Республики казахстан


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮИНЕТАНЫМЫН



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ДҮИНЕТАНЫМЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
 
Аннотация.  Дүниетанымның  психологиялық  негізі  адамның  таным 
үдерістерінің дамуымен тікелей байланысты. Адам танымы  тоқталып қалмайды. Ол 
одан әрі танымның рационалды сатысына, яғни ойлауына көтеріліп, логикалық ойға 
қарай  шарықтап,  тоқтаусыз  жүріп  отырады.  Ал  мектеп  жасына  дейінгі  балалар 
дүниетанымының  психологиялық  ерекшеліктері  өз  жас  ерекшелігімен  көрінеді. 
Олардың таным дүниесі, қиялы, қоршаған ортаға деген көзқарасы т.б. психологиялық 
тұрғыдан өзгеше. Мақалада негізінен осы мәселелер қарастырылады. 
Кілт  сөздер:  дүниетаным,  қиял,  жас  ерекшелік,  таным,  ой,  бала,  адам, 
психология, психика, түйсік, қабілет, физиология, қоршаған орта. 
 
Адамның  әрбір  даму  кезеңіне  байланысты  дүниені  тану  шеңбері  мен  оның 
мазмұны  ұлғайып,  тереңдей  түседі.  Қоршаған  дүниені  білу  -  танымға  байланысты. 
Дүниетаным  –  дүние  және  тану  деп  аталатын  екі  бөлімнен  тұрады.  Таным    –  адам 
санасын  дамытудың  негізі  және  ол  арқылы  адам  өзін  қоршаған  ортаны  игеруге 
үйренеді.  Әр  кезеңнің  психологиялық  ерекшелігіне  байланысты    қоршаған  ортаны 
танып білу шеңбері мен оның мәнін ұғыну адамның әрбір даму кезеңіне байланысты 
өзгеріп отырады. Адам кез келген іс-әрекетпен айналысуда, оны танып біліп, жүзеге 
асыру барысында әдет-дағдылары қалыптасады. 
Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуы, дамуы мен қалыптасу 
заңдылықтарын  зерттейтін  ғылым  екені  баршаға  белгілі.  Адам  баласы 
айналасындағы құбылыстарды көреді, әр түрлі дыбыстарды естиді, суықты, ыстықты 
сезінеді, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сөзбен басқаларға жеткізеді, яғни заттар 
мен  құбылыстарды  түйсініп,  қабылдауға  қабілетті  болып  келеді.  Адам  қоршаған 
ортадағы  өзгерістерді,  оқиғаларды  психикалық  үдерістер  арқылы  танып  біледі. 
Психология    таным  үдерістерінің  дамуы  мен  қалыптасуын  адамның  іс-әрекеті 
тұрғысынан қарастырады.  
Объектив  заңдылықтарды  ашу  үшін  зерттеу,  оқу  мен  тәрбиенің  теориялық 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
43 
негізін, қоғамдық міндеттерін, ұйымдастыру формаларын анықтап белгілеуде орасан 
маңызға ие [1, 13 б.].  
Ғалым Ж.Аймауытұлы әр жастағы балалардың өзіндік ерекшелігі болатынын, 
оларға қоршаған орта туралы жиі  түсінік беріп тұрудың маңызды екендігін көрсетеді 
[2].  Бұдан  біз  баланың  психикалық  дамуы  жетіле  түскен  сайын  оқу-тәрбие 
жұмыстары  барысында  дүниетанымы  да  қалыптаса  түсетінін,  яғни  бала  заттар  мен 
құбылыстар  туралы  түйсініп,  қабылдап,  көріп,  білгендерін  ой  елегінен  өткізіп, 
қорытынды жасауға дағдылана түсетінін тәжірибемізде байқаймыз.  
Ұлттық  дәстүрді  тарихи  қалыптасқан  берік  дәстүр  ретінде  қарау  халықтың 
тарихи  танымын  қалпына  келтіреді,  ұлттық  психологияны  дамытады.  Ұлттың  өзін-
өзі тануында адамда өз халқының ерліктері арқылы ұлттық мақтаныш пайда болады. 
Мектеп  жасын  дейінгі  балалардың  дүниетанымының      қалыптасуына  ұлттық 
психологияның  мағызы  ерекше.  Мысалы,  бала  қазақ  халқының  қонақ  күту 
дәстүрімен  танысу  арқылы  халқымыздың  қонақжайлылық,  сыйластық,  үлкенді 
құрметтеу,  имандылық  т.б.  қасиеттерін  көре  отырып,  бойына  сіңіреді.  Халықтық 
педагогика  мен  халықтық  психология  тағылымдарын  қолдану  балалардың  өзін-өзі 
тануына, қоршаған ортаға деген қызығушылығын, белсенділіктерін арттырып, алған 
білімдерін толық меңгеруге көмектеседі. Сонымен бірге, балалардың ойын, өз пікірін 
айту  қабілетін  дамытып,  жаттанды  айтудан  аулақтатып,  дербес  ойлап,  әрекет  етуге 
жетелейді.   
Дүниетанымның психологиялық негізі адамның таным үдерістерінің дамуымен 
тікелей  байланысты  болып  келеді.  Адам  танымы  тоқталып  қалмайды.  Ол  одан  әрі 
танымның  рационалды  сатысына  ойлауына  көтеріліп,  логикалық  ойға  қарай 
шарықтап, тоқтаусыз жүріп отырады. Мұндай ауысудың қажеттілігі адам пайымында 
берілген  заттың  шынайы  табиғатына  толық,  сәйкес  келмейтіндігімен  айқындалады. 
Адам  тек  ойлаушы  ғана  емес,  сезінуші  де  жаратылыс.  Кітап  оқу  арқылы  алынған 
теориялық  білімнің  өзі  де,  әуелі  білімнің  сезімдік  сипатымен  жанамалас  болады. 
Табиғи  жаратылыс  тұрғысынан  алғанда  теориялық  таным  синтетикалық  таным 
адамның  жан  дүниесі  туралы  пайымдаулар,  ой-пікірлер  психология  ғылымына 
тікелей қатысты болмағанымен елімізде ерте кезден бастап дамыды. Мұны жоғарыда 
атадған  ғалымдардың  еңбегінен  аңғарамыз.  Психологтар  өз  еңбектерінде  танымды 
бірнеше бағытта зерттеді.  
Таным    үдерістері  даму  кезеңдеріне  байланысты  жетіледі.  Даму  –  адам 
ағзасындағы сандық және сапалық өзгерісте болады. Адамның рухани дүниетанымы 
мен  физиологиялық  тұрғыдан  дамуы  балалық  шақта  интенсивті  түрде  өзгереді. 
Психологиялық даму алдымен ақыл-ойдың дамуына, жеке басының қалыптасуымен 
қоғамда тіршілік ету үшін қажетті әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасады. 
Бала дүниеге келген сәттен-ақ, әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі болып  саналады. 
Балалар  өмірі  үлкендердің  тыныс-тіршілігімен  бірге  қайнасып  жатқан  ажырамас 
құрылым. Бала  қоршаған ортаны  мүлдем  басқаша  қабылдайды.  Себебі,  балалардың 
өмірлік  тәжірибесі  өте  аз.  Бала  ересек  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсудің 
нәтижесінде  өмірге  қажетті  білім  мен  тәжірибе  жинақтайды,  қоршаған  ортаның 
сырын түсінуі баланың жан-жақты дамуының қайнар көзі болып табылады.  
Баланың  психикалық  дамуына  заттық  іс-әрекеттердің  дамуы  едәуір  дәрежеде 
әсер  етеді.  Бала  үлкендерден  заттардың  адам  іс-әрекеті  арқылы  бекітілген  тұрақты 
маңызын  бағдарлауға  үйренеді.  Заттың  бекітілген  мазмұны  балаға  өзінен-өзі 
берілмейді. Ол қолданылу тәсілін тәжірбие арқылы біледі. Заттың қолданылу тәсілін 
бұзу - мінез-құлық ережелерін бұзу ретінде қаралады. Демек, бала заттық іс-әрекетке 
психологиялық  түрде  бет  бұрған  жағдайда  оның  әлеуметтік  дамуы  –  тұрақты 
нәрселер  дүниесінің  және  осы  нәрселерге  байланысты  адамдардың  өзара  қарым-
қатынасы  дүниесінің  қарапайым  нормаларды  игеруге  келіп  саяды.  5-6  жастағы 
балалардың  құрбыларымен  өзара  іс-әрекет  үдерісінде дамып отырған өзін таныту 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
44 
қажеттілігі  құрдастар  тобындағы  барлық  балалар  үшін  маңызды  орынға 
талаптануынан  көрініп  отырады.  Танылу  қажеттілігі  өзара  бірлескен  іс-әрекетпен 
шұғылданушы  құрдастар  тобындағы  қарым-қатынастан  туындайды.  Талаптану  – 
әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты болып 
есептеледі.  Алайда,  бұл  құбылыс  сырттай  көріне  бермейді.  Өйткені,  бала  маңызды 
орынға талаптануын көбінесе өзі үшін қолайлы жағдайларда ғана көрсетеді. Бала бір 
заттарды  екінші  заттардың  орынбасарлары  ретінде  кең  қолдану  бір  затты  әртүрлі 
қолдауға  болатындығы  жайлы  тәжірбиесіне  сүйенеді.  Бала  орынбасар  –  заттың 
қасиеттеріне  қарап  бағдар  алады.  Мысалы  дүкен  ойнында  балмұздақтың орнына  ақ 
кірпіш,  шұжық  орнына  қызыл  цилиндр,  алма  орнына  жасыл,  қызыл  дөңгелектер 
қолдануы мүмкін.   
Дүниетану  -  тікелей  түйсіну,  қабылдаудан  басталып,  ойлауға  қарай  өрбиді. 
Адамның  дүние  шындығы  мен  болмысын  танып  білуі  –  дидактикалық    жолмен 
дамитын  аса  күрделі  үдеріс.  Түйсік,  қабылдау,  елес  бейнелері  адамның  «нақты 
пайымдау»  не  «тікелей  таным  процесі»  деп  аталатын  дүниетанымдық  сатысына 
жатады.  Мұндай  таным  үдерісі  сыртқы  заттар  мен  құбылыстар  сезім  мүшелеріне 
тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы 
делінеді.  Әр  сезім  ағзасының  өзінің  сезгіштік  шегі  бар.  Ғалымдар  оны  «түйсік 
табалдырығы» деп атаған [3]. Түйсіну  – дүниені танып білудегі бейнелеу үдерісінің 
алғашқы есігі. Түйсік жақсы даму үшін сезім мүшелерін жаттықтырып отыру керек.   
Дүниені тануда көру түйсігінің маңызы зор. Заттар мен құбылыстардың жеке 
сипаттарын  айнытпай  толық  бейнелеу  ең  алдымен  көру  түйсігі  арқылы  іске  асады. 
Адам қоршаған ортадағы ақпараттардың 80% көріп қабылдайды. Сонымен бірге, көз 
дүниені  танудың  құралы  ғана  емес,  қырағылықтың,  білгірліктің,  данышпандықтың 
таразысы  іспеттес.  Ғалымдардың  зерттеуінде  адам  әсер  ететін  жеті  спектрлі  түсті 
және  соның  негізінде  он  мыңнан  аса  реңкті  ажырата  алатыны  анықталған.  Көру 
түйсігінің  өресі  өте  кең.  Халық  ұғымындағы  «көзі  ашық»,  «көпті  көрген»,  «көз 
көрген» т.б. сөз тіркестері осыған дәлел іспеттес. Адамның көру түйсігінің айрықша 
ерекшеліктері - адам өз қолымен жасаған заттардың, олардың көлемі мен түстерінің 
айырықша  сапаларын  көру  болып  табылады.  Мысалы,  Сәулет  өнері,  мүсін  өнері, 
кескіндеме өнері – көру түйсігінің дамуының жоғарғы деңгейін айқындайды.  
Жаңа туған баланың танымдық өрісінің дамуы көру және есту анализаторлары 
белсенді  түрде  жетіле  түсуі  нәтижесінде  көру  және  есту  түйсіктері  3-4  айда 
қалыптасады.  9-10  айларында  балалар  көз  алдынан  көрінбей  кеткен  заттарды  іздей 
бастайды,  яғни  ол  заттың  жоғалмағанын,  тек  басқа  жерде  тұрғанын  түсінеді,  затты 
тани бастайды. Сөз есту талшығының дамуына күшті әсер ететіндіктен, баланың есту 
түйсігінің  қалыпты  дамуын  жас  кезінен  бастап  қадағалап  отыру  керек.  Сөздерді, 
дыбыстарды дұрыс естіп айтуы есту түйсігінің дамуына байланысты. Адам өмірінде 
иіскеу рецепторларының рөлі тіршілік ортасы мен өмір тәжірибесіне сәйкес жетіліп 
отырады.  Иіс  түйсігі  адамның  тұрмыс-салтына,  қызмет  сипатына  қарай  дамиды,  ал 
дәм  түйсігі  түрлі  тағамдардың  иісін,  заттардың  қасиеттерін  ажырату  барысында 
жетіледі.  Балада  дәм  түйсігі  ерте  жетіледі.  Сонымен  бірге,  заттардың  механикалық 
және термикалық сипаттарының теріге әсер етуі тері түйсігі арқылы орындалады. 
Адамның дене мүшесінің бірі –  қол еңбек ету мүшесі ғана емес, дүниені тану 
үшін  де  маңызды  рөл  атқарады.  Заттың  көлемін,  кедір-бұжырлығын,  тегістігін, 
көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы да ажыратамыз [4]. Мектеп жасына дейінгі 
балалардың    көру,  есту,  дәм  сезу,  иіс  сезу,  тері  түйсіктері  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  жүйелі  ұйымдастырылған  іс-шаралар  негізінде  жетілдіріп  отырамыз. 
Мысалы,  баланың  иіс  түйсігін  дамытуда  ұлттық  тағамдардың,  жемістердің  иістерін 
иіскеу  арқылы  ажырату  арқылы,  дәм  түйсігін  тағамдардың  дәмін  тату  арқылы 
ажырата  білуге  үйретеміз.  Тері  түйсігін  дамытуда  заттарды  сипап  көру  арқылы 
тануға көңіл бөлеміз. Баланың тері түйсігін  дамыта  отырып,  дене  және  қол 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
45 
саусақтарының ірі және ұсақ бұлшық еттерін  жетілдіреміз. Бұл баланың дене және 
психологиялық жағынан дамуына көмектеседі. 
Қоршаған  ортадағы  заттарды  тану  үшін  бала  затты      қолымен  сипап  көреді, 
жақсы  есту  үшін  құлағын    түріп,  басын  бұрады,  көзбен  заттың  қасиетерін  іздейді. 
Адам түйсік арқылы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерін 
таныса, қабылдау арқылы заттар мен құбылыстардың тұтас бейнесін көреді. Түйсікке 
қарағанда қабылдау – шындықты бейнелеудің неғұрлым жоғары формасы [5]. 
Психологтардың  зерттеулерінде  адам  бір  мезгілде  қабылдау  көлемін  анықтау 
барысында    ми  сыңарларының  дамуына  байланысты  екенін  дәлелдеді.  Мұнда 
бастауыш мектеп оқушыларына қарағанда жоғары сынып оқушыларының есі жоғары 
дәрежеде дамитыны анықталды.   
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуына ғалымдарымыз зерттеу 
жұмыстарын  жүргізіп,  бала  тілінің  дамуына  ерекше  көңіл  бөлді.  Б.Баймұратқызы 
мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерінің дамуына тіл дыбыстарын дұрыс атауға, 
тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыруға, байланыстырып сөйлеуге үйрету 
дағдыларын  жетілдіруге  өз  еңбегін  арнады.  Ғалым  мектепалды  топтары  мен 
сыныптарында  бағдарламада  көрсетілген  білім  көлемін,  мазмұнын  мемлекеттік 
құжаттарда  аталған  міндеттерге  сәйкес,  сапалы,  саналы  меңгертуде  дүниені  танып, 
білу  құралы  –  баланың  ауызша  сөйлеу  тілін,  сөздік  қорын,  шығармашылық  ойлау 
қабілеттілігін дамытуға баса назар аудару қажет екендігін айтты [1, 60 б.]. 
«Балбөбек»  бағдарламасының  «Тіл  халық  қазынасы»  бөлімі  бойынша  мектеп 
жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорларын  жаңа  сөздермен  байытып  отыру 
көзделген.  5-6  жастағы  балаларға  айналадағы  дүниені,  табиғатты,  қоғамдық  өмірді 
бақылату,  әдеби  шығармаларды  оқып  беру  арқылы  сөздік  қорын  жаңа  сөздермен 
толықтырып отырамыз. Баланың лексикасын жаңа сөздермен толықтыру, меңгерген 
сөздерін күнделікті қарым-қатынас барысында қажетіне қарай қолдана білуге үйрету, 
заттың атын, сынын (қара, сары, көк, ұзын, қысқа), іс-әрекетін (секіреді, бояды пісті, 
гүлдеді,  бүршіктеді,  бақты,  жайды,  кесті,  аралады,  жонды,  жапсырды  т.б.),    сандық 
ұғым  беретін  сан  есім  сөздерді  (көп,  аз,  он,  бесінші,  бірден,  екіден  т.б.),  заттың 
кеңістікте  орналасуын  (алыс,  жақын,  жоғары,  төмен,  қасында,  астында,  үстінде, 
шетінде т.б.) сапалық ұғымдарын білдіретін сөздер (қатты, жұмсақ, қалың, ағаштан, 
темірден  т.б.)  меңгерту  және  жалпы  ұғым  беретін  –  адам,  отбасы,  үй  жануарлары, 
мал, ойыншық, ыдыс-аяқ, аң, құс т.б. түсініп, дұрыс айтуға, даралай, жаппай білуге 
үйрету  көзделеді.  Мақал-мәтелдерді  түсініп  айтуға,  сөйлеу  үдерістерінде  сөздерді 
жекеше,  көпше,  септеп,  тәуелдеп,  жіктеп  айта  білуге,  оқыған  шағын  ертегі, 
әңгімелерді түсініп, жүйелі түрде оқиға желісін бұзбай, қайталамай, сөз қалдырмай, 
орын  ауыстырмай  әңгімелеуге  дағдыландыру,    сурет  бойынша  мазмұнды  әңгіме 
құрап айтуға, өзіне бұрыннан таныс, күнделікті өмірде көріп, біліп, қолданып жүрген 
заттарға,  өсімдіктерге,  үй  жануарларына,  құстарға  сипаттама  беру,  ертегі,  әңгіме, 
тақпақтарды  сахналау,  жаңадан  меңгерген  сөздерді,  бейнелі  сөздер  мен  сөз 
тіркестерін  қолдана  білу,  диолог,  монолог  түрде  сөйлеуге  үйрету  бағдарламаның 
негізгі міндеттерінің бірі болып саналады [6].  
Баланың  дүниетанымының  қалыптасуына  жүйелі  ұйымдастырылған  оқу-
тәрбие жұмыстары тікелей әсер етеді. 5-6 жаста бала ағзасының дамуы арта түседі де, 
ой  еңбегімен  шешілетін  күрделі  мәселелерді  шешуге  талпынады.  Мектеп  жасына 
дейінгі  кезеңде  бала    қоршаған  ортадағы  құбылыстар  жөніндегі  мыңдаған 
сұрақтарды  үлкендерге  себепті  -  себепсіз  қоюы  сәбидің  танымдық,  физиологиялық 
және  онтогенездік  дамуының  айқын  белгісі.  «Бұл  кім?»,  «Аты  не?»,  «Неге?»  деген 
сұрақтарды  қоюмен  бірге,  «Ай    аспанда  қалай  құламай  тұр?»,  «Күн  неге  ыстық?», 
«Күн  қайда  кетті?»  -  деген,  сияқты  танымдық    сұрақтарды  олар  жиі  қояды.  Бұл 
жастағы  балалардың  тілінің  дамуымен,  сезімдік  тәжірибесінің  жетіле  түсуімен 
байланысты  қабылдау  мен  ойлаудың  адамға 
тән 
формаларын 
игеруі, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
46 
қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналық естің бастапқы жағдайларының 
дами түсуімен ерекшелінеді. Осы жастағы балаларда екінші  дәрежелі түйсік жүйесі 
баяу қалыптасады.  
Бала  дүниетанымының  қалыптасуына    ұшқыр  қиялдың  да  рөлі  ерекше.  Адам 
бұрын қабылдаған заттар мен құбылыстардың образына сүйене отырып, еш уақытта 
көрмеген  нәрселерді  санада  бейнелей  алмайды.  Мысалы,  қазақ  халқының  ерте 
замандағы  бастан  кешкен  оқиғалары  туралы  әңгіме  естіген  кезде  бізде  жаңа 
елестеулер болады. Бұл адам қиялының нәтижесі болып саналады. 
Қиял  дегеніміз  сыртқы  дүние  заттар  мен  құбылыстардың  субъективтік 
образдарын  қайтадан  жаңғыртып,  өңдеп,  бейнелеуде  көрінетін,  тек  адамға  ғана  тән 
психикалық үдеріс. Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған 
уақытша  байланыстар  комбинацияларға  түседі  де,  жаңа  нәрселердің  бейнесі  туып 
отырады.  Қиялының  ерекшеліктері  адамның  қызығушылығына,  алдына  қойған 
мақсатына, адамның жас ерекшелігіне, білім тәжірибесіне, өскен ортасына, этностық 
ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді [80]. 
М.Жұмабаев «Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулер жасай алуы қиял деп 
аталады» деп  қиялға түсініктеме  береді.  Адамның өмір тәжірибесі, білімі неғұрлым 
мол  болса,  қиял  елестері  де  соғұрлым  айқын  және  толық  болатыны  ғалымдардың 
тәжірибелерінен байқауға болады [7]. 
Балада  қиялдың  алғашқы  көріністері    үш  жаста  байқалады.  Мектеп  жасына 
дейінгі  балалардың  қиялы  өте  бай,  бірақ  ондағы  образдар  шындықтан  өте  алшақ 
жатады.  Бала  қиялын  дамытуда  ойдан  әңгіме,  ертегі  құрастырып  айту,  басталған 
ертегі,  әңгімелерді  өз  ойымен  аяқтау,  бейнелерді  әр  түрлі  заттар  мен  құбылыстарға 
теңеп айту бала қиялының жетілуіне септігін тигізеді. Қиялы жоғары деңгейде дамып 
келе  жатқан  бала  қағаз  бетіне  тамған  бір  тамшы  сияны  немесе  бояуды  оның 
формасына қарап бірнеше заттарға ұқсатуы мүмкін. Мысалы, 5 жасар Айбек үстелдің 
үстіне  шығып  алып,  қолын  дүрбі  сияқты  ұстап,  көзіне  тосып,  алысты  барлап  тұр. 
Айбек өзін үлкен теңізде жүрген  кеменің капитанымын деп есептейді. Бала талай рет 
теледидардан  көрген,  осы  жөнінде  естіген  әңгімесі  бойынша  көрген-білгендерін 
өзінше  қорытып,  елес  тудырып  тұр.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі 
әрекеті  ойын  болып  табылатындықтан,  ойын  бала  қиялын  дамытуда  ерекше  орын 
алады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап, аңғара алмайды 
да,  қиял  бейнелерінің  жетегіне  қарап  бағыт  алады.  Көркем  әдеби  шығармалар, 
ойындар,  өнер  баланың  бала  қиялын  жетілдіруге  септігін  тигізеді.  Мысалы,  
бұйымдарды  әшекейлеу,  сазбалшықтан  мүсіндер  жасау,  қиял  бойынша  сурет  салу, 
ойдан  әңгіме  құрастырып  айту  бала  қиялын  ұштай  отырып,  дүниетанымға  кең  жол 
ашады. 
Қабілет  пен  іс-әрекет  арасындағы  қатынасты  сөз  ете  отырып,  егер  адам  іс-
әрекетке  байланысты  талаптарды  орындай  алмаса,  оның  қабілетінің  жеткіліксіздігі 
көрінеді.  Мұндай  тұлға  қажетті  білім  қорын  жинақтап,  ептіліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыру  үшін  талай  күш  салып,  ұзақ  уақыт  жаттығуы  тиіс.  Ал,  педагог, 
психологтар оны оқытып  үйрету  үшін  көп  күш  салулары  керек.  Адам  қабілетіндегі 
айырмашылық  іс-әрекеттің  нәтижесінен  байқалады.  Іс-әрекетпен  айналысқан 
адамның табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-
құлқында  сапалық  көріністер  болуы  қажет.  Ең  алдымен  жеке  тұлға  бойында 
еңбексүйгіштік,  табандылық,  батылдылық  қасиеттері  болуы  шарт.  Алайда,  мұндай 
қасиеттері  бар  адамдардың  өзі  айтарлықтай  жетістікке  қол  жеткізе  бермейді.  Негізі 
адам өзінің  іс-әрекетіне, жеке басына сын көзбен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз 
салаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.  
Әдебиеттер:  
1.
 
Бәтібаева  С.Ғ.  Қазақстанда  қазақ  балабақшаларының  даму  тарихы.  – 
Алматы, 2009. – 205 б. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
47 
2.
 
Беделбаева Х. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниені қабылдауы. – 
Алматы: Мектеп, 1976. – 48 б. 
3.
 
Алдамұратов  Ә.  Ұлттық  мінез,  қабілет  /  Құраст.  С.Қалиев.  К.Аюбай  // 
Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. - Алматы, 2009. – 320 б. 
4.
 
Жарықбаев  Қ.  Этнопсихология  ұлт  тәрбиесінің  өзегі:  оқу  құралы.  – 
Алматы: Білім, 2005. – 144 б. 
5.
 
Афанасьев В., Виктор Г. Философиялық білімдердің негіздері: көпшілікке 
арналған оқулық. - Алматы: Қазақ мемлекеттік баспасы, 1963. - 420 б.  
6.
 
  Наурызбай  Ж.Ж.  Научно-педагогические  основы  этнокультурного 
образования. – Алматы, 1994. – 325 б. 
7.
 
Бейсенов  Қ.  Қазақ  топырағында  қалыптасқан  ғақлиятты  ой  кешу 
үрдістері / Философ. ғыл. докт. ... автореф. – Алматы, 1994. – 30 б. 
*** 
 
 
Джонисова Г.К., Султангалиева А.И. 
Психологические аспекты формирования миропознания у детей 
дошкольного возраста 
Психологическая основа миропознания на прямую связана с познавательными 
процессами  человека.  Познание  человека  не  останавливается.  Она  продолжает 
развиваться  до  рационального  этапа,  т.е.  до  уровне  мышления,  достигает 
кульминации  логического  мышления,  продолжается  непрерывно.  А  психологические 
особенности миропознания детей дошкольного возраста проявляются с возрастом. 
Их  мировоззрение,  воображение,  восприятие  окружающей  среды  и  др.  С 
психологической точки зрения иное. В статье рассматриваются в основном данные 
проблемы. 
   Ключевые слова: миропознание, воображение, возрастное, познание, мысль, 
ребенок,  человек,  психология,  психика,  ощущение,  способность,  физиология, 
окружающая среда. 
*** 
Dzhonisova G.K., Sultangaliyeva А.I. 
Psychological aspects of preschool age children`s world-view formation 
 
Psychological  basis  of  world-view  is  directly  related  with  the  human  cognitive 
processes  development.  Cognitive  processes  are  not  stopped.  They  continue  their 
development  to  rational  stage,  i.e.  to  thinking  level,  and  reached  of  logical  thinking 
culmination. Psychological  features of preschool  age children`s  world-view are displayed 
at  the  age.  Their  world  outlook,  imagination,  perception  of  environment  are 
psychologically different. In this article foregoing problems are considered.  
Keywords:  world  outlook,  imagination,  age-related,  cognition,  thought,  child, 
human, psychology, psychic, sensation, ability, psychology environment.            
*** 
 
 
УДК 355.233                                        
Даришева Т.М. – кандидат педагогических наук, доцент,  
ЗКГУ им. М.Утемисова 
E-mail: Darisheva-61 @ mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет