Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7923
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Арман Қырықбаев

Бектұр Төлеуғалиев

Динар Нөкетаева

Мереке Құлкенов

 Нұрлан Оразалин

Өмірəлі Қопабаев

Сағатбек Медеубекұлы



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№10 (98)

2016


1989  жылдың  күзінде 

мемлекеттік  тіл  ретінде  өз 

мəртебесін  алғанда  халқымыз 

бөркін аспанға атып, мəре-сəре 

болып қуанғаны рас. Содан бері 

де 27 жыл  уақыт  зымырап  өте 

шығыпты. 

«Тіл – ақылдың  өлшемі, 

Ойтолєаќ

Мемлекеттік тілдің 

көсегесі қашан 

көгереді?

Нұрлан ҚҰМАР, 

журналист



Елбасымыз 

Н.Ə.Назарбаев 

«Қазақстан-2050: 

қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты 

халыққа  жолдауында  «Біз  ел  иесі  ретінде  биік  бола 

білсек,  өзгелерге  сыйлы  боламыз»  дей  келе: «Қазақ 

тілі – біздің  рухани  негізіміз.  Біздің  міндетіміз – оны 

барлық  салада  белсенді  пайдалана  отырып  дамыту. 

Біз ұрпақтарымызға  бабаларымыздың сан буынының 

тəжірибесінен  өтіп,  біздің  де  үйлесімді  үлесімізбен 

толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. 

Бұл – өзін  қадірлейтін  əрбір  адам  дербес  шешуге  тиіс 

міндет...»  деген  болатын.  Алайда  ана  тіліміздің  аясы 

кеңіп, құлашын кең жаюға кедергілердің бола беретіні 

əрбір қазақ азаматының жанын ауыртатыны жасырын 

емес.

2

ұлттың  жаны»  деген  қағидалы  сөзге 

сүйенсек,  бүгінгі  таңда  мемлекеттік  тіл 

мəселесінің  жағдайы  көңіл  көншітпейді. 

Қазіргі  жастардың  қазақ  тілінде  сөйлеуден 

ұялатыны  байқалады.  Ал,  көшеде  кетіп 

бара  жатқандардың  көпшілігі  орыс  тілінде 

шүйіркелесіп бара жатқанын жиі байқаймыз. 

Жастар – ел  ертеңі  десек,  өзге  тілде  сөйлеп 

жүрген  қандастарымыз  болашақта  еліміздің 

дамуына  қандай  үлес  қосады  деп  осындайда 

ойға қаласың. Себебі, адам қай тілде сөйлесе 

сол  ұлттың  менталитетін,  салт-дəстүрін,  та-

нымын өзінің бойына сіңіріп алатыны анық.

Бұдан  басқа  елімізде  жоғары  дəрежелі 

лауазымды 

қызметте 

жүрген 


қазақ 

азаматтарының  басым  көпшілігі – орыс 

мектептерінің  түлектері.  Бұрынғы  Кеңес 

Одағы заманында орыс тілі қандай маңызды 

тіл    болғанын    бəріміз  білеміз.  Орысша 

білмеген  адам  ол  кезде  жұмысқа  орнала-

са  алмайтын.  Тіпті  кез  келген  қоғамдық 

орында  жұрттың  күлкісіне  қалмау  үшін 

қандастарымыз қазақша сөйлеуге қысылатын. 

Егер  орысша  дұрыс  сөйлемесең  «говори  на 

человеческом  языке»  деген  өктем  дауысты 

айналадан еститінің анық. 

Тəуелсіздік  алғаннан  кейін  еліміздің 

терезесі  басқа  елдерге  де  ашылды,  түрлі 

шетелдік 

компаниялар 

көбейді. 

Олар 


өздерімен  бірге  мəдениетін  де,  салт-дəстүрін 

де ала келді. Ағылшын тілі дүниежүзіне ортақ 

тіл  екенін  айғақтаудың  нəтижесінде  қазақ 

тілі артқа шегініп, қазан ошақтың төңірегінде 

ғана  қалып  қоя  жаздады.  Əрине,  үкіметіміз 

қазақ тілін дамыту мақсатында көптеген ша-

ралар  жүргізуде.  Өзге  ұлт  өкілдерімен  қатар 

өзіміздің  қаракөздеріміз  де  тіл  сындырды. 

Бірақ,  өкінішке  орай  күткен  нəтиже  жоқ. 

Ұлт  зиялылары,  билік  басындағылар,  шен-

шекпенділер  қазақ  тілін  біліп  қана  қоймай, 

сол тілде ойлайтын, сол тілде мұң кешіп, сол 

тілде қуанатын болып, осы тілде адами бол-

мысы сомдалғанда ғана қазақ тілінің көсегесі 

көгеріп,  өсіп-өркендейтіні  анық.  Ал  қазіргі 

жағдайда қазақ тілін білуді міндеттеген нақты 

талап болғанымен, тіліміздің қолданылу аясы 

кеңеймей тұр. Мəселе осында. 

Сондықтан болар қазіргі жастар өз ана 

тілін  бұрынғыдан  да  менсінбейтін  дəрежеге 

жетті.  Жас  буын  өкілдеріне  ең  керегі  тек 

ағылшын тілі. 

Таяуда автобуспен вокзал жаққа баруға 

тура  келді.  Көлікке  мінген  бойда  əр  тұстан 

телефон үні естіле бастады. Бір байқағаным, 

өз  мəселесін  егжей-тегжейлі  баяндаған  бір 

келіншек бес минуттың ішінде он екі рет «ко-

нечно» сөзін қолданды. Кейбіреулерге «давай-

давай», «ладно», «пока» сөздерін айту дағды 

болып кеткендей. Бір көлікте келе жатқан соң 

олардың əңгімесі естіліп жатады. – «Кассада 

күт, келеатырым…»,-дейді шұрайлы тілімізді 

бұрмалап сөйлеген келіншек еш қысылмастан. 

Расында да ұялы телефонмен сөйлесетін 

кейбір  жастар  «келеатырм», «бараатырм», 

«отыратырм», «көратырм»  деген  секілді 

сөйлемдермен  ойларын  жеткізіп  жатады. 

Сондай-ақ,  сұраулы  сөйлемдерге  «бе», «ба», 

«па», «пе»  демеулік  жалғау  жалғамастан 

«Келесін, кездесеміз, барасың?» деп шұрайлы 

тіліміздің  шырқын  бұзып,  орашолақ  сөйлей 

салады.  Бірде  таныс  бір  інішектің  ұялы  те-

лефонына  үңілгенімде  жазғандары  емле 

қателерге 

тұнып 

тұрғанын 



байқадым. 

Мəнісін  сұрағанымда,  – Телефонымда 

қазақша  əріптер  жоқ,  бəрі  «орысша  немесе 

ағылшыншаға  негізделген  ғой,-деген  жауап 

алдым.

Қазақ  тілі  көркем,  бай,  күрделі  тіл 



екеніне  күмəніміз  жоқ.  Алайда  бір  əріптен 

қате  кетсе  сөздің  мағынасы  өзгеріп  шыға 

келетінін ескергеніміз жөн екенін түсіндірдім. 

 

Бұдан 



басқа 

қазақ 


тілінде 

 *«Үркер»*№102016

3

сөйлейтіндердің 

өзі 

орыс 


тіліндегі 

жалғауларды  жиі  қолданады.  Мəселен, 

көптеген  қандастарымыздың: «Бұл  Абая 

ма,  Розыбакиева  көшесі  қайда,  Джандосова 

алыс  па,  Сатпаеваға  қалай  барамын?»  деген 

сөздерін жиі естуге болады. Ал осы көшелерді 

неге  Абай,  Розыбакиев,  Жандосов,  Сəтпаев 

демеске?! Бұдан басқа көше аттарын бұрынғы 

атаумен сұрайтындар да аз емес. 

Осы кезге дейін қала көліктеріндегі кон-

дукторлар  дұрыс  сөйлеу  дағдыларын  бұзып 

келді. «Байтұрсыновадан  түсеміз», «Абаяға 

келдік», «Сатпаевадан  шығамыз?», «Келесі 

аялдама – Жарокова, т.б. осылай дейтіндер зи-

ялы  қауымның,  ақын-жазушылардың  толық 

аты-жөнін білмейтінге ұқсайды.   

Бір  аңғарғанымыз,  неге  екенін  қайдам, 

мемлекеттік  тілді  бір  кісідей  білетіндердің 

өзі  ана  тілінде  сөйлеуге  арланатын  секілді. 

Сұрақ қойсаң, орысша сайрай жөнеледі.

Осыған 

байланысты 



елімізде 

мемлекеттік  тілге  қатысты  көптеген  ұсыныс 

енгізуге  болар  еді.  Біріншіден,  таза  қазақша 

оқытатын  мұғалім  кадрларды  дайындау 

керек  болып  отыр.  Балабақшадан,  мектеп 

қабырғасынан  бастап  сөйлеу  қабілетіне  көп 

көңіл  бөлуі  қажет.  Қазіргі  кезде  қанша  жер-

ден  «Қазақша  білемін»  деп  тұрса  да  емін-

еркін көсіліп сөйлеуге келгенде тілі күрмеліп 

қиналатын адамдардың саны аз емес. Ол мына-

дай формада көрініс береді: ой тиянақсыздығы, 

тұтығу, ыңқылдау, кібіртектеу, орфоэпиялық 

қателер  жіберу,  орысша  акцентпен  сөйлеу, 

қыстырма сөздерді орысша қолдану, қазақша-

орысша  араластырып  қойыртпақтап  сөйлеу. 

Мемлекеттік тілде сөйлеп жатқан кезде ресми 

тілді  де  қатар  қолданатындар  да  баршылық. 

Сондықтан  мектепте  тек  қазақша  оқытумен 

қатар,  үзіліс  уақытында  оқушылардың  ана 

тілімізде ғана сөйлеуін де қадағалау артықтық 

етпейді. Екіншіден, елімізде өзге ұлт өкілдері 

арасында  мемлекеттік  тілде  байқауларды 

ұйымдастырудың  түк  те  қажеті  жоқ.  Бұл 

байқаулар  көп  жағдайда  көзбояушылыққа 

айналып бара жатқаны жасырын емес. Осын-

дайда өзге ұлт өкілдері 5-6 қазақ сөзін неме-

се 1 өлең, тақпақ жаттап алып өзін көрсетуге 

бейім.  Ал  аз  ғана  сөздік  қоры  бар  өзге  ұлт 

өкілдерін төрге шығаратынымызға не дерсіз?! 

Ал  осының  орнына  қазақша  оқытатын 

курстардың жұмысын неге жолға қоймасқа?! 

Бір  ғана  мысалға  келсек,  қазақ  тіліне  ұқсас 

деп  аталатын  түрік  тіліндегі  оқу  курстары 

жолға  қойылған.  Мысалы,  Түркияда  жер-

жерден  тегін  не  арзан  курстар  ашып,  түрік 

тілінің  əлемдік  тілдер  қатарынан  орын  алу-

ына жұмыс істеп жатыр. Бəрі де мемлекеттік 

жүйеге байланысты болып келетіні жасырын 

емес. Мəселен, жұмысқа тек мемлекеттік тілді 

еркін меңгергендер алынады делінсе, жағдай 

жақсарар ма еді?! 

Еліміз  тəуелсіздік  алғаннан  кейін 

елімізде  түрлі    тілде    оқытатын    курстар 

ашылды. Бұрынғы Кеңес одағы кезінде бізге 

таңсық  болып  келген  испан,  қытай  тілінде 

оқытатан  орталықтар  көбейіп  кеткенін 

көргенде  таңғалмасқа  шара  қалмады.  Со-

нымен  тіл  оқытатын  курстар  көбейген  соң, 

жастардың шетел тілін оқуға деген құмарлығы 

да  артуда.  Əсіресе,  бірінші  кезекте  мектеп 

қабырғасында оқып жүрген жасөспірімдердің 

ағылшын  тіліне  деген  ынтасы  күннен-күнге 

артып  келеді.  Бұған  сай  кез  келген  жер-

де  халықаралық  тілде  оқытатын  мекеме-

лер  алдыңыздан  шығады.  Оқу  курсының 

бағасы  да  əртүрлі.  Тіпті  қымбат  болғанына 

қарамастан оқып жүрген қандастарымыздың 

көп  екенін  байқауға  болады.  Ал  жаппай 

ағылшын  тілін  игеруге  құлшынып  жүрген 

жастардың  көксегені  белгілі.  Тіл  оқыту 

орталықтарында азаматтардың ағылшын тілі 

курсына сұранысы өте жоғары. Қазіргі таңда 



Нұрлан ҚҰМАР. «Мемлекеттік тілдің көсегесі қашан көгереді?»

4

 *«Үркер»*№102016

мемлекеттік  тіл  оқыту  орталықтарының 

өзінде  кем  дегенде 30 мыңға  жуық  адам 

ағылшын курсынан өтуде. 

603  миллион 163 мың  адамның 

күнделікті тіліне, ал бүкіл əлемде 1 миллиард 

500  миллионнан  астам  адамның  аздап  хаба-

ры бар тіліне айналған ағылшын тілі күннен-

күнге  қанат  жаюда.  Тек  ағылшынша  сайра-

сам  болды,  болашақта  шетелдік  жоғары  оқу 

орындарында  немесе  фирмада  жұмыс  істеп, 

нанымды тауып жесем болды деген ой берік 

қалыптастырған  жастардың  мемлекеттік  ор-

гандарда  жұмыс  істеуге,  еліміздің  көркеюіне 

деген  ынтасы  төмен. «Ағылшын  тілінде 

кез  келген  ұлт  өкілі  сөйлейді», «егер  бұл 

тілді  білсем  жалақысы  көп  жұмысқа  орна-

ласу  мүмкіндігі  жоғары  болады»  деген  пікір 

үстемдік етуде. 

Қашан  ғана  туған  тіліміз  ұлтаралық 

қатынас  жəне  ресми  түрде  іскерлік  тілге  ай-

налар екен? 

Қашан ғана кез келген мəдени, қоғамдық 

орындарда  өз-өзімізді  құрметтеуді  үйренер 

екенбіз?

Қашан 


ғана 

ата-əжелер 

ойын 

алаңдарында  немере-жиендеріне  жаппай 



қазақша сөйлер екен? 

Мəселен,  Ұлыбританияда  мемлекеттік 

қызметкерлерге  ағылшын  тілінде  ғана 

сөйлеуді  міндеттейтін  талап  қойылады. 

Бұндай күн менің халқымның басына қашан 

келер екен? Ия, көкейде сұрақ көп. 

Əлемде  кең  таралған  тілдердің  бірі  бо-

лып  саналатын,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 

6  тілінің  біріне  жататын,  аудиториясы 300 

миллион  адамға  жуықтайтын  орыс  тіліне 

деген сұраныс əлі де аз емес. Бір қызығы, ау-

диториясы 300 миллионнан  да  аз,  француз, 

кəріс, жапон, түрік, португал тілдеріне деген 

қызығушылық  артуда.  Əлемде  кең  таралған 

тілдердің  бірі  болып  саналатын,  Еуропа,  Ла-

тын Америкасында өте кең таралған, БҰҰ-на 

кіретін, аудиториясы кем дегенде 427 милли-

онды құрайтын испан тілін оқытатын арнайы 

курстар  бір  кезде  өте  аз  болатын.  Ал  қазір 

елімізде  бұл  тілді  білсем  дегендердің  саны 

көбеюде.  Тіпті,  статистикалық  мəліметке 

сүйенсек,  елімізде 20 мың  адам  испан  тілін 

еркін меңгерген екен. 

Статистикалық  мəліметке  сүйенсек, 

дүниежүзіндегі 12 миллион 753 мың адамның 

ана тіліне айналған қазақ тілінің жағдайы мəз 

емес. Түркі халықтарының ішінде түрікше 71 

миллион, əзірбайжанша 33 миллион, өзбекше 

28 миллион адам еркін сөйлейді. Бұдан басқа 

бұл ұлттарда біздегідей тіл мəселесі жоқ. Бəрі 

де  рет-ретімен  шешіліп  қойған.  Ал  халқы 1 

миллиард 300 миллионнан асып жығылатын 

Үндістан  халқының  негізгісі  болып  санала-

тын  хинди  тілінде  небəрі 290 миллион  адам 

сөйлейді.  Бұл  елдің  құрамында  болып  өз 

ана  тілін  сақтаған  ұлттарды  көруге  болады. 

Статистикаға  сүйенсек,  Үндістандағы  телу-

гуше 74 миллион 200 мың, маратхише 71 мил-

лион 800 мың, тамильше 67 миллион 800мың, 

урдуша 60 миллион 290 мың, панджабише 57 

миллион, гуджаратша 46 миллион, каннадаша 

35  миллион,  орияша 33 миллион  адам  еркін 

сөйлейді  екен.  Əлі  де  тəуелсіздігін  алмаған 

бұл  халықтардың  тілдік  аудиториясы  біздің 

мемлекеттік тілімізден бірнеше есе көп екенін 

байқауға болады. 

Елімізде  ересек  тұрғындардың 70 

пайыздан  сəл  астамы  мемлекеттік  тілді 

біледі  деген  мəлімет  шындыққа  жанаспай-

тын  сияқты.  Қазақ  тілін  білетін  жастардың 

саны  статистикалық  мəліметтерге  қарағанда 

анағұрлым аз болуы мүмкін. 

Ал,  іргелі  ел  боламыз,  елдігімізді 

сақтаймыз  десек, мемлекеттік тілді меңгеріп, 

қолдану аясын кеңейтіп, өркен жаюына əрбір 

ұлтжанды азамат өз үлесін қосқаны абзал. 



5

Проза


Қуат ҚИЫҚБАЙ 

1990  жылы  туған. 1996-2007 

жылдары Семей қаласының №34 орта 

мектебін тəмəмдаған.  2008 жылы Се-

мей  қаласының  жергілікті  телеарна-

сында,  сонымен  қатар  мерзімді  ба-

сылымдарда  еңбек  жолын  бастаған. 

2010-2014  жылдары  Семей  қаласының  Шəкəрім  атындағы 

мемлекеттік университетін бітірген. 2011 жылы жарық көрген 

проза-поэтикалық «Көктемдегі көлеңке» атты кітабының ав-

торы. ХVI Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт 2013» 

фестивалінің  «Үздік  əдеби  шығарма  номинациясы»  бой-

ынша  Гран-при  иегері.  Республикалық  «Аңсар-2014»  проза 

байқауының бас жүлдегері.

ТӘУЕЛСІЗ 

ТОҚАЛ


Сырт  қарағанда  Нұрайымды  қайғы-

мұңсыз  деп  тон  пішуіңіз  мүмкін.  Атасы 

соғыс  ардагері.  Əкесі  бір  кезде  түкірігі  жер-

ге  түспеген,  ақ  дегенін  алғысқа,  қара  дегенін 

қарғысқа  айналдырған  комунистік  партияның 

аудандық  бірінші  хатшысы  болған.  Əйел  заты 

болып  жаралғаннан  бері  тағдырында  түк  те 

қиыншылық  көрмей  бақытты  ғұмыр  кешкен 

адам  дерсіз.  Бұрынғы  қиын-қыстау  күндерде 

елдің қолы жете бермейтін, елдің қыздары ала 

алмаған жоғарғы білім иегері. Сарайдай үйдің 

алтынға  оралған  Һас  ханшайымы.  Екі  бірдей 

қызын  қияға  қондырып,  солардан  өрбіген 

жиендерінің желке шашынан құшырлана иіскеп 

отырған апа. Жасы қырық жетіде. Осыдан жи-

ырма  алты  жыл  бұрын  отасқан  жұбайы  қазір 

депутат.  Жетпейтіні  соның  көңілі.  Сезімі  мен 

сыйластығы  азайып,  суыған.  Көңілі  басқа  бір 

сұлуға  ауыпты-мыс.  Осыны  сезгеннен  бастап, 

сумаңдаған  тілдерден  естігелі  бері  ішіне  қара 



(Əңгіме)

6

 *«Үркер»*№102016

мысық кіріп алып, іші-бауырын түн демей, күн 

демей тырмалайтындай. Күніге үйінде жалғыз, 

алданыш етер дəнеңесі жоқ.

Кейде    қыздарына  қонаққа  барып 

шыққаны  болмаса,  жападан  жалғыз.  Өмір 

бақи шулы ортада тірлік кешіп, елгезектігімен 

елдің  ортасында  етене  жақын  араласқаннан 

ба, бəрінен бір күнде алыстап кету, күзді күнгі 

тобынан  ажырап  қалған  соқыр  тырнаның  кебі 

екен. Ол осындай келеңсіз жəйтті күнде сезеді. 

Таңертең  күйеуін  жұмысқа  шығарып  салған 

соң,  жас  кездеріндегі  фото  суреттерге  көп 

үңілетінді  шығарды.  Естелік  болса  да,  тəттісі 

сол  ғана.  Оңтар  екеуі  бұрын  қалай  жарасу-

шы  еді,  құрдас  жігіттердің  қызығатын,  құрбы 

қыздардың тамсанатын көз құрты еді ғой бұлар. 

Араларын алыстатқан бір-ақ нəрсе, Оңтарға ұл 

тауып  бере  алмады.  Нұрайым  екінші  қызын 

босанғаннан  кейін  он  жыл  аралатып  жүкті 

болған.  Дəрігерлердің  айтысына  қарағанда  ұл 

бала  екен.  Табиғат  аясына  тынығуға  барғанда 

табанынан  сыз  өтіп,  жедел  жəрдеммен 

емханаға  түсті.  Ертесінде  түсік  тастағанын 

естіді.  Дəрігерлер  Нұрайымның  енді  өмірге 

бала  əкеле  алмайтынын  қатаң  ескертті.  Ба-

сында  бəрі  де  жақсы  болған,  Оңтарда  бұның 

жағдайын түсінгендей қамқорситын. «Ұл бала» 

тақырыбында да жұмған аузын ашпайтын.

Бар 


жақсылықтың 

бір-ақ 


күнде 

жаманшылыққа айналуы осыдан екі жыл бұрын 

басталған. Нұрайымның қолынан не келсін ту-

лап-тулап, қыздары бəрі бір жақ болып шулап-

шулап қойды. Ел бар, жұрт бар, Оңтардың халық 

алдындағы  атақ-абыройы  бар  дегендей...  Одан 

ары ешкімде үндей алмаған. «Сызат түсті» де-

ген аты болмаса қазір бөгде біреуге ың-шыңын 

білдірмей  бір  шаңырақтың  астында  бір  отба-

сы  болып  күн  кешіп  жатыр.  Кейде  Нұрайым 

үшін    түгелдей  дерлік  бұрынғыдай  секілді. 

Бірақ  Оңтардың  кей  күндері  жұмыстан  үйге 

кеш оралуы, кей түндері жас тоқалының үйінде 

қона жататыны. Нұрайымның ойларының күл-

паршасын көкке бір-ақ лақтырады.

***


Нұрайымның күйеуі – Оңтар, бағы жанған 

адам.  Бірақ  Оңтардың  жағдайы  Нұрайымға 

қарағанда  шын  мəнісінде  бұрындары  жақсы 

болған  жоқ.  Ол  сияқты  май  шелпектің  ара-

сында  өмірге  келе  салмады.  Əкесі  қырық  жыл 

бойына қара құйрық қойдың артынан құрығын 

сүйреткен  қойшы  еді. «Оңтар  оқысын»  деп 

барын  салып  бақты.  Əке  арманы  орындалып, 

ұлының  айы  оңынан  туды.  Қармақты  алысқа 

тастамаған  екен.  Нұрайымның  шлəпəсін  шыр 

айналдырып  бір-екі  жылдың  ішінде  үйлеріне 

келін  қылып  түсіріп  берді.  Содан  соң-ақ 

Оңтардың  маңдайдағы  жұлдызы  жарқырай 

сала бергені. 

Байлық,  мансап  дегенің  алысты  шолу-

шы  ма  еді?  Қайын  атасындағының  бəрі  бір 

күнде  Оңтарға  жабыса  салды.  Оқу  бітірген 

жылы өз құралпылары далада іс бітіргенде, бұл 

жылы  кəбинетте  отырды  шырт-шырт  түкіріп. 

Біраз  өрледі  енді,  атасының  арқасында.  Содан 

соң  «өліарада»  ауыл  əкімі  болып  шыға  келді. 

Онда  да  сол  халықтың  қазынасын  қызғыштай 

қорыған  болып,  қаладан  үй  салдырып  алды 

да,  тайып  тұрды.  Қалада  пысықай  жігіттер 

жерде  қалған  ба,  кəсіпкерліктің  басында 

айналшықтады да, əкімшілікке танауын сұқты. 

Арты  белгілі  ғой  хатшылық,  орынбасарлық, 

ақыр аяғы халық қамын ойлап, жарғақ құлағы 

жастыққа  тимейтін  депутат  болып  сайланды. 

Қыздарын шет елде оқытты. Жыл сайын жұбайы 

Нұрайыммен  алыстағы  теңіз  жағалауларын 

аңсап  тұратын  дəрежеге  жетті. «Бай  байға, 

сай  сайға  құядының»  керімен,  қалталыларға, 

абыройлы  азаматтарға  құда  болып  жарасты. 

Бұған  жетіспегені  жиған-терген,  əлділерден 

жымқырған, əлсіздерден қанаған мол мұрасына 

ие  болып  қалар  еркек  кіндіктінің  жоқтығы  

еді. «Қыздарыма  қалады»  деп  сенейін  десе, 

күйеу дегенің жау емес пе, бір түрлі қимайды. 

Қалайда қанынан жаралған шарана иелік етіп, 

қара шаңырақтың отын сөндірмейтін біреу ке-

рек еді.


7

Қуат ҚИЫҚБАЙ. «Тəуелсіз тоқал»

Солай  да  солай  күн  кешіп  жүргенде 

өзіндей 

шенеуніктер 

қос-қостан 

қатын 


ұстайтынды  шығармасы  бар  ма? «Іздегенге 

сұраған» дейтін бе еді. Содан бір кездегі талдыр-

маш денелі, өзінің жақсы көретін қыздарының 

анасы,  үш  бірдей  жиендерінің  нағашы  апа-

сы,  өткен  күндегі  дүркіреп  тұрған  аудандық  

бірінші хатшының қызына ынтызар көңілі сап 

басылды  да  қалды.  Ол  өзі  ойлайтындай  мəңгі 

арман  еткен  сұлуын  кездестірген  екен.  Олар 

екеуі,  яғни  Оңтар  мен  оның  ашынасы  екеуі 

танысқанда, бəйбішенің бағын ұрлаған қыздың 

жасы,  бар  болғаны  жиырмада  ғана  болатын. 

Өзінің кіші қызымен түйдей құрдас...

*** 

Оңтардың  есін  алған  елік – Гүлдара, 



жоғарғы  білім  үшін  жорғалап  жүрген 

қыздардың  бірі  екен.  Сабағын  алаңсыз  оқыды. 

Оңтарға жолыққан соң оның жатақханадағы жа-

рым тірлігі көзден бұлбұл ұшты. Жеке пəтерге 

көшті. Жүгерінің қауызындай бөлмеге бір үйлі 

жан сығылыспайтын болды. Үш бөлмелі сəнді 

сарайда бір өзі тұрды. Ішер мен киім мəселесіне 

бас ауыртпады. Үйіне көп қонақ келмейтін. Ап-

талап  қона  жататын  əкесіндей  адам  Оңтармен 

ойнас құрады тек. Сылап, сипап соны күтсе бол-

ды.  Жылы-жұмсақ  осының  аузында.  Ара-ара-

сында  ауылдағы  ағайындарына  сəлем-сауқат 

салып тұратын. О заманда, бұ заман тепсе темір 

үзетін  небір  жігіттер  жанұясын  асырай  алмай 

жанын шүберекке түйіп жүргенде, қайдағы бір 

қалтасы тесік студент қыз Оңтардың арқасында 

туысқандарына  қарайлағыш  адам  боп  шыға 

келді.  Бəрі  де  Орекеңнің  арқасы,  табан  ақы, 

маңдай  тері.  Жоқ,  Орекеңнің  арқасы  емес, 

сұлулықтың,  мыстандықтың  арқасы...  Иə,  дəп 

соның өзі екен-ау.

Басында  қыздың  əке-шешесі  мен  туған-

туыстары  ашуға  мінді.  Тəрбиесіз  қыздың 

қылығы  қашанда  сүйегіңе  таңба  емес  пе?! 

Мұны, тəртіпке салмақ болған. Бұл болса «мен 

өз  өмірімді  өзім  білемге»  салды  да,  сазарып 

алды.  Онысын  естіген  ағайындар  одан  əрмен 

ашуланып,  айқайға  басып  еді.  Үй-ішінің  сөзін 

құлағына  ілмеді.  Қашып  кетіп,  он  күндей  ха-

бар-ошарсыз жүріп өздерін зар илетті. Олар да 

жоқтан  бар жақсы деді ме, үнсіз қалды. Қазір 

қыздары туралы əңгіме болған жерден қашады 

да жүреді...

Гүлдара 


оқудағы 

ақырғы 


жылын 

бітірерде  сабаққа  шетелдің  шаң  жұқпас 

көлігімен  баратын-ды.  Əкеліп,  алып  қайтушы 

Оңтардың  жеке  шопыры.  Өзі  сияқты  өрімдей 

қыздар Сарыарқаның сақылдаған сары аязында 

бүрсеңдей қағып білім ордасына қарай жүгірсе, 

бұл  джиптан  жібі  түзу  қалпы  сызыла  түсіп, 

аяғына киген биік өкшелі етігімен елге биіктен 

қарайтын  да,  дəрісханасына  тық-тық  басып 

бара жататын.

Биыл  Гүлдара  оқуын  бітірген.  Жұмыс 

іздеп,  тамыр  танысын  салып,  артынып-тар-

тынып  əуре  болмады.  Оның  үстіне  Оңтарда 

өзінің  келісті,  келбетті,  ынтық  қылған  жас 

тоқалын  таң  атысымен,  күн  батысымен  көріп 

жүргісі  келді  ме,  өзіне  жұмысқа  алған.  Аты 

хатшылық, əйтпесе дəрежесі Орекеңмен бірдей. 

«Мынаны  жұмысқа  алу  керек  десе  алады,  ана 

біреудің  көзін  құрту  керек  десе  құрта  салады. 

Оңтар  Гүлдараны  Нұрайымның  сіңлісі  істеп 

жүрген  орынға  тықты.  Бір  кездері  былқ-сылқ 

етіп  балқытып,  қылмыңдай  қарап  қаныңды 

тасытқан, «жездеке-ау»  деп  жұтқыншағы 

үзілетін  қайран  балдыз  қырық  қап  қарғысын 

жаудырып  ол  кетті.  Бұл  Гүлдараның  осында 

келгендегі алғашқы бітірген ісі еді.

*** 

Жақында Оңтар өзінің тоқалына машина 



сатып əперген. Құдай-ау далада жүрген бəйбіше 

жоқ қой, күңкіл сөз көбейер деді ме, Нұрайымға 

да артынша дəл Гүлдараныкіндей етіп машина 

сыйлады.  Маркасы  бірдей  машиналардың  тек 

мемлекеттік  нөмірлері  ғана  өзгеше  демесең, 

қызылы-қызылына  дейін,  ағы-ағына  дейін 

бірдей.  Енді  бұл  Орекеңнің  екуінде  бөле-


8

Айтулылар айтқан сөз

Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – 

ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, 

сынаушысы – халық, таусылмайтыны 

– арман, ардақтысы – өмір, ең тәттісі – 

сыйластық. 

Төле би  

жармағаны деп түсіну керек. Нұрайымға екінші 

болып əпергені ол Оңтар үшін екінші адам ғой, 

ал  Гүлдараның  жайы  айтпаса  да  түсінікті.  Ол 

Оңтар үшін əлемдегі ең бірінші адам екені да-

усыз.


Басында  Оңтар  Гүлдарамен  жасы-

рын  кездесіп,  ұятты  істері  айналадағы 

жұртшылыққа  жария  болмай  жүрген.  Қазір 

Оңтар  ерке,  некесіз  тоқалының  ырқына  көніп 

ашықтан-ашық  жүретін  болды.  Нұрайым  

Гүлдараға  бұрынғы  бақкүндес  қатын  есебінде 

қарайды.  Бақкүндес  емей  немене  Нұрайымды 

сорлатқан осы Гүлдара ғой қартайған шағында 

сүйегіне таңба басқан. Бассыз байы соның арты-

нан еріп кетті де, бұл елдің бір күнде дамыл тап-

пай, өсіп-өніп жататын өсегінің арасында жүр. 

Ызаланғанда көзіне жас толтырып жылағаннан 

басқа бұның қолынан не келуші еді...

  Гүлдара,  қайран  қызғалдақ.  Оның  ми-

ына  ештеңе  кіріп  те  шықпайды.  Ойлағаны 

ақша, бітіп болмайтын байлық. Жеті атасы ба-

сып  көрмеген  шет  елдерді  кезу.  Бойына  біткен 

ұяңдығы  бар-тұғын.  Бүгінде  ол  ұмыт  болған. 

Оңтарды  одан  əрмен  еліктіре  түсу  үшін,  ол 

не  бір  сұрқиялықты,  сайқалдықты  бойына 

жиған. Оңтардың тоқалы болу оның жазылған 

тағдыры деп біледі. «Тоқал болған жалғыз мен 

бе екем, бұрыннан келе жатқан ата-салты, апа-

əжелерімізде  болған»  деп  өзіне  тоқтау  салған 

ағайынға айтар сөзі даяр.

Гүлдараның осыдан бір ғасыр немесе одан 

бұрын ғұмыр кешкен апа-əжелерінен өзгешелгі 

бар.  Олар  өздерін  малға  сатып  алынған, 

біреудің мəжбүрлі түрде тоқалы санаса, бұл өз 

еркімен Оңтардың ерікті тоқалы. Сондықтан да 

ол əрқашанда дербес... Оңтардың бүкіл жиған-

терген байлығын желге ұшырып кетем десе де 

өз білгені өзінде. Себебі тəуелсіз тоқал ол... 

Қайран  қызыл  қызғалдақ  байлыққа  бола 

жан-дүниесі батпаққа батқан...

 *«Үркер»*№102016


9

Біздіѕ сўхбат

«Режиссерлерді 

отандық, шетелдік 

деп бөліп-жарғым 

келмейді»




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет