●
Физика–математика ғылымдары
469
№1 2017 Вестник КазНИТУ
1-кесте.
Бағдарламалық құралдардың алты түрінің сипаттамасы 1 – оқыту бағдарламалық құрал,
2 – бақылаушы бағдараламалық құрал, 3 – тренажерлер, 4 – ақпаратты-анықтамалық, 5 – имитациялық,
6 – моделдеуші, 7 – демонстрациялық, 8 – ойындық, 9 –курстық.
И.В. Роберт ұсынған топтастырудың әрбір бағдарламалық құралдары арнайы дидактикалық
тапсырмаларды шешуге бағытталған. Оқыту құралы ретінде оқу кітабы, педагогикалық тәжірибеде
кеңінен қолданыла бастады. Бұл оқыту құралы өзіне оқыту және бақылау функцияларын біріктіруге,
қабілетті өңдеуге көмектесуге бағытталған. Оқу кітабын электронды оқу кітабына көшіру мүмкіндігі
пайда болуы тасымалдаушы функциялардың айтарлықтай кеңейтуі мүмкін.Сөзсіз, баспа әдебиетке
берілетін талаптар, оқу мақсатында қолданылатын бағадарламалық құралдарға да берілетінін
ескеру қажет.
Оқу-танымдық қызметтің басқару алгоритмін жобалау
Бағдарламалық құралдармен оқыту сипатындағымодельдеудің неғұрлым күрделі және аз
зерттелген аспектісі оқу-танымдық қызмет басқармасының алгоритмін әзірлеуді көздейтін мекемеге
дербес, ұтымды, белсенді, әрі мақсатқа ұмтылған және нәтижелі жұмыс істеу үшін әрбір студенттің
меңгеруі бойынша оқу және оны пайдалануын ұйымдастыратын оқытушыболып табылады.
Білім алушылардың оқу танымдық қызметін басқару – дидактикалық үдерістің негізгі қажетті
бөлігі болып табылады. Кез келген оқу қызметін әрдайым басқаруға болатыны дәлелденген
(Беспалько В.П., 1977, 1989; Каган В.И., 1987, Растригин Л.А., 1991; Шитгареева Т.В., 1992).
Электрондық оқу құралдарының әдіснамасын жобалаудағы ең танымал бағытәдіснамалық және
формалды аппаратын басқару теориясын пайдалану болып табылады. Мысалы, Л.А. Растригин (1991)
оқу үдерісін білім алушының жағдайын басқару өзгерісі ретінде қарастыруды ұсынады. Осындай
көзқарас басқа да авторларда кездеседі (Беспалько В.П., 1989).
Автор негіз ретінде оқыту процесінің жорамал мүмкіндігі туралы істерді қарауға оқытудың
мақсатты процесс күйінің өзгеруін оқушының ұйымдастыру арқылы арнайы ақпараттық әсер етуді
алды (Растригин Л. А., Эренштейн М. Х., 1988). Л. А. Растригинұсынған тәсіл 1-суреттегі схемада
көрсетілген.
Бағдарламалық құрал түрі
Бағдарламалық құралдың әдістемелік тағайындалуы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Бақылаушы, кеңес беруші, тренингтік
мақсаттағы автоматтандырылған жүйе
әзірлеу үшін құралған АЖ
+
+
+
Бағдарламалық құрал құрудағы
авторлық жүйе
+
+
+
+
Компьютерлік моделдеу жүйесі
+
+
+
+
+
+
Бағдарламалық ортаның сәйкес
кіріктірілген элементтерімен оқыту
технологиясы
+
+
+
+
АЖ бойынша оқу ақпаратын жүйелеу
+
+
+
+
Оқу мақсатындағы сараптама жүйелері
+
+
+
+
●
Физика–математика ғылымдары
470
№1 2017 Вестник КазНИТУ
1-сурет. Білім алушының есте сақтау қабілетінің өзгеруі
Х – орта жайлы ақпарат, Y – білім алушы жағдайы, ОУ – оқыту құралы, Ду – білім алушының
ОУ-да берілген сұраққа жауаптарының генераторы, Дх – Х ортасы жайлы ақпараттың датчигі,
БНС - қанықтыру блок семантикасы, БОИ –білім алушының оқуы жайлы блок, Z –оқыту мақсаты,
R –білім алушының мүмкіндік ресурсы, V –оқыту алгоритмі, U –білім алушының жағдайын басқару,
U
1
- оқыту ақпаратын семантикалық мәнді бөлігі арқылы бақылау, U
2
- ОУ-да берілген сұрақтар
арқылы басқару.
ӘДЕБИЕТТЕР
[1]
Коротков А.М. Компьютерное образование с позиций системно-деятельностного подхода //
Педагогика №2. 2004. С. 3-10.
[2]
Годлевская Е.В. Дидактический потенциал системы графических форм представления информации
в процессе профессионального обучения [Текст]: монография / Е.В. Годлевская. Челябинск: ЧГАА, 2014. 204 с.
[3]
Талызина Н.Ф. Теория поэтапного формирования умственных действий сегодня // Вопросы
психологии, 1993. №1. С. 92-101.
[4]
Гальперин П.Я. Формирование умственных действий. В сб.: Хрестоматия по общей психологии.
Психология мышления / Под ред. Ю.Б. Гиппенрейтера, В.В. Петухова. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1981. С. 78-86.
[5]
Организационно-педагогические основы формирования компьютерно-информационного опыта у
студентов / Мукашева А.А., Олейников А.А. Монография. Костанай. 2008. 143 с. ISBN 9965-21-758-0.
Қатаев Н. С., Құрбанова Ж. А., Оразақова Ш. Б.
Использование компьютерно обучающихся средств в педагогическом моделировании
Резюме. В статье проведен анализ компьютерных обучающих систем, выявлены основные проблемы в
их построении. Основной проблемой является построение модели обучаемого, существует большое количество
данных моделей, однако они слабо учитывают психофизиологические особенности и характеристики
обучаемого и, как правило, не используются при формировании структуры образовательных ресурсов и их
содержания, что снижает эффективность применения компьютерных обучающих систем. Построение моделей
предлагается строить в виде семантической сети, которая отличается от других моделей наглядностью и
простотой представления знаний, наличием механизмов их структуризации и соответствием современным
представлениям об организации памяти человека.
Ключевые слова. программное обеспечение, компьютерное обучение, инструменты, педагогические
моделирование, средство обучение, процесс, контролирование, управления.
Katayeva N. S., Kurbanova Zh. A., Orazakova Sh. B.
Computer technology training used in pedagogical modeling
Summary. In the article describes the consideration of hardware and software and technology used to create
graduate diploma projects, traced dynamics modeling tools used in computer technology training. Means which are
●
Физика–математика ғылымдары
471
№1 2017 Вестник КазНИТУ
being used in computer modeling are changing, allowing usage in training augmented and virtual reality, thus
increasing the visibility and interactive e-learning tools and technologies. The paper discusses some approaches to the
formation of educational products of virtual environment, the creation and usage of which does not require expensive
technical equipment (processors, glasses, suits, hats, gloves, etc.), but are associated with the development and usage of
available software.
Keywords. software, computer technology training, instruments, pedagogical modeling, learning Tools, process,
monitoring, control
ӘӨЖ. 372.853.(075.8)
С. Н. Нұрқасымова, А. Б. Жаныс
(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Астана, Қазақстан Республикасы)
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
Андатпа. Ақпараттық технологияның алатын орны қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі мен бағдарламаларды, электрондық
және телекоммуникациялық құралдарды,мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді
пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Ақпараттық технологиялардың білім беру саласынада қолданылуы болашақ оқытушыларды кәсіби
даярлаудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуге, білім беру жүйесінің
қарқындатуы мен оқытудың сапасын арттыру әрекеттерін іске асырады
Кілтті сөз: Ақпараттық технологиялар,компьютер, Интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық
және телекоммуникациялық құралдар,мультимедиялық электрондық оқулықтар.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі
жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу [1].
"Білім туралы" Занда білім беру жүйесінің басты міндеті "Ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау" делінген [2].
Қазіргі заман талабына сай оқытушылардан тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және
ақпараттық сауаттылық талап етілуде.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық
құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Осыған орай инновациялық
технологияларды пайдаланып оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда.
Ақпараттық технологиялардың білім саласына енуі болашақ оқытушыларды кәсіби даярлаудың
мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, білім
беру жүйесі буындарындағы оқу үрдісін жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттыру
әрекеттерін іске асырады.
Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы.
Қазіргі таңда оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық технологиялар кеңінен қолданылуда. Білім
сапасын көтеруде инновациялық технологияларды дұрыс және сауатты қолдану жылдан -жылға
күрделі және өзекті мәселеге айналуда.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы физика пәнін оқыту жолдарын жалпы түрде
төмендегі сатыларға:
1. ACTIVOTE құралын қолдану;
2. PASCO құралы мен GLX Xplorer мәлімет тіркегішті қолдану;
3. Локальді желіні қолдану;
4. Сайтты қолдану;
5. AdobeConnectбағдарламасын қолдану;
6. Ғаламтор желісі арқылы олимпиадаға дайындау болып бөлінеді (1-сурет).
●
Физика–математика ғылымдары
472
№1 2017 Вестник КазНИТУ
1-cурет. Ақпараттық технологияның бөлу сатылары
Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара
тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы
атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді,
интрактивті тақтаны және интернет желісін оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор.
ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында:
компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі мен бағдарламаларды, электрондық
және телекоммуникациялық құралдарды,мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне
тиімді пайдалану арқылы білім сапасы көтеріледі.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны
енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстанда білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы
шарты. Ақпараттық үрдістерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы есептеу техникалары біртұтас
күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда ақпараттық
технологияны оқып - үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады [2].
Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау,
өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін бағдарламалар мен қазіргі техникалық құралдар
жиыны.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың
жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.
Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және
оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
Оқу үрдісінде қолданылатын ақпараттық технология құралдарын орналастырудың бірнеше
жолдары бар. Ең тиімдісі ақпараттық технология құралдарының әдістемесін тағайындау болып
табылады.
Ақпараттық технология – оқытушының білім беру әдістері мен ұйымдастыру түрлерін
түбегейлі өзгертуге, студенттердің қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты
күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға, уақытты үнемдеуге, жаңа пайда
Ақпараттық технология
Локальді желіні басқару
(Net Control 2 бағдарламасы
Әдістемелік сайт
(
http://physlcs
1.ucoz.org
Интерактивті тақта
(Xplorer GLXқұралы)
Интерактивті тақта
(ActivInspireбағдарламасы
ACTIVOTE құралы)
Қашықтан оқыту
(e-Learning, Adobe Connect)
Олимпиадаға қашықтан дайындау
(
http://www.phys.msu.ru
)
http://mephl.ru/
http://
www.afportal.ru/
http://al-farabi.kz/
http://ipho2014.kz
●
Физика–математика ғылымдары
473
№1 2017 Вестник КазНИТУ
болып жатқан иновациялық құралдарымен және бағдарламалық жасақтамалармен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді [3].
Жаңа пайда болып жатқан иновациялық құралдардың түрлері:
1. ACTIVOTE құралын қолдану
Физика пәнінен сабақ берген кезінде ActiVote құралын қолдану кезкелген тақырыптарды
түсіндірген соң, білім алушылардың алған білімін тексеру мақсатында тест сұрақтарын алған өте
тиімді, себебі студенттер тест сұрақтарына жылдам жауап беруге және есептерді тез шешуге
дағдыланады. ActivBoard (Promethean, Ұлыбритания) инерактивті тақтасына арналған ActivInspire
бағдарламасында ActiVote құрылғыларын тіркеу және интерактивті сауалнамалар алу үшін, алдымен
пульттерді интерактивтік тақтаға тіркеу керек. ActiVote құрылғысын тіркеп, сол құралмен
қашықтықтан студенттер тест сұрақтарына жауап бере алады (2 – сурет).
2-сурет. ActiVote құрылғыларының сыртқы түрі және ActivInspire
бағдарламасының интерфейсі.
А, B, C, D, E, F батырмалары интерактивті жауап берулерге арналған. Бұл батырмалар арқылы
дұрыс жауапты таңдап, керекті батырманы басқаннан кейін ActivInspire бағдарламасы таңдалынған
нұсқаны қабылдайды. Бұл тест алынып болғанан соң студенттердің берген жауаптары Microsoft Excel
бағдарламасына экспортталады да, қай студент қандай уақытта қанша пайызға дұрыс орындағанын
тізім бойынша анық көре аламыз. Бұл біріншіден оқытушының уақытын үнемдесе, ал екінші
жағдайда студенттер өздерінің білім дәрежесінің әділ бағаланғанын тез арада көре алады. Сонымен
қатар нәтижелерді студенттің аты-жөні бойынша немесе сұрақтар бойынша сұрыптауға болады
(3-сурет).
3-сурет. Тестнәтижелерінің Excel бағдарламасындағы қортындысының бейнесі.
Суреттегідей қызыл түске боялса қате, ал жасыл түске боялса дұрыс жауапты білдіреді.
Интерактивтік тесттер алу оқытушыға төмендегідей мүмкіншіліктер береді:
- өтілген тақырып бойынша алынған тест арқылы студенттер өз білімдерін қаншаға
меңгергендігін;
- сұрақтарға студенттердің білімдерін нақты бағалауға;
- сұрақтарға пікір таластыруды ұйымдастыруға;
- тест сұрақтарына жауап беру кезінде уақыт бойынша шектеулер қоюға;
●
Физика–математика ғылымдары
474
№1 2017 Вестник КазНИТУ
- тестің нәтижесін дереу алуға;
- студенттермен біріге отырып тест нәтижелерін сараптамалауға және қатемен жұмыс
істеуге болады[4].
2. PASCO құралы мен GLX Xplorer мәлімет тіркегішті қолдану
PASCO құралы мен XplorerGLX мәлімет тіркегішті физика сабақтарында физикалық
эксперементі көрсетуге, зертханалық жұмыстарды орындауда ақпараттық технологиялардың
қолдану аясын арттыру. XplorerGLXмәлімет тіркегішті қолдану арқылы тәжірибелер өткізу кезінде
және PASCO құралы зертханалық жұмыстарды жасау кезінде студенттердің ойлау қабілеттері артып,
физикалық ұғымдары тереңдей түседі. Зертханалық жұмыстарды орындауда, физикалық
құбылыстарды көрсетуде өлшеуіш аспаптарды қолдану мен орнату кезінде студенттердің физикалық
заңдылықтарға деген ойлары тереңдеп, тақырыптарды өту кезінде ғылыми-зерттеу түсініктері
қалыптасады.Сонымен қатар XplorerGLX мәлімет тіркегіштегі графиктер мен кестелерді қолдану
арқасында студенттер процесстің өтуін жақсы ұғады және тез қорытынды жасай алады Сондықтан
пән бойынша өтіліп жатқан тақырып қолжетімді және қызықты болады. Құрылғыларды бір-бірімен
байланыстыру арқылы тәжірибелерді өткізу кезінде студенттердің физикалық шамалардың өлшем
бірліктеріне деген түсініктері артады [5].
3. Локальді желіні қолдану
Физика пәнін оқытуда мультимедиалық кабинетті қолданған жөн, себебі жалпы студенттерге
интерактивті тақтада бір тәжірибені ғана көрсете аламыз, ал мультимедиалық кабинетте
студенттерді топтарға бөліп әртүрлі тапсырмалар беруге немесе көрсетуге болады. Сондықтан
мультимедиалық кабинеттегі компьютерлік локальді желіні басқару үшін Net Control 2 Classroom
бағдарламалық комплексін қолдануға болады. Бұл Net Control 2 Classroom бағдарламалық комплексі
білім беру мекемелеріндегі оқытушыларға арналған.
Net Control 2 Classroom бағдарламалық комплекстің көмегімен оқытушы:
- оқу материалын түсіндіре алады;
- суретті оқытушы компьютерінен студенттердің компьютерлеріне жіберіп көрсете алады.
Өтілетін дәріс оқытушының жұмыс үстелінен жүктелген кезде студенттердің мониторларында
көрінуі тиіс.
Бағдарламаның шектеу қоятын құралдарының көмегімен оқытушы өз компьютерінде отырып,
студенттердің компьютерлерін уақытша шектейді, ойындарды ашуға, веб сайттарға кіруге және
керек емес қолданбалар мен бағдарламаларды қосуға шектеу қоя алады. Сонымен қатар USB
құрылғыларды қосуға және баспаға жіберетін (принтер) құрылғыларды қосуға тиым сала алады.
4. Сайтты қолдану
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әдістемелік сайтты қолдану өзекті мәселелердің бірі болып
саналады. Сайт педагогикалық қарым-қатынастардың құралы екендігін, сонымен қатар ол жалпы
оқытушылар ұжымына, жеке оқытушыларға және студенттерге керек екендігін интернет желісінің
дамуындағы халықаралық іс-тәжірибелер көрсетіп отыр. Педагогикалық қызмет атқаруда сайт құру
ол – жаңа орта мен жаңа мүмкіншілік тудырады. Құрастырылған сайт оқытушының жұмыс құралына
айналады және біртіндеп білім беру барысында қолданысқа ие болады. Яғни, студенттерге
қашықтықтан білім беруде, жобалар жасау кезінде сұраныстар құруда және телекоммуникациялық
іс-шаралар өткізуде педагогтардың, оқытушылардың, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынас
жасауын ұйымдастырады.
Оқытушының әдістемелік сайт құруда алатын мүмкіншіліктері:
- өзінің педагогикалық іс-тәжірибелерін әріптестеріне ұсына алуы;
- студенттерге қашықтықтан білім беру дағдыларын қалыптастыруы;
- интрактивтік қарым-қатынас дағдыларын тереңдетуі;
- ақпараттық технологияларды қолдану құзыреттілігін арттырады.
Қазіргі интернет желісінде көптеген тегін серверлер мен хостингтер бар.
5. Adobe Connect бағдарламасын қолдану;
Adobe Connect бағдарламасы арқылы физика сабағын қашықтықтан беруде қолданылады.
Adobe Connect бағдарламасы бірнеше қолданушыларға (студенттерге) web-конференциялар
өткізуге мүмкіншілілігі бар. Web-конференциялар қатысушыларға онлайн-сұхбатта сабақ өткізу
үшін бөлмелер беріледі. Дәріс берілетін бөлме әртүрлі операциалық панелдер мен компоненттерден
тұрады. Осы компонеттер мен панельдерді қолдану арқылы жазуға арналған тақтаны шығарып алуға,
сабақтың презентациясын көрсетуге немесе әртүрлі видеоны, суреттерді көрсетуге болады.
|