АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ОРНИТОЛОГИЯЛЫҚ
ТЕРРИТОРИЯЛАР
Тлембаева А., Кульбаев Н., Кенжебай Е.
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.,
armangul17@mail.ru
Қазақстан жерінің 150 мың шаршы шақырымы, яғни 14 986 249 га. аумағын
миллиондап маусымдық миграция жасайтын, мыңдап ұшып өтетін және уақытша аялдап
ұрпақ өрбітетін
қанаттылардың
мекендеу ортасы болып табылатын «маңызды
орнитологиялық территориялар» алып жатыр.Еліміздің
жер көлемінің 5,5 % үлесін
құрайды. Маңызды орнитологиялық территориялар (IBA)
– құстардың мекендеу
ортасының өзіндік айырмашылықтарына орай, аума қтық, ұлттық және ғаламдық
деңгейдегі салыстырмалы ерекшеліктеріне байланысты бөлінген белгілі аймақтар. Ерекше
нысанадағы бұл территориялар тек құстарды қорғауда ғана маңызды емес, сонымен қатар
сол экожүйедегі биоалуантүрлілікті сақтауда маңызы зор. МОТ
–ерекше қорғалатын
табиғи аумақтарды дамыту және ғылыми тұрғыда зерттеулер жүргізу үшін ұлттық
деңгейде маңызды болып табылады [1]. Қазақстан бойынша 54 «маңызды орнитологиялық
территориялар» бар, ал Ақтөбе облысында олардың саны үшеу: 1) «Ырғыз -Торғай көл дер
жүйесі»; 2) Жағабұлақ орманы; 3) Мұғалжар.
Ырғыз -Торғай табиғи резерваты территориясы Қазақстан және Орта Азия бойынша
«Маңызды орнитологиялық территориялар» қатарына енгізілген сулы -батпақты өлкесі
бар (әрі қарай СБА), N 48°42′ E 62°11′координатында, теңіз деңгейінен 75 -100м биіктікте
348мың.га аумақты алып жатқан алқап, оның ішінде, 52 мың.га Ырғыз -Торғай
резерватының, ал, 296 мың гектары Торғай зоологиялық қаумалының ерекше қорғаудағы
территорияларына еніп отыр [1]. Ырғыз -Торғай өзендерінің төменгі сағасындағы көлдер
жүйесі үлкен аймақты алып жатқан 38 көл, мөлшері мен көлемі жағынан әртүрлі (сайт
«Актюбинская область со всех сторон») [2]. Ең ірі деген көлдер Байтақ, Қызылкөл,
Көлжарма, Малайдар, Тайпақ, Алакөл, Алабұғалыкөл, Айыркөл. СБА мекендеушілерінің
тіршілік ету мекені –далалық шөлді және шөлейтті ландшафттағы су деңгейлері
маусымдық жауын-шашын мен су тасқынына тікелей тәуелді Ырғыз,Торғай және Өлкейік
өзендерінен қоректенетін көлдер жүйесі болып
табылады. Ақтөбе облысы балық
шаруашылығы инспекциясының мәліметтері бойынша, бұл жерде облыс көлеміндегі
өндірістік
балық
ресурстары
шоғырланған,
көптеген
су
тоғандары
балық
шаруашылықтарына бекітілген. Көлдердің
су минералдылығы түрлі деңгейде: ащы,
тұзды, тұзды -ащы болып келеді. Бұл көлдердің өсімдік жамылғысымен қапталуы да
түрлі сипатта, мысалға: Мал айдар көлінің айналасында су маңы өсімдіктерінен бастап
(кәдімгі қамыс Phragmites commúnis, май қоға Typhalatifolia, томарбояу кермегі Limonium
gmelinii, жолжелкен Plantago arenaria, және шеңгел Halimodendron halodendron) бұтақты
өсімдіктерге дейін кездестіреміз. Ал, Көлжарма айналасында астық тұқымдастары қамыс
туысынан кәдімгі қамыс Phragmites communis, алабұталылар тұқымдасы, сортаңшөп
туысынан нәзік сортаңшөп
Halopeplis pygmaea, тентек сораң Halochemum strobilaceum
түрі кездеседі. Өсімдік жамылғысыны ң әртүрлілігімен көлдердің әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктерімен көрінеді. Бұл көлдер - халықаралық маңызы бар су және су маңы
құстарының көктемде Қазақстаннан Батыс Сібірге, ал күзде солтүстік Африка, Орталық
Азия және Еуропаның оңтүстік бөлігіне ұшып өт етін миллиондаған құстардың уақытша
аялдап, қоректеніп тіпті кейбірінің ұя салатын орындары. Сондықтан қазірде тек қана
мемлекеттік емес, халықаралық
көлдер (ҚР Қоршаған орта және су ресурстары
Министрлігі 06.09.2013ж. №273 бұйрығы «Халықаралық маңызы б ар сулы-батпақты
алқаптар» тізімі) тізіміне еніп отырылды. Жыл сайын Қазақстан жері арқылы 50 млн -нан
астам жыл құстары қоныс аударатын болса, содан 1,5 млн -дай құс осы Ырғыздың СБА
арқылы өтіп, 100 -ден астамы ұя салып өсіп-өнеді. Мұндай кездерде бір реттік
шоғырлануда, 250 мың. дараққа дейін жетеді. Сулылығы ауытқымалы кезеңнің өзінде,
Сұңқылдақ
аққу - Лебедь-кликун –Gygnus Gygnus, Сыбырлақ аққу -Лебедь-шипун-
Cygnus olor, Сұр қаз -Серый гусь-Anser anser, Италақаз -Пеганка -Tadorna tadorna,
Барылдауық үйрек-Кряква-Anas platyrhynchos, Жалпақтұмсықты үйрек - Широконоска –
Anas clypeata, Ақбас
үйрек –Савка-Oxyura leucocephala [3]. Бізқұйрықты үйрек –
Шилохвость-Anas
acuta,
Ысылдақ
шүрегей
-Чирок-свистунок
-Anas
crecca,
Қызылтұмсықты сүңгуір –Нырок красноносый - Netta rufina, Көк сүңгуір -Голубая
чернеть -Aythya ferina, Көкқұтан –Серая цапля –Ardea cinerea, Бұйра бірқазан -Кудрявый
пеликан - Pelecanus crispus, Үлкен су құзғыны -Большой баклан -Phalacrocorax carbo, Саз
құладыны -Болотной лунь -Circus aeruginosus, Кәдімгі күйкентай -Обыкновенная
пустельга –Falco tinnunculus, Қара қарқылдақ - Черная крачка -Chlidonias niger, Аққанат
қарқылдақ -Белокрылая крачка -Chlidonias leucopterus, Сауысқан балшықшы -Кулик-
сорока- Haematopus astralegus, Қайқытұмсық
балшық шы -Мородунка –Tringa cinereus,
Құмғақша -Кулик-воробей –Calidris minuta, Бөрте балшықшы –Фифи- Tringa glareola, Кіші
шырғалақ -Малый веретенник- Limosa lapponica,Үлкен шалшықшы -Большой кроншнеп-
Numenius arquata,Кәдімгі көкек - Обыкновенная кукушка –Cuculus canorus, Үлкен сұқсыр
–Большая черноголовая трясогузка-Motacilla feldegg, Кәдімгі тасшымшық -Обыкновенная
каменка-
Oenanthe oneanthe, Шыбжың
тасшымшық –Каменка
-плясунья-Oenanthe
isabellina, Жар қарлығашы -Береговая ласточка- Riparia riparia, Қарлығаш -Касатка -
Hirundo rustica, Ұзынсирақ балшықшы –Ходулочник-Himantopus himantopus–осыншама
құстардың түрлерін бір маусымдық кезеңде тіркеуге алдық.
Ақтөбе
облысы
Мұғалжар
ауданы
Батпақкөл
селолық
округінде
N48°32′52″
E57°33′45″ координатында орналасқан бұл, «Жағабұлақ орманы» деп
аталатын Жем өзені бойындағы 6741га алқаптағы маңызды орнитологиялық аумақ. Жем
өзеніндегі және Мұғалжар тауының сілемдерінен көктемгі уақытта ағып келетін сулардан
түзілген уақытша көлшіктер ге көптеген су маңы құстары аялдайды [4].Мұғалжар
тауының батыс беткейінен басталып, жоғарғы ағысы құрғақ даламен, төменгі ағысы
Каспий маңы ойпатындағы шөл және шөлейтті жерлердегі ұсақ көлдерді қоректендіріп,
Жайық өзеніне барып құяды. Қазақстанның қызы л кітабына енгізілген және ғаламдық
жойылып кету қаупі бар құстар түрлерінің ұя салу орны. Сонымен қатар, Жағабұлақ
орманының өзінде, 100 -ге жуық түрлері, оның ішінде, Еуропалық орнитофауна түрлері ұя
салады. Бұл жер Қазақстан бойынша құстардың ұя салатын
бұхар шымшығы (Parus
bokharensis) және мықи ( Accipiter badius) –оңтүстік құстарының ең солтүстік орналасу
нүктесі.
Тағы бір, Мұғалжар ауданы Мұғалжар селолық округінде N48°34′54″ E58°27′45″
координатында орналасқан
241926 га алқаптағы Ақтөбе облысының
ма ңызды
орнитологиялық территориясы бар. Ол, Қандыағаш қаласынан оңтүстік -шығысқа қарай
127км жерде, Үлкен Боқтыбай тауының солтүстік етегінде. Мұғалжарда қиыршық тас
ұсататын зауыт, бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Мұғалжар арқылы Ташкент–
Орынбор темір жол өтеді. Осы теміржол, автожол тораптарынан алшақтау жерде
«маңызды орнитологиялық аумағы» бар.Бұл аумақ, Жем өзенінің ортаңғы сағасына жыл
сайын миграция жасайтын су маңы құстары және ғаламдық жойылып кету қаупі төнген
халықаралық деңгейде А1 критерийі бойынша, дала құладыны (Circus macrourus),қарақұс
(Aquila heliaca),дала күйкентайы (Falco naumanni), безгелдек (Tetrax tetrax)мекендейтін
орта. А3 критерий бойынша, ақбас тырна (Grus virgo);Қазақстан бойынша Қызыл кітапқа
енген
құстардан: қара
дегелек
(Ciconia
nigra),
жыланжегіш ( Circaetus
gallicus),
бүркіт (Aquila chrysaetos); үкі (Bubo bubo) кездеседі[5].
Әдебиет
1.Ключевые орнитологические территории Казахстана /Ред. С.Л.Скляренко,Д.Р.Уэлш,
М.Бромбахер-Алматы: АСБК, 2008.- 318с.
2.
Природные
условия
Актюбинской
области
//
ТОО«Экопроект».. http://aktobe.su/archives/5765.
3.Қазақстан
Республикасының Қызыл Кітабы.Т.1. Жануарлар.Ч.1.Омыртқалылар.
Алматы: «Ди-Пи-Эс», 2010. -322 б.
4.2000 IUCN Red List of Threatened Species. Hilton-Taylor C. (Compiler). Gland-Cambridge:
IUCN, 2000. - 18+61 pр.
5.Мұғалжар энциклопедиясы// Ред.алқасы: Н.Қалиева,
Қ.Кенжеғалиев
–Мұғалжар
баспасы, 2011ж.62-99б.
ВЛИЯНИЕ УРАНА НА ФАГОЦИТАРНУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ЛЕЙКОЦИТОВ
Уразаев Э.Г., Абдукаримов А.М., Молдекова И. Ж.
Актюбинский региональный государственный университет им. К. Жубанова,
г. Актобе, Казахстан
irinamol 1234@mail.ru
Фагоцитоз, активный захват и поглощение живых клеток и неживых инородных
частиц с последующим внутриклеточным их
перевариванием одноклеточными
организмами или особыми клетками-фагоцитами способными к фагоцитозу (к которым
относятся и некоторые типы лейкоцитов), широко распространен в природе. Фагоцитоз
является одной из важнейших защитных реакций организма, главным образом при
различных воспалительных процессах. У одноклеточных и низших многоклеточных
организмов фагоцитоз способствует выведению метаболитов и очищению организма от
постоянно отмирающих тканевых клеток, а у личных насекомых и у головастиков –
рассасыванию тканей при метаморфозе.
Известно, что как в растительных, так и в животных организмах постоянно
встречается уран, обладающий наряду с радиоактивными свойствами большой
химической активностью. При этом, по имеющимся литературным данным, известно, что
соединения урана в ничтожно малых количествах проявляют симпатикотропный эффект
на изолированном сердце лягушки, а в микродозах уран оказывает положительное
влияние на рост и развитие кроликов. Все эти данные указывают на возможное участие
урана в качестве общего стимулятора хода физиологических процессов в организме, в том
числе и защитных его функций, что и побудило нас провести исследования по изучению
влияния урана на важнейшую защитную иммунобиологическую деятельность лейкоцитов.
В качестве основной цели исследования нам предстояло выяснить, в каких
концентрациях уран, взятый в виде уксуснокислого уранила, проявляет свое влияние как
биотический
фактор,
и
в
каких
концентрациях
он
проявляет
себя
как
фарматоксикологический агент. С этой целью нами исследовалось влияние на
фагоцитарную активность растворов уксуснокислогоуранила различной концентрации:
50мг%, 5мг%, 0,125мг% и 0,03мг%. Растворы уксуснокислого уранила готовились на
физиологическом растворе поваренной соли, им же разбавлялась, бравшаяся из сердца,
кровь лягушек контрольной группы и группы, находившейся в течение 6 часов в
растворах
уксуснокислого
уранила
различной
концентрации.
На
этом
же
физиологическом растворе приготовилась эмульсия 24 часовой культуры микробов их
расчета около 50000 микробных тел в 1 мм3. Фагоцитируемым материалом служила
культура кишечной палочки.
Рабочие растворы уксуснокислого уранила (в контрольных исследованиях –
физиологический раствор) брались из расчета 0,3 мл с помощью меланжеров для
лейкоцитов и наливались в уленгутовские пробирки, к ним, тем же способом, добавлялось
по 0,3 мл крови разбавленной в 10 раз и 0,3 мл эмульсия микробов. В результате
указанных процедур, было установлено:
1)снижение рабочих концентраций уксуснокислого уранила в 3 раза, составляя
соответственно: 16,6 мг%, 1,66мг%, 0,04 мг% и 0,001мг% (по данным ряда исследований в
цельной крови человека содержится 0,001-0,002 мг% урана).
2) разбавление крови в 30 раз.
В описываемых условиях опыта искусственно создавалась недостаточность в
омывающем взвесь лейкоцитов растворе различных компонентов крови, в том числе и
микроэлементов. На фоне же их недостаточности, как известно, легко при добавке
соответствующего элемента в «физиологических» концентрациях выявляется его
биологическое значение.
В ходе исследования содержимое уленгутовских пробирок перемешивалось и
помешалось в термостат при температуре около +20С на 10 минут. Затем пробирки
центрифугировались в течение 2 минут, и из верхней части осадка приготовлялся мазок.
Последний фиксировался смесью Никифорова и окрашивался по Романовскому. В нем
определялось количество микробов, захваченных 100 лейкоцитами. В контрольном мазке
фагоцитируемое количество микробов принималось за 100%. Количество поглощенных
микробов в опытных мазках выражалось в процентах по отношению к контролю.
Результаты экспериментов, подвергнутые вариационно – статистической обработке,
показали, что фагоцитарная активность лейкоцитов крови лягушек:
1)достоверно повышалось на 62,5% при действии растворов углекислого уранила в
исходной – рабочей концентрации 0,003 мг% (P<0,005);
2) достоверно подавлялась соответственно на 57,45 и 19% от растворов 50 мг% и
5мг% (Р<0.05);
3)от растворов 125мг% существенных изменений не наблюдалось (Р<0,05).
На основании полученных экспериментальных данных можно заключить, что уран,
будучи применен в чрезвычайно малых количествах близких к естественному
содержанию его в природных условиях (в частности, в животном организме), обладает
способностью стимулировать такую защитную реакцию организма, как фагоцитарная
способность лейкоцитов. При использовании же его в более высоких дозах (свыше
0,125мг% в исходном растворе) сначала происходит снижение эффекта, а затем и
угнетающее влияние.
По нашему мнению, выявление способности урана в микродозах повысить
защитную функцию лейкоцитов может предоставлять не только теоритическое, но и
определенное практическое значение в целях изменения реактивности организма в
желаемом направлении.
Литература
1.
Касьяненко В.П. Контроль качества окружающей среды.
2.
Никаноров А.М., Хоружая Т.А. Экология. М: Издательство Приор. 1999. 304 с.
3.
Закон РК «Об охране окружающей среды» от 15 июля 1997 г
ЫРҒЫЗ-ТОРҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТЫНЫҢ КЕМІРГІШТЕРІ
Юлмухаметова А.А.
1
,Жакенов И.Е.
2
, Әмірова Г.О.
2
1 - Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.,
Қазақстан; 2 - Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерваты, Ырғыз селосы, Қазақстан
Albulm23@gmail.com,
dymash_g@mail.ru
Табиғи экожүйелердің биоалуандылығын сақтау мен оларды зерттеудің жаңа
бағыттарын енгізу өзекті мәселе болып табылатыны айдан анық [1, 2].
Ырғыз өңірінің жануарлар мен өсімдіктер дүниесі алуантүрлі. Осындай орасан
байлықтың сақталуына ерекше мән беріліп отыр.
Осы мақсатта 2007 жылдың 14 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
№109 қаулысымен «Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» Республикалық
мемлекеттік мекемесі құрылды. Бұл жерде бағалы сулы –батпақты жерлер, құстардың
тіршілік ету ортасы, Бетпақдала популяциясы киіктерінің миграциясы мен қоректену
ортасы бар, сондықтан резерваттың ашылуы үлкен ғылыми маңызға ие.
Резерват территориясы Каспий маңы мен Тұран ойпаттары
қоңыржай
белдеулерінің жартылай шөлді және шөлді ландшафт зонасы шегінде орналасып,
Қазақстан жазықтарында жатады [3].
Резерваттың ғылыми бөлімі үш түрлі бағытта жұмыстар жүргізеді. Олар:
өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және көбейту, ғылыми -ақпараттық және
мониторинг, экологиялық насихат және туризм. Негізгі міндеттері – экожүйелердің
биоалуандылығын, бірегей табиғи кешендерді, табиғи қорықтар қорының обьектілерін,
табиғи және мәдени мұраларды сақтау болып табылады.
Қазақстанның зоогеографиялық аудандастырылуы бойынша резерват территориясы
Ортаазиялық облыс тармағына, Қазақ -Моңғол провинциясына, Қазақстан округіне,
жартылай шөлді зона аймағының батыс бөлігіне енеді [5]. Ырғыз -Торғай мемлекеттік
табиғи резерватының фаунасы толық зерттелмеген. Әдебиеттерде келтірілген мағлұматтар
бойынша Қазақстанда сүтқоректілердің 181 түрі [4], соның ішінде зоология институты
мәліметтері бойынша 42 түрі резерват территориясында тіркелген. Сүтқоректілердің кең
таралған тобы кеміргіштер болып табылады: кіші сарышұнақ Spermophilus pygmaeus,
балпақ Spermophilus major, зорман Spermophilus fuloris, дала тышқаны Sicista subtilis;
сазды жерлерде майлықұйрық қосаяқ Pygerethmus platiurus; тақыр мен сортаң жерлерде
тікқұлақ қосаяқ Pygerethmus pumilio кездеседі.
Интразоналық ландшафтты мекен ететін сүтқоректілерге аса көңіл бөлінген.
Қамыс-қоға қалың өскен жерлерінде су сұртышқанын Arvicola terrestris, ондатрды Ondatra
zibethicus кездестіруге болады.
Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерваты кеміргіштерінің ереше лігі – шығу тегі
әртүрлі формаларының араласып кездесуі: 17 түрі шөл және жартылай шөлге тән, 4 түрі
дала зонасына тән форма, 2-еуі орман, 1-еуі мезофильді, 1 түр интродукцияланған форма
болса, қалған 2 түр палеарктикада кең тараған түр формаларына жатады [5]. Әр формаға
жіктелген кеміргіштер тізімі 1-кестеде берілген.
Кесте-1
Шығу тегі
Кеміргіш түрлері*
Шөл және жартылай шөл
Зорман Spermophilus fulvus
Кіші сарышұнақ Spermophilus pygmaeus
Жүнбалақ қосаяқ Dipus sagitta
Кіші қосаяқ Alactaga elater
Үлкен қосаяқ Alactaga major
Секіргіш қосаяқ Alactaga sibirica
Житков қосаяғы Pygeretmus zhitkovi
Тікқұлақ қосаяқ Pygeretmus pumilio
Майлықұйрық қосаяқ Pygeretmus platiurus
Жыңғыл құмтышқаны Meriones tamariscinus
Кәдімгі соқыртышқан Ellobius talpinus
Эверсман атжалманы Allocricetulus eversmanni
Табынды тоқалтіс Microtus socialis
Тақылдағыш қосаяқ Stylodipus telum
Кіші құмтышқан Meriones meridianus
Боз ергежейлі қосаяқ Salpingotus pallidus
Аламан Сricetus cricetus
Дала
Дала суыры Marmota bobak
Балпақ Spermophilus major
Дала тышқаны Sicista subtilis
Дала алақоржыны Lagurus lagurus
Қазақстан аумағында 15 тұқымдасқа біріктірілген кеміргіштердің 82 түрі тіркелген
болса [6], резерват территориясында ғылыми негіздеменің ақпараттары бойынша 7
тұқы мдасқа біріктірілген 23 түрі тіркеліп, резерват территориясын кеңейту аймағын
зерттеу барысында оған қоса қосымша 4 түр анықталды [7]. Бұл тізімге боз ергежейлі
қосаяқ
Salpingotus pallidus
құмды массивтерде тіршілік ететін және резерват
территориясына жақын аймақтарда(Арал маңы, Каспий маңы) кездесетінін ескере отыра,
резерват территориясында кездесу мүмкіндігі бар түр ретінде қарастырылады.
Территорияның ландшафтты-климаттық,
топырақ
және
өсімдік жамылғысы
ерекшеліктеріне байланысты, анторопогендік
әсерлерге байланысты кеміргіштер
фаунасының түрлік құрамы, таралу аймағы, биотоп бойынша таралуы жіне саны
анықталады. Осыған орай қарастырылып отырған территорияда кеміргіштердің тіршілік
ортасын келесідей биотоптарға жіктеуге болады(анторопогенді түрлері н қарастырмағанда
– электр берілісінің жолы, т.с.с.):
Жазық аймақтар
Еңісті жерлер;
Жайылымдық жерлер;
Құмды массивтер.
Кесте-2
Кеміргіштердің биотопта таралуы мен түрлік құрамы
№
Түр
Биотоптар
Жазық
алқаптар
Еңісті
жерлер
Жайылымд
ық жерлер
Құмды
массивтер
КЕМІРГІШТЕР ОТРЯДЫ RODENTIA BOWDICH, 1821
Тиінтәрізділер тұқымдасы Sciuridae Fischer-Waldheim, 1817
1
Дала суыры Marmota
bobak Muller, 1776
+
-
-
-
2
Зорман Spermophilus
fulvus Lichtenstein, 1823
+
-
-
+
3
Кіші сарышұнақ
Spermophilus pygmaeus
Pallas, 1778
+
-
+
+
4
Балпақ
Spermophilus
majorPallas, 1779
+
-
-
-
Үш саусақты қосаяқтар тұқымдасы DipodiaeFischer, 1817
5
Жүнбалақ қосаяқ Dipus
sagitta Pallas, 1773
-
-
-
+
6
Тақылдағыш
қосаяқ
Stylodipus
telum
Lichtenstein, 1823
+
(кеңейту
аймағында
тіркелген)
-
-
+
(кеңейту
аймағында
тіркелген)
Орман
Су тышқаны Arvicola terrestris
Кәдімгі тоқалтіс Microtus arvalis
Мезофильді
Сұр атжалман Cricetulus migratorius
Интродукцияланған
Ондатр Ondatra zibeticus
Палеарктикада кең таралған түрлер
Үй тышқаны Mus musculus
Сұр егеуқұйрық Rattus nopvegicus
7
Боз ергежейлі
қосаяқ
Salpingotus
pallidus
Vorontsov et Shenbrot,
1984
-
-
-
+
(кездесуі
мүкін)
Бес саусақты қосаяқтар AllactagidaeVinogradov, 1925
8
Кіші қосаяқ
Allactaga
elater Lichtenstein, 1825
+
-
-
+
9
Үлкен қосаяқ Аllactaga
major Kerr, 1792
+
+
-
-
10
Секіргіш
қосаяқ
Аllactaga
sibirica
Forster, 1778
+
-
-
+
11
Житков
қосаяғы Рygerethmus
zhitkovi Kuznetsov, 1930
-
-
+
+
12
Тікқұлақ
қосаяқ
Рygerethmus
pumilio
Kerr, 1792
+
-
-
-
13
Майлықұйрық
қосаяқ Pygeretmus
platiurusLichtenstein,
1823
+
-
-
+
Тышқандар тұқымдасы Sminthidae Brandt, 1855
14
Дала тышқаны
Sicista
subtilis Pallas, 1773
+
-
+
-
Аламан тәрізділер тұқымдасы CricetidaeFischer, 1817
15
Сұр
атжалман
Cricetulus
migratorius
Pallas, 1773
+
-
-
-
16
Эверсман
атжалманы
Allocricetulus
eversmanni Brandt, 1859
+
-
-
-
17
Аламан(алақоржын)
Cricetus
cricetus
Linnaeus, 1758
+
-
-
+
18
Кәдімгі
соқыртышқан
Ellobius talpinus Pallas,
1730
+
-
+
+
19
Дала
алақоржыны
Lagurus
lagurusPallas,
1773
+
-
-
-
20
Ондатр
Ondatra
zibeticus Linnaeus, 1766
-
-
+
-
21
Су тышқаны Arvicola
terrestris Linnaeus, 1758
-
-
+
-
22
Табынды
тоқалтіс
Microtus socialis Pallas,
1773
+
(кеңейту
аймағында
тіркелген)
-
-
-
23
Кәдімгі
тоқалтіс
Microtus arvalis Pallas,
1779
-
-
+
(кеңейту
аймағында
тіркелген)
-
Қаптесерлер тұқымдасы Muridae Gray, 1821
24
Қаптесер Mus musculus
Linnaeus, 1758
+
+
-
-
25
Сұр егеуқұйрық Rattus
norvegicus
Berkenhout,
1769
Негізінен
елді
мекендерде
таралған
Құмтышқандар тұқымдасы Gerbillidae Gray,1825
26
Жыңғыл
құмтышқаны Meriones
tamariscinus Pallas, 1773
+
(территория
ның
оңтүстік
бөлігінде
кездесуі
мүмкін)
-
+
-
27
Кіші
құмтышқан
Meriones
meridianusPallas, 1773
-
-
-
+
(кеңейту
аймағында
анықталған)
2014-2015 жылдары кеміргіштерге жүргізілген арнайы есеп пен мониторинг
деректері бойынша кеміргіштердің 11түрі кездестіріліп, тіркеуге алынды және олардың
таралу аймағы мен саны анықталып отыр. Олар: балпақ Spermophilus major, зорман
Spermophilus fulvus, кіші сарышұнақ Spermophilus pygmaeus, үлкен қосаяқ Alactaga major,
Житков қосаяғы Pygeretmus zhitkovi, секіргіш қосаяқ Alactaga sibirica, кіші қосаяқ Alactaga
elater, Эверсман атжалманы Allocricetulus eversmanni, аламан Сricetus cricetus, ондатр
Ondatra zibeticus және дала тышқаны Sicista subtilis. Арнайы есеп жүргізу мен мониторинг
нәтижесінде кеміргіштердің келесідей 5 түрі доминанттарға(саны жағынан басым
түрлерге) жататыны анықталды. Олардың Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерват ы
аумағындағы кездескен жерлері мен саны туралы толық ақпарат 3 -кестеде көрсетілген.
Осылайша, Ырғыз -Торғай мемлекеттік табиғи резерватында кеміргіштердің түрлік
құрамы мен олардың биотопта таралуы анықталып отыр. Кеміргіштерге арнайы есеп
жүргізу жұмыстары мен мониторингтік деректерге сәйкес олардың 11 түрі тіркеуге
алынып, 5 түрін доминанттар ретінде бөліп алдық. Қорытындылай келе, ерекше
қорғалатын табиғи аймақ территориясы кеміргіштердің таралу аймағы болуына дәлел
болғанымен, кеміргіштер фауна сы әлі де толық зерттеуді талап етеді.
Кесте - 3
Кеміргіштің атауы
Кездескен жері
Жалпы саны
Резерват аймағы
Қаумал аймағы
алпақ Spermophilus major
Сарыбидайық
Баба
Балта
Қосбүйрек
Досжан
Айыркөл
Байтақ маңы
Бөкен айналасы
Құланшы
35-көпір
Малайдар
Жаныс көл
маңы
2014 жылы –
190
2015 жылы –
220
Зорман Spermophilus fulvus
Алакөл
Бәйтерек
Сұңқарқия
Құланақ
Жыланды
Баба
Атанбасы
Байтақ
Жаныс көл
маңы
Көлжарма
Малайдар маңы
Айыркөл
Құланшы
Басқарасу
2014 жылы -
138
2015 жылы –
145
Үлкен қосаяқ Аllactaga major
Құланақ
Тақта Көпір
Алакөл
Балта
Баба
Қосбүйрек
Жаныскөл маңы
Сәмет бөгет
Малайдар
Құланшы
2014 жылы – 30
2015 жылы – 35
Секіргіш қосаяқ Аllactaga sibirica Жанбай
Балта
Сұңқарқия
Аралбай
Бөкен айналасы
Құланшы
2014 жылы – 25
2015 жылы – 35
Әдебиет
1. Яблоков А.В. Популяционная биология. -М.: Высшая школа, 1987. 303 с.
2. Кобышев Н.М., Кубанцев Б.С. География животных с основами экологии.-М.:
Просвещение, 1988.- с. 151-167.
3. Атлас Казахской ССР. Том 1. М., 1982.
4. Беркінбай О. Б., Шабдарбаева Г. С., Хусаинов Д. М., Акоев М. Т.. Қазақстан
биоресурстары: жануарлар әлемі. Оқулық .- Алматы, 2013. 361 б.
5. Афанасьев А.В. Зоогеография Казахстана – Изд. акад. Наук КазССР. Алматы, 1960. С.
101-158.
6. Книга генетического фонда фауны Казахской ССР. Ч. 1. Позвоночные животные.-
Алма-Ата: Наука, 1989. 215 с.
7. Естественно-научное
обоснование
расширения
территории
Иргиз-Тургайского
резервата в Иргизском районе Актюбинской области. – ТОО «Экопроект» - Алматы, 2010.
С. 40-42.
|