Сборник материалов «миссия молодежи в науке республики казахстан»



Pdf көрінісі
бет44/58
Дата06.03.2017
өлшемі7,92 Mb.
#7618
түріСборник
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58

 

М.А. Табулдин, М.К. Тулекова 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті,  

Семей қ., Қазақстан 

 

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ АУДАРМАШЫ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ  



МЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Аударма  ісі  -  адамзат  баласының  кҥрделі  іс-әрекеттерінің  бірі.  Оның 



маңыздылығы  жыл  сайын  артып  келеді  десек  қателеспейміз.  Қазіргі  таңда 

аудармаға деген сҧраныстың жоғары болуы сонымен байланысты. Әрине, басқа 

да  ӛмір  салаларында  маңызды  рӛл  атқаратын  және  ӛзінің  кҥрделілігімен 

ерекшеленетін гуманитарлық ғылымдардың ішіндегі ерекше сала осы аударма 

саласы  болып  табылады.  Тарихы  тҥбірімен  тереңге  кететін  бҧл  сала  бҥгінде 

дамудың ҥстінде. Мақала барысында біз аудармашының жалпы қасиеттері мен 

кәсіби қызметінің маңызды қырларын жҧмыстың негізгі нысаны ретінде алдық. 

Аудармашы  болудың  маңызы.  Аударма  немесе  басқаша  тәржіма  жасау 

екінің  бірінен  келе  бермейтін  іс  болып  табылады,  ӛйткені  бҧл  алдымен  ӛте 

жоғары интеллектуалды еңбек болып табылады. Ол ҥшін ӛте кӛп іздену керек, 

қандай  да  бір  саланы  тиісті  деңгейде  меңгеру  қажет.  Бҧрынғы  уақыттарда 

аудармаға  дейін  кӛзқарас  ӛзгеше  болатын,  ал  нақ  осы  шақта  халықаралық 

байланыстардың  нығаюы  мен  ғылыми-техникалық  саланың  шарпып  дамуын 

ескерсек  аударма  мен  аудармашыға  деген  сҧраныс  пен  талаптың  ӛскенін 

байқауымызға  болады.  Басқа  да  мамандық  сияқты  бҧл  саланы  да  игерудің  ӛз 

шарттары  бар  екені  анық.  Олай  болса  шынайы  тәржімашы  болып  қалыптасу 

ҥшін болашақ аудармашының бойында келесідей қасиеттердің болуы қажет: 

-  маңызды  адамгершілік  қасиеттер,  оларға  тәрбие,  шыдамдылық,  тіл  таба 

білу сияқты бірқатар сапалардың болуы; 

-  эрудиция  мен  әдеби,  яғни  шығармашылық  қабілеттердің  болуы  және 

оларды дамыта білу; 

- ӛзін және ӛзгелерді қҧрметтей білу; 

- кӛп іздену, әдебиеттерді оқи отырып, талдау жасай білу, ой қорыту; 

-  аударманың  кҥрделі  жақтарымен  кездескенде  игеруге  деген  талпынысты 

жоғалтып алмау; 

- ӛмірдің әр саласындағы ақпараттардан хабардар болу және соған сай пікір 

қалыптастыру; 



396 

 

- мамандықты игеру барсындағы стресстерден шыға білудің жолдарын таба 



білу; 

-  шешендік  және  логикалық  қабілетті  дамыту  және  сӛздік  қорды  молайтып 

отыру; 

- ең алдымен ана тілдің қыр сырын білу және шетел тілін неғҧрлым жоғары 



деңгейде оқып меңгеру шарт; 

-  ана  тілі  мен  шетел  тіліндегі  әдебиеттерді  оқу  және  екі  бӛлек  мәдениеттің 

айырмашылықтарына мән беру. 

Олай болса аудармашы деген кім? Осы сӛздің мағынасын Merriam Webster 



Dictionary сӛздігі бойынша анықтап кӛрейік.  Traitor, noun - traitr, traditor or 

tradere to hand over, deliver, betray, fr. trans-, tra- trans + dare to give more at 

'date'.  1:  one  who  betrays  another's  trust  or  is  false  to  an  obligation  or  duty; 

2.one who commits treason. Демек аудармашыны кейбір мағынада "сатқын" деп 

те  айтады,  себебі  аударма  барысында  ол  мәтінге  ӛзгерістерді  енгізуге  мәжбҥр 

болады. Жалпылай алғанда, аударма жазбаша және ауызша тҥрде орындалады 

және  аудармашының  жауапкершілігі  екі  жағдайда  да  зор.  Жазбаша  және 

ауызша  аудармашылардың  басын  қосатын  ҧйым  қажет  бҥгінде  елімізде. 

Ҧсыныс ретінде,Қазақстанда аудармашылардың одағын қҧрса дҧрыс болар еді, 

ӛйткені  жыл  сайын  қаншама  аудармашы  мамандар  оқу  орындарын  тәмамдап 

жатады. Бҧл одақ осы мамандарға жол сілтеп, олардың шығармашылық ӛрісін 

кеңейтуге  септігін  тигізер  еді  деп  ойлаймын.  Сондықтан  аудармашының 

қызметіне  деген  қҧрмет  ӛсе  тҥсуі  керек  және  бҧл  кәсіпке  деген  кӛзқарасты 

ӛзгертететін кез келді. 

Қазіргі  таңда  тәуелсіз  мемлекетімізде  аударма  ісін  кӛптеген  оқу 

орындарында  оқытуда.  Мҧның  ӛзі  аударма  индустриясына  мықты  мамандар 

дайындауды  кӛздейді.  Отандық  аударматануда  сонымен  бірге  тіл  мәселесі  де 

бірінші  кезекте  тҧр.  Болашақ  аударматанушы  ретінде  қазақ  тілдің  де 

болашағына  алаңдауға  тиіспіз деп ойлаймын. Қазақ  классиктерін оқи отырып, 

гаухар  тіліміздің  кӛркемдігіне  сусындауымызға  болады.  М.Әуезовтың, 

О.Бӛкейхановтың  және  М.Мақатаев  сынды  біртуар  қазақ  әдебиетінің 

перзенттерінің  шығармашылығына  таңданбау  мҥмкін  емес.  Ал  егер  осы 

қаламгерлердің аудармаларын зерттеп кӛрсек, аударудың қандай шабыт, неткен 

тілдік  шеберлікті  талап  ететінін  бірден  аңғаруға  болады.  Отандық 

аударматануда қарастырылатын мәселелер әлі де баршылық. Сол ҥшін болашақ 

аудармашы ретінде ӛзіміздің ҥлесімізді қосуға міндеттіміз деген ойға келемін. 

 

Бҥгінде аударма саласы едәуір алға басты, демек оған қойылатын талап та 



кҥшейді  деген  сӛз.  Тәржімашы  ҥшін  алдыменен  тәржіма  заңдарын  білу  шарт. 

Аударма  техникасын  игерумен  қатар  аудармашының  білуге  тиісті  саланың 

басқада  қырлары  бар,  яғни  трансформацияларды  ғана  білу  жеткіліксіз. 

Сонымен,  аудармашының  кәсіби  қызметіне  қатысты  мынадай  ой  тҥйуге 

болады: аудармашы жеке басының емес, керісінше, қоғамның қалауын жҥзеге 

асырады, сол мезетте қоғамның оған жҥктеген мотивтеріне ғана жҥгіне алады. 

М.Семенова  бойынша  аударма  -  бҧл  адамның  коммуникативті  қабілеттерінің 

бесінші тҥріне жатады. (жазу, оқу, тыңдау, сӛйлеу және аудару). Демек, аталған 



397 

 

тӛрт қабілеттің жоғары болғанында ғана аудармамен еркін айналысуға болады, 



ӛйткені  адамның  алдында  қандай  да  бір  тілдік  бӛгет  болмайды.  Жоғарыда 

қарастырылған  сҧрақтар  кӛбіне  таныс  болуы  мҥмкін,  алайда  аудармашы 

болудың  қатал  талаптары  жетерлік.  Кӛз  алдындағы  мәтінді  жоғары  деңгейде 

жеткізу  деген  оңай  іс  емес.  Ол  ӛте  жоғары  шеберлікті  талап  ететіні  даусыз. 

Тәржімашының  қызметін  объективті  тҥрде  бағалау  ҥшін  А.Е.Чернухин  келесі 

формуланы назарға алуды ҧсынды: 

Т

ауд 


 

Бҧл  жерде  аудармашының  жҧмысының  тиімділігі,  қажетті  материалдармен 



жҧмыс  істей  білуі,  біліктілік  коэффициенті,  лингвистикалық  дайындығы, 

талантының  бар  болуы,  мәдениеттілігінің  деңгейі,  эрудициясы  және  базалық 

білімдері  ескеріледі.  Сонымен  аудармашыға  немесе  басқалай  айтқанда 

трансляторға не қажет? Ол қандай да бір саланы жеткілікті деңгейде игеруі, сол 

саланың  белсенді  терминологиялық  қорымен  таныс  болуы,  аударма 

барысындағы трансформациялармен таныс болуы және ең бастысы екі тілді де 

"сезе" білуге міндетті. Сәйкесінше аудармашы болудың маңызы да осында, ол 

мәдениаралық коммуникацияны жҥзеге асырушы болып табылады. 

Мысал ретінде орыс поэті, драматургы және аудармашы А.К.Толстой ӛзінің 

жҧбайына  жазған  хатында  И.В.  Гетенің  "Коринф  қалыңдығы"  атты  еңбегін 

аудару  кезінде  келесі  қағидамен  бӛлісті:  "Мен  тҥпнҧсқаға  неғҧрлым  адал 

болуға  тырысамын,  тек  кӛркем  әсерге  сол  нақтылық  пен  адалдық  зиянын 

тигізбеген  жағдайда,  мен  мҥлк  етпей  жалғандықтан  қҧтыламын.  Менің 

ойымша, жеке сӛздерді, тіпті мағынаның ӛзін емес, алынған әсерді жеткізе білу 

қажет.  Керегі  -  оқырманның  тҥпнҧсқа авторының  қҧрған ортасына бейімделуі 

және  сол  ортаны  терең  сезіне  отырып  жеткізуі  болып  табылады." 

(А.К.Толстой).[3]  Демек,  тҥсінуімізше,  біз,  болашақ  аудармашылар,  сӛзбе-сӛз 

аудармадан аулақ болуға тырысуымыз қажет. 



Бірінші  мәселе.  Аудармашының  сӛздік  қоры.  Аудармашы  болып 

қалыптасуда  оның  сӛздік  қоры  маңызды  рӛл  атқарады.  Осы  маман  иесі 

мәтіндермен жҧмыс істейтіндіктен, сӛздерді дҧрыс таңдай білу мен қатар оның 

бірнеше  мағыналарын,  соның  ішінде  синонимдер  мен  антонимдерді  білуі 

қажет.  Сол  ҥшін  аудармашы  сӛздіктермен  жҧмыс  жасай  білуі  қажет,  себебі 

тілдің барлық сӛздік қҧрамын білу қиын. Келесі мысалда біз сӛздердің әр тҥрлі 

мәнмәтінде  қоланылуына  байланысты  дҧрыс  аударылуын  байқауымызға 

болады:  I  can't  see  colours  at  night.  -  Мен  қараңғы  уақытта  тҥстерді  ажырата 

алмаймын.  It  was  one  of  the  most  amazing  films  I've  ever  seen.  Бҧл  мен  бҧрын 

соңды  тамашалаған  ең  керемет  фильмдердің  бірі  болатын.  Let  me  see  to  it. 

Маған мҧнымен айналысуға рҧқсат етіңіз. Frankly, I don't know what Paul sees in 

her. - Фрэнкли, мен Полдың ол қыздың бойында не тапқанын білмеймін. I'd like 

a  table  for  two  at  about  8.30,  please.  -  Мен  кешкі  8.30-ға  екі  адамға  арналған 

орынға тапсырыс бергім келеді. The only question is whether the President can use 

his  extraordinary  political  skills  to  turn  the  tables  on  his  opponents.  Президент 

ӛзінің  қарсыластарын  басып  тастау  мақсатында  қандай  да  бір  ерекше  саяси 

қабілеттерін  қолдана  ала  ма  жоқпа  белгісіз.  Берілген  мысалдар  ағылшын 


398 

 

тіліндегі  кӛптеген  сӛздерді  ретімен  қолданудың  қажеттілігін  кӛрсетеді. 



Дегенмен, мҧнымен айтпақшымыз, егер аудармашы мәтіндегі сӛздердің дҧрыс 

мағынасын жеткізе алмаса, аударманың сапалы шығуы да екіталай. Алайда, бҧл 

сӛзбе-сӛз аударуды меңземейді. Сӛздерді білу әлі де тілді меңгеру емес, алайда 

сӛздің  тҥбінде  қҧнды  ақпарат  жатады.  Сӛз  -  тілдегі  негізгі  бірлік  және  ол 

сӛйлемді жасай отырып, ойымызды жеткізуге кӛмектеседі. Сондықтан болашақ 

аудармашы  сӛздердің  табиғатына  ҥңіле  білуі  қажет,  себебі  сӛздің  қҧдіреті 

жоғары.  Аудармашы  қандай  да  бір  жанрдағы  мәтінді  аудармасын,  ол 

лексикалық  кедергілерден  басқа,  грамматикалық  және  стилистикалық 

қиындықтарға да тап болуы мҥмкін. 

Екінші  мәселе.  Автор  мен  аудармашы.  Мақала  барысында  біз  қазақтың 

ҧлы поэты, аудармашысы, М.Мақатаевтың аудармаларының біреуіне тоқталуға 

жӛн  кӛрдік.  Аудармашы  ретінде,  М.Мақатаев  белгілі  американдық  публицисі 

Уол Уитменнің біршама ӛлеңдерін белсенді аударды. Солардың бірі "I dream'd 

in a dream"  деп  аталады  немесе  қазақшаға  "Тҥсіме  қала  кірді"  деп  аударылды. 

Осы ӛлеңнін тҥпнҧсқасы мен аудармасына талдау жасайық: 



"I dream'd in a dream" 

"I dream'd in a dream, I saw a city invincible to the attacks of the whole, of 

the rest, of the earth; 

I dream'd that was the city of Friends; 

Nothing was greater there than the quality of robust love - it led the rest, 

It was seen every hour in the actions of the men of that city, and all the looks 

and words." 

М.Мақатаев оны былайша тәржімалаған: 



"Түсіме қала кірді" 

"Қала кірді түсіме, мүмкін емес жеңуге, 

Барлық елі ғаламның жабыла оған тӛнуде. 

Мекені екен достардың түсіме енген сол қала, 

Жарығында жалғанның бұрын-соңды болмаған, 

Сол қалада махаббат барлығына бас болған, 

Бәрі соған табынып, бәрі содан басталған. 

