32
орындау кезінде параметрдің соңғы мәніне жеткенше қадамның мәні (егер
қадамның мәні, онда 1) қосылып отырады.
Әдетте, параметрдің алғашқы мәні, соңғы мәні бүтін сандар болады.
Сондықтан қайталау саны параметрдің соңғы мәні мен алғашқы мәнінің
айырмасын қадам мәніне бөлгендегі шыққан санның бүтін бөлігіне бірді қосқанға
тең болады. Мысалы: параметрдің алғашқы мәні 5, соңғы мәні 20, ал қадам мәні 2
болса, онда қайталау саны мына өрнек [(20-5):2]+1=8 арқылы есептелінеді, мұнда
тік жақшаның ішінде санның бүтін бөлігі жазылады.
Бұрын қарастырылған мысалдардан алгоритмді белгілі бір күрделі әрекет
деп қарастыруға болатынын және күрлелі әрекеттің бірнеше қарапайым
әрекеттерге жіктелетіндігін байқадық. Алгоритмдегі әрекеттер өзінің жазылу
ретіне сәйкес тізбектелініп немесе белгілі бір шартқа тармақталып, ия қайталанып
орындалады. Яғни, алгоритмдегі әрекеттердің орындалу тәртібі белгілі бір
нұсқаулар бойынша басқарылады. Осындай нұсқайларды басқару құрылымдары
деп атайды.
Басқару құрылымдарының үш түрі бар: тізбектеу, тармақталу және
қайталау.
Басқару құрылымдарының алгоритмді құруда маңызы зор. Сондықтан
төменде басқару құрылымдарын әртүрлі алгоритмдік тілдеріндегі бейнелері және
қасиеттері қарастырылады.
Басқару құрылымдарын бейнелеу үшін блок-схема тілі, бұтақ тәрізді тіл
және жасанды тіл қолданылады.
Ескертпе
:
Жасанды тілдегі сөйлем «:» таңбасымен басталатын болса, онда ол
алгоритмге қатысты түсініктеме болады және ондағы көрсетілген әрекет
орындалмайды. Бекітілген сөздер осы тілдің (әліпби) таңбалары ретінде
қолданылады. Ал бұрыштық жақша таңбалары «<» және «>» бұл тілдің меншікті
таңбалары болмайды және оның ішіндегі өрнек әрекетінің осы тілдегі бейнесі
емес, белгісі болады. Яғни, егер әрекеттің бейнесі айқын жазылса, онда бұрыштық
жақша қолданылмайды. Сол сияқты тік жақша да «[» және «]» бұл тілдің меншікті
таңбалары болмайды. Олардың ішінде кескіннің міндетті емес бөліктері
жазылады, яғни бұл бөліктерді кейде көрсетпеуге де болады.
Достарыңызбен бөлісу: