5
қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруда тынбай еңбектеніп, «Мәңгілік Ел»
ұғымын шынайы жүзеге асыруда бірден-бір жауапты екендіктерін айқын сезінді.
«Мен 2050 жылғы қазақстандықтар – үш тілде сөйлейтін білімді, еркін адамдардың
қоғамы екеніне толық сенімдімін. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар
жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары» деген Елбасы
сөзінен келешек ұрпаққа деген үлкен сенімді, жарқын болашақтың бейнесін көруге болады [3].
Елбасының «Біз бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор – мемлекеттік
тіл- қазақтардың туған тілін дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет» деуінің өзі
адамға көп ой салары анық.
«Еліміздің болашағы- жастардың қолында» дегендей, елдің іргетасы мықты қалануы
үшін өскелең ұрпақ ана тілінің қадір-қасиетін ұғынғаннан кейін әлемдік үдерістің талабына
сай көп тілді меңгеру уақыттың еншісінде екенін білгенде ғана өмірлік мақсат-мүддесіне жете
алады.
Ешқандай реформа алдын ала ойластырылмай жасалмайды. Еліміздің әлі де болса
қамқорлықты, тың идеяны керек ететін білім мазмұнындағы осынау заң жобасы өз пайдасын
тигізетіні ақиқат. Өйткені, білімді ұл-қызы бар елдің ғана болашағы жарқын болмақ.
Әдебиеттер тізімі
1. «Білім берудің әлемдік әліппесі». Педагогикалық диалог. Ақпараттық – әдістемелік
журнал. №1.
2. «Егемен Қазақстан», 15 желтоқсан, 2012.
3. «Қазақстан - 2050» стратегиясы- Жасампаздықтың жаңа межесі, 2012.
4. Назарбаев Н. Ә. Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына//
Егемен Қазақстан, 2006, №115.
SMART- ОҚЫТУ – БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА БЕТАЛЫС
Шокимова С. А.
«ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы
Көкшетау қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Түйінді сөздер: Смарт-оқыту, SMART құрылғылар, электрондық оқыту, Оңтүстік
Кореяның смарт-оқытудағы мақсаты, бағыты.
Ключевые слова: Смарт-обучение, SMART устройства, электронное обучение, Смарт-
обучение в Южной Корее.
Кeywords: Smart-learning
, SMART of device, e-learning,
Smart-learning
in South Korea.
Аңдатпа
Бұл мақалада қоғамда кең тарап кеткен смарт- құрылғылардың білім саласына
енгізудегі тиімді тұстары көрсетілген. Сонымен қатар SMART құрылғыларының әлемде даму
тентенциясы. Біздің қоғамда смарт-құрылғылардың алатын орны. Оңтүстік Кореяның SMART-
оқытудағы даму бағыты, жетістіктері.
831
Аннотация
В этой статье рассматриваются возможности использования смарт- устройств в
образовании. Смарт-технологии как мировая тенденция. Место и роль смарт- устройств в
повседневной жизни. Опыт Южной Кореи в области смарт-обучения.
Abstract
In this article possibilities of the use of смарт- devices areexamined in education. SMART-
of technology as a world tendency. A place and role of SMART devices are in everydayife.
There is experience of South Korea in area of SMART - education.
Кез-келген дамыған мемлекеттердің басты бір ерекшелігі білім саласына деген
ерекше көзқарасы. Яғни осы саладағы қарқынды жұмысы мен жетістіктері баланың білім
алуына жағдай жасауы. «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы
білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің
кезекті жолдауында айтқандай, білім саласына әлемдік елдердің жетістіктері зерттеліп
үнемі жаңартулар енгізіліп келеді. Сондай жаңалықтардың бірі - электронды оқыту білім
ұйымдарында (E-learning) еніп, білім саласына көптеген өзгеріс әкелгені анық. Электронды
оқытуда қолға алған шараларымыздың басым бөлігі ақпаратты жинау, түгендеуге арналған.
Ал білімімізді көтеруге қатысты тұстары әзірге толық іске қосылмай, жетілдіруді талап етіп
тұрғаны мәлім.
Біздің мектептерімізге электронды оқыту (E-learning) енді-енді еніп жатқанда Smart-
learning – смарт құрылғылар әлемді кеңінен жайлап кеткені анық. Әлемдік қолданыстағы
Smart технологиялардың өндірушілері – АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея елдері екені анық.
Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне бұл елдердің SMART Technologies компаниялары
инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен
өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесін қолданушылардың (олар мұғалімдер, оқушылар
және де іскер адамдар) SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен
жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі
жөнінде айтқан пікірлерімен анықтауда. Енді біздің мақсатымыз осы құрылғыларды білім
ұйымдарында кеңінен пайдалану [1].
SMART құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті
тақталарды ерекше атап өтуге болады. SMART құрылғылары білім беру жүйесінде де, жоғары
білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да
сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда. SMART құрылғыларының ең
танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті
орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз
“грифельді” тақталар, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық
қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді. Мысалы, біздің елімізде 2011
жылы «Smart Astana» тұжырымдамасын жүзеге асырудың алғашқы адымдары бастау
алды. Ол қауіпсіздік пен қызмет көрсетуді дамытудың жаңа сатысы десек болады. Елорда
тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсарту, мемлекеттік қызмет түрлерін жаңарту, қалалық
желілердің интеграциясын жақсартуды көздеп отыр.
«Ақылды қаланың» алғышарттары бес жобадан тұрады. Бұл бес инновациялық жобалар
денсаулық сақтау, білім беру және ақпараттық технологиялар саласына тікелей қатысты.
Әрқайсысын айтар болсақ, алғаш болып іске қосылған «Open Wi-Fi» жобасы – Wi-Fi нүктелерін
орнату арқылы халықты тегін интернет желісімен қамтуға бағытталған. Жобаның алғашқы
кезеңі өткен жылы сол жағалауда бастау алды. Екінші кезеңі елорданың тарихи ескі бөлігіндегі
832
5
қоғамдық орындарды қамту. «Болашақтың мектебі – бүгін» жобасы Астана мектептеріне
кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізуге арналған. Оқушыларға берілетін көпфункциялы
электронды куәлік мектепке келген және мектептен қайтқан уақытта ата-аналарына sms
арқылы хабар беріп отырады. Яғни, сол электронды куәліктің арқасында үйдегі ата-ана түздегі
баласын бақылап отырады. Жоба жетекшілерінің айтуынша, болашақта ол куәлік мектептегі
тамақтануды немесе қоғамдық көлікте жүру ақысын төлеу қызметтерін атқара алады. Бүгінде
аталмыш жобаның қанатқақты нұсқасы №54 мектеп-лицейіне тәжірибе ретінде енгізілді.
Жобаның екінші кезеңі биыл қаладағы 10 мектепте енгізілетін болады.
«Ақылды қаланың» тағы бір ақылды қадамы – «Е-жедел-жәрдем» деп аталады. Ол
жедел медициналық жәрдем қызметінің сапасын арттыруды діттеп отыр. Соған сәйкес, жедел
жәрдем бригадалары бір басына бірнеше қызметтерді қамтыған планшетті құралдармен
жабдықталған. 2012 жылдың бірінші тоқсанының нәтижесі көрсеткендей, жедел-жәрдем
қызметімен қамтылғандардың саны 32 пайызға артқанын көрсетті. Төртінші жоба – «3D
технологиялар орталығы» жобасы. Заманауи 3D технологияларды оқыту, зерттеулер мен
сараптама жасау орталығының қандай мақсатта құрылғаны атынан-ақ білініп тұр. Бұның бәрі
«Smart Astana» концепциясыда қабылданған жоба ғана, ал іс жүзінде 100 пайыздық нәтиже беру
үшін болашақта көптеген жұмыстар атқарылатыны анық. SMART education-нің негізгі идеясы
техникалық құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің барлық
аспектісін жетілдіру болып табылады. Мұндай стратегия АҚШ, Корея, Жапон және еуропа
елдері үшін эталонға айналды. Ал Кореяда инновациялық білім беру технологиялары 1996
жылдан беру белсенді дамып келетінін ескеретін болсақ, біздің білім беру саласындағы мұндай
инновациялық жаңалығымыз кешеуілдеп дамып келе жатқандығын көрсетеді (1-кесте). Егер
дамыған 30 елдердің қатарына енгіміз келсе, білім беру жүйесінің сапасын арттыру мақсатын
қойып, білім саласын жан-жақты қаржыландыруымыз қажет етеді [2].
Жоғарыда айтылған мақсаттарға төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру арқылы жетуге
болады:
• Барлық білім беру мекемелерін SMART құрылғылармен қамтамасыз ету;
• SMART құрылғылармен жұмыстануға оқытушының арнайы
• дайындығы және оны меңгеруі;
• E-learning және Smart education бағдарламаларының толық іске асыру.
Кореяда Smart-технология саласын дамыту саясаты
Ақпараттандыруды
дамыту туралы
негізгі заңның
қабылдануы
Үлкен масштабты
ақпараттық
желілерді құру және
алдағы дамудың
мемлекеттік
базасының білімін
қалыптастыру
E-Learning
индустриясын
құру. Барлық жерге
интертетті енгізу
және барлық елді
ақпараттандыру
Ең жоғары
деңгейлі
u-инфраструктура
негізінде әлемдегі
ең дамыған
u-қоғамын құру
Түрлі «жетелі»
құрылғыларды
қолданатын
адамға
бағытталған
инновациялық
мемлекетті құру
1996-2000
1999-2002
2002-2006
2006-2010
2010-2014
Ақпараттандыруды
дамытудың бірінші
бағдарламасы
Кибер Корея 21
Е-Корея
u-Корея
Смарт-Корея
1996
1999
2002
2006
2010
1-кесте. «Кореяда Smart- технология саласын дамыту саясаты»
Е-learning және Smart-learning жүйесі – озық технологиялардың жетістігін білім саласында
кеңінен қолдану, яғни оқытушымен білім алушының арасында мүлдем басқа орта құруды
833
көздейтін оқытудың түрлері. Уақыт өте келе мұғалімнің оқушыға тікелей сабақ беруі міндетті
болмай, компьютердің алдында отырып-ақ мұғалімнің жаңа сабақты түсіндірген бейнедәрісін
тыңдап, тапсырмаларын орындап, ғаламтор арқылы жауабын жіберіп отыратын болады.
Қашықтықтан оқыту – информациялық және коммуникациялық технологияларды
пайдалана отырып, ара-қашықтықтағы немесе жартылай ара-қашықтықтағы оқытушы мен
оқушының арасындағы қарым-қатынас деп түсінуге болады. Қашықтықтан оқытудың жаңа
технологиялық бірлестігі дәстүрлік оқумен салыстырғанда, артықшылығы өте көп. Солардың
ішінде мыналарды атауға болады:
• Әрбір білім алушы (студент) өзінің білім алуына толық комплектілі
оқулықтарынқаматылады;
• Қашықтықтан оқыту сынақтары мен емтихандары компьютерлік тест-тендіру арқылы
тапсырылады;
• Қашықтықтан оқуда студент университетке келмей-ақ, өз жұмыс орнындаотырып
оқуына болады;
• Қашықтықтан оқыту өзінің сапалық жағынан, студентке тура жеткізу мақсатында,
жақсы әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды кең пайдаланудың
арқасындабасқа оқу
орындарымен салыстырғанда алдыңғықатарда;
• Интернет - сайтын, басқа да Интернет-ресурстарын, электрондық поштаны, Интернет-
сабақ пен дайындық сабақтарына арналған программалық қамтамасыздығын,
электрондық мультимедия оқулықтарын, университет филиалының видеоконференция
байланысын және де көптеген басқа да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану –
студентті ақпараттық ортаға әкеледі.
Студенттер төрт жыл бойы университетке келмей-ақ интернет арқылы өз оқытушыларымен
байланыста болып, білім алатындығы бізді таң қалдырды. Яғни білім беруші профессорлар
өз дәрістерін университеттің арнайы студиясында видеоға жазып, ортақ сайттарда өз
контенттерін үнемі жаңартып отырады. Студенттердің білімдерін бағалау жағы өте жоғары
деңгейде қарастырылған, уақыт өткен сайын жетілдіріліп отырады.
Корей Республикасында электрондық оқытуды дамыту инфрақұрылымының дамуына
сәйкес дәйекті түрде келесі алгоритм бойынша дамыған:
• E-learning;
• U-Learning (Ubiquitous-Learning, кез-келген жерде білім алу мүмкіндігі,
• кең электрондық оқыту);
• M-Learning (mobile, мобильді оқыту);
• SMART- education.
Корей Республикасында электрондық оқыту жүйесі мониторингісінің көпфакторлы
жүйесі қалыптасқан. Электрондық оқыту аймағынында білім беру деңгейі бойынша
нәтижелерді терең және жан-жақты талдау, статистикалық зерттеулер жүргізіледі:
• Электрондық оқыту жүйесін енгізу мәселелері,
• Он-лайн режиміндегі өткізілетін курстар саны,
• Электрондық оқытудың бюджеті,
• ЭОЖ үшін мобильдік құралдарды пайдалану,
• ЭОЖ мамандардың саны,
• ЭОЖ тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар және т.б.
Оңтүстік Кореяның SMART-оқытудағы негізгі мақсаты - оқушылардың білімі мен
дағдысын дамыту арқылы XXI ғасырдың қазіргі қоғамында жоғары деңгейлі бәсекелестікке
қабілетті орта құру: ынтымақтастық, әлеуметтік жауапкершілік, сыни ойлау қабілеті, мәселені
шұғыл және сапалы шешім қабылдай алуға жағдай жасау. Смарт – оқыту смарт жабдығында,
әлеуметтік желі арқылы пікір алысу, білім алушыға бағытталған орта құру, жеке қабілеттеріне
834
5
қарай оқыту қызметіне негізделген. SMART education-нің негізгі идеясы техникалық
құралдарды, қызметтер мен интернетті қолдану арқылы адам өмірінің барлық аспектісін
жетілдіру болып табылады.
• SMART –мақсат бойынша басқарудың белгілі әдісі:
• S (specific) — мақсаттың нақтылығы (ерекшелігі)
• М (measurable) — өлшемділік
• А (achievable) — қолжетімділік (келісімділік)
• R (relevant) — релеванттылық (сәйкестік)
• Т (time bound) — уақытша мерзімдер.
Корей Республикасының білім беру жүйесі соңғы бірнеше он жылдықта жоғары дәрежеде
тиімді дамуы арқылы әлемдік қауымдастықта үздік деп бағалануда:
• математика және жаратылыстану ғылымын (TIMSS) меңгерудегі салыстырмалы
халықаралық тестілеуде және оқушылардың білім жетістіктерін Халықаралық
бағдарламада (PISA) бағалау бойынша оңтүстіккореялық оқушылар ең үздік
нәтижелерді көрсетуде;
• 2012 жылы британдық Pearson компаниясымен өткізілген әлемдегі үздік білім беру
жүйесі рейтингісінде 20 мемлекеттің ішінде Корея 2-орын иеленеді;
• Электрондық оқыту саласында Корей Республикасы әлемде көшбасшы деп танылған.
«Smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді.
ОңтүстікКореялық білім жүйесінің SMART education (білім беру) – әлемдік контенттің
көмегімен интерактивті білім беру ортасындағы икемді оқыту, яғни оқытудың кең көлемде,
шексіз, қолжетімді түріне бағытталған. SMART оқытудың басты қағидасы «Оқыту әрқашан
да және баршаға қолжетімді»: білім алушылардың санына, жас ерекшелгіне, уақытқа және
кеңістік көрсеткіштеріне тәуелсіз. Осы қағидат тұрғысынан барлық білім беру ұйымдарында
бұл оқыту түрі кеңінен қолдануда [4].
Оңтүстік Кореяның бастауыш, орта және жоғары мектептерін араладық. Мектептердің
материалдық техникалық базасы оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ыңғайластырылған.
Оқушылар таңертенгі 9-дан кешкі 6-ға дейін мектепте болады, оқушылардың білім алуына
барлық жағдай жасалған деп айтуға болады. Сабақтан тыс әртүрлі факультативті үйірмелер
өткізу арқылы оқушының жан-жақты дамуына басты көңіл бөлінген.
Оңтүстік Кореяның барлық қоғамдық жерлерінде (wi-fi) интернетке тегін қосылуға
болады. Ал оқушыларға интернетке кіруде сайттармен жұмыс істеу аймағына шектеу жасалған.
Бұл елде сонымен қатар инклюзивті оқытуға көп көңіл бөлінеді, бұндай мектептерде
SMART оқыту бойынша толығымен жұмыс істеуде. Бастауыш сыныптан бастап оқушыларды
компьютермен жұмыс істеуге үйретеде. Барлық компьютерлердің экраны «Touchscreen» -
саусақпен жұмыс істеуге болатын сенсорлы экранмен жабдықталған, яғни мүмкіндігі шектеулі
балалардың қабілетіне қарай ыңғайластырылған. Мысалы, балалар компьютерде салған өз
суреттерін 3D бағдарламасында көре алуы сабаққа деген қызығушылығын одан әрі дамыта
түседі дейді мектеп мұғалімдері.
Оңтүстік Кореяны қай жағынан алсақта жақсы дамып, әлемге үлгі боларлық нәтиже
көрсетуде. Сондықтан Қазақстанның енді-енді аяқ басып келе жатқан білім ұйымдарындағы
электрондық оқыту жүйесін одан әрі дамытуға, бірте-бірте SMART оқытуды білім беруде
қалай қолдануға болатындығы туралы көп ақпарат алып, өзімізге ой түйдік. Енді алдағы
уақытта SMART оқытудың біздің білім саласында ғана емес, қоғамда кеңінен тарайтынына
күмәнім жоқ. Өйткені әлемде қазіргі таңда SMART-кеңсе, үй құрудың жобасы қарастырылуда.
Болашақта әр адам үйде отырып жұмыс істейтін болса таң қалмайтынымыз анық.
Неліктен біз Оңтүстік Корея елінің смарт-оқытудағы жеткен жетістіктеріне баса назар
аударып, зерттеп отырмыз? Себебі біз болашақты нық болжай алсақ, яғни смарт құрылғыларды
835
білім ұйымдарында тиімді пайдалана білуіміз, біздің оқушыларымыздың нәтижелі білім алуға
жағдай жасай алуымыз керек. Қоғам бір орында тұрмайды, үнемі даму үстінде.
Оңтүстік Кореяны қай жағынан алсақта жақсы дамып, әлемге үлгі боларлық нәтиже
көрсетуде. Сондықтан Қазақстанның енді-енді аяқ басып келе жатқан білім ұйымдарындағы
электрондық оқыту жүйесін одан әрі дамытуға, бірте-бірте SMART оқытуға ену жолымызда
бұл елден аларымыз көп-ақ. Енді алдағы уақытта SMART оқытудың біздің білім саласында
ғана емес, қоғамда кеңінен тарайтынына күмәнім жоқ. Өйткені әлемде қазіргі таңда SMART-
кеңсе, үй құрудың жобасы қарастырылуда. Болашақта әр адам үйде отырып жұмыс істейтін
болса таң қалмайтынымыз анық.
Әдебиеттер тізімі
1. http://smarttech.ru/ (14 мамыр, 2015)
2. http://www.astana-akshamy.kz/?p=2756
,
(30 мамыр, 2014)
3. e.edu.kz/ Электронды оқыту (e-learning) жүйесі. Техникалық тапсырма.//
«ҰАО» АҚ 2011
( 30 мамыр, 2015)
4. http://www.smart-edu.com/
(28 қыркүйек, 2015)
ФАКТОРЫ И УСЛОВИЯ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ЭФФЕКТИВНОСТЬ
ОБРАТНОЙ СВЯЗИ В ХОДЕ ФОРМАТИВНОГО ОЦЕНИВАНИЯ
Шпара И. В.
Центр педагогических измерений
АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы»
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН
Аңдатпа
Мақалада мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарында тренерлер мен мұғалімдердің
қызметін формативті бағалау кезінде қолданылатын кері байланыстың маңызы, оны жіктеу
тәсілдері қарастырылады. Эксперт пен тренер кері байланыстың тиімділігіне әсер ететін
факторларды қалай ескеру керек екенін тәжірибесінен мысалдар келтіру арқылы көрсетеді. Кері
байланыс қазіргі оқу мен оқыту үдерісінде негізгі элементтерінің бірі ретінде қарастырылып,
оның ерекше орны сиапатталады, сол арқылы мақала тақырыбының өзектілігі арта түседі. Кері
байланысты дұрыс қолданылу жолдары оқу мен тәжірибені дамытатынын көрсетеді. Тақырып
бойынша зерттеулердің нәтижелерін зерделеп, бағалау үдерісіне қатысушалардан жазбаша
және ауызша сауалнама арқылы алынған пікірілерді жинақтау, кері байланыстың оқу мен
тәжірибенің дамуына ықпалын талдау барысында кері байланысты беру және кері байланысты
алу шарттары белгіленеді.
Кілт сөздер: бағалау, кері байланыс, кері байланыс түрлері, кері байланыс тиімділігі
Аннотация
В статье рассматривается значение обратной связи в процессе формативного оценивания
деятельности тренеров и учителей в рамках курсов повышения квалификации, подходы к
классификации обратной связи. Приводятся примеры того, как эксперту и тренеру следует
учитывать факторы, влияющие на эффективность обратной связи. Актуальность темы статьи
обусловлена тем, что обратная связь является непременным элементом в современном процессе
преподавания и обучения. Умение использовать обратную связь способствует развитию
836
5
обучения и практики. На основе изучения результатов исследований в данной области,
обобщения мнений участников процедур оценивания, высказанных в ходе устного опроса и
анкетирования, анализа влияния обратной связи на развитие обучения и практики, обозначены
условия, которые рекомендуется соблюдать при предоставлении и получении обратной связи.
Ключевые слова: оценивание, обратная связь, виды обратной связи, эффективность
обратной связи
Annotation
The article соnsiders the importance of feedback in the process of formative assessment of
trainers and teachers activities in the context of training courses, approaches to classification of
feedback. Provide examples of how the experts and trainers should consider the factors influencing
the effectiveness of feedback. The actuality of the article is that feedback is an essential element of
today’s teaching and learning process. The ability of using feedback contributes to the development
of training and practice. On the basis of studying the results of research on theme , summarizing the
views of the participants of assessment procedures made during the oral questioning and surveying
, analyzing the influence of feedback on the development of training and practice, outlined the
conditions which are recommended to follow when giving and receiving feedback.
Keywords: assessment, feedback, types of feedback, the effectiveness of feedback
По результатам исследований обратная связь является способом анализа педагогических
результатов, ее считают одним из основных процессов педагогического взаимодействия при
обучении, оценивании. Одной из проблем использования обратной связи в условиях курсов
повышения квалификации педагогических работников Республики Казахстан по Программам
1 (продвинутого), 2 (основного), 3 (базового) уровней (далее Курсов) является следующее
противоречие. С одной стороны, существует потребность в полноценной обратной связи
(тренер-учитель, эксперт-тренер), с другой – недостаточно эффективное использование
обратной связи участниками для развития собственной практики. Проведение процедур
оценивания в рамках Курсов сопровождается взаимодействием всех участников данного
процесса и направлено на измерение соответствия деятельности учителей, тренеров, экспертов
разработанным стандартами и критериями. Большую роль в процессе оценивания играет
обратная связь, предназначенная для самооценивания, соотнесения полученных результатов с
ожидаемыми. Она может влиять на текущую деятельность, будущую практику, мотивировать
к использованию полученной информации для дальнейшего развития. Обратная связь – это
продукт наблюдения, анализа, и рефлексии, получаемый от себя и от партнеров по совместной
деятельности [1, c.150].
Психолог Г.М. Андреева определяет два вида обратной связи: позитивную, содержащую
одобрение, поддержку и негативную, содержащую критику и корректировку [2, c. 72]. Р.
Вердербер и К. Вердербер рассматривают позитивную обратную связь как инструмент,
позволяющий через похвалу подчеркнуть достижения. Негативная обратная связь, выраженная
через конструктивную критику, по их мнению, позволяет указать на негативное поведение
и вредные действия. При этом обращается внимание на то, что по данным исследований,
люди через позитивную обратную связь обучаются быстрее, однако в определенных случаях
персональная обратная связь должна выражаться через конструктивную критику, акцентируя
внимание на негативном поведении [3, с. 116].
По данным, представленным Департаментом образования и раннего развития детей
штата Виктория [4, c. 26], эффективная обратная связь может быть трех видов:
• теплая обратная связь – конструктивная, явно позитивная, помогает основываться
на преимуществах. Ее используют тренеры в ходе сессий, для создания комфортной
среды, мотивации обучающихся; эксперты в случаях, когда тренеры демонстрируют
837
высокий профессионализм, при наблюдении практики не возникает необходимости
фокусироваться на имеющихся проблемах в приоритетных направлениях их
деятельности, есть возможность отметить области, в которых тренер добился
наибольших результатов.
• прохладная обратная связь – конструктивна и поднимает проблемы или потенциальные
вопросы. Она способствует размышлениям о деталях процесса преподавания и
обучения, рассмотрению возможностей их улучшения. Этот вид связи позволяет
сосредоточиться на аспектах, которые можно уточнить путем постановки вопросов
высокого порядка, предоставлению рекомендаций позволяющих выявить проблему и
найти ее решение. Например, в случае, когда портфолио тренера требует доработки,
эксперт, отмечая сильные стороны представленных доказательств, обращает
внимание на то, что можно улучшить, задает уточняющие и направляющие вопросы,
дает определенные рекомендации.
• жесткая обратная связь – поднимаются проблемы в целях более глубокого
и широкого осмысления результатов деятельности. Этот вид обратной связи
используется в основном в тех случаях, когда деятельность учителя, (тренера, эксперта)
осуществляется не в соответствии с существующими стандартами; доказательства
портфолио не соответствуют требованиям и ключевым критериям оценивания.
Отзыв в этом случае показывает, насколько серьезна проблема, сосредоточен на
необходимости осмысления причинно-следственных связей, поиске оптимальных
решений по их устранению.
Классифицируя виды обратной связи, Т. Рассел использует другой подход. Говоря о прямой
обратной связи, отмечает, что она дается тренером откровенно, позволяет обучающимся видеть,
были ли они правы, или же не правы (если они допустили ошибку). По мнению автора часто
только прямая, объективная, ясно изложенная обратная связь прояснит истинную суть ситуации
и поможет усвоить правильную информацию. Непрямая обратная связь, по его мнению, может
быть получена от коллег-обучаемых, наблюдателей, из видеозаписей. При этом обучаемые
могут принять или не принять предоставляемую им обратную связь и таким образом взять
на себя ответственность за свое обучение. Смешанная обратная связь осуществляется, когда
вначале дается непрямая обратная связь, затем постепенно используются прямые комментарии.
Это позволяет избежать проблем во взаимоотношениях тренера с обучающимися [5, c. 47-
50]. В результате наблюдения практики тренера, экспертами отмечено, что все данные виды
обратной связи, ими активно применяются в ходе преподавания и обучения.
Будет ли влияние обратной связи позитивным, в большой мере зависит от того, как
ее воспримет человек, которому она предназначена. Теория обратной связи связана с
бихевиористским подходом и основывается на том, что от позитивного или негативного
подкрепления действий обучающихся преподавателем зависит успех обучения. Одним из
ключевых факторов, влияющих на эффективность обратной связи, является заинтересованность
сторон. Проанализировав опыт оценивания деятельности и портфолио доказательств тренеров
14 потоков обучения, можно сделать вывод, что в случаях, когда тренеры открыто выражали
собственные потребности в профессиональном развитии, шли на конструктивный диалог, а
эксперт в свою очередь, используя данные опроса, анкетирования, проводя наблюдение, анализ,
смог определить сильные стороны в практике тренера, согласовал направления, требующие
развития и осуществил поддержку в планировании конкретных действий, демонстрируя
заинтересованность, предоставленная обратная связь способствовала развитию практики.
Заинтересованность тренера в получении критически-конструктивной обратной связи со
стороны эксперта при формировании портфолио, своевременное предоставление отчетов на
формативное оценивание, позитивная реакция на вопросы и предоставленные рекомендации,
значительно усиливали эффективность предоставленной связи, что подтверждалось
838
Достарыңызбен бөлісу: |