Әдістің мақсаты: Коллективтік ойлау әрекеттерін ұйымдастыру, лекциядағы проблеманы
шешуде дәстүрлі емес жолдарды іздестіру [2].
Лекция ӛткізу бірнеше этаптан тұрады:
1-этап: Лекцияның мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар даярлау. Сұрақтар лекцияда ӛтілетін
материалдың мазмұнына негізделіп, құрастырылады;
2-этап: Студенттерді кішігірім топшаларға бӛліп, тез жылдамдықта жауап беретін сұрақтар
беріледі (5-минутта-15сұрақ);
1) ДНҚ-ның қақырауы қалай жүреді?
2) Қақырауға қандай ферменттер қатысады?
3) Ферменттермен бірге қандай құрылым енеді?
4) Транскрипция нәтижесінде түзілетін РНҚ қалай аталады?
5) Экзон дегеніміз не?
6) Интрон дегеніміз не?
7) Процессинг дегеніміз не?
8) Сплейсинг дегеніміз не?
9) Сплейсинг нәтижесінде не түзіледі?
10) Ядро мембранасынан шыға алатын РНҚ қалай аталады?
11) Матрицалық РНҚ қалай түзіледі?
12) Рибосоманың белок синтезіне қатысы неде?
13) Рибосоманың қай бӛлігінде тасымалдаушы РНҚ түзіледі?
14) Тасымалдаушы РНҚ неге жоңышқа жапырағы тәрізді бейнеге енеді?
15) Тасымалдаушы РНҚ рибосомаға қалай ене алады? [3].
Жауапқа баға ашық берілмейді, тек таблицаға студенттің аты-жӛні толтырылады, келесі
гарафаларда жауаптарына белгі қойылады: «+» толық жауап; «├»жауаптың басы бар; «┤» жауап
90
толық емес, шала; «- »жауап жоқ.
3-этап: «Сапа этабы» деп аталады. 1 парақ қағазға ӛздері жауап бере алмаған сұрақтарға
жауап жазады, қаншалықты сұрақтарды естерінде сақтап, жауап бергенін, белгі қойылған таблица
мен салыстыру жүргізіледі. Әрбір студенттің зейін қойып тыңдау деңгейі анықталады.
4-этап: Жеке топшалардың жауабын біріктіре отырып, топтың білім деңгейі анықталып,
неге кӛңіл аударуы тапсырылады. Студенттер қандай материалды аз білсе, лекция барысында
соған кӛбірек кӛңіл аударылады [2].
Лекция барысы:
Белоктар-полимерлі макромолекулалар. Олар полипептидтік тізбек-аминқышқылдарының
қалдығынан тұрады. Жалпы алғанда аминқышқылы құрамында аминтобы бар кез келген
қосылысты және органикалық қышқыл тобы-(СООН) бар қосылысты айтуға болады.
Белоктық тізбекті полипептидтік деп атайды, себебі аминқышқылдарының қалдығы
пептидтік байланыспен байланысқан, яғни амин тобы карбоксил тобымен байланысады, сол кезде
су молекуласы бӛлініп шығады.
Белок молекуласындағы аминқышқылдарының қалдығының белгілі бір сызықтық ретпен
алмасып келуі ДНҚ молекуласындағы гендегі нуклеотид реттілігімен жоспарланып қойылған.
Жоспардың (программаның) осылай іске асуы кода арқылы жүреді, оны генетикалық кода деп те
атайды. Кодон дегеніміз нуклеотидтік (А, Г, Т, Ц) комбинация, ол бір берілген аминқышқылының
қалдығын кодалау. Кода 1 әріптік болса, 4 қана аминқышқылын кодалайды, ал 2 әріптік болса, 4
2
=
16 кодалар еді, ал 3 әріптік болса, 4
3
= 64 онда 20 аминқышқылын артығымен кодалайды.
Коданың 3 әріптік екенін лабораторияда Ф.Крик те дәлелдеді. Сонымен қатар Ф.Криктің
тағы бір байқаған нәрсесі РНК кодондары мен аминқышқылдарының кодоны арасында ешқандай
химиялық жақындық жоқ екендігі. Бұдан келіп шығатын қорытынды қандай да бір делдал –
молекула бар, ол бір мезгілде үш нуклеотидті және кодалайтын аминқышқылдарын «танитын»
болуы керек. Бұл тұжырым кейін дәлелін тапты – тасымалдаушы РНК (тРНК). тРНК-ның бір жақ
соңында 3 нуклеотидтен тұратын антикодон бар, ол кодонға комплементарлы. Ал екінші ұшына
осы кодонға сай аминқышқылы бекиді. Кодон-антикодон уақытша байланысады. аРНК тРНК-мен
байланыспайды, аминқышқылына сай келетін комплекспен байланысады. Бұл комплекстің
түзілуін арнайы фермент – аминоацил – тРНК синтетаза катализдейді [4].
Клетка цитоплазмасында полипептидтің синтезделуі N-ұшынан С-ұшына қарай жүреді.
Сондықтан N-ұшын бастамасы деп есептейді, ал ол аРНК-ның 5' ұшына дәл келеді. Демек, аРНК-
ның 5' ұшы бастамасы болып саналады. Транскрипция ген редупликациясы сияқты 3' -5'
бағытында жүреді. Бұдан байқайтынымыз генетикалық ақпарат соңынан бастап кӛшіріліп
жазылса, оқылуы басынан басталады. тРНК-ның аминқышқылын алып келе жатқан аРНК-мен
кездесуі рибосомада жүреді. Рибосома белок пен РНК-дан құрылған (рРНК). Рибосомада жүретін
құбылыс схема түрінде мынадай: әрбір пептидтік байланыс түзілген соң босаған тРНК кетеді де,
аРНК бір кодонға жылжиды.
Рибосома аРНК «оқиды» (рибосомада белок синтезі трансляция деп аталады), қатаң түрде
белгілі кодонға дейін (кӛбіне оған АУГ), ақыры терминациялайтын кодонмен аяқталады.
Генетикалық клетка программасы ӛзін-ӛзі оқи алатындай, түсініп және клеткаға белгілі жұмыс
кӛлемін тапсыра алатын болуы тиіс.
Оны түсіну үшін талдап кӛрсек, әрбір құрылымдық генде (структуралық ген) қашан, қандай
жағдайда транскрипциялануының, транскрипцияға қанша акт істеуі керек және қашан ол аяқталуы
керектігінің реті анықталып қоюы керек. Бұл ген – регуляторлар (реттеуші) бір-бірімен
байланысты болуы керек. Тек осындай жағдайда ғана бірдей типтегі клеткалар белоктың бір
жиынтығын синтездесе, басқа клеткалар – басқа белок түзеді, нәтижесінде біреуі эритроцит түзсе,
басқасы нейрон - нерв жүйесінің клеткасын түзеді. Қазіргі таңда геннің регуляторлық
(реттеушілік) элементтері және ген-регулятор туралы не белгілі, соған тоқталсақ. Соның бірі ДНК-
ның реттеуші участкелері, ол нуклеотидтік реттіліктің алдына орналасады. Олардың 2 түрлі
міндеті бар. Біріншіден, бұл жерде белгілі геннің транскрипциясы басталу үшін РНК-полимераза
қандай жермен байланысу керектігін кӛрсететін сигнал (хабар) реттілігі бар. Оны – промотор деп
атайды.
Екіншіден, ДНК-ның бұл учаскесінде нуклеотидтік реттілік орналасқан, ол болса
транскрипциялау деңгейін реттейді (1-кесте).
Бір жағынан олардың біреуімен белок байланысады, ол ДНК-да аРНК синтезін күшейтеді
91
(белок-активатор), ал басқасымен операторлар деп аталатын, транскрипцияны басып тастайтын
немесе мүлдем тоқтатып тастайтын белок-репрессормен байланысады. Ген-активатор және ген-
репрессор да белгілі бір генде кодаланған болуы керек. Ондай гендер ген-регулятор болып
есептеледі.
Кесте 1 - Ген жұмысының реттелуі
Ген жұмысы қалай реттелетінін, әрекет ету механизмін түсіну үшін нақты мысал алып, ішек
таяқшасы бактериясындағы β-галактозидаза ферментінің кодталған әрекетін кӛрсек. Егер бактерия
бұл ферментті синтездейтін болса, ол ӛседі, ол кезде кӛміртегінің жалғыз кӛзі ретінде кӛмірсу –
сүт қантындағы лактозаны пайдаланады. Қалыпты жағдайда ішек таяқшасы глюкозаны
пайдаланады. Лактоза-дисахаридтің құрамында галактозаның қалдығы мен глюкоза бар. Егер
бактерияны лактозамен қоректендіре берсе, біраз уақыттан соң β-галактозидаза ферменті
синтезделе бастайды. Егер қоректік ортада глюкоза болса, ішек таяқшасы β-галактозид түзілмейді.
Себебі оның бактерия үшін керекгі жоқ. Бұл генетика тілінде β-галактозид гені репрессияланған
дейді, ал глюкозаны лактозамен алмастырса, ол ген іске қосылады.
Алғаш рет бұл құбылысты талдап берген Ж.Моно мен Ф.Жакоб. Олар дәлелдегендей ішек
таяқшасы глюкозада ӛскенде, β-галактозидаза генінің промоторына РНК-полимераза жете
алмайды. Себебі оператормен тығыз байланысты белок-репрессормен блоктанып (тоқтатылып)
қойылған. Репрессорды жабылып тасталған есікке салған пломбамен салыстырады. Сол пломба
ерекше жағдайда жұлынып тасталады.
Егер глюкозаны лактазамен айырбастаса, β-галактозидаза босайды және бұл генде аРНК
синтезі басталады, себебі репрессор белсенді емес жағдайда. Оған себеп неде? Кӛміртегінің жаңа
кӛзі репрессормен тығыз байланысады да оны оператормен қарым-қатынасқа дәрменсіз етеді.
Мұндай заттарды индукторлар дейді. Клеткада глюкоза болмаса, белок-активатор жұмыс істей
бастайды да, РНК-полимеразаның сол жағындағы ДНК-мен байланысып, транскрипция бастауына
кӛмектеседі. Мұндай жағдай ортада индуктор болғанда жүріп жатады [5].
Сонымен белок биосинтезінің нақты кезеңдерін қарастырсақ, ол 3 этаптан тұрады.
І-ші этап – ДНК транскрипциясы. ДНК-ның транскрипцияланатын тізбегіне ДНК-ға
тәуелді РНК-полимеразаның кӛмегімен мРНК-ның комплементарлы тізбегі құрастырылады.
Соның нәтижесінде негізгі ДНК тізбегінің транскрипцияланбайтын кӛшірмесі пайда болады,
айырмасы тек қана дезоксирибонуклеотидтің орнына рибонуклеотидтер кіреді (тимин орнына
урацил) (2-кесте).
ІІ-этап – Процессинг (пісіп-жетілу) мРНК. Бірінші реттік транскрипт нәтижесінде түзілген
мРНК қосымша ӛзгеріске түседі. Кӛпшілік жағдайда мРНК-ның алғышарты болған ізашар-РНК
жекелеген бӛліктерге кесіледі. Бір бӛлігі – интрон – ол жеке нуклеотидтерге ыдырайды, ал басқа
бӛлігі – экзон - ӛзара қосып, тігіліп пісіп жетілген мРНК-ға айналады. Экзондарды түйінсіз қосу
процесін – сплайсинг дейді.
Сплайсинг – эукариоттар мен архебактерияларға тән, бірақ кейде прокариоттарда да кездесіп
қалады. Сплайсингтің бірнеше түрі кездеседі:
92
1) альтернативті сплайсинг дегеніміз - мРНК-ның алғы шарты интронда, экзонда болған. Ол
кезде ДНК-ның бір нүктесіне бірнеше типтегі пісіп-жетілген мРНК сай келеді, оған сай бір түрлі
белок формасының әртүрлі формасы түзілуі мүмкін.
2) Транс-сплайсинг кезінде әртүрлі гендермен кодаланатын экзондарды біріктіреді де, пісіп
жетілген мРНК молекуласына айналдырады.
Кесте 2 - Геннің реттеуші элементі
ІІІ этап – мРНК трансляциясы – үш стадияны қамтиды: инициация (басталу), элонгация
(әрі қарай жалғастыру) және терминация (аяқталу).
Инициация. Инициацияның мәні пептидтегі алғашқы екі аминқышқылдарының арасында
пептидтік байланыс түзу. Алдымен инициациялаушы комплекс түзіледі, оның құрамына
рибосоманың кіші суббірлігі, инициациялаушы факторы болатын арнайы белок және арнайы
инициаторлық метионинді тРНК-ы онымен бірге метионинді аминқышқылы – Мет-тРНК
мет
кіреді.
Инициациялаушы комплекс (кешен) мРНК-ның бас жағын таниды, оған қосылады да, сырғи
отырып белок биосинтездеуші инициация нүктесіне дейін барады, ол кӛпшілік жағдайда бастаушы
кодон АУГ.
мРНК-ның бастаушы кодоны мен тРНК-ның метионинді кодонға тәуелді метионинді
антикодон арасында сутектік байланыс түзіледі, осыдан кейін рибосоманың үлкен суббірлігіне
қосылу жүреді. Суббірліктер қосылған соң тұтас рибосома түзіледі, оның 2 белсенді орталығы
(сайты) болады: А-бӛлігі (аминоацилді-аминоацил тРНК-ы қосу үшін) және Р-бӛлігі (пептидил
трансферазалық – аминқышқылдарын пептидтік байланыс түзу арқылы қосушы).
Алғашында Мет-тРНК
мет
А-бӛлігінде болады да, содан кейін Р бӛлігіне ауысады. Босаған А-
бӛлікке аминоацил – тРНК антикодонымен келіп түседі, ол болса мРНК кодонына
комплементарлы АУГ кодонынан кейін орналасқан. Біздің мысалда ол Гли-тРНК
гли
ӛзінің
антикодонымен ЦЦГ, ГГЦ кодонына комплементарлы. Нәтижесінде кодонға тәуелді байланысу
арқасында мРНК кодоны мен аминоацил тРНК арасында сутектік байланыс түзіледі. Соңында
рибосомада екі аминқышқылы қатар келеді. Олардың арасында петидтік байланыс түзіледі.
Бірінші аминқышқылы (метионин) мен тРНК арасындағы ковалентті байланыс үзіледі. Пептидтік
байланыс түзілгеннен соң (1-ші және 2-ші аминқышқылдары арасында) рибосома тағы бір
триплетке жылжиды. Нәтижесінде иницаторлық метионинді тРНК
мет
-ның рибосома сыртына
транслокациясы (орын алмастыруы) жүреді. Бастаушы кодон мен инициаторлық тРНК
антикодоны арасындағы сутектік байланыс үзіледі. Нәтижесінде бос тРНК
мет
бӛлінеді де ӛзінің
аминқышқылын іздеуге кетеді.
Элонгация. Бұл процестің мәні келесі аминқышқылдарын қосып, полипептидтік тізбекті
ӛсіру. Рибосоманың элонгация кезіндегі жұмыс циклі үш қадымнан тұрады.
А-бӛлігінде кодонға тәуелді мРНК мен аминоацил-тРНК-ны байланыстыру, аминқышқылы
мен ӛсіп келе жатқан пептидтік тізбектің арасында пептидтік байланыс түзу және А-бӛлігін
босататын транслокация түзу.
93
Босаған А-бӛлігіне келесі мРНК кодонына сай келетін аминоацил – тРНК антикодонымен
келіп түседі (біздің мысалымызда Тир-тРНК
тир
антикодоны АУА, бұл кодон УАУ-мен
комплементарлы).
Рибосомада 2 аминқышқылы қатар келеді де, араларында пептидтік байланыс түзіледі.
Алдыңғы аминқышқылы мен оның тРНК-ның арасындағы байланыс үзіледі. Бұдан кейін рибосома
тағы бір триплетке жылжиды және нәтижесінде тРНК-ның транслокациясы арқасында Р-
бӛлігіндегі рибосоманың сыртына шығып қалады, нәтижесінде А-бӛлігі босап қалады,
рибосоманың жұмыс циклі қайта басталады.
Терминация – полипептидтік тізбектің түзілуінің аяқталуы жүреді. Ең аяғында рибосома
мРНК-ның бірден-бір тРНК сай келмейтін кодонына жетеді. Осындай үш нонсенс-кодон бар: УАА
(«охра»), УАГ («янтарь»), УГА («опал»). Осы кодондарға жеткенде рибосоманың жұмыс циклі
үзіледі, полипептидтік тізбек ӛсуі аяқталады. Белгілі белоктардың әсерінен рибосома қайтадан
суббірліктерге бӛлініп кетеді [6].
Студенттердің сабаққа ӛз бетінше дайындалуын жақсарту және дайындығын кӛтеру
мақсатын ескере отырып, жоғарыда келтірілген әдісті биологияның күрделі бӛлімдерін оқытуда
пайдалануға тиімді деп есептейміз. Себебі, бұл әдіспен сабақты оқыту студенттің ойлау қабілетін
дамытуға, күшейтуге, коллективпен бірге отырып жұмыс жасауды үйренуге, ӛз ойын нақтылап
дәлелдей алуға, сабаққа ӛз бетінше сапалық талдау жасауға үйретеді. Студенттер берілетін кӛп
ақпараттық материалдан нақтылы тұжырымдаманы тауып алуға дағдыланады. Ӛз ойларын
жинақтап, жауапты нақты беруге үйренеді.
Әдебиеттер:
1.
ІІ Халықаралық «ХХІ ғасыр ұрпақтары даму тенденциясының неопедагогикалық һәм
социокинетикалық парадигмалары» атты ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Кӛкшетау
университеті баспа орталығы. – 2009. - 513-б.
2.
Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей
школе. – Алматы: «Қазақ университеті», 2005.
3.
Дубинин Н.П. Общая генетика. – Москва: «Наука», 1982.
4.
Инге-Вечтомов. Генетика с основами селекции. – Москва: «Просвещение», 1989.
5.
Джеймс Д.Уотсон. Двойная спираль. – Москва: «Мир», 1969.
6.
Франк-Каменецкий М.Д. Самая главная молекула. // Библиотечка «Квант». – Москва: «Наука»,
1983.
Резюме
Тема «Генетический контроль биосинтеза белка» является одним из трудных вопросов генетики. В
связи с этим авторы в статье осветили содержание вопроса с использованием инновационной технологии
преподавания. С помощью метода «Мозговая атака» можно развивать и усилить у студентов
самостоятельное мышление, умение кратко и точно выражать мысли.
Summary
The subject of ―Genetical inspect biosinthez protheini‖ is one of the complicated items of genetics. Taking
into consideration the given problem we, for uncovering the content of some difficult problems of genetics, have
researched new innovational metod of teaching, such as: ―Brain storm‖. Though each of those method scope certain
items as a matter of fact they train students sell-education, logical development, enable students work in group.
УДК 591.9(574.54)
ЭКОЛОГИЧНОСТЬ УПАКОВОК НАПИТКОВ ГОРОДА КЫЗЫЛОРДА
Г.В.КУЗЬМИНА, кандидат биологических наук, доцент
Кызылординский государственный университет им. Коркыт Ата
Экологическое воспитание возможно не только на классных занятиях. Уже сегодня накоплен
определѐнный опыт осуществления экологического воспитания в процессе проведения
внеклассных мероприятий, нацеленных на овладения школьниками прикладными знаниями,
практическими навыками природоохранной деятельности[1]. В своей работе мы не случайно
94
предметом исследований выбрали изучение упаковок для напитков. Напитки - это тот продукт,
который все школьники употребляют ежедневно и вряд ли задумываются над экологичностью их
упаковки. Работу над проектом можно начать с вопросов: Все ли упаковки напитков, которые ты
пьѐшь экологичны? Как можно отличить экологичную упаковку? Представленные выше вопросы
акцентируют внимание на важной проблеме сегодняшнего дня – бытовых отходах. В решение
актуальной проблемы пусть даже в виде проектной работы могут быть вовлечены дети от 14 до 17
лет. Привлечение школьников к работе экологической направленности выполнит двоякую
функцию. С одной стороны - это способ непосредственного экологического образования, с другой
стороны - это конкретный посильный вклад в создание реальной картины состояния окружающей
среды и поиск возможности еѐ улучшения [2]. Например, приобретение практических знаний по
экологическим упаковкам позволит школьникам уже более сознательно делать свой выбор
упаковки при покупке того или иного напитка. Что, на наш взгляд, внесѐт пусть даже небольшой
вклад в улучшение экологической ситуации [3]. Правильно организованная работа позволит
школьнику:
1. оценить обстановку на предмет экологичности упаковок напитков в городе Кызылорда;
2.ознакомиться с теоретическими знаниями по данному вопросу и получить информацию
для правильной организации своей дальнейшей работы;
3.научиться организовывать работу с людьми;
4. освоить простейшие методы исследования.
В информационную часть наших исследований входила презентация темы:
1.Экологические аспекты упаковки.
В ходе проведения презентации демонстрируются различные виды упаковочных материалов.
1.Неэкологичные упаковки не перерабатываются, долго разрушаются и являются
загрязнителями окружающей среды. Сюда относят, прежде всего: жестяные и железные баночки,
полиэтиленовые и пластиковые пакеты.
Приводятся также и такие данные:
1.1.Железная банка проржавеет и начинает разрушаться через 10 – 11 лет [3];
1.2.Пластмассы самые опасные компоненты бытовых отходов. Одни из них, постепенно
разлагаясь, вступают в многочисленные реакции, в ходе которых выделяются формальдегид,
карбамиды и прочие ядовитые вещества. Другие, как, например, полиэтилен, очень устойчивы и
накапливаются мѐртвым грузом в огромных количествах [4].
2.Экологическая упаковка должна изготавливаться из натурального природного сырья
(восстанавливаемого ресурса) и быть удобной для безопасной переработки. Рассматриваются
более подробно перспективные «экологические упаковки», суть которых в следующем.
2.1.Упаковки из биоразлагаемых полимеров изготавливаются на основе возобновляемого
растительного сырья – кукурузы, картофеля, бобовых, пшеницы, свеклы, тапиоки, древесины
тополя и осины. При захоронении «растительной» пластиковой упаковки с использованием
системы компостов происходит еѐ биохимическое разложение на полностью безопасные
составляющие: воду, биомассу, диоксид углерода и другие естественные природные соединения,
легко «принимаемые» почвой.
2.2.Упаковки, изготовленные из материала Lean (наполнение нефтепроизводных пластиков
порошкообразным природным минералом, более точный состав, которого включает доломит,
тальк и стеарат кальция). Воздействие новой упаковки на окружающую среду оценивается
показателями, которые на 30-70% меньше конкурентных упаковок. Упаковка из материала Lean,
не является биоразлагаемой, а имеет способность рассыпаться в течение 4 – 5 месяцев под
воздействием интенсивного солнечного излучения и ветра, полиолефиновая составляющая
материала развеивается, остаѐтся мел, который уходит в почву. При сжигании новый материал не
выделяет угарного газа [5].
2.3.Бутылки, изготовленные из полимерного материала, полученные на основе кукурузы.
Кукурузную тару можно использовать в течение полугода, затем она начинает «саморазлагаться».
2.4.Лин Пак - инновационная упаковка, более чем на 90% состоящая из карбоната калия
(скорлупа от яйца). После того как упаковку используют, она довольно быстро перерабатывается.
2.5.Другим примером упаковки из биоразлагаемого полимера может служить Novon. Она
построена из остатков молочной кислоты, еѐ метаболизируют не только микроорганизмы, но и
многие членистоногие.
95
2.6..Упаковка из материала Biocell создана на основе ацетата целлюлозы, в которую вводятся
различные добавки и пластификаторы, способствующие разложению материала под влиянием
факторов окружающей среды, в том числе солнечной радиации. После погружения в воду
упаковка из такого материала набухает, и уже через 6 месяцев до 40% материала разлагается,
превращаясь в углекислый газ и воду. Полное разложение материала осуществляется в течение 18
месяцев за счѐт почвенной микрофлоры.
8.Биоразлагаемая упаковка под общим названием TONE, разлагающаяся на открытом
воздухе [6].
9.К экологическим упаковкам можно также отнести стеклянные бутылки, тканевые сумки,
бумажные пакеты, бидоны [7].
3.Алюминиевая банка, самая рециклируемая упаковка в мире. Алюминиевые банки могут
перерабатываться неограниченное количество раз без снижения качества вновь производимых
банок [5].
В ходе презентации учащиеся получают следующие необходимые экологические знания:
1.Экологичная упаковка в результате переработки или утилизации должна быть безвредной
для окружающей среды;
2.Уже сегодня люди всего Земного шара с пониманием относятся к важности утилизации
отходов и готовы переплачивать за упаковку, если она; по сравнению с другими; более безопасна
для окружающей среды.
В конце презентации обсуждается план дальнейшей работы по исследованию магазинов на
«безопасность упаковок» к окружающей среде. Для этого всех участников делят на группы и за
каждой из них закрепляют по одному магазину. Утверждают план работы. В нашей работе план
дальнейших исследований был следующим:
1.В каких упаковочных материалах продаются напитки?
2. Откуда привезены напитки?
3. Сколько напитков местной промышленности?
Исследования упаковок напитков реализуемых в торговых точках города Кызылорда
показало, что:
1.Из опасных для окружающей среды упаковочных материалов встречается посуда из
пластика - 66%, жести - 24%;
2.Из экологичной посуды были зарегистрированы бутылки из стекла - 3% и коробки из
бумаги - 7% (табл.№1).
Таблица 1 - Результаты исследования упаковок для напитков на экологичность материала
№
Название материала
Содержание в %
1
Пластик
66
2
Жесть
24
3
Стекло
3
4
Бумага
7
Исследования показали, что 92% обследованных напитков изготовлены в Казахстане.
Причѐм наибольшее количество напитков произведено в Алматы – 54%, Шимкенте- 21%,
Костанае – 17%. К другим странам, из которых привезены остальные 8% напитков - это Россия и
Узбекистан. (табл. №2).
Таблица 2 - В каких городах Казахстана и странах произведены напитки
Достарыңызбен бөлісу: |