Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.03.2017
өлшемі3,47 Mb.
#7923
1   2   3   4   5   6

Асхат ӨМІРБАЕВ. «Шолпаншаш сүмбілі»

кілемдей төселген қызыл-сары қызғалдақтарды 

қызықтап.  Бұл  гүлдерді  шаһидтердің  қаны 

төгілген  жердің  орнына  өскен  деп  естіген. 

Небір таскешті заманның қансоқта қырғынына 

тірсегін қиғызбай, ел-жұртты аман алып қалған 

жер.  Атадан  балаға  мирас  болып  қалған  туған 

өлке.  Мұнда  қан  майданнан  соң  батыр  бабала-

ры  еркін  отырып  тынығып,  тізе  бүккен  болар. 

Бəлкім,  ол  заманда  бөлекше  тауқымет  болды 

ма?  Əкесінің  жас  күнінде  айтқан  бір  ұлпа  сөзі 

Сəрбиге  аманатқа  бергісіз  ой  салған. «Бұл – 

қасиетті  жер,  қызым.  Қазақтың  кіндік  қаны 

тамған жер» дейтін. 

Үзеңгінің  шиқылы  естілген  сайын 

Қайшықұлақ  алға  өршелене  түседі.  Қарсы  ал-

дынан  қырғауыл  ықылық  атқан  тас  шалынды. 

Қыздың  белден  төмен  шашы  аттың  сауырын 

жауып  келеді.  Құлпырған  көгілдір  қойнаудан 

жалбыздың  жағымды  иісі  мұрын  жарды. 

Етектегі  сай-жыраның  қойнауына  селдір  көк 

көлеңке ұялапты. Күн бесінге құлаған екен.              

Сəрби аттан түсіп, ауқаттанып алмақ бол-

ды.Жылқыны  жүгенімен  тапал  бұтаға  байлай 

салды. Табанасты бұлақтың сызы жатқан жалқы 

жыраға қол салды. Құлын кезінде ойнақ салған 

Қайшықұлақтың екпініндей екен. Қалтасындағы 

малта құртты мөлдір суға бір сүңгітіп алды да, 

ұзақ сорды. Анасы шыны ыдысқа құйып берген 

айранды рахаттана сімірді.  

Бұл  жер  көлеңкелі,  ылғалды  жер  əрі 

сарқырамаға  жақын  болатын.  Жылғалар 

жағалауындағы  шатқалға  таяп  қалғанын  қыз 

сезген жоқ. Қойды терең сайдың ішіндегі шөбі 

шүйгін  жерге  иіріп  қойып,  өзі  дəрілік  шөп 

іздемек  болды.  Бала  күніндегі  биік  жоталарға 

ентелей  түсті.  Сəрби  əкесі  құлан-таза  айығып 

кетер  ғажайып  бір  өсімдікті  іздеді.  Сирек 

аурудың емі де сирек кездесетін өскін болар деп 

түйді.  Қанша  жүргенін  аңдай  алмады,  əйтеуір 

берекелі сəулені екінті жұтқан бесіндей сүлелене 

бастағанын сезді. Отардан əжептеуір жер алыс-

тап кеткен секілді. Бар үмітін сарп еткен сəтте 

көзіне  бір  бейтаныс  өскін  шалынды.  Ерекше 

жапырағы  бар  өсімдіктің  Шолпаншаш  сүмбілі 

екенін  қыз  білген  жоқ.  Əкесінің  денесіндегі 

дертке  дауа  боларлық  дəрілік  дəрмененің  осы 

екеніне  еріксіз  иланған.  Қуанғаны  соншалық, 

жүрегі дүрсіл қақты. Жерден белбуаз балдырдай 

майыса өскен шолпаншаштың нəзік күлтелерін 

мəпелей сипап, күлімсіреді. 

Кенет  маңайдан  əлдеқандай  сыбыр 

естілді. Сəрби жаңа ғана аялап тұрған өсімдікті 

уыстап  тас  қылып  ұстап  алды.  Сəл  төменде 

қапқа  əлдебір  шөптерді  теріп  жүрген,  баста-

рында  табақтай  телпегі  бар  біреулерді  көрді. 

Жүрегі шым етті. Осы сəтте өзінің тамнан тым 

алыстап  кеткенін  сезді.  Өне-бойы  дірілдеп 

кетті. Құлағының түбіне жүрек қағысы естілді. 

Алғы  сапта  келе  жатқан  түр-түсі  азиялық 

бейтаныстың  ызғарлы  жанары  шынылау  неме 

екен, қыз бұғып отыра қалғанша байқап қалды. 

Сəрби  төрт-бес  еркектің  өзіне  қарай  жүгіріп 

келе  жатқанын  көріп,  іле  басын  көтеріп  жыл-

дам қашпаққа оқталды. Оң қолының алақанына 

ілінген шолпаншаш сүмбілінің нəзік күлтелерін 

түгелдей  сыпырып  безе  жөнелді.  Қыздың 

жанұшыра  қашқанын  көрген  жатжұрттықтар 

жылдамдықты арттыра түсті. 

- Көке! -   Сəрби бар дауысымен жанұшыра 

айғай салды. Ешкі түшкіріктің өзінен жаңғырып 

кететін  тау  іші  бар  қыпшақ  даласына  жетер-

дей  үн  қатты.  Шыңғырған    қыз  ба,  Алатау  ма, 

білмеді. Зарлы үн төңіректі түгел тітіркентті.  

-  Ұстаңдар  оны!  Тірі  жібермеңдер!–  деді 

тапал бойлы, талтақ аяқ, сығыр көз бұйыра. 

-  Жоқ,  тірідей  ұстаңдар,  қызығын  көріп 

қалайық, - деді  екіншісі.  Жанындағы  үш  жігіт 

алға  қарай  бастырмалата  жөнелді.  Қыздан  ес 

кетті.  Жүрегі  алқымына  тығылып,  ентіге  бас-

тады.  Аяғы  алға  бастырсайшы.  Буынынан  əл 

құрып  кеткендей  зорыға  жүгіріп  келеді.  Дəл 

қазір  қолында  түйреуіш  болса,  ұйыққан  саны-

на  кірш  еткізіп,  зымырар  ма  еді.  Ойы  бұзық 

арамзалардың  қолына  түспеуді  іштей  тілеп 

келеді.  Өкпесі  өшіп,  жерге  талып  түскенше 

жүгіре бермекке бекінді. Алды-артына қараған 


18

жоқ.  Белуардан  келетін  қалың  шөптің  арасы-

мен  зулай  берді.  Мойын  бұрса,  сығыр  көздің 

бірі ұстап алардай екі қолын алма-кезек сермеп 

келеді.  Қыз қалың шөптің ішімен зулап келіп, 

шалынып кетті. Алға ентелей құлап, жалма-жан 

қайта тұрып жүгірді. 

-  Шеше! – құлын  дауысы  төңіректі 

тітіркентті.  Сығыр  көздер  қызды  ортаға 

қоршамақ  ниетпен  жан-жаққа  бөліне  баста-

ды.  Жау  жақындай  түскен  сайын  көңіліне 

ұялаған  үрей  қанатын  жайып,  қабынып  бара-

ды. «Шіркін-ай,  неге  ғана  еркек  кіндікті  бо-

лып  тумадым  екен?  Қуғыншылардың  жанын 

жаһаннамға  жіберіп,  қарақұрым  қандаласын 

мыңғыртып,  қансырап  тұрған  түрмеде  шіріген 

артық  еді-ау!  Амал  нешік,  қазақ  қызында  абы-

ройдан артық не бар? Егер қолға түссем, алысып 

өлермін»  деп  шешті.  Ол  бірақ  ойының  жақсы 

өрілген қамшыдай жұмырлығына таңырқай ал-

мады. Дəл қазір жат жұртқа жемтік болса, анасы 

байқұс қоңыр көздерін көлеңке көмкеріп, өмірі 

солқылдап өксумен өтпей ме?

    Сəрби өлермен күйге түскенше жүгіріп, 

бір  үлкен  ағашқа  жасырынып,  дем  алмаққа 

бекінді. «Кəпірдің  қолына  түсіп  қор  болғанша, 

өлгенім  артық.  Тексіздің  қолын  денеме  дарыт-

паспын» деді іштей. Артына қараса, елу-алпыс 

қадамдай  жерде  қысық  көзді  жөйіттер  ізінен 

қалмай  ілесіп  келеді  екен.  Қыз  қайта  жүгірді. 

Жүрек суылы қайта бетіне шапты. 

-  Қайдасың,  Қайшықұлақ!  - деп  айғай 

салды.  Телпек  кигендер  тау  ішін  жаңғыртып 

кеткен дауыстың қай тұстан анталап шыққанын 

білмей, абдырап тұрып қалды. Қыздың соңынан 

қуғандар əрең дем алып тұр еді. Кең қолтықтан 

төмен  түсіп,  тəкаппар  жартастың  дəл  түбінен 

атқылаған жеңді білектей бұлақтың сыңғыр да-

уысы  із  кесушілерге  бөгет  болған.  Бір  абзалы, 

алға  бастырмаған  қыздың  аяғы  сайдан  төмен 

еркіне бағынбай зуылдап келеді. Осы қарқынды 

тоқтатпай, зымырай жөнелді.

Қостың сыртында самаурын будақтатқан 

ана  жанұшыра  шыққан  қызының  дауысынан 

оқыс шошынып, селк етті. Басына сан түрлі жа-

ман ойлар кимелеп кіре бастаған. «Қызым жар-

дан құлап кетті ме екен, əлде біреулер...». Жалма-

жан  үйге  кіріп,  қолына  отағасының  аңшылық 

қос ауыз мылтығын алып, оқ-дəрі салынған дор-

баны мойнына аса салды. Көк дөненге жүгендеп, 

жайдақ  мініп  зулай  берді.  Сұмдық  түйсік  кəрі 

жүрегінің  жыртық  жабығын  қарс  айырғандай 

күй кешті. Мана ойлаған шеңгел ойлар айналып 

соғып, берекесін қашырды. Шөбінен жұмсақ сүт 

тамар  аңғарға  жеткенде  екінті  төрге  шыққан. 

Көзіне  таныс  аңғардың  екі  бетіндегі  пілдің  са-

уырындай  жасыл  жоталардағы  мақпал  шөптің 

бетін  баяу  жел  тербетті.  Алдынан  жайылып 

жүрген  малдың  үстіндегі  ені  ана  көзіне  оттай 

басылды. Қызының бірақ қарасын көре алмады. 

Қайшықұлақ та көзге ілінбеді.   

-  Сəрби!  Сəр-би!  Қызым,  қайдасың? – 

деп  ана  бар  дауысымен  айғай  салды.  Алатау 

тағы  күңіреніп  кетті.  Басына  салған  ақ  шəлі 

орамалдың қос ұшы босаңсып, екі иығын жау-

ып кетті. Алдынан соққан желмен бірге танауы-

на шашыратқының ашқылтым иісі ұрды. 

Бұл  кезде  қуғын  күшейген.  Əлі  құрыған 

қызға  жетемін  деп  жендеттердің  діңкесі  əбден 

құрыды.  Білектей  бұрымына  қол  батпаған, 

қазақтың теппе төс, аш бел құралай сұлуы көз 

құртын жеп келеді. Соңғы əл-дəрмені қалғанша 

қашқан қыздан ес кеткен. Əбүйірден айырылса 

бəрінің  бетіне  шіркеу  болмағын  зайыр  сезген. 

Осы тұста құлағына анасының жалынышты да-

уысы естілді.

-  Қайдасың, құлыным? 

-  Мен...  Мен  мұндамын! – қуанғаннан 

қыздың  екі  көзін  жас  жуып  кетті.  Ана  тар 

құрсағын кеңітіп тауып, тəрбиелеген есті қызын 

сырт  көзден  сақтап,  ішінен  уылжыған  жеміске 

қызыққандай 

телміретіндерге 

сұқтанып 

қалатын.  Жас  күнінде  сұлуға  құмар  жігіттерді 

жақтырмай,  мəпелеп  өсірген  қызын  ащы 

дауысымен-ақ қорғаштап жүрді. Ал қазір... қазір 

тіпті қанаттыға қақтырмай өсірген қызының бас 

амандығын тілеп, бар пəрменімен шауып келеді. 

 *«Үркер»*№102016


19

Бұл  кезде  қуғыншылар  қызға  жетіп 

қалған  болатын.  Сəрбидің  шақшадай  басын 

сумаңдаған  суық  ойлар  азынатып  жібергелі 

қашан. Кері бұрылып, жымысқының көзіне тура 

қарауға  тіксінген.  Үрей  мен  тəн  қарбаласынан 

астан-кестеңі шыққан есін тез жия алмады. Иə, 

бейкүнə ұят пен ыңғайсыздықтан жанын сызда-

тып, өз-өзінен жиіркеніп жүруден асқан қандай 

қорлық бар? Нəпсіге бой алдырғандар қайғының 

қара батпағына батырып жібермей ме?

Алатаудың тапал етегі қалың шөп те, орта 

тұсы  алық  алаңқыр.  Жасыл  жамылған  түйе 

өркешіндей  төбелер  бітсейші.  Мөлдірей  жыл-

жып ағып жатқан тұнық судың түбіндегі майда 

тастар күн нұрымен жалтырай шағылысып жа-

тыр. 

  Сəрби жүгіріп келе жатып, ертеректе сы-



ныптас ер балалардың жігітсініп қыңырайғанын 

əжуалап  кететінін  еріксіз  есіне  түсірді.  Өзіне 

өліп-өшіп  сүйемін  деп  хат  жазғандарға  тас-

талқан  болып  ашуланып, «Хат  жазуды 

қоймасаң,  ағайға  айтамын!»  деп  қорқытатын. 

Мектеп бітірер жылы жауап қайтармағанымен, 

бір-екі жігіттің хатын қызықтай оқыған. Кейін 

университет  табалдырығын  аттағанда  сту-

дент  жігіттердің  би  кешіне  болмаса  киноға 

шақырғанына  қарамай,  оқу  қуып  кетіп  еді... 

Қайда жүрсе де ардан аттаған жоқ. Айғаным да 

кей  қыздарға  тəн  қылымсыма  қылықты  болу-

ын қаламап еді. «Асықпа, əлі талайды көресің, 

бəріне  үлгересің.  Көп  жігіттердің  тəтті  сөзі 

ертең-ақ  ұмыт  болады.  Балалықпен  от  басып, 

абыройсыздық  жасама.  Əбиірмен  келін  ата-

нып,  ақ  босаға  аттаған  соң  махаббатың  баян-

ды  болады.  Бұдан  өзгесі  балалық  əуестік»  де-

генде,  Сəрби  «Мама,  қойшы  енді»  деп  екі  беті 

дуылдай,  сыртқа  шыға  жөнелетін.  Тек  бүгінгі 

жаншошырлық жүгіріс – абыройлы болудың ең 

сорақысы екен. 

Қыз ес білгелі бөтен пенде қол тигізбеген 

құлын  денесін  сумаңдап,  сығымдағысы  келген 

суық қолдыдан секемденіп келеді. Бой тасалай-

ын  дегендей  жасыл  құрақты  бойлай  жүгірді. 

Ту сыртындағы қамыс-құрақты қақ жарған ер-

кек  кіндіктілердің  жақындап  қалғанын  көріп, 

екпінінен  шошып,  тіксінді. «Жау  жақын  екен 

ғой»  деуі  мұң  екен,  құрақ  біткен  «Жау!  Жау 

келеді»»  дегендей  сыбырласа  жөнелді.  Көңілі 

босап,  өзімен  бірге  бүкіл  қазақ  даласы  дірдек 

қағып  жүгіріп келе жатқандай сезінді. Соңынан 

дүрсілдете  қуып  келе  жатқандарды  лүпілдеген 

жас  жүрегі  сезді.  Қазағы  жоқ  мына  қалыңның 

ортасынада  қолға  түссе,  қыранның  шеңгеліне 

ілінген қояндай бір-ақ сығым боларын түйсінді. 

Өзінің  жайлауынан  тым  алыстап  кеткеніне 

өкініп,  қаны  басына  шапты.  Өкініш  пен  үрей 

билеген  бойын  құрсаулап  тастап,  жан-жағына 

алақ-жұлақ елеңдеп келеді. Биік өскен шөптердің 

алма  бетін  сапылдата  ұрғанын  да  елемеді. 

Арт  жағынан  екпіні  күшейе  түскен  аяқ  дыбы-

сы  таптап  өтердей  құлақ  түбінде  дүрілдейді. 

Сəл  шыдаса,  отар  жайылған  тұсқа  да  жетеді. 

Қазір  мына  жазықты  жағалап,  жалғызтөбені 

бөктерлейді. Бірақ... енді қалың қамысты сайға 

табан тигіземін дегенде, оң жақ тұсынан қысық 

көздің біреуі атып шыға келмесі бар ма? Сəрби 

мысық  көрген  тышқандай  өне-бойы  қалтырап 

кетті.  Əлгі неме жағасына жармасуға ұмтылды. 

Көк  желке  тұсында  көрікше  гуілдеп  алқынған 

адам  тынысын  құлағы  шалып,  жұлын-жүйкесі 

қарақұрт өрмелегендей шымырлап қоя берді.                                

-  Жақындама маған, жексұрын! – деп бар 

дауысымен айғай салғанда бүкіл даланы басына 

көтере  жаңғыртты.  Оқыс  дауыстан  сəл  іркіліп 

қалған жау қайта қуа жөнелді. Сəрби он-он бес 

қадам жүгіріп барып, көлденең жатқан томарға 

сүрініп,  қайта  құлады.  Жандалбаса  əрекеттің 

итермесімен  денесін  тіктеп,  еңсесін  жазды. 

Апыл-ғұпыл  жанталасып,  қайта  қашты.  Қыз 

үріккен  еліктей  қайта  жалт  бергенде  жаудың 

қысық көздері шыдамдылығына таңырқағандай, 

шарасынан  шығып  кете  жаздады.  Ашу-ызадан 

көз  алдындағы  жарық  дүние  аңғалағына  си-

май, өршелене ышқынды. Жазықпен зулап бара 

жатқан  қыздың  нуға  шым  батарын  түсінген 

ол  жылдамдығын  арттыра  түсті.  Жанындағы 

Асхат ӨМІРБАЕВ. «Шолпаншаш сүмбілі»


20

 *«Үркер»*№102016

серіктері  де  жақындап  қалған  екен.  Жау  жа-

былып  қызды  қоршауға  алмаққа  сəл  қалған. 

Кенет  қайдан  шыққаны,  алғы  саптағы  сығыр 

көздің  алдын  кес-кестеп  Қайшықұлақ  кісінеп 

шықты.  Тұяғымен  жер  тарпыды.  Асау  аттың 

өзіне  алдыңғы  екі  аяғын  көкке  көтеріп  айбат 

шеккенін  көрген  жау  бір  орынында  сілейіп 

қалды.  Екпіндете  жүгірген  сығыр  көз  кілт 

тоқтап,  шошынғаннан  артқа  ұшып  түсті.  Қыз 

жалт қарап, өзіне араша түскен жылқыны көріп, 

қуанғаннан айғайлап жіберді. 

- Қайшықұлақ! 

Ат  ілгеріде  жүгіріп  бара  жатқан  иесіне 

бұрылып  шапты.  Қалың  қамысты  сытырлата 

қақ  жарып,  сылаңдаған  сұлу  үмітті  қуып  кел-

ген  жау  аңтарылып  тұрып  қалды.  Қол  созым 

жердегі  бойжеткенді  қуып  жетіп,  шаруасын 

тындырмақ  болғандар  əбден  болдырған  еді. 

Бəрі еңкейе екі қолын қос тізесіне қойып, ентігін 

баспақ болды. Қыз осы сəтті пайдаланып, аттың 

жалына жармасты. Жүгені  сыпырылып  қалған 

екен. Жау қарап тұрсын ба, жан-жақтан анталап, 

қызды атқа мінгізбеуге ұмтылды. Шаршағанын 

ұмытқан 

шарасыз 


қыз 

шиыршық 


ата 

жұлқынды. Сығыр көз тер сасыған салмағымен 

қыздың білегін жұлқи тартып,  жас шыбықтай 

майыстырғысы  келді.  Жылқы  мұны  сезгендей 

бөтенді  алдынан  келсе  тістеуге,  арт  жақтан 

келгенін теппек болып жұлқынды. Сəрби аттың 

жалына жармасқанымен, əлі құрып,  үстіне оты-

рып кете алмады. Мөлдіреген кіршіксіз пəктікті 

ластап,  ар  алдында  мəңгілік  қарыздар  қарабет 

болмас  үшін,  нас  құмарлықтың  тегеурініне 

соңғы  күші  сарқылғанша  қарсыласты.  Атты 

шыркөбелек 

айналдырып, 

қуғыншыларды 

жолатпауға тырысты. 

Кенет  гүрс  еткен  мылтық  дауыс  естілді. 

Шекарашылардың  құлағы  елең  етті.  Қыз 

денесіне жаңа ғана жабысқан қолдар əп-сəтте бо-

сап кетті. Қысық көздер жан-жағына ала-жұлақ 

қарады  да,  бытырай  қашып,  қарасын  батырды. 

Ілгерідегі төбенің басынан біреу ат ойнатып ша-

уып келеді екен. Қыз аттың жалынан тас қылып 

ұстап тұрып қалды. Осылай қарай қамысты пы-

шырлата  жапырып  келе  жатқан    өзінің  анасы 

Айғаным екенін көрді. Жанары ып-ыстық жасқа 

толды. 


-  Мама... - Сəрби  анасының  аптығып 

кеткеніне  қатты  қуанды.  Жаны  алқымына  кел-

генде шешесінің жас кезінде айтқан жайбарақат 

ойлары  жанын  қинады.  Өз  дəрменсіздігіне  ыза 

кейіптен арылған жоқ. 

- Амансың ба, құлыным! – Айғаным аттан 

секіріп түсіп, қызын қапсыра құшақтады. 

- Мама... көңілі босаған қыз ернін жыбыр-

латып  еді,  жанарындағы  жас  бетінен  сорғалай 

жөнелді. Айғаным қызының тоқтыдай қақшып 

түсер  қорқаулардың  тырнағынан  құтылғанына 

қуанды.  Оқыс  естілген  таудағы  жаңғырықтан 

бері  қарғадай  қызының  тағдыры  қабырғасын 

қайыстырып,  күдікті  ойға  батырған.  Əлгінде 

ғана сыңсыған дала, өкси жылаған қыз дауысы 

байыз тауып, қасіретті үн құмығып естілді. 

   Қыз қол-аяғын қамыс қиып, қанталатып 

жібергеніне  жабырқаған  жоқ.  Тек  əлдене 

алабұртқандай,  кеудесін  шайықтырған  өксікке 

тұншықты. Лағнетсіз нала көңілдің запыранын 

көзінен ағызды. Бүкіл денесін тітіркенте шошы-

тып, қысық көздің қарулы саусақтары қақпанша 

сарт  етіп,  білегін  қақшып  алғаны  көз  алдынан 

кетер емес. 

-  Бəрі жақсы қызым, жылама, - деп ана-

сы  баяу  басу  айтты.  Шашынан  сипап,  мауқын 

басты.  Сəрби  жазықсыз  шеккен  жəбірі  үшін 

солқылдай берді. Бір тəуірі, бетін жуған ыстық 

тамшылар – қан  қақсатқан  қасірет  тамшылары 

емес, қайғы құрығынан құтылған, ашу-ыза кер-

неген бойжеткеннің нала жасы. 

-  Жайлаудан  не  үшін  алыстап  кеттің? – 

деп сұрады анасы Айғаным. 

- Міне, мынау үшін, - деді оң алақанында 

шөкімдей  ғана  қалған  күлтелерді  көрсетті. 

Айғанымның  көңілі  босап  кетті.  Қайшықұлақ 

кенет осқырынды. Ана мен қызы жалт қарады: 

жылқының мөлдіреген көзі жасаурап тұр екен...



21

Аќиќат пен аѕыз 

Құлазыған  бейбақты 

қурай екен жұбатқан... 

«Мың  өліп,  мың  тірілген»  қазақтың 

ғасырлар  бойы  тартпаған  азабы  бар  ма  еді, 

сыбызғының  мұңлы  дауысы,  зарлы  үні  үшін 

де  осы  аспаппен  халқымыз  мұңдас  болған 

секілденеді.  Көнекөз  көптеген  күйшілерден 

естігенімде  сыбызғының  алғаш  туындаған  та-

рихы былай екен: Əлділер əлсізді басынған зар 

заманда,  ерте-ертеде  бір  қарау  бай  болыпты. 

Сол  қарау  бай  қаптаған  қалың  малын  пана-

сыз  екі  жетім  балаға  бақтырыпты.  Екі  баланы 

елсіз, шөбі шүйгін, суы мол бір иен тауға алып 

барып  малымен  тастап,  өзі  сыртынан  бақылап 

жүреді екен. Екі бала малдан көз жазса байдың 

заһары қатты, күндіз жалаңаяқ, жалаңаш қалың 

қойдың  екі  шетінде  тыздақтаса,  түнде  боран 

мен  бөріден  қорқып  кірпік  ілмей  күзетеді.  Бір 

тоқтысын қасқыр тартып кетсе де байдан таяқ 

жейтін  бейбақтар  амалсыздан  осылайша  бей-

нет шегіп жүре беріпті. Екеуі есейіңкірей келе 

кішірегі  күндіз  қой  жаяды  екен  де,  ересектеуі 

лашығын жөндеп, отын-суын дайындап, тамақ 

істеп,  екеуінің  киім-кешегін  жамап-жасқап, 

түнде  қой  күзетеді.  Күндердің  бір  күні  кішісі 

қойын шалқар төске беттете қаптатып, тастың 

үстіне  отыра  кетеді.  Отырғанда  не  істейді, 

тағдыр  тəлкегімен  дүниеден  аттанып  кет-

кен  əкесі  мен  шешесін  сағынады,  өз  үйі-өлең 

төсегі,  қара  күркесін  сағынып  сəби  көкірегін 

шер  кернейді.  Оның  сырласы  жел  ғана.  Осы-

лайша  ойға  шомып  отырғанда  ызылдаған 

бөтен  бір  дауыс  естіледі.  Дауыс  қырат  жақтан 

шыққанын аңғарады. Құстың я аңның дауысы-



22

на ұқсамайды, ұры-қары бірдеңе болар деп зыр 

жүгіре  қойдың  шетін  қайырып,  басқа  жаққа 

бұрып кетеді. Бір емес-ау бірнеше күн бұл маңға 

малын жуытпаса да жəне бірде əлгі жайылымға 

қайта алып келіп құлақ салса ызылдаған дауыс 

тағы  да  əнге  басады.  Қасқыр  емес,  ұры  емес. 

Мықтаса қарау байдың қатты таяғындай шығар 

тəуекел, не болса да əуселесін көрейін деп бала 

тыңдай-тыңдай  əлгі  дауыстың  «иесіне»  қарай 

бірте-бірте  жақындайды.  Ызылдақты  сон-

да  ғана  көреді.  Ол  не  дейсіз  бе?  Иə,  ол  аң  мен 

құс  та,  ұры  қарақшы  да  емес,  басындағы  бүрі 

мен жапырағын мал жеп кеткен сары қурай бо-

лып  шыға  келеді.  Бала  таң  қалады,  жаны  бар 

ма, жоқ. Аузы, мұрыны бар ма, жоқ. Дегенмен 

жел  үдеген  сайын  дауысы  қаттырақ  шығады, 

жел  басылыңқырағанда  бəсеңдейді.  Бірақ 

адамның еңірегеніндей, өксігеніндей аянышты 

үн  шығарады  екен.  Дауысты  тыңдай  отырып 

жетімнің  шері  қозғалып,  өзі  де  еңіреп  алады. 

Мына қурай жансыз болса да балаға үн қосып 

екеуі  қатарласа  аңырайды.  Жападан  жалғыз 

қой жайғанда ермек ғана емес-ау, өзіне мұңдас 

серік тапқанына қуанады байғұс бала. Осыдан 

былай іші қуыс, басы шолтиған сары қурайдың 

қасына  күнде  келіп  əн  қоса  мұңдасуды  əдетке 

айналдырады. «Домбыра-шаттыққа,  сыбызғы-

мұңлыққа»  деп  кариялар  бекер  айтпаған  ғой. 

Бірақ  қураған  қурай  түгіл  тау  екеш  заңғар 

таудың  өзі  мүжіліп  тозбас  па,  əлгі  əндеткіш 

сары қурайды бір күні мал сындырып, жегенін 

жеп,  ұзындау  бір  бөлігін  орнына  тастап 

 *«Үркер»*№102016

кеткенін  көрген  бала  қатты  өкінеді.  Жан  жол-

дасынан  айырылып  жапа  шеккендей  қапалана 

отырып,  сынған  қурайды  қолына  алса  қурай 

тағы  да  ызылдаған  секілденеді.  Сөйтсе  бұл 

қурайдың  қуыс  жағы  желдің  өтіне  қарағанда 

үн шығаратынын енді біледі. Қолға алып, кейде 

белге  қыстыра  жүріп,  желге  үрлетіп  дыбысын 

тыңдаумен  болады.  Сөйте  келе  үп  деген  жел 

жоқ тымық күндерде ерінге төсеп адам үрлесе 

де дыбыс шығарады екен, бала қатты қуанады. 

Тіпті  ауызбен  үрлеп  нендей  бір  ойды  осы  ды-

быспен  жеткізуге  болады  екен.  Бала  қауып-

қауып,  аузын  желге  толтыра  қатты-қатты 

үрлегенде  тіптен  керемет  дыбыстарды  неше 

түрлі  нақышпен  шығарады.  Қырық  құбылған 

сол  мұңлы  дауысқа  елтіп,  онымен  үн  қоса  өзі 

де еңіреп есі кеткен бала байғұс сол күні күннің 

батып, түннің болғанын да аңғармай қалыпты. 

Əйтеуір  өз  еркімен  қосқа  бет  алған  қойының 

соңынан  ере  беріпті,  ере  беріпті.  Бұл  аспапты 

бастапқы  «сызылғы»  деп  атаған  екен.  Талай 

заман  өткенде  біздің  қазақ  түндікті  «түңілік» 

деп  сөз  лəміне  қарай  сəл  бұрып  атайтыны 

секілді  сызылғыны  «сыбызғы»  атандырған. 

Сыбызғының күйін тыңдай отырып бастан кеш-

кен  қасіреттерін  еске  алып  егілетін  бұрынғы 

ақсақалдар. Сыбызғыны қой жайған қойшыдан 

туған өнер дейтіні осы аңызға дөп келеді.  

Құсман Мақмырзаұлы Яхия тегі 

Қытай Халық Республикасы



23

Сауал жастан 

Мен – Халық қаһарманы 

Хиуаз Доспанованың 

өнімімін

-  Қарлығаш  ханым,  сұхбатымызды 

сіздің өмір жолыңыздан бастасақ. Профес-

сор  Таңатқан  Досмағамбетұлы  өзінің  бір 

мақаласында  сіздің  бойыңыздағы  ғылымға 

деген  қабілетті,  дарынды  ата-анаңыздан 

берілген  сый  дейді.  Айтыңызшы,  сізді 

өсірген ата-анаңыз кімдер еді?

-Менің 


анам 

Мұхтарова 

Алма 

Қайырқызы – дəрігер-терапевт,  Атырау 



Əл-Фараби 

атындағы Қазақ Ұлттық 

университеті Эко-

номика жəне бизнес 

жоғары мектебінің Ме-

неджмент жəне мар-

кетинг кафедрасының 

меңгерушісі, Халықаралық 

ақпараттандыру 

академиясының академигі, 

экономика ғылымдарының 

докторы, профессор 

Қарлығаш Сапарқызы 

Мұхтаровамен 

сұхбат.

24

облысы,  Ганюшкино  ауылының  тумасы 

болған.  Алматы  қаласының  медициналық 

институтын  бітірген  жəне  едəуір  дəрежеде 

тəжірибе  жинақтаған  іскер,  өз  жұмысына 

жауапкершілікпен,  махаббатпен  қараған, 

жан аямай еңбек еткен кісі. Қазіргі уақытта 

арамызда  жоқ, 2010 жылы  дүниеден  озды. 

Ал,  əкем  Мұхтаров  Сапар  Мұхтарұлы 

–  Қостанай  облысының  тумасы,  физика-

математика  ғылымдарының  кандидаты, 

доцент.  Плазмалық  физикадан  диссерта-

циясын  қорғаған,  ұзақ  уақыт  Қазақ  қыздар 

пединститутының  деканы  болып  жұмыс 

істеді.  Қазіргі  уақытта  зейнеткер.  Ғылымға 

деген  махаббатым  бала  кезден  бойға  сіңген 

жоқ  еді.  Əрине,  мектеп  қабырғасында  төрт 

пен  беске  оқыдым,  кейіннен  институтты 

аяқтап,  аспирантураны  Серго  Орджони-

кидзе  атындағы  Мəскеу  Академиясында 

оқып, кандидаттық диссертацияны сол жер-

де  қорғадым.  Докторантураны  əл-Фараби 

атындағы  Қазақ  Ұлттық  Университетінде 

аяқтап, тиісінше докторлық диссертациямды 

да осы жерде қорғап шықтым. Маған ерекше 

интеллектуалдық  күш  беріп,  көп  еңбек  пен 

шыдамдылықты талап ететін  «ғылым сала-

сы» бұрыннан ұнайтын. Өмірімнің белгілі бір 

кезеңінде  əрбір  адам  өзінің  қолынан  жақсы 

келетін  шаруамен  айналысу  керек  деген 

тұжырымға келдім. Ғылым, оқу жəне кəсіби 

салаға  деген  махаббатты  оятқан,  өмірінің 

барлық саласында – оқуда, жұмыста, өмірлік 

күресте, жалпы өмірде үздік болуға үйреткен, 

əрине менің туған тəтем –  Халық Қаһарманы 

Хиуаз  Доспанова  (анамның  туған  жəне 

жалғыз  əпкесі).  Сондықтан,  ол  əрдайым  пір 

тұтатын адамым боп қала бермек. Менің тағы 

да бір түсінген нəрсем – өмірдегі мақсаттарға 

жету  үшін  қалау,  талпыну  жеткіліксіз,  ең 

бастысы – адамның жігері мен рухы мықты 

болуы керек. Менің туған тəтемнің бойында 

осындай қасиеттер бар еді жəне соны маған 

үйретіп,  бойыма  сіңіруге  тырысатын.  Мəн 

беріп  қарасаңыздар,  қайрат-жігері  мықты, 

халық арасында айтатындай «рухы мықты» 

адамдар  ғана  өмірдегі  сан  түрлі  белестерді 

бағындырады. 



-  Альберт  Эйнштейн: «Мен  еш 

уақытта  өз  оқушыларыма  еш  нəрсе 

үйретпеймін,  тек  қана  олардың  оқуы 

үшін  жағдай  жасаймын» - деп  айтқан 

екен.  Алғаш  əріп  танып,  хат  оқи 

бастағаныңыздан бастап, əртүрілі кезеңде 

(орта  мектеп,  ЖОО  т.б.)  инемен  құдық 

қазғызып,  сіздің  керемет  білім  алуыңызда 

қандай ұстаздарыңыздың үлесі орасан зор 

болды?

-  Мектептегі  ұстаздарымнан,  өкінішке 

орай,  ешкімді  атай  алмаймын.  Сөз  жоқ, 

олар  барынша  бізді  оқытып,  білімнің  біраз 

бөлігін  беруге  тырысты.  Институттағы 

ұстаздарым  жайлы  да  солай  айта  ала-

мын.  Жас  ғалым  ретінде  қалыптасуыма 

сөзсіз  үлесін  қосқан  Мəскеу  академиясы 

басқармасының  профессоры,  экономика 

ғылымдарының  докторы  Демченко  Миха-

ил  Никитович.  Оның  атынан  мəскеу  менед-

жмент  ғылыми  мектебінің  мықтылығын 

айта  аламын.  Докторлық  диссертациядағы 

ғылыми  кеңесшілерім(оларды  əлі  күнге 

өзімнің  ұстазым  санаймын) – экономи-

ка  ғылымдарының  докторы  Қарақұсова 

Гүлжан Жанпейісқызы,  еліміздегі жəне ше-

телде  танымал  практик-ғалым;  экономика 

ғылымдарының  докторы  Жатқанбаев  Ер-

жан  Байқожаұлы,  жоғары  білім  жүйесіне, 

соның  ішінде  əл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-

да айтарлықтай үлес қосқан. Жəне де кəсіби 



 *«Үркер»*№102016

25

деңгейде  байланыста  болған  ғалымдар 

(отандық  жəне  шетелдік)  маған  белгілі  бір 

дəрежеде септіктерін тигізді. 



- «Тұрғындар  табыстарының  диф-

ференциациясы:  теория,  тəжірибе  жəне 

реттеу  мəселелері  (ҚР  материялында)» 

атты  тақырыпта  докторлық  диссерта-

ция  қорғапсыз.  Біреуге  мал  қайғы,  біреуге 

жан  қайғы  болып  жатқан  дəл  қазіргі 

уақытта  еліміздің  тұрғындары  қалай 

қалтасын  қалыңдатып,  қалай  күн  көре 

алады?  Қысқартудың  құрбаны  болып, 

дағдарыстан даурығып жатқан адамдарға 

айтарыңыз бар ма?

-  Тұрғындар  табысының  дифферен-

циациясы,  басқаша  айтсақ  əлеуметтік-

экономикалық 

теңсіздік – менің 

екінші 


докторлық 

диссертациямның 

тақырыбы(бірінші 

тақырып 


тұрғындар 

кедейлігі). 

Мен 

зерттеп 


жатқан 

тақырыбымның  ауқымын  кеңейтіп,  кедей-

лер  тобын  емес,  тұрғындар  табысының 

барлық  деңгейін  зерттейін  деп  шештім.  Та-

быс  теңсіздігі – айтыла  беретін  тақырып, 

барлық экономика мен қоғамда бар, ғылыми 

тілде айтсақ – қоғамдық-экономикалық фор-

мация.  Əрине,  теңсіздік  көрсеткіші  кризис 

кезінде  шиеленісе  түседі.  Ол  түсінікті  де: 

жұмыссыздық  саны  артып,  кəсіпорындар 

банкротқа 

ұшырайды, 

əлеуметтік 

мəселелер асқына түседі. Егер халықаралық 

тəжірибеде 

қолданылатын 

теңсіздікті 

түсіру  құралдарына  келер  болсақ  (тамыры 

тереңге  кеткен  теңсіздікпен  барлық  мем-

лекеттер  күресуі  керек  қой),  оның  шешімі 

орта  табысты  тұрғындар  санын  арттыру 

жəне  əлеуметтік  бағдарламаларды  дамы-

ту,  нығайту.  Қазіргі  таңда  антикризистік 

шаралардың  барлық  аспектілері  маңызды, 

бірақ бəрінен де маңыздысы – президентіміз 

Н.Ə.  Назарбаев  ерекше  мəн  беретіндей, 

қоғамды  азып-тоздыртпау,  əлеуметтік  сек-

торды қолдау жəне іске асыру. Бұл Президент 

көрсетіп  берген  мемлекетіміздің  дана,  мега 

жəне саяси маңызды саясаты. 

Өңдеу  өнеркəсібінің,  салық  салу 

жүйесінің 

сəйкесінше 

кəсіпкерліктің, 

нақты  экономиканың  дамуы – мұның  бəрі 

ұлттық  валютаның  девальвациясы  мен 

қаржы секторының дағдарысы кезінде қоғам 

сезінген  интегралдық  құралдар  болып  са-

налады. Менің анам дəрігер ретінде барлық 

аурулар  өзара  байланысты  деп  айтатын 

(ол  пікірмен  келіспеуге  болмайды).  Менің 

пікірімше,  экономикада  да  солай:  бірде 

бір  сектор,  бірде  бір  сала  мүлде  өз  бетінше 

жəне бір бірінсіз дами алмайды – барлығын 

кешенді түрде «диагноз қойып емдеу керек». 

- Алғаш еңбек жолыңызды ұстаздық 

етуден  бастаған  екенсіз.  Сіз  бірталай 

еңбек жолдарын басып өтіп шыңдалдыңыз, 

ширатылдыңыз,  өте  үлкен  тəжірибе 

жинақтадыңыз. Əрине, ой еңбегімен айна-

лысып ғалым болу, ғылым қуу – оңай жол 

емес.  Осы  жылдар  аралығындағы  басты 

жетістіктеріңіз қандай?

-  Өздеріңіз  білетіндей,  мен  əл-Фараби 

атындағы  ҚазҰУ-да  «Менеджмент  жəне 

маркетинг»  кафедрасының  меңгерушісі, 

экономика  ғылымдарының  докторы,  про-

фессормын,  Халықаралық  ақпараттандыру 

академиясының  академигі  болып  қызмет 

атқарамын. Еліміздің үздік университетінде 

докторлар,  ғылым  кандидаттары  ұжымын 

басқарамын.  Ұлым – заңгер,  университет-

те PhD докторантурада оқып жатыр. Кəсіби 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет