Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной


ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет26/70
Дата06.03.2017
өлшемі8,85 Mb.
#7959
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70

ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ

НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Молдрахметова О.М., Жолдыбай Д.

Арқалық мемлекттік педагогикалық институты,Арқалық қаласы, Қазақстан

Elubaevabakyt@mail.ru

Этнопедагогиканың халыққа  білім  беру  саласында қолданылу  жағдайларымен

байланысты  мәселелер  проблеманың  өзіне  және  оның шешілу  жолдарына  толық

түсіндірме  беру  арқылы  баяндалғаны  тиімді.  Дәл  сондықтан  да  этнопедагогик аны

алдымен оку-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз

алынып  тасталған  халыктық жөне  табиғатпен үйлесімділік  педагогикалық принциптерін

жаңарту  екеңдігі  арнайы  атап  көрсетіледі.  Халықгың педагогикалық даналығы  халықтық

тәрбие құралдарын  толық пайдаланған  жағдайда  дәл  осылар  педагогика ғылымын

байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу

орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау

болып табылатындығын ескеру керек

Этнопедагогикадағы  бала  денсаулығы  мен  денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық,

ақыл -ой  мен  еңбекке  дайындық, саналы  адамгершілік -эстетикалық тұрғыда  бағыттау,

мінез-құлықты 

реттеу,


өзін -өзі  тәрбиелеу  мен

қайта 


тәрбиелеу, 

яғни 


тұлға

қалыптастырудың бүкіл  жетекші  багыттарын  камтитын  аса  бай  фактілермен  танысу

болашақ

мамаңдарды 



оқытылатын 

материалға

қызығушылығын,

арттырады.Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс

беретін  сабақгар  жобаларын  кластан  тыс  жұмыс

түрлерін  дайындап,

өткізу,

этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер  жұмыстарының бағдарламаларына  енгізу,



этнопедагогикалық факульта -тивтер ұйымдастыру,  халық педагогтары  шығармалары

бойынша 


класс 

сабақтары 

циклін

ұйымдастыру, 



тарихи 

этнопедагогикалық

тақырыптамалар 

бойынша 


жоғары 

кластар


үшін 

кештер 


дайындау, 

арнайы


этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу өдістемелері жайлы

бірізділікпен  баяңдаудың оқушыны  этнопедагогика  материалдарымен  жұмыс  істеуге

баулудың мәні ерекше.

Этнопедагогикалық зерттеу әдістері. Өзге ғылым салаларымен байланысы.

Этнопедагогиканың

зерттеу


әдістері  жиі  сөз  болған  жекелеген  авторлар

/Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/ еңбектерінде әдет - ғұрыптар мен дәстүрлер

халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың

халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор

тәрбиелік  ықпалға  ие, өзіндік  салт -дәстүрі  бар  балалар  ортасының этнопедагогикалық

зерттеу  обьектісі  ретінде қарастырылуы  /М.И.Стель махович,  И.С.Кон/  аса құптарлық

жайлар. Әлеуметтік  жүйенің көпшілікке  ортақ түрі  отбасынан  басталады.  Халықтың

күнделікті  тыныс-тіршілігімен  тығыз  байланыста  дамыған  дәстүрлі  тәрбиенің  құрамдас

бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие жөн індегі түсініктер, тарих

елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принцптері, әдіс -тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның

бүгінгі  тәрбие  ісінде  колдану  жолдарын қарастыру – этнопедагогика ғылымының  өзекті

проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы әлеуметтік, эконо микалық, мәдени, табиғи

және  т  .б.  белгілі  бір  этносқа  тән  рухани өлшемдердің яғни, әдет  пен құлық,  әлеуметтік

орта құбылыстарына  сезімдік қатынас,  сезімдер, құндылық

бағдар,  салт -дәстүр,


қажеттілік,  талғам  т.б.  жеке  тұлғаның  өзіндік  айқындалу қабілетіне  ы кпал  ететін  басты

факторлар  екендігі  даусыз.  Осыған  орай  түрлі  тарихи  кезеңдердегі  тәрбие  сипатын  тану,

халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс

ретінде  түсіну  этнопедагогиканың

теориялық

мәселелерін

қарастыруд а

қажетті


шарттардың бірі болмақ

Этнопедагогикада  кең теориялық  қорытындылауды  талап  ететін  проблемалармен

қатар,  фактілік  материалдар  жинақтау,  тереңдеп  зерттеу  мен  талдауды қажет  ететін

жекелеген  мәселелер  де  аз  емес.  Оның алдында  шешілуі  ең алдымен  педа гогика  мен

этнографияға  мәнді  жәрдемін  тигізетін өзекті  міндеттер  тұр.  Бұларды  төмендегідей

тақырыптармен белгілеуге болады:

 мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік тәжірибесі

берілісін қамтамасыз етудегі ролі;

 жұмбақтар ақыл -ой тәрбиесі құралы ретінде;

 халық ертегілері  халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын

талпыныстары ретінде;

 халық  әндері  және  олардың балалар  мен  жастарға  эстетикалық тәрбие

берудегі ролі;

 балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;

Дүние  жүзі халықтарының бесік  жырлары  ана  поэзиясының, ана  мектебінің және

педагогиканың көрнекті  жетістіктері  ретіңде  халықгық педагогика  жегістіктерін қазіргі

тәрбиеде қолданудың мақсатқа  сәйкестілігі  жөніндегі  тұжырымдармен  келіскенмен,

кәсіби  педагогикаға  бағытта лғандыққа қатысты  халықтық педагогика  рөлі  айқарлықтай

төмендеп,  оның  қолданыс  аясы  тарылуы әбден  занды  сияқты  деген  пікірлермен  келісу

қиын.  Мұңдай  пікірлердің кателігі,  ең алдымен  халық даналығының еш  уақытта

ескірмейтіндігімен  анықталады.  Адамзат ғасырл ар  бойы  жүзеге  асыру үшін  күрескен

халық педагогикасы  идеялары өзінің толық іске қосылу  мүмкіндігін  дәл  осы Қазақстан

Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтырып жатқан бет бұрыс кезең

жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми және халықтық педагогиканы қарсы қоймау,

ал  салыстыру қажет,  ол - ғылыми  білімдер  тұрғысынан  педагогиканың халықтығын

анықтап  ашып  керсету  мүмкіндігін  береді  және  керісінше,  балаларды  халықтық

тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалық теорияла рдың

өмірге 


икемділігін 

тексеру 


де 

маңызды. 

Этнопедагогика 

дамуының


негізгі

тенденцияларын  мазмұндауда  мұндай  тұжырымдама  аса  келешекті  болып  табылады.

Диалектикалық ілімге  сүйене  отыра  этнопедагогика ұдайы  мұрагер  болу,  жаңару  және

жаңаны тудыру процесінд е өмір сүретін қозғалысты жүйе деп әбден қарастыруға болады.

Мұнымен  байланысты  этнопедагогикада  жаңа құбылыстардың пайда  болуы  және  алға

басуы;  XX

ғасырдың

басына  дейінгі  және  одан  кейінгі  кезеңдерді  этностық

педагогиканың даму  тенденцияларын  ашып  керсетуге  елеулі  орын  берілуі қажет.

Этностық педагогиканың кеңес өкіметінен  кейінгі  кезеңі  бір  мағыналы  емес,  оның

жағымды  ілгерілеулерімен қатар,  халық педагогикасының  әрекет  ету  аймағы  тарылған

және  сонысымен  этностық педагогика  бастауларын қиратқан  және  бүлін шілікке

ұшыратқан  беттері  бар. Қоғам өміріндегі өзгерістердің этнопедагогикаға  ықпалы  көп

қырлы және бірқатар өлшемдер бойынша бейнеледі:

Біріншіден,  жүзеге  асырыдып  жатқан  демократияландыру 

педагогикалық

шығармашылық  үшін  кең жол  ашады; ұлттық педагогикал ық мәдениеттің дамуына  күш -

қуат беретін жағдай қалыптастырады.

Екіншіден, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру; адамгершілікті кайта жаңарту,

алдау, зорлық-зомбылық, екі жақты ойлауды жою адамға халықтық моральмен үндес және

онда 

этнопедагогикамен



қалы птасқанды

өмірде


қолдану 

мүмкіңдігін 

береді.

Этнопедагогика  білімдерін қолдану  рухсыздыққа, ұлттық жоққа  шығаруға,  тарихи



ессіздікке  нақты  тосқауыл қояды,  балалар  мен  жасөспірімдерге  халықтық  құңдылықтар

мен дәстүрлер, ұлттық мәдениет мұрагерлері ретіндегі азаматтық борышын жете түсінуге,



оларды өзінің ата -аналары, өткен ұрпақ, бүгін  халық ісін  жалғастыруға үйретуге

кемектеседі.

Сонымен  этнопедагогика  зерттеудің кең көлеміне  не  оның алдында үлкен өзекті

міндеттер  тұр.  Оның  қалыптасуының  қазіргі  жағдайда  хал ықтың педагогиканың  әрекет

ету  аясын  анықтау  оның бүгінгі  тәрбие  мен өзара  байланысын  айқындау  аса  маңызды.

Халық даналығы қамқорлығының түйірлерін  жинау,  халықтың тәрбиенің негізгі

категориалары 

мен 


заңдылықтарын 

анықтау, 

оларды 

басқаратын



әлеуметтік -

экономикалық факторларды  белгілеу,  халықтық педагогикалық дәстүрлердің  өмір

сүргіштігінің себептерін  айқындау  және  олардың  қоғамның  қазіргі  рухани өміріне  енуі

жүйесін  белгілеу  этнопедагогикалық аса  маңызды  міндеттері  болып  отыр.  Тәрбие

идеялары  мен  тәжірибесін  салыстырмалы  педагогикалық талдау – этнопедагогика

методологиясының негізі.  Халықтық педагогакалық мәдениетінің  өзекті  саласын өзіне

зерттеу  пәні  етіп  алған ғылымның жаңа  саласы  жан -жақты  дами  алады  деп  болмауға

болады. Ол педагогика ғалымдары жүйесінің ажырамас бөлшегі бола отыра, өзінің таным

обьектісін тереңдей зерттеуде педагогиканың бүгінгі бүкіл жетістіктеріне сүйенеді, оның

материалдарымен және методтарымен пайдаланады.

Этнопедагогиканың практикаға  жол  табуы – ол қазіргі  педагогикалық теорияны

жан-жақты қолданғанда ғана  мүмкін  болады.  Сонымен  бір  мезгілде  этнопедагогиканың

көптеген қоғамдық, гуманитарлық және психологиялық ғылымдардың өзара байланыс пән

өзара ықпал ету шеңберіне енуінің принципті мәні бар.

Бұл  этнопедагогикалық материал  мен  бастаул ары  елеулі  кеңейтеді,  оны үлкен

тарихи жәжірибесі бар ғылымдар методтарымен қаруыландырады және сонысымен де аса

кең теориалық  қортындылаулар үшін қолайлы  жағдайлар  туғызады.  Этнопедагогикалық

ізденістерді  этносоциологиялық зерттеулердің  құрамды  белігі  рет інде қарастыру  жемісті

болып  көрінеді.  Мұндай  бірлік  осы  кезге  дейін  көптеген  зерттеушілер  назарынан  тыс

қалып  келетін  тәрбиенің халықтың практикасын  терең танып  біліу  мен  обьективті

бағалауға  мүмкіндік  береді.  Кез  келген ғылым  секілді  этнопедагогикаға  да

теориялық

тереңдікпен ұштасатын  кеңестік  керек,  мұның  өзі  эмпирикадан  тек  теориялық

қорытындылауларға  көшкен  жағдайда ғана  мүмкін  болады.  Зерттеушілер  жинастырған

зор  көрнекті  материалды  халық тәрбиешілерінің шеберлігі  мен өнерінің сырын ұғыну

үшін пайдалану керек. Зерттеулердегі дара-дара идеялар мен халықтық жас ұрпақ тәрбиесі

бойынша  тұтас  тәжірибесінің тоғысуы  жүйелі  этнопедагогикалық теория  негіздеу үшін

қолайлы жағдайлар туғызады

Этнопедагогикалық зерттеу әдістері және өзге ғылым салаларымен байланысы .

Этнопедагогика

этникалық  қауым  педагогикасының дамуын  зерттейтін



педагогикалық білімдердің жаңа саласы.

Педагогиканың дамуын  халықтың педагогикалық дәстүрлерімен  бірге қарастыру

тек

қызығушылық



туғызып

қана


қоймайды, 

сондай -ақ

тарихи-педагогикалық

зерттеулердің нәтижелірек  болуының,  ғылыми  педагогикалық теориялардың  өмірге

икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де айғағы.

Этнопедагогика  курсы  болашақ

маманды  тәрбие  жүйесіндегі  этникалық

өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы  біліммен қаруландырады,  көпғасырлық тәрбие

әрекеті  нәтижесінде  жинақталған  педагогикалық байлықты  практикада қолдана  алу

дағдысын игертуді көздейді.

Сонымен

қатар  этнопедагогика



өзіндік  ішкі  тарихи -педагогикалық

даму


зандылықтарына  ие.  Осыған  орай  ол арды  жалпы  және  даралық тәртіптегі  элементтер

құрайтынын;  жалпы  заңдылық этностық тәрбиенің  қоғамдық болмыс, өмір  саят,

қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы,  оның  қайта құрылуына  тәуелділігімен

анықталса;  даралық заңдылық этнопедагогиканың  ұлттық  "адам шылық табиғаттың"

адамгершілік  тұрғыдан қорғалуын,  генофондты  сақтау  және  оның табиғи  дамуын

қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.



Этнопедагогиканың зерттеу әдістері  жөні  сөз  болған  жекелеген  авторлар

/Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров,  А.Мирзоев  т.б./  еңбектерінде әдет - ғұрыптар  мен  дәстүрлер

халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жөніндегі этнографиялық материалдардың

халықтық тәлім -тәрбие  мазмұнын  ашып  көрсетудегі  маңыздылығы  атап  көрсетіледі.  Зор

тәрбиелік  ықпалға  ие, ө зіндік  салт-дәстүрі  бар  балалар  ортасының этнопедагогикалық

зерттеу  объектісі  ретінде қарастырылуы  /М.И.Стельмахович,  И.С.Кон/  аса құптарлық

жайлар.

Этнопедагогикада  кең теориялық  қорытындылауды  талап  ететін  проблемалармен



қатар,  фактілік  материалдар  жинақтау,  тереңдеп  зерттеу  мен  талдауды қажет  ететін

жекелеген  мәселелер  де  аз  емес.  Оның алдында  шешілуі  ең алдымен  педагогика  мен

этнографияға  мәнді  жәрдемін  тигізетін өзекті  міндеттер  тұр.  Бұларды  төмендегідей

тақырыптармен  белгілеуге  болады:  мақалдар  мен  мә телдер  және  олардың жас ұрпаққа

адамгершілік  тәжірибесі  берілісін қамтамасыз  етудегі  ролі;  жұмбақтар  ақыл -ой  тәрбиесі

құралы  ретінде;  халық ертегілері  халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын

талпыныстары  ретінде;  халық  әндері  және  олардың балалар  мен жастарға  эстетикалық

тәрбие берудегі ролі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние

жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың

көрнекті жетістіктері ретінде.

Тәрбиені қажет ету адамның пайда б олуымен бірге туды және адам қоғамы қанша

өмір сүрсе, сонша өмір сүріп келеді. Осыған орай тәрбиенің дамуын халықтың, этностық

қатысуымен алға басуын ескермеу заңсыз.

Жетілген  адам  тәрбиелеудің халықтық бағдарламасы  көпқырлы  және  кең. Және

оны жүзеге асыру құралдары да сан алуан. Жастардың тұлғалық бейнесін қалыптастыруға

бүкіл  халық  өмірі  ықпал  етті:  бәрі  тәрбиеленді,  бәрін  тәрбиеледі.  Тәрбие қоғамның

экономикалық  өмірі  мен  рухани өмірі  арасын  байланыстырушы  ретінде  алға  шықты.

Тұтас  алғанда  халықтың

мате риалдық және  рухани

өміріндегі  педагогикалық

мәдениетінің ерекше  хал -ахуалы  осымен  түсіндіріледі.  Адам  мәдениетінің екі  саласы

арасындағы  сабақтастық байланыс  дәл  осы  педагогикалық мәдениетпен қамтамасыз

етіледі.  Көрнекті  педагогтардың  қай -қайсысы  болмасын халықтық педагогика  этностық

ұжымдық шығармашылығының  құрамды  бөлігі  екендігін  ескертіп,  оның педагогикалық

мәдениеті  көрінісі  ретінде  ежелгі  дәуірлерден  тамыр  алатындығына  назар  аудартуы

осыдан.


Әдебиет

1. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының негіздері. -Алматы.-Білім.-2003ж.

2. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. -Алматы. -2001 ж. -14-б.

3.Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. -Алматы. -Санат.-2001ж.-15-б.

4. Қоянбаев.Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. 7 - б.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАЗИТОЛОГИЯ ФИЛОГЕНИЯСЫ

Аманова Р.П., Аман К.П.



Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қ.,

Қазақстан

Kulnar@inbox.ru

Жануарлар әлеміндегі  паразиттер  арқылы  адам,  жануарлар  мен өсімдіктер

организмінде пайда болған ауруларды паразитарлық немесе инвазиялық (лат.invasio –ену,

кіру, шабуыл) аурулары деп атайды.

Паразитизм тірі  организмдердің бірімен-бірі  тығыз  байланысты  тіршілік  етуінен

немесе  селбесіп өзара қарым -қатынастық жасауынан,  эволюциялық даму  барысында


өздері мекендейтін  ортаның сан  алуан әсерлеріне бейімделуден болатын  процесс.

Паразиттер - нағыз  паразиттер,  жалған  паразиттер,  уақытша  және  тұрақты  паразиттер

болып бөлінеді.

Паразитті құрттар  арқылы  адам,  жануарлар  мен өсімдіктер  организмінде  пайда

болатын аурулар – гельминтоз (грекше helmіns, helmіnthos – іш құрт)  ауруы деп аталады.

Гельминтоздар  адамда  сорғыш,  таспа,  жұмыр,  т.б. құрттардың паразиттік

тіршілігі

салдарынан  пайда  болады.  Гельминтоздардың аталуы  ауру  туғызатын құрттардың түріне

қарай.  Олардың тек  адамда  (аскаридоз,  энтеробиоз,  т.б.)  немесе  адам  мен  малда қатар

кездесетін  гельминтозооноздар  (фасциолез,  трихинеллез,  эхинококкоз)  түрлері  белг ілі.

Гельминтоздарға қарсы  арнайы  дәрілер – антгельминттер қолданылады.  Гельминтоздар

ауыл  шаруашылығы  малдарында  көп  кездеседі, қазір  оның  2000 -нан  астам  түрі  белгілі.

Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез,

эхиноккоз,  т.б.;  жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз,  полиморфоз,  т.б.;

балықтарда – ботриоцефалез,  диплостомоз,  т.б.  кездеседі.  Сонымен  бірге  адам  мен

жануарлар үшін аса қауіпті өкілдері кездеседі.

Иесінің организмінде  паразиттің аймақтануына (қоныстануына)  сәйкес,  оларды  екі

категорияға  бөледі:  сыртқы  паразиттер  немесе  эктопаразиттер -иесінің

терісінде,

желбезектерінде,  басқа  жабындарында  мекендейтін,  мысалы,  биттер,  бүргелер,  масалар,

шіркейлер,  кенелер,  сүліктер,  т.б.;  ішкі  паразиттер  немесе эндопаразиттер – иесінің

клеткаларында, ұлпаларында,  ішегінде,  ішкі қуыстарында  тіршілік  ететін  паразиттер,

мысалы,  трипаносмалар,  безгек  плазмодиясы,  бауыр  сорғышы,  аскаридалар,  эхинококк,

бидай нематодасы, т.б.

Гельминтоз  аурулары Қиыр Шығыста,  Сібірде,

Қазақстанда , Қырғызстанда,

Башқұртстанда,  Азербайжанда,  Украинада,  Молдавияда  т.б.  кездеседі.  Гельминтоздан

сақтанудың жолы - гигиеналық шараларды  мүлтіксіз  орындау  болып  табылады:  жеміс -

жидектер  мен  көкөністерді  міндетті  түрде  жуып  жеу;  балық пен ірі қара ның етін  толық

пісіріп, қуырып  жеу;  кез  келген  ағын суды ішпеу; үнемі  тазалықты  сақтау;  тағамдарды

дұрыс  дайындау;  су қоймаларын,  мал -қораларын, әжетханаларды таза ұстау,  т.  б.  Халық

арасында осы ауру туралы санитарлық-ағарту насихатын жолға қою -міндетті іс.

Құрттар барлық  өзіне қолайлы  жерлерде  кездеседі.  Олардың саны  миллионға

дейін  барады.  Бұлар   адамның ішіне  енген  кезден  бастап -ақ,  өзінің  өкімін  жүргізе

бастайды.

Құрттардан болатын  ауру  белгілері: шаршау,  тәбеттің болмауы,  ашуланшақтық,

жүйкенің тозуы, құсу  ,іші өтуі,  іштің  үрленуі,  газдың болуы,  сілекейдің көп  бөлінуі, қан

аздық, бұлшықет пен буынның ауруы, бас ауруы,  дене температурасы (37 -38

0

)  көтерілуі,



ұйқының  қашуы,  денеде  аллергиялық бөрту , ұйықтап  жатып  тіс қайрау, өкпе,  (әсіресе

бронхо, астма) ауруы. Паразит құрттар адамның ағзасын зақымдап, өлімге апаруы мүмкін.

Дүние  жүзінде  осы  паразит құрттардан  миллиардтаған  адамдар  зардап  шегеді.

Дүние жүзі бойынша 10 жыл ішінде 4,5 млрд адам паразит құрт ауруымен ауырған. Оның

95%-ы  паразит құрт бойынша. Санақ бойынша Еуропада үш адамның бірінде   паразит

құрт тіршілік етеді. Росс Андерсонның зерттеуі бойынша  АҚШ -та  болатын аурулардың

85% паразиттен  болады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 14 млн адам өледі.

Дүние  жүзі  бойынша    4  млрд  адам үшкірқұрттан,  102  млн  адам    ішексорғымен,

900млн  адам  анкилостомоздан,  700  млн  адам    трихоцефалоздан  ауырған.  Осы  жылғы

Скрябин  атындағы  Академияның

гельминтологтарының зерттеу  барысында  жалғыз

Мәскеу қалас ынының бақтарында  иттердің

денесінде  кездесетін  фекалиийлердің

жұмыртқаларының 40% -ы  болады екен.

Бүкіл  дүние  жүзілік  денсаулық сақтау    мекемелері  1996  жылы  Женева қаласында

мынадай салыстырмалы кестені  талқылаған. Мұнда осы жылға дейінгі (рак) ісік аур умен

ауырған.

Дүниежүзі бойынша паразит құрттардан болатын ісік аурулары



Ісік аурулары

Бір жылда қанша

адам ауырады

Қаншасы паразит

құрттан болады

бауыр


527

82%


өкпе

1020


90%

қуық


500

100% (шистосомоз)

жатыр ісігі

200


100% (шистосомоз)

әйел адамдағы

529-390

80-83%


Паразит құрттардың зияны

Құрт және ауруы

Жұғу түрлері

Зақымдайтын

мүшесі

Кездесетін ел



Мысық сорғыш

(описторхоз)

Былқылдақдене , балық, ауыз

арқылы


өт, бауыр,

ұйқы безі

БатысСібір,Қазақс

тан, Еуропа

Фасциол(фасциолез)

Былқылдақдене, су, өсімдік,

ауыз арқылы

Бауыр, өт

Орта Азия,

Қазақстан ,Кавказ

Қысқа цепень

Кір қол, ойыншық, тамақ

Ащы ішек

Түгел жерде

Егеуқұйрық цепені

Ұн, ұннан жасалған

тағамдар

Ащы ішек


Түгел жерде

Шошқа цепені

шикі ет

Ащы ішек


Түгел жерде

Эхинококк

Кір қол , лас су

Ішкі мүшнлер

Түгел жерде

Ішексорғы

Топырақ, көкөніс арқылы

Ішекті


Түгел жерде

Анкилостома

(анкилостомоз)

Топырақ, лас жеміс, кір қол

Он екі елі

ішек арқылы

Орта Азияда

2015  жылдың  қорытындысы    бойынша  Ақтөбе  облысы  бойынша  паразитарлы

аурулардың эпидемиологиялық жағдайы  тұрақты болған.

Жалпы облыста 2015 жылы паразитарлы аурулардың 1248 жағдайы  тіркелген, ауру

көрсеткіші 151,0.  2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өс кен. 2014 жылы 1012 жағдай

тіркеліп  100  мың тұрғынға  шаққандағы  аурушаңдық көрсеткіші    125,2 құрады.  Ауруға

шалдыққандардың  92,1% -ын  14  жасқа  дейінгі  балалар құрайды.  Жалпы  паразитарлы

аурулар ішінде гельминтоздардың үлес салмағы 85,4% (2014 ж -83,7%).

Аурушаңдық көрсеткіштерінің жалпы құрамдық нозологиясы  бойынша үлес

салмағы: энтеробиоз - 85,6% (2014ж.-83,6), аскаридоз - 6,9 % (2014ж.-6,8%), эхинококкоз -

4,01  (2014ж.-3,0%),  гименолепидоз - 2,7%  (2014ж - 2,5%),  лямблиоз-3,8  (2014ж.-3,6%),

тениоз-0,2% (2014ж.-0,2%), описторхоз - 0,2%  (2014ж-0,2%).

6,9%

4,01%


2,7%

3,8%


Нозология бойынша аурушаңдық көрсеткіші

Ісік аурулары

Бір жылда қанша

адам ауырады

Қаншасы паразит

құрттан болады

бауыр

527


82%

өкпе


1020

90%


қуық

500


100% (шистосомоз)

жатыр ісігі

200

100% (шистосомоз)



әйел адамдағы

529-390


80-83%

Паразит құрттардың зияны

Құрт және ауруы

Жұғу түрлері

Зақымдайтын

мүшесі


Кездесетін ел

Мысық сорғыш

(описторхоз)

Былқылдақдене , балық, ауыз

арқылы

өт, бауыр,



ұйқы безі

БатысСібір,Қазақс

тан, Еуропа

Фасциол(фасциолез)

Былқылдақдене, су, өсімдік,

ауыз арқылы

Бауыр, өт

Орта Азия,

Қазақстан ,Кавказ

Қысқа цепень

Кір қол, ойыншық, тамақ

Ащы ішек


Түгел жерде

Егеуқұйрық цепені

Ұн, ұннан жасалған

тағамдар


Ащы ішек

Түгел жерде

Шошқа цепені

шикі ет


Ащы ішек

Түгел жерде

Эхинококк

Кір қол , лас су

Ішкі мүшнлер

Түгел жерде

Ішексорғы

Топырақ, көкөніс арқылы

Ішекті

Түгел жерде



Анкилостома

(анкилостомоз)

Топырақ, лас жеміс, кір қол

Он екі елі

ішек арқылы

Орта Азияда

2015  жылдың  қорытындысы    бойынша  Ақтөбе  облысы  бойынша  паразитарлы

аурулардың эпидемиологиялық жағдайы  тұрақты болған.

Жалпы облыста 2015 жылы паразитарлы аурулардың 1248 жағдайы  тіркелген, ауру

көрсеткіші 151,0.  2014 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өс кен. 2014 жылы 1012 жағдай

тіркеліп  100  мың тұрғынға  шаққандағы  аурушаңдық көрсеткіші    125,2 құрады.  Ауруға

шалдыққандардың  92,1% -ын  14  жасқа  дейінгі  балалар құрайды.  Жалпы  паразитарлы

аурулар ішінде гельминтоздардың үлес салмағы 85,4% (2014 ж -83,7%).

Аурушаңдық көрсеткіштерінің жалпы құрамдық нозологиясы  бойынша үлес

салмағы: энтеробиоз - 85,6% (2014ж.-83,6), аскаридоз - 6,9 % (2014ж.-6,8%), эхинококкоз -

4,01  (2014ж.-3,0%),  гименолепидоз - 2,7%  (2014ж - 2,5%),  лямблиоз-3,8  (2014ж.-3,6%),

тениоз-0,2% (2014ж.-0,2%), описторхоз - 0,2%  (2014ж-0,2%).

85,6%


3,8%

0,2%



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет