Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата06.03.2017
өлшемі4,83 Mb.
#7760
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

 
Резюме 
 
Зейнетақы жүйесінде соңғы өзгерістерге байланысты дамудың стратегиялық бағытын  нақтылау керек. Бұл мақалада 
автор 15 жылдың ішінде жеткен жетістіктерді жоғалтпау мақсатындағы бағыттарды ұсынуда. 
Кілт сөздер: Зейнетақы жүйесі, зейнетақы қоры, даму бығыттары,  Қазақстан 
 
 
A.K. Izekenova 
DEVELOPMENT PROSPECTS OF THE PENSION PROVISION 
IN THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN 
 
Summary 
 
In light of the recent changes the   development prospects of the pension system are topical issues. The author tries to 
determine in what areas need to improve the pension system so as not to lose the progress made in the 15 years. 
Key words: Pension provision, pension fund, strategic directions, Kazakhstan 
 
 
Поступила 20.06.2013 г. 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
118  
ƏОЖ 573.51 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
         
А. ТӨЛЕБАЕВА 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің PhD 
докторанты, филология магистрі 
 
СОПЫЛЫҚ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭЗИЯДАҒЫ ХИКМЕТ ДƏСТҮРІНДЕГІ ӨЛЕҢДЕР 
 
Аннотация 
 
Сопылық-философиялық поэзиядағы хикмет дəстүріндегі өлеңдер ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан 
көркемдік  желісін  қазіргі  жəне  болашақтағы  əдеби  үдерісте  де  дамыта  береді.  Бұл – ұлттық  құндылықтар 
сабақтастығының үздіксіз даму жолы. 
Кiлт сөздер: поэзия, дəстүр, өлең, ғасыр, көркем, болашақ, ұлт, құндылық, даму. 
Ключевые слова: поэзия, традиции, песни, век, красота, будущие поколения, нация, ценность, развитие. 
Keywords: poetry, traditions, songs, century, beauty, future generations, nation, value, development. 
 
Қазақ  өркениетінің  тарихындағы  озық  ақыл-ой  сананы  жалпыадамзаттық  гуманизм  биіктігіне 
көтерген құндылықтарды ұрпақтарға ұғындыру – аса өзекті мəселе. Адамзат ұрпақтары үшін мəңгілік 
тазалық, адалдық жолын қалыптастыру, нығайту ұстанымындағы сопылық-философиялық поэзиядағы 
хикмет  дəстүрі  ғасырлар  бойы  көркемдік  жалғастық  жолымен  үздіксіз  дамып  келеді.  Сопылық 
философияны  зерттеуші  ғалымдардың  (Е.Э.Бертельс,  Ə.Қоңыратбаев,  В.В.Бартольд,  Идрис  Шах,  т.б.) 
еңбектерінде  де  сопылық  философияны  қалыптастырушылар  мен  оны  таратушылардың  қоғамдық-
əлеуметтік жəне шығармашылық қызметтері ғылыми тұрғыда бағаланып келеді. 
Белгілі  философ-ғалым  С.Е.Нұрмұратовтың  «Қожа  Ахмет  Иасауи  діни  жүйесіндегі  əмбебап 
идеялар»  деген  еңбегінде  сопылық  философияның  негізгі  болмысына  жасаған  тұжырымдарына  назар 
аударамыз: 
«Сопы – ислам дінін берік ұстанған адам, ол шариғатты басты күш ретінде қабылдап, тақуасыз өмір 
салтын қадір тұтады. Ал дəруіш тұлғасы осы сопылық дүниетанымды, философияны, дінді əлемге паш 
етуші,  оның  бір  қырын  өзінің  іс-қимылымен  танытушы  жан  болып  келеді» [1, 45-46-б.б.].  Демек, 
сопылық-философиялық  поэзияның  болмысына  негіз  болған  хикмет  дəстүрінің  тарихи-поэтикалық 
табиғатын  саралау  арқылы  біз  адамзат  қауымын  жақсылыққа,  ізгілікке  бағдарлаған  гуманистік-
эстетикалық дүниетаным əлеміне үңілеміз. 
Əлем  өркениеті  кеңістігіндегі  көп  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  рухани  құндылықтар  қазынасының 
құрамында  сөз  өнері  мұралары  негізгі  арна  болып  саналады.  Фольклор  мұралары  мен  əдебиет 
туындыларынан  құралған  құндылықтар  халықтардың  көркемдік-эстетикалық  дүниетаным  кеңістігін 
танытады.  Көрнекті  жыраулардың,  ақындардың  лирикалық  жəне  эпикалық  шығармаларындағы 
азаматтық-отаншылдық  сарындар  аясындағы  ұрпақтарды  адамгершілік-имандылық  рухында 
қалыптастырып  тəрбиелеу  мұраттары  жүзеге  асырылып  келеді.  Ғасырлар  бойы  жеке  халықтардың 
өздерінің  туған  Отандарындағы  өсіп-өркендеуінде  ықпалды,  шешуші  орын  алған  тəлім-тəрбиелік 
ықпалы зор сөз өнері мұралары жалпыадамзатқа ортақ адамгершілік-гуманистік дүниетанымды байыта 
түсті. 
Сопылық-философиялық  поэзиядағы  хикмет  дəстүріндегі  өлеңдер  (арнау,  мадақ,  мүнəжат)  мəдени 
даму желісінде ұрпақтарды адамгершілік-имандылық жолында қалыптасуға ықпал жасауымен даралана 
бағаланады. Бұл орайда, түркітанушы зерттеушілердің ғылыми пікірлеріне сүйенеміз. Зерттеуші ғалым 
Д.Кенжетайдың  «Қожа  Ахмет  Иасауи  дүниетанымы» (2004) атты  ғылыми  кітабындағы  тұжырымын 
басшылыққа аламыз: «Хикмет сөзі (арабша) тілдік тұрғыдан алғанымызда «ақыл», «парасат сөз», «дін 
ілімі», «ең шынайы ілім арқылы ең шынайы болмысты (Тəңірді) тану» деген мағыналарды білдіреді... 
Сонымен  қатар,  хикмет-Құранның  мазмұны  мен  мəні,  яғни  Құдайлық  аянның  өзегі  болып 
табылады» [2, 162-б.].  Осы  тұжырымды  негізге  ала  отырып,  зерттеуші  А.Əбдірəсілқызы  да  тиянақты 
ғылыми пікірін жасаған: Яғни, хикмет – Алладан берілген ілім, адамның өзін тану арқылы Алланы тану 
ілімі.  Рухты  кемелдендіру  арқылы  болмыстың  бірлігін  түйсіну,  жаратылыс  сырларын  ұғыну. 
Жаратушының хикметін сезіну ілімі. Сопылық танымның негізін хикмет ілімі құрайды» [3, 73-74-б.б.]. 
Сөз  өнері–  адамзат  ұрпақтарының  көркем  тілмен  өрнектелген  мұрасы.  Адамдардың  отбасындағы, 
қоршаған  əлеуметтік-қоғамдық  ортасындағы  қарым-қатынастарын,  еңбекпен,  кəсіппен  айналысқан 
тұрмыс мазмұнын, өмір кезеңдеріндегі көңіл-күй құбылыстарын фольклор мен əдебиет  шығармалары 
қамтиды.  Тұрмыс  қозғалысындағы  іс-əрекеттерін  барлық  ғасырларда  да  адамдар  тіршіліктегі 

№4. 2013  
 
 
119 
тұлғаларға,  құбылыстарға,  жанды  жəне  жансыз  заттарға,  тіпті  дерексіз  ұғымдар  мен  қасиеттерге,  т.б. 
алуан түрлі мəселелерге қарата айтады. Арнаудың жекелік жəне жалпылық сипаты аясында адамдардың 
саналы тіршілік иелері тұғырындағы жан ділі əлемінің қасиеттері анықталады, қарым-қатынастардағы 
адамгершілік қасиеттер бағаланады. 
Қалыптасқан  теориялық  анықтамалары  мен  əдебиетші  ғалымдар  А.Байтұрсынов [4, 8-41-б.б.], 
Қ.Жұмалиев [5, 133-б.], З.Қабдолов [6, 240-б.] арнауларды үш түрге бөлетіні (жарлай арнау, сұрай арнау 
жəне зарлай арнау) белгілі. 
Академик  З.Қабдолов: «арнау  жазушының,  көбіне    ақынның  өзіне  не  өзгеге,  кейде,  тіпті  жалпы 
жұртқа  арнайы  тіл  қатуы,  көпшілікке  қайырыла  сөйлеуі,  олармен  іштегі  кеңесуі» [6, 240-б.]  десе, 
академик  З.  Ахметов  «Арнау  өлең»  терминін  ұсына  отырып,  поэзиялық  шығармадағы    оның 
поэтикалық  табиғатына  айрықша  баға  береді: «Арнау  өлең – белгілі  бір  адамның  бейнесін,  мінез-
сипатын  суреттеу  мақсатымен  жазылған  дербес  поэзиялық  туынды.  Бұл  үлгідегі  өлеңдердің  негізгі 
өзгешелігі,  олар  жай  біреуге  құрмет  сезімін  білдіру  үшін  арналған  өлең  емес,  сол  адамды  мінездеуге 
арналған шығарма деуге болады» [7, 35-б.]. 
Осы  арада  философ-ғалым  С.Е.Нұрмұратовтың  сопылық  философиядағы  Аллаға  қатысты  ұстанымға 
берген  тұжырымын  назарға  аламыз: «Құндылықтар  иерархиясында  сопылық  дүниетанымы  Алланы  ең 
жоғарыға  қояды:  Алла  əлемі – Ақиқат  əлемі.  Ал,  Ақиқатты  түсінуге,  игеруге,  бағындыруға,  дəлелдеуге 
болмайды,  оны  тек  таза  жүрекпен  қабылдау  керек,  адам  сол  əлемге  ақ  ниетпен  ұмтылу  қажет.  Ақиқат 
патшалығы кез-келген адамды қабылдай алмайды. Ол, алдымен, шариғатты білуі шарт. Сонан соң жанын 
тазартып,  тарихат,  мағрипат  сатыларынан  өткен  адам,  нəпсісін  өлтірген  жағдайда  ғана  ол  хақ  дидарын 
көре  алады,  яғни  хақиқатқа  жетеді  (жүрегімен,  көкейкөзімен).  Сондықтан  бұл  ілімде  имандылық  адам 
үшін тағдырдың іргетасы деп түсініледі» [1, 50-б.]. 
Сопылық-философиялық  поэзиядағы  хикмет  дəстүріндегі  Аллаға  арнау-мадақ,  мүнəжат  өлеңдердің 
бастауында Қожа Ахмет Иасауидің шығармаларын атаймыз. Ойшыл сопы ақынның Аллаға арнау-мадақ, 
мүнəжат  өлеңдерінде  ғарыштық-ғаламдық  кеңістікті  тіршілік  иелері  мен  жансыз  заттарды,  денелерді – 
жалпы бүкіл тіршіліктің тұтас əлем жүйесін жасаған Жаратушының құдіреті ұлықтала жырланған. Сопы-
ойшыл  ақын  өлеңдеріндегі  лирикалық  кейіпкер  арқылы  фəни  мен  бақи  аралығындағы  мұсылмандық 
өнегелі  өмір  сапарының  барлық  кезеңдерінде  де  Жаратушы  Аллаға  арнау-мадақ,  мүнəжатынан 
жаңылмайтын мұсылмандық көңіл ықыласын бейнелеп жырланғанын оқимыз: 
Жалған атақтан арылып сəби болдым, 
Алла атын айта-айта ашық болдым. 
Аллаға бар жаныммен адал болдым, 
 «Фанафи Алла» мақамына салдым, міне.                                                                                                                             
 
Сүндет емес кəпірге де берсе, азар, 
Көңілі қайтып, діл азардан Құдай безер. 
Сондай құлға Алланың азабы даяр, 
Даналардан бұл сөзді естіп айттым, міне (1-хикметтен) [8, 20-б.]. 
 
Ойшыл ақынның Жаратушы Аллаға арнау-мадақ, мүнəжат сарындары тұтастығымен өрілген ойлары 
хикметтерінің  желілі  жүйесінде  тұрақты  өріле  жырланған: «Алла  дедім:  шайтан  менен  жырақ  қашты», 
«Кереметті  көріп  Хақпен  тілдестім  мен» (3-хикметтен), «Ынсап  қылып  Алла  мейірін  толғамадым» (5-
хикметтен), «Құран  шашып  Алла  өзі  рақым  етті» (11-хикмет).  Ойшыл  ақынның  хикметтеріндегі 
мұсылмандық  ықылас  Жаратушы  Алланың  құдіретін  мойынсұнған  шынайы  көңіл  тазалығын  толық 
айғақтайды: 
Алла тағала ғашықтарды ынтықтырды, 
Ризалықпен өртеніп күйдім, міне. 
Екі ғалам көзімнен бұлбұл ұшты, 
Көрінбеді, жалғыз хақты сүйдім, міне. 
 
Жаннан кешіп жалғыз хақты жанға қостым, 
Одан кейін дария болып тастым. 
Тəңірімен сырластым, əнге бастым, 
Дүние қызығын жүз мың талақ еттім, міне [8, 42-б.]. 
 
Сопылық-философиялық поэзиядағы осы мəнерлі хикмет дəстүріндегі өлеңдер əдеби үдерістің кейінгі 
даму  кезеңдерінде  жалғаса  дамыды.  Ислам  дініне,  Жаратушы  Аллаға,  пайғамбарымыз  Мұхаммедтің 
(с.ғ.с.)  елшілігіне,  Құран  Кəрімнің  шындығына  арналған  арнау  өлеңдер  қазақ  поэзиясында  мол 
жырланып  келеді.  Тұрмағамбет  ақынның  арнау  өлеңдерінде  Исламды  жіберген  Алланың  ұлылығы, 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
120  
сахабалардың  қызметі  айқын  бейнеленген.  Жаратушының  құдіреті  аясында  өскен,  өнген  адамзат 
ұрпақтарының,  ала-құла  қасиеттері  саралана  бағаланған.  Фəни  дүниеге («Əй,  өмір,  анық  білдім 
тозарыңды!»),  барлық  мұсылмандарға («Ар-намыс,  азаматтар,  қайда  қалған?!»),  арналып,  адамдардың 
мағыналы өмір сүру мұраты, өнегелі өмір салтын баяндалған. Кейіпкерлері – фəни дүниені мағыналы 
мазмұнды  өткізу  жолында  қанағатпен,  өмір  сүретін  мұсылмандар. «Ар-намыс,  азаматтар,  қайда 
қалған?!»  арнау  өлеңінің  кейіпкері  –қиындықтар  ортасындағы  адал,  ақпейіл  адам.  Адамгершілік 
ұстанымын биікке көтерген азаматтардың тек шыдамдылықпен, төзімділікпен, сабырмен ғана мəңгілік 
биік тұғырын сақтай алатыны дəйектелген: 
... Кем болып бөрі қойдан, өрлер ойдан, 
Тау мен тас теп-тегіс боп майдаланған. 
Нəқандар нарау тартып, болып қалды, 
Соқырдай созып қолын қармаланған. 
 
Күніңді өтіп кеткен өксігенмен, 
Нəрсе жоқ табылатын айналаңнан. 
Ақырын Алла өзі оңғармаса, 
Жау қамап, жан-жағыңды жайлап алған. 
 
Барар жер,  басар тауың көрінбейді
Соқпасаң сабыр атты шайла маңнан. 
«Кейіні – кеніш реніштің» бола қойса, 
Су ағып, сайрар бұлбұл сай далаңнан [9, 139-б.]. 
 
Майлықожа  ақынның  «Құдіретін  көрсең  құданың»  деген  арнау  өлеңінде  Жаратушы  Алланың 
ғарыштық-ғаламдық  кеңістіктегі  адамзат  қауымына  тəн  күрделі  болмыс  сипатын  жаратқан  құдіреті 
жырланған. Жаратушы Алланың саналы тіршілік иелері адамдардың өсіп-өнерін, қарама-қайшылықтар 
жүйесі  шендестіріле  салыстырылған.  Алланың  күрделі  қасиеттерді  əрі  үндес,  əрі  қайшылықты  етіп 
жаратуы  шешімі  мойындалады.  Тіршілік  қозғалыстарының  жүйесіндегі  қалыптасқан  ұлы 
заңдылықтары, жалған дүниенің алдамшылығы («Дүние бір – түлкі, нəпсі – ит əуреге салып қудырды»), 
фəни мен бақи арасының қас-қағымдық өткіншілігі арнау өлеңнің құрылысында қамтылған. Уақыт пен 
кеңістік  жүйесіндегі  қозғалыстарды,  құбылыстарды  күрделі  қайшылықты  қалпымен  жүйелеген  
Алланың Жаратушылық сипаты даралана баяндалған: 
Атамыздың белінен 
Бір тамшы жалқақ су қылды, 
Ерлі-зайыпты қосылып 
Əйелден бала тудырды, 
Бағзыларды патша қып, 
Алтыннан пайтақ міндірді. 
Біреулерді бай қылып, 
Дүниенің малын жиғызды. 
Біреулерді палуан қып, 
Дүниенің жүзін білдірді. 
Біреулерді жынды ғып  
Адамзатқа күлдірді. 
Ақты – қара аралас, 
Біреулер сұлу нұр жүзді, 
Біреулер – соқыр, біреу – таз, 
Біреулер – сараң, біреу – мəрт, 
Біреулер – алым, базы – ауам, 
Адамзат емес бір құрбы! 
Опасыз келте сұм дүние 
Шалдырмастан шаршатып, 
Талайдың артын дым қылды, 
Анадан жан ғып туғызды, 
Дүниеге сауда қылдырып, 
Өлтіріп жерге кіргізді, 
Маһшарда жəне жан беріп, 
Бұл пендені тіргізді, 
Артық пен кемді теңгеріп, 
Таразы таңда құрғызды. 
Елу жылда ел жаңа, 
Қазан деп айтар жүз жылды. 
Жанашыр дос деп біз жүрміз, 

№4. 2013  
 
 
121 
Алдамшы дүние құзғынды  
... Ажал тұр алда дəйекшің, 
Жазғы шапқан бəйгі аттай 
Береміз бір күн шылбырды [10, 79-80-б.б.]. 
Фольклор  мен  əдебиет  мұралары  адамзат  тарихының  барлық  кезеңдерінде  де  ұрпақтарға 
адамгершілік  тəлім-тəрбиесімен  ықпал  етеді.  Ұрпақтарының  белсенді  қызметінің  сапалы  нəтижелерге 
жетуінде  сөз  өнері  мұраларының  игі  ықпалы  айқын  байқалады.  Өзара  қарым-қатынастардағы 
сыйластық,  ауызбіршілік,  ересектер  мен  жасы  кішілер  арасындағы  қарым-қатынастар  мəдениеті 
кішіпейілділік,  жомарттық,  қайырымдылық,  сыпайылық,  өзара  қамқорлық,  ата-бабалар  ұлағатын 
жалғастыру, т.б. адамгершілік-имандылық қасиеттерінің орындалуы сөз өнерінің мұраларында кеңінен 
қамтылады. 
Қазақ  əдебиеті  тарихының  ХІХ–ХХ  ғ.ғ.  кезеңдеріндегі  Дулат  Бабатайұлының,  Шортанбай 
Қанайұлының,  Майлықожа  Сұлтанқожаұлының,  Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлының,  Шəді  Жəңгірұлының, 
Тұрмағамбет  Ізтілеуұлының  т.б.  дəстүрлі  ақындық  поэзия  өкілдерінің  шығармаларында  Жаратушы 
Алланың құдіреті, Құранның шындығы, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) елшілігі – мұсылмандық 
мүнəжат,  арнау-мадақ  өлеңдері,  ислам  тарихындағы  оқиғалар,  Мұхаммед  пайғамбар  жəне  оның 
сахабалары лирикалық, эпикалық шығармалар үлгілерімен үздіксіз жырлануда. 
Қазақ  өркениетіндегі  классикалық  əдебиет  дəстүрін  дамыта  жалғастырған  ақындардың  бірі 
Тұрмағамбет  Ізтілеуұлының (1882–1938) бұрын  ғылыми-зерттеу  айналымына  енбеген  мұсылмандық 
мүнəжат  жырлары - ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  гуманистік  көзқарастар  тағылымының  көрінісі. 
Ақынның  мүнəжат  жырлары  адамгершілік-имандылық  қағидаларын,  ислам  дінін  қастерлеген 
халқымыздың  ұлттық  діл  шынайылығын  танытады.  Мысалы, «Серігің  жоқ  бір  Алла», «Бақ  қондыр 
басыма, Алла, ұшпайтұғын!», «Я, Алла, Əһлісламға орнат ықпал», «Қызығын қияметтің Құдай берсе», 
«Тілек» («Оңғарса  талабымды  Тəңірім  менің»), «Тұта  алмай  Тəңірі  əмірін  толықсыдым»), «Ей,  Алла, 
ата  айлап  таулық-тəуба», «Жұбатар  күнің  бар  ма,  Алла», «Абат  ет,  Алла,  менің  ду  сарамды», «Əй, 
Кəрим,  көптің  көңілін  басты  қайғы», «Я,  Алла,  рақым  ойла  мұсылманға», «Құлыңды  қайғы,  қамнан 
құтқар, Алла!», «Ойымнан уайымды етіп қашық», «Ей, Кəрім, көңілін көркейт жұмла жұрттың!», «Ей, 
Алла, өрлет енді ықпалымды!», «Оңғарып, Алла, осы сапарымды», «Аман қыл қатын-бала, үйішімді», 
т.б. Тұрмағамбеттің мүнəжат өлеңіндеріндегі ойлары мемлекет басшысының да, халықтың да берекелі 
тұрмыс үшін еңбек ететін көңіл-күйін, ізгілік мұратын айқын байқатады: 
Аман қыл қатын-бала, үй ішімді,  
Күннен-күн күшейт күй мен күлісімді. 
Алатын əр орыннан абырой бер, 
Сыйлау мен сыбағалы тиісімді. 
 
Халық пен ғаріптерге қамқор қылып, 
Тап тасқын дариядай қыл құйысымды. 
Өсекке өмірінше иілдірмей, 
Жайылдыр жұртқа əтірдей иісімді. 
 
Денемнен дем шыққанша денсаулық бер, 
Алдырмай дерт-сырқауға тынышымды 
Өзім мен үй-ішімнен ауыстырып, 
Жар-досқа жететін қыл жиысымды. 
 
... Қатамды қалайда да кешіресің, 
Шекшек пен шеггірткенің қиы сынды.  
Бір біліп – өзіңді, Алла, достыңды шын,  
Көңілде кірлетпесең мүйішіңді [9, 183-б.]. 
 
Қазақ поэзиясындағы хикмет дəстүріндегі философиялық-дидактикалық шығармалардың жалғасқан 
үлгілері  ХХІ  ғасыр  басындағы  ақындар  шығармашылығынан  да  орын  алды.  Тəуелсіз  Қазақстанның 
жаңа  əдебиеті  ғасырлар  бойы  халқымыздың  көркемдік-эстетикалық  дүниетанымын  ата-бабалық  киелі 
ұстанымдарымен жалғастыра дамытты. Сопылық-философиялық поэзиясы да діни-ислам көзқарастары 
психологиялық-философиялық туындылармен толыға жырлануда. Сопылық-философиялық поэзиядағы 
хикмет  дəстүрін  жалғастырған  ақындар  романтикалық  жəне  реалистік  сарындар  тұтастығымен 
өрнектелген  жаңа  туындыларымен  ойлы  ұрпақтың  дүниетаным  болмысын  көркем  шындықпен 
бейнелей  жырлауда.  Хикмет  дəстүріндегі  мүнəжат-арнау  өлеңдері  Жаратушы  Алланың  құдіретін 
ұлықтаған,  барлық  уақытта  да  құдірет-қуатымен  шабыттанған  саналы  ұрпақ  ойын  танытады.  Нұрлан 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
122  
Оразалиннің  «Тағдырыңды  Тəңірідей  сыйлаған...», «Жүрегімде  жамау-жамау – жыр  ағыс», «Бозарған 
таңнан сұрадым», «Тəуба! Тəуба! Адаммын...», «Тəуба! Тəуба! Тағдырым шиырғанда...» [11, 9-257-б.б.], 
Оразақын  Асқардың  «Дін  дидары»,  топтамасы («Бой  тұмар», «Ант», «Шипалы  өлең», «Иман  жыры», 
«Сырқат  сыры», «Жан  мен  тəн») [12, 87-90-б.б.],  Серік  Қалиевтің  «Сүйіп  кеттім  соншалық 
Жаратқанды», «Иманың – жалғыз жолдасың» [13, 12-66-б.б.; 14], Дəулетбек Байтұрсынұлының «Кешір, 
Алла...», «Иман  тілеп,  Жаратқан,  жалынамын  өзіңе», «Мен  қорғаймын  арымның  тазалығын», 
«Нəпсімменен  алыстым», «Ұят-ай!», «Аллаһтан  тілеп  арманды» [15, 13-80 б.б.],  т.б.  шығармалары 
хикмет дəстүрінің жаңара жалғасуын байқатады. 
Хикмет  дəстүріндегі  лирикалық  өлеңдерінде  Жаратушы  Алланың  ғарыштық-ғаламдық  кеңістіктегі 
барлық  құбылыстарды,  қасиеттерді,  жанды  жəне  жансыз  денелерді  өзара  үйлестірген,  сонымен  қатар 
қарама-қайшылықты жағдайдағы өзара қарым-қатынаспен байланыстырған құдіретін ұлықтау ұлағаты 
айқын  дараланған.  Фəнидегі  пенделердің  қуаныш  пен  қайғы  сезімдеріне  үнемі  ұшырайтыны, 
тебіреністер  толқынымен  арпалысқан  сəттерде  рухани  тіректі,  демеуді  Жаратушыдан  сұрайтыны – 
дəстүрлі  жағдай.  Поэзиялық  мұралардағы  психологиялық  басты  ерекшелік – лирикалық  кейіпкердің 
Жаратушының  құдіретіне  арнау  тілегі  жырланатыны.  Хикмет  дəстүрін  жалғастырған  қазіргі  қазақ 
поэзиясының  көрнекті  ақындары  шығармаларынан  да  осындай  дəстүрлі  поэтикалық  сипат  айқын 
сезіледі. 
Нұрлан  Оразалиннің  өлеңдеріндегі  лирикалық  кейіпкер  фəни  мен  бақи  дүние  аралығының 
адамгершілік-имандылық сынағына құрылған болмысын мойындау тағылымымен көрінеді: 
Жүрегімде жамау-жамау – жыр ағыс, 
Ажал менен бір-ақ қадам тұр алыс. 
Бір-ақ сызық жатыр үнсіз арада, 
Ал, ар жағы? 
Көктем, сірə? Сірə, қыс?! 
Күз бе? Жаз ба жадыраған? Беймəлім, 
Бір Алладан – тергенің мен жиғаның. 
Жұмағың де, тамұғың да Алладан, 
Тағдырыңды Тəңірідей сыйлаған 
Дəулетің де желмен ұшар қолдағы, 
Əулетің де – уақыттың толғағы. 
Қара, хан деп есіркемес қылкөпір, 
Өз ісіңе жауап берсең болғаны... [11, 19-б.]. 
Бүкіл  тіршілік  қозғалыстарын  жаратқан,  жүйелі  басқарып  отырған  Жаратушының  құдіреті  жыр 
арқауында дараланған:  
«Он  сегіз  мың  ғаламың – көз  бен  құлақ.  Ұмытпа!  Құдай  барын ... Ғарыш  барын:» [11, 8-б.]; 
«Тамырымды  Тəңір  өзі  қорғасын!» [11, 20-б.]; «Қызыр  боп  қоншы  Ғаламға  көкірегімдегі  Жыр-ағын. 
Жаратушымнан сұрадым!» [11, 31-б.]; «Аллаға ғана бір аян: Күтеді алдан қандай күн?!» [11, 32-б.], т.б. 
Өлеңдегі  мұсылмандық  мүнəжат – фəнидегі  саналы  ұрпақтың  азаматтық  ұстанымының    жан  ділі 
сыры: 
Тəуба! Тəуба! Адаммын... 
Жемісіңмін, ей, Аллам! 
Бөлшегімін ғаламның, 
Періштемін дей алман... [11, 43-б.]. 
Оразақын  Асқардың  өлеңдерінде  де  ғасырлар  бойы  үздіксіз  жалғасқан  діни-исламдық 
дүниетаныммен жырлауының тарихи-əдеби сипаты айқын танылады. Ақын қасиетті дұғалар жазылған 
бойтұмарды («Сақта  мені,  бойтұмар,  баршасынан  күнəнің»),  адамгершілік  мұраттарын  орындауда 
Жаратушының қолдауын («Ант етемін атымен бір Алланың, құрбан болсам бұл жолда жоқ арманым»), 
поэзияның көркемдік негізі Құран Кəрім ұлағатын («Құралған ғой өзің тектес өлеңнен қасиетті Құран 
аяттары  да»),  денсаулықтың  сақталуы  жан  мен  тəнде  адамгершілік  жақсылықтың  болуынан  екендігін 
(«Келбетіндей  таза  ұстайды  арын  да,  тарих,  ғұмыр,  дін,  ғылымнан  сыр  ұққан») – барлығы  да 
поэтикалық  көркемдік  ойлау  жүйесімен  жинақтап  қамтыған.  Өлеңдерде    мұсылмандық  жан  ділі 
ұстанымының  тарихи-əдеби  сипатын  өмір  шындығы  қозғалысымен  тұтастырылған. «Иман  жыры» 
өлеңінің 
идеялық-композициялық 
желісіндегі 
тарихи-əдеби 
өрнектерден 
діни-исламдық 
дүниетанымның шындығы айқын аңғарылады. Мұсылмандардың тұрақты мүнəжаты («Құдайдың құлы, 
Мұхаммедтің  үмбетімін»),  періштелердің  қызметі («Ісіңнің  оң,  жазатын  терістерін»),  Жаратушыдан 
келген қасиетті төрт кітап (Тəурет, Зəбүр, Інжіл, Құран) айтылып, иманды адам тұлғасы айқындалған: 
Жүз жиырма төрт пайғамбар 
Көрген ғалам. 
Ең соңғысы 

№4. 2013  
 
 
123 
Мұхаммед ғалайсалам. 
Өлгеннен соң 
Қайтадан тірілесің. 
Ахыретте 
Құдайға жүгінесің. 
«Қолында де 
Тағдырым бір Алланың!» 
Көріп-біліп 
бақылап тұрар бəрін. 
Илансаң сен осыған 
имандысың. 
Адал жүрсең 
Оңына басар ісің» [12, 89-б.].
 
ХХІ  ғасыр  басындағы  қазіргі  қазақ  поэзиясының  жаңа  ақындары  да  хикмет  дəстүріндегі  өлеңдер 
жырлауды  дамытуда.  Жаңа  толқын  ақындардың  өлеңдері  де  имандылық  жырларымен,  қазіргі  жəне 
болашақ  ұрпақты  адамгершілік  тəлім-тəрбиесімен  баурайды.   Серік  Қалиевтің  хикметі  «Иманың – 
жалғыз жолдасың» атты өлеңінің құрылысында дəстүрлі сарынды өзіндік ойымен жаңғырта жырланған. 
Қазақ  ұрпағының  иманды  тұлғасына  тəн  мұсылмандық  ұстанымы («Алладан  пəрмен  келген  күн, 
кетерміз  біз  де  сол  күні,  бабалар  кеткен  ізбенен»),  дүниеқорлық  пендешіліктен  аулақ  болу («Дүние 
ешкім  əкетпес,  қызыл  да  жасыл  базардан», «Адамның  жауы  ібіліс,  нəпсіңді  елтіп  қоздырған, 
адалдығыңды  кірлетіп,  адамдығыңды  тоздырған»),  бірін-бірі  қызғанбау,  өштеспеу,  қанағатпен  өмір 
сүру,  т.б.  адамгершілік-имандылық  қасиеттеріне  ие  болуы  ұсынады.  Хикмет  дəстүріндегі  имандылық 
жыры қазіргі қазақ поэзиясындағы имандылық жырларының қуатты сарынын сездіреді: 
Қыс түссе, күтер жаз алдан, 
Пендеде бітпес əз-арман. 
Құл сүйгіш Алла ешкімді, 
Тыс қалдырмайды назардан. 
Алланы зікір еткеннің, 
Жүрегі таттан тазарған. 
Бөленер хақтың нұрына, 
Оянған намаз азаннан. 
Ақыретке жауап дайында, 
Құтылмас ешкім ажалдан. 
 
... Иманың – жалғыз жолдасың, 
Жаратқанға қол создырған. 
Жаныңды нұрға бөлеген, 
Атыңды жұрттан оздырған. 
 
... Пайғамбарға айтқан салауат, 
Ислам жолын тұтынсаң. 
Бір Алла болар саған жақ. 
Ашылар жолың саған ақ. 
Алланың жаусын рахымы, 
Сіздерге мəңгі жамағат [13, 65-66-б.б.]. 
 «Иманым – жалғыз жиғаным» атты кітабындағы [14] жырлары хикмет дəстүріне сəйкес жырланған. 
Аллаға мүнəжат («Тəуба», «Өзіңді ойладым», «Мен саған қарыздармын»), ислам қағидаларын ұлықтау 
(«Ғибадатқа шақыру», «Алла діні – аманат», т.б.), имандылық парыздары туралы жырлары жаңа ұрпақ 
үнін танытады. 
Классикалық  хикмет  дəстүріндегі  жырлар – ұлттық  сөз  өнері  шығармаларының  əлем  əдебиеті 
дəстүрімен  үндес  құндылық.  Орта  ғасырлардан  бері  Шығыс  пен  Батыс  классикалық  əдебиеттерінде 
үздіксіз жырланған хикмет дəстүріндегі жырлар қазіргі əдеби үдеріске де жалғасты. Ислам діні ұлағаты, 
Жаратушы  Алланың  құдіреті,  Мұхаммед  пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.),  сахабалардың  қызметі  туралы 
хикмет  дəстүріндегі  жырлауға  ерекше  мəн  берілуде.  Дəулетбек  Байтұрсынұлы  ақынның  өлеңдерінде 
Алланың  алдында  азаматтық  есеп  бергендей  мүнəжаттық  арнау  көңілмен  жырлауы  да  қазақ 
поэзиясындағы  Қожа  Ахмет  Иасауи,  Ахмед  Иүгінеки,  Жүсіп  Баласағұн  жəне  т.б.  солардан  кейін 
жалғаса жырланып келе жатқан хикмет дəстүрінің жалғаса дамуын танытады. 
 «Кешір, Алла!» атты өлеңінде лирикалық кейіпкердің Жаратушы алдындағы мұсылмандық тұлғасы 
айқындала  көрінеді.  Лирикалық  кейіпкер  менмен,  өркөкірек,  тəкаппар  пендені («Жүрегі  тас  пендеңді 
жібітуге  жоқ  шара», «Қасарысқан  қырсығы  биік  еткен  өз  ісін», «Қожасындай  əлемнің  ойы – «асқар», 
сөзі – «шың») сыншыл бағалаумен дараланған: 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
124  
... Тек өзі пəк қатеден, басқалардың міні мың, 
Сабадағы айрандай көрсең оның божысын» [15, 13-б.]. 
Хикмет  дəстүріндегі  өлеңнің  лирикалық  кейіпкері – өмір  шындығы  ортасындағы  адал  ниетті 
адамдардың  көркем  жинақталған  бейнесі.  Нағыз    мұсылманның  қасиеті – менмен,  өзімшіл,  қарақан 
басын ғана күйттеген надандардың да Жаратушыдан лайықты бағасын алатындығына күмəн келтірмеу. 
Туындының  поэтикалық түйінінен мүнəжаттық ықылас толық танылады: 
Пенделерді бұрады əр қиырға бір таным, 
Мен мойныма Алланың парыздарын артамын. 
Көк долы мен көргенсіз сенен тапсын шипасын, 
Зікір айтып күбірлеп таспиғымды тартамын. 
Кешір, Алла!» [15, 13-б.]. 
Мұсылман  ұрпақтарының  қазірде  де,  болашақта  да  ұстанатыны – адамгершілік  ар  тазалығы 
Дəулетбектің  «Мен  қорғаймын  арымның  тазалығын»  өлеңінде  де  адал  еңбегімен,  халықты  көңіл 
жомарттығы  байлығымен  қуантқан,  ұлтының  рухани  құндылықтарын  ұлықтаған  биік  сапалы  жаңа 
ұрпақтың жан ділі бейнеленген: 
Ауылына ақшаның беттемедім, 
Мал жиюдың айласын еп демедім. 
Қой шықпайды қорамнан, ой шығады, 
Жырым болды жыл бойы еккен егін [15, 15-б.]. 
Жаратушы  Аллаға  мүнəжат  өлеңдерінде («Аллаһтан  тілеп  арманды», «Айрылсам  сенен  семемін 
сөзіңмен,  Аллаһ,  өрледім»)  мұсылмандық  ықыласты,  қанағатты,  адалдықты  сақтаған  қазіргі  жаңа 
буынның ділін реалистікпен жырлаған: 
Иман тілеп, нұрланған көкірекке шам сұрап, 
Жалынамын, Ұлы Алла, жанардан жас тамшылап. 
Қанағатты сабырым қайтып берді бойыма, 
Өлмей жатыр өр нəпсім жаншылса да қансырап. 
Иман тілеп мол азық екі əлемде ортаймас, 
Қуат берер жаныма, жігер берер қартаймас. 
Шапағатын Расулдың махаббатын сұраймын, 
Өсиет қып қалдырған сунна бізге – жол таймас [15, 14-15-б.б.]. 
Сопылық-философиялық  поэзиядағы  хикмет  дəстүрі  жолын  жалғастырған  қазіргі  қазақ 
поэзиясындағы  ислам  дінін  ұлықтау  жырлары  ұлттық  сөз  өнері  шығармаларының  əлемдік  əдеби 
үдеріспен  сабақтастық  тағылымын  көрсетеді.  Дүниежүзі  құрлықтарындағы  мұсылмандарға  ортақ 
адамгершілік-имандылық  жолын  көркем  шындық  поэтикасымен  жырлаған  ақындар  адамзатқа  ортақ 
гуманистік мұрат бірлігін танытып отыр. 
Сопылық-философиялық  поэзиядағы  хикмет  дəстүріндегі  мүнəжат  жырларындағы  берекелі  бейбіт 
тұрмыстың  орнауына  арналған  поэтикалық  көркемдік  ойлау  əуендері  де  уақыт  шындығына  сəйкес 
сипатымен жырланған. Көрнекті исламтанушы-шығыстанушы ғалым Əбсаттар қажы Дербісəлінің пікірі 
де  сопылық-философиялық  өлеңдердің  тəрбиелік-эстетикалық  қызметін  айқындай  түседі: «Өзі 
мұсылман,  Құдіреті  күшті  Алла  тағаладан  жақсылық  күтетін  əрбір  азамат  тек  тəн  тазалығына  емес, 
сондай-ақ парасатсыздық пен парықсыздықтан, ойсыздық пен дарақылықтан, рухани азып-тозудан өзін 
аулақ  ұстап,  зиялылықты,  тектілікті,  тазалықты,  отансүйгіштікті,  ұлттық  мүддеге  адал  болып,  оны 
жоғары  қоюға,  елінің  келешегін  ойлап,  досқа  күлкі,  дұшпанға  таба  болмай,  ертеңіне  үміт  арта  өмір 
сүруі  керек.  Жастарды  да  сондай  ұлтына  ұстын,  халқына  тұлға  боларлық  рухта  тəрбиелеуіміз  қажет. 
Əрбір азаматтың жаман əдеттен арылып, Тəуелсіздігіміздің баяндылығын, халқымыздың ынтымағы мен 
бірлігін,  дініміздің  біртұтастығы  мен  ел  игілігі  мемлекеттіміздің  əлемнің  алдыңғы  қатарлы  еліне 
айналуы  жайын  ойлап,  соған  барынша  қызмет  етуі – баршамызға  зор  міндет» [16, 7-б.].  Хикмет 
дəстүріндегі  өлеңдердегі  адамгершілік-имандылық  тақырыбы  мен  уақыт  шындығының  сəйкестігі – 
ұлттық əдебиетіміз халықтығының нақты жемісі. Əдеби туындылар өмір шындығын эстетикалық таным 
биігінде таныту арқылы жаңа толқынымен бірге жаңа жетістіктерге бастайды. 
Қорыта айтқанда, сопылық-философиялық поэзиядағы хикмет дəстүріндегі өлеңдер ғасырлар бойы 
жалғасып  келе  жатқан  көркемдік  желісін  қазіргі  жəне  болашақтағы  əдеби  үдерісте  де  дамыта  береді. 
Бұл – ұлттық құндылықтар сабақтастығының үздіксіз даму жолы. 
 
ƏДЕБИЕТ 
 

Ұлттық идея жəне қазақ философиясы/Нұрмұратов С.Е., Нұрланова Қ.Ш., Əлжан Қ.Ұ., Сатершинов Б.М. жəне 
т.б. – Алматы: КИЦ ИФиП, 2010. – 240 б. 

Кенжетай  Д.  Қожа  Ахмет  Иасауи  дүниетанымы. – Түркістан:  Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  Қазақ-түрік 
университеті, 2004. – 341 б. 

№4. 2013  
 
 
125 

Əбдірəсілқызы  А.  Қожа  Ахмет  Иасауидің  ақындық  əлемі  (монография). – Алматы: «КИЕ»  лингвоелтану 
инновациялық орталығы, 2007. – 264 б. 

Байтұрсынов А. Шығармалар: өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 

Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1967. – 215 б. 

Қабдолов З. Сөз өнері: Əдебиет теориясының негіздері. – Алматы: Мектеп, 1982. – 367 б. 

Əдебиеттану терминдерінің сөздігі / Құрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б. 

Иасауи  Қожа  Ахмет.  Диуани  хикмет  (Ақыл  кітабы) – Жинақты  баспаға  əзірлеп,  қазақшаға  аударғандар: 
М.Жармұхамедұлы, С.Дəуітұлы, М.Шафиғи. – Алматы: Мұраттас, 1993. – 292 б. 

Ізтілеуұлы Т. Шығармалары: көңілқос, жоқтау өлеңдері жəне түрмеде жазылған жырлар. – Алматы: Жазушы, 
2007. – 1-т. – 312 б. 
10   Майлықожа. Шығармалар. – Алматы: Атамұра, 2005. – 804 б. 
11   Оразалин Н. Ғасырмен қоштасу. – Астана: Елорда, 2001. – 272 б. 
12   Асқар О. Тəуелсіздік тартулары: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы: Өнер, 2001. – 112 б. 
13    Қалиев С. Көзайым: Өлеңдер мен айтыстар. – Алматы: Қазақ университеті, 2007. -  150 б. 
14   Қалиев С. Иманым  - менің жиғаным: Өлеңдер. – Алматы: Нұрлы əлем, 2007. – 72 б. 
15   Байтұрсынұлы Д.  Мəңгілік  мекен. – Алматы: Жалын баспасы ЖШС, 2008. – 112 б. 
16   Дербісəлі Ə. Ислам жəне заман. – Алматы, 2003. – 560 б. 
 
REFERENCES 
 
1  Ulttyk ideja zhane kazak filosofijasy/Nurmuratov S.E., Nurlanova Қ.Sh., Əlzhan Қ.U., Satershinov B.M. zhane t.b. – 
Almaty: KIC IFiP, 2010. – 240 b. 
2 Kenzhetaj 
D. 
Қozha Ahmet Iasaui dunietanymy. – Turkіstan: Қ.A.Jasaui atyndagy Halyқaralyқ Қazaқ-tүrіk universitetі, 
2004. – 341 b. 

Əbdіrasіlқyzy A. Қozha Ahmet Iasauidің  aқyndyқ  əlemі (monografija). – Almaty: «KIE» lingvoeltanu innovacijalyқ 
ortalyғy, 2007. – 264 b. 
4 Bajtұrsynov A. Shyғarmalar: өleңder, audarmalar, zertteuler. – Almaty: Zhazushy, 1989. – 320 b. 
5 Zhұmaliev Қ. Ədebiet teorijasy. – Almaty: Mektep, 1967. – 215 b. 

Қabdolov Z. Sөz onerі: Ədebiet teorijasynyң negіzderі. – Almaty: Mektep, 1982. – 367 b. 

Ədebiettanu terminderіnің sөzdіgі / Құrastyrushylar: Z.Ahmetov, T.Shaңbaev. Almaty: Ana tіlі, 1996. – 240 b. 
8 Iasaui 
Қozha Ahmet. Diuani hikmet (Aқyl kіtaby) – Zhinaқty baspaғa  əzіrlep,  қazaқshaғa audarғandar: 
M.Zharmұhamedұly, S.Dəuіtұly, M.Shafiғi. – Almaty: Mұrattas, 1993. – 292 b. 

Іztіleuұly T. Shyғarmalary: kөңіlқos, zhoқtau өleңderі zhəne tүrmede zhazylғan zhyrlar. – Almaty: Zhazushy, 2007. – 
1-t. – 312 b. 
10  
Majlyқozha. Shyғarmalar. – Almaty: Atamұra, 2005. – 804 b. 
11   Orazalin N. Ғasyrmen қoshtasu. – Astana: Elorda, 2001. – 272 b. 
12  
Asқar O. Təuelsіzdіk tartulary: Өleңder men pojemalar. – Almaty: Өner, 2001. – 112 b. 
13  
 
Қaliev S. Kөzajym: Өleңder men ajtystar. – Almaty: Қazaқ universitetі, 2007. -  150 b. 
14  
Қaliev S. Imanym  - menің zhiғanym: Өleңder. – Almaty: Nұrly əlem, 2007. – 72 b. 
15  
Bajtұrsynұly D.  Məңgіlіk  meken. – Almaty: Zhalyn baspasy ZhShS, 2008. – 112 b. 
16  
Derbіsəlі Ə. Islam zhəne zaman. – Almaty, 2003. ¬– 560 b. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет