Еркебұлан ƏБДІРАХМАН. «Бақаның бағын қызғанбай
Сұңқардың сорын ұнаттым...»
34
Арбаныѕ алдыѕєы дґѕгелегі
Дəнеш АХМЕТҰЛЫ
ҚАУЫНШЫ
Күн сəскелікке жетпей ыстық белең алып,
дүние өз репетін кілт өзгерте бастағандай
еді. Тырыбық ақтаспа мен жатаған қылша
көмкерген тастауыт, тақыр өңір күпі ки-
гендей қызынып, ысып кетті. Əлгінде ған
таңдайында мөлдіреген таңғы шықты талмап
жұтқан балаң көгал сəт сайын солғын тартып,
мұңды пішінге ауысыпты. Сай табанындағы
сүмбіле тартып, ұзаңқырап қалған қою қалақай
мен алабота да үнсіз ойға батқандай. Үкілі
ұштары аракідік қана бұлаңытып, нəзік толқып
қояды. Бозқараған, тобылғы түбінен жаппай
шырылдаған шегіртке үні де бəсеңсіп, құмыға
түскен. Жартас қойнауы, тас арасынан басын
қылтитып, тамағы бүлк-бүлк етіп, жан-жағын
жіті шолған ұсақ кесірткелер де көлеңке қуалап,
көзден тасаланған.
Бүгінгі күннің дəл бұлайша шақыраюы,
басқасын қайдам, Майқан қартқа аса жайсыз
тигендей еді. Манадан бері етегін кеңге салып,
жадағайланып, жазық біткен сай бойында тыр-
бынып арық қазып жатқан қарт қолайсыздық та-
бын сезінген. Осының алдын да ғана ертеңгілік
салқын сəтті пайдаланып, қайратын қамшылап
кəп-кəдімгідей тірлік жасаған. Ұзындығы
бірнеше аршын дерілік ойыққа топырақ тастап,
тегістеуге де айналған.
Енді, міне, құмырсқадан қиюы кетіп,
тіпті жұмысы өнер емес. Бір бие сауымдай
істеді ме, кім білсін, арба соққан аттай болды-
рып, ентігіп, шаршап қалды. Тегі, жұмыстың
осы бүгінгі соңғы күні қарт болмысына қатаң
бақылау, айрықша анықтама жасағысы келген
тəрізді. Қарт дене өзінің тозғандығын сездіріп,
сыр бере бастаған. Сүйек-сүйегі сырқырады,
белі ұйып, сегіз көзі шаншыды. Буын-буыны
салдырап, алақаны түйе көзденіп, ойылып,
ашып, əйтеуір, маза кетті. Бір шетінен шөл
қысып, жығылғанға жұдырық болып, маза-
сын ала берген соң, қалың жалбыз арасындағы
сусын құйылған шанашқа əлсін-əлсін қол
жүгіртіп, оны да бітіруге таяп қалған.
Шал тынуға аз қалған оппаға тағы біраз
топырақ тастады да, күректі тігінен шан-
ши салып, өзі анандай жерге барып, бетегелі,
құйқалы, əр- əр жерін ақселеу оймыштаған
(Əңгіме)
35
көк қырқаға жонын беріп, сылқ етіп, жүрелеп
отыра кетті. Мүйізденіп, қатаңсыған қап-
қатқыл алақанын бір-біріне шапалақтап, жеңіл
күрсініп қойды. Шалдың күнге күйіп, əбден
қарайған қоңырқай пішіні маймен сылағандай
көмескі жылтырайды. Ақ бурыл шашының
арасындағы ұсақ тер тамшылары күн нұрына
шағылысып, жылт-жылт етеді. Бойшаң келген,
аңсағай денелі кісінің дөңгелене біткен сарғылт
жүзі мейлінше қажыған, қиналған жанның
пішініне ауысқан.
Сонымен, көк сəтен жейдесінен тер иісі
аңқыған, сүйек-сүйегі шодырайған, етсіз, арық,
қалбағай сары шал біраз отырды, белі кілкіп,
ашып ауырған соң екі аяғын созып жіберіп,
шалқалап жата кетті.
Бірақ осы бейнетімен қоса шал көкірегінің
ішкі қойнауында қоламтаға көмген сексеуілдің
шоғындай қуаныштың ыстық табы да ұялап,
бұғып жатқан еді. Дəл қазіргі сəтте сұрғылт,
шегір көздерін бір жұмып, бір ашып жатқан
сəтте сол ыстық қоламтаны риза пейілдің
ойнақы лебі үрлеп өткендей болған.
Кенет шал көңілі сəулелі сезімге бөленіп,
жадырай түсті. Əжім өрнектеген жүдеу жүзі
осы бір тосын ойдың ыстық лебіне балқығандай
боп, ажарын аша түскен. Майқан қарт шұғыл
сергіп, мыс реңдес селдір сұйық мұртының
шалғысы жыбырлап, қуақы жымиып, мырс
етіп, күліп қойды.
Есіне өткен жай түсті. Құдай-ау, десеңші,
əлі де көрсетер қызығы көп екен ғой. Дəл осын-
дай сергелдеңге түсіп, жауында қалған сабын-
дай саталасы шығады деп кім ойлаған. Зады,
бұл адам баласы бір бұзылмасын деңіз, бір
қисайса, қайта оңалуы қиын-ау.
Күн қыза түсті.
Қарт үшін бүйтіп иретіліп жата беру
мүлде пайдасыз еді. Ол орнынан созалаңдай
тұрды да анандай жердегі ерттеулі атына қарай
аяңдады.
Ойы тезінен үйге қайту еді.
***
Ауылда жеңіс мерекесі өтісімен жина-
лыс болды. Əрине, оған жұрт қатарлы Майқан
қарт та қатынасты. Мұның өзі қалың топ, дуды
жақсы көретін, кейде тіпті көсемсіп сөйлеп
кететін, мақтау сөз, қолпаштау жанына майдай
жағатын қағілез жан еді. Сондықтан оң жағынан
лықылықтап ұстауға үйренген ат сияқты мұны
да сырын біліп, сыбызғысын түйгендер мақтау
мен қошаметін араластыра тіл қатып, оңтайлап,
еппен қолға түсіретін. Тегінде, ділін түйіп,
тілін тапса, адам баласының ішін ашпайтыны
болмаса керек.
Мəдениет сарайы лық толды да, ауылдың
жаңа басшысы өзі алғаш қатысып отырған үлкен
жиынды ашық деп жария етті. Жекешелендіру
туралы ел ниетін ұғып, əркімнен сыр тартып,
жалпы пікірлесу, сырласу ретінде өтетін ə де-
геннен қызу қарқын алып, тезінен басталып та
кетіп еді. Бұрын осындай жиналысқа келген
адам амалсыздық танытқандай боп, əшейін
қара көрсеткені болмаса жұмған аузын ашпаған
күйі сілейіп үйіне қайтатын.
Ал бүгін жағдай басқа. Саусағың
тиді бітті, сөйлеп кетуге əзір тұрған шешен
домбыраның ішегіндей əркім бір түйгенін
тілінің ұшына жиып, жанығып келгендей екен.
Жұрт назарында үлкен серпіліс, тың сілкініс
бар. Майқан қарт қашанғы əдетінше алдыңғы
орындықтардың біріне барып отырды. Кешігіп
қалып яки бөгде себептермен алдыңғы лекке
жетпей қалса амал жоқ, əйтпесе, бұл ара өзіне
басыбайлы сыйлы орындай еді.
Жиналыс тəртібі бойынша президиум
мүшелерін сайлап алу керек болды да, əркімнің
аты атала бастады. Бір кезде жарықшақ үн
«Жантасұлы Майқан» дегенде өз құлағына
өзі сенбей, абыржып, қалбалақтап қалды. Өңі
таңданыс табын сезініп, ду етіп, қызарып кетті.
Тосырқайтын да жөні бар. Алқалы топтың
алдына шықпағалы қашан. Қарт сол аты
Дəнеш АХМЕТҰЛЫ. «Қауыншы»
36
* «Үркер»* №10* 2016
аталған мен бе, басқа ма дегендей жан-жағына
жалтақтай көз жүгірткен. Жоқ, жаңылмапты.
Дəл өзі екен. Кеу-келушілер жорамы молыға
түсті.
– Ой, Мақа, неғып отырсыз.
– Ойбай-ау, жаңа бастықтың өзімен
иықтасып отыратын шақ туғанда...
– Оның үстіне бұл өзіміздің жеке жиыны-
мыз ғой.
– Күні кеше, Кеңес кезінде отырдық қой
жынын алған бақсыдай болып сүмпиіп.
– Е, өтті ғой күндер не керек.
– Мақаң ел адамы ғой, бұл кісі
сөйлемегенде кімдер сөйлейді.
– Нақ айттың Тақа, жаңылмай...
Майқан осындай сөздердің желеп-
жебеуімен аяғын нық басып, президиум
үстеліне қарай беттеген.
Майқанның топ алдына шығып отырғаны
бір бұл емес, талай шыққан. Тіпті аудан, облыс
алқасында да, еңбек озаты ретінде танылып,
сан мəрте орын тепкен. Бірақ сол кездердің
ақырын-ақырын жылыстап, алыстап кеткеніңе
де біраз уақыт болып еді. Одан бері де көк
тал талай бусанып, талай жапырағын қақты.
Əйтсе де, үлкен тірліктен қол үзіп, зейнет-
ке шыққаннан беті аты арнайы аталып, төрге
шығып отырғаны осы.
Адам қартайып, сүйегі тозған сайын
мақтаншақтау бола ма, қалай. Дəл қазіргі сəтте
шал көңілін даңғаза сезім билеп, өрекпіп,
қызына түскен. Алыстағы қалың аттың дүбірін
сезген байлаудағы жүйріктей дегбірі кетті.
Сөйлегісі келіп, делебесі қозды. Қалайда мына
елге ой салып, қозғау ететіндей бірдеме айту
керек.
«Апыр-ау, жаңа ғана мені біреулер ел
адамы деді-ау, ə» – деді іштей толқып. «Сыр-
лы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» де-
ген осы. Рахмет, мені елеген еліме. Енді сол
ел көңілінен шығатындай бірдеме айтқан жөн
ғой. Мынау үлкен мінбеде, Қазақстанның көк
туының аясында, оның үстіне жаңа бастықтың
қатарына... иə, иə, қалайда бір бұйдалы сөз айту
керек. Шіркін-ай, үлкенді де, кішіні де елең
еткізер сөз маржаны төгілер ме еді...»
Шал осылайша өз-өзінен толғанды. Жаңа
бастық жас болғанымен талай тығырықтан
өтіп, қырналып, оқтаудай жұмырланған немеге
ұқсайды. Əу баста түсін суыққа салып, томсы-
райып отырса да артынан сөйлей келе жады-
рап, шешіліп кетті.
Езуі көпіріп, ұзаққа салмады. Қай-
қайдағыны айтып білгішсінбеді. Саясат-
ты айтып, батпақ жолға ауысып, сарсаңға
түспеді. Оның есесіне ел көңіліндегі сөздерді
нақ-нақ айтып, тыңдаушысын бірден өзіне
үйірді. Əсіресе, жекешелендіру мəселесіне көп
тоқталды. Айтқанының бəрі рас. Бастықтың
сөзіне қарағанда бұларда жер де, су да көп екен.
Сол жеткенді жеткізбей желкесін қиятын өздері
көрінеді. Кешегі шектеулі тұстың тұсауын үзіп,
арқаны кеңге салатын, еркін қимылдайтын
кездің жеткені анық.
Рас, кеше бар тірлік жоғары жақтың
сілтеуімен болатын. Жүр десе жүретін, тоқта
десе тоқтайтын. Ек дегенің егіп, етегін қағып,
жайына кете беретін. Ал бүгін билік, теңдік
атаулының бəрі өз қолына тиген жоқ па!
– Сіздер дəнді-дақылдардың бидай, арпа,
сұлы, жүгері тəрізді түрін егесіздер, – деп баста-
ды сөзін нақыштай сөйлеп, – Өнімі жаман емес.
Ал жеміс түрлерін өсірмейтіндеріңізге таңым
бар. Мəселен, – деді бастық даусын кенеп, –
Қауын өне ме – өнеді, дарбыз ше? Ол да өнеді.
Қызанақтан тіпті көп алуға, əрі сатуға болады.
Болмаса байлықтың барлық түрі қолдарыңызда
тұр. Тез тетігін тауып, ұқсата білсе болғаны.
Төрағаның саңқылдап шығатын ашық,
таза үні аяқтала бере зал іші қозғалақтап,
дүрлігіп кетті. Біреулер «болады» деп өңешін
созды, енді біреулер «кім білсін» ептеп дəмін
татқанымыз болмас, айналыспаған затымыз»
деп əліптің артын күтті.
37
Майқан қарт үшін орайлы сəт туғандай
еді. Құдай оңдап айтар сөздің сəті түсіп, тиегіміз
ағытылып кеткенін қарашы. Енді кідіруге
болмайды. «Темірді қызған кезде соқ» деген.
Мақаң адымдай басып, мінбеге көтерілді.
– Мен басшы сөзін түгелімен қостаймын,
– деді салған бойда, – Бұл тегінде бастықтың
емес, түптеп келгенде, бүгінгі осы заманның
сөзі ғой. Жекешелендіру – дəуір талабы. Несіне
тайсақтаймыз, неге болса да тəуекелге белді бе-
кем буып, кіріскен жөн. Енді бізге аялдар сəт
жоқ. Кешегі қызыл үйдің тұсында да аянбай
еңбек еттік қой. Тапқаныңды ит, балағыңды
бит жеген ол күндер де өтті, бірақ тұралатып
кетті. Қызыл саясат не істемеді, салды ғой
сойқанды. Тұнығымды лай, адалымызды арам
етті. Ит құтырып, иесін қапты. Мың асқанға бір
тосқан. Құдайға тəуба, енді одан да құтылдық.
Ал, бүгін бəріміздің сол қызыл үйдің қасынан
бөлініп, өз алдына отау тіккен қазақы қара
шаңырақтың қамы үшін неден де болса тар-
тынбай, толассыз қимыл жасағанымыз жөн.
Бастықсың ба, бағытыңды түзе, сөзіңді жөндеп
айт. Қойшысың ба, малыңды баққаныңды біл.
Мұғалімсің бе, баланы түзеп оқыт. Əркім,
əліңді, жөніңді біл. Ел болам десең есіңді
жи, етегіңді жап. Бидай мен арпа, – деді енді
қызынып, қолын сермей сөйлеп, – атамыздан
қалған ас. Ал көкеністі неге өсірмеске, өсіреміз.
О, бабын тапқанда қандай. Осы сөз жөн болар,
– деп аз кідіріс жасады.
Манадан бері сілтідей тынған зал іші көп
үнмен даурыға түсті.
– Дұрыс айтады.
– Мақаңдікі жөн.
– Мақаң шындаса тасқа тары егеді.
– Майқан бір қозғалмасын де, қозғалды
бар да, қияң қауынға, далаң дарбызға толды
дей бер.
– Несі бар, – деді əбден еліріп, қызынып
алған қарт кеудені өрге айдап. Сендерге керегі
қауын ғой. Ендеше мен соны өсірем. Мына
шаш неге ағарды, біз нені көрмедік. Кешегі күні
арқа етіміз арша, борбай етіміз борша болып,
еңбек еттік. Кім үшін еңбек еттік?! Төсімізге
қадалған қызылды-жасылды жылтырауық
темір бұл күндері бауырын жаңа көтерген
баланың алданышы, ойыншығына айналды.
Ал, бүгін ше? Жаңа ғана айттым ғой тартына-
тын не бар. Мүмкіндіктің бəрін, жанымыздың
нəрін жаңа үкіметіміздің, өз мемлекетіміздің
өзегіне құяйық. Қауын мəселесіне келсек, оны
мен тап биыл өсірем.
Зал іші тағы дуылдай түсті.
– Мақаңдікі табылған сөз.
– Дəл айтты сабазың.
– Енді қайтсін, бүкіл мемлекет тағдыры,
ертеңіміз тек қана қазакеңнің өз қолына көшкен
соң кəрі пышақ ұялғанынан өтеді деп, қайығын
өрге айдағаны ғой.
– Бəрекелді, болсаң осындай бол!
–
Бастық
қолын
көтеріп,
елді
тыныштырған сəтте, Майқан қарт даусы қайта
естілген.
– Жолдас бастық, – деді енді төрағаның
өзіне тура бағыттай сөйлеп, – сен, қарағым,
маған бір жəрдем ет. Мен айтқан жерді трактор-
мен жыртып, дайындап бер. Мен қауын өсірем.
Бастық ақсиып күлген қалпы əуелі
төралқы мүшелеріне, одан соң Майқан қартқа
қарап:
– Бұл, – деді екі алақанын жайып,
шарасыздық белгісін танытқандай, қысыла
сөйлеп, – алдағы жылдың жұмысы. Оған көп
дүние қажет. Əуелі жылдық жоспарын жасау
керек. Одан қаражат бөліп дегендей... ой, əуресі
жетеді.
– Маған сол əуре дегенің түкке тұрмайды,
– деді əлденеге өкпелі сыңай танытқан
қарт қитыға сөйлеп, – Əншейін сөз ретімен
айтқаным ғой... Енді сенің керегің шамалы.
Өзім-ақ тындырам сол істі. Жалғыз емеспін.
Елім бар, жұртым бар, қарап тұрмас бəрі де...
Дəнеш АХМЕТҰЛЫ. «Қауыншы»
38
Қарт сөзі осымен бітті де, қошаметші топ
алдында жүзі жайнап, жайнаң қаққан күйі ор-
нына барып отырды.
Жиналыс күн тəртібі бойынша келесі
мəселені шешуге ауысып еді...
***
Міне, хикая осылай басталды. Қарт сол
күннен бастап, өрекпіген ой жетегіне ілесті де,
іске кірісті. Өзге дүниенің бəрін тəрік қылып,
ұрма тұстан киліккен жаңа мехнатқа шұғыл бет
бұрған. Ауданға барып, бума-бума қауынның
ұрығын əкелді. Тұп-тура өз ақшасына сатып
алды. Əйелі Зибаш а дегенде күлді. «Жай
қысыр əңгіме шығар. Желпінетіндей жас емес
қой, қояр» деді. Тіпті болмаған соң ақылын
айтты. Ойы – əйтеуірі сипай қамшылай келіп,
жұқалап райынан қайтару еді. Бірақ қырсық
қылғанда шал алған бетінен қайтар хал таныт-
пады. Қайта қас қылғандай ерегісіп, жұмысқа
құмыға, құмбыл кірісті.
Сонымен көңіл жықпас жайдары əйел
сөзі жайына қалып, Мақаң тосын тірлікке қызу
араласты.
Екі күннен соң қой бағатын баласының
үйіне аптасына, айына бір барып тұратын тор
шолағына ер салып, əуелі ауыл маңын шо-
лып шықты. Қауын егуге ыңғайлы, шұрайт,
қара шыбыр жер іздеді. «Қауындықтың
ауылға жақын болғаны да жөн. Ертелі-кеш
келіп, кетіп тұрғанға жақсы» деп ой қорытты
да, артынан бұл бағыттан тез тайқып, айнып
шықты». Жоқ, ол оңды байлам емес, – деді
енді өзгеше қорытып, – Қауын – көздің құрты.
Ол нəлет соққыр піскенше бүп-бүтін болып,
мөлдіреп тұрады да, қалай жеуге келді бітті
талапайға түседі. Сұраушы да көбейеді, келуші
де жиілейді. Оның үстіне түнгі күзет дегені
тағы бар. Құрысын, қай баланы қуалап, кімнің
жағасына жармасып жатайын. Онан да алыстау
кеткенім лəзім».
Осындай тоқтамға келген қарт енді ат
басын алысқа бұрып еді. Ауылдан ұзаған бет-
те Сасықбұлаққа келіп тірелді. Осы араға кел-
генде шал көкірегінде қаттаулы тұрған өткен
күндер парағы ашылғандай болып, кешегі кел-
меске кеткен махаббат, қызығы мол жылдар жа-
нарында жарқ етіп, қайта жаңғырыққандай еді.
Талай да талай жүріп, табан тоздырған жері.
Ол кезде бұл бұлақ суы кəдімгідей
ауқымды, мол еді. Екі жағы тар, қасаң, тастау-
ыт сайды нəзік күнге бөлеп, сыңғырлап толқып
ағатын. Енді ондай емес. Жағалауын қызыл құм
басыпты да, жеңді білектей болып, жетімсіреп
тіл қатады.
Шал аттан түсті. Асықпай қолын жуды.
Жүзін шайды.Су ішті. Бұлақ суы мұздай екен.
Сұп-суық су тас төбесінен бір-ақ шықты.
Тор шолағын аздап оттатып алып, қайта ерге
қонды. Келесі иінді айналғаны сол еді, шығыс
жақ тұстан биік жартас андағайлап қоя берді.
Қарт ат тізгінін іркіп, жартас нобайына көз
тікті. Не айтары бар, соңғы кезде əбден үй
күшік болып, там сағалаған қарт ауыл сыр-
тын кəп-кəдімгідей сағынып та қалғаны рас
еді. Жартас баурайы шұп-шұбар. Майқан қарт
жартас бетінен құс саңғырығымен жазылған
əлдебір сағыныш сəлемін, қайта оралмас ма-
хаббат құпиясын оқығандай сəл іркіліп, бөгеліп
тұрып қалып еді. Сонау бір жылдары күзге са-
лым қырманнан қайтқанда осы араға болашақ
жары Зибаш екеуі табан тіреген. Екеуі де жап-
жас. Үйленбеген кездері. Бұлар мінген арбаға
жолшыбай жас балалы əйел отырып, екеуі ең
соңында оңаша, оқшау қалып еді. Сол шақта
осы жар тас түбінде отырып, ұзақ сырласқан.
Сол шақта жаңағы бұлақтың тұнығын тамсап
жұтып, жағасында іңкəр жүректің ыстық лебін
басқан...
Бəрі де сол шақтан басталып еді. Құдайға
тəуба, əлі жұптары жазылған жоқ. Ел қатарлы
күнелтіп, тірлік етіп келеді...
Майқан қарт екі-үш қыр асқанда алды-
нан ауылдастары да қара көрсетті.
* «Үркер»* №10* 2016
39
Амандықтан кейінгі əңгіме тым қысқа,
шолақ еді.
– Оу, қария, мал іздеп жүрсіз бе, – дейді
ауылдасы.
– Е, жоқ, шырағым, – дейді өз ойын ашық
айтып, – жер іздеп жүрмін.
Анау тосырқай қарап, қайыра сұрақ
қойды.
– Қария, қандай жер іздеп жүрсіз?
Шал асықпай тіл қатады.
– Қауын егетін жер іздеп жүрмін.
– Ондай жер табыла қояр ма екен.
– Е, неге табылмасын, жер көп қой.
– Оныңыз рас қой, алайда осы маңға
қауын екті дегенді тегі естімеппін.
– Естімесең естіп қой. Мен биыл қауын
егемін.
– Піскенде шақырасыз ғой.
– Е, оны кезінде көрерміз.
- Бар, жолыңнан қалма.
Ауылдасы күле бас изеп, тайып тұрған.
Қарт көп жерді шолды. Алайда бірде-
бірі көңіліне ұнамаған. Бірі құнарсыз, бірі
тым қашық, енді біреуіне су апару зады қиын.
Ақыры сабылып жүріп ат басын тіреген тұсы
осы, ортасынан мөлдіреп су ағатын, екі жақ
қапталы жазықтау біткен құйқалы сай іші еді.
Сайдың ар жақ тұсы жарлауыт,
құлама болып келгенімен, бергі жақ өңірі
кең алаңқайланып, жазыла біткен. Жазық
аумақтың көлемі жарты шақырымдай еді.
Одан ары, төменгі тұсы сиырқұйымшақталып,
жіңішкеріп, жоғалады да, терең сайға
ұштасады.
Ертеде осы араны бəзбіреулердің иеленіп,
жер жыртып, егістік еккені анық. Өйткені, осы
құнарлы, ашық алқаптың желке тұсында шағын
тұмсықтың үстін кертіп, ноқталап түскен көне
арықтың сұлбасы бар. Негізгі қиындық та осы
тұсқа бекінгендей еді. Сол көне сұлбаны ар-
шып, тазалап, қалыпқа келтірсе болды, жалғыз
құлақ су жетегінде желіп отырмақ. Əйтсе де осы
жазықтың орнына біткен бұл мұрыншақтағы
тоғанды аршу, жаңарту оңайға түспейтін
сыңайлы. Жылдар бойы адам қолы тимей
əбден жонданып, тусып кеткен шағын айнал-
ма қарымды да, əулетті қолды қажетсінгендей
еді. Тұмсықтың дəл ортасында су алып кеткен
терең ойық бар. Майқан қарт өзін қинаған осы
терең оппамен ұзақ алысты. Ақыры тұтас шым
мен тасты қабаттап, белуардан дерлік ойықты
толтырып, тегістеп те бітіп еді.
Діттеген ісі де өзі ойлағандай болып,
сəтті аяқталып еді.
Сай табанындағы арнадан бұрған су іскер
қартқа ризашылығын айтқандай болып, сылқ-
сылқ күліп, сылдырай ағып, қауындық тана-
бына қарай шапқылады. Содан соң ақбаздағы
көк түтіні көкке шұбатылған тракторшылар
қосына жөнелді
Арада аз күн өткенде əңгелектің жас
өндірі де қылтиып шыға бастады. Қара
құйқалы, сұрғылт алқап көз алдында пішінін
ауыстырып, күлгін пүліш кигендей жасаңғырай
түскен. Майқан қарт болса өзіне ғана мəлім
ішкі құпия қуаныштың əсерінен желпінгендей,
аса риза халде еді.
Ел іші тыныш жатсын ба,əр қилы əңгіме
қылаң берді.
- Майқан емес, сойқан екен. Жылыөзекті
төңкеріп тастапты.
-Ой, несін сұрайсың, жаңа бастықпен
ауыз жаласыпты, теңгеге белшесінен батып,
жарқыратып «Жигули» алатын болыпты.
-Жоқ, олай емес шал қауынын өкіметке
құяды екен» деп алуан түрлі əңгімені гу-гу
еткізді. Əйтсе де, бұл сөзге құлақ асқан Майқан
қарт болмады. Жұмыс жалғаса түскен.
Бірде түс əлетінде қауындық алқабына
ауылдың төрағасы Жарас келді.
Өзі бүгін біртүрлі көңілді, сергек екен.
Жеңіл машинасыншан лып етіп түсті де, тура
қауындық алқабына бет түзеді. Анадай жерде
Дəнеш АХМЕТҰЛЫ. «Қауыншы»
40
жарбиып тұрған жаман лашықты, одан берірек
қара көк реуішті қауындық ішінде күйбеңдеп
жүрген бағбан қартты көріп аққұба пішіні
алаулай түсіп, қысқа, қою қара мұрты əнтек
қозғалақтап күліп қойды. «Бəрекелді, – деді,
ішкі қуанышын жасыра алмай, – нағыз əулие
қарт екенсіз. Ғұмыры қауын егіп көрмеген,
түйенің терісіндей тусыраған жерді жайнатып
жібергенін қарашы. Мінекей, жер иесі, ел иесі
дерлік үлкен адам болса, осындай болуы ке-
рек».
Жарас жүрісін тездетіп, қауындық
алқабын жиектеп, шалға жетуге асықты. Жан-
жағына жіті көз жіберіп зерттегендей, ойлы
пішінде қадалып, қарап қояды. Бұрын кенезесі
кеуіп жатқан елсіз өңір осы атыраптың
бейішіне айналғандай боп, толқып, баяу
тербеледі.
Шал мен бастық ескі таныстардай құрақ
ұшып, шұрқырай амандасты. Жарас қарияның
мүйізденген, айғыз-айғыз боп жарылған
қатқыл қолын ұзақ сілікті.
– Жарайсың, кəрия. Енді міне бəрі де
өзгеретін болады.
– Не өзгеруі тиіс, – деді шал.
– Біріншіден, мына жердің аты өзгереді,
– деді бастық. – Бұл ара енді бұдан бы-
лай «Майқанның сайы» яки «Майқанның
қауындығы» деп аталатын болады.
– Əй, қойшы, қарағым,елден ұят болар.
– Екіншіден, – деді бастық енді салқын,
сенімді түрде, – бұл ара басыбайлы жəне сіздің
мəңгілік мұраңыз боп қалады. Жекешелендіру
талабы сол.
– Рахмет балам, өркенің өссін.
– Өзіңіз де, қария, бар болыңыз.
– Жарас, – деді қария жалт еткен бір
жылы шыраймен. Өңінде аздап абыржу да,
толқу да бар.
– Иə, сөз сізде. Мақа, айта беріңіз, – деді
бастық пейілдене қарап.
Шал сезімді қоңыр үнмен сөйлей жөнелді:
– Осы танаптағы барлық қауын, – деді
қолын сермеп, – түп-тірегімен өкіметтікі. Са-
тып ақша істетесіңдер ме, жоқ елге тегін тара-
тып бересіңдер ме, ерік өзіңде қарағым. Бұны
мен тəуелсіз қазақ еліне қосқан бір мысқалдай
үлесім деп білем. Əркімнің де Тəуелсіздіктің
25 жылдығына өз тартуы бар шығар. Мұндай
алқалы, торқалы тойды құрықол, несібесіз
қарсы ала қоймас. Ал, менің тартуым осы.
Кейбіреулер: «Майқан қауын сатып, теңгеге
қарық болатын бопты» деп, гулесіп жүр дейді.
Құрып кетсін сөздері.
– Е, қария, ел не демейді, есек не жемейді.
Үйренген ауыз сүйреңдеуін қойсын ба.
– Ə, міне, осың жөн сөз, қарағым. Бұл
əлі үлкен жұмыстың басы, – деді қария ағынан
жарылып, – Қуырдақтың үлкені келер жылы
болмақ. Алқалы топтың алдында менің мынау
ісімді айт, Майқан жас кезінде талай бəйгені
алып еді, қартайғанда тағы бір жарқ етті де.
Мынау қауындық алаңы үлкен меженің бета-
шары ғана, толағай табыс кейін екенін ескерт.
Майқанның қолынан əлі талай- талай игіліктер
келеді де.Жөн бе осым?!
– Жөн, жөн.
Шал өз сөзінде тұрды. Жарықтық жер
еңбекқор қолдың ақысын жемеді. Өз əлеті жет-
кенде алабажақтанып, сарғайыңқы тартқан та-
напта шəугімдей сары ала қауын бұта түсіне
ықтаған малдың ұсақ төліндей боп, топырлап
жатты. Келесі сəтте Жылыөзекке өсірілген
қауын трактор қорапшасына мінгесіп, ауылға,
тиісті орынға жөнелтілді. Шал қауынын күллі
ел мақтады. «Қауын деп осыны айт. Мұндай
тəтті қауынды өмірі жеп көргеніміз жоқ!» деп
тамсанды. Адам қартайған сайын ненің бол-
са да бағасы артып, не зат болса да қымбат
көрінбеуші ме еді. Кім білсін, Майқан қарттың
шау тартып, шал болған кезінде өсірген қауыны
тəтті болса, тəтті шығар...
*«Үркер»*№10* 2016
41
Айтарым бар...
КЕЗДЕСУГЕ
КЕТІП
БАРАМЫН
Біреуді іздеп жүрмін. Əйтеуір бір нəрсені
іздеп алабұртып тұрамын. Алпыс екі тамыр
дүрсілдеп, тыншымайды. Бұл не? Бұл – өзіме ең
қажетті нəрсе. Өзгелерде бар, өзімде жоқ нəрсе.
Сол қасиет өзімде де болса ғой деп, таңғалып,
тамсанамын. Басқаларда бар нəрсенің өзімде жоқ
екенін айтып таңғалу да мынадай үйлі-жайлы
болған заманда жігіт басыма жараспайды.
Айту – парыз. Айдарды да сол үшін ашып
отырмыз. Маркес, Достаевский, Айтматов есімін
білмейтін адам жоқ. «Үркер» де осындай та-
ланттарды іздейді. «Үркер-үміт» бəйгесі де шарқ
ұрып, алабұртып жүргенін біреу білсе, біреу
білмейді. Əрине, еңбекте Ыбырай мен Жазылбек
керек. Қанша темірге табынғанмен қол күшінен
қашып құтыла алмайтынын білген жапондар да
бір-біріне жалтақтап қарайтын боп жүр. Күріш
– басқаға бағынбайтын дақыл. Онда жүректің
нəзіктігі жатыр. Балалар белуарға дейін су кешіп
отайтын «күріш отақтың» өзіндік тəжірибесі бар.
Оған ай мүйізді имек орақ керек, ерекше бап ке-
рек. Сыр бойы соған қайта көшіп жатыр. Адамзат
қара топырақ пен қайың сапты кетпеннен қашып
құтыла алмасына көзі жетті. Комбайн емес, имек
орақ күріштің алдында иіліп сəлем салған ізетшіл
келіндей боп тұр.
Қазақтың баласы үшін өрісте қозының
маңырағанын көру қандай бақыт. Орыстар «ба-
ран» деп тегіннен-тегін айтпайды. Бұл – кемсіту
емес, бір жағынан біздің ұлттық мəртебемізді
биікке көтеру сияқты. Əлгі...ұш қаламгердің не
істеп, не қойғанын айтсақ... Маркес азғындау
қаупін, Достаевский фашизм құбылысын, Айтма-
тов мəңгүрттікті жазып, жеріне жеткізді. Маркес
100 еркекті бір күнде өзіне тартқан əйелді сурет-
тей берсін («Сто лет одиночество»), Достаевский
де қояншығы ұстап («Дворянское гнездо»), анда-
санда жұртты жалт қаратып жата берсін, Айтма-
тов ХХ ғасыр ойраны – мəңгүрттіктің құпиясын
алақанға сап ашып берсін («Ғасырдан да ұзақ
күн»), бірақ бəрібір өзіміздің ұлттық құндылықты
айтпай тұра алмаймыз. Оның уақыты келді.
Ол не?
Ол – тіліміз.
Қара қой осының арқасында маңырап,
қара кетпен осының арқасында шабылып жатқан
жоқ па?! Тіл болмаса сол екеуінің керегі де жоқ.
Ұлттық университеттерде, ұлт атын жамылған
ардақты орындарда осыны айтайық. Кейде
жүрегім шаншиды. Аракідік «Қазақ тілінің сой-
ылын Шаханов соғады, айлығын Айтбаев ала-
ды» деген сөзді естігенде жаның түршігеді. Неге
бізде өзбектегідей ауызбірлік жоқ. Азғантай
қырғыз ағайын да тіл десе жанын суырып
береді. Алматыдағы Абайдың алып тұлғасының
қасында итпен қыдырып жүрген өзге ұлттың
өкіліне ештеңе деуге болмайды екен. Бұл –
интернационализмнің жарқын көрінісі. Орыс
білгенін істейді, оған қарсы сөз айтқан қазақ сот-
талады. Осы да тəуелсіздік пе?! Бізде бір нəрсе
жетпей жатыр.
Айтарымды айтамын.
Сөзіме құлақ түрер біреу болса...
Кездесуге кетіп барамын.
Достарыңызбен бөлісу: |