Курстың қысқаша сипаттамасы:
Курстың мақсаты: : сала өндірісі кəсіпорындарында тиімді заттық жəне тірі еңбек шығындарын жұмсап,
жақсы нəтижеге жетуді қамтамасыз ететін объективті
экономикалық заңдардың, шарттар мен
факторлардың əрекеті мен пайдаланылуын оқу.
Курстың міндеттері: Пəннің міндеті болып негізгі принциптерді оқу
«Өндірістік сала экономикасы» курсын оқытудың маңызды міндеті болып келесілер табылады:
- курс бойынша негізгі түсініктер мен категорияларды меңгеру;
- салалық ерекшеліктерін жəне олардың кəсіпорындар қызметінің нəтижесіне,
ресурстарды тиімді
пайдалануға əсерін оқып білу;
- сала кəсіпорындарын орналастыру сұрақтары бойынша мəселелерді оқып білу;
- инвестициялық қызмет негіздерін, күрделі қаржы салымдарын неғұрлым тиімді
пайдалану принциптері
мен əдістерін оқып білу;
- өнеркəсіптік өндірісті қоғамдық ұйымдастыру формалары – шоғырландыру,
мамандандыру,
кооперациялау, біріктіруді оқып білу;
- сала кəсіпорындарының өндірістік жəне еңбек потенциалдарын оқып білу;
- сала кəсіпорындарындағы өндірістік-шаруашылық,
қаржылық, инжинирингтік жəне кəсіпкерлік қызмет
сұрақтары бойынша
инструктивтік-нормативтік, арнайы жəне заңдық əдебиеттермен жұмыс жасауды
үйрену.
Оқыту əдістемесі:
Пререквизиттер: Бұл оқу курсы «Экономика» мамандықтағы бакалавр –
студенттерге арналған, олар
бұған дейін “Экономикалық теория”, ”Микроэкономика”, “Кəсіпорын экономикасы”, “Маркетинг
негіздері” пəндерін меңгерген. “Кəсіпорын стратегиясы” курсы - міндетті компонент, 3 несиеге есептелген.
Достарыңызбен бөлісу: