№2(62)/2011 Серия филология



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата06.03.2017
өлшемі2,23 Mb.
#7924
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

 
Список литературы 
1  Залевская А.А. Введение в психолингвистику. — М.: Изд. РГГУ, 1999. — 382 с. 
2  Леонтьев А.А. Язык, речь, речевая деятельность. — М.: Просвещение, 1969. — 214 с. 
3  Ершова  Т.А.  Русско-немецкие  ассоциативные  портреты  (опыт  интерпретации):  Дис. ... канд.  филол.  наук. — М., 
1998. — 149 с. 
4  Сикевич З.В. Социологический эксперимент. — СПб.: Изд. Санкт-Петербургского ун-та, 2000. — 370 с. 
5  Тарасов Е.Ф. К построению теории межкультурного общения // Языковое сознание. Формирование и функциониро-
вание. — М.: ИЯ РАН, 2000. — С. 30–35. 
6  Сорокин Ю.А. Антропоцентризм vs антропофилия: доводы в пользу второго понятия // Язык, сознание, коммуника-
ция. — Вып. 4. — М., 1998. — С. 5–14. 
7  Дмитрюк  Н.В.  Свободный  ассоциативный  эксперимент  как  способ  доступа  к  исследованию  языкового  сознания / 
Материалы  Третьей  междунар.  науч.-практ.  конф. «Слово  в  языке  и  речи»,  посвященной  памяти  д-ра  филол.  наук,  проф. 
О.А.Султаньяева // Вестн. Кокшетауского гос. ун-та им. Ш.Уалиханова. Серия «Филологическая». — № 3–4. — Кокшетау, 
2011. — C. 81–86. 
8  Попова З.Д., Стернин И.А. Очерки по когнитивной лингвистике. — Воронеж: Истоки, 2001. — 192 с. 
9  Дмитрюк С.В. Образ времени в сознании носителей русской, казахской и английской культур: Дис. ... канд. филол. 
наук. — М., 2001. — 193 с. 
10  Боев Е.П. Идея времени в тексте // Годишник на Софийския университета. — Т. XIV, 2. — София, 1970. — С. 71–79. 
 
 
 
Ф.Т.Саметова  
Психолингвистикалық тəжірибе концептің мəндік  
толуын айқындау құралы ретінде 
Əр  лингвомəдениет  аясындағы  құндылықтар,  олардың  жеке  санадағы  көрінісі  лингвомəдени 
концептілердің  мазмұнына  өз  əсерін  тигізеді.  Психолингвистикалық  тəжірибелерді  тілдік  сананы 
зерттеуде таптырмас құралдардың бірі ретінде қарастыруға болады. Мақалада қазақ жəне орыстардың 
тілдік  санасында  «уақыт»  концептісінің  тілдегі  көрінісі,  концептінің  ұлттық-мəдени  жəне  ортақ 
ерекшеліктері айқындалады. 
Developed in defined linguocultural axiological representations, their refractions in individual consciousness 
leave traces on the semantic maintenance linguocultura concepts. Psycholinguistic experiments allow to make 
a cut of modern reactions on investigated concept. In given article results of revealing by means of associa-
tive experiment of specificity of perception «time» concept are considered by language consciousness of Ka-
zakhs and Russian. 

16 
Вестник Карагандинского университета 
ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМІ 
КАЗАХСКОЕ  ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
ƏОЖ 81'367:811.512.122 
Н.Əбдікəрим  
Қарағанды мемлекеттік индустриялық университет, Теміртау 
Қазақ, монғол тілдерінде тұрлаулы мүшелердің берілу жолдары, 
ұқсастығы мен айырмашылықтары
 
Мақала  қазақ  жəне  моңғол  тілдерінің  негізгі  тұрлаулы  мүшелерінің  берілу  жолдарына  арналған. 
Автор бұл тілдерде тұрлаусыз мүшеге қарағанда тұрлаулы мүшелердің айырмашылықтары көп екенін 
көрсетті.  Тіл  грамматикасындағы  морфологияға  қарағанда  синтаксистің  өзгеруге  ықшамдығы 
айтылды. Сондай-ақ тұрлаулы мүшелер құрылымдық негізді қалыптастырады жəне сөйлем түрлерінің 
типін  анықтайды.  Сонымен,  тілдегі  сапалы  өзгерісті,  бірінші  кезекте,  сөйлемнің  тұрақты  мүшелері 
өткереді.  Автор  кез  келген  тілдегі  құрылымдық  өзгерістер  тұрлаулы  мүшелердің  өзгерістеріне 
сүйенеді деген қорытындыға келді.  
Кілтті сөздер: қазақ, монғол тілдері, тұрлаулы мүшелер, тұрлаусыз мүшелер, сөйлем, салғастырмалы 
грамматика, қазақ тілінің синтаксисі, монғол тілінің синтаксисі, морфологиясы. 
 
Бастауыш  пен  баяндауыш  сөйлемнің  негізі — предикативтілікті  құрайтындықтан, 
салғастырмалы  зерттеулер  үшін  тұрлаулы  мүшелердің  жасалу  жолдарындағы  ұқсастықтар  мен 
айырмашылықты айқындап алу да маңызды мəселелердің бірі болып табылады. 
«Жалпы  алғанда,  бастауыш  бола  алмайтын  сөз  жоқ.  Белгілі  жағдайда  (субстантивтеніп 
қолданылғанда) тіпті өз алдына сөйлем мүшесі болмайды дейтін шылау сөздер де, сөз емес, сөз құрау 
үшін жұмсалатын жеке дыбыстар да сөйлемде бастауыштық қызметте жұмсалуы мүмкін» [1]. Қазақ 
ғалымдарының  бұл  пікірін  монғол  тіліне  де  қатысты  айтуға  болады.  Ал  бастауыштарды  танытатын 
айырым  белгілері — грамматикалық  тұлғалардында  біраз  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар 
байқалады. 
Салғастырылып  отырған  тілдерде  бастауыштың  қызметін  атқаратын  сөздер  атау  септігінің 
тұлғасында  да,  көптік,  тəуелдік  қалпында  да  бастауыш  бола  алады.  Бірақ  монғол  тілінің  жай 
сөйлемдері,  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  мүше  сөйлемдерінде  бастауыштың  негізгі  тұлғасы  атау 
септігі  болғанымен, мағыналық  субъект  грамматикада  бастауыш  ретінде  көрінгенде, атау  септігінің 
тұлғасынан ауытқып, харьяалах (ілік), заах (табыс), гарах (шығыс), үйлдэх (қимыл) септіктерімен де 
тұлғаланады.  Қазақ  тілінің  деректерінде  де: «Бастауыштар  кейде  формаланбаған  ілік  септігінде  де 
айтылады; ондай ілік септікті бастауышы бар сөйлемнің баяндауышы тəуелдік жалғаулы сөз күрделі 
баяндауыштың құрамында болып келетін» [2] жағдайлар кездеседі. Бұл құбылысты проф. М.Балақаев 
«субъектінің активтенуі» деп атағаны белгілі жəне осы пікір қазақ тіл білімінде ғана емес, түркітану 
ғылымында орнықты. 
Қазақ,  монғол  тілдерінде  бастауыштардың  грамматикалық  берілу  жолдарын  салғастырып 
көрейік. 
1. Зат есім, оның орнына жүретін есімдік, субстантивтенген тағы да басқа сөз таптарының атау 
септігімен беріледі. Мысалы: Бұл ұлы тарихи даму Əмір Темірсіз де жүріп жатқан (І.Е.). Энэхүү их 
түүхэн хөгжил Амир Төмөргүй ч явагдаж байлаа. 
2. Көптік  жалғаулы  сөздер  грамматикалық  жағынан  сөз  тудырушы  рөл  атқаратындықтан, 
субстантивтік сипаттағы бастауыштың белгісі бола алады. Мысалы: Бірсыпыра жуандар, пысықтар 

Қазақ, монғол тілдерінде тұрлаулы мүшелердің
 
… 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
17 
Бекбосынды  ортаға  алып,  арыздарын  айтысып  жатыр  еді. (Б.М.)  Хэсэг  бүдүүс,  сэргэлэнчүүд 
Бекбосыныг дундаа оруулаад гомдлоо мэдүүлцгээж байсан билээ. 
3. Қазақ,  монғол  тілдерінде  зат  есім,  оның  орнына  жұмсалатын  сөзтаптары  тəуелдік 
жалғауларында  тұрып  бастауыштың  қызметін  атқарады. Бірақ  қазіргі монғол  тілінде  «Частица  чинь 
(от чиний «твой, твоя») утратила значение не только числа, но и лица» [3], сондықтан І-жақ  жіктеу 
есімдігі  (би,  бид — мен,  біз)  жəне  ІІІ  жақ  жіктеу  есімдігі  (тэр,  тэд — ол,  олар)  ІІ-жақтың  тəуелдік 
жалғауын (чинь) жəне ІІ-жақ жіктеу есімдігі (чи — сен, та — сіз, та нар — сіздер) І-жақтың тəуелдік 
жалғауын қабылдау арқылы бастауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Тэгээд амин дээрээ тулахаар 
тэр  чинь  бас  сүрхий  нохой  зальтай  (Ц.Лувс).  Сосын  жеме-жемге  келгенде  ол (-ың)  тағы  тым  ит 
қулықты. 
4. Интонация да бастауышты айырып танытатын бір белгі бола алады. Қазақ тілінде бастауыш 
та,  баяндауыш  та  есім  сөзден  жасалып,  айтылуда  олардың  арасында  кідіріс  жасалып,  жазуда 
сызықшамен  бөлінетіні  белгілі.  Ал  монғол  тілінде  сызықшаның  орнына  көбінесе  жақтық  тəуелдік 
тұлғалары  немесе  бол  (қаз.:  болса)  деген  сөз  қолданылады.  Бірақ  монғол  тілінде  төмендегідей 
сөйлемдерде бастауышты анықтауыштан ажыратып танудың қажеттілігі туындайды. Мысалы: Төмөр 
зам засав (Темір жол жөндеді). Төмөр, зам засав (Темір, жол жөндеді). Қазақ тілінде біз екеуіміз, сен 
екеуің  тəрізді  құрылымдар  монғол  тілінде  жинақтық  тұлғасыз  (біз  екі,  сен  екі)  берілетіндіктен,  Бид 
хоёр хулан үзэв (Біз екі құлан көрдік) тəрізді сөйлемдегі бастауышты дұрыс тану үшін бид (біз) деген 
сөзден  соң  кідіріс  жасау  арқылы  ажыратады.  Бид,  хоёр  хулан  үзэв  (Біз,  екі  құлан  көрдік).  Ал  қазақ 
тілінде сан есім екеуіміз деген жинақтық, тəуелдік тұлғада берілетіндіктен, мұндай кідірістің қажеті 
жоқ. 
5.  Қазақ  тілінде  болса,  монғол  тілдерінде  бол,  болвоос,  болбол  деген  сөздер  бастауышты 
танытатын  бір  белгі  бола  алады.  Көне  монғол  жазбаларында  бұл  тұлға  болбасу  түрінде  жазылған, 
қазіргі  қазақ  тілінде  бол-дың  орнына  жазуда  сызықша  қою,  айтуда  кідіріс  жасау  арқылы  берілуі 
басым.  Мысалы:  Самарқанд  болса  бұл  Орданың  астанасы. (Ə.К.)  Самарканд  бол  (вол)  энэ  Ордын 
нийслэл.  Энэ  бол  миний  төрсөн  нутаг,  Монголын  сайхан  орон. (Д.Н.)  Бұл — (болса)  менің  туған 
жерім, Монғолдың əсем отаны. 
Сондай-ақ қазақ тілінде қомсыну мəнді демеулік «екеш»-пен күрделеніп берілетін бастауыштар 
монғол тілінде сөйлем семантикасына сай «тэр ч байтугай...» (ол түгіл), «...байтугай» (...түгіл) деген 
сөздермен  беруге  болады.  Ал  монғол  тілінде  бастауышқа  селбесіп  қолданылатын  «бээр»  деген  сөз 
бар.  Мұндай  тұлға  қазақ  тілінде  жоқ.  Бұл  тұлғаны  проф.  Д.Бадамдорж  «іс-əрекетті  орындаушыны 
құрметтеп айқындайтын» [4] қимыл септігінің бір тұлғасы десе, Г.Д.Санжеев: «В классическом языке 
подлежащее  сопровождалось  частицей  бар  (калька  с  тибетского  языка),  если  оно  также  обозначало 
людей  вообще...» [5; 121], — дегенді  көрсетеді.  Мысалы:  Чингис  хаан  бээр  зарлиг  болов  (МНТ). 
Шыңғыс хаған (Ø) жарлық қылды. 
Екі  тілде  де  баяндауыш  бастауыш  білдіріп  тұрған  субъектіге  тəн  предикативтік  істі,  сапаны 
айқындап,  сөйлемді  ұйымдастыру,  сөйлемнің  түрлі  функционалдық  типтерін  қалыптастырады. 
Осыған сəйкес баяндауышқа тəн грамматикалық формалар қазақ тілінде шақтық, жақтық, модалдық 
форма [6] болып  есептеледі.  Монғол  тілінде  баяндауыш  бастауышпен  координациялық  байланысқа 
түсіп,  жақ,  шақ  формаларымен  жəне  модаль  сөз,  безендіруші  (бедер)  сөзбен  тұлғаланады [7; 148]. 
Қазақ  тілінде  сөйлемнің  бас  мүшелері  қиыса  байланысса,  монғол  тілінде  баяндауыш  бастауышпен 
тең  қатынастағы  мүше,  олардың  арасындағы  байланыс  салалас  байланыстың  бір  түрі — 
координациялық  байланыс  жəне  баяндауыш  бастауыштың  формасына  қарай  тұлғаланып,  жақтық 
қатынасқа  түспейді,  баяндауыштың  жақтық  қатынасы  тек  бұйрықты  сөйлемдерде  ғана  көрінеді. 
Басқаша  айтқанда,  монғол  тілінің  бұйрық-тілек  рай  формалары  жақтық  тұлғада  қалыптасқан. 
Дегенмен  халха  монғол  тілінен  басқа  да  монғол  тілдерінде,  дəлірек  айтсақ, «глаголы  в  бурятском 
языке,  употребляясь  в  предложении  в  качестве  сказуемого,  зависят  от  имени-подлежащего,  в  силу 
чего могут далеко не всегда, но все же согласовываться во мн.числе с подлежащим» [8]. Қазақ тілінің 
деректерімен  салғастыра  зерттеп  отырған  тіліміз — қазіргі  Монғолияның  əдеби  тілі — халха 
диалектісінде жақтық, сандық қиысу болмағанымен, «бурят, ойрат диалектілерінде ерекше жақтық — 
предикаттық  шылау», [5; 120] ал  монгор,  баоань  тілдерінде  І-жақта  -і,  ІІ,  ІІІ — -а  тұлғалы  жақ 
көрсеткіштері бар [9] екендігі монғолтанушылар еңбектерінде айтылған. 
Қазақ,  монғол  тілдерінде  баяндауыш  шақ  катеориясымен  тығыз  байланысты  жасалады.  Қазақ 
тілінде  шақтық  мəнді  аңғартатын  дара  баяндауыштар  осы  шақта  қалып  етістіктерінің,  жедел  өткен 
шақта -ды, бұрынғы өткен шақта есімшенің -ған, көсемшенің -ып жұрнақтары, ауыспалы келер шақта 

Н.Əбдікəрим  
18 
Вестник Карагандинского университета 
көсемшенің  -а, -е, -й  жұрнақтарының  жіктеліп  келуі  арқылы  жасалса,  монғол  тілінде  мұндай 
баяндауыштар есімшенің өткен шақ тұлғасы -сан жəне өткен шақтың -лаа, -жээ, -в, келер шақтың -на 
қосымшалары  арқылы  жасалады,  бірақ  жіктіктелмейді.  Мысалы:  Бір  барақта  тұратын  жігіттермін 
уəделестім (С.Мұқанов). Нэг байранд суудаг залуучудтай тохиролцов (би). 
Монғол тілінде қалып етістіктері болмайды. Сондықтан осы шақты білдіру үшін жұмсалған кез 
келген етістікке осы шақтың -на тұлғаларының жалғануы арқылы дара немесе негізгі етістікке байна 
(бар) көмекші етістігінің тіркесуі арқылы күрделі түрде беріледі. Мысалы: Эцэг нь ханцуйгаа шамлан 
хүү  рүүгээ  давшлан  загнана  (Ц.Лувсанцэрэн).  Əкесі  жеңін  түріп,  ұлына  қарай  тап  бере  ұрсып 
жатыр. 
Қазақ  тілінде  ауыспалы  өткен  шақ  есімшенің  -атын  жұрнақтары  мен  болжалды  келер  шақ 
есімшенің  -ар,  мақсатты  келер  шақтың  -мақ  жұрнақтары  тиісті  жақта  жіктелу  арқылы  дара 
баяндауыш болса, мұндай баяндауыштар монғол тілінде алғашқысы есімшенің -даг жəне модальдік 
мəн беретін сан немесе байсан (болған) сөзімен тіркесу арқылы; болжалды келер шақтық баяндауыш 
есімшенің келер шақ тұлғасы  жалғанып, онан соң байх (болар, шығар) көмекші етістігінің тіркесуі 
арқылы,  мақсатты  келер  шақ  есімшенің    тұлғасы  мен  болно  (болады)  көмекші  етістігінің  тіркесуі 
арқылы  күрделі  баяндауыш  түрінде  беріледі.  Мысалы:  Өскеменде  аурухана  кешендері  Елбасының 
тапсырмасы  бойынша  салынбақ («Егемен  Қазақстан»).  Өскеменд  эмнэлгийн  цогцолборууд  Төрийн 
тэргүүний даалгавраар баригдах болно. 
Қазақ  тілінде  бұйрық  райдың  үш  жағы,  шартты  райдың  жіктелген түрі, қалау райдың  (-ғай, 
-сайшы)  түрлері  жіктеліп,  сөйлемнің  тиянақты  дара  баяндауышы  бола  алады.  Монғол  тілінде  рай-
тілек  формасының 10 түрі  жаққа  қатысты  келетін,  сөйлемге  бұйрық-тілекпен  қатар  ниет  білдіру, 
кеңес  беру,  ескерту  т.б.  модальділік  мəн  беріп  тұратын  арнаулы  грамматикалық  тұлғалардың  бəрі 
дара  баяндауыш  жасай  алады.  Мысалы:  Тіптен  күшке  салғаны  сезілсейші  (А.Сейдімбеков).  Бүүр 
хүчирхэж байгаа нь мэдэгдээсэй
Қазақ  тілінде    жұрнақты  қимыл  есімі  жатыс  септігінде  қолданылып,  моңғол  тіліндегі 
көсемшенің созылмалы түріне (-саар) сəйкес келіп, екі тілде де дара баяндауыш жасалады. Мысалы: 
Даш  амаа  үдүүлсэн  юм  шиг  шогшсоор  (Л.Ч.).  Даш  аузын  буғызғандай  шоқаңдауда.  Бірақ  қазақ 
тілінде  «кейде  бір  тұлғадағы  қимыл  есімнің  өзі  бірде  есімді,  бірде  етістікті  баяндауыш  қызметінде 
жұмсалатындықтан» [10], -уда  тұлғасы  етістік  баяндауыш  қызметінде  шақтық  мағынада  жұмсалса, 
монғол  тілінде  осы  шақты  білдіретін  -ж/-ч  көсемше  тұлғасы  -байна  көмекші  етістігінің  тіркесімен 
күрделі  баяндауыш  ретінде  беріледі.  Мысалы:  Парламент  дағдарыстан  шығудың  жолдарын 
қарастыруда (Газеттен). Төр засаг хямралаас гарахын арга замыг хайж байна. 
Қазақ, монғол тілдері жалғамалы тілдер тобына жататындықтан, əлденеше етістіктердің түйдекті 
топ  құрып,  күрделі  баяндауыш  қызметінде  жұмсалуы  жиі  кездеседі.  Тиянақсыз  тұлғадағы  негізгі 
етістіктің  жетегінде  келген  бірнеше  көмекші  етістіктер  оны  мағыналық  жағынан  толықтырып, 
көбінесе  олардың  ең  соңғысына  баяндауыштың  тұлғалық  тұрпаты  жалғанып  тиянақталып  тұрады. 
Олар төмендегідей жағдайларда көрініс табады: 
1. Екі  тілде  де  негізгі  етістік  есімше  тұлғаларымен  келіп,  онан  соң  қазақ  тілінде  бол-,  е-,  де-, 
монғол тілінде бай-, бол-, а-, гэ- көмекші етістіктердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: Құнанбай 
Мəкіш  деген  қызын  Тінібектің  баласына  атастыратын  болды  (М.Əуезов).  Хунанбай  Макиш  гэгч 
охиноо Тинибекийн хүүд ураглахаар болов. 
2. Толық мағыналы етістіктердің өзінің негізгі мағынасынан түгелдей немесе жартылай ажырап, 
көсемше тұлғалы негізгі етістікпен тұлғаланған қимылдың əр кезеңін, шағын, модальділігін білдіріп, 
сөйлемнің предикаттық мазмұнын түрлендіріп, баяндауышты шақтық, жақтық жағынан аяқтап үстеп 
тұрады.  Бұл  етістіктердің  көбісі  екі  тілде  лексикалық  дербес  мағынасымен  сəйкес  келгенімен, 
синтаксистік қатынастарда дəлме-дəл сəйкестікте қолданылуы өте сирек кездеседі. Себебі «...сөздер 
мағыналары жағынан тепе-тең болып келсе де, сөйлемдерде, сөйлеуде дəрежесі əрқилы болады. Бір 
синтаксистік құрылымның əр түрлі болып қолданылуынан оның синтаксистік варианттары жасалады, 
мұндай  жағдайда  сөйлемнің  мағыналары  бірдей  болғанымен,  құрылымдық  сипаты  əр  басқа  болып 
келеді» [11]. Мысалы:  Сумъяа,  Жуяар  хоёрыг  муучлаж  гарна  (Э.Оюун).  Сумьяа  Жуяар  екеуін 
жамандап  шығады  (жамандай  бастайды).  Келтірілген  мысалдағы  муучлаж  гарна  (жамандай 
бастайды)  дегенді  муучлана  (жамандайды)  деген  бір  сөзбен  беруге  болумен  қатар,  күрделі 
баяндауыштың  құрамындағы  гарна  (шықты)  деген  көмекші  етістіктер  лексикалық  мағыналарымен 
емес, баяндауыштың лексика-грамматикалық қатынасынан туындаған бастайды (эхэлнэ) етістігімен 
беру бұл тілдердің əдеби нормаларын қанағаттандыра алады. 

Қазақ, монғол тілдерінде тұрлаулы мүшелердің
 
… 
Серия «Филология». № 2(62)/2011 
19 
Қазақ  тілінде  көмекші  етістік  қызметінде  жұмсалатын  бірқатар  етістіктер  монғол  тілінде 
көмекші  қызметінде  мүлдем  қолданылмайды.  Айталық,  қазақ  тіліндегі  бақ,  қыл  етістіктері  арқылы 
жасалған  күрделі  баяндауыштар  (айтып  бақтым  (хэлсээр  байлаа),  қайталап  бақтым  (давтсаар 
байлаа), келді қылдым (ирэхчээн боллоо) негізгі етістікке көсемше тұлғалары жалғанып, одан соң бай-, 
бол-  көмекші  етістігінің  тіркесуі  арқылы  беріледі;  яғни  аталған  етістіктер  монғол  тілінде  жұрнақ 
түрінде ғана көрініс табады. 
Қазақ тілінде іс-əрекеттің, қимылдың процеске айналу алдынданғы қалпын грамматикада нақты 
білдіретін -ғалы, -гелі, -қалы, -келі отыр (жүр, жатыр, тұр) — аналитикалық форманттар жəне -
айын, -ейін деп жүр (отыр, жатыр, тұр) формалы бұйрық рай етістікті грамматикалық форманттары 
синонимдес  болып  келеді,  ал  монғол  тілінде  бұл  форманттар  тек  қана  -х  гэж  байна  (  деп  бар) 
ретінде беріледі. Мысалы, келгелі жүр, келейін деп жүр (ирэх гэж байна), айтқалы отыр, айтайын 
деп жүр (хэлэх гэж байна) т.б. 
Монғол  тілінде  етістіктерді  шарттастыра  байланыстырып,  іс-əрекеттің  созылмалылығын 
білдіретін,  қазақ  тілінде  жоқ  көсемшенің  -саар  тұлғалары  мен  бай-,  бол-  көмекші  етістіктерінен 
жасалған күрделі баяндауыштар бар. Олар қазақ тілінде төмендегідей жолдармен беріледі: 1) қимыл 
есімнің  тұлғасы көмектес, жатыс септігінде келуі жəне бол етістігінің немесе оның орнына жүретін 
етістікпен тіркесу арқылы; 2) көсемшенің -ып тұлғаларынан соң қал-бақ- жəне -а, -е, -й тұлғаларынан 
соң бер- етістіктерінің тіркесуі арқылы; 3) жедел өткен шақ тұлғалы негізгі жəне көмекші етістіктер 
да, де демеулік шылауларымен байланысып келуі арқылы (бірақ қарама-қарсы мəндегі етістіктердің 
қайталанып  қолданылуы  созылмалы  түр  жасай  алмайды.  Мысалы,  кірдім  де  шықтым — оронгоо 
гарлаа бұлар көсемше тұлғалары, мұндай етістіктер іс-əрекеттің шапшаң, тез орындалғанын білдіреді, 
күрделі баяндауыш жасамайды, пысықтауыш қызметін атқарады); 4)  тұлғалы қимыл есімі -лы, -лі 
жұрнағын алып, соңынан бол- көмекші етістігі тіркесіп келу арқылы; 5) есім сөзге жатыс септігіндегі 
көмекші есімдердің тіркесіп келуі арқылы. Мысалы: Хоног сар харвасан сум адил өнгөрсөөр байлаа 
(Ж.Пүрэв). Ай күндер атқан оқтай өте берді. 
Қазақ  тіліндегі  күрделі  баяндауыштардың  монғол  тілінде  дара  баяндауыш  ретінде  көрінуі  бар. 
Олар: 1) -ып  тұлғалы  етістіктен  соң  жібер-,  сал-,  қал-,  таста-  көмекші  етістіктерінің  тіркесінде 
келсе,  монғол  тілінде  етістіктің  негізіне  -чих  жұрнағынан  соң  шақтық  формалардың  жалғануы 
арқылы беріліп, мағынасы іс-əрекеттің тез, қарқынды немесе нəтижелі өткендігін аңғартады; 2) -а, -е, 
-й  тұлғалы  көсемшелерден  соң  бер-,  қой-,  сал-  көмекші  етістіктерінен  жасалған  күрделі 
баяндауыштар монғол тілінде -аарай тұлғаларындағы етістіктің кеңес бере-бұйыру тұлғасындағы рай 
формаларымен; 3) -ып тұлғалы көсемшеге жіктелген қал-, қой- етістіктерінің болымсыз түрі монғол 
тілінде  ескерте  бұйыратын  рай  тұлғасымен  (-уузай)  беріледі.  Мысалы:  Осы  мезетте  шыдай  алмай 
тағы да жылап жіберді (Д.Досжанов). Энэ үед тэсэлгүй дахин уйлчихлаа. 
Қазақ тілінде есім сөздерден жасалған баяндауыштарға жіктік жалғауы жалғанып, І жəне ІІ-
жақта  келген  баяндауыштардың  бастауышпен  айтылуы  шарт  емес  жəне  кейбір  жағдайларда 
бастауышы  болғанда  жіктік  формасының  түсіріліп  айтылуы  да  кездеседі,  ал  монғол  тілінде  жіктік 
формасы болмайтындығы белгілі. Мысалы: Саған өле-өлгенше қарыздармын. (Би) чамд үхэн үхтэлээ 
өртэй (Ø). 
Қазақ  тілінде  есім  сөздер  атау  септігінде  ғана  емес,  барыс,  жатыс,  шығыс  септіктерімен  де 
тұлғаланып  баяндауыш  болады.  Монғол  тілінде  де  зат  есім  өгөх  орших  (барыс-жатыс),  гарах 
(шығыс),  хамтрах  (біргелік)  септіктерімен  келіп  баяндауыш  бола  алады.  Мысалы:  Бірақ  тізгін — 
сіздің қолда! (М.Мағауин). Гэвч жолоо таны гарт
Сондай-ақ монғол тілінде -тай тұлғалы біргелік септігімен тұлғаланған есім баяндауыштар бар, 
оларды  қазақ  тілінде  сөйлем  семантикасына  қарай  -ты  тұлғалы  сын  есіммен  немесе  көмектес 
септігінің  тұлғасымен  беруге  болады.  Мысалы:  Тагтаа  хүчтэй,  тагтаа  зоригтой,  Дандаа  хүнтэй
дандаа олонтой (Д.Сэнгээ). Көгершін күшті, көгершін жігерліҮнемі адаммен, үнемі көппен.  
Түркітанушылардың  еңбектерінде  жоғарыдағы  монғол  тілінің  -тай  тұлғасын  «возможность 
использования  аффикса  совместного  падежа  для  образования  относительных  прилагательных 
подтверждает  история  образования  относительных  прилагательных  в  монгольском  языке.  Эти 
прилагательные  в  монгольском  языке  имеют  аффикс  -тай [12] деген  пікір  айтылған.  Біздің 
ойымызша, қазақ тəрізді түркі тілдеріндегі сын есім жасайтын -лы, -лық жұрнақтары -тай емес осы 
біргелік септігімен қатар қолданылған -луға тұлғасымен байланысты десек, нанымды болатын тəрізді. 
Г.Д.Санжеев -луға тұлғасын алтай тəрізді түркі тіліндегі -ла,-ле біргелік-құралдық септігі мен монғол, 
түркі  тілдеріне  тəн  местный  п. -га-дан  құралған [5; 174] деп  есептейді.  Тіпті  М.Қашқари  еңбегінен 

Н.Əбдікəрим  
20 
Вестник Карагандинского университета 
«бірге»  мағынасында  айтылатын  көмектес  септігінің  -лықыл, -лікіл  қосымшалары  -луқун, -лукун 
түрінде де айтылады» [13] дегенді де кездестіреміз. 
Қазақ  жəне  монғол  тілдерінде  негізгі  сөзі  есімдерден  болып,  етістіктер  көмекші  қызметінде 
жұмсалып  құранды  баяндауыштар  жасалады.  Мұндай  баяндауыштардың  қызметін  тиянақты  етіп, 
оларға шақтық мағына үстеу үшін қазақ тілінде е-, бол-, қыл-, көр-, ал-, кел, тап- т.б., ал модальдік 
мағына үстеу үшін керек, болар, тиіс, шығар, сияқты, тəрізді т.б. сөздер қосылып айтылады. Монғол 
тілінде  құранды  баяндауыш  құрамына  бай-,  бол-  көмекші  етістіктері  жəне  көмекші  қызметінде 
қолданылатын гарах, ирэх, байх, болох, явах, суух, авах, өгөх, хаях, очих, үзэх, мэдэх, таарах, орхих 
сияқты  негізгі  етістіктер  жəне  а-,  бү-  түбірлі  көмекші  етістік  тіркесіп  жасалады  жəне  олар 
баяндауышты əр түрлі модальдік түрге енгізеді» [7; 153]. 
Құранды  баяндауыштардың  құрамындағы  толық  мағыналы  етістік  көмекші  етістік  қызметінде 
жұмсалғанда  өзінің  негізгі  мағынасынан  толық  немесе  жартылай  ажырап  қалатындықтан,  оларды 
грамматикалық мақсатта екі тілде де бірдей етіп жеткізуге болғанымен, семантикалық мақсатта бұлай 
дəлме-дəл  сəйкестіру  мүмкін  емес.  Өйткені  құранды  баяндауыштар  негізінен  тұрақты  тіркес 
сипатында  болып  келеді.  Сондықтан  да  қазақ  тіліндегі  құранды  баяндауыш  монғол  тілінде  дара 
баяндауыш ретінде немесе керісінше келуі көп кездеседі. Мысалы: Бұлар осындай дуылмен жазды 
алды (С.Торайғыров). Тэд иймэрхүү маргаанаар зуныг өнгөрүүлэв. 
Есім  сөздерге  қазақ  тілінде  барыс,  ал  монғол  тілінде  өгөх  орших  (барыс-жатыс)  септіктері 
жалғанып,  көмекші  етістіктермен  тіркесу  арқылы  құранды  баяндауыштардың  жасалуы  екі  тілде  де 
бар. Мысалы: Хөгшин хонгор уснаас зайдуу зогсож, бодолд дарагдана (Ж.Лхагваа). Кəрі сұры құла 
(ат) судан алыстау тұрып, ойға батады. 
Монғол тілінде юм (лексикалық мағынасы: зат) деген сөз көмекші етістіктің қызметінде де, есім 
баяндауыштың  шылауында  да  жұмсалып, сөйлемді  шақтық  жағынан  тиянақтап, модальділік  мəн  де 
жамап тұрады. Мысалы: Монголчуудын сэтгэлгээний гол хэрэгсэл нь магадгүй аналоги буюу зүйрлэх 
арга байж болох юм (С.Энхбаяр). Монғолдардың ой қабілетінің негізгі құралы мүмкіндік аналогиясы 
немесе ұқсату əдісі бар (-ып) болу зат (~болуы кəдік). 
Қорытындылай  келгенде,  салғастырылып  отырған  тілдерде  бастауыштың  жасалуындағы 
ұқсастықтар
 екі тілде де зат есім, оның орнына жүретін есімдіктер, субстантивтенген басқа да сөз таптары 
атау септігінің, тəуелдік жəне көптік тұлғаларында тұрып бастауыш жасалады; 
 құрылымы  жағынан  дара,  күрделі,  үйірлі  болып  келеді;  бірақ  үйірлі  мүше  монғол 
грамматикасында  құрмалас  сөйлемнің  деңгейінде  қарастырылатындықтан,  олар  мүше 
сөйлемнің бастауышы ретінде танылады. 
Айырмашылықтары: 
 монғол  тілінде  бастауыш  атау  септігінің  ауытқыған  формалары  ілік,  табыс,  шығыс,  қимыл, 
біргелік септігінің формаларымен де беріледі; 
 монғол  тілінде  бастауыш  баяндауыш  арқылы  көрініс  табатын  іс-қимылдың  жағына  əсер  ете 
алмайды, яғни, жақтық, сандық қиысу жоқ, бірақ бұйрықты сөйлемдердің баяндауышы жақтық 
тұлғада болғанымен, бастауыштың жағына қарай қазақ тіліндегідей қайтадан жіктік жалғауын 
қабылдамайды (айтыңдар — хэлээрэй, айтқайсыңдар — хэлээрэй т.б.); 
 қазақ тілінде қомсыну мəнін білдіретін екеш демеулігімен күрделенген бастауыштарды монғол 
тілінде  тэр  байтугай..ч  (қаз:  ол  түгіл...  да)  ретіндегі  тіркеспен  семантикалық  тұрғыдан 
сəйкестіріп беруге болады; 
 монғол тілінде іс-əрекетті орындаушыны құрметтеп айқындайтын бээр деген сөз бастауышқа, 
субъектіге  маңыз  бере,  логикалық  екпін  түсіргенде  қолданылады,  қазақ  тілінде  ондай  тұлға 
болмайды. 
2. Баяндауыштың жасалуындағы ұқсастықтар: 
 баяндауыш құрылымы жағынан дара, күрделі, құранды болып келеді; 
 қазақ,  монғол  тілдерінде  есімше  тұлғаларынсыз  жасалған  шақтық  баяндауыштар  екі тілде  де 
дара түрінде беріледі; 
 қазақ тілінде бұйрық рай, шартты рай, қалау райдың -ғай тұлғалары жіктеліп дара баяндауыш 
жасалса,  монғол  тілінде  бұйрық  тілеу  (захирах  хүсэх)  формаларының 10 түрлі  тұлғасының 
барлығы да дара баяндауыш жасайды, бұлар белгілі бір жаққа тəуелді болып келеді, қайтадан 
жіктік жалғауларын қабылдамайды; 

Қазақ, монғол тілдерінде тұрлаулы мүшелердің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет