БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет42/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

Әдебиеттер
1. Маценко И.Б. Африка: реализация «Цели развития тысячилетия» // Азия и 
Африка сегодня. – 2012. – №4. – C. 21-26. 
2. Мельников В.А. «Эбола отступает, но...» // Азия иАфрика сегодня. – 2015. 
– №5. – С. 41-44. 
3.  Шитов  В.Н.  Социальные  проблемы  Африки  южнее  Сахары  //  Азия  и 
Африка сегодня. –  2013. – №4. – C.8 -10. 
4.  Урнов  А.Ю.  Африка  и  ООН  на  исходе  первого  десятилетия  XXI 
века: вопросы развития, миротворчества и реформирования ООН. – М., 2011. – 227 с. 
5.  Усов  В.А..  Африканский  Союз:  цели  и  реальность  //  Азия  и  Африка 
сегодня. – 2010. – №12. – С. 21-26. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
316 
                                          Сулейменова Г.Б. , Кумарова У.К. 
           Глобальные и социальные проблемы африканских стран 
В статье рассматриваются проблемы бедности, нищеты, здравоохранения 
и миграции. В Африке, если нынешние тенденции деградации почв продолжатся, то  
континент  может  оказаться  в  состоянии  прокормить  лишь  25%  населения. 
Каждый год умирают около 11 миллионов детей от нищеты и голода.  
Ключевые слова: Африканский континент, бедность, нищета и миграция. 
Suleimenova G.B., Kumarova U.K. 
Global and social problems of African countries 
The problems of poverty, health care and migration are considered in this article. 
In Africa if the current trends of degradation of soils proceeds, the continent can be able to 
support  only 25% of the population. Every  year  about  11 million  children die because of 
poverty and hunger. 
Keywords: African continent, poverty and migration.  
ӘОЖ: 930(470+571) 
Танзенов Д.Ж. – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
 PhD докторанты  
E-mail: daniyal1984@mail.ru 
РЕСЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХ МҰРАҒАТЫ ҚОРЛАРЫНДАҒЫ 
ҚҰЖАТТАР - ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ 
ДЕРЕК КӨЗІ (ХІХ ғ.а. – ХХ ғ.б.)  
 
Аңдатпа. Мақалада Ресей мемлекеттік тарих мұрағаты қорларындағы ХІХ 
ғ.а.  мен  ХХ  ғ.б.  Ресей  империясының  Орталық  Азия  өңіріне  шаруаларды 
қоныстандыру  саясатының  негізі  қарастырылады.  Патша  үкіметінің  аграрлық 
саясаты  негізінде  Орталық  Азия  жерлерін  алдымен  әскери,  кейіннен  орыс 
шаруаларымен  отарлауы  нәтижесінде  жергілікті  көшпелі  және  отырықшы 
халықтардан  орыс  қоныстарын  құру  мақсатында  «артық»  деп  танылған  құнарлы 
жерлерінен тартып алуы секілді жайттар баяндалады.   
Тірек  сөздер:  Орталық  Азия,  Түркістан,  Қазақстан,  көші-қон  үдерістері, 
Ресей империясы.  
 
Тарихи  құбылыстарды  зерттеуде  деректердің  молдығы  ерекше  маңызға  ие. 
Сол  себептен  алға  қойылған  мәселені  зерттеу  барысында  мұрағаттық  құжаттардағы 
ақпараттар кеңінен ғылыми айналымға тарту көзделді. 
Тарих ғылымында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезін 
қамтитын  патшалық  Ресейдің  аграрлық  саланы  зерттеу  мәселесі  өткен  ғасырлардан 
бері назарын аудартып келе жатқаны айқын.     
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басындағы  Орталық 
Азиядағы көші-қон үдерістерінің күрделі тұстарын ашып, тарихи маңызын көрсету, 
тарихи  оқиғаларды  сарапқа  салып,  шынайылық  тұрғысынан  баға  беру  үшін  деректік 
материалдар  аса  маңызды  рөл  атқарады.  Мәселенің  жаңаша  зерттелуі  және  бұрындары 
ашылмаған тұстарының айқындалып, шешімін табуы тың деректерге байланысты. 
Мұрағаттық  құжаттарды  жинастыру  барысында  Ресей  Федерациясы,  Санкт-Петербург 
қаласындағы  «Ресей  мемлекеттік  тарих  мұрағаты»  қорларынан  көші-қон  үдерістері  тарихына 
қатысты көптеген мәліметтермен қанық болу мақсатында іссапармен болдық. 
Аталған  мұрағат  қорларынан  ХІХ  ғасырдың  өзінде-ақ,  патшалық  Ресейдің 
Орталық  Азия  елдерімен  арасындағы  қарым-қатынастарының  орын  алуы  мен 
кейіннен  өлкеге  империя  билігінің  орнауы,  ондағы  әскери-әкімшілік  орындарының 
қалыптасуы,  көші-қон  үдерістері  саясатының  тарихына  қатысты  мәліметтер  мен 
этносаралық  қатынастар,  отарлаушы  биліктің  саяси,  шаруашылық,  сауда,  сот  және 
басқа да қатысты мәліметтер мен зерттеуші ғалымдардың жазбалары кездеседі. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
317 
Бұл  мұрағаттың  қорларынан  табылған  құжаттар  тақырыптың  мәні  мен 
мазмұнын кеңінен ашып, ондағы құжаттарды маңызды дерек көздері ретінде ғылыми 
айналымға қосуға болады. Олардан табылған деректер Орталық Азиядағы орын алған 
көші-қон үдерісіне қатысты белгілі бір дәрежеде өз септігін тигізеді.  
Түркістан  өлкесіндегі  егіншілік  және  мемлекеттік  мүлік  басқармасының  жер 
мәселесіне байланысты құжаттары мен патшалық Ресейдің орыс шаруаларын өлкеге 
қоныстандыру саясатына байланысты деректерді көптеп кездестіруге болады.  
Атап көрсететін болсақ, мұрағаттың №391 «Қоныстандыру ісі», деп аталатын 
қордың  2-тізбе,  442-іс  «1908  жылы  Сырдария  ауданына  қоныстандыру  жоспары», 
№1275-іс  «1903-1906  жж.  аралығында  Түркістан  өлкесінің  Сырдария,  Ферғана, 
Самарқанд 
облыстарына 
Ресейдің 
әртүрлі 
аймақтарынан 
шаруаларды 
қоныстандыру»,  №184-іс  «Түркістанға  қоныстандыру»,  №1520-іс  «№270  Түркістан 
өлкесін  басқару  туралы  нұсқаулықпен  таныстыру  және  Сырдария  және  Жетісу 
облыстарында  қоныстандыру  қорларын  құру  туралы  уақытша  ережені  бекіту», 
№1803-іс  «1909-1911  жж.  аралығында  Гавриловтың  Сібір,  Дала,  Түркістан 
өлкелеріне жасаған  іс-сапарының есебі», №241-іс  «Самарқанд облысының Ходжент 
уездінің  далалық  өңірлеріне  орыс  қоныстарының  қалыптасуы»  жөніндегі  құжаттар 
қаралды және сонымен қатар, аталған қордың 3-тізбе, 880-іс «Сенатор К.К. Паленнің 
Түркістан өлкесіндегі тексеру жұмыстары» деп аталады. Бұл аталған іс - 7 микрофильмге 
бөлініп  сақталыпты.  Аталған  істе  Паленнің  басшылығымен  1908-1910  жылдары 
аралығында  Түркістан  өңірінде  жүргізілген  сенаторлық  тексеру  комиссиясының  қызметі 
мен барысынан сыр шертетін маңызды деректік мәліметтерге толы.  
№1291  «ІІМ-нің  Жер  бөлімі»  деген  қордан  Ресей  әскери-әкімшілік 
орындарының  тікелей  Түркістан  өлкесін,  соның  ішінде  Ресей  империясының 
Жетісуды жаулап алғанға дейінгі патша әкімшілігінің өлкені басып алу үшін жасаған 
алғышарттары,  патша  әкімшілігінің  өңірді  басып  алу  үшін  жасаған  іс-әрекеттері 
туралы  мәліметтер  беріп  қана  қоймай,  сол  кездегі  өлкеде  орын  алған  саяси 
құбылыстар мен шаруашылықтар, қоныс аудару үрдісінің себептері қандай деңгейде 
дамығанын біле аламыз.  
«Министрлер  Кеңесі»  деп  аталатын  №1276  қордан  да  патша  үкіметінің 
Түркістан  өлкесіне  жүргізген  қоныстандыру  саясаты  жөнінде  деректерді  молынан 
кездестіруге  болады.  Сонымен  қатар  Ресей  империясының  Түркістан  өлкесінің 
Сырдария  және  Жетісу  облыстарында  қоныстандыру  қорларын  құру  орыс  шаруаларын 
қоныстандыру ісінің мақсаты мен барысын, жергілікті салалық мекемелердің құрамы мен 
қызметінің мәнісін жөнінде құжаттарды жолықтыруға болады.  
№22  «Қаржы  министрлігінің  сауда  және  өнеркәсіп  саласы  бойынша  орталық 
бөлімі»  қордан  қоныстандыру  қорларын  құру  мақсатында  жұмсалған  көптеген 
деректер табылды. 
Орталық Азия – Азия құрлығының дүниежүзілік мұхитпен шектеспейтін ұлан-
ғайыр  аумағы  болып  табылады.  Оның  құрамдас  бөліктерінің  нақты  шекараларын 
анықтайтын түрлі пікірлер бар болса да, олардың біреуі де талассыз емес. Сонымен 
шекараларын  анықтау  қиындық  туғызса  да,  бұл  аймақтың  бірнеше  маңызды  ортақ 
сипаттамалары  бар.  Осылардың  ішінде  бүгінгі  саяси  ғылымда  «Орталық  Азия» 
түсінігіне  негізінен  бұрынғы  посткеңестік  бес  мемлекетті:  Қазақстан,  Өзбекстан, 
Қырғызстан,  Тәжікстан  мен  Түркіменстан  территорияларын  жатқызады.  Ал  географиялық 
тұрғыдан  оның  шекарасы  бес  мемлекеттен  де  аса  аумақты  қамтиды  деген  пікірлер  де 
таралған.  Оны  кейде  Орта  Азия  немесе  Ішкі  Азия  деп  те  атайды.  Себебі,  ол  кең-байтақ 
Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқанымен байланыстырады. 
Орталық  Азия  территориясы  Кеңес  үкіметіне  дейінгі  кезеңдегі  деректер  мен 
зерттеулерде  Түркістан  өлкесі  деп  аталғаны  белгілі.  Түркістан  өлкесін  жаулаған 
Ресей  отаршылары  аймақты  өзіне  қаратып,  отарланған  елді  әкімшілік-аумақтық 
жағынан  бөліске  сала  отырып,  басқару  бағытын  ұсынды.  Нәтижесінде  Орта  Азия 
елдері  мен  Қазақстан  территориясы  губернаторлыққа,  ол  облыстар  мен  уездерге  т.с.с. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
318 
бөлінді.  Осы  кезеңдерден  бастап,  Түркістан  атауы  –  саяси  мағынада  тек  қана  Түркістан 
генерал-губернаторлығына енетін аймақтарға ғана пайдаланылды [1, 24 б.]. 
Түркістан  өлкесін  Патшалық  Ресей  жаулап  алған  соң,  бағынышты  отарды 
игеру 
мақсатында 
әртүрлі 
ғылыми-зерттеу 
экспедициялардың 
жүргізген 
жұмыстарының нәтижесінде өлкенің халқы мен аумағын есепке алынып кейін, өлкені 
жан-жақты  игеруде  түрлі  жұмыстар  жүргізілді.  ХХ  ғасырдың  басындағы  арнайы 
экспедицияның  жүргізген  жұмыстарының  нәтижесінде  өлкенің  жері  мен  халқының 
саны жөнінен төмендегідей көруге болады. 
Кесте 1. – ХХ ғасыр басындағы Орталық Азияның территориясы мен халқының саны 
Облыс 
Ауданы, (шаршы 
верст) 
Халқы 
(еркек, әйелді қоса 
есептегенде) 
1 шаршы верстке 
есептегенде 
Закаспий 
Самарқанд 
Фергана 
(Памирмен бірге) 
Сырдария 
Жетісу 
487,557 
60,597 
141,141 
 
443,442 
346,556 
372,193 
857,847 
1,560,441 
 
1,479,848 
990,107 
0,8 
14,1 
11,1 
 
3,3 
2,8 
Барлығы: 
1,479,298 
5,260,406 
3,6 
Дереккөздері: [2, 110 п.]. 
 
ХІХ  ғасырдың  аяғындағы  мәліметтерден  Түркістан  өлкесіндегі  жағдай 
алғашында  өмір  сүруге  өте  қолайсыз  болғандығын  білеміз.  Себебі,  экономикалық 
ахуалдың  тұрақсыздығы,  жұмыссыздықтың  орын  алуы  т.с.с.  жағдайлардың  орын 
алуымен байланысты еді. 
Патшалық  үкімет  те  жер  мәселесінде  өлкеге  келімсектерді  орналастыруды 
жоспарлап,  осы  арқылы  кейбір  мәселелерді  шешкісі  келді.  Алдымен  өлкеге 
шаруаларды  қоныстандыру  арқылы  біріншіден,  Ресейдің  европалық  бөлігіндегі 
жерге  деген  тапшылықтан  құтылуды  көздесе,  екіншіден,  шаруалардың  көптеп 
қоныстандыру арқылы өлкеде стратегиялық мақсатты да көздеді.  
Орталық  Азияның  оңтүстік  аудандарын  игеру  ХІХ  ғасырдың  80-жылдары 
жүзеге  асты.  Мұрағат  деректеріндегі  келтірген  мәліметтер  негізінде  Самарқанд 
облысы, Ходжент уездінің далалы аймақтарында орыс шаруаларын қоныстандыру ісі 
1886 жылдан басталғандығы айтылады. 
1886 жылдың өзінде-ақ, өлкеде 4 қоныстану орталықтары пайда болды. Атап 
айтар  болсақ,  Запорожский,  Надеждинский,  Романовский  және  Сретенский 
қоныстары Сырдария өзенінің оң жағалауында бой көтерсе, араға 6 жыл салып, яғни 
1892  жылы  алдымен  Никольский  және  1896  ж.  тағы  қоныстанатын  екі  ауыл: 
Обетованный және Волынский І қоныстары құрылады. 
1897-1898  жылдарға  қарай  Волынский  және  Романовский  қоныстарынан 
бірнеше шаруалар отбасы өзара бөлініп шығып, алдымен Волынский ІІ және Конно-
Гвардейский  ауылдарын  құрды.  Бұл  барлық  қоныстар  Ресейдің  ішкі  аудандарынан 
босып келген орыс мұжықтарына арналып құрылған болатын. 
Сырдария  өзенінің  екі  жағындағы  орыс  қоныстарының  пайда  болуы  жайлы 
мұрағат қорлары мынадай деректер береді. 
Патша  үкіметі  қоныс  аударушыларды  Сырдарияның  сол  жағалауындағы 
гидро-техникалық жұмыстарға пайдалануды жөн көрді. Осы келімсектерге қоныстар 
тұрғызу нәтижесінде Запорожье қонысы қалыптасты.  
Жұмыстардың жүруіне орай, Запорожье қонысынан 25 верст, Сырдария өзені бойымен 
төменге қарай жылжи отыра, патша әкімшілігі жаңа «Николай» атты қонысты құрды.  
«Обетованный» қонысы Орынбор казак әскерінің негізінде құрылды. Бұл казак 
қоныстарының қалыптасуы 1886 жылға жатады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
319 
1886  жылы  Кубань  облысында  егіннің  шықпай  қалуы  нәтижесінде  аталмыш 
облыстың  арендаторлары  Түркістан  өлкесінен  жерлер  іздеп  келуімен  Волынский 
қонысының негізін қалады.  
Ал  Сретенский  қонысы  Сырдария  облысын  отарлау,  орыс  шаруаларын 
қоныстардыру мақсатында Генерал Гродековтің тікелей басшылығымен құрылды.  
Жоғарыда  аталған  қоныстардан  басқа  тағы  да  екі  қоныстың  құрылуына 
жоғарыда  аталған  қоныстардын  бөліп  шыққан  ауылдар  құрады.  Николь  қонысынан 
12 верст жерде Конногвардейский көпірі маңынан жаңа қоныс құрылды. Келімсектер 
кейін жаңадан құрылған ауылды осы көпірдің атымен байланыстырды.  
Келесі 1896-1897 жж. құрылған қоныстардың қатарына Волын қонысынан 2-3 
верст  жерде  орналасқан  осы  ауылдан  шыққан  шаруалар  құрады.  Жаңа  қоныстың 
атауын да өзгертпестен Волынский ІІ деп атады. 
Нәтижесінде,  Самарқанд  облысында  1898  жылдың  аяғында  құрылған  9  орыс 
қоныстарының, 8-і Сырдария өзенінің сол жағалауында болса, 1-і оң жағалауында тіркелді. 
Жоғарыда аталған 9 орыс қоныстарының халқы мен құрамы жөнінде мәлімет келтірсек: 
 
Кесте 2. – ХІХ ғасырдың аяғындағы Самарқанд облысында құрылған қоныстану орталықтары 
мен оның тұрғындарының саны 
Қоныс атауы 
Аула 
лар 
саны 
саны 
Барлы
ғы 
Ескерту 
Ерлер 
әйелдер 
18 
жасқа 
дейін 
18 
жастан 
жоғары 
16 жасқа 
дейін 
жоғары 
1.
 
Запарожский 
2.
 
Никольский 
3.
 
Конногвардейский 
4.
 
Романовский 
5.
 
Надеждинский 
6.
 
Обетованный 
7.
 
Волынский І 
8.
 
Волынский ІІ 
9.
 
Сретенский 
41 
99 
11 
 
24 
79 
21 
18 
42 
140 
49 
61 
15 
 
18 
73 
18 
21 
39 
155 
53 
119 
12 
 
33 
95 
31 
23 
45 
183 
54 
58 
17 
 
27 
61 
20 
18 
32 
126 
54 
85 
12 
 
28 
86 
22 
20 
44 
172 
210 
313 
53 
 
106 
315 
91 
82 
180 
636 
Бұл 
есептегі 
225-тің 
15  адам 
ағаш 
ұстасы 
уақытш
а 
қызмет 
етушіле
р.   
Барлық қоныстардан 
 
475 
 
469 
 
585 
 
409 
 
523 
 
1986 
 
 
Халық  саны  жөнінен  алдымен  Сретен  қонысы  –  636,  Надеждинский  –  315, 
Николаевский  –  313,  Запарожский  –  210,  Волынский  ІІ  –  180,  Романовский  –  106, 
Обетованный  –  91,  Волынский  І  –  91,    Конногвардейский  –  53  тұрғын  болса, орыс 
қоныстарындағы халықтың жалпы саны – 1986 адамды құрады [3, 73-76 пп.]. 
XIX  ғ.а.  мен  XX  ғ.б.  ғасыр  тоғысында  қаржы  министрі  С.  Витте  Империя 
аумағында  «Ұлы орыс халқының жаулап алу  қабілеті» жайлы геосаяси өзгерістерді 
атап  көрсетті.  С.  Виттенің  көзқарасы  бойынша  орыс  шаруасы  мен  қоныстанушысы 
ғана империяның шекараларында өркениеттілікті әкеледі деп ұқты. «Орыс адамдары 
-  шекаралық  бағана,  ол  Азия  халықтарынан  европалық  нәсілді  анықтайтын  жер»,  - 
деген  баяндайды  [4,  41  п.].  Бұл  мәлімдеменің  өзі  сол  кезеңдердегі  империялық 
саясаттың басты қағидасы болатын.  
1870  жылдан  бастап  жергілікті  халықтан  қоныстандыру  қоры  үшін  тартып 
алынған  жерлерді  біртіндеп  белгілеу  басталды.  Осы  мақсатта  жеке  әскери  округтің 
командирі губернатордан әскери топографтарды орналастыруды бұйырды. Қоныстандыру ісі 
үшін  тартып  алынған  жерлерді  уезд  комиссиясы  бастықтарының  нұсқауымен  жүргізілді. 
1876 жылға қарай Түркістан өлкесінде 22 шаруа ауылдары қалыптасты [5, 61 п.]. 
Жетісу  облысының  әскери-губернаторы  Колпаковскийдің  құрастырған 
жоспары  бойынша  Жетісу  облысын  отарлауда  облысты  бес  уезде  1345  аулаға 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
320 
арналған  34  шаруа  ауылдары  және  470  аулаға  арналған  47  шағын  қоныстар  орналасуы 
керек болатын. Барлығы 1815 шаруа отбасына енгізуге ұсынылды [6, 61 п.]. 
ХІХ  ғ.  аяғындағы  Жетісу  жеріне  орыс  шаруаларымен  қатар,  орыс-қытай 
арасындағы  келісім  бойынша  ұйғыр-дүңгендер  де  біртіндеп  көшіп  келе  бастады. 
Мұрағат  қорларындағы  деректерге  сүйенсек,  1877  жылдың  желтоқсанынан  1878 
жылдың  көктемі  аралығында  Тоқмақ  қаласынан  8  шақырым  жерде  орналасқан 
Қарақұндыз  жайлауына  3314  адамнан  тұратын  босқын  дүңгендер  келген.  Олардың 
басында  дүңгендер  қозғалысының  басшысы  Мұхаммед  Анюб  Бай  Янхе  де  бар  еді. 
Батырлық  әрі  уақытылы  іс-әрекетінің  нәтижесінде  ол  мыңдаған  дүңгендерді  Цинь 
әскерінің қорлығынан алып шығып, осы жерге келіп қоныстанған.  
Ал келімсек дүңгендердің келесі легі 1877 жылдың қарашасында 1166 адамнан 
тұратын  қытайлық  босқын-дүңгендер  Бедел  өткелі  арқылы  Қарақол  мен  Үш-
Турфанға келіп қоныстанды [7, 61 п.]. 
1881 жылдың 10-шілдесінде Мемлекеттік меншік министрлігінің «Бос жатқан қазыналық 
жерлерге шаруаларды қоныстандырудың уақытша ережесі» бекітілді. Қоныстануға алдымен жері 
жоқтар мен жерінің үштен бірін құрайтын шаруаларға құқық берілді  [8, 7 п.]. 
ХІХ  ғ.  аяғында  Түркістан  өлкесі  көшіп  келушілерге  ресми  түрде  жабылған 
болатын. Ресми жабылудың белгілі бір себептері де бар еді. Осыған орай, Ішкі Істер 
Министрлігі  жергілікті  губернаторлар  мен  жергілікті  әкімшілікке:  «Егер  Түркістан 
өңіріне  рұқсатсыз  көшіп  келуші  ерікті  қоныстанушылар  ұсталған  жағдайда  оларды 
тұтқындап  сотқа  тартып,  шыққан  өңіріне  қайтаруға  міндетті  екендіктерін»  айтып, 
арнайы нұсқаулықтар берген болатын [9, 174 п.]. Алайда, бұл нұсқаулықтардың бәрі 
бәрдей  орындалмады.  Себебі,  жергілікті  басшылардың  өңірге  жүргізіп  отырған 
өзіндік ішкі жоспарларымен де байланысты болатын.  
Алғашқы  қоныстанушы  шаруаларды  Түркістан  өлкесіне  қоныстандыруда 
патша  үкіметінің  ешқандай  отарлау  жоспары  мен  заңды  норма  болмады.  Орыс 
ауылдары  облыстық  және  уездік  әкімшіліктің  қарастыруымен  құрылды.  Тек  1886 
жылғы  «Түркістанға  қоныстанушыларды  қоныстандыру  ережесі»  шыққаннан  кейін 
ғана  қолға  алынды.  Бұл  бойынша  қоныстанушыларды  «бос  жатқан  мемлекеттік 
жерлерге» әрбір ел адамға 10 десятинаға дейін жер беру қарастырылды [10, 2-4 пп.]. 
Ал  1905  жылдың  10-қыркүйек  айындағы  есеп  бойынша  Түркістан  өлкесіндегі  жергілікті 
халықтың еншісіндегі жерлер мен ондағы тұратын халықтар төмендегі кестеде былайша беріледі:  
Кесте 3. – Сырдария, Самарқанд, Ферғана, Жетісу облыстарындағы көшпелілердің 
қолданысындағы мемлекеттік жерлер мен халқының саны туралы мәлімет 
Облыс және уезд 
Облыс немесе уездердегі 
шамамен 
алғандағы 
шаршы верст саны 
Халық саны 
1.
 
Сырдария облысы 
Уездер: Ташкент 
              Шымкент 
              Перовск 
              Әулиеата 
              Қазалы 
              Әмудария 
 






 
1,803 киіз үй 
232,199 
126,307 
245,538 
142,268 
137,500 
 
 
 
2.
 
Самарқанд облысы 
Уездер: Жизақ 
              Ходжент 
              Самарқанд 
              Қаттықорған 
459, 000 
 
 
 


28,800 

883,813  және  1803  киіз 
үй  қалғанын  5  адамнан 
санаған-да  барлығы  892. 
827 болады.  
 
 
50,915 
27,080 
245 
Көшпенді халықтар жоқ. 
 
77,227 
78,240 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
321 
 
3.
 
Ферғана облысы 
Уездер: Әндіжан 
              Қоқан 
              Маргелан 
              Ош 
              Наманган 
 
 





 
 
34,954 
9,646 
5,000 
44,162 
53,280 
 
4.
 
Жетісу облысы 
Уездер: Верный 
              Қапал 
              Лепсі 
              Пржевальский 
              Пішпек 
              Жаркент 
   86,130 
(1)
 
 
69,591 
75,432 
82,804 
52,228 
37,877 
39,984 
147,042 
 
172,594 
144,727 
182,215 
142,876 
173,224 
79,978 
 
353,016 
900,614 
 
Кесте 4.- Сырдария, Самарқанд, Ферғана, Жетісу облыстарындағы көшпелілердің 
қолданысындағы мемлекеттік жерлер туралы мәлімет 
Облыс және 
уезд 
 
 
Көшпелі халықтарыдың күнделікті қолданысындағы 
жерлер (десятина бойынша) 
3 гр. 
Көрсетілген 
жердің 
кейбірі 
суармалы 
болуы 
мүмкін 
Ескерту 
Жасанды 
суармалы 
жерлер 
Суармалы 
Жайылымдар 
мен 
шабындықтар 
Барлығы 
1. Сырдария 
облысы 
Уездер:  
Ташкент 
Шымкент 
Перовск 
Әулиеата 
Қазалы 
Әмудария 
 
 
» 
(1)
 
400, 487 
48, 730 
159, 257 
30, 500 
71, 000 
 
 

    ?
 (2)
  

28, 143 


 
 
   3, 441, 903 
(1) 
2, 201, 252 
441, 755 
370, 711 
386, 000 
5, 314, 583 
 
 
3,341,903(1) 

(2)
 
501, 012 
447, 584 
416, 500 
5,385,583 
 
 





    ? 
(3)
 
3  және  4 
бағана-да тек 
қана 
ірі 
қарамен 
айналы-
сатын 
көшпенді-
лердің 
мемлекет-тік 
жерлерді 
қол-данып 
отырғаны 
жөніндегі 
мәлі-мет 
берілген. 
(2) 
– 
Шымкент 
уездіндегі 
cуару-ға 
келмейтін 
жерлер 
туралы 
мәліметтер 
әлі 
де 
жинастырыл
ып жатыр. 
(3)  –  Бибазар 
болысында 
800 
дес. 
Жерлерді 
суармалы 
етуге 
 
2.Самарқанд 
облысы 
Уездер: 
Жизақ 
Ходжент 
Самарқанд 
Қаттықорған 
709, 974 
 
 
315 

400 
 
 
 
316 
70, 000 
1, 000 
12,156,204 
 
 
193, 680 
356, 400 


(2) 
 
 
194, 311 
426, 400 
1, 400 
 

 
 

    2, 600 
(1)
 
44,500 
3.Ферғана 
облысы 
Уездер:  
Әндіжан 
Қоқан 
Маргелан 
Ош 
Наманган 
715 
 
1070 
5,226 
677 
5,010 
12,500 
71,316 
 
3450 
23,444 
760 
13,707 
5,000 
350,080 
 
600,000 
126,300 
73,000 
750,000 
500,000 
622,111 
 
604,520 
154,970 
74,437 
768,717 
517,600 
47,100 
(1) 
 





 
4. Жетісу 
облысы 
Уездер:  
Верный 
Қапал 
Лепсі 
24,487 
 
 
82 
46 
21 
74 
46,361 
 
 
515 
898 
391 
820 
2,049,300 
 
 




2,120,244 
 
 





 
 
415,261 
90.950 
22,439 
4,204 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
322 
Пржевальский 
Пішпек 
Жаркент 
163 
10 
043 
928 




202,647 
32,026 
болады, 
ал 
Шымбай 
бөлімі-нде 
бөлім 
басшысының 
қатысуымен 
өте  үлкен  әрі 
құнар-лы 
шығынды  аз 
қажет  ететін 
суармалы 
жер-лер  бар.  
Бұл 
ау-
данның 
кейбір 
бөліктерінде 
10,000 
десятина 
немесе  одан 
да 
артық 
өңдеуге  қо-
лайлы 
жерлер 
кездеседі. 
(1) 
– 
Сонымен 
қатар  барлық 
Да-лалық 
өңірлерде 
суармалы 
жұм-
ыстардың 
жүргізіліп 
жат-қан 
45,000  шар-
шы верст. 
(1) 
 

Памирсіз. 
Памир  бөлек 
– 
40,000 
шаршы 
верст. 
 
236 
552 


767,527 
Дереккөздері:  [11, 57-58 пп.]. 
 
Кесте 5. – 1906-1907 жылдардағы бір ғана Жетісу облысында қоныстандыру 
орындарының есебі бойынша тіркелген қоныстанушылардың саны: 
Шағын 
аудандар 
атауы 
Қоныстанушылар саны 
 
Жоспарланған орындар саны 
1908 ж. қалдырылды 
1906 ж. 
қоныстану

шылар 
1907 ж. 
қоныстану

шылар 
саны 
Жалпы 
ауданы 
(десятина 
бойынша) 
1 десятина 
жерге 
келеді 
Жан басына 
шаққанда 
Орналас- 
тырылға
н 
қоныста
ну 
шылар 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
323 
1.Верный 
2. Пішпек 
 
3. Шу 
 
4.Лепсі 
  
5.Сергиопо
л-Бақты 
 
6.Жаркент 
 
7. Қапал 
 
8.Пржеваль
ский 
 
9.Нарын 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет