ФБ.
Аузынан уыз сүті кеппеген [тамған]. Жас. – Айттым ғой, аузыңнан уыз сүті кеппеген баласың, -
деп ол сықылықтап күлді (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). Рақымның аузынан уызы тамған өрімдей кезі
(Ж.Мұзапаров, Қаби қарт.).
Қашпаған қара сиырдың уызына қарады [уызын күтті]. Болмайтын, ешнəрсе шықпайтын істен
дəмеленді, босқа ұзақ тосты. – Біздің сапарымыз қашпаған қара сиырдың уызын күткендей кепке
айналды (С.Бердіқұлов, Аспан.).
Уыз қымыз. Жазғытұрым кездегі алғашқы қымыз. – Уыз қымызға балқып, шарапқа қызып алған
старшина от басарын сезбеді (С.Əйешев, Жаңғыру). Қырдың таза ауасын жұтып, майдың уыз
қымызын ішу мың да бір ем (С.Досанов, Тау жолы).
Уызы арылмаған. Дəулеті шайқалмаған, бақ-дəулеті таймаған. – Хандық салтанат құтыртып,
жеті атасынан бері уызы арылмаған Жəңгір əдетте мұндай етек-жеңі ырым-жырым боп жүретін
жоқ-жұтаңдарды құлқаны сүймеуші еді (Н.Əбуталиев, Қайран Нарын). Бұл өзі жеті атасынан бері
уызы арылмаған, бағы таймаған, басы сəждеге тимеген... бір жауыз еді (С. Торайғыров, Таңд. шығ.).
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
90
Уыздай ұйыды. Береке-бірлігі бұзылмады, ынтмағы жарасты. – Соғыстың салдарынан небір
уыздай ұйыған семьялардың шаңырағы ортасына түсті (Ө.Қанахин, Жер бас.). Уыздай ұйып,
құшақтасып ұйықтаған балаларына асыл ананың мейірі түсіп кеттті (Ə. Жылқышиев, Мешін)[9].
ІІІ. Лингвомəдениеттанымдық түсініктеме:
Жас төлдеген малдың алғашқы күнгі қою, қоймалжың сүті. Дəмді əрі құнарлы. Сондықтан да
малдың төлі тез пысу үшін уыз сүтімен əбден тойдырып алады. Уызды пісіріп, тағам ретінде
пайдаланады. Уыз – тоқшылықтың əрі жастық пен пəктіктің символы.
IV. Типтік бейнелі танымдар.
1.Уыз – тоқшылықтың, құнарлылықтың, шипалықтың нышаны.
2. Уыз – жастықтың белгісі.
3. Уыз – пəктіктің, тазалықтың символы.
Аспаздық əлемде қолданыс табатын тілдік бірліктер: тағам атаулары, тағамды əзірлеуде қоданатын
қимыл ұғымдары, тағамның сапасы, сыны, тағамды даярлағанда қолданылатын ыдыс-аяқ атаулары да
өздерінің бастапқы тура мағынасынан өзге, ауыспалы мағынада (метафора түрінде) жиі
қолданылатынын көркем шығармалардан жиналған тілдік деректерден көруге болады. Мысалы:
Сүт – төлдеген малдан сауылып өндірілген ақ түсті, майлы сұйық тағам.
Сүт ұйқымды сүрініп ашып алдым.
Үрпиген сүт үмітім.
Уыз – жас төлдеген малдың алғашқы 2-3күндік қою уыз сүтінен пісірілетін дəмді тағам.
Сайтан алғыр талап зор,
Бағы – уыз қатырым.
Қазақ деген қарағым, уыз бағын бұзбаған,
Ділін, үнін, дəстүрін сақтай жаны сыздаған.
Уыз жырың жанымда ұйып қалып[10].
Шұбат – түйе сүтінен ашытылып жасалған қоректі, шипалы тағам.
Ақ шұбат қиял, үлбір үміттер түбіттей...
Торта – сарымайды еріткенде бөлінген тұнба, қалдық[11].
Шындықтың тортасымын.
Малта – құрттың ең соңғы езілуінен қалдық[11].
Түскенім жоқ тіршілік қалтасына,
Малданамын еңбектің малтасына.
Қатық – 1. Қой, сиыр сүтінен ұйытылған қою айран.2. сұйық тамақтың дəмді, қоректі болуы үшін
қосатын сүт, май т.б. тағамдар.
Байыптылық болсын қатығың,
Шолақ та, шолтаң ақылым.
Ас əзірлегенде қолданылатын күйдіру, ұйыту, иіту қимыл ұғымдары да көркем шығарма тілінде
метафораланады:
Күйкі күн күйдіріп кеткенде,
Ақылға сен ғана ұйыттың.
Тəнімнен төр алған құлыным,
Мейірге үйір ғып, иіттің.
Бал – гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың, шипалы тəтті тағам.
Метафоралық қолданысы:
Жақсылығың бал-шырын,
Жамандығың кермек тым.
Зəрлі жəндік жанымнан бал сұрайды.
Қорқытпай жарыққа шық күнім,
Баурасын біздерді бал иісің.
Нəрестедей шалқыған тəтті ұйқыда.
Бал дүбір сəнің жалт беріп.
Шəрбат – тəтті тағам атауы.
Ойы – шəрбат, сөзі жөн, зəруманға жанашыр.
Қайысқанға қабырға, қуанышқа шарадай.
Айтылмай қалған сыр ыстық
Нұр маңындағы жырыңның дəмін ұрладым[10].
№4. 2013
91
Қорыта келгенде, мақала мазмұнында көтерілген тақырыптың қазақ тіл білімінде алдағы уақытта да
өз зерттеушілерін қызықтырары сөзсіз.
ƏДЕБИЕТ
1
Қазақтың салт дəстүрлері мен əдет-ғұрыптары./ Кенжеахметұлы С.2-басылым. – Алматы:Атамұра, 2013.-384бет.
2
Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы (Егемен Қазақстан.№ 828-
831(27902) 15желтоқсан. 2012 жыл.
3
Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. –Алматы: Мектеп, 1965. – 161б.
4
Белбаева М. Қазіргі қазақ тілі лексикологиясы. – Алматы: Мектеп, 1976. – 116 б.
5
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мəселелері. - Алматы: Арыс, 2008. – 472б.
6
Ордабекова Х.А.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы: практикалық жəне лабораториялық жұмыстар. –Алматы,
2010. – 25-27б.
7
Юрина Е.А. « Словарь русской кулинарной метафоры»: принципы отбора материала и структура словарной
статьи // Вестник ТГУ. Филология. —2011.— № 3(15). - С. 70-78.
8
Юрина Е.А. Русско-казахский лингвокультурологический словарь «Национальная пищевая традиция в зеркале
языковых оброзов» // Вестник КГУ имени Ш.Уалиханова. серия Филологическая. —2013. —№1-2. –С 232- 237.
9
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Қазақ ССР-нің :«Ғылым» баспасы,1985. 8-том. —400б.
10 Нұрлыхан Нуруллақызы. Періште шəрі: Өлеңдер. – Ақтөбе, 2011. – 104 б.
11 Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномəдени атаулардың танымдық негіздері. –Алматы: Жібек жолы, 2008. -356 б.
REFERENCES
1
Қazaқtyn salt dastүrlerі men ədet-guryptary./ Kenzheahmetuly S.2-basylym. – Almaty:Atamura, 2013.-384bet.
2
Қazaқstan – 2050» strategijasy – қalyptasқan memlekettің zhaңa sajasi baғyty» atty Қazaқstan Respublikasynyң
Prezidentі – Elbasy N.Ə.Nazarbaevtyң Қazaқstan halқyna Zholdauy (Egemen Қazaқstan.№ 828-831(27902) 15zheltoқsan. 2012
zhyl.
3 Ahanov
K.
Tіl bіlіmіne kіrіspe. –Almaty: Mektep, 1965. – 161b.
4 Belbaeva
M.
Қazіrgі қazaқ tіlі leksikologijasy. – Almaty: Mektep, 1976. – 116 b.
5 Mұsabaev Ғ. Қazaқ tіl bіlіmіnің məselelerі. - Almaty: Arys, 2008. – 472b.
6 Ordabekova
H.A.Қazіrgі қazaқ tіlіnің leksikologijasy: praktikalyқ zhəne laboratorijalyқ zhұmystar. –Almaty, 2010. –
25-27b.
7 Jurina E.A. « Slovar' russkoj kulinarnoj metafory»: principy otbora materiala i struktura slovarnoj stat'i // Vestnik
TGU. Filologija. —2011.— № 3(15). - S. 70-78.
8 Jurina E.A. Russko-kazahskij lingvokul'turologicheskij slovar' «Nacional'naja pishhevaja tradicija v zerkale jazykovyh
obrozov» // Vestnik KGU imeni Sh.Ualihanova. serija Filologicheskaja. —2013. —№1-2. –S 232- 237.
9
Қazaқ tіlіnің tүsіndіrme sөzdіgі. Қazaқ SSR-nің :«Ғylym» baspasy,1985. 8-tom. —400b.
10 Nұrlyhan Nurullaқyzy. Perіshte shərі: Өleңder. – Aқtөbe, 2011. – 104 b.
11 Mankeeva
Zh.A.
Қazaқ tіlіndegі jetnomədeni ataulardyң tanymdyқ negіzderі. –Almaty: Zhіbek zholy, 2008. -356 b
ОСОБЕННОСТИ УПОТРЕБЛЕНИЯ МЕТАФОР В КУЛИНАРНОМ МИРЕ
Резюме
В статье описывается процесс метафоризации языковых единиц национальной пищевой культуры. Исследование
проводится в рамках грантового научного проекта «Национально-культурные доминанты казахского этноса в аспекте
межъязыкового и межкультурного взаимодействия».
Собранный языковой материал по процессу словообразования был разделен по тематическим группам. Номинации
казахских национальных блюд проанализированы и систематизированы по видам, процессу приготовления блюд, видам
посуды, необходимых для приготовления и подачи готового блюда, субъектам приготовления блюд, вкусовым
качествам пищи, характеристике процесса приема пищи, степени удовлетворения субъекта в ходе приема пищи, месту
употребления пищи. Проанализированы языковые единицы по кулинарной лексике казахского языка; определен
словообразовательный потенциал на основе процесса метафоризации слов «сүбе»,«уыз». Представлена полная
лексикографическая характеристика языковых единиц на основе лингвокультурологического аспекта. Языковые
единицы кулинарного мира в художественном контексте употребляются как образные слова в переносном значении.
PECULIARITIES OF METAPHORS’ USE IN THE CULINARY WORLD
Summary
The article describes the process of metaphor language units of the national food culture. The following research has been
conducted on the basis of grant scientific project: National cultural dominance of the Kazakh ethnic group in the aspect of cross-
language and cross-cultural interaction.
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
92
The language data on the process of word formation has been divided into thematic groups. The nominations of Kazakh
national dish have been analyzed and systematized: species, the process of cooking, type of cookware needed to prepare and serve
the finished dish, the subject of cooking, taste of food, meal characterization process, the degree of satisfaction of the subject of
the meal, the place of eating. Language units on the culinary lexicon of the Kazakh language are analyzed and determined on the
basis of the potential of word-formation process of metaphor words "suybe", "uyz." The language units have been characterized
from lexicographical point of view taking into consideration the basis of linguistic and cultural aspects. Language units of the
culinary world in an artistic context, are used as figurative words in a figurative sense.
Поступила 06.06.2013 г.
ƏОЖ 801.56 (5қ)
Р.Ж.ҚИЯҚОВА
Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ф.ғ. к.,
профессор міндетін атқарушы
СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ «ДЕ» ТҰЛҒАЛЫ ТҮЙДЕКТІ ТІРКЕС
Аннотация
Мақалада «де» тұлғалы түйдекті тіркестің лексикалық мағынасы бар сөздің синтаксистік қызметінің
ауысуына себеп болуы қарастырылады. Сөйтіп, бастауыш пысықтауышқа, баяндауыш толықтауышқа, тіпті
бүтіндей сөйлем бір ғана сөйлем мүшесінің қызметіне ауысуы анықталады. Төл сөз бен автор сөзін
байланыстыру функциясын тек «де» грамматикалық формасы атқара алатыны белгілі. Сол сияқты дайын
қолданыстағы «Сөз мəйегі – мақал-мəтелді» де субъектінің ойымен астастырады. Осы орайда, көмекші
етістік «деген, дегенде, дегенге» формасына ие болады. Бірақ ерекше назар аударатын жағдай, ол алдыңғы
немесе кейінгі сөзбен де ешбір мағыналық байланысқа түспейді. Кейде көмекші етістіктің демеулік
шылаудың қызметіне ауысу мүмкіндіктері де бар екені анықталды.
Кілт сөздер: көмекші етістік, «де» тұлғалы түйдекті тіркес, семантикалық, грамматикалық мағына,
байлауыш дəнекер, сөйлем мүшелері.
Тіл ғылымында толық лексикалық мағынасы бар етістіктермен қоса көмекші етістіктер де бар.
Толық лексикалық мағынасы бар етістіктердің барлығы бірдей негізгі, жетекші етістік қызметінде
қолданыла алмайды. Грамматика саласындағы дамуды, зерттеу жұмыстарындағы жетістіктерді
ескеретін болсақ, бастапқы лексикалық мағынасынан айырылған, грамматикалық қызметке көшкен
етістіктердің өзі көп функциялы іспетті. Тіліміздегі көмекші етістіктер сан жағынан əлдеқайда аз,
шамамен отыз шақты ғана болады. Олар: ал, баста, бар, бер, біл, бақ, де, еді, ет, екен, емес, жазда, тұр,
отыр, жүр, жатыр, кел, кет, қой, жөнел, сал, түс, жібер, таста, шық, қара т.б.
Көмекші етістіктер негізгі етістікке көсемше, есімшенің жұрнақтары арқылы тіркеседі. Бұл етістіктің
өзін қолдану аясына қарай, түрлену мүмкіндігіне қарай, негізгі етістікке тіркесіп, түйдекті тіркес
құрамында қолданылуына қарай, оларға қосар мағынасын сараласақ, бəрі бірдей емес.
Түйдекті тіркес дегеніміз не? Ол – «лексика-грамматикалық топ болып, сөз тіркесінің бір сыңары
қызметінде жұмсалатын тіркес» [1, 39]. Сондықтан болар профессор Ф.Ш.Оразбаева етістіктерді
толымды көмекші етістіктер жəне толымсыз көмекші етістіктер деп екіге бөледі. « ... толымсыз көмекші
етістіктерге -е, -ет, -жазда, -де сияқты т.б. сөздер жатады», – дейді [2, 309]. Етістіктердің мағынасы
толымсыз болғанымен, ол толық мағыналы сөз білдіре алмайтын кейбір семантикалық, грамматикалық
абстракциялық мағыналардың жасалуына негіз бола алады.
Олай болса, біз де сол толымсыз көмекші етістіктің бірі « де» тұлғасы жайында сөз етпекпіз.
Де көмекші етістігі бірде есімше, бірде көсемше тұлғалы етістіктің жұрнақтары арқылы түрленіп,
синтаксистік тіркестің бағыныңқы сыңарында жұмсалады да, құрылымына қарай күрделі еркін тіркесті
құрайды. А.Ысқақов: « Ең алдымен бұл форма хабарланылмақшы, ойға қатысты сөзді я сөйлемді түгел
үйіріп, айтылмақшы, я аталмақшы амал-əрекеттің (көбінесе, əрине, баяндауыштың) мақсаты, себеп-
салдары, нұсқауы сияқтандырып көрсету үшін қолданылады. Мұндағы деп формасы өзінің негізгі
мағынасын түгел я жартылай сақтап отырады», – дейді [3, 269].
№4. 2013
93
Деп көмекші етістігі есім сөзбен, бұйрық райлы, қалау райлы етістікпен де түйдекті тіркес құрайды.
Əрі аталған көмекші етістік өзіне қатысты, өзі тіркескен есім сөздердің, етістіктердің синтаксистік
қызметін өзгертеді.
Мысалы: 1. Оспан бұл мінездерін қазақтың қонақжайлығы, мырзалығы, кеңдігі деп сүйген еді
(М.Əуезов). 2. Əрі оның иманы бетіне үйірілген келіншектері, қасиеті көзінен көрінген парасатты,
мейірімді аналары, табиғи тұп-тұнық, мөлдір, инабатты бойжеткендері ешкімді де бейтарап
қалдырмайды деп ойлаймын («Қазақ əдебиеті» газеті). 3. Елден жырақ өстік, халықтың салт-дəстүрін
мұғалімдер ескіліктің қалдығы деп миымызға құйып жатты (Д. Исабеков).
Бірінші сөйлемдегі синтаксистік тіркестер: кеңдігі деп сүйген еді; мырзалығы деп сүйген еді;
қонақжайлығы деп сүйген еді; қазақтың кеңдігі деп. Синтаксистік тіркестердің барлығы құрылымына
қарай – күрделі сөз тіркестері. Ал жеке бағыныңқы, басыңқы сыңарлары – профессор М.Балақаев,
Т.Сайранбаевтың пікірлерінше, түйдекті тіркес. Осы мысалдардағы алғашқы үш күрделі сөз тіркестері
пысықтауыштық қатынаста жұмсалса, соңғы тіркес атрибуттық яғни анықтауыштық қатынаста
жұмсалған. Сөйлемде құрылымына қарай бір ғана дара сөз тіркесі бар. Ол – бұл мінездерін деген тіркес.
Синтаксистік қатынасы – атрибуттық қатынас. Пысықтауыштық қатынастағы кеңдігі деп сүйген еді
деген синтаксистік тіркестің бағыныңқы сыңарының сөйлемдегі қызметі бастауыштан пысықтауышқа
ауысқан. Көмекші етістік толық лексикалық мағынасы бар сөздің жетегінде қолданылған. Сөйтіп,
көмекші сөз ретінде жұмсалса да, лексикалық мағынасы бар сөздің қызметіне əсер еткен. Сондықтан
сөйлем ішінде бір сұраққа жауап береді, сөйлемге материал болатын синтаксистік тіркестің бағыныңқы
сыңарында жұмсалады, бір сөйлем мүшесінің қызметінде қолданылады.
Де көмекші етістігі тек көсемшенің жұрнақтары арқылы ғана түрленбейді, сол сияқты есімше
жұрнақтары арқылы да түрленіп, жалпы, жалқы есіммен түйдекті тіркес құрай алады. Кейде тіпті бұл
көмекшілер жалпы, жалқы есімді өзінен кейінгі есім сөзбен байланыстырады. Етістіктің негізгі қызметі
баяндауыш екендігі белгілі, бірақ баяндауыш қызметінде жұмсалатын тұлға бірде бастауыш, бірде
толықтауыш, бірде анықтауыш, бірде пысықтауышқа ауысуы тілдің ішкі заңдылығына байланысты.
Соның бір себебі «де» көмекші етістігінің тіркесуі арқылы қолданылады деп толық айтуға болады. Ол
жинақталған мысалдар арқылы дəлелденген-ді.
Баяндауыш қызметінде қолданылуға тиісті сөйлем мүшесі де етістігінің тіркесуі арқылы күрделі
толықтауышқа ауысады. Түйдекті тіркестің құрамындағы сөздер біреу я бірнешеу, кейде тіпті
сөйлемдік дəрежедегі құрылымдар да бір сөйлем мүшесі қызметінде қолданыла береді.
Мысалы:
1. Көршілерім, құрбыларым білмеймін дегенді жиі айта берді («Егемен Қазақстан» газеті). 2. «Өлі
риза болмай, тірі байымайды» дегенді шешем қайта-қайта айтушы еді (Б.Тоғысбаев). 3. Дүйім жұртты
таңғалдырар шешендігім бар деуші едің, сөйле, тартынба, «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегенді марқұм
əкең де айта беруші еді, шап, балам, аруақ қолдасын, тілектеспін («Қазақ əдебиеті» газеті)
Де көмекші етістігі біреудің сөзін төл сөз ретінде берудің бірден-бір көрсеткіші екендігі – басты
ерекшеліктерінің бірі.
«Төл сөзді автор сөзімен байланыстыру үшін, оның тіпті жеке бір сөзінің грамматикалық формасын
өзгертіп айтатын болса да, ол төл сөз болудан қалады. Сондықтан төл сөздің автор сөзімен байланысы
оның бастапқы құрылысына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтау жағдайында жүзеге
асырылады. Төл сөз бен автор сөзі арасындағы байланысты қамтамасыз ететін байлауыш дəнекер -де
көмекші етістігі. Төл сөздің бастапқы дербестігін толық сақтай отырып, оның автор сөзімен
байланыстыру функциясын де етістігінен басқа ешбір сөз, ешбір грамматикалық форма атқара
алмайды. Де етістігінің төл сөздің төл сөз екенін танытудағы қасиеті де осы функциясында», – дейді
Т.Қордабаев [4, 149].
Көркем шығармадан алынған тілдік деректердің бірін, төл сөз бен автор сөзін, дəйек етсек, мысалы:
1. Бауыржан Момышұлы: «Ов, ев деген атыңды, овощ жеген аузыңды ұрайын», – деген екен (Ғ.
Мүсірепов). 2. – Сондай тамаша ұйықтаппын, – деді ол, – қыстайғы несие ұйқымның бəрі өтелген
тəрізді, қарға аунаған түлкідей жайнап қалған сияқтымын. 3. «Бір өкініш – басты өкініш, туған елі
Көкшетаудан, өскен топырағы Қарағаш ауылынан Жақан Сыздықов ыстық ықыласты қолдауды,
қамқорлықты сезбей, адамгершілік назар-ілтифатты көрмей өтті», – деген болатын бір əңгімесінде
белгілі жазушы (Т.Қажыбаев).
Ойымызды одан əрі сабақтасақ, аталмыш көмекшілік қызметтегі етістік төл сөзді автор сөзімен
байланыстырып қана қоймайды, сөйлемнің синтаксистік қызметіне де əсер етеді. Бұл етістік төл сөздің
қандай сөйлем мүшесі болатынын анықтайтын көмекші сөз формасы болып есептелсе, онда төл сөз өз
ішінен сөйлем мүшесіне талданбайды. Мысалы:
Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан
94
1.«Тамағыңа тас байланды ма?» деген күбір, зіл де шығып жатыр («Ана тілі» газеті). 2. «Қазаның
оттан түспесін» деген достардың тілегі айнымай келеді де тұрады (Сонда). 3. «Жақсы сөйлесе, аузынан
гүл төгіледі, жаман сөйлесе, аузынан жын төгіледі» деген нақылды халық бекер айтпаса керек («Қазақ
əдебиеті» газеті). Сөйлемдерде «деген» көмекші етістігінің ықпалымен төл сөз анықтауыштың қызметін
атқарып тұр.
Де етістігі тек қана төл сөз бен автор сөзін байланыстыратын дəнекер, Т.Қордабаевтың көзқарасы
бойынша «байлауыш дəнекер» ғана емес, бұл грамматикалық тұлғаның тағы бір ауыз толтырып
айтарлықтай белгісі бар. Ол белгі – дайын күйінде қолданылатын мақал-мəтелді сөйлеушінің негізгі
ойымен байланыстыратын, астастыратын белгі.
Р.Əмір, Ж.Əмірова: «Айтылған пікірге тірек, дəлел, əсерлілік, өң беретін қыстырма сөйлемдер
негізгі сөйлемге деп, деген, демекші, айтпақшы тəрізді көмекші сөздер арқылы телінеді. Бұл ретте
қыстырма сөйлем негізгі пікірді дəлелді, салмақты етіп көрсетуге сеп болады», – дейді [5,99]. Ойымыз
дəлелді болу үшін, сұрыпталған тілдік деректерді сөйлетсек, олар:
1. «Теңіз суының дəмін бір-ақ тамшысынан байқауға болады» дегендей, бұл жолғы іссапар ауыл
өмірі мен диқан көңілінде қордаланып қалған бірқатар күрделі мəселелердің бар екендігін де көрсетті
(«Бұқпа!» газеті). 2. «Əже дегенің – үлкен мектеп, ол – салт-дəстүр, əдет-ғұрып, əдеп мектебі» дегендей,
ертегі айтар əжелердің көптігінен зиян шекпеспіз («Бұқпа!» газеті). 3. «Біреу қасып айтады, біреу басып
айтады, біреу жаны ашып айтады» демекші, мен сені осы ділмарсынғаныңа қарағанда қайсысына
жатқызсам екен?! («Ана тілі» газеті).
«Теңіз суының дəмін бір-ақ тамшысынан байқауға болады; Əже дегенің – үлкен мектеп, ол – салт-
дəстүр, əдет-ғұрып, əдеп мектебі; Біреу қасып айтады, біреу басып айтады, біреу жаны ашып айтады»
деген қолданыстар, əлбетте, сөйлеушінің айтар ойын қалқысыз түсінуге, екіұшты ойды болдырмауда
айтылымның дəлелді екенін айқындай түседі. Сол сияқты сөйлеушінің сөз саптауынан да хабар береді.
Жұмсалу аясының кеңдігін ескерсек, тағы бір ерекшелікті назардан тыс қалдырмағанымыз жөн. Ол
ерекшелік – деген, дегенде, дегенге формалары қайталанатын сөздердің алдында, арагідік
қайталанатын сөздердің ортасында орналасуы. Əсіресе, осы тақылеттес қолданыстарды ауыз əдебиеті
үлгілерінен жиі кездестіруге болады. Мысалы:
1. Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша.
Бір түгіл екі жеңгең келіп тұр ғой,
Рұқсат бізден сізге бар, Қадиша.
2. Дегенде атым Майра, атым Майра,
Отыз тіс көмей менен тілім сайра,
Қолға алып домбырамен əн шырқасам,
Ілесер сонда маған жігіт қайда?
3. Лəйлім шырақ, дегенде, Лəйлім шырақ,
Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ,
Қайыс болсын , жіп болсын өзіме бер,
Шідерімнің бағасы – қырық қысырақ.
4. Көлбай-Жанбай, дегенге, асыл сүйек,
Бір тəңірден мен жүрмін тілек тілеп.
Форымын шідерімнің сұрасаңыз,
Саф күмістен балағы, алтын кесек.
Мысалдардан байқағанымыздай, қайталанған дегенде, дегенге, тəріздес көмекшілік қызметте
жұмсалуға тиісті формалар өзінің алдындағы сөзбен де, өзінен кейінгі сөзбен де ешбір мағыналық
байланысқа түспейді. Тіпті оларды алып тастасақ та, мəтіннің мағынасында ешбір өзгеріс болмайды.
(Салыстырсақ: Балқадиша, Балқадиша, Өзенді өрлей біткен тал, Қадиша; Немесе Лəйлім шырақ, Лəйлім
шырақ, Таудан аққан құм қайрақ сен бір бұлақ; Көлбай-Жанбай, асыл сүйек, Бір тəңірден мен жүрмін
тілек тілеп, т.б.)
Сондықтан болар А.Əбілқаев: « ... тек өлең ұйқасына бола тұрған сияқты», – деп өз ойын түйіндейді
[ 6,19].
Тілдік деректердің сұрыпталуын екшесек, бір ғана «де» етістігінің семантика-грамматикалық
белгілері оның сан алуан қызметті атқара алатынын таныта түседі. Санамаласақ олар төмендегідей:
•
бірде нағыз, дəл сияқты күшейту мағынасында жұмсалады;
•
бірде лексикалық жетекте мəнерлеу үшін жұмсалады;
№4. 2013
95
•
бірде жалқы есімге телініп, ол адамның сөйлеушіге түрлі эмоциясын білдіруде, екпін түсіру
үшін қолданылады;
•
айтылған пікірге тірек, дəлел, əсерлілік, өң беретін тұлға ретіндегі қолданысқа ие екендігін
танытады;
•
бірде сөйлемнің синтаксистік қызметін анықтайды.
•
кейде Р.Əмір, Ж.Əмірова: «Диалог сөзде, əсіресе, бұйрықты сөйлемде «деймін» тұлғасы екпін
түсіріп айту үшін жұмсалады, ... Сөйлеуші аталған етістікті тыңдаушының назарын өз сөзіне аудару
үшін жұмсап, сол арқылы ол кейін демеулік қызметін атқаратын болған», – дейді [ 7, 110]
Академик Н.Сауранбаев деп көмекші етістігінің жалғаулық шылаудың қызметінде де
қолданылатындығын жоққа шығармайды. Ойымызды одан əрі тарқатсақ: «Таким образом в форме деп
можно обнаружить две стороны. Первая – эта связь целого предложения с глаголом де в месте со всей
семантической группой с последующим предложением. Эта связь выражается аффиксом –п,
последнюю можно называть синтаксической связью. Поэтому форма деп в современном языке
функционально стала союзом», – дейді [ 8, 200].
Ендеше Н.Сауранбаевтың бұл көзқарасы да «де» көмекші етістігінің тағы бір қырын көрсетсе керек.
Бұл тілге тиек етер келесі бір мəселе.
СЛОЖНОЕ СЛОВОСОЧЕТАНИЕ В ФОРМЕ «ДЕ» В ФУНКЦИИ ЧЛЕНОВ ПРЕДЛОЖЕНИЯ
Ключевые слова: вспомагательный глагол, форма «де», сложное синтаксическое сочетание, семантико- грамматическое
значение, связывающий элемент, члены предложения
Достарыңызбен бөлісу: |