Республики казахстан


ОРТА МЕКТЕПТЕ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата06.03.2017
өлшемі3,87 Mb.
#7742
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38

ОРТА МЕКТЕПТЕ КӨЛЕМДІ ЭПИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ 
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аннотация.
 
Бұл  мақалада  орта  мектепте  эпикалық  шығармаларды  оқыту 
әдістемесі  ғылыми  тұрғыдан  зерттелінеді.  Эпикалық  жанрдағы  шығармалардың 
ерекшеліктерін меңгеру теориялық тұрғыдан  негізделіп, тиімділігі тәжірибе жүзінде 
дәлелденеді.  
Кілт  сөздер:  Эпос,  эпика,  әдіс,  әдістеме,  инновация,  педагогикалық 
технология. 
 
Қaзіргі  кезеңде  егемен  еліміздің  жaс  жеткіншектерін  aлдыңғы  қaтaрлы  озық 
көзқарас  негізінде  жан-жaқты  дaмыған,  қоғамдық  -  саяси  белсенділігі  жоғары  жеке 
тұлға етіп қaлыптастыру бaсты тaлaптaрдың біріне aйнaлып отыр.  
 
 «Қазақстан-2050»  Стратегиясы  -  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты» атты Халыққа Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім мен кәсіби машық 
–  заманауи  білім  беру,  кадрларды  даярлау  мен  қайта  даярлау  жүйесінің  негізгі 
бағдарларын анықтап көрсетіп берді [1]. 
Қaзіргі кездегі білім берудегі негізгі мaқсaт  –  жaн-жaқты білімді, өмір сүруге 
бейім, ой - тұлғaсы бaр aдaмгершілігі жоғaры, қабілетті жеке тұлғаны қaлыптaстыру. 
Мектепте  әдебиетті  оқытудың  негізгі  мaқсaты  -  әдебиеттің  aдaмды  рухaни 
жағынан өсіру мүмкіншілігін оқыту үрдісінде бaрыншa пaйдaлaну. 
Сабақ 
үрдісінде 
жазушы 
шығармасында 
көтерілген 
aдaмгершілік, 
философиялық ой - түйіндерді оқушыға қaбылдатып, түсіндіре білсек, әдебиет пәнін 
оқытудағы басты мақсатқа қол жеткізе аламыз. 
Сaбaқ  бaрысында  әдеби  шығармаларды  ұтымды  талдау  жұмыстарын  жүргізу 
оқушылардың пәнді оқуға ынтасын арттырады. Сондықтан, мақалада орта мектепте 
көлемді  эпикалық  шығармаларды  оқыту  әдістемесі  тұңғыш  рет  арнайы  зерттеу 
аясында жан-жақты сараланып отыр.  
Мектепте өтілетін әдебиет пәнінің міндеті - оқушылардың санасына көркем сөз 
құдіретін, эстетикалық, танымдық тәрбиені сіңіру. Соңғы жылдары әдебиет сабағын 
оқытуды  жақсарту  жолында  көптеген  игі  шаралар  жүзеге  асырылды.  Семинар-
кеңестерде ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісіп, насихаттаса, жаңа оқулықтар заман 
талабына сай толықтырылып, өңделуде.  
Көркем  шығарманы  оқыту  мен  талдаудың  жалпы  тақырыптық  мәселелеріне 
байланысты,  әсіресе,  талдау  барысында  шығарманың  сюжетін,  композициясын, 
әдеби  кейіпкерді,  әдеби  туындының  идеялық  -  көркемдік  қуатын  танытуды  мақсат 
еткен  зерделі  зерттеулер  орыс  әдебиеттану  ғылымында  да,  орыс  әдебиетін  оқыту 
әдістемесінде  де  жиі  жарық  көріп  келеді.  М.А.  Рыбникова,  В.В.  Голубков,  Г.А. 
Гуковский,  Л.И.  Тимофеев,  Г.Л.  Абрамович,  Д.С.  Лихачев,  В.И.  Сорокин,  А.И. 
Ревякин,  Н.И.  Кудряшев,  В.Г.  Маранцман,  Н.О.  Корст,  Н.А.  Демидова,  Г.И. 
Беленький, Т.Ф. Курдюмова, З.Я. Рез, Л.С. Айзерман сияқты т.б. әдебиетші, әдіскер-
ғалымдардың  еңбектерінде  көркем  туындыны  талдаудың  жүйесін  жан-жақты  сөз 
ететіні мұғалімдерге, жалпы оқырманға кеңінен мәлім. 
Ал  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  бұл  тақырып  белгілі  бір  шамада  тиісті 
шешімін  тауып  келе  жатқанымен,  оқыту  әдістемесінде  жеке  әдістемелік  еңбектер, 
арнайы  ғылыми  негіздегі  зерттеулер  өте  сирек,  тіпті  жоқтың  қасы.  Әйтсе  де 
әдебиетші-ғалымдар М. Қаратаев [2], З. Ахметов [3], Т. Нұртазин [2], С. Қирабаев [4], 
Т.  Кәкішев  [5],  Н.  Ғабдуллин  [6],  Б.  Ыбырайым  [7],  Ж.  Дәдебаев  [8],  Б. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
55 
Майтанов  [9],  Қ.  Әбдезұлы  [10],  Қ.  Алпысбаев  [11],  Б.  Әбдіғазиұлы  [12]  т.б. 
еңбектерінде әртарапты арнайы сөз болып, Ә. Қоңыратбаев [13], А. Көшімбаев [14], 
Т.  Ақшолақов  [15],  Қ.  Тасболатов  [16],  Р.  Сүлейменова  [17],  С.  Қалиев  [18],  Т. 
Жұмажанова  [19],  С.  Мақпыров  [20],  Т.  Тебегенов  [21],  Қ.  Бітібаева  [22],  Г. 
Құрманбай  [23]  сынды  әдіскер-ғалымдардың  еңбектерінде,  сондай-ақ  тәжірибелі 
жаңашыл  ұстаздардың  әдістемелік  нұсқауларында  көркем  шығарманы  орта  мектеп 
қабырғасында оқытуға, талдауға байланысты құнды пікірлер айтылып  келе жатқаны 
белгілі.  
Дегенмен, бұл пікірлер жоғары сынып оқушыларына эпикалық шығармаларды 
оқыту  ерекшеліктерін  қамтитын  оқу  құралдары  мен  оқу  бағдарламаларының  аз 
болуын,  жоғары  сыныптарда  эпикалық  шығарманы  оқытудың  әдістемелік 
жолдарының 
арнайы 
зерттелмеуін, 
эпикалық 
шығармаларды 
оқытудағы 
инновациялық  технологиялардың  сарапталмауын,  заман  талаптарына  сәйкес 
келмейтіндіктерін көрсетеді. 
Эпикалық  шығармалардың  өзге  шығармалардан  ерекшелігі  -  көркем 
компоненттерінің  жинақталу  белгісі  болса,  сонымен  қатар  бүгінгі  буынға  эпикалық 
шығармалардың тілін, стилін, мазмұнын жете түсіндіру - басты міндет.  
 
Сондықтан    эпикалық  шығармаларды  оқытудың  заман  талабына  сәйкес 
қолданылуы,  бірінші:  инновациялық  технологияларды  қолданумен,  екінші: 
оқушылардың жас ерекшелігін, қоғамдық ортасын ескерумен тікелей байланысты. 
Эпосты жанрлық түрге бөліп, жіктеу бірден қалыптаса қойған жоқ. Сонау ХХ 
ғасырдың  жиырмасыншы  жылдары  А.Байтұрсынов  эпосты  ертегі  жыр,  тарихи  жыр 
деп  екі  топқа  бөлсе  [24,  236  б.],  Х.Досмұхамедұлы  өз  еңбегінде  эпикалық 
шығармалардың қазақ халық әдебиетінің арналы бір саласы екенін айтады [25, 26].  
Эпикалық  шығармалардың  генезисі  мен  жанрлық  белгілері  және  поэтикасы 
туралы  ой  –  пікір  айтқан  ғалымның  бірі  -  академик  Қ.  Жұмалиев.  Ғалым  «Қазақ 
эпосы  мен  әдебиет  тарихының  мәселелері»  атты  зерттеуінде  эпостық  жанрды  үш 
топқа (батырлық жыр, лиро - эпос, тарихи жыр) бөліп қарастырады. Әдебиеттанушы 
ғалым З.Қабдолов:  «Эпосты  - жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді 
үш  түрі  белгіленеді  де,  шағын  көлемді  эпикалық  түрге  -  очерк,  новелла,  оқиғалы 
өлеңдер,  орта  көлемді  эпикалық  түрге  -  повесть,  поэма,  ал  кең  көлемді  эпикалық 
түрге - роман, эпопея тәрізділер жатады», – дейді [26, 302 б.]. 
Әдебиет  теориясында  ғалымдар  эпикалық  шығармаларды  жанрлық 
ерекшеліктеріне  қарай  жіктесе,  әдіскер  -  ғалымдар  эпикалық  шығармаларды 
оқытудың  ерекшеліктерін  көрсетеді:  Ә.Қоңыратбаев:  «Эпикалық  шығармаларды 
оқытуда  мұғалім  ой  мен  эмоцияны  қатар  қойып,  дикция  элементтерін  шебер 
қолдануға тиіс. Дауыс қарлықпай, жазушы ойына, образдық құбылысқа ене сөйлесе, 
көркем  шығарманың  қуаты,  музыкалық  мелодиясы  гармонияға  ұйысып,  баяндау  да 
талдау  да  қызықты  болады»,  -  дейді  [27,  27  б.].  А.Көшімбаев:  «Көркем  әдебиеттің 
эпос,  лирика,  драма  сияқты  тектері  бар.  Сабақта  осы  үш  текке  (салаға)  жататын 
шығармалардың  өзара  айырмашылығы,  әрқайсысына  тән  жалпы  ерекшеліктері 
айтылады. Мәселен, эпостық шығармаларда оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлерді 
(адамдарды)  олардың  арасындағы  қарым-қатынасты  автордың  өзі  немесе 
кейіпкерлердің  біреуі  арқылы  әңгімелейді»,  –  дейді  [14,  160  б.].  Ал,  Т.Ақшолақов 
«Қазақ  әдебиетін  оқыту»  еңбегінде:  «Оқыту  процесінде  мұғалім  шығарманың 
жанрлық,  көркемдік  ерекшеліктеріне  көңіл  бөліп  отыруы  керек»,  -  дейді.  Ғалым 
эпикалық шығармаларды оқытуда шығармаға эстетикалық талдау жасаудың маңызды 
екенін  атап  өтеді  [28,  3  б.].  Қ.Бітібаева:  «Эпикалық  шығармаларды оқытуда  қандай 
мәселелерге  көңіл  бөлу  керек,  талдаудың  қай  түрі  тиімді,  қандай  әдіс  -  тәсілдер 
нәтижелі  болмақ,  міне,  осы  мәселелерге  мұғалім  ерекше  назар  аударуы  керек»,  – 
дейді [29, 80 б.]. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
56 
Көлемді  эпикалық шығарма (хикаят, роман) оқытылғанда оқушының назарын 
бір  жерге  шоғырландыру  үшін  үлкен  материалды  бірден  қамтуына,  оны  бөлшектеп 
ойлап, бөліп алу мақсатында сұрау-тапсырмалар жүйесіне жүгінуге тура келеді.  
Сұрау-тапсырмалар  -  көркем  туындыны  оқушыларға  игертуге,  оны 
толыққанды меңгертуге ерекше қызмет ететін жазбаша жұмыс түрі. 
Сұрау-тапсырмалар  жүйесін  жасау,  оның  тізімін  құру  мұғалімнен  көп 
төзімділікті,  ыждағаттылықты  талап  етеді.  Сұрау-тапсырмаларда  алдымен  әрбір 
сұрақтың  мақсатын  анықтап  алу  қажет,  сосын  оған  берілген  жауап  арқылы 
оқырмандық қабылдаудың қай жақтары ашылатынын ойластырып алу керек. Әдетте 
шығарманың  сезімдік  әсер  күштері,  туындының  мазмұны  мен  мағынасын 
шәкірттердің еркін меңгеруі, оның көркемдік түріне назар аудару дәрежесі, қиялдану 
белсенділігі,  ойлау  деңгейі  мен  өзіндік  шығармашылық  жұмысы  анықталады.  Бұл 
төрт  қабылдау  әрекетінің  даму  өрісін  барлық  сауалнамалар  мен  жүргізілетін 
әңгімелерді  бастапқы  кезеңде  белгілеп  алған  жөн.  Алайда  бұл  сұрақтар  бір  тектес, 
бір-біріне ұқсас болмауы тиіс.  
 
 
Эпикалық  шығармалардың  мектеп  бағдарламасында  оқытылуы  –  әдебиетті 
оқыту әдістемесімен бірге өркендеді деуге болады. 
Елімізде  болып  жатқан  саяси,  мәдени,  экономикалық,  халықаралық 
байланыстар  қазақ  әдебиетін,  оның  ішінде  эпикалық  шығармаларды  байланыстыра 
оқытуды қажет етеді.  
Оқушылардың  ұлттық  тұлғадағы  азамат  болып  қалыптасу  сатылары  тек 
эпикалық  шығармалар  мазмұнын  меңгертіп  қана  қоймай,  шығармалардың  мәнін 
қоршаған  ортамен,  өмірмен,  түрлі  жағдаяттармен  салыстыра  қарауға  жол  ашумен 
сипатталады.  
Эпикалық шығармаларды оқыту барысын әр қырынан зерттеп, инновациялық 
педагогикалық  технологияларды  меңгере  отырып,  сабақ  берудің  жаңа  формаларын, 
көркем  шығармаларды  талдаудың  тың  әдіс-тәсілдерін  үйрену,  осы  арқылы 
жастардың адами болмыстарының қалыптасуына жол ашу - бүгінгі заман талабы.  
Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту 
тұжырымдамасында  «Жоғары  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі  мамандар  даярлау 
сапасын  арттыру,  қарқынды  ғылыми  зерттеу  қызметімен  ықпалдастырылған, 
инновациялық  дамыту  жолдарын,  білім  беру  және  ақпараттық  технологияларды 
жетілдіру болып табылады» деп көрсетілген [19, 5]. 
Еліміздің  білім  берудегі  бағыт-бағдары  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясына,  Қазақстан-2030  стратегиялық  бағдарламасына,  Қазақстан 
Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылғы  мемлекеттік 
бағдарламасына, сонымен қатар, білім беруді халықаралық стандартқа сәйкестендіру 
мақсатында 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге сәйкес қабылданған білім беруді 
дамытудың  2010  жылға  дейінгі  бағдарламасына  және  басқа  да  құжаттарға 
негізделген. Осы аталмыш құжаттарға сүйене отырып, үздіксіз білім берудің негізгі 
мақсаттарын  жүзеге  асыруда  жан-жақты  білім  беруде  заманауи  технологиялар 
қолдану - қазіргі заман талабы [30, 3]. 
Олай  болса,    оқытудағы  «инновациялық  технологиялар»  ұғымының  мәнін 
ашып алсақ. 
«Инновация»  ұғымы  педагогика  ғылымымен  жасасып  келеді  деуге  болады. 
Олай  дейтініміз,  бұл  ұғым  ежелгі  педагогикалық  еңбектерде  кездесіп  отырады. 
«Инновация»  ұғымы  әр  елде  әртүрлі  түсіндіріліп,  ғалымдар  әртүрлі  анықтамалар 
берген.  Осы  ұғымды  жан-жақты  зерттеген  ғалымдар  –  М.М.  Поташкин,  А.С. 
Доренсов,  В.И.  Днепрова,  В.С.  Лазерова,  П.И.  Третьякова,  Н.  Нұрахметов,  Ш. 
Таубаева, 
Қ. 
Құдайбергенов, 
Н.Р.  Юсуфбекова  және  т.б.  «инновация» 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
57 
ұғымына  «жаңалық»,  «жаңаны  енгізу»,  «өзгеріс»,  «құрал»,  «үрдіс»,  «әдіс-тәсілдер» 
деп  түсініктеме  берген.  Инновациялық  үрдіс  дегеніміз  -  білім  беру  жүйесін 
жаңартудың серпін беру, білім беруді неғұрлым тиімді ете түсудің құралы және әдісі. 
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады [31, 14]. 
Инновация  теориясының  алғашқы  ұғымдарының  негізін  қалаушылар  неміс 
ғалымдары  В.  Зомбарт,  В.  Метчерлих  және  австриялық  экономист  Й.  Шумпетер 
болып  табылады,  олар  бұл  қағидаларды  әлеуметтік-экономикалық  және 
технологиялық  процестерге  байланысты  қолданған.  Бүгінде  ғылыми  зерттеулерде 
әдіснамалық  тұрғыдан  қатынастың  әртүрлігіне  байланысты  «инновация»  түрліше 
анықталады. Көптеген ғалымдар, әсіресе шетел ғалымдары (Н. Мончев, И. Перлаки, 
Д.В. Хартман, Э. Менсфилд, Р. Фостер, Б .Твисс, Й. Шумпетер, Э. Роджерс т.б.) бұл 
ұғымды  өз  зерттеулерінің  объектісі  мен  пәніне  байланысты  тұжырымдайды. 
Мәселен,  Б.Твисс  инновацияны  жаңалық  немесе  идея  экономикалық  мазмұнға  ие 
болатын  процесс  ретінде  анықтайды.  Ф.  Никсон  инновацияны  -  бұл  нарыққа  жаңа 
және  жақсартылған  өнеркәсіптік  процестер  мен  құрал  -  жабдықтардың  пайда 
болуына  алып  келетін  техникалық,  өндірістік  және  коммерциялық  шаралардың 
жиынтығы  деп  есептейді.  Й.  Шумпетер  инновацияны  кәсіптік  рухпен  шыңдалған 
өндірістік 
факторлардың 
ғылыми-ұйымдастырылған 
құрамасы 
ретінде 
тұжырымдайды [32]. 
80-жылдардан  бастап,  білім  беру  саласында  дәстүрлі  оқудың  өміршеңдігі 
жайлы  көптеген  зиялы  педагогтардың  көкейінде  күмән  пайда  болды.  Соған  орай 
Ш.А. Амонашвили, В.Ф. Шаталов, т.б. жаңа толқындағы, жаңа ұстанымдағы бір топ 
жаңашыл педагогтардың тәжірибелері мен теориясы өмірге келді. Ал 90-жылдардан 
бастап,  оқудың,  оқытудың  жүйесі,  технологиясы,  іс-қимылы  қолға  алынып, 
К.Я.Вазинадан,  Республиканың  Орталық  мұғалімдер 
біліктілігін  арттыру 
институтының  ұйымдастыруымен  өткізген  барлық  курстары  мен  семинарларына 
қатысып,  одан  меңгерген  біліми-ғылыми  жаңалықтарымызды  тәжірибемізге  батыл 
енгіздік [33, 83 б.]. 
Ағылшын  ғалымдары  Д.Симпсон  мен  А.Уолкер  педагогиканың  кез-келген 
саласын  оқытуда  технологияның  қай  түрі  болмасын  өз  үлесін  қосатынын,  бірақ 
қандай да болмасын технология белгілі бір уақыт аралығында ғана қолданылатынын 
айтады  [34].  Ал,  Б.  Хорнер  пән  мазмұнын  оқушыларға  тиімді  меңгертуде 
инновациялық  технологиялардың  зор  үлес  қосатынын  тілге  тиек  етеді.  Әсіресе, 
оқушылардың  өздігінен  ойлануына,  ой-өрісін  кеңейтуге  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясының ықпалы зор екенін баса айтады [35]. 
Оқу  үрдісін  «технологияландыру»  мәселесі  ХХ  ғасырда  педагогика 
ғылымында  шетелдік,  отандық  ғалымдардың  еңбектерінде  әр  қырынан  алынып 
зерттелді.  В.  Беспалько,  В.К.  Дьяченко,  В.В.  Гузеев,  М.В.  Кларин,    Д.  Хогрид, 
В.М.Монахов,  Г.К.  Селевко,  М.А.  Чошанов,  С.М.  Құсаинов,  Г.  Нұрғалиева, 
Ж.Қараев,  Н.  Нұрахметов,  М.  Жанпейісова,  Г.Д.  Әуелбекова,  З.  Бейсембаева, 
С.К.Исламгулова,  С.  Мирсеитов  т.б.  ресейлік  және  қазақстандық  ғалымдар  ғылым 
мен  тәжірибені  ұштастыра  зерттеп,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  тиімді 
пайдаланудың жолдарын көрсетті [19, 62 б.]. 
«Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  8  тарауында 
көрсетілгендей, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі  - оқытудың жаңа 
технологияларын  енгізу,  халықаралық  ғалами  коммуникациялық  байланысқа  шығу, 
білім  беруді  ақпараттандыру  болып  табылады.  Ал  қазіргі  таңда  жаңа  білім  беру 
технологиялары кең тарала бастады, олар уақыт пен қоғамдық сұраныстарды жоғары 
деңгейде қанағаттандыруға бағытталған» [36, 46 б.]. 
««Инновация»  (латынша  inb-novus  -  жаңашылдық)  көптеген  ғалымдар  мен 
педагогтердің  пікірінше,  «жаңалық  енгізу»  болып  табылады.  М.  Поташник  барлық 
түсініктерді  талқылай  келе:  «...жаңалық  енгізу - бұл құрал (жаңа әдіс, әдістеме, 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
58 
технология, оқу бағдарламасы және т.б.), ал «инновация» - бұл осы құралдарды игеру 
үрдісі» деп анықтама береді. 
Педaгогикaлық  технологиялар  оқытудың  мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты 
жолдарын  көрсетеді.  Олар  өзіндік,  тaнымдық  іс  -  әрекеттің  қaрқындылығы  мен 
белсенділігін арттырады, бaсты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құрап, жеке 
тұлғaның жетілуіне, дамуына бaғыттaлaды. Бүгінгі таңда қазақстандық педагогтеріміздің арасында  М.М. 
Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы, Ж.А. Қараевтың деңгейлік оқыту технологиясы белсенді 
түрде қолданылуда.   
«Модульдік оқыту технологиясы оқу үрдісін жаңаша құруға және оптимизациялауға байланысты 
қазақстандық және әлемдік оқыту жүйесінің барлық саласында кеңінен қолданыла бастады. ХХ ғ. 
60-шы жылдары  АҚШ,  Германия,  Англия  сияқты  елдердің  оқу  үрдісіне  еніп,  алғаш 
рет осы елдерде оқытудың мазмұнына қарай оқу материалдарын бөліп оқыту тиімді 
деген  идеяны  енгізген.  Модуль  (лат.)  -  «өлшем»,  «шама»,  «мөлшер»  деген  ұғымды 
білдіреді.  Модуль  арқылы  оқытудың  тәжірибелік  тұрғыдан  тиімділігін,  оқу 
материалдарын  модульге  құру,  соның  нәтижесінде  модуль  арқылы  оқыту  ұтымды 
екенін  Ю.У.  Байсалов,  Г.С.Күдебаева,  Н.  Оралбаева,  К.  Жақсылықова,  Р. 
Жанпейісова, З. Бейсембаева, Н.Г.Нуртаева т.б. өз зерттеулерінде атап көрсетті. 
Нәтижесінде: 
1.  АКТ  білім  беру  құралы  ретінде  пайдалана  отырып,  оқушының 
шығармашылығы дамиды, оқушының зияткерлік қабілетін ұйымдастыру мақсатында 
бақылау, түзету, тест және психодиагностика үрдістері жүзеге асырылады. 
2. Оқу орны мен оқу үрдісін басқару күшейтіледі және жетілдіріледі. 
«Талантты  және  дарынды  балаларды  оқыту».  Бұл  модульде  барлық 
оқушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алатын  білім  беру  мен  оқытудың 
сараланған бағытын таңдау қарастырылады. 
Нәтижесінде: 
1.  Мұғалім  дарынды  балалармен  жұмыс  істеуді  жоспарлай  алады,  күрделі 
тапсырмаларды өзгертуді және шешуді жүзеге асырады. 
2. Мұғалім дарынды баланың даму траекториясын құрады, ілгерілеуіне жағдай 
жасайды. 
  «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру»  - бұл модульде жас 
ерекшелігі әртүрлі оқушыларға өзіндік әдіс қажет екендігі дәлелденеді.  
Нәтижесінде: 
1.  Мұғалім  түрлі  жастағы  оқушылардың  қызметін  жоспарлайды  және 
ұйымдастырады. 
2. Білім беру технологияларын оқушылардың қабілеттеріне сәйкес қолданады. 
«Білім берудегі басқару және көшбасшылық». Бұл модульдің негізгі мақсаты - 
білім  беру  жүйесінде  тұрақты  даму  мен  өзгерістің  сырттан  енгізілмейтіндігін 
дәлелдеп,  тұрақты  даму  мен  өзгеріс  сыныптағы  мұғалімнің  тәжірибесі  мен 
түсінігіндегі өзгерістен бастау алады деген тұжырымды айқындау. 
Нәтижесінде: 
1. Мұғалім өз міндеттерін анықтайды. 
2. Мұғалім кәсіби дамудың, өз тәжірибесін таратудың, сабақ беру тәжірибесін 
жақсарту мақсатында әріптестерімен ынтымақтастық құрудың қажеттілігін түсінеді. 
Көріп  отырғанымыздай,  арнайы  оқу  технологиялары  арқылы  өткізілетін 
сабақтардың оқушылардың білім деңгейінің қалыптасуы ғана емес, шығармашылық 
қабілетін дамытатындығы анықталады. Толығырақ  1-кестеден көруге болады.  
 
Кесте 1. Инновациялық оқу технологиялары арқылы өткізілген сабақ пен 
дәстүрлі өткізілген сабақтар ерекшелігі 
 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
59 
Өткізілетін сабақ 
Дәстүрлі сабақ 
Оқу технологияларымен 
өткізілетін сабақ 
Мақсаты 
Берілген білімді 
мазмұндайды 
Әрбір оқушының 
логикалық, шығармашылық 
қабілеті артады 
Мұғалім 
Білімді түсіндіруші, 
бағалаушы, бақылаушы 
Нұсқаушы, кеңесші, 
модератор 
Мұғалім  мен 
оқушының қарым-
қатынасы 
Мұғалім-оқушы-мұғалім 
Оқушы-мұғалім-оқушы 
Оқыту бағыты 
Оқу материалдары бойынша 
ақпарат беру 
 
Оқу материалдары бойынша  
зерттеушілік, 
ізденімпаздылыққа 
бағытталады 
Әдістер мен 
тәсілдер 
Мазмұндау, түсіндіру, 
жаттықтыру, бағалау жүйесі 
жүзеге асады 
Шығармашылық, 
зерттеушілік, талдау, өз 
ойын дәлелдей білу, қорыта 
білу 
Сабақ барысындағы 
оқушының  
көзқарасы 
Мұғалімнің айтқан 
ақпаратына бірыңғай 
қатыспайды,  берілген 
білімді меңгеруге селқостық 
танытады 
Оқушылардың  жеке 
зерттеушілік, ізденуі 
барысында білімді жүйелі 
меңгеруге құлшыныстары 
артады 
 
Демек,  эпикалық шығарманы оқытуда ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалана  білу 
оқушылардың тек теориялық ойлауы мен мәтінді терең түсініп қана қоймай, олардың 
интеллектуалдық  дамуын,  адамгершілік  –  этикалық  және  рухани  тәрбие  алуын, 
іскерлігін қамтамасыз ететінін көрсетеді. 
Педагогикалық  технологияны  пайдалану  арқылы  оқушының  көркем 
шығарманы талдай отырып, сол туындыға ынтасын, қызығушылығын қалыптастыру 
мәселесі  біртіндеп  іске  асырылады.  Оқушының  белсенділігі  артып,  біртіндеп 
тыңдаушыдан  гөрі  өзіне  деген  сенімі  бар,  өзін-өзі  бағалай  алатын,  іс-әрекетінде 
белгілі бір дәрежеде дербестікке ие ізденімпаз оқырман - шәкірт қалыптасады.  
Демек,  оқушыларға  берілетін  өзіндік  ізденіс  пен  шығармашылыққа  құрылған 
жаңа  типті  әдеби  тапсырмалардың  тиімді  екендігі  білім  сапасынан,  көркем 
шығарманы терең қабылдап, түсінулерінен, мәтінмен жұмыс барысынан, әдеби және 
еркін тақырыпқа шығарма, мазмұндама, эссе, сыр - толғау т.б. жаза білулерінен анық 
көрінеді.  Ең  бастысы,  эпикалық  шығарманы  оқуды,  талдауды  жүйелі  түрде 
шығармашылықпен жүргізу сабақтың білім сапасын арттыруға, оқушының танымдық 
әрекетін жандандырып, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасайды. 
Әдебиеттер: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  -  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы. – 2012, 14желтоқсан. 
2. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті.  – Алматы: 
Мектеп, 1971. – 392 б. 
3. Ахметов З. «Абай жолы» қалай туған? // Қазақ әдебиеті. – 1984, қаңтар 27. 
4. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. – Алматы: Ана тілі, 1993. – 224 б. 
5. Кәкішев Т. Сын сапары. – Алматы: Жазушы, 1971. – 176 б. 
6. Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: Жазушы, 1981. – 232 б. 
7. Ыбырайым Б. Сырлы әлем. – Алматы: Ана тілі, 1997. – 222 б. 
8. Дәдебаев Ж. Шымырлап бойға жайылған. – Алматы: Жазушы, 1988. – 192б. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
60 
9.  Майтанов  Б.  Қазақ  прозасындағы  замандас  бейнесі.  –  Алматы:  Ғылым, 
1982. – 148 б. 
10.  Әбдезұлы  Қ.  Тәкен  Әлімқұлов  шығармашылығы  және  60-80  жылдардағы 
қазақ прозасы (дәстүр және жалғастық) / Филол. ғыл. докт. ғылыми дәрежесін алу 
үшін дайындалған дисс.. авторефераты. – Алматы, 2002. – 62 б. 
11.  Алпысбаев  Қ.  Қазақ  әдебиетіндегі  тарихи  шығарма:  таным  және 
көркемдік  /  Филол.  ғыл.  докт.  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  дайындалған  дисс.. 
авторефераты. – Алматы, 1999. – 48 б.  
12. Әбдіғазиұлы Б. Шәкәрім әлемі. – Алматы: Рарирет, 2008. – 408 б. 
13. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасының очерктері. – Алматы: 
ҚМОПБ, 1962. – 210 б. 
14.  Көшімбаев  А.  Қазақ  әдебиетін  оқыту  методикасы.  –  Алматы,  1969.  – 
160б. 
15.  Ақшолақов  Т.  Шығарманың  көркем  айшықтарын  таныту.  –  Алматы: 
Рауан, 1998. – 288 б. 
16. Тасболатов К. Изучения творчества Мухтара Ауэзова в казахской средней 
школе / Автореф. ... дисс.канд.пед.наук. – Джамбул, 1970. – 25 с. 
17.  Сүлейменова  Р.  Қазақ  совет  әдебиетін  Х  класта  оқыту  методикасының 
кейбір мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1971. – 95 б. 
18. Қалиев С. Мектепте Ғ.Мүсіреповтің шығармашылығын оқыту жолдары. – 
Алматы: Мектеп, 1974. – 96 б. 
19. Жұмажанова Т.Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. – Алматы, 2009. – 288 б. 
20.  Мақпырұлы  С.  Қазақ  әдебиеті.  Жалпы  білім  беретін  мектептің  8 
сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2004. – 288 б. 
21.  Тебегенов  Т.  Халық  ақындары  шығармаларындағы  әдебиет  пен  фольклор 
дәстүрі. – Алматы: Білім, 2001. – 332 б. 
22. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. – Алматы: Рауан, 
1990. – 200 б. 
23. Құрманбай Г.Т. Даналық әлеміне кілт. – Алматы: РБК, 1998. – 136 б.  
24. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 1989. – 236-239 б. 
25. Досмұхамедұлы Х. Аламан. – Алматы:1991. – 27 б. 
26. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б. 
27. Қоңыратбаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1966. 
– 27 б. 
28. Ақшолақов Т. Қазақ әдебиетін оқыту: әдістемелік нұсқау. – Алматы: 1993. 
– 124 б. 
29. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. - Алматы: Рауан, 1997. – 288 б. 
30.  Жоламанова  Т.М.  А.  Байтұрсынов  шығармаларын  оқыту  жолдары. 
Көмекші: оқу құралы. – Көкшетау, 2011. – 116 б. 
31.  Сарбасова  Қ.  Инновациялық  педагогикалық  технологиялар.  –  Алматы: 
«Атлас» баспасы, 2001. – 176 б. 
32. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и 
практика нововедений в системе образования. - Алматы: Ғылым, 2001. – 296 б. 
33.  Жұматаева  Е.  Жоғары  мектепте  оқытудың  біртұтас  дидактикалық 
жүйесінің теориясы. – Павлодар, 2012. – 237 б. 
34.  James  Simpson,  Aisha  Walker.  06  Mar  2014,  New  Technologies  for  English 
Language  Learning  and  Teaching  from:  The  Routledge  Companion  to  English  Studies 
Routledge. – https//www.routledgehandbooks.com/doi/10.4324/9781315852515.ch32. 
35.  Bruce  Horner.  06  Mar  2014,  Writing  in  the  Disciplines/Writing  Across  the 
Curriculum  from:  The  Routledge  Companion  to  English  Studies  Routledge.  – 
https://www.routledgehandbooks.com/doi/10.4324/9781315852515.ch27. 

 
 
 
 
 
 
 
              
БҚМУ 
 
Хабаршысы  №4-2015ж.  
 
 
61 
36.  Жарылғасова  П.  Инновациялық  педагогикалық  технологиялар  туралы  // 
Қазақстан мектебі. – 2006. – №11. – Б. 45-47. 
*** 
Жундибаева А.К., Молдир Амангазыкызы 
Методика обучения объемных эпических произведений в средних школах 
В статье исследуется методика обучения объемных эпических произведений в 
средних  школах  с  точки  зрения  науки.  Обосновывается  теоретическое    освоение 
особенностей  произведений  эпического  жанра  и  практически  доказывается 
эффективность методики.  
Ключевые  слова:  эпос,  эпика,  метод,  методика,  инновация,  педагогическая 
технология. 
*** 
Zhundibayeva A.К., Moldir Amangazykyzy 
Methodology of teaching of volume epic works at secondary shools 
In the article it investigates the teaching method of volume epic works at secondary 
schools  from  scientific  view.  It  proves  theoretical  mastering  of  pecularities  of  epic  works 
and practical effectiveness of the methodology. 
Keywords: Epos, epics, method, methodology, innovation, pedagogical technology. 
*** 
 
ӘОЖ 378.147 
 
Шарзадин Ә.М. – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 
 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
E-mail: Sadilzada_12@mail.ru
2

Құрымбаев С.Ғ. – педагогика ғылымдарының кандидаты,  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
E-mail: sakura3874@mail.ru 
Темірғалиев Е.М. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды  
мемлекеттік университетінің магистранты 
E-mail: tema_012@mail.ru 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет