К. У. Сулейманова


Эпизоотологиялық  деректер



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата06.03.2017
өлшемі5,53 Mb.
#7714
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Эпизоотологиялық  деректер.  Безноитиоз  Қазақстанның  Оңтүстік 
облыстарында  ғана,  атап  айтқанда  Шымкент,  Жамбыл,  Қызылорда  және 
Алматы  облысының    оңтүстік  аудандарында    кездеседі.  Профессор  Б.  П. 
Всеволодов 1959 ж. Алматы ет комбинатында сойылған ірі қара  етін зерттеп, 
одан ең алғаш  паразит цисталарын тапты. 
Қазақстанда  безноитиоз  Сырдария,  Шу,  Талас,  Асы  өзендерінің 
алқаптарында және Іле , Амудария өзендері құйылыстарында кездеседі. 
Ауру белгілері. Безноитиоздың жасырын кезеңі 6-10 күн, ал кейде 1-1,5 
айға  созылады.  Аурудың  жіті  түрінде  алдымен  малдың  дене  қызбасы  40-
41,5
0
С    дейін  көтеріледі.  Бірақ  2-5  күннен  соң  қызба  басылып,  аздан  соң 
қайта көтерілуі мүмкін. Ауру малдың тыныс алуы мен жүрек соғуы жиілейді. 
Бұл  ауруға  тән  белгілерінің  бірі  -  көз  қарығуы.  Көзі  коньюнктивитке 
шалдығып,  мал  көзге  сәуле    түсуінен  қорқады.    Сондай-ақ  ринит  асқынып, 
танауларынан жалқаяқ сорғалайды. 
Ауру мал күйзеліп, тәбеті қашады. Кейбір сыртқы сөл бездері қабынады 
және  ұлғаяды.  Көздің  қас  қабағында  үлкендігі  тары  дәніндей,  ақ  түсті  

 
 
150 
(цисталар)  түйірлер  пайда  болады.  Танау  іші  қызарыңқы,  онда  ақ  түйірлер 
орналасқан.  Кейбір жануарлардың жұтқыншағында, қынабында да осындай 
ақ  түйірлер  кездеседі.  Кейбір  буаз  сиырлардың    іштастауы  мүмкін.  Кейде 
ауру малдың аяқтары және әукесі ісінеді. Сиырдың  қынабы, ал бұқаның ені 
қабынады. Сондықтан безноитиоз бұқаларды белсіздікке душар етеді. Күтімі 
нашар болса, безноитиозға шалдыққан мал шығынға ұшырауы мүмкін. 
Безноитиоздың  созылмалы  түрінде  мал  сап-сау  сияқты  боп  көрінеді, 
бірақ  біртіндеп  арықтай  береді.  Малдың  ісінген  терісі  қатпарланады,  
қалыңдайды,  тіпті  пілдің  терісіне  ұқсайды.  Кейбір  жерлерінің  терісі 
жарылып, одан қан шығып тұрады, түгі түседі. 
Ауру  мал  ыстыққа  шыдай  алмай,  тыпыршып  көлеңкеге  тығылады 
немесе  суға  түсіп  тұрады.  Шамамен  безноитиозға  шалдыққан  малдың  10  % 
шығынға ұшырайды. 
Диагнозы.  Безноитиоздың  эпизоотологиялық  деректерін,  аурудың 
клиникалық  белгілерін  анықтайды.  Ауру  малдан  алынған  цисталарды 
(түйіршіктерді)  екі  шынының  ортасын  салып  қысады  да,  ішіндегі 
трофозоиттарды  шығарып,  Романовский-Гимза  әдісімен  бояйды.  Сондай-ақ, 
биопсия  жасап,  теріден  алынған  кесіндіні  гистологиялық  әдіспен  тексеріп, 
цисталардың  бар-жоғын  анықтауға  болады.  Безноитиозды  анықтау  үшін 
серологиялық әдістерін де қолдануға болады (КБР). 
Өлекседегі  өзгерістер.  Өлген  малдың  өлексесі  тым  арық,  терісі  өте 
қалың,  терінің  беті  кедір-бұдыр,  кей  жерінің  түгі  түскен.  Тері  астының 
шелінде  және  бұлшық  шандырында  көптеген  цисталар  байқалады.  Сондай-
ақ,  цисталар  көзде,  танауда,  көмекейде,  кеңірдекте,  сиыр  қынабында, 
бұқаның ені мен күпегінде де көп кездеседі. Бауыры үлкейген, сары балшық 
түстес, әр жері нүкте тәрізденіп қанталаған. 
Емі. Безноитиоздың нақты емі әлі табылған жоқ. 
Алдын-алу және күресу шаралары. Ауру малды дер кезінде табыннан 
бөліп  оқшаулап,    жарамсыз  топқа  шығарып,  етке  пайдалану  керек.  Қан 
сорғыш  жәндіктермен  инсектицид  және  репеллент  дәрілерін  қолданып 
күресу  керек.  Мал  қораларын  уақытында  қидан  тазалап,  жиналған  көңді 
биотермиялық әдіспен өңдейді. Мал қорасына мысық жібермеген жөн. 
Жазда  шөлейт  аймақтарда,  өзен  алқаптарында,  қамысты  көл 
жағалауында  жайылған  малды  күзде  міндетті  түрде  клиникалық  байқаудан 
өткізу қажет. Бұл жұмыс басқа мал дәрігерлік шаралармен қоса, бір мезгілде 
жүргізіледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Безноитиоз ауруына жалпы сипаттама беріңіз 
2 Қоздырғышын атаңыз 
3 Қоздырғыштары малдың қай жерінде мекендейді 
4 Клиникалық белгілері қалай білінеді 
5 Алдын-алу шаралары қалай жүргізіледі 
 
 

 
 
151 
28-сурет.  Balantіdіum colі. 1, 2-микро және макронуклеус; 5 -ас қорыту 
көпіршігі; 3, 4 – жиырылмалы көпіршік; 6 -  ауыз қуысы. 
 
Тақырып 13 Шошқа балантидиозы 
Сабақтың  мақсаты:  Шошқа  балантидиозын  қоздырушы  құрылысымен, 
даму  биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар 
 
 
Шошқа  балантидиозы  -  жіті  немесе  созылмалы  түрде  өтетін 
Balantіdіum  colі  деп  аталатын  кірпікті  қарапайымдылар  қоздыратын,  колит 
немесе гастроэнтерит түрінде байқалатын жас  торайлардың ауруы. 
Қоздырғышы.  Ауру  қоздырғышы  тоқ  ішектің  кілегей  қабығында 
мекендейді.  Балантидиялар  сопақ  не  жұмыртқа  тәрізді,  ұзындығы  47-120 
мкм,  ені  27-85  мкм.  Денесінің  сыртында  кірпікшелері  бар.  Олардың 
көмегімен  балантидиялар  қозғалып,  тіпті  ішектің  қырына  да  еніп  кетеді. 
Паразиттің  цитоплазмасында  үлкен  (макронуклеус)  және  кіші  ядросы 
(микронуклеус) болады. Балантидиоз шошқадан адамға және 
атжалмандарға 
жұғуы  мүмкін.  Ал 
атжалмандар 
ауру  қоздырғышын  ұзақ  уақыт  сақтап 
қалады. 
Шошқа  ішегіндегі  балантидиялар  дәл  ортасынан  көлденеңінен  екіге 
бөлініп көбейеді. Сонан соң жыныссыз көбею коньюгациямен яғни көбеюдің 
жынысты түрімен ауысады. 
Шошқа  нәжісімен  сыртқа  шыққан  балантидиялар  сыртына  қабықша 
(циста)  түзіп,  денесі  дөңгеленеді.  Дене  тұрқы  мұндайда  58-88  мкм-ге  дейін 
кішірейеді.  Циста  ішіндегі  паразиттер  қоршаған  ортаның  қолайсыз 
жағдайларына  өте  төзімді.  Олар  бір  жылға  дейін  тіршілігін  сақтай  алады. 
Балантидиялар ішектегі микроорганизмдер және крахмалмен қоректенеді. 
 
 
 
 
Эпизоотологиялық 
деректер. 
Балантидиоз 
еліміздің 
көп 
аймақтарында  шошқа  өсіретін  шаруашылықтарда  кездеседі.  Аурудың  көзі  - 

 
 
152 
паразит  тасымалдушы  ересек  шошқалар  және 
атжалмандар
.  Паразит  ас 
қорыту  жолдары  арқылы  балантидия  цисталарымен  ластанған  жем-су 
арқылы  жұғады.  Балантидиозбен  көбінесе  енесінен  ажыратылған  торайлар 
ауырады. 
Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 3-14 күн. Оның жіті түрінде 
торайлардың дене ыстығы 1-1,5
0
С көтеріледі. Ауру торайлар күйзеліп, 
тәбеті 
қашып  жатып  алады,
  іші  өтеді.  Нәжісі  сұйық,  сұр  балшық  немесе  жасыл-
қоңыр  түсті,  шірік  иісті.  Кейінірек  оған  шырыш  және  қан  қосылады. 
Торайлар арықтайды, жерге аунап төсеніш астына енуге тырысады. Аурудың 
жіті түрі 2-3 аптаға созылады. 
Балантидиозының  созылмалы  түрінде  дене  ыстығы  қалыптағыдай  не 
сәл  көтеріңкі  болады.  Тәбеті  құбылмалы,  бір  қалыпты  емес.  Іш  өтуі 
көмескілеу,
  нәжісінде  қанның  ізі  ғана  бар.  Ауру  торайлардың  қаны  азайып 
әлсірейді, әбден арықтап титықтайды. 
Диагнозы.  Балантидиозды  кешенді  зерттеулер  негізінде  анықтайды. 
Ауру  торайдан  алынған  сіріңке  басындай  ғана  нәжісті  2-3  тамшы 
физиологиялық ерітіндіге араластырып жұғынды препарат жасап, микроскоп 
арқылы тексеру керек. Мұндайда балантидиялардың қозғалымпаз түрлерін не 
цисталарын табады. 
Өлекседегі  өзгерістер.  Балантидиоздан  өлген  торайдың  өлексесі  өте 
арық.  Жіті  балантидиозда  соқыр  ішек  пен  тоқ  ішек  және  қарынның  кілегей 
қабығы  ісінеді,  катаральді  қабынады.  Соқыр,  тоқ  және  тік  ішектердің    әр 
жерінде  уытты  жаралар  кездеседі.  Олардың  үлкендігі  бұршақтан  ағаш 
жаңғағына дейін. Шажырқай сөл бездері үлкейген, әр жері қанталаған. 
Емі.  Балантидиозға  қарсы  0,03-0,05  г/кг  мөлшерінде,  күніне  2  рет  үш 
күн ұдайы осорсол беріледі. Күніне 2 реттен 0,05 г/кг мөлшерінде екі-үш күн 
ұдайы ішкізілген ятрен де жақсы нәтиже береді. 
Сондай-ақ,  осы  екі  дәріні  кезекпе-кезек  қолдануға  болады.  Мұндайда 
алғашқы  үш  күнде  осарсол,  кейінгі  үш  күнде  ятрен  беріледі.  Тилан  0,0012 
г/кг мөлшерінде күніне 2 рет, 3 күн ұдайы жемге не суға қосылып беріледі. 
Фуразолидон    да  жақсы  нәтиже  береді.  Оны  аздап  жемге  қосып, 
енесінен ажыратылған торайларға 2 мг, ересек шошқаларға 5 мг-нан күніні 2 
рет бес күн ұдайы береді. 
Йодинал  4  айға  дейінгі  торайға  3-15  мл,  4  айдан  үлкен  торайға  20-25 
мл-ден күніне 2 рет беріледі. 
Алдын-алу  және  күресу  шаралары.  Шошқа  қораларын  мұқият 
тазалап,  жиналған  қиын  биометриялық  өңдеуден  өткізу  шарт.  Шошқа 
азығына  витаминдер  мен  микроэлементтерді  және  т.б.  қосып,  дұрыс 
азықтандыру керек. Жазғы жайылым  кезінде шошқаларды лагерьде бағуды 
ұйымдастыру  өте  тиімді.  Торайларды  енесінен  ажырату  кезінде  химиялық 
алдын алу  әдісін қолданады. Ол үшін 1 г фуразолидонды 1 кг борға қосып 
береді. 
Ятренді осарсолмен алма-кезек береді. Ол үшін  алғашқы үш күн ятрен емдік 
мөлшерінде берілсе, ал кейінгі үш күнде осарсол беріледі. 
 

 
 
153 
Бақылау сұрақтары: 
1 Ауру қоздырғышы шошқалардың қай жерін мекендейді 
2 Балантидиялардың дене тұрқын көрсетіңіз 
3 Даму биологиясы қалай өтеді 
4 Торайлардың ауру белгілері 
5 Диагнозды қалай қояды 
 
 
Тақырып 14 Анаплазмоз 
Сабақтың  мақсаты:  Ірі  қара  телязиоз  қоздырушының  құрылысымен,  даму 
биологиясымен,  клиникалық  белгілерімен,  диагноз  қою,  ем  өткізу 
әдістерімен таныстыру. 
Құрал-жабдықтар: Плакаттар, дымқыл препараттар 
 
Анаплазмоз  -  Anaplasma  туысына  жататын  риккетсия  тобындағы  ұсақ 
қан паразиттері қоздыратын, анемиямен сипатталатын созылмалы ауру. 
Қоздырғышы  -  мүйізді  ірі  қарада  -  Anaplasma  margіnale  және 
A.rossіcum,  мүйізді  ұсақ  малда  A.ovіs.  Бұл  қан  паразиттерін  ірі  қарадан  ең 
алғаш  1893  ж.  Т.Смит  және  Ф.Э.Килборн  (АҚШ)  тапқан.  Қазіргі  кезде  бұл 
ауру Қазақстанның Оңтүстік аудандарында кездеседі. 
Малдың әр түлігінде анаплазмоз ауруын қоздыратын анаплазма түрлері 
өздерінің  құрылымы  жағынан  бір-біріне  өте  ұқсас.  Олар    мал  қаны  қызыл 
түйіршіктерінің ішінде өмір сүреді. Романовский-Гимза әдісімен боялған қан 
жұғындысында,  анаплазмалар  эритроцит  ішіне орналасқан дөңгелек  пішінді 
немесе  нүкте  тәріздес  өте  ұсақ  микроорганизмдер.  Анаплазмалар 
қарақошқыл  немесе  қызыл  түске  боялады,  дене  тұрқы  0,2-1,2  мкм. 
Көпшілігінің  пішіні  нүкте  тәрізді  болады,  ал  кейде  құйрықтылары  да 
кездеседі. Бір эритроцит ішінде 1-8 данасы болуы мүмкін. 
Өсіп-өнуі.  Эритроцит  ішіне  орналасқан  анаплазмалар  жыныссыз 
түрмен  көбейіп,  екіге  бөлінеді.  Сондай-ақ,  кейбір  жағдайларда  бүршіктеніп 
те  көбейеді.  Алғашқыда  өсіп-өну  баяу  басталып,  кейінірек  бұл  құбылыс  
жылдамдайды  да,   паразитемия 80 % -ға, тіпті одан да жоғары көтеріледі. 
          Эпизоотологиялық  деректер.  Анаплазмоз  ТМД    мемлекеттерінің   
оңтүстік аудандарында тіркеледі. 
Орта  Азия  республикаларында  және  Қазақстанда  анаплазмоз  май 
айынан  бастап  пайда  болып,    жаз  бойы  тіркеледі.  Анаплазмоздың 
қоздырғышы  иксодид  кенелерімен,    шіркейлермен,  масалармен,  ұсақ 
соналармен,  шақпа  шыбындармен  таралады.  Анаплазмоз  бір  малдан  басқа 
малдарға  механикалық  жолмен,  хирургиялық  саймандар  арқылы  да    жұғуы 
мүмкін. 
Анаплазмоз  жазғы  және  күзгі  маусымдарда,  әдетте  басқа  қан  паразит 
ауруларымен  араласып  кездеседі.  Жергілікті  мал  ауруға  төзімді,  ал  басқа 
жерден әкелінген мал бейім келеді. Қанға енген паразит эритроциттер ішінде 
өсіп-өніп  көбейіп,  қан  түйіршіктерінің  ыдырауына  себеп  болады.  Оның 
салдарынан  организмде  зат  алмасуы  бұзылады.  Анаплазмозда  иммунитет 

 
 
154 
стерильді емес, ауырып сауыққан ірі қара қанында 14 жыл, қой қанында 4,5 
жылға дейін анаплазмалар сақталады. 
Ауру белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 3-6 апта, кейде 3 айға дейін. 
Ауру  малдың  ыстығы  1-1,5
0
С  көтеріледі.  Аурудың  ең  негізгі  белгісі 
анемияның  үдей  түсуі.  Кілегей  қабықтары  алғашқыда  сарғыштанып, 
кейіннен  бозарып,  тіпті  фарфор  тәрізденіп  кетеді.  Бездері  шошынады, 
малдың  мойнында,  әукесінде  ісік  пайда  болады.  Жүрек  қызметі  күшейеді, 
тыныс  алысы  айтарлықтай  өзгермейді,  ішек-қарын  қозғалысы  тоқталады. 
Қандағы эритроциттер саны 1 млн дейін азаяды, гемоглобин мөлшері де 4-5 
рет кемиді. 
Өлекседегі  өзгерістер.  Өлген  малдың  өлексесі  өте  арық.  Кілегей 
қабықтары,  бұлшық  еттері  бозарыңқы,  кейде  сарғылт  түсті.  Жұтқыншағы, 
мойны және әукесі ісінген. Қаны сұйық боз-қызыл түсті. Жүрегі қанталаған, 
талағы шұбар түсті, бездері шошынған. 
Диагноз. Анаплазмозға диагноз эпизоотологиялық мәліметтерге, клиникалық 
белгілеріне, 
патологоанатомиялық 
өзгерістерге 
және 
зертханалық 
зерттеулердің  негіздеріне  сүйене  отырып  қойылады.  Анаплазмозға  ерте 
диагноз  қою  үшін  серологиялық  реакциялар  қолданылады:  комплементті 
байлау реакциясы және иммунофлуо-ресценция реакциясы. 
Анаплазмозға 
диагноз 
Романовский-Гимза 
әдісімен 
боялған 
қан 
жағындыларын  және  лимфа  түйіндерін,  көк  бауырдың  немесе  бауырдың 
сорындыларын зерттеу  арқылы да қойылады. 
Емі. Ірі қараға террамицин 10-15 мг кг (физиологиялық ерітіндідегі  8 
% ерітіндісі немесе 40 % глюкозадағы ерітіндісі) қалың етке егіледі. Бұл дәрі 
3 рет (8-12 сағаттан кейін) қолданылады. 
Қойға террамицин немесе тетрациклиннің 5-10 мг/кг мөлшерінде 1 % 
новокаинде  жасалған  8-10  %  ерітіндісі  етке  егіледі.  Ем  4-5  күн  ұдайы 
қолданылады. 
Алдын алу және күресу  шаралары. 
Малдардағы,  жайылымдардағы  кенелерге  қарсы  жүйелі  түрде  күрес 
жүргізіледі. 
Анаплазмозға  диагноз  қойылған  жағдайда,  ауру  малдар  бөлініп  алынады 
және емдеу жұмыстары жүргізіледі. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1 Анаплазмоз қандай аурумен сипатталады 
2 Қоздырғыштарын атаңыз 
3 Анаплазмалардың дене тұрқын көрсетіңіз 
4 Даму биологиясы қалай өтеді 
5 Клиникалық белгілері қалай білінеді 
 
 
 
IV БӨЛІМ Мал дәрігерлік арахнология 
 

 
 
155 
Арахнология  (Arachnologіa)  -  өрмекші  тәрізділер  туралы  ғылым 
(arachne-  өрмекші,  logos-ілім  деген  грек  сөздерінен  тұрады).  Буынаяқтылар 
Arachnoіdea  тобы,  Arthropoda  (буын  аяқтылар)  топтамасына  жатады.  
Жануарлар  дүниесі  ішінде  буынаяқтылар  өзінің  көп  түрлілігімен 
оқшауланады.    Олардың  жер  шарында  1,5  млн-дай  түрі  бар.  Әсіресе,  
жәндіктер барлық   буынаяқтылардың 90 %-ын құрайды. 
Буынаяқтылардың  симметриялы  денесі  бунақтардан  құралған  және 
хитинді 
қатты 
қабыршықпен 
қоршалған. 
Хитин 
қабыршығы 
полисахаридтерден  тұрады.  Қабыршақтың  әр  жерінде  қалқаншалары 
(склерит)    және  оларды  бір-біріне  жалғастырып  тұрған  жарғақшалары  бар.  
Сыртқы қабыршық қаңқа қызметін де атқарады. 
Өрмекші  тәрізділердің  басы  кеудесімен  бірігіп,  бас-кеуде  бөлімін 
түзейді.  Ал,  кенелердің  денесі  біртұтас.  Буынаяқтылардың  аяқтары 
буындардан  құралады.    Жәндіктерде  3,  ал  өрмекші  тәрізділерде  4  жұп 
аяқтары  бар. 
Буынаяқтылардың  жүйке  жүйесі  жұтқыншақ  маңындағы  жүйке 
сақинасынан  және  оған  қосылып  жатқан  құрсақ  тізбегінен  тұрады.  Дененің 
әр  буылтығында    жүйке  тізбегінің  жұпталған  түйіні  бар.  Буынаяқтыларда 
жүйкелік  рецепторлар  жақсы  жетілген.  Рецепторлар  рөлін  сенсиллалар  (бір 
немесе  топталған  торшалар)  атқарады,  олар  қабыршақ  астына  орналасқан. 
Олардың  көмегімен  буынаяқтылар  қоректік  заттарды  (иелерін),  ыстық-
суықтықты, химиялық заттарды және басқа факторлерді ажырата алады. 
Көз құрылысы әртүрлі. Жәндіктердің күрделі және қарапайым көздері  
болады.  Кенелердің  кейбір  түрінің    жай  көздері  бар,  бірақ  көптеген 
түрлерінің көзі болмайды. 
Буынаяқтылардың  қан  айналымы  тұйық  емес.    Жүрегі  түтік  тәрізді 
құрылымдардан  тұрады.  Олардың  гемолимфасы  (қаны)  сары,  қызыл  немесе 
көгілдір түсті, ішінде қан түйіршіктері бар. Тыныс алысы арнайы түтікшелер 
(кеңірдек)  арқылы  іске  асады.  Кеңірдек  тармақтары  барша  ұлпамен 
жалғасқан.    Ұсақ  буынаяқтылардың    тыныс  мүшелері  жоқ,  олар  сыртқы 
қабыршағы  арқылы  тыныс  алады.  Суда  мекендейтін  буынаяқтыларда 
желбезектер болады. 
Буынаяқтылардың қоректенуі әр қилы. Паразиттік жолмен өмір сүретін 
түрлері жануарлардың қанымен және ұлпаларымен қоректенеді. Зәр шығару 
жүйесі мальпиги түтікшелерінен тұрады. 
Буынаяқтылар  –  дара  жыныстылар.    Арасында  қосжыныстылары  да 
кездесуі мүмкін.  Өсіп-өнуі, әдетте аналығының ұрықтануынанан  басталады. 
Көптеген түрлері жұмыртқа салады, кейбір түрлері ғана балаңқұрт туады. 
Буынаяқтылар  сатылап  өседі.  Жұмыртқасы  жетіліп,  балаңқұртқа 
айналады,  олар  түлеп  нимфа  сатысына,  ал  нимфадан  имаго-еркегі  немесе 
ұрғашысы түзіледі. Дамудың әр сатысында олар түлеп, қабықшасын өзгертіп 
отырады.  Түлеу  кезеңінде  буынаяқтылар  құрылысы  өзгеріп,  олар  жетіледі. 
Буынаяқтылардың дамуындағы мұндай өзгерістер метаморфоз деп аталады. 
Буынаяқтылар  5  топқа  бөлінеді.  Олардың  3  тобының  ветеринариялық 
маңызы бар:  Arachnoіdea  (өрмекші тәрізділер), Іnsecta (жәндіктер), Crustacea 

 
 
156 
(шаян 
тәрізділер). 
Мал 
дәрігерлік 
арахнология 
Parasіtіformеs 
(паразитиформдық)  және  Acarіformеs  (акариформдық)  класына  жататын 
кенелерді  зерттейді.  Паразитиформды  кенелер    індетті  және    инвазиялық 
аурулар  қоздырғыштарын  тасымалдайды.  Қотыр    ауруларын  акариформды 
кенелер тудырады. 
 
                        Паразитиформды кенелер 
 
Parasіtіformеs  тегіне  жататын  кенелердің  дене  тұрқы  ірі  келеді.    Бұл 
кенелер  жануарлар  (кейде  құстар)  денесінде  (эктопаразиттер)  паразиттік 
жолмен  тіршілік  етеді.  Сондай-ақ,  олар  түрлі  аурулар  қоздырғыштарын 
тасымалдайды.  Бұл  текке  жататын  кенелердің  ветеринариялық    маңызы  бар 
тұқымдастықтары: 
Іxodіdae  - жайылым кенелері 
Argasіdae – аргазид кенелері 
Gamasoіdae–гамазоид кенелері 
                                 
Иксодид немесе жайылым кенелері 
 
Иксодид кенелерінің мал патологиясындағы маңызы жөнінде ең алғаш 
пікір  айтқан  Кильборн  және  Смит  (1983).  Олар  алғаш  рет    ірі  қара  
пироплазмозын кенелер тасымалдайтынын анықтаған. 
Протозоидтық,  вирустық,  бактериалдық  және  саңырауқұлақтар 
тудыратын  аурулар  қоздырғышын  тасымалдауда  және  оларды  сақтауда 
иксодид 
кенелерінің 
маңызы 
барын 
В.Л.Якимов, 
А.В.Белицер, 
Е.П.Джунковский,  А.А.Марков,  И.В.Абрамов,  Р.Кох,  А.Тейлер,  Эд.  Сержан 
және т.б. зерттеулері көрсетті. 
Ixodidae  тұқымдасы кенелерінің  денесі ірі және біртұтас, пішіні сопақ-
ұзынша келген. Денесінің алдыңғы жағында тұмсығы-гнатосома орналасқан. 
Тұмсықтың  құрамына:  оның  түбі,  екі  қармалауышы,  екі  хелицері  (жоғарғы 
жақ)  және  бір  гипостомасы  (төменгі  жақ)  енеді.  Иксодидтердің 
қармалауыштары  сезім  қызметін  атқарады,  олардың  көптеген  сезімтал 
талшықтары  бар.  Қармалауыштарының  көмегімен  кене  жануарлар  терісіне 
жабысатын  жерін  тауып  алады.  Қармалауыштар  арасына  өткір  тістерімен 
қаруланған  хелицерлер  орналасқан.    Хелицерлердің  астыңғы  жағына 
гипостом орналасқан, оның үсті тікен тәрізденіп иректелген, солары арқылы 
кенелер теріге мықтап жабысады. Тұмсықтың тұрқы мен пішіні әртүрлі. 
Денесі-идиосома,  кененің  даму  сатысына  және  қанға  тою  дәрежесіне 
байланысты пішіні мен тұрқы өзгеріп тұрады. Аш кененің денесі жалпақтау, 
ал  тойынғанда  сопайып  дөңгеленеді.  Арқа  жағында  тығыздалған  хитин 
қалқаншасы  (скутум)  бар.  Ол  ұрғашы  кенелердің  тек  қана  арқасының 
алдыңғы  жағын,  ал  еркектерінің  жотасын  түгел  жауып  тұрады.  Кейбір 
кенелердің  алдыңғы  жағында  қалқаншаның  шет  жағына  орналасқан  көздері 
болады.  Денесінің  іш  жағында,  төртінші  аяқтарынан  төменірек  торлы 
табақшалар - перитремалар, ал олардың ортасына тыныс тесіктері-стигмалар 

 
 
157 
орналасқан.  Сондай-ақ,  кененің  іш  жағында  жыныс  және  артқы  тесіктері 
орналасқан. Иксодид кенелерінің еркектерін, ұрғашыларынан айыру оп-оңай 
(диморфизм).    Аш  ұрғашы  кененің  дене  тұрқы  еркегінікіндей  немесе  аздап 
үлкенірек. Қан сорғаннан кейін ұрғашыларының денесі бірнеше есе үлкейеді. 
Иксодид  кенелерінің  (географиялық)  жер  жүзіне  таралуы  кейбір 
биотикалық және абиотикалық жағдайларға байланысты. Әсіресе, кенелердің  
қоректік  ортасы  болуының  маңызы  өте  зор.  Одан  басқа  кенелердің  өмір 
сүруіне  қолайлы  жылылық,  ылғалдылық,  өсімдіктер  құрамы  да  үлкен  әсер 
етеді.  Кенелердің  малға  жабылуы,  жұмыртқалауы  ауа  райының 
қолайлылығына, 
сондай-ақ 
күннің 
ұзақтығына 
да 
байланысты.  
Буынаяқтылардың мекендейтін жерін биотоп деп атайды. 
Биотоптардағы  кенелердің  саны  үнемі  өзгеріп  отырады.  Адамның 
табиғатқа  қол  сұғуы,  өсімдіктер  және  жануарлар  дүниесін  әртүрлі 
өзгерістерге  душар  етеді.  Мұндай  өзгерістерге  сол  биотопта  тіршілік  ететін 
кенелер  өте  сезімтал  келеді.  Мал  жайылымдарын  жақсарту  мақсатымен 
себінді шөптердің аумағы ұлғайған сайын кенелер саны да азаяды. 
Кенелерді  өз  биотоптарында  және  ауыл  шаруашылық  жануарларына 
жабысқан  кезінде    жою  шаралары,    адаммен  мал  басын  олар  жұқтыратын 
аурулардан  сақтандырады.  Иксодид  кенелері  өзінің  жеке  дамуында 
(онтогенезінде) бірнеше сатыдан өтеді. Оларға жұмыртқа, балаңкене,  нимфа 
және имаго жатады.  Аталығымен шағылысқан кенелердің ұрғашылары,  мал 
қанына  тойынған  соң  жерге  (жайылымдарда)  түсіп,  күн  сәулесі  түспейтін 
жырыққа,  тастар  астына,  қалың  ескі  шөп  ішіне  және  т.б.  жұмыртқалайды. 
Кенелердің  ұрғашылары  3  мыңнан  15  мыңға  жуық  жұмыртқа  салады  да   
тіршілігін  тоқтатады.  Үш  аптадан  кейін  жұмыртқалардан  алты  аяқты 
балаңкенелер  шығып,  мал  қанымен  қоректенеді.  Кейбір  балаңкенелер 
жануарлар денесінен түспей, дамуының келесі сатысы  -  нимфаға айналады.  
Нимфа сатысы да 4-6 тәулік қан сорғаннан кейін жануарлар денесінен түсіп 
немесе  сол  жануардың  үстінде-ақ  ең  соңғы  сатысы-имагоға  айналады.  Әр 
нимфадан кененің ұрғашысы не еркегі шығады. Кенелердің толық өсіп-даму 
циклі (айналымы) олардың таралу ареалына байланысты - бірнеше айдан 3-4 
жылға дейін созылады. 
Жайылым  кенелерінің  мал  түріне  шабуылдауына  байланысты  оларды 
бір иелі, екі иелі және үш иелі деп жіктейді. Бір иелі кенелер өсіп-дамуының 
барлық  сатыларында  бір  ғана  жануардың  қанын  сорады.  Екі  иелі  кенелер 
балаң    және  нимфа    сатыларында  бір  жануарды  талап,  ал  имаго  сатысында 
басқа  жануарды  талайды.  Ал,  үш  иелі  кенелердің  балаң,  нимфа  және  имаго 
сатылары үш түрлі жануарларды талап, өсіп-дамиды. 
Кенелердің жануарлар организмімен қарым-қатынасы күрделі және  әлі 
толық  зерттелмеген.  Олардың  сан-қилы  омыртқалылардың  қанын 
соратындығы  мәлім.  Табындағы  және  отардағы  малдардың  кенеге  талануы 
әртүрлі  дәрежеде  болады.  Ол  жануарлар  тобының  жасына  және  т.б.  жеке 
организм  ерекшеліктеріне  байланысты.  Жабысқан  кенелердің  саны 
организмнің  тойтарыс  күшіне,  кенеге  қарсы  пайда  болған  иммунитетке 
байланысты. 

 
 
158 
Кене  тұмсығы  терінің  эпидермалық  қабатына  ғана  енеді.  Тұрқы  
әртүрлі  болғанымен  балаң  кене,  нимфа  және  имаго  сатыларының 
тұмсықтары теріге біркелкі тереңдікке енеді. Кенелер гипостомның тікендері 
және  айрықша  секрет  “цемент”  арқылы  мал  терісіне  нығайып  бекиді.  Кене 
қанға  тойып  түскеннен  кейін  “цемент”  жарақатта  қалып  қояды,  соның 
әсерінен терінің эпидермалық қабатында реактивтік өзгерістер пайда болады. 
“Цементпен”  және  кенелердің  сілекейімен    бірге  мал  организміне 
антикоагулянттардан және т.б. улы заттардан құралған күрделі заттар енеді. 
Сондықтан  жарақат  орны  ісінеді  және  оған  эозинфильдері  басым  торшалар 
жиналады. Кенеге таланған жануарлардың қан құрамы өзгереді, организмде 
аллергиялық  құбылыс  пайда  болады,  сондай-ақ  алынатын  өнімдер  саны 
төмендейді. 
Біздің  елімізде  таралған  Іxodіdae  тұқымдасына  жататын  жайылым 
кенелері алты туысқа бөлінеді. Олар мыналар:  Hyalomma (шыны көз), Іxodes 
(жабысқақ),  Dermacentor  (тері  жырғыш),  Haemaphіsalіs  (қан  сүйгіш), 
Rhіpіcephalus (желпуіш бас) және  Boophіlus (бұқа сүйгіш). 
Hyalomma  туысына  ұзын  тұмсықты,    көздері  бар  кенелер  жатады. 
Сондықтан  оларды  шыны  көз  деп  атайды.    Ауыл  шаруашылық 
жануарларында бұл туыстың Hyalomma anatolіcum,  H. detrіtum, H. scupense 
деген    түрлері  кездеседі.  Бұл  кенелер  Қазақстанның  шөлді  және  шөлейт 
аймақтарында  көп  тараған.  Әсіресе  Қызылорда,  Шымкент,  Жамбыл 
облыстарында,  сондай-ақ  Алматы  облысының  кейбір  аудандарында 
кездеседі.  Hyalomma  туысына  жататын  кенелер  көбінесе  ірі  қара  мал 
паразиті. Жылқы, қой, ешкі, түйе түліктеріне  Hyalomma кенелері өте сирек 
жабылады. Бұл кенелердің  H. anatolіcum және H. detritum  деген түрлері ірі 
қараның  қарапайымдылар  қоздыратын  тейлериоз  ауруын  тасымалдайды. 
Кененің  бұл  түрі  еліміздің  Оңтүстігінде  ғана  кездеседі.  Оның  ареалының 
Солтүстік  шекарасы-  Ресейлік  Астрахан  облысынан,  Қазақстанның 
Оңтүстігін басып, Қырғызстанға дейін барады. Теңіз деңгейінен 500 м биіктік 
бұл  кенелерден  бос.  Кенелер  мал  қораларында,  олардың  қабырғаларында, 
оттығында тығылып жатуы мүмкін. Сондай-ақ көң астында, кемірушілердің 
інінде, саман және қамыстан істелген құрылыстарда кездеседі. Ал, H.scupense 
деген түрі мал қораларында қыстайды. Сол себепті тейлериоз ауруы шамалап 
қыста да кездеседі. 
Ересек кенелер малды мамыр-тамыз айларында, ал балаң кенелері мен 
нимфалары  тамыз-қыркүйек  айларында  талайды.  Тойынған  балаңкенелер 
мен  нимфалар  малдың  үстінен  жерге  түсіп,  жайылымда  қыстап  шығады. 
H.plumbeum 
кенелері 
жылқы 
пироплазмозы 
мен 
нутталиозының 
қоздырғыштарын  тасымалдайды.  Кенелердің  бұл  түрі  Оңтүстік  Қазақстанда 
және  Орта  Азия  республикаларында  кездеседі.  Олар  мамыр-маусым 
айларында  малды  көп  талайды.  Балапан  кенелер  мен  нимфалары  мамыр 
айынан  қазан  айына  дейін  мал  қанымен  қоректенеді.  Жайылымға  түсіп 
қалған  нимфалар  күзде  имаго  сатысына  түлеп,  көктемге  дейін  анабиоз 
жағдайына еніп, қыстап шығады. 

 
 
159 
H.scupense- 
ірі-қара  тейлериозы  мен  жылқы  нутталиозының 
қоздырғыштарын  тасымалдайды.  Бұл  кенелер  Орталық  Қазақстанға  дейін 
тараған.  Оңтүстікке  қарай  бұл  кене  жақсы  бейімделген,  тек  теңіз  бетінен 
1000  м  биіктікте  ғана  болмайды.  Бұл  кененің  ерекшелігі-жануарларды 
жылдың  суық  уақытында,  яғни  қазан  айынан  мамырға  дейін  талайды. 
Олардың  ұрғашылары  жануарлар  денесінен  наурыз-мамыр  айларында  түсіп 
қалады.  Маусым  айында  жұмыртқалап,  одан  шыққан  балаңкенелер  күздің 
суығына  дейін  малға  жоламайды.  Олар  негізінен  ірі  қара  малды,  сирегірек 
жылқы,  қой  және    т.б.  жануарларды  талайды.  Қыстың  желтоқсан, 
қаңтар,ақпан айларында нимфалардың қоректенуі және оның имаго сатысына 
дамуы баяулайды. 
Іxodes туысына жататын кенелердің тұмсығы ұзын, түбі төрт бұрышты. 
Көздері  жоқ.  Сондықтан  олар    бұтаның  не  шөптің  басына  шығып  алып, 
алдыңғы  аяқтарын  созып  отырады.  Мұндай  кенелерді  мал  жүретін 
соқпақтарда  кездестіруге  болады.    Кенелер  соқпақпен  өтіп  бара  жатқан 
жануарларға  немесе  адамға  жабыса  кетеді.  Сондықтан  да  бұл  кене  туысын 
Іxodes жабысқақ деп атайды. 
Жайылым  кенелерінің  ішінде  бұл  туысқа  жататын  кенелер  аса  көп 
тарамаған.  Олардың    Іxodes  rіcіnus  және    І.  рersulcatus    деген  түрлері 
жайылымдарда  жиі  кездеседі.    Бұл  кенелер  ірі  қара    бабезиозының 
қоздырғышы  Babesіa  bovіs,  қой  анаплазмозының  қоздырғышы  Anaplasma 
ovіs  және  ірі  қара  анаплазмозының  қоздырғышы  A.  margіnale  паразиттерін 
тасымалдайды.  Сондай-ақ,  І.  рersulcatus  адамның  кейбір  вирусты  және 
бактериалды ауру қоздырғыштарын жұқтырады. 
Іxodes  rіcіnus  кенесі  Евроазия  аймағының  солтүтік-батысында  көп 
тараған,  оның  шығысқа  қарай  таралу  шекарасы  Волга  өзеніне  дейін  келеді. 
Сондай-ақ  Кавказ  тауы  мен  тау  етегінде  де  кенелер  кездеседі.  Ал,  Волга 
өзенінен  шығысқа  қарай  орталық  және  Оңтүстік  алқаптарды  басып,  Қиыр 
Шығысқа  дейінгі  таулы  және  ағашты  жерлерде  І.  persulcatus  кенелері 
кездеседі.  Олар    Қазақстанның  тау  етектерінде  және  кішігірім  тауларда 
қалың шөп және бұталар арасында кезедеседі.  Кенелердің бұл түрі кекілік, 
ор  қоян  және  т.б.  жабайы  аңдар  және  үй  жануарларының  эктопаразиттері. 
Іxodes кенелері суыққа өте төзімді. – 20
0
С суықтыққа шыдай береді. Қолайлы 
жағдайларда  өсіп-жетілуіне  5-9  айдай  уақыт  керек,  ал  кейбір  жылдары  бұл 
кенелердің өніп-өсуі 2-3 жылға дейін созылады. І. persulcatus кенелері Қиыр 
Шығыста адамның энцефалит ауруының қоздырғышын тасымалдайтын және 
осы аурудың табиғи ошақтарын түзуге қатысатыны анықталды. 
Dermacentor  туысына  жататын  кенелер  жылқының  пироплазмоз 
(қоздырғышы Pіroplasma caballі) және нутталиоз (қоздырғышы Nuttallіa egyі) 
ауруларын  тасымалдайды.  Бұл  туысқа  жататын  кенелердің  алты  түрінің 
ішінде  Dermacentor  margіnatus  және    D.  pіctus  деген  түрлерінің 
эпизоотологиялық маңызы бар. 
Dermacentor  туысына  жататын  кенелердің  тұмсығы  қысқа,  түбі  төрт 
бұрышты, жотасында, екінші аяқ тұсында көздері бар. Денесінің үстіңгі жағы 

 
 
160 
қоңыр түсті болғанымен күміс реңді. Сондықтан бұл кенелерді басқаларынан 
тез айыруға болады. 
Ересек, яғни имаго сатысындағы Dermacentor кенелері жылқы, ірі қара 
мал, ешкі, қой және т.б. жануарлардың қанын сорады. Ал, балапан-кене және 
нимфа  сатыларында  ұсақ  кеміргіштерді  талайды.  Бұл  кенелер  жануарларға 
көктем және күз айларында жабысады. Ересек кенелер 2-3 жылдай аштыққа 
шыдайды. Бір жылдың ішінде бір ұрпағы өсіп-өнеді. 
Dermacentor  margіnatіs  үш  иелі  кене.  Олар  жылқының  пироплазмидоз 
ауруларынан  басқа  ірі  қараның  анаплазмозын  (қоздырғышы  Anaplasma 
margіnale),  қойдың  анаплазмозын  (A.оvіs)  және  тейлериозын  (қоздырғышы 
Theіlerіa  recondіta),  сондай-ақ  кеміргіштердің  туляремия  ауруларын 
тасымалдайды.  Кененің  бұл  түрі  Украина,  Молдавия,  Қырым,  Қазақстан, 
Орта  Азия  республикаларында,  сондай-ақ  Батыс  және  Шығыс  Сібірдің 
Оңтүстік бөлігінде кездеседі. 
Dermacentor  pіctus  түрі  де  үш  иелі  кене.  Ол  жылқының 
пироплазмидоздарынан  басқа  -  ит  пироплазмозын  (қоздырғышы  Pіroplasma 
canіs),  ірі  қара  анаплазмозын  және  жылқының  энцефаломиелит  ауруы  және 
омбы геморрагиялық қызбасы вирусын тасымалдайды. 
Haemaphіsalіs  туысына  жататын  түрлер  H.otophіla  және    H.longіcornіs  
(H.neumanі). Бұл кенелердің тұмсығы қысқа, түбі төрт бұрышты, көздері жоқ, 
анальдік  жолақ  артқы  тесіктің  арт  жағына  орналасқан.  Құрсақ  жағында 
қалқаншалары жоқ. 
H.otophіla  үш  иелі,  ол  қойдың  анаплазмоз  (Anaplasma  ovіs)  және 
пироплазмоз    (қоздырғышы  Pіroplasma  ovіs)  ауруларын  тасымалдайды.  Бұл 
кенелер Украинаның оңтүстігінде, Қырымда, Солтүстік Кавказда кездеседі. 
Қазақстанның  оңтүстік  аймақтарында  Н.punctata  кенелері  болады. 
И.Г.Галузо  және  т.б.  (1944)  байқауына  қарағанда  бұл  кенелер  қойдың 
бруцеллез  ауруын  таратуда  маңызы  зор.      H.longіcornіs  үш  иелі  кене,  қиыр 
Шығыста  ірі  қараның  тейлериоз  ауруын  тасымалдайды  (қоздырғышы-
Тheіlerіa sergentі). 
Rhіpіcephalus туысына жататын кенелер:  Rh.bursa және R.pumіlіo. Бұл 
кенелердің тұмсығы қысқа, түбі алты бұрышты, көздері бар, анальдік жолақ 
артқы тесік артында, еркек  кенелердің екі жұп аналдық қалқаншалары бар. 
Rh.bursa- екі иелі кенелер, көбіне ірі қара мал мен қойдан табылады, ал 
Rh.pumіlіo үй және тағы хайуанаттарына онымен қоса адамға да жабысады. 
Rh.bursa  кенелері  қойдың  бабезиозын  (B.ovіs),  тейлериозын  (Th.recondіta) 
және  пиролазмозын  (P.ovіs),  сондай-ақ,  ірі  қараның    анаплазмозын 
(A.margіnale) тасымалдайды. 
Кенелердің  бұл  түрі  Қырымда,  Қара  теңіз  жағалауында,  Кавказда  және 
Қазақстанның оңтүстігінде кездеседі. Бірен-саран кенелер теңіз деңгейінен 2800 
м биіктікке дейін кездеседі. Имаго фазасында қой мен ірі қараға наурыз айынан 
бастап  жабысады,  бірақ  негізінен  жағырапиялық  алқапқа  байланысты  мамыр-
шілде  айларында  белсенділігі  күшейеді.  Ал  балапан  кенелері  жаздың  екінші 
жартысынан  бастап,  күз  айларына  дейін  кездеседі.  Олар  қой  құлағының  ішкі 

 
 
161 
жағына  жабысып  қанын  сорады.  Имаго  фазасында  қойдың    түксіз  жерлеріне  
жабысады. Жылына бір ұрпақ береді. 
Boophіlus  туысына  жататын  біздің  елімізде  бір  ғана  кене  түрі  бар  
(B.calcaratus).  Бұл  кенелер  жайылым  кенелері  ішіндегі  ұсағы.  Кененің    түсі 
қоңыр, тұмсығы қысқа, тұмсық түбі алты бұрышты, көздері бар.  B.calcaratus  
кенелері  ірі  қара    пиролазмозын,  франсаиеллезін  тасымалдайды.  Ауру 
қоздырғыштары  кененің  жұмыртқасы  арқылы  немесе    трансовариалды 
жолмен  келесі  ұрпаққа  көшіп  отырады.  B.calcaratus  кенелері  Қазақстанның 
оңтүстігінде,  Орта  Азия  республикаларында  кездеседі.  Бұл  кене  бір  иелі.  
Малға жабысқан кене 25-30 күнде қанға тойынып, тасалау жерге 2-3 күннен 
соң  жұмыртқа  салады.  Жұмыртқадан  шыққан  балапан-кенелер  жануарларға 
жабысып,  қанға  тойған  соң  4-6  күн  ішінде  нимфаға  айналады.  Олар  иесінің 
денесінен  түспей  5-10  күннен  соң  имаго  (еркек  немесе  ұрғашы)  фазасына 
дейін өсіп-өнеді. Толық өсіп жетілуіне 2 айдай уақыт керек. Жылдың жылы 
уақытында    B.calcaratus  кенелері  үш  ұрпақ  береді.  Балаңкенелер  6-7  айдай 
ашығуды  көтереді.  Тың  жерлерді    игеруге  байланысты      B.calcaratus 
кенелерінің  саны  жылдан  жылға  азайып  келеді.  Бұл  кенелердің  биотоптары 
ағашты-бұталы  тау  етегінде  өмір  сүруге  қолайлы  жағдайлар  бар  жерлерде 
кездеседі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет