№2(62)/2011 Серия филология


Когнитивно-прагматический потенциал интертекстуальных связей



Pdf көрінісі
бет6/22
Дата06.03.2017
өлшемі2,23 Mb.
#7924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Когнитивно-прагматический потенциал интертекстуальных связей 
В  статье  рассматриваются  проблемы  интертекстуальной  структуры  когнитивного  уровня  языковой 
личности,  которую  составляют  устойчивое  интертекстуальное  ядро,  динамический  интер-
текстуальный пласт и интертекстуальная периферия, а также ее прагматический потенциал. 
The article «Cognitive-pragmatic potential of the intertextual relations» deals with problems of the intertex-
tual structure of the cognitive level of a language speaker, which contains stable intertextual nucleus, dynamic 
intertextual stratum and intertextual periphery as well as its pragmatic potential. 
 

З.Н.Жуынтаева  
34 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 94 (81’ 04:811.512.122) 
З.Н.Жуынтаева  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
Детерминанттардың тарихи ескерткіштердегі сипаты
  
Мақалада  толымсыз  сөйлемдердің  мəтіндегі  орны,  детерминаторлардың  сипаттамасы,  қазіргі  қазақ 
тіліндегі  толымсыз  сөйлемдердің  түрлері  қарастырылды.  Автор  мəліметтерді  тарихи  жазба 
ескерткіштердің 
негізінде 
толымсыз 
сөйлемдердің 
байланысын 
детерминаторлардың 
құбылыстарынсыз  басқа  контекстік  жағынан  сипаттады.  Сондай-ақ  теориялық  сұрақтар  теориялық 
мəтін ретінде сөйлемдердің саралануы тарихи жазба ескерткіштердің қазіргі қазақ тілімен байланысы 
негізінде қарастырылды. 
Кілтті сөздер: сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері, бағыныңқы мүше, субстантивтенген, грамматикалық, 
коммуникат, толымды, толымсыз сөйлемдер, мəтін. 
 
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің  бірі — пысықтауыш. Ол  да,  анықтауыш  сияқты,  басқа  сөздің, 
əйтеуір  бір  сапасын,  ерекше  белгілерін  білдіру  үшін  жұмсалатын  бағыныңқы  мүше.  Солай 
болғандықтан,  пысықтауыш  анықтауышқа  ұқсас.  Дегенмен,  ол  екеуінің  елеулі  айырмашылығы  бар: 
анықтауыш  заттық  ұғымы  бар  сөздердің — зат  есімдердің,  субстантивтенген  басқа  есімдердің  əр 
алуан сапасын, меншіктілік-тəндік қатынасын білдіру үшін жұмсалса, пысықтауыш, негізінде, заттың 
қимылдық сапасының сапасын, белгісін білдіреді [1]. 
Үнемдеу заңы адамға өз ойын көп сөйлемей-ақ, өз уақытын үнемдеу мақсатында аз ғана сөзбен 
білдіруге себепкер болады. Ал мұның өзі белгілі бір ойды білдіру үшін керекті сөйлем мүшелерінің 
сөйлем  құрамында  түгел  болмауына  əкеп  соқтырады.  Осыдан  сөйлемнің  грамматикалық  жақтан 
толымсыздығы туындайды. Бірақ бұл құбылыс бір тілде сөйлеуші əлеуметтік жағынан, аялық білімі 
деңгейлес  коммуниканттардың  арасында  ойды  жеткізу  мен  қабылдауда  қиыншылық  немесе 
түсініксіздік  тудыра  қоймайды.  Сондықтан  тілімізде  коммуникациялық  жағдайдың  орнына  қарай, 
толымды да, толымсыз да сөйлемдер қолданыла береді. 
Толымсыз сөйлемдердің тілде өзіндік ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлемнің толымсыз 
түрде жұмсалуы оның грамматикалық белсенділігін төмендетпейді, сондай-ақ кемшілігі бар  сөйлем 
деуге де мүмкіндік бермейді. Толымсыз сөйлемдер кез келген жағдайда толыққанды сөйлем ретінде 
керекті хабарды үнемді əрі дəл жеткізіп жəне өздерінің коммуникативтік қызметін еш толықтырусыз, 
түсіп қалған мүшелерін қалпына келтірмей-ақ атқара береді. 
Ал  толымсыз  сөйлемдердің  толымсыздығы  бас  мүшесінің  ғана  емес,  кез  келген  мүшесінің 
түсірілуінен  де  көрінеді,  сондай-ақ  сөйлем  мүшесінің  түсірілуі  контекске,  жағдаятқа  жəне  стильдік 
мақсаттарға байланысты болады. 
Берілген ойымызды дəлелдеу үшін, алдымен, тіл білімінде, қазақ тіл білімінде мəтінге берілген 
анықтамаларды, негізгі белгілерін көрсете кетейік. 
Сөйлем  толымсыздығын  анықтау  факторлары  жайлы  А.М.Пешковский  мынадай  екі  факторды 
атап көрсетеді: 
1) сөйлеу сəтіндегі сөздердің өзара байланысы, яғни контекстің болуы; 
2) сөйлеу əрекетінде сөздердің басқа нақты көріністермен алмастырылуы [2; 35]. 
Б.Шалабай  «мəтін»  ұғымына  анықтаманы  былайша  береді: «Мəтін  (текст)  латынша — 
байланысу, бірігу — тілдік таңбалардың мағыналық жəне тұлғалық байланыстығы негізінде түзілген 
ізбе-ізділігі.  Мəтіннің  құрылымы  мына  талаптарға  жауап  бергенде  ғана  жүзеге  асады:  сыртқы 
тұлғалық  байланыстарға,  белгілі  бір  ішкі  мағынаға  (мазмұнға)  жəне  дер  кезінде  қабылдана  алу 
мүмкіншіліктеріне  ие  болуы,  қарым-қатынас  жасауды  іске  асыру  т.б.  Мəтіндегі  тілдік  тұлғаларды 
байланыстырушы  құралдарға  қосымшалар,  қыстырмалар,  қайталаулар,  сөздердің  орын  тəртібі, 
интонация, есімдіктер т.б. жатады. 
Мəтін — сөйлеу процесінің жемісі. Ол тілді жүйелі қолданудың барысында ғана пайда болады. 
Мəтін — жазудың  шығуымен  байланысты  қалыптасып  жетілген  жəне  əрі  қарай  дамып  отыратын 
тілдік  құрылым.  Мəтіннің  негізгі  категорияларына  хабарлау,  қосымша  хабар  (подтекст) 
біртұтастығы, уақыт бірлігі, модальдық т.б. жатады [3]. 

Детерминанттардың тарихи ескерткіштердегі ... 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
35 
Мысалы: Тəкежан Абайға қарап мақтана күлді. Өзінің жігіт болып қаршығаға құс ілдіретінін 
Абайға  əрқашан  бұлдаушы  еді.  Оны  əлі  де  өзінің  шерігіне  де  татымайтын:  бос,  болбыр  бала 
көретін. Үйткені, Тəкежан осы жазда қайнына да барып келді. Өзінің жігіт-желең жолдастары да 
бар.  Қазірде,  түн  сайын  қыз  аңдып,  ауыл-ауылды  шулатып  та  жүреді.  Абай  ондайдың  біріне  де 
жараған  жоқ  (М.Ə.).  Осы  мəтіннен  іс-əрекеттің  Тəкежанға  ғана  қатысы  оны  біртұтас  етіп,  бір 
уақытта  болған  оқиғаны  суреттеп  хабарлауы  аңғарылады.  Мұндағы  ойлар  тізбектеліп,  оларды 
есімдіктер (өзінің) жəне қайталаулар (Абайға) байланыстырған. 
Мəтінді  прагматикалық  аспектіде  қарастырған  З.Ш.Ерназарова  оған  мынадай  анықтама  береді: 
«Мəтін  деп  сөйлеуші  мақсатына  сай  аяқталған  ойды  білдіретін  бір  немесе  бірнеше  сөйлесімдер 
тізбегін» айтамыз. Тілдің иерархиялық құрылымында мəтін семантика-синтаксистік құрылым ретінде 
жоғары  деңгей  болып  есептеледі.  Ал  сөйлеу  бірлігі  ретінде  мəтін  сөйлесіммен  салыстырғанда, 
бүтіндік сипатқа ие. Ол ортақ мақсаттағы бірнеше сөйлесім тізбегі болуы мүмкін [4]. 
Ж.Т.Қайшығұлова мəтінді сөзжұмсам тұрғысынан қарастырады: «Мəтін, біріншіден, кез келген 
сөйлемдердің  кездейсоқ  жиынтығы  емес.  Мəтін — мағыналық-логикалық,  формальдық-
грамматикалық жақтан ұйымдасқан сөзжұмсам бірлігі» [5]. 
Сонымен,  жоғарыдағы  анықтамаларды  тұжырымдай  келе,  мəтінге  мынадай  анықтама  беруге 
болады: Мəтін дегеніміз — құрылымы жəне білдіретін мазмұны тұрғысынан алғанда  тұтас, ауызша 
немесе жазбаша түрдегі кез келген сөзжұмсам бірлігі. 
Сөйлемдердің  бір  қасиеті  мəтін  арасын  байланыстырушылық  болып  табылады.  Оның  ішінде 
толымсыз  сөйлемдердің  осындай  қызметі  зор.  Сөйлемнің  барлық  мүшесі  контекст  пен  ситуацияға 
байланысты толымсыздыққа ұшырайды. 
Пысықтауышсыз  толымсыз  сөйлемдерді  айтқанда,  қазіргі  синтаксиспен  салыстырсақ, 
детерминативті пысықтауыштарға тоқталмасқа болмайды. 
Лингвистикалық түсіндірме сөздікте детерминантқа мынадай анықтама берілген: «Детерминант 
—  сөйлемнің  басқа  мүшесімен  байланысы  жоқ,  бірақ  бүкіл  сөйлем  құрамына  қатысы  бар  сөйлем 
мүшесі.  Детерминант  сөйлемнің  семантикалық  құрылысын  жасауға  қатысады.  Көп  жағдайда  оның 
міндетті түрдегі семантикалық компоненті болады» [6]. 
З.С.Күзекова «Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыш» атты кандидаттық диссертациясында 
детерминативтік  құбылыстың  мынадай  белгілерін  көрсетеді.  Қазақ  тіліндегі  детерминативтік 
құбылыстың  ең  басты  белгісінің  бірі — сөйлемдегі  детерминаттардың  орнының  жылжымалылығы, 
екінші  белгісі — сөйлемдегі  орын  тəртібіне  қарамастан,  детерминанттардың  мағыналық-
семантикалық  тұрғысының  сақталуы.  Детерминанттар  сөйлемнің  қай  шенінде  тұрса  да,  өзінің 
бастапқы 
синтаксистік-семантикалық 
мағынасынан 
ауытқымайды. 
Үшінші 
белгісі — 
детерминанттардың  жалаң  сөйлемдерді  жайылма  сөйлемге  айналдыруға  ұйытқы  болу  қабілетімен 
қоса,  өзінен  бастап  предикаттық  діңгекке  дейінгі  аралықтағы  сөйлем  мүшелерінің  барлығына 
қатысты  болатындығы  дей  келе,  детерминативке  былайша  анықтама  береді:  детерминативтер 
дегеніміз — сөйлемдегі орнының жылжымалылығына қарамастан, əрқашанда өздерінің мағыналық-
семантикалық тұрақтылығын сақтай отырып, жайылма сөйлемдер жасауға ұйытқы бола алатын жəне 
өзінен  кейінгі  барлық  мүшелерге  қатысты  болатын  тұрлаусыз  мүшелер [7; 19]. Осындай  пікірді 
О.А.Крылова да айтқан болатын [8]. 
«Жами’ат-Тауарих» ескерткішінен мысал келтіріп көрейік. Қадим алайам дын берү һəр ихлим да 
дүнйа  дағы  халқ  шаһар  олтуруш  лық  болсун,  уа  сахарада  олтурушлуқ  болсун  анларның  хад  (и) 
ниһайаты  йоқ  ерді  лер (11). Аудармасы:  Ерте  заманнан  бері  дүниенің  əр  ықылымындағы 
(тарапындағы) халықтар — шаһарларда отыратындары болсын, сахарада отыратындары болсын, 
олардың  белгілі  шекаралары  жоқ  еді (22).  Осындағы  қадим  алайам  дын  берү  (ерте  заманнан  бері) 
детерминанты  барлық  сөйлем  мүшелеріне  қатысты,  əрі  оның  орнын  ауыстырсақ  та,  мағынасы 
өзгермейді.  Ал  «Шежіре-и  түркіден»  алынған  мысалдан  да  осы  жайды  аңғаруға  болады.  Мəселен
1.Жəнібек  хан  өлкендін  соң  тəбриздін  Бердібек  хан  Сарайчық  келді. 2.Үч  күн  ‘аза  тұтдылар. 
3.‘азадын соң тəмам шаһзадалар уа əмірлер Бердібек хан ны хан қылдылар (137). (Сөйлем түсінікті 
болған соң, аударма берілмеді). 
Актуалды мүше компоненті ретінде жекелеген роль атқаратын кез келген септік немесе көмектес 
септік формасы (сондай-ақ үстеу немесе көсемше) детерминатив бола алады [7; 47]. 
Н.Ю.Шведова  осы  мəселеге  арналған  мақаласында: «Детерминативті  объект  деп  бағыттық 
қатынастағы  сөйлемнің  предикативті  негізімен  байланысты  зат  пен  жақты  білдіретін  септік  немесе 
көмектес  септік  формасындағы  тіркестерді  айтамыз.  Детерминативті  пысықтауыш  сөйлемнің 

З.Н.Жуынтаева  
36 
Вестник Карагандинского университета 
предикативтік негізін предикативтік белгілердің пайда болу сипаты мен шарты бойынша анықтайды. 
Мекен,  мезгіл,  себеп,  мақсат,  бір  нəрсенің  сəйкес  келу  немесе  сəйкес  келмеу  салдарын  жəне  т.б. 
білдіре  отырып,  детерминативті  пысықтауыш  үстеу  формасында  немесе  көмектес  септік  тіркесімен 
келеді» [9], — деп  көрсетеді.  Осы  көзқарасқа  сүйене  отырып, «Жылнамалар  жинағынан»  мысал 
келтірейік. 1. Аууал башта анлар ның заманында бу лафз ерді бу бір моғол бір қаум ерді. 2. Китаб 
сыз қаум дын ерділер. 3.Уа нечүк кім инайат анлар хақында курб төрт йүз йыл заман кечкендін соң 
анлар  ның  уруғы  бисйар  көб  болды. 4. Анларның  касраты  өнгін  қаумдын  артуқрақ  болды. 
5. Анларның қут даулатлары өнгін уилайат лар да аты чауы чықты. 6. Нечүк кім ақсар атырақны 
моғол теб айтурлар, андағ кім мундун ілгəрі татар ғалиб ерді. 7. Жүмлəні татар теб айтур ерділер, 
уа һануз, араб, уа һинд, уа хытай татар ны білурлер ерді, уа бу моғол лар асли екі бөлек болуб өтті 
лер (16–17). — Аудармасы: 1.Əуел  баста  бұлардың  замандарында  осылай  аталған  бұл  бір  моғол 
қауымы  еді. 2. Яғни  кітапсыз  қауымнан  еді. 3. Алла  тағала  жар  болып  төрт  жүз  жылдай  уақыт 
өткен  соң,  олардың  ұрпақтары  көбейіп  іргелі  ел  болды. 4.Олардың  мəртебесі  өзге  қауымдардан 
артығырақ  болды. 5. Олардың  қуат  (құт)  дəулеттері  туралы  басқа  уəлаяттарда  да  аты  ерекше 
шықты. 6.Оларды, яғни осынау қалың түрікті, моғол деп атады, өйткені мұнан ілгері татар жеңіп 
бағындырған  жұрттың  бəрін  татар  деп  атап  еді. 7. Əркімдер  араб,  үнді  (хинд),  қытай 
татарларды  білетін  еді,  бұл  моғолдардың  негізі  екі  бөлек  болып  кетті (25). Келтірілген  үзіндінің 
бірінші  сөйлеміндегі  аууал  башта  (əуел  баста)  деген  сөз  тіркесі  мезгіл  мағыналы  детерминатив 
келесі сөйлемдегі төрт йүз йыл заман кечкендін соң (төрт жүз жылдай өткен соң) детерминантымен 
ұласып  тұр.  Осы  соңғы  детерминатив  мəтіндегі  əрбір  сөйлемге  қатысты  екендігі,  əрі  мезгілдік 
мағынада  қолданылып  тұрғандығы  аңғарылады.  Сонда  детерминативтің  мəтіннің  əрбір  сөйлемінде 
қолданылмаса да, яғни түсірілсе де, өз мағынасын сақтап мəтін байланыстырушылық қызмет атқарып 
тұрғандығын  байқауға  болады.  Осы  жайтқа  байланысты  мына  бір  тоқтамға  келуге  болады  деп 
ойлаймыз.  Пысықтауыштық  детерминанттардың  əр  түрлі  типтері  бар:  олардың  біреуі  негізгі 
оқиғаларға  немесе  олардан  өрбитін  оқиғаларға  тікелей  əсер  ететін  факторларды  атаса,  екіншісі 
құбылыстардың  қосымша  сипатын  көрсетеді.  Сонымен,  пысықтауыштық  детерминанттардың 
төмендегідей типтерін атауға болады: 
1. Құбылыстың, заттың мезгілінен, мекенінен хабар беретін фондық сипаттағы мағыналы түрі. 
2. Себебін, шартын атайтын шарттылық мағыналы түрі. 
3. Негізгі ситуацияның əр түрлі сапалық сипатын білдіретін меншікті мағыналы түрі [10]. 
1.Оғуз  ның  аслы  урты  тағуа  Көз  тағда  ерді. 2. Ол  йерге  барды,  азим  улуғ  ба  ‘айат  йығды. 
3. Алтын лығ ба’айат хуб али үй тікді. 4.Улуғ той қылды. 5. Бір нечə улус лəшкəрні хазр қылды. 6. Бір 
нечəсін олтуртды (24). — Аудармасы: 1. Оғыздың негізгі жұрты Бару тағ жəне Көз тағда (тауда) 
еді. 2. Сол  жерге  барды,  өте  үлкен  құдіретті  баят  жиды. 3. Алтыннан  шектен  тыс  көркем  үй 
тікті. 4. Үлкен той қылды. 5. Бірнеше ұлыс əскерін əкелді. 6. Баршасын отырғызды (30). Осындағы 
2-сөйлемдегі ол йерге (сол жерге) детерминанты өзінен кейінгі барлық сөйлемге ортақ жəне мекендік 
мағынаны  білдіріп  тұр.  Шежіреде  мезгілдік  мағынадағы  детерминанттар  көптеп  кездеседі.  Басқа 
мағынадағы  детерминанттар  да  ұшырасады.  Мысалы:  1.  Шул  даулат  сіз  лікдін  өзлері  батин 
андишалар  қылыб  өнгə  йақға  көңүл  бөлді  лер. 2. Күнакар  болды  лар,  шул  мартаба  дын  имаратдын 
түшті  лер (95). — Аудармасы: 1.Сол  бассыздықтан  өздері  батин  андишалар…  өзге  жаққа  көңіл 
берді. 2. Күнəлі  болды…  жəне  сол  мəртебе  мен  құрметтен  айырылды (76). Не  себептен  күнəлі 
болғандығын, мəртебе мен құрметтен айрылғандығын сөйлем басындағы шул даулат сіз лікдін (сол 
бассыздықтан)  детерминанты  айқындап  тұр. «Түркі  шежіресінен»: 1.Шол  уақытда  ұйғұр  Құрбан 
хажы  текен  хан  ның  андын  ұлұғ  бекі  йоқ  ерді. 2.Аны  йіберді  ұғланларым  келіб  мені  көрсүн  теб. 
3.Хажы  сабахи  йетішді (148). Мұнда  да  сол  уақытта  детерминативі  əрбір  сөйлемге  қатысты  екені 
көрінеді. 
Детерминанттардың  мəтін  мен  семантика  сипаты  арасындағы  байланысы  локалды 
детерминанттарды  туғызады,  яғни  суреттеу  (описательные)  мəтіндерін  ұйымдастырады,  мезгіл 
детерминант  баяндала  айтылатын  көркем  мəтіндерді  ұйымдастырады.  Мəтіннің  суреттеу  типті 
детерминанттары  етістік  формаларына  сəйкес  қолданумен  қатар  суреттеу  тəсіліне  тəн  локалды 
детерминанттарды  қолдану  болып  табылады.  Локалды  детерминант  іс-əрекеттің  жүруін  суреттеуде 
мəтіннің мазмұнды компоненттерін байланыстырушы элементтік ролі тəрізді əр түрлі іс-əрекеттерді 
белгілейтін  сөйлемдерді  таратады.  Баяндала  айтылатын  мəтіндерде  сюжеттің  динамикалық  дамуы 
беріледі.  Мəтіннің  баяндала  айтылатын  типінде  құрылымында  қажетті  мəтін  қалыптастырушы 

Детерминанттардың тарихи ескерткіштердегі ... 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
37 
факторы шаққа сəйкес етістік баяндауыштардың мезгілдік детерминанты болып табылады. Мəтіннің 
баяндала айтылатын типінде шақтың семантикалық мағынасына қарай контексті 3 түрге бөледі [11]. 
1. Іс-əрекет  пен  оқиғалар  бірінен  кейін  бірі  суреттеледі,  бұл  əрекеттер  бір  адамға  ғана,  яғни 
детерминант  қатысқан  сөйлемдер  бір  объектілі  болып  келеді. «Жами’ат-Тауарих»  ескерткішінен 
мысал: 1. Мөрин йыл, йа’ни йылқы йылы болғай, алты йүз алтыда уа ақи шабан айында. 2. Чиңгиз 
хан  бу  йылда  йазғысын  үйінде  ерді,  күзгісін  йана  қатла  тоқуш  қылмақға  уилайат  Таңқут  қа 
атланды. 3. Ол уилайат ның падшаһы Шидурғу атлығ ерді. 4. Қызын муңа берді (63). — Аудармасы: 
1. Мөрин жылы, яғни жылқы жылы болғай, алты жүз алтыда басталды шабан айында. 2. Шыңғыс 
хан бұл жылдарда жазғытұрым үйінде еді, күздігүні тағы жəне соғыс қылмаққа Таңғут уəлаятына 
аттанды. 3. Ол  уəлаяттың  патшасы  Шидурғу  атты  еді. 4. Қызын  бұған  берді (57). Мұндағы 
бірінен  кейін  бірі  болып  жатқан  іс-əрекеттер  Шыңғыс  ханға  ғана  қатысты. «Шежіре-и  түркі» 
ескерткішінен  мысал:  1.Ұғлы  ‘араб  Мұхаммед  сұлтан  ны  хан  көтерділер. 2. Кəт  уəлаят  ны 
һазарасыб  үстіке  Спандияр  сұлтанға  берділер. 3. Хан  болғандын  алты  ай  өткендін  соң  Қошйайық 
текенде  йүрүкен  орұс  ның  қазақындын  мың  кіші  саратан  ның  əууелі  күні  ғафіл  келіб  Үркеніч  нің 
қаласына кірді (145). Бұл жерде оқиғалар ұлына қатысты болып тұр. 
2. Іс-əрекет  пен  оқиғалар  бір-біріне  қарама-қарсы  бірнеше  субъектілерге  қатысты  болады. 
«Жылнамалар жинағынан» мысал: 1. Лу йылы алты йүз төрт де уа ақи ражаб айында Чиңгиз хан бу 
йылларда  йазғысын  өз  үйінде  ерді. 2. Қышқысын  меркит  нің  падшаһы  Тоқба  беки  ге  атланды. 
3. Тайан хан ның оғлы Күшлік Тоқба беки бірлə бір ерді лер. 4. Екі лəшкəр тоқуш қылдылар. 5. Тоқба 
беки  ол  тоқуш  да  оқ  өлді. 6. Ағасы  ның  оғлы  қачыб  уилайат  Уйгурға  барды. 7. Күшлүк  қачыб 
Түркстан ның хакимі қара хытай Гөөр хан ға  барды (62–63). — Аудармасы: 1. Лу  жылы, яғни  ұлу 
жылы болғай, алты жүз төртте, басталды ражаб айында. 2. Шыңғыс хан бұл жылы жазында өз 
жұртында  еді,  қысында  меркіттің  патшасы  Тоқба  бекке  аттанды. 3. Таян  ханның  ұлы  Күшлік 
Тоқба бекпен бірге еді. 4. Екі əскер қақтығысты. 5. Тоқба бек сол қақтығыста өлді. 6. Ағасының ұлы 
қашып  ұйғыр  уəлаятына  барды. 7. Күшлік  қашып  Түркстанның  əкімі  қара  Қытай  Гурханға  барды 
(56).  Бір  мезгілде  (ұлу  жылының  қысында)  болған  іс-əрекеттер  əр  түрлі  субъектіге  (Шыңғыс  хан, 
Күшлік, Тоқба бек, ағасының ұлы) қатысты болып тұр. «Түркі шежіресінен»: 1.’Араб Мұхаммед хан 
тахтыға  олтұрғандын  соң  он  төрт  йыл  болғанда,  Хабаш  уа  Илбарыс  жау  болғаны  ның  зікірі. 
2. Хабаш  сұлтан  он  алты  йашына  йетді.  Илбарыс  сұлтан  он  төрт  йашына  йетді. 3. Екісі  һəм 
Хиұқда өсті. 4. ‘араб Мұхаммед хан Үркеніч барыб ерділер. Хиұқда дəүлет шарабына маст болған 
өзбекнің йікітлері Хабаш сұлтан бірлəн Илбарысыны атлантұрұб Үркенічке Уəзірке жар қыла кіші 
йіберді (147). Бір мезгілдегі əр түрлі субъектінің (Хабаш пен Илбарыс сұлтанның, өзбектің жігіттері) 
іс-əрекеті баяндалған. 
3. Іс-əрекеттер мен оқиғалар бір адамға қатысты, бірақ бұл іс-əрекеттер əр түрлі мезгілде жүзеге 
асады. «Жами’ат-Тауарихтың» Шыңғыс хан туралы тарауында Шыңғыстың жастық шағынан бастап, 
өмірінің соңына дейінгі əр жылдағы іс-əрекеттері баяндалады. 
Ноқай йыл, йа ни ит йылы болғай алты йүз онда уа ақи шаууал айында. Чиңгиз хан бу йыллар 
һəм ол уилайат Хытайда ерді. Оғлан ларын, улуғ ларын ол уалайат тегрəсіндегі халқны бақтурурға 
машғул болды (64). — Ноқай жылы, яғни ит жылы, алты жүз онда яки шаууал айында. Шыңғыс хан 
бұл  жылдары  елі  Қытай  уəлаятында  еді,  ұлдарын,  ұлықтарын  ол  уəлаят  төңірегіндегі  халықты 
бағындырумен  əуре  еді (57).  Немесе:  Тауалы  йыл,  йа  ни  қойан  йылы  болғай,  алты  йүз  үч  де  уа  ақи 
ражаб айында. Чиңгиз хан бу йылда ең иілік уилайат Қашин ны мусаххар қылыб ерді. Йана башдын 
йағы болды. Ол уилайат қа тоқуш мақға атланды. Уа тамами ол уилайатны мусаххар қылдурды уа 
һəм  ол  йыл  оқ  Қырқызға  кіші  йіберді.  Елчі  лері  анлар  ел  болдылар.  Ол  елчі  лер  өзлері  білəн  ақ 
саңқурлар,  бөлек  лер  келтүрді.  Анлар  бу  елчі  лер  дін  йіберді (62) — Толай  жылы,  яғни  қоян  жылы 
болғай,  алты  жүз  үште,  басталды  ражаб  айында.  Шыңғыс  хан  бұл  жылы  оның  елін  уəлаят 
Қашинді бағындырып еді жəне  жаңадан көтерілісі болды, ол уəлаятқа  соғысқа аттанды жəне  ол 
барлық уəлаяттарды бағындырды. Жəне сол жылы-ақ Қырғызға өзіне бағынуды сұрап елші жіберді. 
Олар  ел  болды  (бұған  бағынды).  Оның  ол  елшілері  өзімен-ақ  сұңқарлар,  бөлектер  (сыйлықтар) 
келтірді.  Олар  бұл  елшілерден  жіберді (56).  Осылайша  Шыңғыс  ханға  қатысты  оқиғалар  жалғаса 
береді.  Немесе  Əбілғазы  хан  шежіресінен  мысал  берсек: 1.Йадкар  ханда  атамыз  бен  анамызның 
атасы қашұлұр. 2. Алты йашқа йеткенде анамыз хақ рахметін кетді та он алты йашға че Үркенічде 
ата қолұнда болдұқ. 3.Андын соң атамыз кəдхұдай қылды…(158). Субъектінің əр кездегі оқиғалары 
айтылып, жалғасып кете береді. 

З.Н.Жуынтаева  
38 
Вестник Карагандинского университета 
Мəтінді бір тұтас етіп біріктірудің синтаксистік тəсілдерінің бірі осы сөйлемнің қатарына енетін 
сөйлемдегі элементтердің бірінші орынға тікелей жылжымалылығы, бірақ мағынасы жағынан басқа 
сөйлемдермен  қатысы  бар  сөйлемдер  байланысы  болып  табылады.  Бұндай  элемент  күрделі 
синтаксистік  тұтастық  құрамындағы  жекелеген  сөйлемдерді  біріктіруде  шегендеуіштер  қызметін 
атқарады деп [12], пысықтауыштық детерминаттардың мəтін байланыстырудағы ролі туралы айтады. 
Алғашқы сөйлемі пысықтауыштан басталатын тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықта алғашқы 
сөйлем хабарлы сөйлем болып келеді. Жəне мезгіл не мекен пысықтауыштан басталады, кейде екеуі 
қатарласып, мезгіл пысықтауыштан кейін мекен пысықтауыш келеді де, қалған сөйлем мүшелері əрі 
қарай  жалғасып  кете  береді.  Күрделі  синтаксистік  тұтастықтың  мазмұны  мезгіл,  мекен 
пысықтауыштарынан өрбіп, содан шығып тұрады [13]. 
И.В.Ковтунова да сөйлемдердің детерминативті мүшелерінің өздерінің қызметі бойынша 2 түрге 
бөліп  қарастырады: 1. Бірінші  түріне  субъектілі  жəне  объектілі  мағыналарды  білдіретін 
детерминативті  мүшелерді  жатқызады. 2. Екінші  түріне  пысықтауыштық  детерминанттарды 
жатқызады [14]. Ал  З.С.Күзекова  кез  келген  тұрлаусыз  мүшелердің  детерминатив  бола 
алмайтындығын ескертеді [2; 19]. 
Дей тұрсақ та, Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың «Жами’ат-Тауарих» жəне Əбілғазы ханның 
«Шежіре-и  түркі»  жазба  жəдігерліктерінің  мəтінін  синтаксистік  деңгейде  тұтас  талдау  нəтижесінде 
сөйлем мүшелерінің, атап айтқанда, пысықтауыштың жанасу арқылы сөйлемішілік қана емес, мəтін 
ыңғайында детерминативтік қызмет атқарғанына, атқарып келе жатқанына көз жеткіздік. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. — Астана, 2006. — 177-б. 
2  Пешковский А.М. Русский синтаксис в научном освещении. — М., 1956. — 511 с. 
3  Шалабаев Б. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастық // Қазақ филологиясы. — ІІ-кіт. — Алматы, 1975. 
— 20-б. 
4  Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. — Алматы, 2001. — 25-б. 
5  Қайшығұлова  Ж.Т.  Қазақ  мəтінінің  күрделі  тұтасым // Абзац  деңгейінде  мүшеленуі:  Филол.  ғыл.  канд. …дис. — 
Алматы, 2001. — 14-б. 
6  Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. — Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. — 70-б. 
7  Күзекова З.С. Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыш: Филол. ғыл. канд. … автореф. — Алматы, 1995. — 20 б. 
8  Крылова О.А. Детерминанты в аспекте коммуникативного синтаксиса // Вопросы языкознания. — 1976. — № 2. — С. 
7. 
9  Шведова  Н.Ю.  Детерминирующий  объект  и  детерминирующее  обстоятельство  как  самостоятельные 
распространители предложения // Вопросы языкознания. — 1964. — № 4. — С. 81–86. 
10  Елисеев Ю.В. Семантика детерминантов в номинативных предложениях: Автореф. …канд. филол. наук. — М., 1991. 
— С. 10. 
11  Павловская  М.А.  Функционирование  детерминантов  в  тексте // Функционирование  синтаксических  категорий  в 
тексте: Межвуз. сб. науч. тр. — Л., 1981. — С. 59. 
12  Коляденко  К.С.  Из  наблюдений  над  детерминирующими  обстоятельствами  в  структуре  сложного  синтаксического 
целого. (К синтаксису анализа связной речи) // Русский язык в школе. — 1972. — № 2. — С. 87. 
13  Қазақ грамматикасы. — Астана, 2002. — 743-б. 
14  Ковтунова И.В. Современный русский язык. Порядок слов и АЧ предложения. — М.: Просвещение, 1976. — С. 61. 
 
 
 
З.Н.Жуынтаева  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет