Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7923
1   2   3   4   5   6

Қуан АҚОРДАҰЛЫ    

42

Таєзым 


ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ, 

ҰСТАЗЫМ!..

Мектеп  кезінде,  нақтырақ  айтсам 10 

сынып  оқып  жүргенде  «Абай  оқулары»  де-

ген  жарысқа  қатыстым.  Аудандық  кезеңнен 

сүрінбей  өтіп,  облыстыққа  жолдама  алдым. 

Міне,  облыстық  деңгейде  өнер  көрсеткелі 

тұрмын. Алдымда бізге төрелік ететін үш адам 

отыр.  Солардың  ішінен  кең  маңдайлы,  ойлы 

жүзді,  көп  оқығандығы  айтпай-ақ  білінетін 

үлкен адам  көзіме жылы ұшырады. Ол кісінің 

көзіме  жылы  ұшырауының  да  өзіндік  себебі 

бар. Мақалама арқау еткелі отырған тұлға мен 

туған  өлкенің  перзенті  екен.  Ол  адамды  теле-

дидардан,  əртүрлі  тақырыптарға  жазылған  га-

зет  беттеріндегі  мақалаларынан  танитынмын. 

Бұл  кісі – Ақжайық  жұртшылығына  етене 

таныс,  республикаға  белгілі  ұлағатты  ұстаз, 



(Ұстазым Серікқали Ғабдешұлы 

Шарабасов туралы)

43

Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ. «Ұстазым менің, ұстазым!..»

əдебиетші-ғалым Серікқали Ғабдешұлы Шара-

басов еді. Тура 2 жылдан кейін ол кісінің өзіме 

ұстаз  əрі  куратор  болатынын  ол  кезде  əрине 

білген жоқпын...

Біз де студент болғанбыз...

Уақыт  қандай  жүйрік  десеңізші.  Жел-

дей  ескен  уақыт  мектеппен  де  қоштастырды. 

Оқуға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан 

Мемлекеттік  Университетіне  қабылдандым. 

Қыркүйектің  алғашқы  күні  универді  бетке 

алып тартып отырдым. Келсем бас ғимараттың 

алды  қаумалаған  адам.  Ата-анасы  бар, 

студенттері бар, əйтеуір толып жүр. Мерекелік 

шара 


аяқталысымен 

үлкен 


дəрісханаға 

жиналдық. Білім күнімен құттықтап филология 

факультетінің бірнеше ұстазы сөз сөйледі. 

-Шырақтарым! 

Ұзаққа  созылған  шарадан  шаршап, 

жүзімді  төмен  салып  отырғам.  Осы  бір  сөзді 

естігенде  жалт  қарадым.  Таныс  дауыс.  Та-

ныс  жүз.  Түйсігім  алдамапты.  Баяғы  өзіме 

«Абай  оқуларында»  қазылық  еткен  Серікқали 

Ғабдешұлы.  Алдымда  Зейнолла  Қабдоловтың 

тікелей  шəкірті,  тұлғасы  биік,  ойы  ұшқыр,  та-

лай  шəкірттерді  түлеткен  ұлағатты  ұстаз  тұр. 

Қарсы алдымда М.Əуезовтің өзі тұрғандай күй 

кештім. Үстіне жасыл костюмін келістіріп киіпті. 

Галстугі  де  аса  ұқыптылықпен  байланған. 

Ол  кісі  ойлы  көздерін  студент  жастарға  қадап 

кішкене тұрды да, қолын сермеп сөйлеп кетті. 

-Барлықтарың  бір-бір  үйдің  үкілеген 

үмітісіңдер. 

Ата-аналарыңның 

артқан 

сенімдерін  ақтаңдар.  Сендер  үшін  нағыз  өмір 



енді  басталды.  Елдің  болашағы  үшін  сапалы 

білім алыңдар. Əр сəттеріңді құр жібермеңдер, 

қарақтарым.  Бақытты  болыңдар, - деп  қысқа 

қайырды.  Ағай  үнемі  қысқа  əрі  тартымды 

сөйлейтін. Кафедра меңгерушісі Азамат Мамы-

ров əр топты таныстырды. Кім қай топқа түскен, 

ол  топқа  кім  куратор  болып  тағайындалады 

соның  бəрін  жіпке  тізгендей  етіп  айтып  берді. 

Барлығы  демдерін  іштеріне  тартып  алған. 

Қайсысының  жүзіне  қарасаң  да  «қай  мұғалім 

куратор  болар  екен»  деген  сұрақты  жазбай 

көруге болады.

-02101 топта оқитын студенттер мыналар, 

-  деп  Азамат  Ыбырайұлы  қолындағы  қағаздан 

студенттердің тізімін оқи бастады. Бұл бақытты 

топтың ішінде менің де есімім аталды. 

-Сендердің 

кураторларың 

болып, 

арамыздағы ең үлкеніміз, бəріміздің ұстазымыз, 



профессор – Серікқали  Ғабдешұлы  Шараба-

сов тағайындалды, - деп бір тоқтады. Басқаны 

қайдам,  өз  басым  Серікқали  ағайдың  біздің 

топқа куратор болып тағайындалғанына іштей 

қатты қуандым. Осы күннен бастап Серікқали 

ағай  біздің  топты  өз  қамқорлығына  алды. 

Толық  сабақ  кестесі  шыққанша 4-5 күн  өтеді 

екен.  Басқа  топтың  студенттері  бұл  күндері 

арқаны кеңге салып, өз еріктерімен жүрді. Ал, 

біз  Орал  шаһарының  көптеген  тарихи  жерлері 

мен мəдени ошақтарын араладық. Ең алдымен 

қаламыздың көрікті жерінде орналасқан Жұбан 

Молдағалиев 

атындағы 

ғылыми-əмбебап 

кітапханасына  жиналдық.  Жұбан  ақынның  өзі 

отырған  жазу  үстелін,  шағын  кітапханасын, 

тұтынған  заттарын  көрдік.  Алған  əсер  мол. 

Ақын  атамыздың  жан-дүниесіне  үңілгендей 

болдық.  Бізді  кітапхана  директорының  өзі 

құрақ  ұшып  қарсы  алды.  Серікқали  ағайды 

қатты  сыйлайды  екен.  Ағай  өзінің  ағасының 

үйіне  келгендей  өте  еркін  жүрді.  Костьюмін 

шешіп  тастап,  Жұбан  ақынға  арналған  шағын 

музейді таныстырды. 

-  Қарақтарым,  кітапхана  киелі  орда! 

Мұнда  əркім  іздегенін  табады.  Ал,  сендер  та-

бан  тіреп  тұрған  кітапхананың  орны  тіптен 

ерекше.  Өйткені  бұл  жер  ақиық  ақын  Жұбан 

Молдағалиевтің  атымен  аталады.  Жұбан 

ақынның  жəдігерлері  де  осы  жерден  орын 

алған.  Бұл  жер  университеттен  кейін  ең  көп 

келетін жерлерің болсын! 

Ұстазымыз  ғибратқа  толы  əңгімесін 

осылай аяқтады. Содан кейін Жұбан ақынның 


44

 *«Үркер»*№102016

мүсіні қойылған паркке бет түзедік... 

Алғашқы 

күні 


дұрыс 

танысып 


үлгермегендіктен,  группаластарыммен  жол 

бойында таныстым. Өзімнен басқа тағы бір ұл 

бар.  Қалғанының  бəрі  қыз.  Бірінің  атын  жат-

тасам, бірінікін ұмытып қалам. Кері сұрау ұят. 

Осылайша  қызыққа  толы  студенттік  шақтың 

алғашқы күндерін де бастап кеттік. 

Ерекше өтетін дəріс

Ағай дəріс оқыса,

Бəрі бірдей тыңдайды.

Айтатұғын нəрсесін,

Түсіндірмей тынбайды...

(Студенттер фольклорынан)

Ұстазымыздың  əр  дəрісі  өте  мағыналы 

өтеді.  Ол  кісі  ешқашан  сабаққа  кешікпейді. 

Ағайдан  бұрын  кірген  студентті  де  көп 

көрмейміз.  Көбіне  ең  бірінші  келіп  алып,  га-

зет-журнал  парақтап  отырады.  Сабаққа  көп 

келмейтін, келген күнде де соңғы парда зытып 

кететін бірді-екілі студенттердің өзі Серікқали 

ағайдың дəрісіне қатысады. Өзге мұғалімдердей 

ол кісі студенттерді түгендеп жатпайды. Уақыт 

алмай  бірден  бастап  кетеді.  Тек  өзіне  тəн  дау-

ысымен  залдың  бəрін  лезде  қаратады.  Содан 

кейін өтуге тиіс тақырыптарды қысқаша шолып 

шығады.  Басына  қона  қоюы  қиын  балалардың 

өзі  ағай  айтқанды  қағып  алады.  Лекциясын 

жазуға  қолайлы  етіп,  қысқа  əрі  ұғынықты 

қылып  айтады.  Бақдəулет  есімді  группаласым 

ағайымыздың  аузынан  шыққан  тіркестерді 

теріп  жазып  отыратын.  Дəрістегі  ермегі  сол. 

Ағай  айтқан  ерекше  тіркестер  мен  қанатты 

сөздер,  Бақдəулеттің  қалың  дəптеріне  қонып 

жататын. Дəлізден бірімізді көре қалса «өй жа-

ман перваштар» деп риясыз күліп, арқамыздан 

қағатын.  Ұстазымыздың  жылдағы  айнымай-

тын  дағдысы  бар.  Ат  қою.  Өзі  сабақ  беретін 

студенттердің  барлығына  дерлік  ат  қойып, 

айдар  тағатын.  Ағай  айтты,  бітті.  Сол  студент 

төрт  жыл  бойына  солай  аталып  кетеді.  Бізден 

бір  курс  жоғары  оқитын  Нұркен  деген  бала-

ны  «столба»  дейтін.  Группаластарым  Əдеміні 

«бұжыр», Рысгүлді «Рыскүл», Айдананы «тыр-

на»,  Əселді  «бəйбіше»,  Самалды  «ұзыншаш», 

Айымгүлді  «шілпік»,  Мөлдірді  «бастық»,  Зай-

раны «семіз» деп атағаны есімде қалыпты. 

Ол кісі бір сабаққа берілетін 50 минуттың 

өзін  өте  шебер  пайдаланады.  Жарты  сағатын 

жаңа  сабаққа  арнаса,  он  минутын  өзінің 

өмірлік  сабақтарына  арнайды.  Бұл  он  ми-

нутта  дəрісханаға  жиналған  біздер  ағайдың 

тағылымды  ғұмырнамасын  ұйып  тыңдаймыз. 

Жас  кезіндегі  көрген  қиындықтарына  еріксіз 

бас  шайқап,  білім  алуға  деген  құштарлығына 

сүйсінеміз.  Осы  бір  бар  жоғы  он  минутқа  со-

зылатын уақыттың ішінде ұстазымыз өзінің ру-

хани əкесі – Зейнолла Қабдолов туралы да ай-

тып үлгіретін. Əдебиеттегі ағасы Қадыр Мырза 

Əли  туралы  да  көп  естеліктер  айтатын.  Одан 

бөлек Ғабит Мүсірепов, Хамит Ерғалиев, Орал-

хан  Бөкей,  Мұхтар  Мағауин,  Əбіш  Кекілбаев 

сынды  классиктермен  болған  кездесулерін  де 

сөз қылатын. Қалған он минутын əзілге жара-

тады.  Студенттермен  керемет  ойнайды.  Олар-

мен  танысуы  да  қызық.  Бір-бірлеп  тұрғызады. 

Содан  кейін  қай  жерден  келгенін  сұрайды. 

Ұстазымыздың 

перваштармен 

таныстығы 

төмендегіше өрбитін:

- Қай жақтан келдің?

- Атырау.

- Өй, мұнай сасыған жерден келіпсің ғой. 

Атырауда неге қалмадың, ə? 

-  Ағай,  біздің  жақта  оқу  ақысы  тым 

қымбат.

-  Бұлар  сөйтеді.  Оралға  білім  алу  үшін 



емес,  оқудың  ақшасы  арзан  болғаны  үшін 

келеді. Өй, жеті атаң...

Келесі тағы біреуін тұрғызады. Оған  да 

осыған ұқсас сұрақтар қояды. 

- Сен қайдансың?

- Ақтау 


-  Ойбай,  сен  де  мұнайдың  ортасынан 

келіпсің  ғой.  Ақтаудың  ауасы  ластанғасын 



45

Оралға тайып тұрдың ба?! 

-Жоқ, ағай.

-Сіздің  жақтағы  Светқали  Нұржан,  Са-

быр Адай деген əулие ақындарды танимысың?

-Естуім бар. Дұрыс білмейді екем.

-Қайдан  білесіңдер,  оқымайсыңдар  ғой. 

Қорықпа əлі-ақ жеті атаңды жаттағандай, жат-

тап шығасың. 

Осындай  диалогтарды  оқуға  түскен 

жылдың алғашқы айында көп естідік. Ағайдың 

əңгімелерінен  студенттерді  кекету  я  болмаса 

кемсіту байқалмайтын. Олардың бəріне құдды 

бір  мейірімді  атасындай  сөйлейтін.  Студент 

жастар  да  ұстазымыздың  сөздерін,  əзілдеп 

айтқан  əңгімелерін  көңілдеріне  алмайтын. 

Қайта «Серікқали ағай маған былай деп айтты, 

маған  мынадай  сұрақ  қойды»  деп  келесі    күні  

курстастарына  мақтанып  айтып  жүретін.  Бір 

есімде қалғаны ағайдың лекциясы үнемі соңғы 

парда болады. Оған жеткенше шыдамың да та-

усылып  бітеді.  Қашан  Шарабасовтың  лекция-

сына кіреміз деп тағатсыздана күтіп жүрген бір 

адам. Үзілісте, сабақ үстінде бəрінің айтатыны 

- кешегі Серікқали ағайдың дəрісі. Ұстазымыз 

өткізген əр сабақ кейінгілерге желдей есіп, аңыз 

боп тарайтын. Бізден кейін оқуға түскендер де 

Серікқали  Ғабдешұлының  сабақтарын  асыға 

күтетін...

Біз көрген Шарабасов

Серікқали 

Ғабдешұлы 

Шарабасов 

табиғатынан  ерекше  жаратылған  жан.  Оның 

мейірімге толы жүрегі, үнемі жымиып тұратын 

жүзі, адам баласына деген айқара ашық тұратын 

құшағы  кім-кімді  де  алалаған  емес.  Ағайдың 

жұдырықтай  жүрегінен  əрбір  студентке  орын 

табылатын.  Өз  шəкірттерін  жақсылыққа, 

мейірімділікке,  адалдыққа,  еңбекқорлыққа, 

кішіпейілділікке, 

шыншылдыққа, 

білімге 


ұмтылуға,  уақытты  құр  өткізбеуге  үйрететін. 

Ол  кісі  сонысымен  де  мыңдаған  шəкірттің 

жүрегінен үлкен орын алды. 

І курсқа түскен жылы ағайға қарап қатты 

таң қалатынбыз. Не деген ширақ қимылдайтын 

адам  деп  таңданатынбыз.  Бас  ғимараттың 

төртінші қабатына бізден бұрын мініп түсетін. 

Серікқали  ағай  табиғатқа  өте  жақын  адам. 

Табиғаттың  төл  баласы  десе  де  болатындай. 

Базары  қайнаған  тірліктен,  қаланың  күйбең 

тіршілігінен  шаршағанда  сырласары – Жайық. 

Жайыққа  барып  мұңын  шағады.  Жайыққа  ба-

рып  ішіндегі  жан  сырын  ақтарады.  Бір  сөзбен 

айтқанда  ару  Жайықпен  тілдеседі.  Ағайдың 

арқасында көзі тірі классиктермен кездесу нəсіп 

болды. Қайда барса да жанынан бізді тастамай-

тын.  Небір  жақсы-жайсаңдармен  жүздестік. 

Əңгімелерін тыңдап, рухани өсіп жетілдік. Біз 

бірінші  курсқа  түскен  жыл  университеттің 80 

жылдық  мерейтойымен  тұспа-тұс  келді.  Апта 

сайын бір шара. Он күн сайын үлкен конферен-

ция. Осылардың бəрінде біздің ағай жүреді. Ол 

кісі жүрген жерде группадағы он жеті студент 

қоса  жүреді.  Осылардың  бəрінде  бізді  көрсін, 

танымал  тұлғалардың  тағылымды  əңгімесін 

естіп,  ой  түйсін,  үлгі  тұтсын  дейді  екен  ғой 

жарықтық. Оның бəрін кейін түсіндік. 

Ақын Қайрат Жұмағалиевтің 75 жылдық 

мерейтойы  облысымызда  кең  көлемде  аталып 

өтті.  Университетте,  кітапханаларда  көптеген 

əдеби-сазды  кездесулер  болды.  Группадағы 7 

студент Қайрат ақынның жеті баласына арнап 

жазған бесік жырын жатқа оқыды. Ақын атамыз 

бізді тыңдап балаша қуанды. Ұстазымыз да риза 

болды. Көп уақыт өтпей Қайрат Жұмағалиевтің 

мерейтойы  қаламыздағы  «Қазақ  драма  те-

атрында»  өтті.  Республикамыздың  түкпір-

түкпірінен  əдебиеттің  алыптары,  қазақ  елінің 

зиялылары  жиналды.  Алаштың  абызы,  ҚР 

халық жазушысы Əбіш Кекілбаевты осы кезде-

суде  алғаш  көрдік.  Қайрат  ақынды  құттықтап 

сөз  сөйледі.  Жас  кездеріндегі  естеліктерімен 

бөлісті. Əбіштің прозасы қандай көркем болса, 

сөйлегені  де  сондай  көркем  екен.  Қанша  ми-

нут сөйлегені есімде жоқ, əйтеуір айтқандарын 

ауызымыздың  суы  құрып  тыңдадық.  Мерей-



Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ. «Ұстазым менің, ұстазым!..»

46

той  біткеннен  кейін  Қайрат  пен  Əбіш  атала-

рымызды  ортаға  алып  естелік  суретке  түстік. 

Əрқайсымыз  кітап  алып  келіп,  Əбіш  атаға 

қолтаңба қойдырып алдық. Көпшілігі қолтаңба 

қойдыруға    жазушының  өз  кітаптарын  алып 

келіпті. Мен олай етпедім. Шəкерімнің «Ақиқат 

айнасы» деген шағын кітабын əкелдім. Өйткені, 

кітап  дүкендерінде  Əбіштің  барлық  кітаптары 

өтіп кеткен. Əбіш атамыз мен апарған кітаптың 

сыртын көрді де, ризашылығын бет-жүзімен та-

нытты. Қолын қойып, «Бақытты бол, қарағым!» 

деп  тілегін  жазып  берді.  Өткен  күннің  бір 

белгісі ретінде ол кітап сөремнен орын алды. 

Ақ  Жайықтың  ақ  шағаласы  атанған 

Ақұштап  Бақтыгерееваның  да  мерейлі 70 

жасы  республика  көлемінде  дүркіреп  өтті. 

Бұны  да  бірінші  болып  біздің  оқу  орны  атап 

өтті.  Серікқали  Ғабдешұлы  ақын  апасы  тура-

лы  конференцияда  баяндама  жасады.  Ақын 

өлеңдерінің мазмұны мен көркемдігіне қатысты 

тың пікірлер айтты. Театрда өткен қорытынды 

кешке  «Қан  мен  тер»  трилогиясының  авторы, 

ҚР  халық  жазушысы  Əбдіжəміл  Нұрпейісов 

арнайы  келді.  Атыраудан  ат  терлетіп  белгілі 

қаламгер Рақымжан Отарбай келді. Екеуі де өз 

естеліктерімен  бөлісіп,  ақын  апамызға  жақсы 

тілектерін  білдірді.  Осылардың  барлығына 

ұстазымыз  бізді  ілестіріп  жүрді.  Келмесімізге 

қоймады. Сабақ көп болғасын кейде ерінетінбіз. 

Ағай  алды-артымызға  қаратпай  осындай 

шараларға айдап əкелетін. Бұл күнде солардың 

бəрін  тамсанып  айтамыз.  Əдебиет  алыптарын 

жақыннан  көріп,  əңгімесін  тыңдау  бізге  ша-

быт  сыйлап,  бағыт-бағдарымызға  бағдаршам 

болды. Ұстазымыз көп жылдар бұрын факуль-

тет  жанынан  «Қажым  Жұмалиев»  атындағы 

əдеби  бірлестік  құрыпты.  Мақсаты  филоло-

гия  факультетіндегі  жазуға  қабілетті,  бой-

ында  таланты  бар  жас  талаптарды  жетілдіру, 

шығармашылығын əрі қарай дамыту. Серікқали 

Ғабдешұлының  төккен  тері,  еткен  еңбегі  тек-

ке  кетпепті.  Əдеби  бірлестік  əдебиет  əлеміне 

көптеген  жас  таланттарды  үкілеп  қосқан  екен. 

Олардың  алды  Р.Отарбай,  С.Адай,  А.Шахин, 

З.Сисенғали,  М.Бердəлиев,  Б.Баймұханова, 

Е.Бимұханов, 

Ж.Болтанова, 

Н.Кəрімова, 

М.Қосымбаев,  А.Ишанов,  Ж.Мусина  сынды 

облысқа,  республикаға  танылған  таланттар. 

Жастардан: Э.Ихсанов, Т.Мықи, Ж.Мұрсалова, 

Ж.Ерманова, 

А.Ұябасова, 

А.Базарбай, 

Ж.Шынтаев  сынды  ақындар  түлеп  шықты. 

Талғат  Мықидың  «Қылшыққұм»  атты  кітабы 

университет  қабырғасында,  бірлестіктің  са-

пында жүргенде жарық көрді. 

Ұстазым туралы бір қызық оқиғаны баян-

дай кетейін. 

...Қадыр орталығының жаңадан ашылған 

кезі. Кешқұрым ұстазым Серікқали Ғабдешұлы 

серуенге 

шығады. 

Қадыр 


атамыздың 

ескерткішінің жанына келеді. Келсе ескерткішке 

жақын жерде орыс қыз бен орыс жігіт шылпыл-

датып  сүйісіп  тұр  екен.  Ағайымыздың  айтуы 

бойынша бір-біріне таскенедей жабысып алып-

ты. Ұстазымыз жөткірініп:

-Не  стыдно, - деп  қойып  қалыпты.  Саса-

тын əлгілер жоқ дейді. 

-Нет,  нам  не  стыдно, - деп  шаруаларын 

жалғастыра беріпті. 

Сонда  Серікқали  ағай,  Қадыр  атаның 

ескерткішін нұсқап:

-Ему стыдно, - депті. 

Əлгілер 


дереу 

тайып 


тұрыпты. 

Ұстазымның 

өз 

аузынан 


естіген 

əңгімем. 

Өмірінің 

соңғы 


уақыттарында 

əңгімелескенімізде айтып беріп еді... Ол кісі аяқ 

астынан  тауып  сөйлейтін  еді  ғой  жарықтық. 

Сөз оған өзінен-өзі құйылып жататын...

***

Біз 


жоғарғы 

курсқа 


келгенімізде 

ұстаздардың 

ұстазы, 

əдебиетші-ғалым 

Серікқали  аға  дүниеден  озды.  Сол  кездегі 

қимастық сезімді сөзбен жеткізу қиын. Əттең, 

Алланың ісіне шарамыз жоқ еді.

Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ

 *«Үркер»*№102016


Редакция мекенжайы:

050009. Алматы қаласы. 

Желтоқсан көшесі 175

Телефондар: 

бас редактор    – 272-48-51, 

 

 

    272-48-60

компьютер 

бөлiмi  

 – 372-49-02

 

     

 

      www.urkerkaz.kz

E-mail: Urker_2010@mail.ru, 

 

     

Журнал Қазақстан Респуб-ли-

касы  Мəдениет    жəне    ақпарат  

министрлiгiнде 06.04.2009 ж. 

қайта  тiркелiп,  № 10017-ж  

куəлiк  алған.  Айына  бір  рет 

шығады.

 ***

Басуға  қол  қойылды:  .  .2016 

Қағазы  офсеттiк. 4,2 баспа 

табақ.  Форматы    84х108/16. 

Таралымы          .  Тапсырыс  №1000. 

Бағасы келiсiмдi.

***

Редакцияға  түскен шығарма-

лар  рецензияланбайды. Қолжазба 

қайтарылмайды. Көшiрiп  басқан  

жағдайда  «Үркерге»  сiлтеме жа-

сау мiндеттi.

 ***

Жарияланған  дүниелердегi  де-

ректердiң  нақтылығына  автор-

лар жауап бередi.

 ***

«Үркер»  журналында  жар- 

ияланған    материалдардың  ав-

торлық   құқы  «Қазақ газеттерi»  

ЖШС-не тиесiлi.

 ***

Журнал  «Қазақ  газеттері» 

ЖШС-нің 

компьютер 

орта-

лығында    терiлiп,  беттелiп, 

«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық 

полиграфиялық  баспа  комплек-

сінде  басылып  шықты.  Алматы 

қаласы, Гагарин даңғылы 93.

***

Тел.   394-39-22,  394-39-24

«Үркер», №10 (98), 2016 ж.

«Қазақ газеттері» ЖШС-ына қарасты 

жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси 

«Үркер» журналы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 

орай шығармашылық жастарды қолдау 

мақсатында проза, поэзия, публицистика 

жанры бойынша бәйге жариялауды 

жалғастырады. Осы уақытқа дейін 

шығармашылық бәйгеде бақ сынаған 10 талант 

жеңімпаз деп танылып, «Үркердің» арнайы 

дипломдарымен қоса бағалы сыйлықтармен 

марапатталған болатын. Сондай-ақ жүлдегер 

шығармалар «Үркер» жаққан он шырақ» деген 

атпен жеке кітап болып жарық көрді. 



Бәйге шарттары: 

Үміткерлер 

проза 

жанры 


бойынша                                          

1  әңгіме, поэзия жанры бойынша 5-7 беттік 

шағын жанрдағы туындылар (дастандар мен 

толғаулар қабылданбайды), публицистикалық 

бағытта                  1-2 мақаламен (көлемі 7 беттен 

аспауы тиіс) қатыса алады. 

Шығармалар  Urker_2010@mail.ru 

электронды мекенжай арқылы қабылданады. 



Байланыс телефоны: 

8(727)-272-48-51



Мобильдік байланыс

8-702-655-42-68.

Бәйге қортындысы 

жыл аяғында Тәуелсіздік 

күні қарсаңында жария-

ланатын болады. 

Іске сәт, жас талант!   

Бәйге       Бәйге   Бәйге 



«Үркер» – 

Үміт» бәйгесі 

Мазмұны

Нұрлан ҚҰМАР

Мемлекеттік тілдің көсегесі қашан көгереді? ..................................1

Қуат ҚИЫҚБАЙ 

Тəуелсіз тоқал .......................................................................................5

Жанель МАҚАЖАН

Режиссерлерді отандық, шетелдік деп бөліп-жарғым келмейді ....9

Əсел ОСПАН

Көктем көшіп барады күндерімнен... .................................................12

Асхат ӨМІРБАЕВ

Шолпаншаш сүмбілі .............................................................................15

Құсман Мақмырзаұлы Яхия тегі 

Құлазыған бейбақты қурай екен жұбатқан... ...................................21

Дінмұхамед АЯЗБЕКОВ

Мен – Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өнімімін ...................23

Еркебұлан ƏБДІРАХМАН

Бақаның бағын қызғанбай

Сұңқардың сорын ұнаттым... .............................................................30

Дəнеш АХМЕТҰЛЫ

Қауыншы ................................................................................................34

Қуан АҚОРДАҰЛЫ    

Кездесуге кетіп барамын .....................................................................41

Жанайдар БОЛАТБЕКҰЛЫ

Ұстазым менің, ұстазым!.. ..................................................................42


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет