1.
Иванова Е.М. Основы психологического изучения профессиональной
деятельности. – М., 1997.
2.
Зеер Э.Ф. Психология профессионального образования. – М.-Воронеж,
2003.
3.
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М., 1996.
4.
Образовательно ориентированный подход к профессиографии / В.В.
Бажутин, З.З. Кирикова, Н.В. Крохина и др. – Екатеринбург, 1997.
5.
Поваренков Ю.П. Психологическое содержание профессионального
становления человека. – М., 2002.
6.
Инновационная политика высшего учебного заведения: коллективная
монография / Под ред. Р.Н. Федосовой. – М.: Экономика, 2006. – 178 с.
7.
Ерментаева А.Р. Студенттерді субъект-бағдарлы психологиялық
дайындау: методология, теория, практика. - Ӛскемен: С.Аманжолов ат. ШҚМУ
баспасы. – 2008. – 410 б.
ӘОЖ 37.015.3
Б.К. Курметова, К.М. Нагымжанова
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Ӛскемен қ., Қазақстан
БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҦҒАЛІМДЕРІНІҢ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ ҚҦЗЫРЕТТІЛІГІН
ЖЕТІЛДІРУ АСПЕКТІЛЕРІ
Болашақ бастауыш сынып мҧғалімінің кәсіби сапасының мәні ҧзақ уақыт
бойы
ғылымда
қарастырылып,
кәсіби
қҧзыреттілік
және
оның
қалыптасуындағы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік мазмҧны ретінде
анықталды [1].
469
И.Д Лаптева қҧзыреттілік негізгі және арнайы деп бӛліп қарастырады.
Негізгі қҧзыреттілік жылдам ӛзгермелі заманауи ӛмірдің ағымында табысты
болған тҧлғаны сипаттайды. Педагогикалық мамандық басқарушы және бір
уақытта қайта ӛндіруші болып табылады. Ал тҧлғаның дамуын басқару ҥшін
қҧзыреттілік қажет. Бастауыш сынып мҧғалімінің кәсіби қҧзыреттілігі
педагогикалық іс-әрекетті жҥзеге асырудағы теориялық және практикалық
даярлығының кӛрінісі [2].
Кәсібилілік және кәсіби қҧзыреттілік ҧғымдарына психологиялық
тҧрғыдан Шайденко, Н.А, Юрковец, О.А, Трофимов, Е.Ф, соңғы жылдары аса
назар аударуда. Кӛптеген жағдайда зерттеушілер кәсіби маңызды қасиеттерімен,
оны бағалау және қалыптастыру мәселелерімен шектеледі.
Кәсіби қҧзіреттілікті анықтау туралы мәселе педагог, философ,
физиологтардың, арасында пікір қайшылықтары мен жаңа ойлар тудыруда.
Тҧлғаның кәсіби процесін кӛп жағдайда оның біліктілігімен, кәсіптік
қҧзыреттілігімен байланыста қарастырады [3, 4, 5].
Орыс ғалымдары В.А.Адольф, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, Э.Ф.Зеер,
В.А.Сластенин, Т.Ф.Лошакова, т.б. педагогикалық зерттеулерінде педагог
кадрлардың кәсіби қҧзыреттілігі туралы мәселеге кӛп қызығушылық пайда
болғанын айтады [6].
В.А.Сластенин тҧлғаның кәсіби педагогикалық бағыттылығын мҧғалімнің
қҧзыреттілігінің белгісі деп санаған. Оның ойынша қҧзыреттілікке мыналар
жатады:
-
тҧлғаның танымдық кәсіби-педагогикалық бағытын анықтайтын
қасиеттері;
-
оның психологиялық дайындығын талап ету;
-
арнайы дайындығы кӛлемі мен қҧрамы;
-
мамандығы бойынша әдістемелік деңгейінің мазмҧны.
А.К. Маркова «технологиялық қҧзыреттілік –іс-әрекет кезіндегі барлық
субъективті қасиеттер» деп тҧжырымдайды. Оның пікірінше технологиялық
қҧзыретті мҧғалім педагогикалық әрекетін жоғары деңгейде іске асыратын,
оқыту мен тәрбиелеуде жоғары деңгейде жақсы нәтиже кӛрсететін адам. Ондай
дәрежеден мҧғалім: ӛзінің технологиясы, жеке тҧлғалық қасиеті мен
педагогикалық қарым-қатынасы (ол педагогикалық әрекеттің қҧралы) мен
ерекшеленеді. Осы аталған қасиеттер арқылы болашақ мҧғалімнің «кәсіби
қҧзыреттілігін» анықтауға болады.
Болашақ бастауыш сынып мҧғалімдерінің технологиялық қҧзыреттілігі деп
фундаменталды пәндер бойынша психологиялық, педагогикалық білімі;
практикалық кәсіби шеберлігі; кәсіби біліктілігін, кәсіби қасиеттерін дамытуға
қолдана
алатындай
деңгейді
айтамыз.
Болашақ
бастауыш
сынып
мҧғалімдерінің технологиялық қҧзыреттілігінің компоненттері:
-
кәсіби білім (пәндер негізінде);
-
арнайы психологиялық-педагогикалық, дидактикалық білімі;
-
кәсіби шеберлігі;
-
оқу орнындағы кезде жетілген кейбір тҧлғалық кәсіби қасиеттері.
470
Болашақ бастауыш сынып мҧғалімінің технологиялық қҧзыреттілігі
жоғары мектеп оқу орнында, уақыт талабына сай теорияны-практикамен
байланыстыра оқу арқылы жетіледі. Теориялық пәндерден алған білім, ғылыми-
теориялық мәселелерді негізі болып саналады.
Болашақ бастауыш сынып мҧғалімінің технологиялық қҧзыреттілігі
мағыналы іс-әрекеттік және тҧлғалық бағдар компоненттерін меңгеру ҥрдісі
арқылы іске асады деп тҧжырымдайды Н.Н.Манько ӛзінің зерттеулерінде [8].
И.Ф.Харламов болашақ бастауыш сынып мҧғалімінің технологиялық
қҧзыреттілігі кӛрінісінің бірнеше сатыларын айқындайды:
педагогикалық іскерлік-оқыту мен тәрбиелеуде маңызды деген
іскерліктер мен дағдылар жҥйесін болашақ мҧғалімнің жеткілікті дәрежеде
жақсы меңгеруі:бҧл болашақ мҧғалімге оқу-тәрбие жҧмысын кәсіби сауатты
деңгейде жҥргізуге және барынша табысты оқыту мен тәрбиелеуге қол
жеткізуге ммкіндік береді;
педагогикалық шеберлік-оқыту мен тәрбиелеудегі жоғары кемел
дәрежеге жеткен іскерлік: бҧл-педагогикалық-психологиялық теорияны іс-
жҥзінде қолдану әдістері мен амалдарының айрықша ӛнделіп, жетілдірлгенін
кӛрсетеді, осының арқасында оқу-тәрбие ҥдерісінің жоғары деңгейдегі
тиімділігі қамтамасыз етіледі;
педагогикалық шығармашылық болашақ мҧғалімнің инновациялық
(жаңалық еңгізу) іскерлігінен кӛрінеді [9].
А.К Маркова болашақ бастауыш сынып мҧғалімнің технологиялық
қҧзыреттілігіне мыналарды жатқызады:
-
кәсіби-педагогикалық білім;
-
кәсіби-педагогикалық шеберлік;
-
кәсіби-негізгі қасиеттер, танымдық, мотивацйялық сферасы;
-
кәсіби-педагогикалық позициялары (тҧрақты қатынас жҥйесі,оқушыға,
ӛзіне, әріптестеріне оның әрекетін анықтайтындай болуы).
болашақ
мұғалімнің
кемелденген
аспектілерімен
кәсіпқойлықтың
қатынасы
Арнайы немесе
іс-әрекеттік
кәсіби
құзыреттілік
Әлеуметтік
кәсіби
құзыреттіл
ік
Тұлғалық кәсіби
құзыреттілік
Даралық
кәсіби
құзыреттіл
ік
1-cурет - А.К.Маркованың кәсіби қҧзыреттілікті жіктеуі
А.К.Маркова кәсіби қҧзыреттілік ҧғымын жаңа білім мен іскерлікті дербес
471
меңгеру қабілеті мен оны тәжірибелік әрекетте қолдана алу деп кӛрсетеді.
Болашақ бастауыш сынып мҧғалімнің кәсіби қҧзыреттілігі-бҧл нақты
педагогикалық жағдайда, мҧғалімнің қҧндылық бағдарында және оның
мәдениетінің кіріктірілген кӛрсеткішінде ҧстаздың теориялық білімі мен әдіс-
тәсілдерін қолдану жҥйесінің кӛпфакторлы қҧбылысы (сӛйлеу, қарым-қатынас
жасау стилі, ӛзіне, ӛз әрекетіне және аралас білімдер аймағына деген қатынасы
және т.б). Осының негізінде А.К.Маркова болашақ мҧғалімнің кемелденген
аспектілерімен кәсіпқойлықтың қатынасын тӛрт кәсіби қҧзыреттілікпен
сипаттайды: арайы, әлеуметтік, тҧлғалық және даралық [10].
Енді осы суретте кӛрсетілген кәсіби қҧзыреттіліктің тҥрлеріне жеке-жеке
тоқталсақ.
- Арнайы немесе іс-әрекеттік кәсіби қҧзыреттілік арнайы білімдер
жиынтығы мен оны тәжірибеде қолдану іскерлігі және жоғары кәсіби
деңгейдегі әрекетті меңгерумен сипатталынады.
- Әлеуметтік кәсіби қҧзыреттілік кәсіби қарым-қатынастың кәсіби
бірлестік амалдарын қабылдау және ынтымақтастық пен бірлескен кәсіби
әрекет амалдарын меңгерумен спатталынады.
- Тҧлғалық кәсіби қҧзыреттілік ӛзіндік даму тәсілдерін меңгеру. Сондай-
ақ, маманның мәселені анықтау, ӛз бетінше шешім қабылдай алу, ӛз кәсіби
әрекетін жоспарлай алу қабілеті жатады.
- Даралық кәсіби қҧзыреттілік кәсіби ӛсуіне дайындығы, кәсіби мотивация
тҧрақтылығы және ӛзіндік реттеу амалдарын меңгеру.
Сонымен қатар болашақ бастауыш сынып мҧғалімінің келесі кәсіби
қҧзыреттілік компонентін кӛрсетуге болады: мотивациялық-еріктік, қызметтік,
коммуникативті және рефлексивті. Мотивациялық-еріктік компонентіне:
мамандықта тҧлғаның шығармашылық аймағын белсендіретін мотив, мақсат,
қажеттілік, қҧндылық бағдар және кәсіби іс-әрекетіне қызығушылықтың болуы
енеді. Қызметтік (лат тілінен аударғанда functio – орындау) компонент
педагогикалық технология немесе қандай да бір жобаны жҥзеге асыруда
педагог маманына қажетті педагогикалық әрекет амалдары жайында білім.
Коммуникативті (лат тілінен аударғанда communico – байланыс, қатынас жасау)
компонентіне ӛз ойын нақты және айқын білдіре алу, ӛз ойын дәлелдеу, талдау,
пікірін білдіру, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізу, тҧлғааралық
қатынас орнату, ӛз әрекетін ҧжым әрекетімен сәйкестендіре алуы, кез келген
іскерлік жағдайда тиімді қарым-қатынас орната алуы, диалогты ҧйымдастыру
және қолдай алу қабілеті жатады. Рефлексивті (лат тілінен аударғанда reflexio –
ӛткенге айналып келу) компонент ӛз іс-әрекет нәтижелерін саналы тҥрде бағдар
жасай алу іскерлігі, ӛзіндік даму деңгейі мен тҧлғалық жетістігі; ӛзіндік талдам
жасауға талпынысы, ӛзара шығармашылық, ықылас және креативтік сияқты
сапалар мен қасиеттерді қалыптастыру. Бҧл компонент тҧлғалық жетістіктерді
реттеуші, адамдармен қарым-қатынас жасауда тҧлғалық ізденістер, ӛзіндік
кәсіби ӛсуді ояту, шеберлікті жетілдіру және дара жҧмыс стильдерін
қалыптастыру болып табылады.
Кәсіби міндетін атқару ҥшін мҧғалімге педагогикалық ғылым негізінде
әдіснамалық, теориялық білім талап етіледі. Білім теориясы, оқыту мен
472
тәрбиелеу әдістемесі, жоғары мектепке жетекшілік етумен басқару теориясы.
Сондықтан жалпы педагогикалық білім жҥйесін болашақ мҧғалімдер ӛзара
байланысты, ӛзара шартты, жеке мәнді тҧтас жҥйе ретінде меңгеруі тиіс.
Әдебиеттер тізімі
1.
Б. Кенжебеков. Маманның кәсіби қҧзыреттілігінің теориялық негізі.
//Бастауыш мектеп.-2004.-№7.-3-7б.
2.
Лаптева, И.Д. К вопросу о педагогической компетентности / И.Д.
Лаптева //Педагогическое образование и наука. - 2007. - №4.-С.35-38.
3.
Шайденко, Н.А. Формирование профессиональных компетенций
учителя в системе непрерывного педагогического образования/ Н.А. Шайденко,
А.Н. Сергеев // Педагогическое образование и наука.- 2008.-№6.-С.4-8.
4.
Юрковец, О.А. Формирование профессиональных компетенций на
основе применения технологии модульно-компетентностного обучения в СПО/
О.А. Юрковец // Педагогическое образование и наука.-2008.-№6.-С.24-26.
5.
Трофимов, Е.Ф. Моделирование компетенций персонала как
инструмент развития системы менеджмента качества предприятия / Е.Ф.
Трофимов, В.А. Голкина //Дополнительное профессиональное образование.-
2007.-№4.-С.26-29.
6.
Адольф В.А. Формирование профессиональной компетентности
будущего учителя //Педагогика.-1998, №1,-С. 72-75.
7.
Сластенин В.А., Тамарин В.Э. Методологическая культура учителя //
Советская педагогика. - 1990. - № 10. - С. 75-78.
8.
Манько Н.Н. Технологическая компетентность педагога //Дошкольник.
Младший школьник.- 2003, №2093.-32-41 с.
9.
Харламов И.Ф. О педагогическом мастерстве, творчестве, новаторстве
// Педагогика.-1992. №7-8,-С. 11-15.
10.
Маркова А.К. Психология профессионализма. – М.: Международный
гуманитарный фонд «Знание», 1996. – 312 с.
11.
Демин В.А. Профессиональная компетентность специалиста: понятие и
виды //Мониторинг образовательного процесса.-2000, №4.-35-42с.
ӘОЖ 213.09.13(2)
М.М. Құттыбаева, Г.А.Бахрамова
М. Әуезов атындағы Оңтҥстік Қазақстан мемлекеттік университеті,
Шымкент қ., Қазақстан
ЖАНҦЯДАҒЫ ЖЕКЕ ТҦЛҒАЛАР АРАСЫНДАҒЫ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Бҥгiнгi кҥннiң талабына сай жастарды отбасы-некелiк ӛмiрге даярлауда
ата-ананың рӛлi мен мiндеттерi аса жауапкершiлiктi талап етедi. Отбасы бала
ҥшiн ӛмiр мектебiн, онда мейiрбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық т.б.
473
адамгершiлiк қасиеттерi дамиды және қалыптасады. Жасыратыны жоқ, қазiргi
уақытта жастардың жҧбайлық ӛмiрiнiң ҥйлесiп кетуi ҥлкен проблемаға айналып
отыр. Соңғы кездерi жастар арасында ҥйленгендерден ажырасқандардың саны
артып, тастанды бала, жетiм балалар, жесiр әйелдердiң саны кӛбеюде. Мҧндай
етек алып бара жатқан мәселелер қоғамымыздың дамуына кесiрiн тигiзетiнi
бәрiмiзге мәлiм. Бҧл проблеманың ҧшы жастарды тәрбиелеуде жатқандығын да
айта кету керек.
Жастар мәселесiндегi тәрбиенi шешуде кӛптеген ғалымдар (К.Оразбекова,
С.Қалиев,
Р.Тӛлеубекова,
А.Бейсенбаева,
Қ.Жарықбаев,
Н.Дҥтбаева,
Ж.Сәрсенова, А.А.Қалыбекова және т.б.) ӛз зерттеулерiн жҥргiзуде. Бҧдан
басқа жас ҧрпақ тәрбиесінде халық педагогикасы тәжірибесінен пайдалану
мәселелері
бойынша
Ж.С.Хасанова,
Э.А.Урунбасарова,
С.Ә.Әмірова,
Ҧ.О.Асанова, Қ.Т.Атемова, Ж.Б.Сәдірмекова зерттеулер жасады.
Отбасы – тарихи категория. Оның типтері, формалары және қызметтері
ӛмір сҥріп отырған ӛндірістік қатынастардың, жалпы қоғамдық қатынастардың
сипатына, сондай-ақ, қоғамның мәдени даму деңгейіне байланысты. Ӛз
кезегінде отбасы да қоғам ӛміріне ықпал жасайды. Ол баланың туылуы, балалар
мен жасӛспірімдердің әлеуметтік орнын табуы, ҥй шаруашылығындағы еңбегі,
ӛз мҥшелерінің кҥші, рухани және адамгершіліктік-эстетикалық жағынан
дамуына әсерін тигізу. [1]
Отбасы психологиясы - ӛзінің қалыптасу кезеңінде тҧрған психологиялық
ғылымдардың жаңа саласы. Ол отбасылық психотерапия практикасын,
отбасына психологиялық кӛмек және кеңес беру тәжірібесін, ата-аналарға
балалар мен жеткіншектерді дамыту мен тәрбиелеу мәселелерінде
(практикалық) психологиялық кеңес беру практикасын қарастырады. Отбасы
психологиясының ғылыми пән ретіндегі ерекшелігі оның психологиялық
практикалық тығыз байланыстылығы. Отбасының ӛміршеңдігін жоғарылату,
ерлі-зайыптылар және балалар мен ата- аналар қарым-қатынасының тиімдлігін
арттыру, отбасындағы балалар тәрбиесі мәселелерін шешудің әлеуметтік
сҧраныстары бҧл ғылыми пәннің дамуын жетелдетті.
Отбасы
психологиясының
теориялық
негіздері
әлеуметтік
психофизиология, тҧлға психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық
психология, клиникалық психология зертеулері болып табылады. Әлеуметтік
психология отбасын кіші топ ретінде қарастырып, ондағы лидерлік, отбасының
рӛлдік қҧрылымы, отбасының топ ретіндегі даму кезеңдері мәселелерін,
некедегі жҧпты таңдау, отбасындағы кикілжіңдер және оларды шешу жолдарын
қарастырады. Отбасы тәрбиесі мен педагогика әрқашанда педагогикалық
ғылымдардың маңызды саласы болып табылады. Міне осындай әр тҥрлі
сферадағы психологиялық зерттеулер қазіргі заманғы отбасы психологиясының
теориялық негізін қҧрды.
Отбасы психологиясының пәні болып жанҧяның функциялық қҧрылымы,
оның дамуының динамикасы мен негізгі заңдылықтары, жанҧяда тҧлғаның
дамуы болып табылады.
Жанҧя психологиясының міндеттеріне тӛмендегілер кіреді.
-
Жанҧяның ӛмір циклінің әр тҥрлі кезеңдеріндегі оның қызметтік рӛлдік
қҧрылымының даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттеу.
474
-
Некеге дейінгі кезеңді, неке жҧбын таңдау және іздеу ерекшеліктерін.
-
Ерлі-зайыптылық қарым-қатынастың психологиялық еркшеліктерін
зерттеу.
-
Балалар
мен
ата-аналар
қарым-қатынасының
психологиялық
еркшеліктерін зерттеу.,
-
Баланың әр тҥрлі жас кезеңдеріндегі дамуындағы жанҧя тәрбиесінің
рӛлін зерттеу.
-
Жанҧядағы нормативті емес дағдарыстар және оларды жеңудің
стратегиясын жасауды зерттеу.
Жанҧя психологиясы саласындағы практикалық қосымша білімдер отбасы
психологы мен отбасы кеңес берушісінің тӛмендегі қызметтерін кӛрсетеді:
-
Неке, оның ішінде неке жҧбын таңдау және некеге отыру мәселесінде
психологиялық кеңес беру.
-
Ерлі-зайыптылық мәселесінде кеңес беру (диагностика, коррекция,
профилактика).
-
Жанҧяда
дағдарысты
ситуацияларда
және
ажырасу
кезінде
психологиялық.
-
Балалар
мен
ата-аналар
қарым-қатынасының
коррекциясы,
профилактикасы, диагностикасы және кеңес беру.
-
Балалар мен жеткіншектерді дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде
психологиялық кеңес беру (дамудағы ауытқу мен бҧзылыстарды коррекциялау,
профилактика, диагностика).
-
«Тәуекел тобындағы» және дарынды балаларды тәрбиелеу мәселесінде
психологиялық кӛмек беру.
-
Бала асырап алу және олрдың тәрбиесі мәселесінде психологиялық кеңес
беру.
-
Отбасынсыз тәрбиеленіп жатқан балалар мен жеткіншектер дамуындаы
бҧзылыстар мен ауытқулықтардың психологиялық профилакикасы.
-
Тууды және жҥктілікті психологиялық кеңес беру. Неке және-
туысқандық байланыста тҧратын адамдар арасындғы қарым-қатынасты
реттеудің қоғамдық формасы.
Неке – (тарихи байланысқан), ерекше әлеуметтік институт. Ол ер мен әйел
арасындағы қарым-қатынастың тарихи байланысқан, әлеуметтік реттеуші
формасы. Ол ер мен әйелдің бір-біріне және балаларына деген қатынасының
қҧқықтары мен міндеттерін белгілейді. Неке жанҧя қҧрылуының негізі болып
табылады.
Жанҧя – бҧл кіші әлеуметтік топ. Ол ерлі – зайыптылық одаққа және
туысқандық байланысқа яғни бірге тҧратын және бірлескен шаруашылық
жҥргізетін ері мен әйелінің арасындағы, ата-аналар мен балалар арсындағы
қарым-қатынасқа негізделген жекелеген тҧрмысты ҧйымдастырудың маңызды
формасы. Туысқандық байланыстар 3 тҥрлі болады : қан жағынан (аға,
қарындас), туылуы жағынан (ата-аналар мен балалар), некелік қатынас (ері
әйелі).
Жанҧяның маңызды қызметтерінің бірі болып оның фелицитивті қызметі
болып табылады (адамның бақытқа деген қажеттілігін қанағаттандыру
қызметі), (felicio – латынша)
475
Некеде тҧратын адамдар жалғызбасты адамдарға қарағанда бақыттырақ
болады. АҚШ-та жҥргізілген 58 зерттеудің қорытындысында отбасылы
адамдардың 38%, ал жалғызбасты, ажырасқан адамдардың 13% озін
бақыттымын деп есептеген.
Жағымсыз отбасылық жағдайлар кҥшті стрессер болады. Мысалы, адамға
ең жағымсыз ықпалдар әсер ететіндер серігінің қазасы, ажырасу, отбасының
бӛлінуі отбасындағы жақын мҥшенің қазасы екені дәлелденген. [2]
И.С.Конның жҧмысының талдауы бойынша жанҧялық ӛмірдің жанҧялық
емес ӛмірден айырмашылығы олардың бірге тҧруы және бірлескен
шаруашылық жҥргізуі.
Орыс тілінде «семья» сӛзі алғашында бірге тҧратын қызметшілерді де қоса
барлық туысқандық ортаны білдірген. Тек XIV ғ. ғана ол тар, арнайы мағынада
қолданыла бастады. Сонымен жанҧяның негізгі сипаттамалары болып
тӛменднгілер табылады:
1) Жанҧяның мҥшелері арасындағы некелік және қан жағынан
туысқандық;
2) Бірге тҧру;
3) Бірлескен шаруашылық жҥргізу немесе ортақ жанҧялық бюджет.
Жанҧяда ӛзіндік ерекшелігімен кӛрінетін кез-келген жҥйе секілді
қызметтер қатары бар. Ол мәдени-тарихи дамудың сонымен қатар ӛмірлік цикл
кезеңдерінің ӛзгешелігі болып табылады.
● экономикалық (материалдық-ӛндірістік), шаруашылық-тҧрмыстық.
Индустриальдық қоғамға дейін жанҧя алғашқы ӛндірістік топ болды. Ол ӛзін
барлық негізгі материалдық жағдайлар мен айырбасқа қажетті азық ӛнімдері
мен қамтамасыз еткен. Ал қазіргі уақытта жанҧяның экономикалық қызметі
оның барлық мҥшелерінің табыстарының жиынтығы мен және бҧл табыстың
жанҧяның әрбір мҥшелерінің қажеттілігіне сай ҥлестірілуімен айқындалады.
Шаруашылық-тҧрмыстық қызмет жанҧя тҧрмысының және оның әрбір
мҥшелерінің жеке тҧрмысының ҧйымдастырылуы формасында кӛрініс береді
Ҥйішілік міндеттердің ҥлестірілуі және олардың мазмҧны тарихи
дәуірмен, ӛмір жағдайымен, жанҧя қҧрамы және оның ӛмірлік циклдік
кезеңдерімен байланысты.
● Репродуктивті. А.Г.Харчев бҧл қызметті жанҧяның әлеуметтік
қызметінің маңыздысы деп санаған. Жанҧяның репродуктивті қызметінің
маңыздылығы Ежелгі Рим кезеңінде–ақ мойындалған. Онда император
Августтің билігі кезінде Рим азаматтарының жанҧядағы бала туылуды
реттейтін заңдары шыққан. Бала туылуды жоспарлау мәселесін шешу және
халық санының ӛсімі барлық елдердің мемлекеттік саясатында маңызды қызмет
атқарады. Олар бала туылудағы дағдарыс мәселесімен және адам ресурсының
жетіспеушілігімен немесе бала туылу деңгейін шектеу қажеттілігінде оған
тәуелсіз бҧл мәселемен кезігеді .
● Баланы тәрбиелеу қызметі. Жанҧя баланы әлеуметтендірудің алғашқы
институты болып табылады. Жанҧя тәрбиесі баланың ерте жасында жақын
ересектермен толық эмоциялық – позитивті қарым-қатынаста жҥйелі дамуын
айқындайды. Баланың ересектенуі – мен жанҧяның тәрбиелік қызметі ӛз
маңызын жоймайды, тек оның міндеттері, қҧралдары, тәрбие тактикасы, т.б.
476
ӛзгереді.
● Рухани қарым-қатынас қызметі – жанҧя мҥшелерінің рухани ӛзара қарым
қатынасы ақпараттық алмасу қоғамдық ӛмірдегі , кәсіптілік, әлеуметтік – саяси
жәке адамға маңызы бар мәселелерді талқылау, әдеби және кӛркем
шығармаларды қабылдаудағы қарым-қатынас, жанҧя мҥшелерінің тҧлғалық
және интеллектуалдық ӛсуіне жағдай жасау.
● Эмоциялық қолдау және қабылдау қызметі. Қауіпсіздік сезімін және
топқа жататынын қамтамасыз ету, эмоциялық ӛзара тҥсініксіздік пен ортақ
сезімде болу.
● рекреативті (қалпына келтіруші) жанҧя мҥшелерінің психикалық тепе-
теңдігі мен жҥйкелік психикалық денсаулығын қалпына келтіру жағдайын
қамтамасыз ететін қызмет.
● Әлеуметтік реттеу, бақылау және қамқорлыққа алу қызметі.
2.Некелік –жанҧялық қарым- қатынастың дамуына қоғам тарихындағы сол
тектік ӛмір сҥруін сақтап қалу қажеттілігі және ӛзінің ӛндірістік-шаруашылық
іс-әрекетін дамыту қажеттілігі ықпал етті.
Адамзат тарихындғы некелік – жанҧялық қарым-қатынастың даму
кезеңдерін тӛмендегідей кӛрсетуге болады:
●промискултет(аралас, ортақ қауымдық) әйел мен ер арсындағы
әлеуметтік реттеусіз жҥйесіз байланыс. Бҧл адамзат қоғамының дамуының ерте
кезеңдеріне тән.
●эндогамия – ер мен әйелдің қауым ішілік бірге тҧруыныңәлеуметтік
шектеусіз тҥрі.
●экзогамия – ер мен әйел арасындағы қарым қатынаста қан жағымен
туысқандарымен жыныстық байланысы шетелген әлеуметтік реттелген
формасы. Экзогамияның бекітілуі адамның инстинкті-биологиялық ӛмірден
әлеуметтік мәдени-тарихи ӛмір тҥріне ӛткендігінің кӛрінісі.
Л.А.Петровскидің, Г.М.Андреева, К.Роджерстің еңбектерінде жанҧядағы
жеке тҧлғалар арасындағы қарым-қатынастың тимді жағдайлары анықталып
кӛрсетілген. Ол ӛзіне табысты қарым-қатынасты ҧйымдастырудың жалпы
принциптері мен жанҧядағы қолданылатын арнайы нормалар мен ережелерді
қамтиды:
- қарым-қатынастың ашықтығы;
- жанҧя мҥшелері ҥшін маңызды мәселелерді талдауды қамтамасыз ететін
қарым-қатынастың жоғары активтілігі: жанҧялық ӛмірде мҧндай бақылауларға
арнайы уақыт бӛлінеді: мысалы, бірлескен шай ішу, балалар мен ҧйқы алдында
сӛйлесу;
- вербальды емес қарым-қатынастың дәлдігі;
- жанҧядағы эмоционалды қарым-қатынастың жағымды дамуына жағдай
ретінде екінші жҧпты эмпатиялық қабылдау;
- ӛзара махаббаттың, эмпатияның, қабылдаудың, екінші жҧпты сыйлаудың
кӛрінуі.
Бҧл әсіресе отбасылық циклінің дағдарысты кезеңдерінде және стресті,
фрустрациялы, проблемалы ситуациялар туандағанда аса қажет: [3]
- жанҧялық тілдің қалыптасуы – бҧл жанҧялық белгілерді, дәстҥрлерді,
нормаларды анық, келісімді және жеңіл білу. Жанҧялық сӛздікке ерекше
477
есімдер, лақап аттар, бір оқиғаның маңызды белгілері, әзілдер, обасылық
әңгімелер кіреді. Және де сонымен қатар кӛзқарастың, жесттің, мимиканың
келісімді тҥрлері болады. Жанҧялық реликвия - семья ӛміріндегі белгілі бір
ерекше жадайлармен байланысты заттар да жанҧялық қарым-қатынастың
тҧрақтануында, жанҧялық ӛзіндік сананың қалыптасуы мен ӛзара
әрекеттесуінде маңызды рӛл атқарады.
Жеке тҧлғалар арасындағы қарым-қатынастың бҧзылуы – отбасы
проблемаларының ең ӛзектілерінің бірі. Отбасындағы жеке тҧлғалар
арасындағы қарым-қатынастың бҧылуының келесідей тҥрлерін бӛліп кӛрсетуге
болады:
1) Вербальді және вербальді емес қарым-қатынастың қайшылықтылығы.
2) Қарым-қатынастағы кедергілердің пайда болуы.
3) Қарым-қатынас барысында екінші жҧпты манипуляциялау, қарым-
қатынасты басқаруды теріс пайдалану.
4) Сезім алмасуының тоқырауы және бҧзылуы.
5) Ауытқушы қарым-қатынас.
6) Парадоксалды қарым-қатынас.
7) Маскалы коммуникация – мистификация.
8) Қарым-қатынас арнасы ҥшін кҥрес.
Қарым-қатынастағы қиыншылық кӛбінесе тиімді қарым-қатынастық
кедергілерден туады. Тиімді емес (высказывание) айта салу типтеріне
тӛмендегілер кіреді: бҧйыру; тіке нҧсқау беру; (алдын ала ескерту) қорқыту;
нотация; мерализаторство; кеңестер және тҥсіндіру; ломпалық аргументация;
тік негативті баға; мысқылдау; мҧқату; сҧрау; тергеу; ізіне тҥсу; зейінін аудару;
проблемадан қашу. Жанҧядағы жеке тҧлғалық қарым-қатынастардың бҧзылуын
ерлі-зайыптылардың жекелеген ерекшеліктеріне де байланысты.
Әдебиеттер тізімі
Достарыңызбен бөлісу: |