Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#7954
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Список использованной литературы 
1.
 
Назарбаев  Н.А.  Послание  народу  Казахстана  «Стратегия  –  2050». 
Новый политический курс состоявшегося государства» от 14.12.2012 г. Текст, 7 
раздел. 
2.
 
Бижанов  А.  «Казахстанский  патриотизм:  проблемы  и  решения
Казахстанский патриотизм: Проблемы становления». – Алматы, 1997. 
 
 
 

151 
 
V. ЭТНИКАЛЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҰЛТ 
ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ 
Кеңес дәуіріндегі қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі 
Идрисова Г.Б. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Еліміздің  тәуелсіздігі  ұлт  зиялыларының  қоғамдық-саяси  қызметіне 
қатысты  мәселелерді  жеке  желі  етіп  қарастырудағы  тың  бағыт,  серпін  берді. 
Ұлт  зиялыларының  «жылымық»  жылдары  өрістеген  демократиялық  қайта 
құруларды  негізге  алып,  қоғамдық  санаға  рухани  өрлеу  қалыптастырады.  Бір 
жағынан  ұлттық  мәдени-рухани  құндылықтар  жүйесі,  екінші  жағынан 
коммунистік  идеологияның  өзегіне  айналған  таптық  көзқарастан  туындаған 
социалистік  реализм  тәсілі  қазақ  жазушыларының  «түрі  –  ұлттық,  мазмұны  - 
социалистік»  шығармаларды  дүниеге  әкеліп,  халыққа  ұсынуы  олардың 
шығармашылық  болмысының  қарама-қайшылықты,  күрделі  сипат  алуына 
әкеліп  соқты.Тоталитарлық  қоғамда  орын  алған  осындай  кереғарлықтар  ұлт 
зиялыларының қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезіну деңгейіне қарай әр 
түрлі мазмұн алды.  
Қоғам  алдындағы  жауапкершілікті  шығармашылық  тұлғаларға  қатысты 
қарастырған  М.  Бахтин  өз  кезінде  былай  деген:  «Адамдық  мәдениеттің  үш 
саласы:  ғылым,  өнер  және  өмір  оларды  өзінің  еркіндігіне  жатқызатын  тұлға 
арқылы  тұтастық  табады.  Бірақ  бұл  байланыс  механикалық,  сыртқы  болуы 
мүмкін... Тұлғалық элементтердің ішкі байланысына не нәрсе кепілдік болады? 
–  деген  сауал  қояды  да,  оған  -  тек  жауапкершіліктің  бірлігі»  [1,  3-б.]  –  деп 
жауап береді. 
Дегенмен  ұлт  зиялыларының  осы  бағыттағы  атқарған  қызметтері  күткен 
нәтижеге  қол  жеткізе  қоймады.  «Жеке  басқа»  табынуды  әшкерелеу, 
«жылымық»  үдерістерінің  жартыкештігі  олардың  өз  қызметін  кең  өрістетіп, 
ұлттық  құндылықтарды  жаңғыртуды  мемлекеттік  саясат  деңгейіне  көтеруге 
мүмкіндік бермеді.Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі партиялық билікті нығайта 
отырып,  мемлекеттік-партиялық  номенклатураның  қоғамдық-саяси  өмірдегі 
басқарушылық қызметінің аясын кеңейтіп, оның рөлін нығайта түсті. Соған сай 
тиімді  жұмыс  тәсілі  ретінде  зиялы  қауымды  тізгіндеп  ұстау  мақсатында 
қоғамдық  ұйымдар  мен  зиялы  қауым  түрлі  шығармашылық  одақтардың 
құрылымын  номенклатураландырды.  Шығармашыл  зиялылардың  қызметін 
басқару  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  билікке  қызмет  жасату 
мақсатында 
цензуралық 
қадағалау 
күшейе 
түсті. 
Бұл 
жағдай 
шығармашылықпен  айналысқан  ұлт  зиялыларының  туындыларда  өз 
қолтаңбасын қалдырды. 
Ұлттық  мәдениет  пен  өнер  –  ұлттық  ой-сананың  көрінісі  ретінде 
партиялық  өлшемдерге  сай  дамуы  тиіс  болды.  Осыған  байланысты 
тоталитарлық  жүйеде  «мазмұны  –  социалистік,  түрі  -  ұлттық»  мәдениет 
қалыптастырудың 
идеологиялық 
тетіктері 
орнығып, 
күшейе 
түсті. 

152 
 
Республиканың  партиялық  басшылығы  идеологиялық  майданның  барлық 
тізгінін  қолына  ұстап,  ұлт  зиялыларының  қоғамдық-саяси  қызметіне  бақылау 
орнатты.  Бұл  жағдай  елдегі  қоғамдық  көңіл-күйде  тұрақтылық  сақтауда  ғана 
емес,  «халықтардың  бір-бірімен  жақындасуы»  деп  аталған  партиялық 
тұжырымды тезірек іске асыруға бағытталды [2, 184-185б.]. 
Ұлт зиялыларының «жылымық» жылдары өрістеген демократиялық қайта 
құруларды  негізге  алып,  қоғамдық  санаға  рухани  өрлеу  қалыптастыруға 
жасаған әрекеті  ең алдымен  баспасөз  арқылы көрініс  табуы  тиіс болса,  бұл  аз 
ғана  мүмкіндіктің  өзін  КОКП  ОК  1956ж.  маусым  айында  қабылдаған 
«Баспасөзге  партиялық  басшылықты  жақсарту  және  газеттің  қоғамдағы  рөлін 
көтеру туралы» қаулысы мүлдем шектеп тастады. Орталықтың осы шешімінен 
туындаған  міндеттерді  іске  асыруға  құлшына  кіріскен  ҚКП  ОК  жоғарыда 
аталғандай  «Қазақ  әдебиеті»  газетімен  бірге  «Әдебиет  және  искусство», 
«Советский  Казахстан»,  «Партийная  жизнь  Казахстана»  сияқты  басқа  да 
баспасөз құралдарының қызметін қатаң қадағалауға алды.  
Отандық  тарихшылардың  осы  бағыттағы  зерттеулері  жеке  жинақтар 
түрінде  жарық  көрді.  Отандық  тарихшылар  арасынан  алғашқылардың  бірі 
болып  М.Қозыбаевтың  жариялаған  еңбегі  тақырыпты  игеруге  концептуалдық 
негіз  қалады.  Ұлт  зиялыларының  «жылымық»  жылдары  өрістеген 
демократиялық  қайта  құруларды  негізге  алып,  қоғамдық  санаға  рухани  өрлеу 
қалыптастыруға  жасаған  әрекеті  ең  алдымен  баспасөз  арқылы  көрініс  табуы 
тиіс  болса,  бұл  аз  ғана  мүмкіндіктің  өзін  КОКП  ОК  1956  ж.  маусым  айында 
қабылдаған  «Баспасөзге  партиялық  басшылықты  жақсарту  және  газеттің 
қоғамдағы рөлін көтеру туралы» қаулысы мүлдем шектеп тастады. Орталықтың 
осы шешімінен туындаған міндеттерді іске асыруға құлшына кіріскен ҚКП ОК 
жоғарыда  аталғандай  «Қазақ  әдебиеті»  газетімен  бірге  «Әдебиет  және 
искусство»,  «Советский  Казахстан»,  «Партийная  жизнь  Казахстана»  сияқты 
басқа да баспасөз құралдарының қызметін қатаң қадағалауға алды.  
Ұлттық интеллигенцияның көшбасшысына айналған академик, ҚазКСР ҒА 
алғашқы президенті Қ.И. Сәтбаевтың жеке тұлғасын қоғамдық өмірдің жетістік
кемшілігімен біртұтастықта қарастырған Ғ. Батырбековтың еңбегіне тоқталуға 
болады.  Автор  осы  еңбегінде  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарды  жеке 
тұлғалардың  әрекеті  арқылы  бағалауға  ұмтылады.  Қоғамның  саяси, 
интеллектуалдық өмірі, идея бастаулары, қоғамдық топтардың орналасуы, жеке 
қайраткерлердің  ұстанған  позициясын  айқындайтын  себептердің  ашылуы 
сияқты  мәселелерді  біртұтас  бірлікте  қарастырған  ғалым  былай  дейді:  «Кез 
келген білім саласы сияқты қоғам тарихы да тек идеялардың ғана тарихы емес, 
адамдардың  да  тарихы  екендігі  бұрыннан  белгілі.  Кейде  ғалым  қайталанбас 
және  өзіндік  тұлға  ретінде  ғана  емес,  сонымен  бірге  тарихи  процестің 
қатысушысы ретінде де зерттеушінің назарына ілінбей қалады» [3, 239-240б.]. 
Демек,  ұлт  зиялыларының  қызметін  біртұтас  қарастырумен  бірге,  жекелеген 
тұлғалардың қызметі де назарда болуы тиіс.  
ХХ  ғ.  60-80  жылдары  еліміздің  саяси-экономикалық  дамуында  басқа 
кезеңдермен  салыстырғанда  барынша  қайшылықты  сипатымен  ерекшеленеді. 
Олай  дейтін  себебіміз,  осы  кезеңге  бір  жағынан  индустриялық  дамуы  мен 

153 
 
халықтың  қалаларға  шоғырлануы,  халықтың  білім  деңгейінің  артуы  мен  оған 
мемлекеттің  тарапынан  жасалған  қамқорлықтың  өсе  түсуі,  екінші  жағынан 
экономикалық дамуды тежеген әкімшіл-әміршіл жүйенің күшейе түсуі сияқты 
сипатты  белгілер  тән  еді.  Бұл  аталған  ықпал  етуші  факторлар  еліміздің 
әлеуметтік  келбетін өзгертіп, қоғамдық-саяси практикаға жаңа мазмұн мазмұн 
берді.  Сондай  өзгеріс  интеллигенцияның  құрылымынан  анық  байқалды.  Ол 
өзгеріс  интеллигенция  қатарының  өсуі  және  олардың  мамандықтар  бойынша 
жіктелуінің күшейе түсуі түрінде көрінді. 
Тоталитарлық  қоғам  жағдайында  шығармашылық  зиялы  қауымның 
мойнына  ұлттық  идеяны  қалыптастыру,  оны  таптық  идеологияның  ауыр 
сынынан  сүріндірмей  алып  шығу  сияқты  аса  үлкен  жауапкершілік  жүктелді. 
Бұл  міндет-ресми  биліктің  тарапынан  емес,  ұлт  алдындағы  өз  миссиясын 
сезінгендіктен  туған  бейресми  құндылық  екендігін  ескеруміз  керек.  Осыған 
байланысты  сол  қоғамда  өмір  сүрген  зиялы  қауым  мен  олардың  жаратқан 
шығармашылық мұрасы туралы А. Сейдімбек пен Х. Әбжановтардың мынадай 
тұжырымына деп қоюға болады: «Социалистік идеология заманында өмір сүру 
-  тағдырдың,  жазмыштың  ісі.  Социалистік  идеология  заманында  коммунистік 
партия қатарында болу - өмір сүрудің, қажет болса тірі қалудың кепілі болды. 
Мұндай  тотальды  (жойдасыз)  жүйеде  ұлтқа  шапағатын  тигізетін  іс  тындыру  - 
арыстанның  аузынан  жем  алғандай  шаруа  еді.  Осындай  ахуалда  әйгілі, 
дарынды  тұлғалар  жалғыз  ғана  тәсіл  қолданды.  Ол  -  өктем  идеологияның 
сойылын  соққансып,  ішкі  қабілетін  сыртқа  шығарар  саңылау  іздеді.  Яғни, 
кеңестік  өктемшіл  заманда  туындаған  рухани  дәулетіміздің  бәрі  де  астарлы, 
емеуірінді,  тыйымдалған  мәдениет  еді.  Мұны  ұлтымыздың  мәдени-рухани 
тарихындағы «эвфемистік мәдениет» деп атаса қисынды сияқты. Тек атап қана 
қоймай,  тоталитарлық-репресиялық  жүйеде  ғана  туындайтын  сол  эвфемистік 
мәдениеттің  ішкі  ойын,  астарлы  сөзін,  емеуірінделген  поэтикасын  аша  жору  - 
бүгінгі және болашақ ұрпақтың ең киелі міндеттерінің бірі болуға тиіс» [4,296 
б.]. 
 Ұлттық  шығармашыл  элитаның  қызметінде  ұлттық  рухани  өзегі  ретінде 
тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды қалпына келтіру, ғылыми 
айналымға шығару мәселесі айрықша назар аударуға боларлықтай. Осы бағытта 
академик  Ә.Х.  Марғұлан  мен  профессор  Ә.  Қоңыратбаевтың  шығармашылық 
байланысы аса жемісті болған еді. Қазақ ғалымына Ленинградтың жоғары оқу 
орнында білім  алып,  фольклортанушы  болып,  араласқан Ә.  Марғұланның осы 
саладағы  іргелі  зерттеулері  халқымыздың  эпикалық  мұрасына  арналды.  Оның 
осы бағыттағы атқарған қыруар еңбегі мен осы саланың классиктеріне айналған 
Б.  Кенжебаев,  Ә.  Қоңыратбаев,  Х.  Сүйіншіәлиев  сияқты  шәкірттер  тәрбиелеуі 
арнайы  желі  ретінде  қарастырылып,  ғылыми  бағасын  алуы  тиіс.  Біздің 
тақырыпқа  қатысты  айтар  ойымыз  Ә.  Марғұланның  тарихи-археологиялық 
мәселелер мен этникалық тарихты зерттеу қызметіне қатысты. Оның Қазақстан 
тарихын  қола  дәуірі  кезеңіне  қатысты  зерттеу  еңбегі  Отан  тарихына  жаңа 
концептуалды мазмұн қалыптастырған іргелі еңбек болды [5,296 б.]. 
Ә.Қоңыратбаев  та  фольклортанушы  ретінде  Ә.Марғұлан  сияқты  ғұлама 
ғалыммен  тарих  және  мәдениет  ескерткіштеріне  қатысты  үнемі  пікір  алысып, 

154 
 
ғылыми  ойдың  даму  бағыттары  бойынша  ортақ  тұжырымдар  жасаған. 
Ә.Марғұланның  Беғазы-Дәндібай  мәдениетін  Отан  тарихының  мазмұнына 
енгізген  ғылыми  ерлігі  сияқты  Ә.  Қоңыратбаевтың  да  ғылыми  ерлігі,  оның 
шығармашылығын  биік  шыңы  ретінде  Қорқыт-ата  туралы  зерттеулерін 
атаймыз.  1947ж.  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  атты  академиялық  басылымның 
екінші  томына  «Қорқыт  жырлары»  туралы  мақаласын  белгілі  себептермен 
бастыра  алмағанымен  Ә.Қоңыратбаев  бұл  тақырыптан  қол  үзбейді.  Ә. 
Марғұланмен  кеңесе  отырып,  1975ж.  «Қорқыт  ата  кітабының»  толық 
аудармасын  жасап,  кітап  етіп  бастырып  шығарады.  Осы  мәселеге  қатысты  Ә. 
Марғұланға  1975  ж.  22  наурызында  жазған  хатында  Ә.Қоңыратбаев  «Бүгінгі 
ұрпақ, жалпы қазақ мәдениеті Қорқыт жырларынан қол үзіп барады. Сіз бен біз 
шау тартып барамыз - деп алаңдаушылық білдіре отырып, - Менің көздегенім, 
осы аударманы бітіріп, соны жырға айналдыру үшін конкурс жарияласақ деген 
ой еді...-[6, 39 б.] деген ұсыныс жасайды». 
Ұлт  зиялыларының  париялық-мемлекеттік  қызметте  жүріп,  ұлтқа  қызмет 
етуінің  жарқын  үлгісін  І.  Омаровтың  тұлғасынан  танимыз.  Ол  1967  ж.  17 
наурызынан  өмірінің  соңына  дейін  республиканың  мәдениет  министрі 
қызметінде  болды.  Ол  осы  қызметінде  ұлттық  мәдениет  пен  өнерді  дамытуға 
әдеттегі  партиялық  функционердің  саяси  ұстанымдарымен  емес,  үлкен 
ұлтжандылық  жанашырлықпен  үлес  қосты  деп  білеміз.  «Осы  жылдары 
қазақтың эстрадалық өнерін, ұлттық циркті, кәсіби өнердің басқа да бірсыпыра 
салаларын  тыңнан  дамытуға  барынша  күш  салды».  Әсіресе  «композиторлар 
мен  мелодистерді  алпысыншы  жылдардың  соңғы  кезеңдерінде  белең  алған 
батыстың  ешбір  ұлттық  дәстүрге  жатпайтын  әуендеріне  еліктемей, 
отансүйгіштік  ұғыммен,  адамгершілік,  қайырымдылық  және  азаматтық 
борышпен  тоғысқан  терең  мазмұнды,  кең  құлашты  шығармалар  жазуға 
шақырды. Оларды үнемі бақылап, дер кезінде толғандырар сын пікірлер айтып, 
халықтың  рухани  дәрежесін  байытудың  қамын  ойлап  келгендігіне»  [7,  184-
185б.] деректік дәйектер жеткілікті. 
Ұлттық  құндылықтарға  деген  қатынас  мәселесі  билік  пен  шығармашыл 
элита  арасындағы  терең  қайшылыққа  ұласты.  Бірақ  бұл  қайшылық 
шығармашылық элитаның ашық та батыл теке-тіресіне ұласа алмады. 
Шығармашылығы  кеңестік  биліктің  тұсында  қалыптасқанымен  өмірлік 
ұстанымы  мен  көзқарасы  қоғамның  өлшемдерімен  сыйыспаған  тұлғалардың 
бірі  ақын  Сырбай  Мәуленов  еді.  1956  ж.  күзінде  ҚКП  Орталық  Комитетінің 
«Қазақ  әдебиеті»  газетін  ұлтшылдық  бағыты  үшін  сынап,  «талқандаған» 
қаулысы қабылданды. Осы қаулының ызғарымен газет редакторы, 35 жастағы 
дарынды ақын С. Мәуленов қызметінен босап, қуғын көрген болатын.  
Тың және тыңайған жерлерді игерудің барысында қазақ ұлтына жасалған 
демографиялық және рухани қысым, Арал, Балқаш, Семей полигоны және т.б. 
жерлерде  экологиялық  аймақтардың  қалыптасуы  және  олардың  ауыр 
зардаптары  жекелеген  ұлт  зиялыларының  тарихынан  өткір  мәселе  ретінде 
көтерілді.  Соған  қарамастан  партиялық  биліктің  мәселеге  көз  жұма  қарап, 
социалистік  қоғамның  түбірлі  қиыншылықтарынан  туындаған  бұндай 
әлеуметтік-экономикалық  қиыншылықтарды  түрлі  тәсілдермен  бүркемелеуі 

155 
 
халықтың 
қалың 
бұқарасының 
идеология 
құралдары 
насихаттаған 
коммунизмнің  жарқын  болашағына  деген  алдамшы  үміттің  шырмауында 
қалуына ықпал жасады. 
Бұндай  ахуал  ұлт  зиялылары  арасынан  «Жас  тұлпар»  сияқты  биресми 
бірлестіктердің  құрылуы  және  олардың  кең  өрістеткен  мәдени-ағартушылық 
қызметі  арқылы  сейілгендей болды.  Халықаралық  деңгейде  танылып үлгерген 
бұл биресми бірлестік қызметінің жаңғырығы ізсіз кетпеді, халықтың қоғамдық 
санасына  белгілі  дәрежеде  сілкініс  жасады  және  ұлт  мүддесіне  қызмет  ететін 
ұлтжанды зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеп шығарды [8, 4-5б.]. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.
 
Бахтин. М., Литературно-критические статьи. М., 1986 
2.
 
Әбжанов  Х.  Қазақстан:  тарих,  тіл,  ұлт.-  Астана:  «Анатіл  –  Ататарих» 
баспа-зерттеуорталығы ЖШС; - 2007.-272 б. 
3.Батырбеков  Г.  Наследие  академика  К.И.  Сатпаева  по  общественным 
наукам. -Алматы. Ғылым, 1997.-240 с. 
4.Назарбаева  Г.,  Әбжанов  Х.,  Қазақстан:  тарих  пен  тағдыр.  Мақалалар.  – 
Алматы: «Кітап баспасы ЖШС.-2003.-296. 
5.Маргулан 
А.Х. 
Бегазы-Дандыбаевская 
культура 
Центрального 
Казахстана –Алма-Ата: Наука, 1979-360с. 
6. Ә.Қоңыратбаевтың ғылыми –шығармашылық байланысы туралы //Қазақ 
елі 2004ж, 19 мамыр 
7. Омаров Ілияс.-Алматы: Санат, 2003.-184 б. 
8.Елубай  С.  «Жас  тұлпардан»  желтоқсанға  дейін  //Қазақ  әдебиеті.  27 
желтоқсан 2002 ж. 
 
«Мәңгілік ел» – қазақ халқының рухани тарихы  
Берік Қарпықұлы Таңатаров, Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қаласы 
bahtiar_80@mail.ru 
 
«...Қазақ елі мақсатына жету үшін  
ең әуелі өзінің ұлт  екенін біліп,  
ұлттығын танып алуы керек» 
Смағұл Сәдуақас (1900-1933ж.ж.) 
 
«Мәңгілік  ел»  -  халық  арасында  жылдар  бойы  қалыптасқан  идея  деуге 
болады.  Өйткені  бұл  идеяның  түп-төркіні  ұлттық  және  рухани  мәдениетті 
сақтауына,  ұлтты  ұлт  ретінде  сақтауға  негізделеді.  Ұлт  дегеніміз  –  басқаларға 
тәуелді  болмаған  және  өзінің  бірыңғай  мүддесі  бар  халықтар  жиынтығын 
айтады.  Рухы  биік,  намысы  мықты  ұлт  қана  тілін,  дінің,  мәдениетін,  дәстүрін 
дамыта алады. Ал, рухы төмен халық тілінен айырылып, діннен безіп, өзге діни 
идеологиясына  ұшыраса,  онда  тобырға  айналып  өзінен  күшті  басқа  халықтың 

156 
 
құрамына  сіңіп  кетеді.  Алайда,  жері  жоқ,  мемлекеті  жоқ  ұлттар  да  өмір  сүре 
береді, бірақ тілі мен діні сақталмаған ұлт өз болмысын сақтай алмайды. 
Осы жаhандану дәуіріндегі қазақ халқының болашағы қандай болмақ және 
сыртқы  күштерге  қарсы  қоятын  рухани  ауызбіршілігіміз  қандай  деңгейде? 
Анығырақ  айтқанда  қазақ  идеясы  қандай  болу  керек  деген  сұрақ  соңғы  кезде 
ойландыруда.  
Бүкіл адамзатты дін тәрбиелейді, одан асқан тәрбие құралы ойлап табылу 
мүмкін  емес.  Ешбір  дін    -  ұлттық  мүдде  мен  мәдениетті  жоққа  шығармайды 
және  олдардың  орнын  алмастыра  да  алмайды.  Қандай  дін  болмасын  ұлт 
игілігіне,  ел бірлігіне  қызмет етеді.  Егерде дін  және  ұлттық  құндылықтар  бір-
біріне  қарсы  қойылып,  ұлттық  құндылықтар  жүруге  жарамай  өрісте  қалған 
ақсақ тоқтының хәлі сияқты болса, онда өскелең ұрпақты мемлекетшіл ретінде 
тәрбиелеуге  қиынға  соғады.  Қазіргі  таңда  ұлттық  идеологиялық  бағдарды 
орнықтыру  жолында  ұлт  тарихы,  руханият  тарихы,  дін  тарихы 
құндылықтарын жаңғыртуымыз керек.  Діни-ұлттық бірегейлену мәселесі 
қазақ  ұлтының  танымы  мен  тағдыры  тұрғысынан  талдау  керек. 
Халқымыз ешқашан ұлттық мүдде мен діни мүддені бөліп қараған емес.  
Саясаттанушы  Айдос  Сарымның:  «Өзін  алдымен-қазақпын,  сосын-
мұсылманмын»  деген  қазақ  жастары  ешқашан  өзге  елдің  мүддесі  үшін 
қиянатқа,  өлімге  бармас  еді.  Бүгінгі  экстремистік  идеяға  төтеп  бере 
алатын  жалғыз  идея,  жалғыз  күш  бар.  Ол  қазақ  ұтшылдығы, 
мемлекетшілдігі...» деген пікірі өте орынды айтылған. Қоғамдағы радикалдық 
идеологияға қарсы тұратын күш “Атамекен”, “Ана тілі”, “Қазақстанның ұлттық 
мүддесі”  т.б.  сияқты  қасиетті  ұғымдар  ол  біздің  қазақы  мұсылмандығымызда 
жатыр. Ясауи бабамыздың жан тазалығы мен ар түзейтін ғылымына негізделген 
ұлттық  және  рухани  құндылықтарымызды  жаңғыртып,  оларды  ғылыми 
жүйесіне енгізіп кеңінен насихаттау арқылы радикалдық идеологияға тосқауыл 
қоюға  болады.  Әрбір  адамзат  дін  арқылы  қоғамды  түзетемін  деп  емес,  дін 
арқылы  өз  жан  дүниемді  тазартамын  деген  ниетте  болса,  сонда  ғана  қоғамда 
тұрақтылық болар еді. 
«Барма маған бір сын?» -  деп, 
«Ұстағаным қай дін?» - деп, 
Ойламайды: «Кіммін?» -деп, 
Жүрегінің  тоты  бар  -  деп  Шәкәрім  атамыздың  айтылғандай  әр  адамның 
өзінің кемелдену шарты болу керек. Ал, адамның кемелдену шарты дегеніміз – 
әуелі  өзіңді  тәрбиелеу,  өзіңе  сын  көзбен  қарау  ұстанымы  арқылы  халыққа 
қызмет  етуіне  және  қоғамның  дамуына  ат  салысу.  Қоғамдағы  адамзат  өзінің 
бүкіл  даму  барысында  рухани  кемелденуді  мақсат  тұту  керек.  «Кемел  адам» 
барлық  қоғамға,  барлық  дінге  тән  нәрсе.  Өйткені,  рухани  тұрғыдан 
кемелденген  адам  дін  тұрғысынан  алсақ,  күнәдан  пәк  болу,  заң  тұрғысынан 
алсақ,  қылмыстан  аулақ  болу,  ол  ең  ізгі  адамгершілік  мұраттарды  көздейді, 
адамзат қоғамының ортақ игілігіне, жоғары руханиятқа қызмет етеді. 
Өкінішке  орай,  Абайдың  «Ыстық  қайрат,  нұрлы  ақыл,  жылы  жүрегімен» 
ғұмыр  кешіп  жатқанымыз  шамалы.  Демек,  Алланы  тану  үшін  жүрек,  көңіл 
қажет-ақ. Әрбір қазақтың бойынан Құдайды танып, ілім жинап, білгеніңді айт 

157 
 
деген  ұстанымдар  табылуы  тиіс  деп  ойлаймын.    Хәкім  Абайдың  «Әуелі  аят, 
хадис сөздің басы», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Ақыл, қайрат, жүректі 
бірдей  ұста,  сонда  толық  боласың  елден  бөлек»,  «Пайда  ойлама,  ар  ойла», 
«Талап  қыл  артық  білуге»,  «Ғылым  таппай  мақтанба»  деген  асыл  ойлары 
ұлттық  дүниетанымы  мен  адамның  рухани  мәдениетінің  дамудың  негізгі 
шарттары болып табылады. Міне осы терең ойлар қазақтың «толыққанды адам 
болу» идеясы деп қарауымыз керек [1, 52 б.]. 
Профессор  Мекемтас  Мырзахметұлы  ағамыздың  «Абайда  танылмайтын 
дүние бар. Ол ойшылдың дүниетанымы. Өкінішке орай, біздің философтар 
Абайдың  дүниетанымын  ашып  бере  алмай  отыр.  Біздегі  философия 
материализмнің жолымен дамығандықтан Абайдың дүниетанымын түсіну 
мүмкін  емес.  Себебі,  Абайды  танып  білуде  маркстік  модель  емес, 
шығыстық  модель  керек»  -  деген  пікірі  шығыстық  яғни  мұсылманшылық 
жолмен ойланбайынша Абайдың астарлы ойларын терең танып біле алмаймыз. 
Сондай-ақ  М.Әуезовтің  бір  еңбегінде:  «Абайға  шығыстан  кірген 
бұйымдардың басы Ислам діні» деген пікіріде нақтылай түседі.
 
Қазақтың  «толыққанды  адам  болу»  идеясы  Жүсіп  Баласағұнның 
«жәуәнмәрттілік  ілімі»  мен  Ахмет  Ясауидің  «хал  ілімінен»  нәр  алып,  XІX 
ғасыр соңында Хәкім Абай арқылы дүниеге келді. Ғажап зор рухани құбылысқа 
айналды.  XІX  ғасыр  соңында  Абай  негізін  салған  толық  адам  ілімінің  мән-
мағынасын ашып, ғылыми тұрғыдан негіздей отырып жүйеленсе, бүгінгі теріс 
пиғылға  тойтарыс  берер  рухани  қуат  күшіне  айналар  еді.  Яғни  Шәкәрім 
бабамыздың  армандаған  «Ар  ғылымы  оқылса»,  адамзат  баласы  адамшылық 
жолына бағыт алмақ дегені
 
[2, 90-91б.].
 
Теология  және  философия  ғылымдарының  докторы  Досай  Кенжетай 
ағамыз  Ясауидің  «хәл  ілімі»  турасында:  «Ясауи  ілімі-қоғамдық  әлеуметтік 
ынтымақ пен бірлікке ұйытқы болатын даналықтың кені. Яғни, оның ілімі 
адамдар 
арасындағы 
өзара 
тең 
сұхбаттың, 
бауырластықтың, 
махаббаттың  діни  рухани  ұстанымдарын  қамтитын  бір  тұтас 
тұжырымдамалар  жүйесі  болып  табылады»  -  деп  түркі  халықтарының 
рухани өзегі, оның ішінде қазақ халқының діни танымының қалыптасуы Ясауи 
ілімі арқылы негізделген. 
Әз.  Пайғамбарымыз    «Кімде-кім    өзін-өзі  таныса,  сол  өз  Раббысын  да 
таниды» деген өсиетіне сай, қазақ бабам «Өзін-өзі билеген ел бақытты, өзін-
өзі  таныған  ер  бақытты»  дегенде  ел  мен  ердің  бақыты  егіздей  айтылып,  ел 
бақытының шартын егемендікпен, ал ер бақытын өзін-өзі тану арқылы рухани 
кемелдікке  жетуімен  байланыстыруы  айрықша  назар  аударған.  Демек,  діннің 
рухани  мәдениет  әлеуетіне  назар  аударып,  дінді  руханиландыруымыз  қажет. 
Себебі, артта қалған кеңес өкіметі де қазақ халқының рухани дүниесіне зор зиян 
келтіргені бәрімізге мәлім [3, 12 б.]. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет