Алтыншы шақырылған тараз қалалық
мәслихатының
(кезектен тыс он бірінші сессия)
ШЕШІмІ
тараз қаласы
№11-4 28 қараша 2016 жыл
тараз қаласы бойынша табысы аз
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын
үй көмегiн көрсету Қағидаларын
бекіту туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты
ШЕШІм ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берiлiп отырған Тараз қаласы бойынша аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары
бекiтiлсiн.
2. «Тараз қаласы бойынша аз қамтылған отбасыларға
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту ту-
ралы» Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы
№5-6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеу тізілімінде №6-1-150 болып тіркелген, 2012 жылғы 8
шілдеде №32 «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған) күшi
жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық
мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар
саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына
жүктелсін.
4. Осы шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген
күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
тараз қалалық
мәслихаты сессиясының төрағасы
____________ С.мырзалиев
тараз қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
_____________ Ғ.мадимаров
Тараз қалалық мәслихатының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№11-4 шешімімен бекітілген
тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету
Қағидалары
1. жалпы ережелері
1. Осы Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi
қарай - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997
жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-
бабына сәйкес әзiрленген.
2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта)
көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, кәрізді, газ-
бен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен
жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметiн көрсетудi
қамтитын қызметтер;
қызмет көрсетуші - коммуналдық қызметтерді көрсетумен
айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының
атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;
уәкiлеттi орган – «Тараз қаласы әкiмдiгiнiң жұмыспен
қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк
коммуналдық мекемесi.
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – жиынтық табысы ең
төменгі күнкөріс деңгейінен төмен еңбекке жарамды адамдар.
3. Отбасының (азаматтың) шектi ұйғарынды шығындардың
үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 пайыз
мөлшерiнде белгiленедi.
4. Ресми расталмаған табыс отбасының (азаматтың)
жұмысқа жарамды әрбiр мүшесіне ең төменгі жалақыдан кем
емес мөлшерде есепке алынады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан
Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу
тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
Шешім Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы
12 желтоқсаны №3252 болып тіркелген.
үй-коммуналдық шарушылық істері агенттігі Төрағасының
2011 жылғы 5 желтоқсандағы №471 бұйрығымен бекітілген
«Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын
үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан
жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға
үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу
қағидасына» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
2012 жылғы 6 ақпанда №7412 болып тіркелген) сәйкес
анықталады.
5. Белгiленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын
ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін,
коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның
желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi
бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн, тұрғын
жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде
жүргiзiледi.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге өтініш қабылдау ағымдағы
тоқсанның ішінде жүргізіледі және тоқсанға толығымен
тағайындалады.
6. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi,
пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын
табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi
тағайындалмайды.
Мүгедектердi, жалғыз тұратын зейнеткерлерді, магистра-
тураны қоса алғандағы күндiзгi оқыту нысанында оқитын
оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды,
сондай-ақ, I және II топтағы мүгедектерді, он алты жасқа
дейінгі бала кезінен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан
адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен
айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту
мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген,
еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары
бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi
тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен
Тараз қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларына
(азаматтарға) беріледі.
2. тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi
7. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн өтініш иесі (жеке
тұлға) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және «Тұрғын үй
көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Респу-
бликасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314
Қаулысымен бекiтілген Ережеде көрсетілген құжаттарды
ұсынады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттар салы-
стыру үшін көшірме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейін
құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
8. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйді (тұрғын
ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін,
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның
желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі
бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті
атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын
жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен
нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
Жеке тұтыну есептеуіш бойынша пайдаланған коммуналдық
қызметтердің нақты сомасы қызметтің сол түрі бойынша
бекітілген нормадан аспауы қажет.
9. Отбасының (азаматтың) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)
күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық
қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған
телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс
қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы ор-
ган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды
пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi
ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi ор-
ган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды
жүргiзедi.
10. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай
да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы
құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және
тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар
туралы, сондай-ақ тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген
жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
11. Тұрғын үй көмегiнің заңсыз алынған сомалары алушы-
мен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен
қайтарылуға жатады.
12. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы
шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және
коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй
алаңының нормалары:
жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ нақты
алып жатқан алаңынан артық емес;
екi және одан да көп адамды отбасына – отбасының әр
мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан
артық емес;
2) электр қуатын тұтыну нормалары (айына):
бiрден үш адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр
мүшесiне 80 киловатт;
төрт және одан да көп мүшелi отбасына – 300 киловатт;
3) газ шығындарының нормасы (айына):
газ пешінің, орталық жылу беру және ыстық су болған
жағдайда айына бір адамға – 10 текше метр;
газ пешінің болған, орталық жылу беру және ыстық су
болмаған жағдайда бір адамға – 14,6 текше метр;
Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монопо-
лияларды (монополистiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық
уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге
тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық
қызметтердi босату нормаларына баламалы.
3. тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбі
13. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға
арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді
және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға
абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін
тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын
үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн
жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы
соммалары уәкілетті органмен екiншi деңгейдегi банктер
арқылы, алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет
көрсетушiлердiң есеп шотына, ал телефон үшiн абоненттiк
ақы тарифтерiнiң арттырылу өтемақысын абоненттердiң жеке
есеп шотына аударылуы мүмкін.
14. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған
шығыстар төлемі «Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
4. Қорытынды қағидалар
15. Осы қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан
Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
реттеледі.
хаБарлаНдыру
«мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік
мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге
мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында
коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын
үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке
тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы
(болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет бойынша
«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық
шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік
кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй
қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалану-
ында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің
немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан
жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша анықтама
алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша
оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету
үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы
мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат немесе
паспорт (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын
сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);
3)жұмыс орнынан анықтаманы;
4) мекенжай анықтамасы ұсынылады.
Көрсетілетін қызмет бойынша толық ақпарат алу мекен-
жайы: тараз қаласы, «Астана» мөлтек ауданы, № 31 үй,
байланыс тел: 8(7262) 34-13-94.
Бөлім басшысы Б.жАКСЫЛЫКОВ
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫзЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архив-
тер және құжаттама басқармасының облыстық
халық шығармашылығы орталығының
ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың сәуір
айында «Жаңа есім-2016» жобасына орай
эстрада, дәстүрлі орындаушылар, музыка аспап-
тары және айтыс ақындары бойынша кезеңнен
құралған кастинг өткізген болатын. Жас талант
иелерін анықтап, ел ішіндегі шығармашыл
жастардың шеберлігінің шыңдалуына қолдау
көрсету мақсатында арнайы мамандардан
құралған топ облыстың елді мекендерін аралап,
іріктеу жүргізді. Сөйтіп, 2 кезеңнен іріктеліп
алынған 42 үміткердің өнерін сарапқа салып,
оның ішінен 8 қатысушыны үздік деп танып,
«Жаңа есім-2016» гала-концертінде өнер
көрсетуіне мүмкіндік берді.
- Бұл гала-концерттің ерекшелігі - бұрын-
соңды үлкен сахнада өнер көрсете қоймаған,
арнайы музыкалық білімі жоқ жас өнерпаз бен
ән әлемінде танылып жүрген әншінің бірлесіп
өнер көрсетуімен қатар, көптеген жаңа әндердің
тұңғыш рет тыңдарманға жол тартуы. Жаңа
ән шырқаған жаңа есімдерге өнер өлкесінде
сәттілік тілеймін, - деді облыстық халық
шығармашылығы орталығының директоры Ғани
Садырбаев.
Кеш шымылдығы Сарысу аудандық «Айжан
қыз» би ансамблінің «Тәуелсіздік - тұғырым»
атты композициялық биімен түрілді. Бағдарлама
барысында әр қатысушы екі ән орындады.
Алғашқы туынды Үміт Битенованың сөзіне
жазы
лған Мейіржан Самылтыровтың «Таразы-
ма тарту» атты жаңа әнін Шу ауданының жас
өнерпазы Ғабит Бірімқұл мен облысқа танымал
әнші Нәзима Үсенованың орындауында үйлесім
тауып, көрермендердің ықыласына бөленді.
- Тамаша туындылар тыңдармандар жүрегінен
жол тауып жатыр. Осындай жаңа жобаның
алдағы уақытта да жалғасын табатынына
сенемін. Танылмай жүрген таланттардың
тұсауын ке скен
кештің көпшілікке
де, қатысушыларға
да берері мол, - деді
«Жаңа есім-2016»
гала-концертін та-
машалау үшін ар-
найы Шу ауданы-
нан келген Айгүл
Есімбаева.
Ж а ң а ж о б а д а
орындаушылық
шеберлігімен көзге
түскен Т.Рысқұлов
ауданының
өнерпазы Жан-
сая Сәрсенбаева
тәлімгері Оңал Аза-
матовамен бірлесіп
қазақтың халық
әндерінен попурри орындаса, Ғарифолла
Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» әнін домбы-
рамен жеке дауыста тамылжыта шырқады. Өнер
көрсетушілердің арасында фортепианошы Ами-
на Ибрагимова мен скрипкашы Әділет Тұраров
«Пираты Карибского моря» кинофильмінен
музыкалық үзінді және П. Чайковскийдің «Неа-
политанская песня» шығармасын жұртшылыққа
ұсынып, музыка аспабында орындау шеберлігін
шыңдай түсті.
Ән кешінде гала-концертке жолдама алып,
үздік деп танылған жастарға жаңа туындыларын
ұсынғандар арасында есімдері өнер өлкесінде
жұртшылыққа танымал Үміт Битенова, Мәлік
Ақүрпеков, Ахметжан Өзбеков, Мейіржан
Самылтыров, Жандос Омаровтар ән кешінің
құрметті қонағы ретінде төрге озды. Кон-
церт барысында қатысушыларға дипломмен
қатар «Жаңа есім–2016» номинанты белгісі
ұсынылды. Кеш соңында барлық өнерпаз
Ахметжан Өзбековтің сөзі мен Жандос
Омаровтың әніне осы жоба үшін арнайы
жазылған «Жаңа есім» әнін бірге шырқады.
«Баласағұн» орталық концерт
залында Қр тәуелсіздігінің 25
жылдығына арналған «жаңа есім-
2016» гала-концерті өтті. 300-ге жуық
қатысушының арасынан іріктелген жоба
жеңімпаздары тәлімгерлерімен бірлесіп
өнер көрсетті.
20
// «Жамбыл - Тараз» // №51 (1339), 21 ЖелТоқсан 2016 Жыл //
аҚ ҚаНат
ӘуЕН ҚалыҚтап...
ӨНЕР
Жоба жеңімпаздары.