Әдістемелік құрал


Графикалық алгоритмдік тіл



Pdf көрінісі
бет13/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#79685
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63
Байланысты:
Алгоритм және оның мүмкіндіктері

 
Графикалық алгоритмдік тіл 
 
Графикалық тілдің екі түрі бар: блок- схема тілі, бұтақ тәрізді тіл. Блок – 
схема тілі алгоритмдегі әр түрлі әрекеттердің хронологиялық байланысын көрсете 
алады. Ол үшін бұл тілде түрлі әрекеттерді бейнелейтін геометриялық фигуралар 
және әрекеттердің орындалу ретін көрсететін бағыттама пайдаланылады. Бұлар 
блок – схема тілінің әліпбиін құрайды, ал олардың мағынасы алдын ала 
анықталған келісім бойынша беріледі. Блок – схема тіліндегі фигураларды 
жазықтықтың кез – келген бағытына жазуға болады. Ол алгоритм құрушының өз 
еркінде. Әдетте қағаздың бір бетінде логикалық толық әректтер тізбегін жазады.
Блок – схема- әрқайсысы қандай да бір іс - әрекеттерді немесе 
операцияларды бейнелейтін геометриялық фигуралардың жиынтығын көрсететін 
алгоритмнің 
графикалық 
интерпретациясы. 
Символдар 
қалыпты 
және 
алгоритмдерді құру ережелері мемлекеттік стандартты сәйкес бекітілген: ГОСТ 
19.701-90 «Алгоритмдер, бағдарламалар, мәліметтер және жүйелер схемалары». 
 
Жасанды вербальды алгоритмдік тіл 
 
Енді жасанды вербальды алгоритмдік тілді қарастырайық. Осындай тілде ең 
кіші құрылым бірлігі оның әліпбиінің таңбалары болғандықтан, алдымен 
әліпбийді анықтаймыз. Сонан кейін сол әліпби таңбаларымен қалай сөз және 
сөйлем құрылатындығын көрсетеміз. Төменде қазақ тілі мен математикалық 
өрнектерге негізделген жасанды тіл қарастырылады. 


28 
Бұл тілде қазақ тілінің бас әріптерімен жазылған бірнеше «бекітілген» 
сөздер қолданылады. Олардың әрқайсысының алдын-ала анықталған тек бір ғана 
мағынасы болады. Сондықтан оларды осы тілдің әліпбиіне кіргізугеболады. 
Сонымен қатар, бұл тілдің әлипбиіне латын және қазақ әліпбиінің таңбалары, араб 
цифрлары, математикалық таңбалар, тыныс белгілері, жақшалар, меншіктеу 
амалының таңбасы, бос жерді белгілейтін таңба қосылады. Осы тілдің әліпбиі 
төмендегі 3- кестесінде беріледі. 
Кесте 3. Жасанды алгоритмдік тілдің әліпбиі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет