Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020 58
Математика сабағында проблемалық қағидаға сүйене отырып, жаңа тақырыпты оқып
үйренгенде проблемалық оқыту әдісі жиі қолданылатындығы мәлім. Проблемалық қағида
шығармашылық қызмет тәжірибесін меңгеруге, сондай-ақ білім мен іс-әрекет тәсілдерін
шығармашылықпен меңгеруге қатысты заңдылықтарды көрсетеді.
Оқу мазмұнын шығармашылықпен меңгеру тәжірибесін меңгеру үшін оқушы арнайы
әзірленген проблемалар мен проблемалық міндеттерді шеше білуі қажет. Бұл қағида оқытушыдан
ОАТ-ны жобалау кезінде проблемалық жағдайларды жасауға және сол арқылы оған
шығармашылық,
іздену
біліктілігін
жетілдіре
отырып,
ілімді
жандандыруды
(интенсификациялауды) талап етеді. Оқытушы оқушыға
қолжетімді шығармашылық іс әрекетті
талап ететін проблемалық ахуал қояды.
Ұжымдық оқу жұмысын оқытудың даралау әдісімен біріктіру қағидасы оқытушыдан
оқытудың тиісті формаларын орынды үйлестіруді талап етеді. Ол ОАТ-ны оқытушының
басшылығымен жоспарлы сабақтарды өткізу кезінде оны пайдалану мүмкіндігі болатындай етіп
жобалайды. Онда соңғысы жетекші басқарушы субъектінің рөлін атқарады.
Ойлаудың абстрактілігін көрнекілікпен үйлестіру қағидасы тек көру ғана емес, сондай-ақ
органикалық қатынаста қарастырылатын есту, сезіну және иіс сезгіштік көрнекіліктердің
үйлесуінде қарастырылады.
Бұл қағида өзінің көрінісінде оқу материалының мазмұнын алуан түрлі сезімдік
қабылдаудың және оны түсіну, есте сақтау, ойнату және қолдану мүмкіндігі арасындағы заңды
байланысты көрсетеді. Осылайша, осы қағидадан туындайтын, көрнекіліктің барлық түрлерін
үйлестіру талабы - терең психологиялық-физиологиялық негізге ие.
Бұл ретте көрнекілікті иллюстрациялықпен теңдестіруге болмайды. Көрнекілікті білім
алушыларға психологиялық-педагогикалық әсер етудің, олардың танымдық қызметін басқарудың
және онымен өзара байланысты басқа да қағидалардың көрнекілігі арқылы іске асырудың негізгі
тәсілдерінің бірі ретінде қарастырған жөн. Оқыту барысында көрнекіліктің сөздік, таңбалы,
бейнелік нысаны абстрактілі ойлауға әрдайым сәйкес келеді және ішкі көрнекіліктермен үздіксіз
өзара әрекеттеседі және оларды жаңа ұғымдармен, байланыстармен байытады. Табиғи көрнекіліктің
уақытша болмауы, яғни оқу барысында материалдық әлемнің нақты құбылыстары мен
объектілеріне жүгіну абстрактілі ойлау кезеңінде көрнекілікті жоққа шығармайды. Демек, ойлау
абстрактілігі оқытудың көрнекілігімен заңды түрде байланысты.
Оқытудың жеке тұлғаның белсенділігіне бағдарланғандық қағидасы. ОАТ-ны жобалау
бастапқыдан жеке тұлғаны дамытуға, білім алушының субъект ретінде ерекшеліктерін
(қабілеттерді, мүдделерді, қажеттіліктерді) анықтауға, оның субъективті тәжірибесін өзіндік
бағалау ретінде мойындауға, осы тәжірибеге барынша сүйене отырып педагогикалық әсер етуді
құруға (қоғамдық және жеке тәжірибенің екі түрін оқыту барысында тұрақты түрде келісу), оқу
жұмысының тәсілдерін талдау арқылы білім алудың жеке өзіндік ерекшелігін ашуға бағытталуы
тиіс.
Ғылыми танымның қоғамдық-тарихи тәжірибесінің нәтижелерінде оқыту мазмұны
(ұғымдар, ережелер, тәсілдер) оны меңгеру және қолдану барысында міндетті түрде қайта
пайымдалады. Тұлғалық-дамытушылық оқытуға бағытталған ОАТ тек білім, білік жинақтауды ғана
емес, сонымен қатар болашақ маманның өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жүзеге асыру
механизмін үздіксіз қалыптастыруға бағытталады, оның танымдық қабілеттерін дамытуды
көздейді.
Мұндай технологияларды қолданғанда оқыту ортасы болашақ маманға оның қызметінің
нормативтік құрылысын мәжбүрлемейді, оған жеке даму траекториясын өзі анықтауға мүмкіндік
беретін жағдайлар жасайды. Оқытушы білім алушының анықталған мүдделері мен субъективті
тәжірибесіне сүйене отырып, оқыту мазмұнын қалыптастырады. Оны білім алушы өзі үшін
тұлғалық-маңызды, жеке субъективті өз тәжірибесі ретінде қабылдауы тиіс. Мұндай оқу мазмұнын
болашақ маман белсенді оқытудың формалары, әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді.
Оқу-ақпараттық базасының оқыту мазмұны мен дидактикалық жүйеге сәйкестік қағидасы оқытушылар мен білім алушылардың тиімді еңбегінің оқу-ғылыми жағдайларына
қойылатын талаптарды білдіреді. Бұл қағиданың басты талабы оның атауында тұжырымдалған, ал
оның мәні ЖОО-ның (кафедраның, факультеттің) инфрақұрылымы оқытудың мазмұнымен және
дидактикалық процестің сипатымен айқындалатын еңбек ерекшелігіне сәйкес келуі болып
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 2(82), 2020 59
табылады. Егер оқу-ақпараттық базаны құру оқытушылар әзірлейтін ғылыми-педагогикалық
талаптар негізінде жүзеге асырылса ғана осы қағиданың талаптарын практикада жүзеге асыруға
болады.