Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады


–  Бағдарлама  жүргізушісі,  редакторы



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата06.03.2017
өлшемі19,56 Mb.
#7850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

–  Бағдарлама  жүргізушісі,  редакторы, 

продюсер,  артынша  көп  ұзамай  бағдар ла-

малар 

өндірісі 

дирекциясының 

бас 

редакторы  лауазымына  дейін  көтеріліпсіз. 

Қазір  Арнайы  жобалар  қызметінің  жетекшісі 

екенсіз. 

Ұжымның 

атқарып 

отырған 

қызметінде ілгерілеу бар ма? 

–  Көп  дүние  тəжірибемен,  еңбекпен  келеді 

ғой.  Агенттікте  соңғы  жылдары  əлеуметтік 

қолдауға,  жобаларды  əзірлеу  сапасына,  жаңа 

идеяларды енгізуде маңызды қадамдар жасалып 

келе 


жатқанын 

айта 


аламын. 

Телеарна 

қызметкерлерінің көптеген салаларда сұранысқа 

ие  болуы – ұжым  жұмысының  маңызды 

индикаторы деп білемін. 

–  Қазіргі  кездегі  қазақ  телевизиясының 

дамуына қандай баға бересіз? Журналистерге 

не жетіспейді?

– Масс-медиада жинақталған тəжірибем бар 

десем  де,  телевизияның  дамуына  толыққанды 

баға  беретін  ретім  бар  деп  айта  алмаймын. 

Дегенмен,  өз  басымнан  жəне  көз  көріп  жүрген 

жағдайлардан  ойға  түйгеніміз  баршылық.  Қазір 

журналистердің 

белгілі 


бір 

тақырыпқа 

мамандануы кемшін, мемлекеттіліктің бір белгісі 

болған  биліктің  саясатын  жүргізуде  болысуды 

жағымпаздық  деп  ұғатынымыз  да  қиын.  Сосын 

ақпаратты  тек  қана  орыс  тілі  шеңберінде 

алатынымыз  көп  кедергі  жасайды.  Сондай-ақ, 

біліктілікті,  жаңа  білімді,  тілді,  жаңа  медианы 

игеру  аса  маңызды.  Себебі,  бүгінгі  уақыт  ең 

алдымен ақпараттық майдан алаңы. Сондықтан, 

оның  «жауынгерлеріне»  білікті  болу,  сақ  жəне 

сауатты  болу  да  өте  қажет.  Ендеше,  шетелге 

барып, мемлекеттің «болашаққа инвестиция ал» 

деп  тұрған  жанашырлық  мүмкіндігін  де  тиімді 

қолданып қалу керек-ақ.

– 2014 жылдың  желтоқсан  айында 

«Дарын»  мемлекеттік  жастар  сыйлығын 

иелендіңіз.  Құтты  болсын!  Бұл  еңбектің 

жемісі ғой...

–  Рахмет!  Негізі  бұл  сыйлық  «Хабар» 

арнасындағы 7-8 жылдық 

тəжірибемді, 

«Сонымен, солай дейік», «Біз» ток-шоуларындағы 

жүргізушілігімді арнайы комиссия ескерген болар 

деп ойлаймын жəне медиаперсона (медиатұлға) 

ретінде  танымалдығым  да  əсерін  тигізді  деп 

білемін. Аллаға шүкір, осы сыйлықтың лауреаты 

атанған  соң,  тілектес,  ниеттес  болған  анама, 

туыс-бауырларыма, 

əріптестеріме, 

дос-

жарандарыма разылығымды білдіремін. Еңбектің 



еленгені кез келген адам үшін абырой емес пе? 

–  Тағы  бір  жағымды  жаңалығыңыз –  ҚР 

Президентінің 

«Болашақ» 

халықаралық 

стипендиясының  иегері  атаныпсыз.  Қай 

мамандық  бойынша  жəне  қай  мемлекетке 

барып білім алмақшысыз? 

–  Негізі  «Болашақ»  бағдарламасы  көптеген 

жастардың  өмірлік  даңғыл  жолын  айқындап 

берді.  Жас  буынның  азамат,  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  ықпал  етіп,  ертеңге  үміттерін 

оятты. Мен  үшін де осы президенттік бағдарлама 

аясында  білім  алу – үлкен  мəртебе.  Оған  қоса, 

«Болашақ»  бағдарламасына  БАҚ  редакциясы 

қызметкерлеріне  арналған  санаттың  қосылуы 

көптеген  жастар  үшін  маңызды  стратегиялық 

шешімді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  ашты  деп 

ойлаймын. 2014 жылдың  сəуірінен  «Хабар» 

арнасының 

Арнайы 


жобалар 

қызметіне 

жетекшілік  етемін.  Ақпараттық  саладағы  жоба-

ларды басқару – қазір аса өзекті тақырыптардың 

бірі.  Сондықтан,  қазіргі  жұмысыммен  тікелей 

байланысты  «Адами  ресурстарды  басқару. 

Жобаларды  басқару»  мамандығын  таңдадым. 

Бұйыртса,  магистрлік  білімімді  Ұлыбританияда 

алмақпын.  Себебі,  аталған  сала    бойынша 

маман  даярлауда  британдық  мектептің  өзіндік 

орны, мəртебесі, тарихы бар.  

–  Алдағы  жоспар-мақсатыңыз  қандай? 

Оқуды аман-есен тəмамдап келген соң немен 

шұғылданасыз? 

Басқа 

салаға 

кетіп 

қалмайсыз ба? 

– Орта мерзімдегі жоспарым – отбасымызбен 

білім  алуға  аттану. «Болашақ»  стипендиясының 

мен 


қатысқан 

санатында, «Халықаралық 

бағдарламалар  орталығы»,  жұмыс  беруші  жəне 

стипендиат  арасында  келісім-шарт  түзіледі.  Үш 

жақты  келісім-шарт  бойынша,  жұмыс  беруші  өз 

қызметкерін  оқуға  жіберуге,  оқу  сəтінде  жұмыс 

позициясын 

сақтауға 

міндеттеме 

алады. 


«Халықаралық  бағдарламалар  орталығы»  оқуға 

байланысты  белгіленген  шығындарды  өтейді. 

Қызметкер  оқу  бітіріп  келген  соң, 5 жыл  жұмыс 

берушіде  қызмет  атқаруға  міндет  алады.  Яғни, 

білім  алып  келген  соң,  ақпараттық  идеология 

саласына қайта ораламын.



– 

Əңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Əсел ҚАМЗА.

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

2-8 ақпан аралығы 

Тоқты. 21.03-20.04. 

Осы  апта  тоқтылар  үшін  жағымды  уақыт  жəне  оны  денсаулықты  нығайту,  кəсіби 

қызмет үшін максималды тиімді пайдалану қажет. 7 ақпаннан кейін жағдай өзгереді. Сіздің 

белгіңіздегі адамдар көп жағдайда өте қызба əрекет ететін болады жəне сізге икемділік пен 

төзімділікті,  сонымен  қатар,  серіктестіктің  жаңа  бағыттары  мен  əдістеріне  жылы  шырайлы 

көзқарасты көбірек көрсетуге тура келеді.



Торпақ. 21.04-21.05.

 

    Торпақтар үшін жеткілікті серпінді жəне жауапты кезең,  осы кезде сіз кейбір қатынастарды 



немесе  өз  жағдайыңызды  өзгерту  қажеттілігін  сезінетін  боласыз.  Осы  күндері  торпақтар 

айналадағыларға  қатысты  сабырсыз  болады  жəне  сіздердің  көбіңізге  үлкен  қиындықпен  өз 

ұстанымдарын қорғау мен мақсаттарына жетуге тура келеді. 

Егiздер. 22.05-21.06. 

5  ақпанға  дейін  егіздердің  көбісі  үшін  айтарлықтай  қолайлы  жəне  маңызды,  алайда, 

мансапта осы кезде сізді алуан түрлі оқиғалар, бірінші мезетте дұрыс бағалауға келмейтін жəне 

сақтық сезімін тудыратын оқиғалар күтіп тұр. Нəтижесінде, осы өзгерістер қажетті жəне мерзімді 

болып шығады, олар сіздің өміріңізге оң өзгерістер енгізеді.

Шаян. 22.06-22.07. 

     Бұл көптеген шаяндар үшін аса қолайлы кезең емес, себебі сізде серіктестермен 

қарым-қатынастағы  бұрынғы  қателіктерден  немесе  дұрыс  емес  ұстанымдардан  туындаған 

мəселелер  мен  қиындықтар  пайда  болуы  мүмкін.  Айналадағылар  жанжалдарға,  дауларға 

итермелейтін  болады,  бақталастар  əжептəуір  белсенді  бола  бастайды.  Қарама-

қайшылықтарды  басу  үшін  жəне  оларды  жағымды  өзгерістерге  айналдыруда  сыпайы  болуға 

тура келеді. 

Арыстан. 23.07-23.08.

 

5  ақпанға  дейінгі  кезең  көптеген  арыстандар  үшін  аса  серпінді  болады,  көптеген 



маңызды  өзгерістер  болуы  мүмкін.  Анығын  айтқанда,  жаңа  серіктестер,  кездесулер  мен 

байланыстар  өз  міндеттерінен  алаңдатады,  алайда  сізге  үйлеспейтінді  үйлестіруге  тура 

келеді. Бұл кезең шығармашылық қарым-қатынас үшін өте қолайлы жəне арыстандар өзіне 

қалыптан тыс ойлайтын, бірегей адамдарды тартады.



Бикеш. 24.08-23.09. 

    Осы аптада бикештердің мансабы мен жеке өміріне əсер ететін жағымсыз үрдістер қатары 

жалғасын  табады.  Сонымен  қатар,  өмірлік  қуаттың  төмендеуі  де  сіздің  жоспарларыңыз  бен 

жағдайыңызға бүлдіргіш əсерлерін енгізе алады. Осы кезеңде қарым-қатынаста айтарлықтай 

сабырлы болу, айналадағыларға деген өзіңіздің сыншылдығыңыз бен жоғары талапшылдықты 

бақылау  қажет. Осы кезде серіктестермен күрделі қаржылық қатынастарға түсудің қажеті жоқ.



Таразы. 24.09-23.10. 

Келе  жатқан  апта  өз  шығармашылық  ойын  білдірумен  де,  таразылардың  жоспарлары 

мен  ниеттерімен  бірге  болатын  жанжалдармен  де  байланысты  болуы  мүмкін.  Осы кезде  сіз 

айналадағылардың  қателіктері  мен  шалағайлығына  сыни  көзқараста  боласыз,  осылайша 

айналадағылардың наразылығы мен түсінбестігін тудырасыз. Сонымен қатар, таразылардың 

қуаттылығы мен үстем болуға деген талпынысы көп жағдайда оң сарынды таба бермейді.



Сарышаян. 24.10-22.11.

        Осы  апта  көптеген  сарышаяндар  үшін  қолайсыз  кезең  болады,  өйткені  сізде  өмірлік  қуат 

пен  оптимизмның  төмендеу  үдерісі  жалғасып  жатыр.  Сондықтан,  сіздердің  көбіңіз  белсенді 

қатынасқа ниеттенбей, созылмалы сырқаттарыңыз күшейіп, иммунитетіңіз нашарлауы мүмкін. 

Сарышаяндарға өз интуициясына сүйену қажет, себебі тек ақылдылық пен сақтық қана сізге 

ақшалай шығындардан, керексіз дау-жанжалдардан құтылуға мүмкіндік береді.



Мерген. 23.11-21. 12

Мергендер  үшін  маңызды  кезең,  себебі  сіз  өзіңізге  ақпанның  екінші  онкүндігінде 

сіздің  мансабыңыз  бен  беделіңізге  теріс  əсер  ететін  жалған  достарды,  бақталастарды 

тартуыңыз  мүмкін.  Осыдан  басқа,  мергендердің  істегі  кезектігі,  қызбалығы  осы  кезде 

серіктестер  мен  басшылықтың  ашуына  тиюі  мүмкін,  сондықтан  сіздің  ойларыңыз, 

ұсыныстарыңыз, сондай-ақ жұмыс істеу мəнеріңіз мақұлдауға ие болмайды.  



Тауешкі. 22.12-20.01.

Бұл көптеген тауешкілер үшін жеткілікті қиын уақыт, сондықтан сізге банктармен, қаржы 

мекемелерімен  істерді  байқап  жүргізу  қажет,  сондай-ақ  ақшаны  заттар  сатып  алу  мен 

рақаттануға  жұмсаудың  қажеті  жоқ.  Сонымен  қатар,  өз  бизнес-жоспарларыңызды  іске 

асыруды, қауіпті жобалар мен инвестицияларға қатысуды абайлап жүргізу қажет, себебі 

ақшалай қаражаттар тиімді емес жұмсалуы мүмкін. 



Суқұйғыш. 21.01-19.02. 

Бұл  көптеген  суқұйғыштар  үшін  айтарлықтай  серпінді  кезең,  себебі  көбіңіз  өз 

дарындарын іске асыру үшін жаңа салаларды іздеу үстінде болады. Сіздің белсенділігіңіз 

бен  күшті  қайратыңыз  түрлі  салаларда  қолданылуы  мүмкін,  бірақ  осы  кезеңде  сіз 

өрескелдік,  артық  эмоциялық,  айналадағыларды  басқару  ынтызары  көріністерімен 

үнемі күресуге икемді болмайсыз. 



        Балық. 20.02-20.03. 

Балықтар үшін аса қолайлы кезең емес, осы кезде сіздің энергетикалық 

күш-қуатыңыз  жыл  бойындағы  ең  төмен  деңгейде  болады.  Сондықтан,  сіздердің 

көбіңіз  созылмалы  сырқаттардың  күшеюін,  иммунитеттің  төмендеуін  сезінуі  мүмкін 

жəне салқын тиюі мүмкін. Жұмыста басшылық немесе əріптестер тарапынан сіздің 

жоспарларыңызға,  ойларыңызға  деген  теріс  қатынастың  нəтижесінде  қиындықтар 

туындауы мүмкін. 

Тараз  қаласының   тұрғыны, облыстық  тері венерологиялық ауруханасының аға медбикесі 

Бақытжамал Шалқарбаеваны  алдағы 1 ақпан күні 58  жасқа  толатын туылған күнімен 

құттықтаймыз. Қадірлі Бақытжамал Сейдазымқызына зор денсаулық, 

бақыт, шаттық тілеп, ұл-қыз, немерелеріңіздің  қызығын  көріп, 

жұмысыңыз жемісті  бола берсін деген тілек білдірмекпіз.

Əпке,  сізбен  қалай  жүрем  мақтанбай,

Əрбір сөзің  науқас жанға  жаққандай.

Бақытжамал əпкем барлық бақытын,

Адамды емдеу  саласынан тапқандай.

Мерейлі   сəт келген  шақта  не дейін,

Сізге барлық ақ тілекті  төгейін.

Əрқашанда  ұжымыңыздың алдында,

Отбасының, ұл-қыздардың  алдында,

Асыл  əпке,  биік  болсын мерейің!

Құттықтаушылар: Шалқарбаевтар  əулетінің атынан 

іні-келіні Əбен – Жамал.

Ауылыңыздың тарихын білесіз бе?

Ақтоғай  ауылы  аудан  орталығы  Жаңатас 

қаласынан  жеті-сегіз  шақырым  ғана  жерде 

жатыр.  Ауылдың  атауының  тарихын  білмек 

ниетпен Ақтоғайға бет алдық. Осы жолы киелі 

Əулиеата  өңірінің  тарихи  мекен  екеніне  тағы 

да  бір  рет  көз  жеткіздік.  Ауылға  кіре  берісте 

терең  үңгірлер мен қатпар-қатпар көне  тастар 

бар  екен.  Бұл  да  есте  жоқ  ескі  замандардан 

қалған  естелік,  ұлт  тарихының  қадым 

замандардан бастау алатындығының көрінісі. 

Мұндай жағдайда əркімнің де қызығушылығы 

оянып,  тарихи  орындардың  жай-күйін  білгісі 

келетіні  анық.  Алдымен  осы  елді  мекеннің  

байырғы  тұрғыны,  тыл  жəне  еңбек  ардагері 

Зейнолла  Жөкеновтың  шаңырағына  атбасын 

бұрдық.  Қазақы  салтпен  сəлем  беріп,  жүрген 

мəн-жайымызды түсіндірдік. «Қартың  болса – 

қазынаң» – дегендей,  көкірегі  шежірелі,  көпті 

көрген Зейнолла ақсақалдың айтары көп екен. 

Қазақ мұндайда «Көп жасағаннан емес, көпті 

көргеннен сұра» дейтін еді...

– Білесіңдер ме,  жерде  адамдар  жарал-



ғалы  бұл  өңірді  мекендеп    келеді.  Ауыл 

маңындағы    көне  үңгірлер,  ғасырлардың 

куəсіндей  тарғыл    тастар  айтқанымызды 

растайды.  Бұл  жерде  Николай  патшаның  

кезінен 

ел 

үзілмеген, 

осыдан 

екі-үш 

ғасыр  бұрын  мұнда  Қолдас  Көзбенбетов, 

Əйтмембет  деген  кісілердің  мекендегенін 

тарих дəлелдейді. Бұл өңір  біз білгелі Шоқай 

датқаның   жері. Датқаның   ұрпақтары да 

бар  мұнда.  Ауылдың    «Ақтоғай»  аталуына 

келсек, бұрын мұнда  құс тұмсығы  өтпейтін 

қалың  тоғай,  ну  орман    болған.  Сол  қалың 

тоғайда  аю,  қабан,  түлкі,  қасқыр,  арқар 

қаптап    жүрген.  Бұл  сөзімізге      бүгінгі 

ұрпақтың    бірі  сенсе,  біреуі  сене  қоймас. 

Бірақ, шындығы  солай, – деді бүгінде сексен-

нің төртеуіне келіп отырған қазыналы қарт. 

Сексен  төрт  жастағы  қария  сексен  екі 

жылдан бері осы Ақтоғай ауылының тұрғыны. 

Ауылдың тоғайлы-орманды кезін бала күнінен  

көзімен  көрген  кісі.  Тарихына  да  қанық. 

Ұзақ  жыл  кеңшарда  бас  зоотехник,  ферма 

меңгерушісі  қызметтерінде  болған  Зейнолла 

ақсақалға  Ақтоғайдың  бүкіл  тынысы,  кешегісі 

мен бүгінгісі жақсы таныс. 

Тарих  қозғалса  тереңге  кетеді.  Ал, 

ештеңенің  де  тарихсыз  болмайтыны  анық. 

Ақтоғай,  Серго,  Жаңа  күш,  Ілгері  бас  деген 

майда колхоздар бірігіп, 1954 жылы «Ақтоғай» 

колхозы болып құрылады. Ал, 1957 жылы  ескі 

сегіз  майда  колхоздың  негізінде  «Сарысу» 

кеңшары  (ол  кезде  совхоз    деп  аталды) 

құрылады.  Сөйтіп,  бұл  ауыл    ең  кемі    жүз 

жылдан    бері    Ақтоғай  аталып  келе  жатыр. 

Бүгінгі   таңда мыңға жуық  түтіні бар ауылда 

бір  орта  мектеп,  бір  клуб,  кітапхана,  мешіт, 

бірнеше  дүкен    жұмыс  істейді.  Тұрмыстары 

қарапайым, 

адамдары 

тату. 

Қазақтың 



қарапайым 

ауылын, 


ауылдағы 

еңбек 


адамдарын еске салады. 

–  Зейнолла  қарттың  сөзінің    жаны  бар. 



Ауыл  маңындағы  «Аю соққан», «Көрмекөл», 

«Көк бұлақ»  деген  атаулардан  бір кезеңде 

бұл  жердің    тоғайы    мен  аң-құсы  көп,  суы 

мол болғанын  аңғарамыз. Тоғайлы  ауылдың 

«Ақтоғай»  аталуы  заңдылық  емес  пе? – 

дейді ауыл тұрғыны Береке Жақыпов.  

Біз атауын естіп қызығып, «Көрмекөл» мен 

«Көк  бұлақ»  мал  жайылымында    да  болдық. 

Бір  кездері  бүлкілдеп  бұлақ  ағып  жатқан, 

көлі  суға  толы  Ақтоғайдың  қыстағы  көрінісі 

де  көрікті  екен.  Бұрынғыдай  қалың  тоғайы  

болмаса  да  жиде-жыңғылы,  қамысы    қазір 

де  сирек    емес.  Тарихи    атауы  ел  назарын  

аударған бұл ауылда  тіршілік  қайнап  жатыр. 

Табиғаттың өзі салған ғажайып сурет. 

 

Сарысу  ауданы. 



Өткен  кезеңнің  бəрі тарих, əрбір тарихтың өзі тағылым. Тұлпардың тұяғымен, сұңқардың 

қияғымен қасиеті артқан кер даланың əрбір тасы тарихи, əрбір шаһары мен елдімекені елдік 

мұратқа ие. Ал тарихы мен тамыры ықылым замандардан, көне дəуірлерден бастау алатын 

Əулиеата  өңірінің  тарихы,  тіптен  тағылымды.  Облысымызда  атауы  ерекше  ауыл  аттары 

да  кездеседі.  Негізі  əрбір  ауылдың  атауының  өзіндік  тарихы  бар.  Сондай  ауылдардың 

бірі  Сарысу  ауданының  Ақтоғай  ауылы.  Бұл  ауылдан  əйгілі  композитор,  Қазақстан  мен 

Қырғызстанның еңбек  сіңірген қайраткері Ілия Жақанов, бүгінде Сарысу ауданын басқарып 

отырған  Қанатбек  Мəдібек  секілді  азаматтар  түлеп  ұшқан.  Ауылдың  қасиеті  қазақ  барда 

мəңгілік.  Талай  тау  тұлғаларды  топырағында  тербетіп  өсірген  ауылдың  мерейі – ұлттың 

мерейі.  

АҚТОҒАЙДЫҢ АҚИҚАТЫ

Есет ДОСАЛЫ

Бір бақыт сәулесін сепкендей...



Тілейтінім менің сізге өмірде,

Ұзақ өмір, зор денсаулық, мол бақыт.

Ортамызда күн көзіндей күлімдеп,

Жүргеніңіз ол да, əрине, бір бақыт.

Шүкір етем, əрбір атқан таңыма,

Керексіңдер əкем-анам жаныма.

Мен бақытты болар едім, əрине,

Əкем-анам болса мəңгі жанымда.

 Құттықтаушы: ұлы Заңғар НҰРҒАЛИТЕГІ.

Саналы ғұмырын өскелең ұрпақтың тəрбиесіне арнап, күні бүгінге 

дейін  бар  білгенін  шəкірттерінің  бойына  дарытуды  мақсат  еткен, 

Талас  ауданы,  Ойық  ауылының  тұрғыны,  аяулы  анамыз  Нұргүл 

Бейсова ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні 54 жасқа толған мерейлі 

қуанышымен құттықтаймыз. Көзіңізден тамған əрбір тамшы жас 

қуаныш  пен  шаттықтан  тамсын  демекпіз.  Бізді  өмірге  əкеліп, 

ақ  сүт  беріп,  аялап  өсіріп,  осы  күнге  жеткізгеніңіз  үшін  сіздің 

алдыңызда мəңгі қарыздармыз. 

«БИЛІКТІҢ САЯСАТЫН ҚОЛДАҒАН АДАМ 

ЖАҒЫМПАЗ БОЛЫП ҚАЛМАЙДЫ»

2015


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет