Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата06.03.2017
өлшемі4,83 Mb.
#7760
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

Резюме 
 
В  статье  рассматривается    сложное  словосочетание  в  форме  «де»  в  казахском  языке,  которое    влияет  на 
синтаксические  функции  членов  предложения.  В  статье  проанализированы:  переходность  подлежащего  в 
обстоятельство,  сказуемого  в  дополнение.  При  систематизации  языкового  материала  выявлено,  что  иногда  целое 
предложение  сочетаясь  с  формой  «де»  теряет  свой  статус  и      может  выполнять  функцию  одного  члена  предложения.   
Общеизвестно,  что  грамматическая  форма  «де»   выполняет  функцию  связи  между  прямой  и  косвенной  речью.  При 
использовании  в  составе  предложения  устойчивых  словосочетаний,  пословиц  и  поговорок,  эта  форма  связывает 
основную мысль субъекта. Вспомагательный глагол «де» употребляется в речи в форме  «деген, дегенде, дегенге»  и в 
составе  предложения  семантически  не  связывается    ни  с  предыдущим,  ни  последующими  словами.  Иногда 
вспомагательный глагол переходит в разряд служебных слов, выполняет функцию частицы.    
 
COMPOUND COLLOCATION IN THE FORM OF "DE" FUNCTIONS AS PARTS OF A SENTENCE 
Keywords: auxiliary verb,  a form of "de", a complex syntactic combination, semantic and grammatical meaning, binding 
element, parts of a sentence. 
 
Summary 
 
The article shows the complex phrases in the Kazakh language of the form 'de', which affects the syntactic function of the 
sentence. We analyze the transition of the subject to adverbial modifier and the predicate to the object. When ordering language 
material it has been revealed that sometimes the whole sentence combined with a form of "de" loses its status and can function as 
a part of the sentence . It is well known that the grammatical form of "de" serves as a link between direct and indirect speech. 
When used in sentences set phrases, proverbs and sayings, so as a result in this form it is related to the main idea of the subject. 
The auxiliary verb "de" is used in a speech in the form of "degen, degende, degenge" and is not a  part of the sentence and 
semantically cannot be either associated with the former, nor with the subsequent words. Sometimes auxiliary verb takes  the 
function of a particle.  
 
ƏДЕБИЕТ 
 
1 Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2006. 
– 237 б.  
2 Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., т.б. Қазіргі қазақ тілі. Оқулық. – Алматы: Print-S, 2005. – 535 б. 
3  Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б. 
4  Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі. 2-басылуы. – Алматы: Санат, 1995. – 176 б. 
5  Əмір Р., Əмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Санат, 1998. –192 б. 
6 Əбілқаев А. Қазіргі қазақ тіліндегі «де» етістігінің семантика-грамматикалық табиғаты. – Алматы: Мектеп, 1962. – 
190 б. 
7 Əмір Р., Əмірова Ж.. Жай сөйлем синтаксисі. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. –199 б. 
8 Сауранбаев Н. Қазақ тілдерінің проблемалары. – Алматы: Ғылым, 1982. –352 б. 
 
REFERENCES 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
96  
1 Balaқaev M. Қazіrgі қazaқ tіlі: Sөz tіrkesі men zhaj sөjlem sintaksisі. – Astana: L.N.Gumilev atyndaғy EҰU, 2006. – 237 b.  
2 Orazbaeva F.Sh., Saғidolda G., Қasym B., t.b. Қazіrgі қazaқ tіlі. Oқulyқ. – Almaty: Print-S, 2005. – 535 b. 
3  Ysқaқov A. Қazіrgі қazaқ tіlі. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 384 b. 
4  Қordabaev T. Қazaқ tіlіndegі құrmalas sөjlemder sintaksisі. 2-basyluy. – Almaty: Sanat, 1995. – 176 b. 
5  Əmіr R., Əmіrova Zh. Zhaj sөjlem sintaksisі. – Almaty: Sanat, 1998. –192 b. 
6 Əbіlқaev A. Қazіrgі қazaқ tіlіndegі «de» etіstіgіnің semantika-grammatikalyқ tabiғaty. – Almaty: Mektep, 1962. – 190 b. 
7 Əmіr R., Əmіrova Zh.. Zhaj sөjlem sintaksisі. – Almaty: Қazaқ universitetі, 2003. –199 b. 
8 Sauranbaev N. Қazaқ tіlderіnің problemalary. – Almaty: Ғylym, 1982. –352 b. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Поступила 06.06.2013 г. 
 
 
 
ƏОЖ 571.33 
 
Т.Қ. ƏУЕЛҒАЗИНА 
саяси ғылымдарының докторы, 
Абай атындағы ҚазҰПУ, Магистратура жəне PhD докторантура институты, «Саясаттану жəне 
əлеуметтік-философиялық пəндер» кафедрасының профессоры м.а. 
 
САЯСИ МƏДЕНИЕТ  – ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ 
 
Аннотация 
 
 
Саяси мəдениет қоғамдық құрылымның барынша күрделі əрі көп салалы феномені болып табылады. Осы 
орайда,  қандай  қоғамда  болмасын  адам  мəдениетті,  ал  мəдениет  адамды  қалыптастыратыны  сөзсіз  жайт. 
Өйткені  жеке  адам  өзі  өмір  сүріп  жатқан  қоғамның  төл  туындысы  болып  табылады.  Тек  қоғамдық  ортада 
ғана əр адамның өзіндік санасы тұрақтап, озық мəдениет үлгілерін өз бойына сіңіре алатыны белгілі. Жалпы 
алғанда, мəдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік өркениеттің адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік 
мақсаттары  бағытында  толыққанды  даму  үдерісі  болып  табылады.  Сондықтан,  саяси  мəдениет  дегеніміз - 
субъектілердің тікелей қызметінде көрініс табатын, ұрпақтар сабақтастығы негізінде қоғамның саяси өмірін 
жаңғыртуды  қамтамасыз  ететін  саяси  үдеріс,  соған  сəйкес  ол  құндылықтар,  ұстанымдар,  таным-түсініктер 
мен  үлгілер  тəн  болатын  тарихи  қалыптасқан  саяси  іс-əрекет  түрлерінің  жиынтығы.  Кез  келген  қоғамдағы 
халықтың  саяси  мəдениеті  қоғамның  даму  жағдайына,  əлеуметтік  қатынастар  жүйесінің  тұрақтылығына 
терең  ықпал ететіні  сөзсіз жайт.  Өз  кезегінде  саяси  мəдениеттің  отбасынан  бастау  алып,  балалар  бақшасы, 
білім беру жүйелері, қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер, БАҚ, мемлекет жəне т.б. тəрізді əлеуметтік 
институттар  жүйесінде  қалыптасатыны  анық.  Ол  адамдардың  еңбекке  деген  белсенділігін  ынталандырып, 
олардың  азаматтық  бағыт-бағдарға  ие  болуы  мен  саяси  өмірді  ұдайы  алға  бастыруға  жетелейді.  Əрбір 
қоғамдық  жүйе  халықтың  жоғары  деңгейдегі  саяси  мəдениетін  қалыптастырып,  дамытуға  мүдделі.  Бүгінгі 
таңда бұл өрелі мақсат Қазақстан қоғамы үшін де аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. 
 
Кілт сөздер: саяси жүйе, саяси мəдениет, мемлекет, қоғам, саяси мəдениеттің типтері, саяси мəдениеттің 
қызметтері, демократиялық режим, субмəдениет, əлеуметтік институттар. 
Ключевые  слова:  политическая  система,  политическая  культура,  государство,  общество,  типы 
политической  культуры,  функции  политической  культуры,  демократический  режим,  субкультура, 
социальные институты. 
Keywords: the political system, political culture, the state, society, the types of political culture, the functions of 
the political culture, democratic regime, subculture, social institutions. 
 
Саяси мəдениет – қоғамның саяси жүйесінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі. Сондықтан саяси жүйе мен 
саяси  мəдениет  шынайы  өмірде  бір-біріне  өзара  ықпал  ете  отырып,  бір-бірімен  тығыз  байланыста  əрі 
сабақтастықта  дамиды.  Алайда,  олар  саясат  əлемінің  тəуелсіз  қосалқы  құрылымдық  бөліктері 
болғанымен,  жеке-дара  өмір  сүре  алмайды.  Саяси  мəдениеттің  жоғары  дəрежедегі  даму  сипаты  саяси 
жүйенің өркениеттілігі мен сапалылығын білдіреді.                                       
Саяси мəдениет жүйесі тарихи, əлеуметтік, саяси, экономикалық, ұлттық жəне өзге де факторлармен 
айқындалады.  Бұл  арада  көп  ғасырлық  тарихы  бар  ұлттың  қазіргі  заманда  саяси  мəдениеттің 
ұстанымдарына айналған саяси өмірдегі терең дəстүрлерге ие болып табылатындығын айта кеткен жөн. 
Демек,  саяси  мəдениет  ұғымы  кез  келген  қоғамдық  құрылымға  тəн.  Ол  қоғамдық  өмірдің  барлық 
салаларын  қамтиды.  Саяси  мəдениеттің  орталық  бөлігіне  жеке  тұлғалардың,  əлеуметтік  топтар  мен 
қабаттардың өз тіршіліктеріндегі іс-əрекеттерінде қолданатын түрлі амал-тəсілдер жиынтығы мен оның 

№4. 2013  
 
 
97 
сипаты  жатады.  Қоғамдағы  саяси  мəдениеттің  деңгейі  ондағы  материалдық-техникалық  қордың 
мөлшеріне,  адамдардың  іскерлік  қабілетінің  өрісіне,  оларды  тиімді  тəрбиелеудің  жолдарына 
байланысты болып келеді. Саяси мəдениетті қалыптастырмайынша, қоғамдық-саяси жүйедегі əр түрлі 
топтардың,  таптардың,  жіктер  мен  қабаттардың  өмір  сүруші  саяси  жүйеге  бейімделуі  қиынға  соғады. 
Себебі  бұлар  бір-бірімен  тығыз  байланысты  жайттар  болып  табылады.  Осыған  орай  саяси  мəдениет 
ұғымының  мəні  мен  мазмұнын  ұғынып,  оны  дұрыс  бағалай  білу  қажет.  Бұл  үшін  ең  алдымен  саяси 
мəдениет туралы түсінік пен оның құрылымын оқып үйренудің маңызы ерекше. 
Қоғамдағы  саяси  мəдениеттің  өзгеру  үдерістері  мен  белгілі  бір  саяси  қауымдастықтың  саяси 
мəдениетінің ерекшелігін бейнелеу үшін ғылымда саяси мəдениеттің типі деген ұғым енгізілген. Саяси 
мəдениеттің  типі  дегеніміз – тарихи  дамудың  белгілі  бір  кезеңдерінде  қоршаған  ортада  өмір  сүрген 
қалыпты  дағдыға  ие,  бір  немесе  бірнеше  мемлекеттің  шеңберіндегі  оқиғалар  мен  саяси  өрлеуге  деген 
көзқарастары бірдей адамдардың барынша ортақ дағдылары мен саяси санасы болып табылады.  
Саяси ғылымда саяси мəдениеттің көптеген типтері тұжырымдалып көрсетілгенін айта кеткен жөн. 
Саяси  мəдениеттің  типтерін  тұңғыш  рет  американың  əлеуметтанушылары  Г.Алмонд  пен  С.Верба 
ғылыми түрде терең зерттеген болатын. 
1958-1962  жж.  аралығында  Г.  Алмонд  пен  С.  Верба  Англия,  АҚШ,  Батыс  Германия,  Италия  мен 
Мексиканың саяси мəдениеттеріне салыстырмалы эмпиризмдік талдау ісін жүргізіп, нəтижесінде 1963 
ж. олардың «Азаматтық мəдениет» атты зерттеулері жарық көрді. 
Əр  елде  орта  есеппен 1000-ға  тарта  тұрғындар  сауалнамаға  қатыстырылды.  Төрт  негізгі  объект: 
саяси жүйе, үкімет, жалпыхалықтық сайлау жəне жеке тұлға басты зерттеу нысаны болды. Олар саяси 
мəдениеттің негізгі үш түрін бөліп көрсетті.   
Саяси  мəдениеттің  бірінші  түріне  олар  «патриархалдық  саяси  мəдениетті»  жатқызған.  Саяси 
мəдениеттің  бұл  түрі  негізінен  қоғам    мен  билік  арасындағы  қарым-қатынас  іс  жүзінде  құрылмаған, 
қауымдастық  мүшелерінің  саяси  жүйе  туралы  білімнен  хабарсыз,  тұрғындардың  саяси  сауаттылық 
деңгейі  төмен,  экономикалық  жағынан  артта  қалған  қоғамдарға  тəн.  Яғни,  аталған  саяси  мəдениеттің 
типінде азаматтардың жергілікті құндылықтарға – қауымдастыққа, руға, рулық қауымға, тайпаға жəне 
т.с.с.  бағдар  алуы  басым  болып  келеді.  Мұндай  қоғамда  тұрғындардың  мамандандырылған  атқаруға 
тиісті арнайы саяси рөлі деген болмайды. Жергілікті көсемдер мен бақсылар саяси, экономикалық жəне 
діни  міндеттер  мен  қызметтерді  өздері  атқарады,  сондай-ақ,  олардың  орталық  үкіметпен  қарым-
қатынастары да белгілі бір нормалармен айқындалмайды. 
Екінші түрі «бодандық немесе басыбайлылық саяси мəдениет» деп анықталған. Саяси мəдениеттің 
бұл  типі  саяси  институттары,  мекемелері  мен  ұйымдары  жəне  т.с.с.  құрылған  қоғамдарға  тəн.  Бұл 
жағдайда  саяси  институттардың  жұмысына  азаматтардың  сенімі  мен  қоғам  мүшелерінің  саяси 
институттар  қызметіндегі  өздерінің  рөлі  жөніндегі  түсініктерінің  болуы,  бірақ  олардың 
немқұрайдылығы,  белсенділік  көрсетпеуі  тəн.  Жалпы  аталған  типте  азаматтардың  тұтынушылық-
патерналистік көзқарасы үстем болып келеді. Сол себептен саяси мəдениеттің бұл типінде «жоғарыдан 
төменге»  бағыну  ұстанымы  саяси  нормаға  айналып,  қоғам  мүшелерінің  игілікке  бөленемін  немесе 
жазалауға  ұшыраймын  деген  оймен  жоғарғылардың  əмірін  орындаушылық  əдеті  саяси  дағды  болып 
қалыптасады.  Сөйтіп,  адамдар  бұл  жағдайда  саяси  саналы  бола  тұра,  тек  қалыптасқан  дəстүрді  ғана 
басты нысана етіп алады.  
Үшінші  түрге  «белсенділік  немесе  қатысу  мəдениеті»  жатады.  Саяси  мəдениеттің  бұл  түрі 
демократиялық  сипатта  құрылған  қоғамға  тəн,  əрі  белсенді,  ең  бастысы  азаматтардың  саяси  өмірге 
саналы түрде, ықпал етудің заңды құралдарын, яғни, сайлау, демонстрация  жəне т.б. пайдалану арқылы 
белсенді  түрде  қатысуын  білдіреді.  Аталған  типке  қоғам  мүшелерінің  жоғары  деңгейдегі  саяси 
сауаттылығы,  өз  мүдделерін  білгірлікпен  қорғауы,  тікелей  өз  қалауларымен  саяси  шешім  қабылдау 
үдерісіне  ықпал  ете  алуы,  заңға  мойынсұнушылығы  жəне  қабылданған  шешімдерді  құрметтеуі  тəн. 
Мұндай  қоғамда  саяси  басқару  құрылымдарының    функционалды-жіктелу  дəрежесі  біршама  жоғары 
сипатта жəне жүйе тармақтары айтарлықтай дамыған жəне тармақталған негізде болып келеді [1]. 
Алайда, саяси мəдениеттің мұндай типтері өмірде таза күйінде кездесе қоймайды [2]. Сондықтан да 
Г.Алмонд пен С.Вербаның пайымдағанындай, өмірде олардың əрқайсысы саяси жүйеде тек араласқан 
түрде ғана көрініс береді. Мысалы, нақтылы өмірде саяси мəдениеттің патриархалдық жəне бодандық 
немесе басыбайлылық типтерінің элементтері патриархалды- бодандық немесе басыбайлық тип болып, 
саяси  мəдениеттің  патриархалдық  жəне  белсенділік  немесе  қатысу  типі  болып,  саяси  мəдениеттің 
бодандық немесе басыбайлылық типі белсенділік-бодандық немесе басыбайлы-белсенділік типі болып 
қалыптасады.  

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
98  
Г. Алмонд пен С. Верба аралас саяси мəдениеттің тиімді түрі ретінде «азаматтық мəдениетті» ұсынады. 
Ол  патриархалдық  жəне  бодандық  немесе  басыбайлылық  мəдениет  типтерінің  элементтері  кездесетін 
партиципаторлық  саяси  мəдениет  түрі  болып  табылады.  Г.  Алмонд  пен  С.  Вербаның  пікірінше,  мұндай 
мəдениет алғашында Ұлыбританияда қалыптасқанмен, негізінен АҚШ-қа тəн болып келеді.   
Бүгінгде  Ресейдің  танымал  саясаттанушысы  А.С.  Панарин  америкалық  саясаттанушылар - Г. 
Алмонд  пен  С.  Верба  ұсынған  саяси  мəдениет  түрлерін  бүгінгі  күн  талабына  сай  емес  деп  есептейді. 
Себебі,  бұл  жіктеу  ұстанымы  дүниежүзілік  мəдениеттерді  өзіне  тартып  отырған  қазіргі  ғаламдану 
заманындағы  əлем  шындығын  елемейді  жəне  алдын-ала  болжауға  көнбейтін  болашақ  қоғамның 
талаптарына  лайықты  баға  бермейді  деп  санайды.  Осыған  орай  А.С.  Панарин  саяси  мəдениеттердің 
əмбебап,  қазіргі  заманғы  бүкіл  адамзат  қоғамын,  құрылықтар  мен  елдерді  қамтитын  жаңаша 
экономикалық-центристік,  социоцентристік  жəне  этноцентристік  деген  түрлерін  ұсынады
 
[3]. 
Осылайша,  А.С.  Панарин  жаңа  саяси  мəдениеттің  басты  ұстанымы: «əлеуметтік  жеке  іс-əрекетке, 
төмендегілердің  саяси  шығармашылығына  негізделетін  əлеуметтік  қорғаудың  азаматтық  идеясы» 
болуы тиіс деген ұйғарым жасайды [4].
  
 
Маркстік əдебиеттерде, ішінара саяси мəдениет дəстүрлік, сословиелік, буржуазиялық, социалистік 
т.б.  болып  бөлінеді.  Сонымен  қатар,  ғылыми  əдебиеттерде  саяси  мəдениет  демократиялық, 
авторитарлық,  авторитарлық-патриархалдық,  тоталитарлық,  сондай-ақ,  архаикалық,  элитарлық, 
өкілділік, жоғары азаматтылықтың саяси мəдениеті т.с.с. өзге типтерге де бөлінеді. 
Қоғамда  саяси  мəдениеттің  барынша  кең  тараған  түрлеріне  авторитарлық,  тоталитарлық  жəне 
демократиялық  саяси  мəдениеттер  жатады.  Демократиялық  саяси  мəдениет  қоғам  мүшелерінің 
қалыптасқан саяси жүйеге, оның барлық  негізгі құрылымдарына деген іштей бағыттылығын білдіреді. 
Белсенділік  бағыт-бағдарына  негізделген  демократиялық  саяси  мəдениет  өмір  сүре  алуы  жəне  саяси 
мінез-құлықта  тиімді  көрініс  таба  алуы  үшін,  қоғамда  ашық  саяси  жүйенің  болуы  жеткіліксіз.  Онда 
құқықтық  құрылым  арқылы  негізделген,  азаматтардың  басым  көпшілігі  жəне  билік  орындары 
қабылдаған  нақты  ережелердің  болуы  өте  маңызды.  Міне,  осылардың  негізінде  сайлаушылардың 
биліктің  негізгі  көзі  екендігін,  мемлекеттің  негізгі  заңының  беріктігін  жəне  саяси  əр  алуандылықты 
басты нысана етіп санайтын классикалық  демократиялық  принцип жатыр. Заңға мойынсынушылық – 
бұл  құқықтық  демократиялық  саясаттың  бір  белгісі  болып  табылады.  Сонымен  қатар,  мемлекеттің 
əртүрлі  құрылымдарының  динамикалық  қатынасы  белгілі  бір  бірлік  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылуы 
тиіс.  Егер,  бұл  қатынастар  шектелсе,  онда    азаматтардың  мінез-құлқындағы  саяси-құқықтық 
мəдениеттің де шектелгені. 
Демократиялық  режим көптеген белгілермен сипатталады. Олар: 
• 
 халықтық биліктің үстем болуы; 
• 
 көпшілік принципінің жүзеге асырылуы; 
• 
 дамыған құрылымы бар азаматтық қоғамның өмір сүруі; 
• 
 құқықтық мемлекеттің шынайы түрде болуы; 
• 
 мемлекеттік биліктің легитимділігі; 
• 
 қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңның үстемдігі; 
• 
 адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шынайы қамтамасыз етілуі;   
• 
 саяси плюрализмнің, көппартиялылықтың, саяси оппозицияның (оппозиция балама бағдарлама 
ұсынады,  билік  органдарының  кемшілігін  сынайды,  өз  басылымдары мен парламенттегі  фракциялары 
мен блоктары арқылы билік органдарын бақылауда ұстайды) болуы; 
• 
 жариялылықтың, БАҚ-тың цензурадан тыс болуы; 
• 
 билікті бөлу ұстанымының шынайы түрде жүзеге асырылуы. 
  Саяси  мəдениетте  өзіндік  ерекшелігі  бола  тұра  авторитарлық  жəне  тоталитарлық  саяси 
мəдениеттің  көптеген  ортақ  белгілері  болады.  Сондықтан  да  ғылыми  əдебиетте  олар  көбінесе  бірге 
сипатталады. Саяси мəдениеттің тоталитарлық үлгісінің ерекшеліктері мыналар: 
- қоғамның саяси жүйесіндегі билеуші топтың өз алдына айрықша мақсат қоюы; 
- ресми бір идеологияның үстем болуы, плюрализмге жол берілмеуі; 
-  адамдар  мен  азаматтардың  құқықтары  мен  бостандықтарының  тек  қана  сөз  жүзінде  жүзеге 
асырылуы; 
-  мемлекеттік  биліктің  көпшіліктің  пікіріне,  демократиялық  механизмдерге,  нормалар  мен 
институттарға қарама-қайшы тұрғыда жүзеге асырылуы; 
- саяси-құқықтық мəдениеттің толығынан болмауы. 
  Саяси мəдениеттің авторитарлық үлгісінің ерекшеліктері мыналар: 

№4. 2013  
 
 
99 
- биліктің бөліну принципінің ескерілмеуі; 
- өкілдік билік органдарының рөлінің билікті жүзеге асырушы субъект тарапынан шектелуі; 
-  мемлекеттік  басқаруда  əкімшіл-əміршіл  əдістердің  қолданылуы,  сонымен  қатар  саяси  билікті 
жүзеге асыруда террорға, бұқаралық репрессияға, қатал күштеу əдістеріне жол берілмеуі;  
- жекелеген цензураның, «жартылай» жариялылықтың орын алуы; 
- тұтас бір идеологияның орын алмауы; 
-  жартылай  плюрализмнің  болуы,  оппозицияға  жол  берілмеуі,  имитациялық  (алдамшы) 
көппартиялылықтың болуы, яғни, қоғамдағы барлық  партиялардың жетекші партияны өз іс-əрекеттерін 
жүзеге асыруы, оған келіспеген жағдайда олардың таратылуы; 
- адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жариялануы, алайда шынайы түрде 
қамтамасыз етілмеуі (əсіресе, саяси салада); 
- лидердің рөлі жоғары болғанымен, тоталитарлық режимдегідей харизматикалық сипат алмауы. 
Саяси  өмірді  қалыптастырудың  басым  механизмі  бойынша  саяси  мəдениет  нарықтық  жəне 
этатистикалық (мемлекеттік-бюрократтық) болып бөлінеді. 
Саяси мəдениеттің нарықтық типі «саясат дегеніміз – бизнестің түрі» деген мəнде құрылады. Онда 
саяси  шешім  ынталы  жақтардың  арасындағы  сауда  келісімі  мен  саяси  мəселелерді  сату-сатып  алу 
тұрғысынан қарастырылады. Ал, барлық саяси өмір өзара міндеттерді бөлісу жүйесіне негізделіп, саяси 
партиялар  немесе  қысым  жасаушылар  тобы  арқылы  жеке  мүдделердің  орнығуы  негізінде  жүзеге 
асырылады.  Мемлекеттің  рөлі  «Жақсы  үкімет  дегеніміз – барынша  аз  мөлшерде  билік  ететін  үкімет» 
деген  тұжырыммен  айқындалады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  нарықтық  саяси  мəдениеттің  өзіндік  сипаты 
бəсекелестік  күреске  күшті  бағыт-бағдар  алудан  жəне  барынша  айқын  көрінетін  индивидуализмнен 
көрініс табады.   
Этатистикалық саяси мəдениеттің шеңберінде саяси өмірді ұйымдастыратын жекелеген адамдар мен 
мемлекеттік  институттардың,  яғни,  барлық  саяси,  əлеуметтік,  мəдени  жəне  т.б.  мəселелерді  шешумен 
шұғылданатын    мемлекеттің  іс-əрекеті  ең  басты  рөлге  ие.  Этатизм  ұғымы  француз  тілінен  қоғамның 
экономикалық,  əлеуметтік  жəне  рухани  өміріндегі  мемлекеттік  күштеулер  деп  аударылады.  КСРО-да 
кеңестік  этатизмнің  негізінің  қалыптасып,  дамуы  бүкіл  елде  жоғарыдан  төменге  берілген  бұйрық-
тапсырмалардың  сөзсіз  орындалуын  қамтамасыз  еткен  əкімшіл-əміршіл  билік  жүйесінің  орнығуына, 
қоғамдық  өмірдің  барлық  салаларының  толық  идеологиялық  бақылауға  алынуына  əкелді. 
Экономикалық салада орталықтанған жоспарлы экономика жүйесі бəсекенің, нарықтық қатынастардың 
өрістеуіне мүмкіндік бермеді. Елде тек меншіктің мемлекеттік түрі ғана үстемдік етті. Ал, саяси салада 
БК(б)П  ОК-інің 1936 ж.  желтоқсанда  жəне 1937 ж.  ақпан-наурызында  болған  Пленумдарында 
«екіжүзділердің,  халық  жауларының  бəрінің  тамырын  шауып,  жойып  жіберу»  қажеттігі  туралы 
шешімнің  қабылдануы  зиялы  топ  өкілдерімен  қатар,  партиялық,  əскери,  шаруашылық,  білім,  мəдени 
салалардағы  мамандардың  да  қамауға  алынып,  қуғынға  ұшыратылуына  негіз  болды.  Осындай  асыра 
сілтеушіліктер  Кеңестер  Одағының  барлық  аймақтарында,  оның  ішінде  Қазақстанда  да  асқан 
қатыгездікпен орындалды. 
Бүгінгі  таңда  этатистикалық  саяси  мəдениет  өз  кезегінде  бəсекелестік  күреске  бақылау  орнатып, 
мүмкіндігінше оны шектеп, саяси қақтығыстарды барынша азайтып, жекелеген адамдар мен топтардың 
мүдделерінен мемлекеттік мүддені басым етуді орнықтыруды жүзеге асырады. Тұтастай алғанда, оның 
негізінде  саясат  «үлгілі  қоғам»  іздестірудегі  мемлекеттік  қызметтің  бір  түрі  ретінде  қарастырылады, 
мұндағы мақсат – əлеуметтік əділеттілік. Саяси мəдениеттің этатистикалық типі қазіргі кезде Швеция 
мен Германияға тəн болып келеді.  
Жекелеген  елдердің  немесе  белгілі  бір  өңірлердің  саяси  мəдениетіне  тəн  өзіндік  ерекше  белгілер 
олардың  жағрафиялық  орналасқан  жағдайы  мен  тарихи  дамуына  орай  ірі  саяси  оқиғалардың 
ықпалымен  қалыптасады.  Мəселен,  америкалық  саяси  мəдениеттің  сипатына  саяси  іс-əрекеттің 
мақсатты  бағыт-бағдары  мен  рухани  сипаты,  қоғам  мүшелерінің  билік  орындарына  деген  сенімі  мен 
оны  қолдау  сезімінің  болуы,  саяси  іс-əрекетке  қатысушылардың  прагматизмі,  тұрақты  бəсекелестік 
тəрізді  ерекшеліктер  тəн  болып  келеді.  Жапонияның  саяси  мəдениеті  қазіргі  кезеңдегі  либералды-
демократиялық  үлгідегі  дағдысы  бар  дəстүрлі  құндылықтық  бағдарлармен  айрықшаланады.  Ресейдің 
саяси  мəдениетінде  саяси  белсенділіктің  көріністері  басым.  Ол  мемлекеттік  органдар  мен  саяси 
радикализмнің ұжымдық ұйымдастырылуы арқылы байқалады.  
Мемлекеттік  құрылымда  қоғамда  үстемдік  етуші  бағыт-бағдарлардан  айтарлықтай  ерекшеленетін 
саяси  мəдениеттің  субмəдениет  деген  түрі  де  кездеседі.  Яғни,  түрлі  таптар,  топтар  мен 
қауымдастықтардың  мүдделерінің  алуан  түрлілігі,  билікке,  саяси  өмірді  ұйымдастыру  мен  оны 
бақылауға байланысты көзқарастары бір-біріне ұқсамайтын саяси жүйедегі саяси мəдениеттің үлгілерін 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
100  
туындататынын  айта  кеткен  жөн.  Субмəдениеттер  дегеніміз - жекелеген  əлеуметтік  жіктерге,  таптар 
мен топтарға тəн саяси мəдениеттер болып табылады. Бүгінгі таңда олардың көптеген саяси идеялары, 
құндылықтары мен дағдылары қоғамда жетекші ұстанымдар болып келе жатқандарымен ерекшеленеді. 
Сондай-ақ,  əрбір  саяси  субмəдениет  тұтастай  алғанда  қоғамның  саяси  мəдениетінің  жиынтығын 
білдіреді.  Қоғамдағы  жағдайдың  өзгешелігі  субмəдениеттің  де  сан  алуан  түрлерін  қалыптастыруы 
заңдылық.  Мəселен,  ірі  қалалар  тұрғындарының  саяси  субмəдениетінің  ауыл  тұрғындарының 
субмəдениетінен едəуір айырмашылығы болады. Сол сияқты жастардың саяси субмəдениеті де өзіндік 
ерекшелігімен айрықшаланады. Яғни, жастарға мүмкіндігінше қоғамда кеңірек қарым-қатынас жасауға 
ұмтылу, сапалы өмір сүру дағдысы мен өзге де құндылықтардың басым болуы тəн.  
Саясаттануда  барынша  айқын  көрінетін  мынандай  саяси  субмəдениеттің  типтері  болатынан  айта 
кеткен жөн: аймақтық, əлеуметтік-экономикалық, этнолингвистикалық, діни, жас мөлшеріне орай [5].
   
   
Демек, белгілі бір аймақтың өзіндік саяси субмəдениеті қалыптасады. Оған мынандай жəйттер: ауа 
райы, белгілі бір табиғи ресурстар, осы аймаққа тəн экономикалық кəсіптер, олардың жалпы жүйедегі 
жəне  еңбек  бөлінісіндегі  орны  айтарлықтай  ықпал  етеді.  Мұның  өзі  адамдардың  өмір  салтына,  ортақ 
мəдениет  дəрежесіне  жəне  олардың  саяси-мəдени  дəрежесіне  ықпал  ететіндей  экономикалық 
айырмашылықты туындатады.  
Əлеуметтік-экономикалық саяси субмəдениеттер қоғамда əр түрлі əлеуметтік топтар мен таптардың 
болуы арқылы орнығады. Бұларда түрлі экономикалық деңгей мен өмір салтындағы айырмашылықтар 
кездесіп, олар саяси өмірде ерекше маңызға ие болады. Мысалы, кəсіпкерлік топтар үшін экономикалық 
еркіндік,  тұрақтылық,  мемлекетке  азаматтық  қоғам  тарапынан  бақылау,  қабылданған  шешімдерге 
қатысу сияқты жайттар барынша өзекті саяси құндылықтар болып табылады. 
Этнолингвистикалық  саяси  субмəдениеттер  тілмен,  тиісті  əлеуметтік  топтардың  этникалық 
ерекшеліктерімен  байланысты  болады.  Саяси  мəдениетке  мұндай  топтардың  ықпал  етуі  этникалық 
сана-сезім  мен  ұлттық  сипаттың  ерекшелігі  арқылы  айқындалады.  Этникалық  факторларға  қатысты 
алғанда мұндағы саяси құндылықтар сипатында құрметтеу жəне бағдарлау екінші орында тұрады.  
Діни  саяси  субмəдениеттер  адамдардың  белгілі  бір  тобының  ортақ  мəдениетінің  негізгі 
элементтерінің бəріне дін кіріккен жағдайда пайда болады. 
Жас мөлшеріне орай болатын саяси субмəдениеттер түрлі ұрпақ өкілдерінің өміріндегі түрлі саяси 
құндылықтар  жүйесінде  көрінеді.  Негізінен  бұл  субмəдениеттер  саяси  жағынан  барынша  жетілген 
қоғамда өрістейді. Өмірде ескіріп, қолданыстан шығып қалған саяси жағдаяттың тұсында қалыптасқан 
аға  ұрпақтың  саяси  мəдениеті  жастардың  саяси  ұстанымы  жүйесінен  бөлектеніп,  ескі  саяси  режимді 
көксейтіні байқалады. Ал, тұрақты жүйеде жас айырмашылығы саяси мəдениетке айтарлықтай аз ықпал 
ететін көрінеді.  
Іс  жүзінде  мемлекеттік  құрылымдағы  саяси  мəдениеттің  бірлігі  қоғамның  тұрақтылығын 
нығайтатыны  сөзсіз.  Сондықтан  қоғамдағы  əртүрлі  саяси  субмəдениеттердің  мүдделерін  үйлестіріп, 
бірлескен  іс-əрекетке  жұмылдырудың  маңызы  зор.  Осы  орайда  саяси  жүйенің  терең  əрі  мазмұнды 
ойластырылған мəдениет саясатын жүргізуінің маңызы зор. 
Мемлекеттік  құрылымда  көп  қырлы  саяси  мəдениет  мəселесі  шешуші  рөлді  атқарады.  Бұл  жайт 
оның  атқаратын  сан  түрлі  қызметінен  білінеді.  Олар  негізгі  жəне  қосалқы,  жалпы  жəне  нақты  бола 
отырып, адамдардың жəне қоғамдық құрылымдардың саяси іс-əрекетін білдіреді. Ғылыми əдебиеттерде 
саяси  мəдениеттің  танымдық,  реттеушілік,  тəрбиелік,  социализаторлық,  жүйелілік,  аксиологиялық, 
нормативтік,  интегративтік,  коммуникативтік,  сабақтастық  жəне  т.б.  қызметтері  ерекшеленіп 
көрсетіледі. 
Саяси  мəдениеттің  танымдық    қызметінің  сан  алуан  қыры  бар.  Себебі,  саяси  мəдениеттің  нақ  осы 
қызметі  арқылы  субъектінің  қоғам  мен  саясаттың  дамуын  айқындайтын  заңдылықтар  мен 
принциптерді,  саяси  іс-əрекеттің  шеңберін,  құқық  пен  еріктіліктің  қолданылу  дəрежесін  танып-білуге 
мүмкіндіктері ашылып, оның қоғамдық-саяси салада табысты жұмыс істеуіне қажетті білімдер жүйесі 
мен қоғамды басқарудың əрқилы əдіс-тəсілдерін меңгеруіне кең түрде жол ашылады. Осылайша,  саяси 
мəдениет танымдық  қызметі арқылы азаматтардың бойында қажетті қоғамдық-саяси көзқарастар мен 
бағыт-бағдарларды қалыптастырады. 
Саяси  мəдениеттің  реттеушілік  қызметі  қоғамдық  санадағы  қажетті  саяси  құндылықтарды, 
ұстанымдарды,  мінез-құлық  ережелерін  орнықтырады.  Реттеушілік  қызмет  қоғамдық  құрылымдағы 
саяси  идеологияны,  саяси  ойлау  тəсілін,  тұрақты  дəстүрлер  мен  көзқарастардың  қоғам  арасында 
таралуы жағдайында ерекше маңызға ие болады. 
Саяси  мəдениеттің  тəрбиелік  қызметі  азаматты  саясат  субъектісі  ретінде  қалыптастыруға 
атсалысады, оны қоғамдық-саяси қызметке, əрекетке, саяси белсенділікке ынталандыруға баулиды. Ұлы 

№4. 2013  
 
 
101 
ойшыл-дана А. Құнанбаев тəрбиенің орны ерекше екендігін көре білген. Тəрбие арқылы адамның туа 
пайда  болған  мінез-құлқымен  қатар,  оның  бойында  адамгершілік,  ізгілік,  парасаттылық,  білімділік, 
еңбексүйгіштік,  ұлтжандылық,  отансүйгіштік  жəне  т.б.  қасиеттердің  дамуына,  жалпы  оның  сана-
сезімінің толысуына мүмкіндік жасауға болатындығы туралы: «…мен егер закон қуаты бар кісі болсам, 
адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»[6],- деген тұжырымды ұсынады. Міне, осы 
жайттар,  яғни,  мақсатқа  сəйкес  тəрбие  мен  өзге  белсенді  жұмыстар  адамды  жеке  тұлға  етіп 
қалыптастыруға негіз болып табылады. 
Сонымен  қатар,  тəрбиелік  қызмет  адамдардың  бойында  табандылық,  кеңшілік,  төзімділік,  қоғам 
алдында  жауапкершілікті  сезіну    жəне  т.с.с.  қасиеттерді  орнықтырумен  қатар,  оларды  саяси 
əлеуметтендіруге қатысады. 
Саяси мəдениеттің социализаторлық қызметі белгілі бір саяси сапаны, дағды тəсілдерін, белгілі бір 
саяси жүйеге бейімдеп, билік орындарының сол кезеңдегі жүйеге қатысты қызметінде өзінің мүддесін 
қорғай білуді қалыптастырады. Саяси мəдениеттің аталған қызметінде сыртқы ортаның ықпалы аса зор.  
Себебі  адамның  даму  барысында  оған  «үлгі»  болатын  субъектілердің  əртүрлі  мақсатты  ұстануы 
қоғамдық  ортада  жиі  кездесетін  жайттардың  бірінен  саналады.  Мəселен,  біреулері  қоғамды  алға 
дамытушы,  жасампаз,  шығармашыл  топ  өкілдері  болса,  ал  екіншілері  жалған  ұстанымдар  мен  іс-
əрекеттерге жақын, бойында жағымсыз қасиеттер көбірек тоғысқан адамдар болуы да мүмкін. Бұл ретте 
ғұлама  ғалым  əл-Фарабидің  адам  өміріндегі  мақсаттың  алатын  орны  жайындағы  төмендегі  ой-
тұжырымының  мəні  ерекше: «Жан  біткеннің  бəрі  ең  биік  кəмелеттікке  жету  үшін  жаралған,  ол  бұған 
өзіне  тəн  болмыс  сатысына  сəйкес  жете  алады.  Бұдан  жалпы  адамға  тиетін  үлес  ең  биік  мақсат  деп 
аталады. Адамзат қоғамында ие болып отырған дəрежесіне сəйкес қайсібір адамға тиетін үлес осы текке 
лайықты  ең  биік  мақсат  болады» [7]. Осыған  орай  егер  саяси  мəдениеттің  социализаторлық  қызметі 
ешқандай  бақылаусыз,  ұйымдастырылмаған  сипатта  жүзеге  асырылатын  болса,  онда  ол  адамның 
жағымды  қасиеттерімен  қатар,  өз  бойына  жағымсыз  құбылыстарды  меңгермеуіне  еш  кепіл  бере 
алмайды. Сондықтан да ел тұрғындарын рухани жағынан болсын, саяси-адамгершілік тұрғыда болсын 
қоғамның  толыққанды  азаматы  етіп  қалыптастыру  мемлекет  тарапынан  үздіксіз  тəрбиенің  арқасында 
жүргізілуі  тиіс.  Міне,  сол  себептен  де  саяси  мəдениеттің  социализаторлық  қызметін  іске  асыруда 
отбасы,  мектептер,  орта  жəне  жоғары  оқу  орындары,  саяси  партиялар,  қоғамдық  қозғалыстар, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары,  мешіттер,  шіркеулер,  əскер,  мемлекет  жəне  т.с.с.  əлеуметтік 
институттардың маңызы айрықша .  
Саяси  мəдениеттің  аксиологиялық  қызметі  адамдардың  күрделі  саяси  кезеңде  қолайлы  бағыт-
бағдарды  танып-білуіне  қажетті  білім  мен  құндылықтар  жүйесін  меңгеруін  қамтамасыз  етеді.  Себебі 
адамдар  саяси  мəдениеттің  үлгілері  арқылы  сан  қилы  өмір  жағдайында  саяси  оқиғаларға  баға  бере 
отырып,  саяси  дағдының  үлгілерін  таңдауды  жүзеге  асырады.  Осы  орайда  қазақ  зиялысы  М.  Арын: 
«Адам дүниені тануды, өмірді тануды, ең алдымен, өзінен бастауы керек... Тану дегеніміз аяқталатын 
процесс  емес.  Өзімізді  өзіміз  танығанда  өзімізді  таныту  үшін  тануымыз  керек.  Біздің  жақсы 
жақтарымыз да бар, осал тұстарымыз да жеткілікті. Соның күшті жақтарын, яғни ұлттық қасиеттердің 
бүгінгі  талаптарына  сəйкес  келетіндерін  түгелдей  іріктеп  алып,  соны  байытып,  дамытып,  басқаларға 
тарату  арқылы  өзіміздің  ұлттық  деңгейімізді  көтере  білу.  Өзіміздің  жақсы  қасиеттерімізді  басқаларға 
танытқан кезде жетіспей жататын тұстары болса, онда басқа ұлттардың тамаша қасиеттерін бойымызға 
сіңіру  үшін  де  өзімізді  тануымыз  керек.  Бұл – үлкен  мақсат  болады» [8], - деген  ұйғарым  жасаған. 
Осыған  орай  мемлекеттік  құрылымдағы  əрбір  адамды  ұлттық  діліміз  бен  мəдениетіміздің  бұрыннан 
қалыптасқан тамаша үлгілері  мен   ұстанымдарын  негізге  ала отырып,  қалыптастыру  ерекше  маңызды 
мəселе  екендігі  сөзсіз  жайт.  Бұл  ретте  ұлттық  жəне  жалпыадамзаттық  рəміздер  мен  құндылықтарды 
басты нысан ретінде ұстанып, түрлі əлеуметтік топтардың саяси баға беруге деген өзіндік көзқарасын 
дамыту мен қоғам мүшелерінің өздерінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруын жетілдірудің мəні 
аса зор. Аталған жайттар іске асқан жағдайда ғана жеке тұлғалардың қандай да бір қоғамдық маңызды 
оқиғаларға қатысты өзіндік ұсыныс-пікірлері мен баға беру сапасының деңгейі  артуы анық.  
Саяси  мəдениеттің  нормативтік  қызметі  саяси  жүйеде  қабылданған  құндылықтар,  ережелер,  саяси 
дағды-тəсілдер  негізінде  саяси  іс-əрекеттерді  реттеп  отырады.  Аталған  саяси  ереже,  бағдарлардың 
басым  бөлігі  кез  келген  елдің  Конституциясы  мен  соның  негізінде  қабылданған  заңдары  мен 
қарарларында құқықтық норма болып орнығады. 
Саяси  мəдениеттің  интегративтік  қызметі  қазіргі  өмір  сүріп  отырған  саяси  жүйені  қолдау  арқылы 
саяси  құрылымның,  əлеуметтік  топтар  мен  таптардың  бірлігін  қамтамасыз  етеді.  Бұқара  көпшілікті 
мемлекет пен қоғамның мүддесіне сай міндеттер жүйесін атқаруына жұмылдырумен айналысады. Бұл 
ретте  аталған  қызмет  белгілі  бір  көзқарасты  орнықтыруды  жəне  саяси  қарама-қарсылықты  реттеуді 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
102  
басты нысана ретінде ала отырып, мемлекеттік құрылымдағы түрлі саяси топтардың өзара келісімге қол 
жеткізуіне күш салады. Осылайша, саяси мəдениеттің интегративтік қызметі ең бастысы саяси маңызды 
мақсатқа жетуге күш салып, басқарудың тиімділігін арттыруға зор ықпалын тигізеді. 
Саяси  мəдениеттің  коммуникативтік  қызметі  саяси  үдеріске  қатысушылардың  арасындағы  өзара 
тығыз байланысты орнықтырады, сондай-ақ, саяси мəдениеттің бөлшектерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, 
саяси тəжірибені таратуға атсалысады. 
 Саяси мəдениеттің сабақтастық қызметі мемлекеттік құрылымда ұзақ кезеңдер бойына қалыптасқан 
саяси тəжірибені бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси үдерістің тоқтаусыз ұласып дамуын 
қамтамасыз етумен шұғылданады. Өйткені субъект өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін сыртқы 
ортаның ықпалымен қатар, өзінің мүмкіндіктерін пайдаланудың арқасында ішкі бөгеттерді жеңе білуі 
қажет.  Бұған  адам  қоғамдағы  алдыңғы  ұрпақтың  саяси-əлеуметтік  тəжірибесін  жетік  меңгерген  кезде 
жете  алады.  Демек,  бүгінгі  ұрпақтың  жасампаз  жетістіктерге  жетуі  жолында  аға  ұрпақтың  еңбегімен 
жасалынған игіліктерді пайдаланып, оны əрі қарай жетілдіруі зор маңызға ие.  
Осылайша,  саяси  мəдениет  қоғамда  көптеген  маңызды  қызметтерді  атқарады.  Олар  қоғамдық 
жүйенің тарихи дамуы барысында қалыптасып, орнығады. Алайда, түрлі тарихи жағдайларға орай саяси 
мəдениеттің бірқатар қызметтерінің жиынтықтары өзгеріске түсіп, кейбіреуінің басымдыққа ие болуы 
да  ықтимал.  Бұл  жайт  саяси  мəдениеттің  қызметтерін  талдауға  байланысты  теориялық  жəне 
практикалық мəселелердің күрделі сипатқа ие екендігін білдіреді. Сол себептен қоғам өміріндегі саяси 
мəдениеттің қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктерін зерделеудің маңызы айрықша. 
 
ƏДЕБИЕТ 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет