Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет2/21
Дата06.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#7954
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

4.  Көшбасшылық  ұстанымы.  «Көшбасшы»  деген  терминнің  мағынасын 
біз  кеңейтіп  алып  отырмыз,  мұнда  «көшбасшылық»    -  өзін  өзі  таныған,  өзін 
өзгеге  таныта  алған,  командада  жұмыс  істей  алатын,  адамгершілігі  мол  еркін  
Тұлға  деген  сөз.  Көшбасшылық  қасиет    жалпыадамзаттық  құндылықтарды 
игерумен, еркін ойлаумен, демократиялы қоғамда   басқалармен диалогқа түсе 
алуымен,  командамен  бірге  іс  жасай  алу  қабілетімен  байланысты.  Бұл  жерде 
оқушылардың  «Мен»-ін  өзімшіліктен  ажыратып  қарау  керек  екендігін  баса 
айтқым келеді.  Тұлғаны қалыптастыру бағытындағы іс-әрекетте менменшілдік 
пен  мемлекетшілдіктің  мүлдем  бір-біріне  кереғар  ұғымдар  екенін  санада 
ұғындырмайынша, командада жұмыс істей алу қабілетін  қалыптастыру мүмкін 
болмайды. Менмендігі жоқ, мемлекетшіл адам ғана өзі әрекет ететін қоғамдық 
ортаға  бейімделеді,  қоғамға  бейімделу  деген  сөз  –  басқа  қоғам  мүшелерімен 
бірлесіп  жұмыс  істей  алу,  ел  мүддесі  жолында  басқалармен  өзара  түсіністікте 
еңбек  ету.  Аристотельдің  айтуында,  егер  адам  қоғамда  қарым-қатынасқа  түсе 
алмаса, онда ол мемлекеттің құрушысы бола алмайды.  Ломоносов та қоғамға 
пайдалы  болуды  көздеген  парасатты,  ізгілікті  және  эмоциональдылықты 
жақтады, оларды жақсы шешендер деп таныды. 
 Болашақ  ұрпақтың  мемлекеттік  санасын  қалыптастырушы  –  ол  философ-
педагог.  Платон  қоғамның  мінез-құлқын  өзгертетін  философ-педагогтің 
мансабын  қолдады.  Философ  педагог  білім  алушыларға  тыйым  салмайды, 
бағыттайды;  үстемдік  жасамайды,  бірге  шешеді;  мәжбүрлемейді,  сендіреді;  
команда  бермейді,  ұйымдастырады;  шектемейді,  таңдауға  ерік  береді. 

10 
 
Философ-педагог  қана  осылайша  келешек  мемлекет  құрушыларын  даналыққа 
баулиды,  дұрыс  шешім  қабылдауға  үйретеді,  оқушының  өзін-өзі  тәрбиелеуіне 
ықпал  жасайды.  Жастардың    білімі  мен  түсінігін  өз  басының  байлығы  мен 
билікке жетуіне жұмсамай, көпұлтты елдің  бірлігі, мемлекет табысы,  Мәңгілік 
елдің  тұтастығы  жолында  қызмет  етуге  төселдіреді.  әл-Фараби  бастаған  ұлы 
ғұламалар,  қазақтың  ойшыл  ақын-жыраулары,  Абай,  Шәкәрімдер  т.б.  үнемі 
тәрбиенің  этикалық  жағына  көңіл  бөліп,  арлылық  мен  кісілікті  талмай 
насихаттады. Мұның өзі  осы мәңгілік халық болып қалуды көксегеннен туған 
ойлар еді. 
5.  Эмоционалды  интеллект    ұстанымы.  Эмоционалды  интеллект 
дегеніміз  –  эмоцияны  қабылдау,  бақылау    және    бағалау.  Эмоционалды 
инттелект  –  туа  бітетін  қасиет  пе  әлде  оны  дамытуға  бола  ма?  Peter  Salovey 
және John D.Mayer өздерінің бірлесіп жазған «Эмоционалды интеллект» деген 
еңбегінде  эмоционалды  интеллект  деген  ұғымға  түсінік  береді.  Олардың 
анықтамасында  эмоционалды интеллект  –  өзінің  және  басқалардың сезімі  мен 
эмоциясын сүзгіден өткізе алу қабілеті, оларды айыра алу және өз ойлауы мен 
іс-әрекетіне  пайдалана  алу  мүмкіндігі.    Peter  Salovey  және  John  D.Mayer 
анықтаған  эмоционалды  интеллект  моделінде  төрт  түрлі  факторды  көрсетеді: 
эмоцияны  қабылдау  қабілеті,  эмоцияны  қолдану  қабілеті,  эмоцияны  түсіну 
қабілеті және эмоцияны басқару қабілеті.  
Эмоцияны  түсінудегі  бірінші  қадам  –  оны  қабылдау.  Көптеген 
жағдайларда    бұл  адамдардың  бет-әлпетіндегі  вербальды  емес  сигналдарды 
қабылдаумен  байланысты  болады.    Келесі  қадам  –эмоцияны  анықтау:  нәрсеге 
көңіл  бөлу    және  оған  жауап  беру,  білдіру.  Бұдан  кейінгі  қадам  –  эмоцияны 
түсіну.  Егер  біреу  ашуланса,  оның  ашуына  не  себеп  болды  және  ол  нені 
білдіреді  дегенді  түсіну.  Соңғы  қадам  –  эмоцияны  меңгеру.  Эмоцияны  тиімді 
меңгеру  қабілеті  –  эмоционалды  интеллектінің  ең  маңызды  қадамы  болып 
есептеледі. Эмоцияны бағалау және басқа адамдардың эмоционалды әрекетіне  
дұрыс  жауап  беру  –  жоғары  саналылық.  Жоғарыдағы  қойған  сұрағымызға 
қайтып оралайық: көптеген зерттеушілер эмоционалды интеллектіні білім беру, 
кеңес беру  арқылы және тәлімгерлік жолмен дамытуға болатындығын айтады. 
Эмоцияны  бағалау    күйзелісті  азайтып,  ұйымдастырушылық  жұмысты 
күшейтеді.  Адамның  жеке  өмірінде  және  кәсіби  ісінде  алға  жылжу    үшін 
эмоционалды  интеллект  болып  қалыптасу  маңызды.  Эмоциясын  меңгере  алу 
қоғамда  басқалармен  достықта  және  іскерлік  қарым-қатынаста  өмір  сүруге, 
карьерасын  дамытуға,  өзіне  өзі  көңіл  толуына    қол  жеткізеді.  Эмоционалды 
интеллект  қоғамда  табандылыққа  ие:  күйзеліске  қарсы  тұра  алады,  әртүрлі 
келеңсіз  оқиғаларға    төзімділікпен  жауап  бере  алады.  Эмоционалды 
интеллектілік  қасиетке  ие  жандар  –  өзі  өмір  сүріп  отырған  қоғамның 
артықшылықтарын  байқайды,  мемлекеттің  табыстары  мен  жетістіктерін 
бағалайды.     
Мәңгілік Елдің өміршеңдігі осы жоғарыда айтылған бес ұстанымды дұрыс 
пайдаланып, осы ұстанымдар арқылы қалыптасатын мінез-құлықты  болашақты 
құрушы ұрпақтың бойына сіңдіре алумен тығыз байланысты. Біртұтас ел болу 

11 
 
мұраты  жолында  ой  толғап,  артына  аталы  сөз  қалдырған  мұраларды  жүйелі 
түрде сатылы әрі сабақтастықта оқыта алуды жолға қою болмақ.  
 
 
Пайдаланған әдебиеттер 
1.Н.Назарбаев.  «Мәңілік  ел  –  қазақ  халқының  ұлттық  идеясы»  Жолдауы. 
А., 2014. 
2.Н.Назарбаев.  «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  бағдарламасы. 
А.,2014. 
3. Н.Назарбаев. «Ұлт жоспары- 100 қадам» реформасы. А., 2015. 
4.  Э.Гуссерль.  «Логические  ииследования.  Картизанские  размышления». 
Астана, 2000.-752.  
5. Жан Жак Руссо. «О воспитании».www.biblioteka.ru/filosofia/52 htm7 
6.Peter Salovey, John D.Mayer. «Emotional intelligence».1990 
 
 «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтарын білім беру процесіне 
енгізу мәселелері туралы 
Адиет Қайыркен Балтағұлұлы 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 
аға ғылыми қызметкер, тарихшы-магистр 
 
Елбасының  «Қазақстан  жолы  - 2050:  Бір  мақсат, бір  мүдде,  бір болашақ» 
Жолдауында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын 
қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл құндылықтар уақыт сынынан өткен 
Қазақстандық жол тәжірибесі. 
-
 
Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; 
-
 
қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; 
-
 
зайырлы қоғам және руханият; 
-
 
индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; 
-
 
Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы; 
-
 
тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы; 
-
 
еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік,  өңірлік  мәселелерді 
шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу [1].  
«Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты»  Елбасы  Жолдауындағы  «Mәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  өмірде 
іске  асырудың  негізі  мектепте  қалануы  тиіс.  Орта  білім  беру  жүйесінде 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  балалар  мен  жастарды  жоғары  руханилық,  азаматтық 
ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету 
дайындығын,  жаңа  қазақстандық  патриотизм  мен  бірігу  сезіміне  тәрбиелеуге 
бағытталған.  
«Мәңгілік  Ел»  идеясын  іске  асыру  аясында  қоғамдық-гуманитарлық 
циклді пәндердің (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, Қазақстан 
тарихы)  оқу  бағдарламаларының  базалық  мазмұнына  Мемлекет  басшысының 

12 
 
2014  жылғы  15  желтоқсанда  сөйлеген  «Тәуелсіздік  толғауы»  мәтіні  енгізілді. 
Пәндерді  оқыту  оқушылардың  рухани-адамгершілік  қасиеттерін  және 
патриоттық  сезімдерін,  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  өмірде  жүзеге 
асыру  ұмтылысын,  азаматтық  жауапкершіліктерін  қалыптастыруға,  ұлттық 
өзіндік  сана  және  төзімділікті  дамытуға,  зайырлы  құндылықтарды  нығайтуға 
және  жастардың  терроризм  мен  экстремизм  идеологиясын  саналы  түрде 
қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-
қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған.  
Қоғамдық-гуманитарлық  пәндер  және  олардың  мазмұны:  оқушы 
тұлғасының  интелектуалдық  әлеуетін  дамыту  мақсатында  филологиялық, 
тарихи  және  қоғамтанулық  білім  беруді;  бағдар  бойынша  базалық  пәндерді 
тереңдетіп  оқытуды;  қоршаған  әлемді  түрлендірудегі  қазақ,    oрыс,  шетел, 
Қазақстан  тарихы,  дүние  жүзі  тарихы,  адам  және  құқық  рөлі  туралы 
түсініктерін  қалыптастыруды;  oқушылардың  лингвистикалық,  тарихи, 
көріністік  oйлауын  қалыптастыруды,  әртүрлі  өмірлік  жағдайларға  және 
болашақ  кәсіби  қызметіне  қажетті  oқушылардың  аналитикалық,  практикалық, 
кoммуникативтік 
біліктері 
мен 
дағдыларын 
жетілдіруді; 
oқытуды 
бейіндендіруге  жағдай  жасауды  және  oқушыларды  одан  әрі  кәсіби  өзін-өзі 
анықтауға, өзін-өзі дамытуға даярлауды қамтамасыз етеді [2]. 
Сонымен  қатар  Елбасының  «Тәуелсіздік  толғауы»  еңбегін  білім  беру 
ұйымдарында  оқушылардың  психологиялық  және  жас  ерекшеліктерін  ескере 
отырып  оқып  білуге  арналған  әдістемелік  ұсыныстар  дайындалды,  оларда 
оқытудың  тиімді  формалары  мен  әдістері  көрсетілген  және  оқушылардың 
азаматтығы  мен  отаншылдығын  қалыптастыру  мәселесіне  ерекше  назар 
аударылған.  Осыған  орай  Мемлекет  басшысының  «Тәуелсіздік  толғауы» 
шығармасын кеңінен оқытуды ұйымдастыру ұсынылады [3]. 
Қазақстан  Республикасындағы  білімді  және  ғылымды  дамытудың  2016  - 
2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  бағыттарын  іске  асыру 
аясында  Ы.Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  мен  «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ бірлесе отырып, орта білім мазмұнын жаңартуда 
алдымен  «НЗМ»  ДББҰ  тәжірибесін  республиканың  жалпы  білім  беретін 
мектептеріне жүйелі бейімдеумен тарату бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Бүгінгі  таңда  Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті білім беру стандарттары (бұдан әрі – ББ МЖМС) әзірленіп, Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2016  жылғы  13  мамырдағы  №  292  қаулысымен 
бекітілді.  
Жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  қазақстандық  патриотизм  мен 
азаматтық  жауапкершілік,  құрмет  көрсету,  ынтымақтастық,  еңбек  пен 
шығармашылық,  ашықтық,  өмір  бойы  білім  алу  тәрізді  «Мәңгілік  Ел» 
құндылықтар  жүйесі жаңа МЖМБС барлық білім деңгейлеріне енгізілген[4]. 
 
«Мәңгілік Ел» құндылықтары 
Білім беру стандарттарында 
анықталған құндылықтар 
Адалдық және патриотизм 
Қазақстанның  тәуелсіздігі  және 
Қазақстандық патриотизм және 
азаматтық жауапкершілік 

13 
 
Астанасы 
(Отанға  және  халқына  деген 
сүйіспеншілік, 
елінің 
жетістіктері  үшін  мақтаныш, 
Қазақстан мүддесіне қызмет ету) 
Еңбексүйгіштік 
Жалпы  Ортақ  Еңбек  Қоғамы 
Индустрияландыру 
мен 
инновацияларға 
негізделген 
экономикалық өсім 
Еңбек және шығармашылық 
(өз жұмысын ұйымдастыру білу, 
белсенділік, 
бастамашыл, 
адалдық,  жұмысқа  әуесқойлық, 
үздік нәтижелерге жету) 
Азаматтық теңдік 
Толеранттылық  
Тарихтың,  мәдениет  пен  тілдің 
ортақтығы 
Құрмет 
(мақтаныш, ата-аналары, отбасы, 
үлкендер, достары, адамдарға 
қамқоршылық және жылы сезім) 
Еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі 
жәнебүкіләлемдік, 
өңірлік 
мәселелерді  шешуге  жаһандық 
тұрғыдан қатысу 
Ынтымақтастық 
(әртүрлі елдердің 
азаматтарымен, жергілікті және 
мектептің қоғамында, 
мұғалімдермен, достарымен 
командада жұмыс істей білу 
қабілеті) 
Адалдық 
Зайырлы  қоғам  және  жоғары 
руханият 
Қоғамымыздағы  ұлттық  бірлік, 
бейбітшілік пен келісім 
Ашықтық 
(іскерлік  және  жеке  қарым-
қатынаста адалдық, академиялық 
адалдық, 
басқа 
адамдармен 
бірлесіп  жұмыс  істеуге  дайын 
болу, ортақ мақсатқа жету) 
Білім беру және білімділік 
Өмір бойы білім алу 
(білім  мен  дағдыларының  өсуі, 
тұлғаның  потенциалын  дамыту, 
экономикалық  білімін  дамыту, 
ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігінің 
өсуі) 
 
Сонымен  қатар  жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  «Мәңгілік  Ел» 
жалпыұлттық идеясы академиялық пәндер, жобалау-зерттеу және сабақтан тыс 
іс-әрекеттер, қосымша білім беру, таңдау курстары арқылы мектеп мазмұнына 
енгізілетін болады.   
Оқу  бағдарламаларының  мазмұны  білім  алушылардың  рухани-
адамгершілік  қасиеттерін  қалыптастыруға,  қазақстандық  патриотизм  және 
«Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  идеясын  іске  асыруға  тырысу,  этносаралық  және 
мәдениетаралық байланыс жағдайында толеранттылықты және қарым-қатынас 
жасау білігін дамытуға бағытталады. 
«Тарих»  пәндері  оқушыларды  тарихи  оқиғалармен  таныстырып  қана 
қоймай,  оған  қоса  ғасырлар  бойы  Ұла  Дала  кеңістігінде  қалыптасқан  ұлттық  

14 
 
құндылықтарды,  қазіргі  қоғамның  гуманистік  идеялары  мен  демократиялық 
құндылықтарын  игеруге,  әлемнің  мәдени  әртүрлілігін  түсінуге  жетелейді.  Пән 
мазмұны  ата-бабаларымыздың  бірегей  мәдениетін,  әлем  тарихындағы 
Қазақстанның  алатын  орны  мен  рөлін,  оның  жалпыәлемдік  өркениеттің 
дамуына қосқан үлесін түсінуге,  толеранттылықты қалыптастыруға мүмкіндік 
береді.  «Қазақстан  тарихы»  пәні  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  біріктіруші 
идеясын жүзеге асыруда  маңызды рөл  атқарады, өз кезегінде  ол, ұлттық және 
жалпыадамзаттық  құндылықтарды  қабылдайтын,  адамдар  құқықтары  мен 
бостандықтарын  құрметтейтін  және  Отанының  дамуына  өзіндік  үлес  қосуды 
қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. 
Пәннің  мақсаты:  Оқушылардың  бойында  тарихи  сана,  қазақстандық 
патриотизм,  толеранттылық,  өз  елінің  және  басқа  елдердің  тарихы  мен 
мәдениетіне  құрмет,  өз  ата-бабаларының  жетістіктеріне  деген  мақтаныш 
сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, 
зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.  
Пәннің 
міндеттері: 
Адамзат 
өркениетінің 
және 
Қазақстан 
территориясындағы  ежелгі  заманнан  бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  қоғамның 
әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының  негізгі кезеңдері мен түрлі 
халықтардың  тарихи  даму  жолының  ерекшеліктері  туралы  білімін 
қалыптастыру;  әлемнің  тарихи  дамуы  барысында  қалыптасқан  ұлттық  және 
жалпы  адамзаттық  құндылықтар  жүйесі  туралы  білім  беру;  негізгі  оқиғалар, 
құбылыстар  мен  тарихи  дамудың  процестерінің  мәні  туралы  түсінік 
қалыптастыру;  тарихи  оқиғаларды,  құбылыстар  мен  процестерді  және  тарихи 
тұлғалардың  қызметін  тарихи  контекстінде  сын  тұрғысынан  талдау  және  баға 
беру  дағдыларын  қалыптастыру  мен  дамыту;  тарихи  деректердің  негізінде 
дәлелді  пайымдау  дағдыларын  дамыту;  тарихи  зерттеу  жүргізу  дағдыларын 
қалыптастыру  мен  дамыту  (гипотезаларды  ұсыну,  зерттеу  сұрақтарын 
құрастыру,  деректерді  талдау,  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыру,  нәтижелер 
мен  қорытындыларды  шығару,  өзінің  ұстанымын  анықтау);  қазіргі  кездегі 
саяси,  әлеуметтік-экономикалық  және  мәдени  процестерде  бағдарлану  үшін 
тарихи  білімдерін  қолдана  білу  дағдыларын  қалыптастыру;  коммукативті 
дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде 
анық  білдіру,  командада  жұмыс  істей  алу,  түрлі  деректерден  алынған 
ақпараттарды,  жарияланым  мен  электронды  құралдарды  қоса  алғанда, 
қолдану[5].  
 «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  тәжірибесін  жалпы  білім  беру 
мектептеріне  тарату  тапсырмасына  сәйкес  бүгінгі  таңда  кіріктірілген  оқу 
бағдарламалары  әзірленіп  жатыр.  Заманауи  талаптар  тұрғысынан  қарағанда, 
кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасын  әзірлеуде  қазақстандық  мектеп  пен 
әлемдік білім беру тәжірибесінің озық жетістіктері есепке алынады. 
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламаларының  ерекшеліктері:  оқушыларға 
алған  білімдерін  оқудағы  және  өмірдегі  мәселелерді  шешуде  пайдалануды 
үйретуге  бағдарлау;  тілдерді  деңгейлік  үйретуді  ұйымдастыру;  пәндерді 
кіріктіру;  жаңа  пәндерді  енгізу;  тереңдетіп  және  стандартты  оқуға  арналған 
пәндерді  жоғары  сыныпта  таңдау  құқығы;  ЖОО-ға  түсуге  мақсатты  түрде 

15 
 
дайындалу; жобалау іс-әрекеті; бағалаудың критерийлік жүйесі. 
Осыған  орай  «Назарбаев  Зияткерлік  мектертері»  ДББҰ  тәжірибесі 
негізінде қоғамдық пәндерден де «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» эксперименттік 
кіріктірілген оқу бағдарламасы әзірленді. Кіріктірілген оқу бағдарламасындағы 
Аталған пәнінің маңыздылығы Заманауи Қазақстанның даму идеологиясы мен 
ұлттық мүдделерді жүзеге асыру мақсатында саяси, экономикалық, әлеуметтік, 
өркениеттік  ұстанымдарын  түсінеді,  әрі  елді  өркендету  жөнінде  өзіндік 
азаматтық  позициясын  қалыптастырады.  Еліміздің  әлемдегі  орны,  оның 
тәуелсіз  даму  моделі  және  елді  дамытуға  бағытталған  реформалары  мен 
стратегиялары  туралы  білімдерін  тереңдетіп,  әлем  елдеріне,  халықаралық 
ұйымдар  мен  түрлі  қоғамдық  бірлестіктерге  қатысты  ұстанған  ішкі-сыртқы 
саясатындағы  басымдылық  бағыттарын,  ұлттық  және  аймақтық  қауіпсіздік 
проблемаларын түсінеді.  
«Қазіргі  әлемдегі  Қазақстан»  пәнінің  мақсаты  –  елдің  ішкі  саяси  және 
әлеуметтік-экономикалық,  ұлттық  мәдени  және  өркениеттік  ерекшеліктерін, 
географиялық  жағдайын    назарға  ала  отырып,  Қазақстанның  қазіргі  әлемдегі 
орнын түсіну және болашақта мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-
техникалық әлеуетін өсіру, оның саяси ықпалын ұлғайту, халықтың әл-ауқатын 
арттыру, ұлттың зияткерлік және өнегелілік прогрессін қамтамасыз ету жөнінде 
бірқатар  пәндердің  синтезі  негізінде  қажетті  білімдер  мен  дағдыларды 
қалыптастыру. Сын тұрғысынан бағалау; негізгі ойды дамыту;   логикалық 
ойлау;  ізденіс  және  зерттеу  жұмыстарын  жүргізу;  дәлелдемелер  келтіре 
отырып,  шешім  қабылдау  және  бағыттарды  белгілеу;  деректі  таңдау,  талдау. 
Бұл  дағдылар  оқушылардың  функционалды  сауатты  болуына  және 
Қазақстанның  көшбасшылық  дамуына  өз  үлестерін  қосуға  мүмкіндік  береді. 
Аталған пәнін оқу арқылы оқушылар келесідей білім мен түсінікке ие болады: 
Еліміздің  әлемдік  қауымдастықтағы  алатын  орны,  саяси  және  әлеуметтік-
қоғамдық  дамуы,  мәдениеті  мен  ұлттық  құндылықтары,  экономикасы  мен 
қазіргі заманғы тарихы, дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілігі [6].  
Бұл  бағдарлама  балалардың  өздігінен  білім  алу  дағдыларын,  талдау,  өз 
көзқарасын  дәлелдей  білу,  командада  жұмыс  істеу,  алған  білімдерін  өмірде 
пайдалану қабілеттерін, тілдік және коммуникативтік дағдыларын дамытады.  
ХХІ  ғасыр-қатаң  бәсекелестік  ғасыры.  Демек,  әлемдік  бәсекелестіктің 
жылдам  дамуына  ілесе  алатындай  білімді  де  тапқыр  дара  тұлғаның  тағдыры 
барша  педагогикалық  қауымның  қолында  екені  даусыз.  Педагогикалық 
қауымның  қазіргі  таңда  атқарып  жатқан  істерінің  арқасында  жас  ұрпақтың 
болашақта  әлемдік  деңгейдегі  сынақтардан  жоғары  нәтиже  көрсететініне 
сеніміміз мол.  
Қорытындылай 
келе, 
басты 
міндет 
жасөспірім 
талабын 
қанағаттандыратын,  қоғамның,  ұлтымыздың  ұстанған  бағытымен  сабақтас 
келетін сапалы білім мен саналы тәрбие жүйесін құру деп санаймыз. 
 
Әдебиеттер тізімі  

16 
 
1.
 
Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 
2014 жылғы 17 қаңтар, Астана қ. 
2.
 
2. Қоғамдық-гуманитарлық  бағытта  бейіндік  оқытудың  әдістемелік 
ерекшеліктері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 
білім академиясы, 2013. – 82 б.  
3.
 
«Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін 
пәндердің,  таңдау  курстарының  және  факультативтердің  үлгілік  оқу 
бағдарламаларын  бекіту  туралы»  «Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
Министрінің  2013  жылғы  3  сәуірдегі  №  115  бұйрығына  өзгерістер  мен 
толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 
министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығы. 
4.
 
«Білім  берудің  тиісті  деңгейлерінің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 
білім беру стандарттарын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысына  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы 
№ 292 қаулысы.  
5.
 
«Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы». Орта білім беру мазмұнын 
жаңарту аясында негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған 
оқу бағдарламасы. – Астана, 2016. – 4 бет 
6.
 
«Қазіргі  әлемдегі  Қазақстан»  11-12  сыныптарған  арналған 
кіріктірілген  оқу  бағдарламасы.  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ 
Кембридж 
Халықаралық 
Емтихан 
Кеңесімен 
бірлесіп 
құрастырған. 
««Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ». - Астана, 2015. – 3-4 б.б. 
 
«Мәңгілік ел» идеясы – ұлтжандылық тәрбиенің негізі 
Бегалиев Т.Б.  
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, 
 Қазақ білім академиясының корреспондент мүшесі,п.ғ.к. 
 
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Мәңгілік  Ел»  [1]  идеясын  Қазақ  елінің 
ұлттық идеясы ретінде жариялап отыр. 
«Мәңгілік  Ел»  идеясы  ауқымды.  Ол:  елдің  ішкі,  сыртқы  саясаттарын, 
экономикасын,  ғылым  мен  білімін,  жас  ұрпақ  тәрбиесін  т.б.  салаларын 
қамтиды.  
Мәселен,  Парламент  сенатының  төрағасы  Қасым-Жомарт  Тоқаев: 
«Мәңгілік  Ел»-Қазақстанның  ұлттық  идеясы  және  мемлекеттік  идеологиясы» 
[2] десе, Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Ниғматтулин «Мәңгілік Ел»-
ұлттық идеяның берік негізі» [3] дейді. 
Еліміздің  белгілі  ғалымы,  академик  Сейіт  Қасқабасов  «Бабалар  сөзінің» 
(фольклорының)  100  томының  жарыққа  шығуына  байланысты  «Мәңгілік  ел»-
дің  Мәңгілік  фольклоры»  [4]  дейді.  С.Қасқабасовтың  бұл  еңбекті  бұлай  деп 
атауы: 100 томдық фольклорда бүкіл Қазақ халқының ауыз әдебиеті қамтылған, 

17 
 
тұнып тұрған Ел-Ұлтжандылығында. Онда қазақтың мақал-мәтелдері, қанатты 
сөздері, Төле Би, Қазбек Би, Майқы Би сынды билердің сөздерімен қатар қазақ 
халқының  өз  елін  шапқыншылықтан  қорғауда  ерлігі  аңыз  болып  өлең-жырға 
қосылған  Қобыланды,  Алпамыс,  Ер  Тарғын,  Ер  Сайын,  Ағыбай,  Қабанбай, 
Бөгенбай, Наурызбай, Исатай, Махамбет сынды батыр бабалар туралы жырлар 
берілген.  
100 томдық «Мәңгілік елдің Мәңгілік фольклоры» қазақстандық филолог-
ғалымдарының Президент Жолдауына қосқан үлесі деуге де болады.  
Біздің  ойымызша  Мемлекетіміздің  «Мәңгілік  Ел»ге  айналауы  үшін  әрбір 
азамат  өз  саласында  аянбай  еңбек  етіп,  Мемлекетіміздің  гүлденуіне  өз 
саласында үлестерін қосуы тиіс.  
 Осыған  орай  біздер-педагогикалық  институт  ұстаздарының  міндеттері 
қандай? Біздің ойымызша: болашақ ұстаздарды-білімгерлерді «Мәңгілі Ел»дің 
мағынасын,  ертеңгі  ұстаздар-білімгерлер  арқылы  мектеп  оқушыларына 
«Мәңгілік Ел»дің-тетігінің бірі- Ел-Ұлтжандылық екенін түсіндіргеніміз жөн. 
Оған  барар  жол  халық  даналығының  негізінде  жатыр.  Қазақта  мынандай 
мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел 
жетесіз»  деп  Н.Ә.Назарбаев  «Тарих  толқынында»  келтіріп,  оны  ары  қарай 
былай  өрбітеді:  «Біз  тек  жеті  ғасырмен  шектелмеу  керек,  өйткені,  біздің 
тарихымыз логикалық жағынан да, географиялық жағынан да көзге көрінбейтін 
арқаулар  арқылы  толып  жатқан  басқа  да  адам,  халық  аттарымен  байланысып 
жатыр» [5. 273 б.] Ол үшін жалпы ұлттымыздың тарихын біліп, соны зерттеп: 
«Біз  қайдан  шықтық?»,  «Біз  кімміз?»,  «Кешегі  Кеңес  дәуірі  бізге  не  берді?», 
«Сол дәуірде не жоғалттық?», «Кешегі Ұлы Отан соғысында қан төккен, жанын 
пида  қылған  ата-бабаларымызға  қандай  құрмет  көрсетіп  жүрміз?»  т.б. 
сұрақтарға жауап іздеу керек.  
Біз-ұстаздар  осы  сұрақтарға  жауапты  институт  қабырғасында  дәріс  беру 
барысында іздегеніміз жөн. Себебі болашақ ұстаздар мектеп оқушыларына осы 
сұрақтар төңірегінде жауаптар беруі керек. Бүгінгі кішкентай бала - ол ертеңгі 
ел азаматы екені белгілі.  
 «Мәңгілік  Ел»  деген  ұғым-мұратты  алға  қойып,  халықтың  жағдайын, 
елдің өрлеуін, еліміздің жарқын өмірін меңзеп отырған бағдарлама. 
 «Мәңлік Ел» идеясы - «Қазақстан-2050» стратегиясының түпқазығы. 
 Аталған  идеяның  негізін  Ел  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  1991  жылдың  21 
желтоқсанында  Қазақстан  астанасында  бұрынғы  11  кеңестік  республикалар 
басшылары  Кеңес  Социалистік  Республикалар  Одағының  заңды  түрде 
тарағанын  және  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  құрылғанын  жария  еткен 
Алматы декларациясына қол қойған кезде ұстанған еді [6].  
Н.Ә.Назарбаев  соңғы  Жолдауында  сол  идеяны  нақтылап  мемлекетіміз 
«Мәңгілік ел», «Қазақ елі» деген терминді ендіріп отыр. Ал бүгінгі жас ұрпақты 
біліммен  сусындатып,  тәрбие  беретін  болашақ  ұстаздарды  соған  тәрбиелеп 
білім беруіміз керек. 
 Бүгiнде  Қазақстан  жағдайында  көп  ұлтты  мемлекетте  кешегi  Кеңес 
заманындағыдай  Отансүйгiштiк,  ұлт-елжандылық  сезiм  жастарымыздың 
бәрiнде бар ма? Ел басына күн туса жастарымыз елін, жерін қорғай ала ма деген 

18 
 
ойдан туындайды.  
Жас ұрпақты ұлт-елжандылыққа баулу үшін қазақ елінің тарихына үңілу, 
содан тағлым алу, соны жас ұрпақтың бойына сіңдіру. 
Егемен,  тәуелсiз  Қазақ  елiнiң  iргелi  мемлекет  болып  қалыптасуы  тарихи 
күрделi  кезеңде,  яғни  нарық  экономикасына  бiртiдеп  өту  дәуiрiне  тұспа-тұс 
келiп  отырғанда,  Қазақ  халқының  бастан  кешкен  тарихын  зерттеп,  тәрбие 
саласындағы  мәндi  тағлымдарды  пайдаланып‚  қазақтың  ұлтжандылық‚ 
отансүйгiштiк  тәрбиесiн,  яғни  елін-жерін  сүюді,  ұлт-елжандылық  сезімді 
отбасынан бастап, еліміздің тарихын білуге итермелейді.  
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халқына  бағытталған  әр  жылғы 
Жолдауларынында білімді ұрпақ тәрбиелеуде, дүниежүзілік көштен қалмауды, 
қазақстандық патриотизмді (отансүйгіштікті), ұлт-елжандылықты назардан тыс 
қалтырған емес.  
Отанның  білімді  ұрпағы  болуы  үшін  ол  ұлтын,  жерін,  Отанын  сүйетін 
азамат болуы тиіс.  
 Осы  орайда:  «Бізге  ұлттық  тәрбие, қазақтың ұлтжандылығы керек» деген 
ой да туындайды. Біз мұны бүгінгі таңда дұрыс бағыт деп санамаймыз.  
Белгілі ғалым Манаш Қозыбаевтың «ұлтшыл болу - ол ұлтын сүю» дегенді 
білдіреді,  бірақ  біз  ұлтшылдыққа  бармайық,  «дық»  деген  жалғаудан  аулақ 
болайық» деп айтқаны бар еді [7]. 
«Ұлтшыл»  бола  тұрып,  көп  ұлтты  мемлекетте  басқа  ұлт  өкілдерін  де 
сыйлауымыз  керек.  Оларда  да  ұлттық  намыс  бар.  Бірақ  қазақстандық  Ел-
Ұлтжандылықтың  көшбасшысы  қазақтар  болуы  тиіс.  Осылайша  Қазақстан 
халқы татулықта, ауызбірлікте бірге еңбектеніп, оқып білім алу қажет.  
«Мәңгілік Ел» - ұлттық идеология. Оны ары қарай қалыптастырып дамыту 
әр  қазақстандықтардың,  соның  ішінде  ең  бірінші  мектеп  оқытушыларының 
міндеті.  Ол  үшін  қазақстанда  тұрып  жатқан  халықтардың  ортақ  істерінің 
маңызын  насихаттау.  Соған  мұрындық  болатын  көп  ұлтты  мемлекеттің  ортақ 
істерін  дәріптеу,  іс-шаралар  арқылы  насихаттау,  көне  көз  ардагарлермен 
сұхбаттасу арқылы кешегі тарихымызды білу, тағлым алу. 
Тарихты кітаптан оқу өз алдына, ал кешегі тарихты, сол тарихты жасаған, 
сол тарихтың куәгерлерімен кездесіп дәріс алу әлдеқайда құнды.  
Бұл да қазақстандық ұлт-елжандылықтың бір тетігі.  
Жеңістің әр жылдарына орай Президеттің бастауымен Республика Өкіметі 
соғыс және тыл ардагерлеріне лайықты құрмет көрсетуде. Уақыт озады. Бүгінгі 
соғыс  және  тыл  ардагерлері  де  өмірден  өтеді.  Біз  осылардың  куәсіміз.  Соғыс 
және тыл ардагерлерінің көзін көргендер ертең жастарға не айтады? 
 Қазақстандық 
Ел-Ұлтжандылық 
патриотизм 
(отансүйгіштік), 
қазақстандық  интернационализммен  (достық,  туыстық,  бауырмалдық  тәрбие), 
яғни  қазақстандық  отансүйгіштік,  қазақстандық  ұлтаралық  татулықпен 
байланысты  деген  ұғымды  білдіреді.  Бірақ  оның  түбінде  ұлттық  және 
мемлекеттік идеология жатыр. Біз осының бәрін қатар алып жүруіміз керек.  
Ұлттық  идеология  дегеніміз  -  Қазақстанда  тұрып  жатқан  әр  ұлттың 
мәдениеті,  салт-дәстүрі,  тілі,  діні,  тарихынан  туындайтын  көзқарас.  Бірақ 
қазақтың  ұлттық  идеологиясы  осының  көшбастаушысы  болуы  тиіс.  Оған 

19 
 
негізінен қазақ азаматтары атсалысуы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз - ол 
қазақстанда  тұрып  жатқан  халықтардың  мүддесінен  туындаған  мемлекет 
саясаты.  
Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  «Тарих  толқынында»  деген  еңбегінде 
негізінен  түркі  тектес  халықтардың,  оның  ішінде  түркі  мәдениетіне,  қазақ 
топырағында  түрлі  діндердің  болғанын  келтіреді.  Бұл  еңбек  қазақстандық 
ұлттық, 
ұлтаралық 
татулықтың, 
қазақстандық 
Ел-Ұлтжандылықтың, 
патриотизмнің (отансүйгіштіктің) темірқазығы іспеттес. 
 Бүгінгі күні ата-бабалар, одан кейінгі ұрпақтардың салып кеткен жолымен 
жүріп,  сол  жолды  ары  дамыту,  өмір  жаңалығын  ескеру,  ескі  мен  жаңаны 
ұштастыру әрбір қазақстандықтардың, соның ішінде ұстаздардың міндеті. 
 Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, 
жоғалғанын  өзіне  қайтару,  өрлеу  дәуіріне  жол  ашу  деген  мағына.  Сондықтан 
«қазақстандық  ұлт-елжандылық  тәрбие»  деген  ұғым  өте  ауқымды.  Ол  –  ең 
алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген ұғым.  
 Қазақстандық  ұлт-елжандылық  тәрбие  бүгінгі  өмірден  оқшауланбайды, 
қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие 
дегеніміз ол оқшаулану емес. Ол: керісінше, ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік 
идеяларды  қабылдап,  ненің  тозық,  ненің  озық  екенін  тани  білу;  өрісі, 
дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет 
және солай да.  
 Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында»: «Ұлттық сана-сезім үшін этникалық 
мәдениет  пен  тілді  қорғап  дамытатын  қоғамдық  институттар  жүйесіне  арқа 
сүйеу мейілінше маңызды» дейді [5, 194 б.].  
Ұлттық  тағылым  деген  ұғым  әр  халықтың  ғасырларға  ұласып  жатқан 
тәрбие  үлгісі,  бала  тәрбиесіне  қолданылатын  әдіс-тәсілі,  үлгі-өнегесі, 
сондықтан да ұлттық тәрбие деген сөздің мағынасы әлдеқайда кең. 
Себебі  ол  бүкіл  ұлтқа  тән  қасиеттердің  бәрін  қамтиды.  Оған  әлеуметтік, 
тұрмыстық,  шарауашылықтық,  тағы  басқа  ұғымдармен  қатар,  ең  негізгі  қазақ 
жері, тілі, тарихы, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрлер кіреді.  
 Қазақ тілін білу бұл да ұлт-елжандылық.  
Осы  орайда  қазақтың  белгілі  ақыны  Мұхтар  Шахановтың  «Төрт  ана» 
шығармасында:  
«Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала! 
Әр адамда өз анасынан басқа жебеп жүрер, демеп жүрер арқада 
 Болу керек құдіретті төрт ана: 
Туған жері-түп қазығы айбыны, 
Туған тілі-сатылмайтын байлығы, 
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі, 
Қадамына шуақ шашар үнемі. 
Және туған тарихы, еске алуға қаншама 
Ауыр, әрі қасіретті болса да, 
Төрт ананың өңін жалғай алмаған 
Пенделердің басы қайда қалмаған?»...... [8]. 
Төрт ана тек қазақ ұлтында емес, ол барлық қазақстандықтарда болуы тиіс. 

20 
 
Себебі  Қазақстанда  тұрып  жатқан  халықтар  ежелден  осы  өлкені  мекендеген. 
Олардың  тарихы,  салт-дәстүрі,  мекен-жайы,  ана  тілі  бар.  Бірақ  қазақ  жері-
отаны, қазақ-мемлекеттік тілі, Отан-ортақ. 
 «Мәңгілік  Елдегі»  қазақ  елі-бүкіл  қазақстандықтарға  тән.  Себебі  ортақ 
Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың мемлекеттік тілі.  
Қазақ  еліндегі  ұлт-елжандылықтың  негізі  -  ежелгі  ұлттық  салт-дәстүр, 
әдет-ғұрып,  аңыз,  ертегілер,  жырлар,  кешегі  кеңестік  ортақ  дәуір,  Ұлы  Отан 
соғысындағы  түрлі  ұлт  өкілдері-қазақстандық  батырлардың  ерліктері  туралы 
тарихи деректер болып табылады.  
Ұлт-елжандылықтың негізін қалайтын, көш бастаушысы қазақ ұлт өкілдері 
екені белгілі. Бұл туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да айтылған [9]. 
Қазақ  халқы  басынан  отбасына,  Отанына  берiлген  халық.  Оның  ұлттық 
тәрбиесі  қазақтың  өзiнiң  отбасымен  дүниеге  келдi.  Осылардың  негiзiнде 
қалыптасқан  бала  тәрбиелеудiң  ұлттық  тағылымдары  өмiрге  ендi.  Бұл 
оқулықтармен  немесе  педагогикалық  еңбек  жазумен  келген  жоқ.  Ол  дала 
педагогикасымен  келдi.  Оның  оқулығы  мен  көрнектi  құралдары  от  басының 
өмiрi,  өмiр  сүрген  ортаның  пайымды  әсерi.  Балаға  ата-ананың  жүрiс-тұрысы, 
өмiр  тiршiлiгi,  жора-жолдастарымен,  туған-туыстармен  қарым-қатынасы 
көрнектi  құрал  болса,  айтқан  тәлiм-тәрбие  нақыл  сөздерi,  үйреткен  өнегесi 
тәрбие оқулығының әлiппесi болды. Сондықтан да сол әлiппенiң бетiнде «Атаға 
қарап  ұл  өсер,  анаға  қарап  қыз  өсер»  деген  ұғым  жазылды.  Осы  қағиданы 
қазақстандық басқа ұлт өкілдерінің бойына сіңіруіміз керек. 
 Бүгiнгi Қазақстанда 130-дай ұлт-ұлыс өкiлдерi тұрады. Сондықтан да ұлт-
елжандылық тек қазақтарға емес‚ ол қазақстандықтарға тән болуы керек. 
Осы  идеяны  жүзеге  асыру  болашақ  ұстаздардың  міндеті.  Ол  туралы 
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік  бағдарламасында:  «жалпы  12  жылдық  оқыту  моделіне  көшуі,  білім 
берудің  құрылымы  Халықаралық  білім  берудің  стандартты  жіктеуішіне  сәйкес 
келтірілді»  деп  айтылған.  Сонымен  қатар  бағдарламада  мұғалімнің  рөлі  мен  оның 
беделін  көтерумен  қатар,  оларға  жүктелген  міндеттер  де  жеңіл  емес.  Оларға 
жүктелген  міндеттердің  бірі-болашақ  ұрпақты  қазақстандық  Ел-Ұлтжандылыққа 
тәрбиелеу. 
 Ұлы  ұстаз  Ахмет  Байтұрсынов:  «Балам  дейтін  жұрт  болмаса,  жұртым 
дейтін  бала  қайдан  болсын»  деген  екен.  Сондықтан  XXI  ғасырдың  педагогі 
болашақ  жастарды  ұлттық  негізде  тәлім-тәрбие  беріп,  ұлтқа,  Отанға,  оның 
мүддесіне  қызмет  ететін  етіп  қалыптастыру.  Олай  деуге  негіз,  бір  халықтың 
болашағы мен ертеңін шетелдік екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін 
емес.  Қазақстанда  тұрып  жатқан  ұлт  өкілдерін  қазақстанның  мүддесін 
біріктіріп  ойлауға  шақыруымыз  керек.  Солай  екен,  қазақ  балалары  және 
қазақстандық  жастар  өз  ата-бабасының  өткен  тарихын,  тілін,  салт-дәстүрі 
мен  мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленуі Ел-Ұлтжанды болып өсуі 
қажет. Олар осы мәселенің көшбасшысы болуы тиіс. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет