Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020
53
МРНТИ 14.25.07
ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН МЕКТЕПТЕ
ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Б.Р. Қасқатаева, А.Б. Әубакір
Қазақ Ұлттық қыздар
педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан
Kaskataeva@yandex.ru, aubakirova.aruna@bk.ru
Жалпы білім беретін орта мектепте математиканы оқыту процесінде қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды тиімді пайдалану міндетін шешу, дидактикалық қағидаларды таңдау және оларды негіздеу
қажеттігіне әкеледі. Зерттеу жұмысының
мақсаты - оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың
дидактикалық қағидаларын анықтау және негіздеу болып отыр.
Зерттеу мәселесі
бойынша әдебиеттерді
зерделеу және теориялық талдау, озық педагогикалық тәжірибені талдау нәтижесінде дидактикалық
қағидаларды жаңасына ауыстырмай, тек оларды кез келген жағдайда конструктивті пайдалануға мүмкіндік
беретіндей, оның мазмұны қайта қаралып, толықтырылған. Осылайша, бұл жұмыста оқытудың ақпараттық
технологияларын пайдаланудың негізгі дидактикалық принциптері анықталған.
Сонымен қатар, оқу
процесінде іске асырылатын дидактикалық жүйеге қатысты қағидалардың мәндік мазмұны ашылған.
Түйін сөздер: дидактикалық қағидалар, дидактикалық жүйе, дидактикалық процесс, оқытудың
ақпараттық технологиялары, танымдық қызығушылық, жалпы орта білім беретін мектеп.
Кіріспе
Білімді ақпараттандыру мектеп мұғалімдеріне бірқатар жаңа кәсіби міндеттер қояды.
Олардың ішінде ең маңыздысы - оқу процесінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын, атап
айтқанда, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану. Алдыңғы
зерттеуде математика
сабағында оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
әзірленді. Одан әрі зерттеу пәні оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланудың
дидактикалық қағидаларын таңдау процесі болып табылады. Себебі, ақпараттық технологияларды
қолданудың әдістемесін жасау үшін алдымен оқытудың
ақпараттық технологияларын
пайдаланудың дидактикалық қағидаларын анықтап алу керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты - математика сабағында оқытудың ақпараттық технологияларын
пайдаланудың дидактикалық қағидаларын таңдау және негіздеу болып отыр.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер
жалпы орта білім беретін мектепте оқытудың ақпараттық
технологияларын пайдаланудың дидактикалық
қағидалары айқындалса, онда бұл оқушының
ақпараттық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу әдіснамасы:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың әдіснамалық
негізі ретінде білім беруді ақпараттандыру (M.P.Лапчик) жүйесін оқытудың
құрылымдық талдауы,
инновациялық құралдарды, идеялар мен технологияларды енгізу процесін ұйымдастыру және
басқару теориясы (Г.К.Селевко), құнды білім беру ақпараттарының мазмұны қолданылды. Зерттеу
мәселесі бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді
зерттеу және теориялық талдау; озық
педагогикалық тәжірибені талдау және жалпылау әдістері қолданылды [1, 2].