Сол махаббат - әркімнің қимылынан байқалған, 

Кӛзі,  сӛзі,  ісінен,  жауабынан  қайтарған"-  деп  аудармашы  авторға 

жақындай  тҥскендей,  тіліміздің  байлығын  тиек  етіп  кӛркемдеп  жеткізгенін 

байқауымызға болады. Автормен ҥндеседі және аударманы оқыған кезде ритм 

дейсіз  де,  рифма  дейсіз  бе  сақталған.  Автордың  бейнелеген  қаласын  жоғары 

шеберлікпен  қазақ  тілінде  жеткізе  білді.  Бҧл  кӛркем  аудармашыға  тән 

қасиеттердің  бірі.  Жоғарыда  сӛз  ҧғымына  анықтама  берген  едік,  дегенмен 

кӛркем шығармада аудармашының сӛздік қорының бай болуы жеткіліксіз. Бҧл 

жерде аударманы ішкі дҥниемен, сезіммен ҥндестіре білу керек. 

"I dream'd in a dream, I saw a city invincible to the attacks of the whole of the rest 

of the earth, I dream'd that was the new city of Friends..." жолдарын 

"Қала кірді тҥсіме, мҥмкін емес жеңуге, 


399 

 

Барлық елі ғаламның жабыла оған тӛнуде..." деп аудара отырып, махаббатқа 



толы  ғажайып  қаланың  бейнесін  келтіреді.  Бҧл  бейне  кӛз  алдыңа  еріксіз 

елестегендей  болады.  Аудармашының  жеңісі  ретінде  оның  оқырманға 

қалдырған  терең  әсерін  айтуымыз  қажет.  Аударманың  әрбір  тармағы  жоғары 

мағынаға  ие.  Міне,  кӛркем  аударманың  сыры  қайда  жатыр.  М.Мақатаетың 

аталмыш автордың кӛптеген ӛлеңдерін қазақшаға тәржімалаған. Әрине, нақты 

жауап  беру  қиын,  дегенмен  осы  аудармалармен  танысу  барысында 

аудармашының  бойындағы  дарын  біте  пайда  болады,  бірақ  қалыптаспайды 

деген  қорытындыға  келдім.  Ғалым  Тарақов  Ә.С.  ӛзінің  еңбегінде  Қытай 

сыншысы,  жазушы,  аудармашы  Цюй  Цюбоның  жоғарғы  кӛркемдіктегі 

шығарма  аудармасы  шетел  әдебиетінде  тек  идеялық-эстетикалық  қызмет 

атқарып  қана  қоймай,  сондай-ақ  қабылдайтын  әдебиет  ҥшін  маңызды  тілдік 

міндеттерді  шешетінін  атап  ӛтеді  деп  жазады.  Ол  (Цюй  Цюбо)  "Аударманың 

мәнінде  бізге  жаңа лексиканы,  жаңа  синтаксисті  қҧруға  мҥмкіндік береді."деп 

кӛрсетті.  Сондай-ақ  ,  бҧл  жерде  аудармашылық  дербестікті  де  айтпасқа 

болмайды.  Н.Любимов  осыған  қатысты  мынадай  кеңес  берді:  "Меніңше, 

аудармашы мҧраты - автормен ҥндестік табу. Автормен ҥндестік табу дегеніміз, 

оған  қҧл  болып  қалу  емес.  Ҥйлесу,  ізденуді,  ойлауды,табуды,  ойластыруды, 

жаттығуды, бәсекелесуді, және кӛрудің, сезінудің, тыңдаудың ӛткірлігін талап 

етеді.[2] 

Жҧмысымызды  қорытындылай  келе,  аудармашы  мамандығын  игеруге 

талпынатын  әрбір  адам  кӛп  ізденуге  тиісті  деп  айтқымыз  келеді.  Мақалада 

аудармашының  кәсіби  қызметінің  барлық  қырлары  айтылмағанмен,  оның 

негізгі  қасиеттері  мен  міндеттері  талқыланды.  Жҧмысымыздың  алғашқы 

бӛлімінде, Чернухин ҧсынған формулаға сәйкес, аудармашыға қажет сапаларды 

атадық.  Екінші  бӛлімде,  кӛркем  аударма  негізінде  автор  мен  аудармашының 

арасындағы  байланысты  талдадық.  Ескертетін  және  есте  ҧстайтын  жәйт: 

аудармашының  кез-келген  бір  қателігі  соғысты  да,  бейбітшілік  қарым-

қатынастарды  да  жандандыруы  мҥмкін.  Дегенмен,  аудармашы  мамандығы 

бҥгін  де,  ертең  де  ең  қызықты  мамандықтардың  біреуі  ретінде  қала  бермек. 

Аудармашы боламын, аударғым келеді деген адамға жол ашық, тек сол жолда 

кездесетін  кедергілерді  бастан  кешірмей  тәжірибелі  маман  атанудың  қиын 

екенін есте сақтаған жӛн. 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

1.  Семенова  М.Ю.  Основы  перевода  текста:  учебник/М.Ю.Семенова.  - 

Ростов н/Д: Феникс, 2009. - 344 стр. - 10/22/28/49 бб. 

2.  Тарақов  Ә.С.  Аудармашының  кәсіби  қызметтерінің  негіздері.  - 

Алматы,"Қазақ университеті", 2011 - 120б.-22/29 бб. 

3. Латышев, Семенов. Методика преподавания перевода. 2006.-16/17 бб. 

4. М.Мақатаев. Аққудың қананатына жазылған жырлар. - 322/327 бб. 

5. www.poethunter.com/walt whitman/I dream'd in a dream. 

 


400 

 

ӘОЖ 821.512.122.09 



 

Б.П. Тауанова, Б.А. Ердембеков 

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 

Ӛскемен қ., Қазақстан 

 

 

ӘДЕБИ АУДАРМАНЫҢ КӚКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

(АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ) 

 

Ҧлттық  әдебиет  кез  келген  халықта  бар  және  қоғаммен  тығыз  байланыста 

тіршілік  етеді.  Әрине,  ол  сол  халықтың  кҥллі  тарихымен,  оның  барлық  даму 

жағдайларымен  шартты  тҥрде  байланысты  және  басқа  халықтар  әдебиетімен 

қарым-қатынаста  болады.  Осындай  қарым-қатынас  ішінде  аударманың  орны 

ерекше.  Аударма  –  ақынның  дҥниетанымдық  қорын  байытудың  баға  жетпес 

кӛзі  ретінде  белсенді  қызмет  атқарады.  Аударма  жалпы  адамзат  атаулының 

танымдық  рухани  алмасуы  нәтижесінде  мәдениет  пен  ӛркениеттің  дамуына, 

адам  баласының  эстетикалық  кӛркемдікке  қол  жеткізуіне,  санасының  ӛсуіне, 

дҥниетанымының  кеңеюіне  апаратын  жол  тәріздес.  Ең  алдымен  кӛңіл  бӛлетін 

жайт  –  жан  дҥниені  байытар  рухани  қазына  ҥлгілері.  Егер  кедергі  –  тіл 

ӛзгешелігі  болса,  халық  оның  да  жолын  тапқан:  тіл  ҥйрену  арқылы  бір 

халықтың қазынасын екінші тілге аудару дәстҥрі батыс, шығыс елдерінің қай-

қайсысының  да  тарихында  бар.  Әлем  халықтарының  әдебиетінің  бір-бірімен 

байланысында, 

ғылым 


мен 

әдебиет 


салаларында, 

халықаралық 

ынтымақтастықтың дамуында аудармалардың маңызы зор. 

Аударма  ҧғымының  қолданылу  аясы  ӛте  кең.  Бір  тілден  екінші  тілге 

поэзиялық,  прозалық  шығармалар,  публицистикалық  мақалалар,  ғылыми 

әдебиеттер,  ресми  іс-қағаздар,  саяси  және  қоғам  қайраткерлерінің, 

шешендердің  сӛйлеген  сӛздері,  кинофильмдер  бәрі  де  аударылады.  Әртҥрлі 

тілде  сӛйлейтін  адамдар  тіл  табысу  ҥшін  аудармашылардың  кӛмегін  қажет 

етеді. Бірақ, біз осылардың ішінен кӛркем әдебиет саласындағы аударманы сӛз 

еткелі  отырмыз.  «Аударма»  сӛзі  жалпыға  тҥсінікті,  әрі  кӛпшілікке  белгілі 

болып табылады. Осыған қарамастан, бҧл адам әрекетінің арнайы бір тҥрі және 

жемісі  болғандықтан,  ол  ғылыми-терминологиялық  анықтауды  қажет  етеді. 

Аудармашылардың  ӛздері  де  «кӛркем  аударма»  ҧғымына  нақты  анықтама 

беруге  қиналады.  Кейбір  әдебиетшілер  «аударма  –  тҥпнҧсқаға  негізделіп, 

тҥпнҧсқаның басқа тілдегі кӛшірмесі болу керек» деген пікір айтады. Басқаша 

айтқанда, аударма тҥпнҧсқаға толық сәйкес болу керек. Бҧл арада «сәйкестік» 

деген  ҧғымға  тоқтала  кету  керек  деп  ойлаймыз.  Егер  бір  шығарма  екі  тҥрлі 

тілде,  екі  тҥрлі  мәдени-тарихи  жағдайда  ӛмір  сҥрсе,  онда  «сәйкестік»  тек 

шартты  тҥрде  ғана  болмақ.  Осындай  тҧжырымды  белгілі  армян  сыншысы 

Левон  Мкртчян  айтқан:  «Если  одно  и  тоже  произведение  существует  на  двух 

разных  языках,  в контексте  разных  культур,  то о полном соответствии  можно 

говорит лишь в определенном смысле. Даже наиточнейший перевод не может 

во  всем  совпадать  с  оригиналом,  быть  «абсолютно  точным».  Перевод  и  не 


401 

 

должен  полностью  повторять  оригинал  –  искусству  противопоказаны 



повторения» [1, 28 б.]. 

Аударма  дегеніміз  –  бір  тілде  ауызша  айтылған  ой-пікірді,  болмаса 

жазылған мәтінді тыңдарманға я оқырманға екінші тілде, яғни оның ана тілінде 

тҥсінікті  етіп  жеткізу.  Ал,  әдеби  немесе  кӛркем  аударма  дегеніміз  –  бір  тілде 

жазылған  әдеби  туындыны  екінші  тілдің  қҧралдары  кӛмегімен  оқырмандарға 

жеткізу  және  тҥпнҧсқасының  стильдік,  кӛркемдік  ерекшеліктерін  мейлінше 

нақты  сақтап  кӛрсету.  Бҧл  жерде  аудармадағы  ең  қиын  –  лингвистикалық 

ерекшелік  емес,  ал  тҥпнҧсқасының  кӛркемдік  жағын  дҧрыс  жеткізу,  яғни 

аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және 

стилін  нақты,  дәл  кӛрсете  білуі.  Кӛркем  аударманың  бҥгінгі  әдеби  процестегі 

алатын орны ҥлкен. 

Аударма  –  жалпы  әдеби  ҥрдістің  кең  арналы  саласы.  Аударма  арқылы  бір 

халықтың  таңдаулы  әдеби  шығармаларынан  басқа  халықтың  ӛкілдері  де 

сусындай алады. Толық мағынадағы аударма қалай да тҥпнҧсқаға сәйкес болуы 

шарт. Әрине, шығарманың мәтінін бастан-аяқ тәржімалау мҥмкін емес. Әсіресе, 

поэзиялық  шығармалардың  аудармаларында  кейбір  еркіндіктер  болмай 

қоймайды.  Оның  себебі  де  бар  –  әр  тілде  қалыптасқан  сӛз  қолдану  тәсілдері 

ерекше болып келеді. Сондықтан, бейнелі сӛздерді кӛшіріп, сол тҥпнҧсқадағы 

қалпын  сақтап  жеткізу  мҥмкін  емес.  Басқа  тілде  айтылған  ойдың  жалпы 

мағынасын  жеткізуден  гӛрі,  сол  әдебиетке  тән  кӛркемдік  ойлау,  бейнелеп 

сӛйлеу,  сӛз  қолдану  ӛзгешеліктерін  дәл  келтіру  әлдеқайда  қиын.  Ал,  онсыз 

кӛркемдік  ой-сезімнің  әсерлілігі  де  толымды  болмайды.  Кӛркем  аударма 

процесінің  нәтижесінде  тҥпнҧсқаның  мазмҧны  мен  пішіні  арасындағы  бірлік 

пен  тҧтастықтың  сақталуының  маңызы  жоғары.  Тҥпнҧсқаның  мазмҧны  мен 

пішіні  арасындағы  байланыс,  келісім  мен  жарасым  аудармада  сақталмаған 

жағдайда  әдеби  шығарманың  кӛркемдік  табиғаты,  автордың  шығармашылық 

даралығы мҥлде бҧрмаланып, тҥпнҧсқа бір басқа, аударма бір басқа – екеуі екі 

бӛлек  туынды  болып  шығады.  Мҧндай  жағдайда  аудармадан  тҥпнҧсқаның 

мазмҧны  да,  кӛркемдік  –  бейнелеу  ерекшеліктерін  де  табу  қиынға  тҥседі.  Ал, 

кӛркем  аудармада  тҥпнҧсқаның  мазмҧны  мен  пішінін  дәл  жеткізу  немесе 

біршама  дәл  жеткізу  аударма  ісіндегі  ең  бір  қиын,  кҥрделі  әрі  аудармашы 

шығармашылығының  мағынасы  мен  мәнін  анықтайтын  айрықша  маңызды 

кӛрсеткіш болып табылады. 

Бір  ҧлттық  тілде  жазылған  кӛркем  шығарманы  екінші  бір  ҧлттық  тілдің 

кӛркемдік  бейнелеу  қҧралдары  арқылы  қайта  жасау,  аудару  оңай  емес.  Ал, 

тҥпнҧсқа  белгілі  бір  ҧлттың  ҧлы  ақынының  шығармасы  болса,  оның  ҧлттық 

сипаты  барынша  анық,  беделді  болса,  онда  оны  ӛзге  тілге  аудару 

аудармашыдан  ҥлкен  жауапкершілікті  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ҥлкен 

талантты  талап  етеді.  Аудармашы  таланты  –  айрықша  талант.  Ол  ӛз  тілінің 

айшығы  мен  ажарын,  кӛркемдік  бейнелеу  мҥмкіншілігін,  бейнелілігін  еркін 

меңгерген дарынды ақын болумен бірге, тҥпнҧсқаның мазмҧны мен мәнін, тіл 

байлығын, ҧлттық бояуын жете білетін шебер маман дәрежесіне кӛтерілуі шарт. 

Сонда  ғана  ол  аудармашы  ретінде  тҥпнҧсқаның  мазмҧны  мен  пішінін  толық 

игеріп,  ӛз  аудармасында  олардың  арасындағы  байланысты,  келісім  мен 

жарасымды, тҧтастықты сақтауға мҥмкіндік табады [2, 15 б.]. 


402 

 

Бір  тілдегі  кӛркем  шығарманы  екінші  тілге  қарай  аудару  қажет  екендігі 



туралы  пікірталас  басталғалы  талай  замандар  ӛтті.  Кӛркем  аударма 

проблемалары  кҥн  тәртібінен  тҥспейтін,  шешілуінің  ҧшы  қиыры  кӛрінбейтін 

тҥбегейлі  проблемалардың  бірі.  Әдеби  аударма  халықтардың  бірі-бірін 

тануына, рухани жағынан жақындасып, туыстасуына айтулы кӛмек кӛрсететіні 

белгілі. Кӛркем аударма жекелеген қалам қайраткерлерінің ғана емес, бҥкіл бір 

елдің  әдебиетіне  әсерін  тигізеді.  Әдебиет  тарихында  бір  жазушының 

шығармаларына  әр  кезде  әртҥрлі  аудармашылар  ілтипат  білдіреді.  Осының 

нәтижесінде  бір  туындының  бірнеше  аудармасы  сақталады.  Олардың  ішінде 

сәттісі де, сәтсізі де ҧшырасуы мҥмкін [2, 24 б.]. 

Абай  ӛлеңдерін  орыс  тіліне  аударудағы  табыстармен  қоса,  сәтсіздіктер  де 

бой кӛрсетіп қалады. Мҥлде шалағай аудармалар енгізілуімен қатар, бірсыпыра 

аудармаларда  ақынның  ойы  бҧрмаланғаны,  сӛйтіп  шығарманың  идеялық-

кӛркемдік  қасиетіне  едәуір  нҧқсан  келтіргені  анықталып  отыр.  Бірқатар 

аудармаларда  Абай  лирикасының  жеке  шумақтары  мҥлде  тәржімаланбай 

тасталған, ал кейбір аудармашылар тҥпнҧсқаны тҥсінбей қарама-қарсы мағына 

беретін  сӛздерді  қолданған.  Ірілі-ҧсақты  мін-мҥліктер  Абай  мҧрасына 

айырықша  ҧқыптылықпен,  мҧқият  қарауды  талап  етеді.  Сӛзді  фактілерге 

беретін  болсақ:  ең  алдымен  талдауға  алынған  Абай  ӛлеңін,  яғни  тҥпнҧсқаны 

оқып шықсақ, 

Көзімнің, қарасы, 

Көңілімнің санасы. 

Бітпейді ішімде 

Ғашықтың жарасы [3, 39 б.]. 

Енді  осы  «Кӛзімнің  қарасы»  («Ты  –  зрачок  глаз  моих»)  деген  ӛлеңінің 

аудармасына  кӛз  жіберейік.  Осындағы  әбден  тҥсінікті  айтылған  сӛздерді 

М.Петровых бҧзып тәржімалған. 



Ты – зрячок глаз моих, 

Дум залог дорогих, 

Сердцу мук не забыть, 

Столь глубок шрам от них! [4, 42 б.] 

Яғни «Сен менің кӛзімнің қарашығысың» - деген мағынада беріліпті. 

Абай бҧл жерде «Кӛзімнің қарасы» деп кӛздің қарашығын айтқаны жоқ еді. 

Абай  «Кӛзімнің  қарасында»  лирикалық  «меннің  қызға  бір  қарай  қалғандағы 

сыртқы бейнесі – тыныш қалыпта кӛз суарған іңкәр суретті салды. Мҧнда ақын 

«меннің»  ғашығына  қараған  кӛзінің  кӛңіл  санасымен  тҧтасып  жатқан 

қҧбылысын  ӛзгеше  шебер  суреттеледі.  Осы  жырды  оқығанда  біздің  суретші 

санамызда  ғашықтықтан  жаралы  болған  жҥректің,  ынтазарлыққа  кҥпті 

кӛңілдің,  сағынған  сананың  сипатын  жинап  ғашығына  қарай  қалған  «меннің» 

жанары нҧсқаланса жӛн еді. Ӛлеңнің ӛн бойында тҥпнҧсқамен сәйкестік тым аз. 

Жалпы, кӛркем аударма Абай ақынның ӛлеңінің мағынасын толықтай ашып тҧр 

деп айту қиын. 

Келесі  Абай  ӛлеңдерін  неміс  тіліне  аударып,  аудармашыларға  сын  айтқан 

Герольд  Бельгерді  оқи  отырып  мынадай  ой  тҥюге  болады:  Абай  ӛлеңдерінде 

сӛз  аз,  ал  мағына  терең.  Расымен,  Абай  сӛздері  кез  келген  оқырманға  ауыр 


403 

 

болып  келеді,  бҧл  ақынның  кінәсі  емес,  бҧл  –  оқырманның,  аудармашының 



поэзияға деген ойының жеткіліксіздігі. Автордың тҥпнҧсқасына кӛз жҥгіртелік: 

Бойы бұлғаң 

Сөзі жылмаң 

Кімді көрсем, мен сонан 

Бетті бастым, 

Қатты састым, 

Тұра қаштым жалма-жан [3, 31 б.]. 

Бҧл  жерде  Абайдың  айтайын  дегені:  ӛмірден  бос  қалған,  кҥнін  босқа 

ӛткізген  жандарды  кӛрсе,  оған  тым  оғаш  кӛрінетіндігі,  тіпті  сондай  ортадан 

безініп кеткісі келетінін айтқысы келіп, ӛз ӛлеңін ӛмірден еш хабары жоқ бос 

сӛзге ерген адамдарға арнаған. 

Осындай  ащы  сӛздермен  сатиралық  тҥрде  жазылған  ӛлеңді  орысша  былай 

аударады: 

Праздных гуляк,  

Пустых трепачей 

Если увижу, я от них, 

Лицо закрыв, 

Сильно теряясь, 

Бегу немедля, тот час [4, 35 б.]. 

Аударманың  нақты  кӛркем  мәтін  екенін  толық  оқып  білмей-ақ,  бҧдан 

байқауға  болатыны  аудармашы-поэт  ӛлеңнің  тҥп  мәнісін  кӛре  алмаған,  оны 

қабылдап,  тҥпнҧсқадағыдай  мән-мағына  бере  алмаған.  Бҧл  жолдардың  авторы 

осыны тҥсініп былай дейді: «...и все  же не могу себе представить, как, каким 

образом,  каким  чудом  неведомый  мне  поэт-переводчик,  не  владеющий 

казахским  языком,  не  чувствующий  ментальности  оригинала,  может  из  этой 

нелепости вылепить стих, вдохнуть в эти строки жизнь, воссоздать, возродить 

на другом языке разъятую, расчлененную, умерщвленную поэзию» [5, 13 б.]. 

Ӛз  шығармаларында  Абай  философиялық,  эстетикалық  мәнді  ой-

толғамдарды  аз  айтпайды.  Герольд  Бельгер  ӛзі  аударма  жасаудағы 

тәжірибесінен  «мен»  және  «менікі»  деген  сӛздердің  ара  қатынастары  мен 

мағыналарының айырмашылығына байланысты мынадай жақсы мысал кӛрсете 

кетеді: 



Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі, 

«Мені» мен «менікінің» мағынасы – екі. 

«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, 

«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі [3, 63 б.].  

Міне жолма-жол аудармасы: 

«Я» - разум и душа, «мое» есть плоть, 

«Я» и «мое» - понятия разновеликие. 

Для «я» судьбой предназначено бессмертие. 

«Мое»  обречено  и  пусть,  с  тем  согласись»  [4,  56  б.].  Бҧл  жерде 

В.Звягинцеваның аудармасын толық қҧптауға тҧрарлық. 



«Я» - разум промолвит. Плоть скажет: «Мое!»- 

Различно у плоти с душой бытие. 

Бессмертное «я» никогда не умрет. 

404 

 

«Мое» - это только земное жилье [4, 58 б.]. 

Бҧнымен  айтқымыз  келетіні,  Абай  ӛлеңдері  орыс  тіліне  нашар  аударылды 

деген  сӛз  емес.  Осылай  тҥпнҧсқа  мен  аударманы  салыстыру  арқылы  Абай 

ӛлеңдерін  орыс  тіліне  аударуда  мынадай  қиындықтарды  кездестіруге  болады: 

Абай поэзиясының образдылығы, ойдың тереңдігі, метафоралығы; ҧлттық рух, 

ӛлеңдерге 

халық 


менталитетінің 

әбден 


сіңгені; 

Абай 


сӛздерінің 

кӛпмағыналылығы;  ақын  ӛз  ойын  оқырманға  сергек  кӛңіл-кҥймен  жеткізуі; 

жҧмбақ,  терең  сыр,  жаны  ешкімге  тҥсініксіз  жалғыздың  кӛптің  арасындағы 

қиналысы [6, 21 б.]. 

Аудармада бҧдан шығатын қорытынды – ҧйқасқа ҧқыптылық, тҥпнҧсқаның 

идеялық мазмҧнын, мағынасын сақтау бҧл шеберліктің бір қыры. Мысалы, В.Г. 

Белинскийдің А.С. Пушкин шығармашылығына арнаған мақаласында ақынның 

ойы  мен  сезімдер  бірлігін  оның  пафосы  деп  анықтайды.  «Пафос  –  тиянақсыз 

идея  немесе  дерексіз  ой  емес,  бҧл  «тірі»  ынтызарлық»  деп  тҥсіндіреді. 

Сондықтан,  шығарманы  тҥсіну  –  оның  жасаушысын  тҥсіну  деген  сӛз,  ал 

ақынды тҥсіну дегеніміз – оның пафосын саналы тҥрде ҧғыну деген тҧжырым 

жасайды. 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 



Мкртчян Л.М. О стихах и переводах. – Ереван: Айастан, 1965, 232 с. 

2.

 



Талжанов  С.О.  О  переводах  и  переводчиках.  /  Аударманың  лексика-

семантикалық  мәселелері:  (тәжірибелер,  толғаныстар,  топшылаулар).  Алматы: 

Ғылым, 1987. 

3.

 



Абай (Ибраһим) Қҧнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 

- Т.1. - Алматы: Ғылым, 1977. - 454 б.  

4.

 

Абай  Кунанбаев.  Избранное.  –  Москва:  «Худ.лит.»,  1981.,  сост. 



М.Магауин. 

5.

 



Двадцать стихотворений на трех языках. – Астана: Аударма, 2008.-135 с., 

сост. Г.Бельгер. 

6.

 

Әуезов М. Кӛркем аударманың кейбір теориялық мәселелері. // Кӛркем 



аударманың мәселелері. Мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ кӛркем әдебиет 

баспасы, 1957. 

 

 

ӘОЖ 821.512.122.09 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет