бірге  «Көне Тараз» ескерткіштеріне саяхатқа  

шықты.    Оқушылар    отбасындағы  жақындарына  өз 

қолдарымен сыйлықтар жасап, табыс етті.  Аялдамаларда 

құттықтаулар мен тілектер жазылған парақшалар таратып, 

мектеп оқушыларын үзбей тасымалдайтын №11 бағытта 

жүретін автобус жүргізушілеріне алғыстарын білдірді. 

Ыстық  ықыласпен  Қ.Сарымолдаев  атындағы  балалар 

үйіндегі тәрбиеленушілерге  ойыншықтар сыйға тартып, 

бір дастархан басында отырып сұхбаттасып қайтты. 



Әсел АРҚАБАЕВА, 

Балжан ДИЛмАНОВА,

Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектептің 

бастауыш сынып мұғалімдері.

басқа да медициналық қызметтер түрін қамтитын сақтандыру болады 

деп көзделуде. Оған амбулаторлық-емханалық көмектер, ауруханада 

жатып емделу, жоғары технологиялық көмектер кіреді. Сақтандырудың 

осы  түрі  міндетті  сақтандыру  жүйесіне  тіркелген  азаматтар  үшін 

қолжетімді болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған адамдарға 

2020  жылға  дейін  амбулаторлық-емханалық  қызметті  бюджет 

есебінен тегін көрсету де қарастырылған. Сондай-ақ  заңға сәйкес 

азаматтар жеке басына арналған, өз қаражаты негізінде немесе жұмыс 

берушінің қаражатына жасалатын сақтандыру түрлерін де жасай алады. 

МӘМС  енгізумен  медициналық қызметтердің жоғары сапасын және 

қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. 

Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапа-

сын бақылауды қарастырады, оның мақсаты — міндетті медициналық 

сақтандырудың  базалық  бағдарламасымен  және  медициналық 

жәрдемнің  қолданыстағы  стандарттарымен  кепілденілген  көлемде,  

сапада  және  шарттарда  медициналық  жәрдем  алуға  азаматтардың 

(сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету.  Ал ерікті сақтандыру 

адамның қалауы бойынша ғана жүзеге асырылады.

Қазақстандағы сақтандырудың негізгі ерекшелігі — барлық әлемдегі 

тәжірибені  зерттей  келе,  көптеген  тиімді  жақтарын  қарастырған. 

Медициналық  сақтандырудың  жұмыс  істеуі  медициналық  қызмет 

көрсету  саласында  нарықтық  қатынас  тудырады.  Бұл  өз  кезегінде, 

медициналық қызмет көрсететін  медициналық мекемелердің, олардың 

қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің еңбегінің саны 

мен сапасына нақты баға беруге мүмкіндік тудырады. Басқа жағынан, 

науқастарда емдеу-профилактикалық мекеме мен нақтылы дәрігерді 

таңдау құқығы пайда болады. Бұл міндетті медициналық сақтандыру 

қоры тарапынан емделушілердің мүддесін қорғаумен қосарланады: ол 

медициналық қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық баға 

бере алады, емдеу нәтижелеріне кінәрат-талап  таға алады, ал қажеттік 

кезінде  емдеуші  мекемеге  немесе  жеке  машықтанушы  дәрігерге 

экономикалық санкциялар қолдана алады. 

Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі 

денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, жүйесіз жүрген 

істерді  біршама  жүйелеуге  жол  ашады.  Бұл  әлемдік  тәжірибеде 

дәлелденген.

Қолданыстағы  заңнамалық  және  нормативті-құқықтық  база 

медициналық сақтандыруға тән заңнама емес, өйткені ол қаржылық 

бөлігіне, нарықтық жағдайды және тұтынушылар құқығын қорғауды 

қамтамасыз ету мәселелеріне  шоғырланған.

Қорыта  келгенде,  әлеуметтік  міндетті  медициналық  сақтандыру 

тек қана мемлекет үшін емес, сонымен қатар халықтың мүддесі үшін 

қажет. Халықтың өзінің денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру, 

көптеген ауруларды алдын ала анықтау, яғни профилактикалау, сонымен 

қатар денсаулықты жоғары бағалау керек екенін түсіндіру.



 

Қайрат ӘБДІҚҰЛОВ,

жамбыл облыстық офтальмология 

орталығының  бас дәрігері.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

АйНА


9

кітапхаНадағы ӘсЕрлі кЕШ

 

„

Белгілі сатирик, ақын, журналист 



Бақытжан советұлы оқырмандарымен 

кездесті.

Шығармашылық жол.   



Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 

ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің  25 жылдығы аясында Қазақстан Жа-

зушылар Одағының мүшесі, Қазақ радиосының Жамбыл облысындағы 

меншікті тілшісі, журналист Бақытжан Советұлының 50 жасқа толу 

мерейтойына орай шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ақын. 

Сатирик. Журналист» тақырыбында кездесу өтті.

Белгілі журналистпен басқосуға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Асқарбек 

Сейілхан, ақынның курстасы Құрманғазы Демешов, «Егемен Қазақстан» 

газетінің облыстағы меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт, кітапхана жанынан 

құрылған «Қаламгер» клубының мүшелері, тұрақты оқырмандары, Абай 

атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты. Әсерлі кешті 

кітапхананың басшысы Эльмира Абдинова ашып, жүргізіп отырды. Ол 

өз сөзінде Бақытжан Советұлының қазақы қалжыңның жоқшысы болып, 

әдемі, жарасымды әзілдің жүйесін тапқан, көзі де, сөзі де күліп тұратын, 

өмірдің қиындығы мен қиястығын күле жүріп, сатираның нысанасына 

айналдырған еселі еңбегіне ерекше тоқталды. 

 

„

тәуелсіз елдің кішкентай 



ұландары өз мемлекеттерінің өткені 

мен келешегін фотокөрме арқылы 

көпшілікке паш етті. 

Қазақ елі осындай!

Арайлым БАҚЫтжАНҚЫзЫ

Тараз қалалық білім бөліміне қарасты техникалық 

шығармашылық орталығының ұйытқы болуымен 

«Біздің ел осындай» атты фотокөрмеге 3-16 жас 

аралығындағы  жасөспірімдердің  туындылары 

қойылды. Елбасының ерен еңбектерінен бастап, 

Астана қаласы мен шаһардың көркем бейнесін, 

бейбіт өмір сүріп жатқан тұрғындардың күнделікті 

тыныс-тіршілігі  оқушы  қиялынан  шыққан  шы-

найы  қолөнері  көрменің  сәнін  кіргізді.  Жал-

пы  фотокөрмеге  барлығы  60-тан  астам  жұмыс 

қойылған. 2300 жасөспірімнен құралған 91 топтан 

тұратын техникалық шығармашылық орталық 3 

филиалдан тұрады. Балалардың бос уақытын тиімді 

пайдалануға,  оларды  шығармашылыққа  баулу, 

қолөнер мен сурет салу, математикалық логика мен 

компьютерлік сызба және анимацияға үйретуді 

мақсат еткен орталықта техника, радиотехника, 

робототехника мен сәулет және ағаш өнері сияқты 

барлығы 23 түрлі үйірмеде балаларды тегін оқытады.

– Мен №12 мектептің 10-сынып оқушысымын. 

Сабақтан тыс уақытымды орталықта өткіземін. Екі 

жыл бойы автодәнекерлеуші үйірмесіне қатысып 

жүрмін. Ендігі уақытта шығармашылыққа жақын 

сурет өнерін меңгеру жоспарымда, – дейді Данияр 

Жақсылық.

Алдағы уақытта шығармашылық орталық мек-

теп оқушыларына туризм саласының қыр-сырын 

үйретуді жоспарлап отыр. «Бұл сала бойынша ма-

мандар жеткілікті болса, үйірме жұмысын бастауға 

әзірміз» – дейді орталық қызметкерлері. 

 

„

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына 



орай облыс әкімдігі тілдерді 

дамыту басқармасына қарасты 

тілдерді оқыту орталығының 

өзге ұлт өкілдерінен құралған 

тыңдаушылары арасында 

«мемлекеттік тіл – менің тілім» атты 

аймақтық байқауы өтті.

мемлекеттік тіл – 

менің тілім

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫзЫ

Сайысқа  Тараз  қаласынан  6  тыңдаушы  және 

оқыту  орталығының  Меркі,  Қордай,  Шу,  Са-

рысу, Талас, Байзақ, Жуалы, Жамбыл аудандық 

бөлімшелерінен 14 тыңдаушы қатысып, бақ сынады. 

Шарада Тілдерді оқыту орталығының дирек-

торы  Жамбыл  Ізтұяқ  Қазақстан  Республикасы 

Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай, ізгі тілегін 

арнап, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға  облыс  әкімдігі  тілдерді  дамыту 

басқармасының бөлім басшысы Мөлдір Абашова, 

ТарМУ-дың  аға  оқытушысы  Жанат  Букенова, 

Тілдерді оқыту орталығы директорының орынба-

сары Алтын Абдрахманова қазылық етті. 

 Төрт кезеңнен тұрған жарыста  ең маңыздысы 

қатысушылардың мемлекеттік тілді жетік меңгеріп 

қана қоймай, сөйлеу мен сахна мәдениетінен қалыс 

қалмауына басты назар аударылды.

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» атты алғашқы 

кезеңде экраннан әртүрлі салт-дәстүрдің суреттері 

беріліп, қатысушылар салт-дәстүрдің қалай атала-

тынын айтып, мазмұнына тоқталып,  сол жайлы  

қысқаша мәлімет беруге талпынды. «Өлең - сөздің 

патшасы» атты екінші кезеңде қатысушылар туған 

жер, Отан туралы патриоттық жыр шумақтарын 

мәнерлеп оқыды. Үшінші «Полиглот» кезеңінде әр 

үміткерге жартылай ұсынылған мақал-мәтелдердің 

жалғасын тауып,  сол сөзді орыс және ағылшын 

тілдеріне аударуға тиіс болды. Ал ең соңғы «Әнді 

сүйсең,  менше  сүй!»    айдарында  туған  жер, 

Қазақстан туралы патриоттық әндер шырқалды.

Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде жыр оқып, 

әңгіме өрбітіп, тамылжыта ән шырқауынан барлық 

қатысушылардың  үлкен  дайындықпен  келгені 

көрініп тұрды. Сондай-ақ  әрбір сөздері мен ілтипат, 

лебіздерінен қазақ тіліне деген құрметі де байқалды.

Нәтижесінде, бас жүлдені оқыту орталығының 

Байзақ  аудандық  бөлімшесінің  тыңдаушысы                               

Салтанат  Жаба  жеңіп  алса,  І  орын  биігінен                         

Жамбыл  аудандық  бөлімшесінің  тыңдаушысы                                

Камила Исмазова көрінді. ІІ орынды Меркі аудандық 

бөлімшесінің  тыңдаушысы  Елизавета  Зубкова 

алса, ІІІ орын оқыту орталығының Шу аудандық 

бөлімшесінің тыңдаушысы Садретдин Рамильге 

бұйырды.

Байқау жеңімпаздары диплом, Алғыс хаттар және 

бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

„

тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тараз 



қалалық белгілі тұрағы жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы  тәуелсіздіктің 25 жылдығына 

орай ауқымды іс-шара ұйымдастырды. өмір көшінен адасып, тағдыры тәлкекке түскен жандарды 

қамқорлыққа алып, сүрінгенге сүйеу бола білген орталыққа жол түсіп, «тәуелсіздік – тірегім» атты 

бағдарламасын тамашалап қайттық.

тәуелсіздік – тағдырлардың тірегі

Диляра ДАРХАН

Жетімін  жылатпай,  жесірін  қаңғыртпаған 

қазақтың  басына  қандай  күн  туса  да  дала-

да  қалдырмасы  анық.  Оған  бір  дәлел  –  осы 

орталық. Үй-жайы, тұрақты мекені жоқ талайды 

қамқорлығына алып, ас-ауқатын ұсынып отыр. 

Осының айғағындай болып, тепсе темір үзетін 

жасында-ақ тіршіліктен баз кешіп, ұшарын жел, 

қонарын сай біліп, ғұмырының көбін көбіктей 

қалықтап өткізіп алған бәзбіреу өзінен бір мүшел 

кіші орталық қызметкерін «мамалап» бәйек болды. 

Бұл да өзіндік ілтипатынан, қамқорлығына деген 

ризалығынан туындаса керек. 

Әр адам – бір тағдыр.  Күдік қатқан кәрі көзін 

әлдеқайда  қадап  туған  ұлын  тосқан  әйелден 

туыстары әлдеқашан бас тартқанын ұқтым. Өз 

анасының есімін әлдеқашан ұмытқаны сол, есіне 

де түсіре алмады. Есесіне бір фирмада есепші 

қызметін атқарғаны есінен кетер емес. Және де сол 

күндерін ең бақытты кезеңіне балайтынын айтып, 

көзіне жас алды. Ал бұрын үйіне қызметші ұстап, 

байлық  пен бақыттың қызығын көрген әйелдің 

осы орталықты жағалап, бұрынғы қызметшісінің 

үйінде бүгінде өзі қызмет көрсетіп жүргені ойға 

шомдырды.

Орталықтың қызметіне жүгінушілердің көбі – 

қаһарлы қыстың көзінен таса іздеп осы орталыққа 

бас  сұққандар.  Есесіне  көктемде  қайта  көше 

кезіп кетуге бейім. Әлдеқайда асығып, әлденені 

жасырғысы келіп, желдей ұйытқыған желөкпе 

адамдардың арасынан бір нұрлы жанар жылт етті. 

Бұл – туылғалы арбаға таңылған бойжеткен Бағила 

Қабанбаева еді. Анасы жиі келіп тұратынын тілге 

тиек етіп, бұл мекемеге құжаттарын түгелдеп, 

түзету ниетімен келгенін айтады.

- Қарттар мен мүгедектерге арналған арнайы 

орталықта  мен  сияқты  мүмкіндігі  шектеулі 

жандарды көп нәрсеге үйретеді. Бір тиімді іс 

атқарып, жұмыс жасағым келеді. Құжаттарым 

түзелсе, сол орталыққа барып, түрлі үйірмелерге 

қатысамын деген ниетім бар. Тәуелсіз еліміздің 

біз сияқты жарымжан жандарға көрсетер ша-

рапаты көп. Осындай орталықтардың ашылуы 

да  тәуелсіздіктің  тұтқасын  ұстағанымыздың 

бір белгісі. Тек бағалай білейік, - дейді Бағила. 

Қоларбасының зырлаған дөңгелегінде тағдыры 

мен уақытының тізгіні қоса айналып бара жатқан 

қызбен  бірге  орталықтың  ұйымдастыруымен 

қолға алынған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 

«Тәуелсіздік – тірегім» атты кешті тамашалауға 

бет түзедік.

Орталықтың қызметкерлері Жамбыл Ынтықбек 

пен Мадира Ділтанованың «Алло», «Сәлеметсіз 

бе?»  әнімен  түрілген  кеш  шымылдығы  түрлі 

ойын-сауықпен қатар ойлы оқиғалардың үлгісімен 

жалғасын тапты. Асхана қызметкерлері «шық бер-

мес шығайбайлықтың» кесірі талайға сабақ бо-

латынын үлгі етіп, көрініс көрсетсе, өз кезегінде  

медицина  қызметкерлері  «Соқыр  ана»  атты 

қойылымында көзін ұлына ойып берген ананың 

далада қалғаны көпшіліктің көзіне жас үйірсе, 

соңыра ұлы іздеп келгендегі қуанышы адамдар 

арасындағы  түсіністік  пен  сүйіспеншіліктің 

бәрінен маңызды екенін ұқтырып, талайларға 

ой салды. 

Басқосу барысында кештің басты кейіпкері өзінің ең алғашқы еңбек 

жолын 1991 жылы бастағанын, әдебиетке келуіне әкесі, белгілі ақын 

Совет Әлімқұловтың тәлімі болғандығын жеткізді. 

- Бала кезімнен әкем көп кітап оқуға баулыды. Сондықтан әдебиетке 

келуіме әкемнің септігі тиді. Жалпы әкемнің қаламгер болуы маған 

үлкен жауапкершілікті жүктеді. Сондай-ақ өзім білім алған ҚазМУ-дегі 

курстастарым да осы әдебиет аламанына түсуіме сеп болды. Өйткені 

олармен жарысып жүріп, қатарларынан қалмайын деген ниет осы күнге 

алып келді. Ақындық – әкенің қанымен, ананың сүтімен берілетін қасиет. 

Әкем лирик ақын болды. Мен де әке жолын қуып, өлең жаздым. Бірақ 

лирикаға  жете  алмадым.  Сол  себептен  сатираға  бет  бұрдым.  Оның 

да  себебі  бар.  Студенттік  шақта  «Өркен»  деген  газетке  мен  туралы 

қатарластарым әзілдер жаза бастады. Кейіннен олар туралы мен де жаза 

бастадым. Осылай қалыптастым, - дейді Бақытжан Советұлы.  Сондай-

ақ ол журналистикаға қалай келгендігі жайлы және осы саладағы еңбек 

жолы туралы кеңінен әңгіме өрбітті. 

Кездесу  барысында  Асқарбек  Сейілхан,  Құрманғазы  Демешов, 

Оралхан Дәуіт және Есет Досалы сынды замандас-үзеңгілестері ақын-

журналист хақында қызықты оқиғаларымен бөлісіп, оның адамгершілік, 

азаматтық болмысы туралы пікірлерін жеткізді. 

Өз  кезегінде  Абай  атындағы  педагогикалық  колледж  студенттері 

өлеңдер  оқып,  сатиралық  шығармалардан  үзінді  келтіріп,  көрермен 

көңілін серпілтіп отырды. 

Кеш соңында  Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми 

кітапхананың басшысы Эльмира Абдинова қаламы қарымды журналист-

ке шапан жауып, құрмет көрсетті. Ал ақынның өзі кітапхана қорына «Бұл 

мен ғой» кітабын ұсынып, кітапхана ұжымына ыстық ілтипатын білдірді.  



АлуАН

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



Салық төлеуші салық міндеттемесін орындауды дербес жүзеге 

асырады. Салық төлеуші салық міндеттемесін орындау мақсатында 

салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есеп-

телген және есепке жазылған сомасын, осы Кодекстің ерекше бөліміне 

сәйкес салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер 

бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді. Көзделген 

мерзімде және жағдайларда салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы 

жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ұстау мен ауда-

ру және әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттемелердің 

орындалуы жөнінде салық төлеушіге  хабарлама жіберіледі. Салық 

төлеуші заңмен көзделген мерзімде салық міндеттемесін орындамаса, 

онда салық төлеушіде салық қарызы пайда болады. Бұл жағдайда салық 

органдары Салық кодексінің 20-бабының 1-тармағы 25-тармақшасына 

сай, салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін 

қолдануға және салық төлеушінің салық берешегін осы Кодекске сәйкес 

мәжбүрлі тәртіппен өндіріп алуға міндетті. 

Салық Кодексінің 607-бабының 2-тармағы 5-тармақшасына сай, 

салық берешегін өтеу туралы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 

2)-4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық 

міндеттемелерінің  орындалуын  қамтамасыз  ету  тәсілдері  мен 

мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін он жұмыс 

күнінен кешiктiрмей тиісті хабарлама жолданады. Бұл хабарламада 

өз алдына өз еркімен салық қарызын төлеу туралы мерзім бекітіледі. 

Салық органдары салық берешегі туындаған күннен бастап алты 

ай ішінде өтелмеген: дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, 

жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың– 

республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген  және  тиісті 

қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік 

көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі; заңды 

тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің - республикалық 

бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 

қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 есе-

ленген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар салық 

төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. 

Бұл ретте тізімде салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған 

жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, 

салық төлеуші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және 

салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.

Салық берешегі жеке тұлғаның - салық төлеушінің тарапынан 

төленбеген немесе толығымен төленбеген жағдайда, салық органы 

салық берешегін өндіру туралы тиісті арызбен сотқа жүгінеді. Мұндай 

арыздарды сотта қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық 

процестік кодексінің талаптары шегінде жүзеге асады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет