Әдістемелік құрал


алг алгоритмнің атауы  арг



Pdf көрінісі
бет12/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#79685
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63
Байланысты:
Алгоритм және оның мүмкіндіктері

алг алгоритмнің атауы 
арг алгоритмнің қолданылу шарттары 
нәт алгоритмді атқарудағы мақсат 
басы
алгоритмнің денесі /командалар тізбегі/ 
Алгоритмдік тілде негізгі және қосалқы алгоритм деген ұғымдар енгізілген. 
Алгоритмдердің былайша аталуы олардың белгілі бір мезеттегі өзара қатынасын 
көрсетеді. Бір алгоритмнің құрамында пайдаланылатын алгоритм қосалқы 
алгоритм, ал құрамында қосалқы алгоритм пайдаланылатын алгоритм негізгі 
алгоритм деп талады.
Қосалқы алгоритм пайдалану жаңа алгоритмді құрастыру процесін 
жеңілдетеді, әрі негізгі алгоритмнің жазылуы жинақты және түсікті болады. 
Қосалқы алгоритм негізгі алгоритмнің құрамына шақыру командасы ретінде 
жазылады. Оны жазу былай жүзеге асырылады: негізгі алгоритмнің тиісті 
командасының орнына қосалқы алгоритмнің атауы жазылады. Ал егер 
аргументтері бар болса, онда алгоритм атауына тіркеліп дөңгелек жақша ішіне 
қосалқы алгоритмнің аргументтеріне қандай мәндер беру, атқарылу нәтижесін 
қалай пайдалану керектігі көрсетіледі.
Алгоритмдік тілде нақты сандардың орнына кейбір жағдайда сандық және 
алгебралық өрнектерді де пайдалануға болады. Оларды алгоритмдік тілде 
арифметикалық өрнектер деп атайды. Оны былай түсінуге болады: алгебралық 
өрнек арифматикалық өрнекке айналғаннан кейін ғана ондағы амалдар ЭЕМ –де 
орындалады.
Арифметикалық өрнек деп арифметикалық амал белгілері және дөңгелек 
жақшалар арқылы байланыстырылған сандар, стандартты фнукциялар және 
айнымалылар тізбегін айтады. Демек, алгоритмдік тілде сан жазудың орнына 
арифметикалық орнына арифметкалық өрнек жазуға болады.
Арифметикалық өрнектердің алгоритмдік тілде жазылуының алгебрадағы 
жазылудан бірнеше өзгешіліктері бар екендігін бір – бірімен салыстыра отырып 
түсіндірген жөн. Ол өзгешіліктер мыналар:
▪ арифметкалық өрнектер алгоритмдік тілде сызықты түрде, яғни бір 
жолдың бойына жазылады. 
▪ арифметикалық амал белгілері: қосу /+/, азайту /-/, көбейту /*/, бөлу /:/, 
дәрежелеу амалдары алгоритмдік тілде былай белгіленеді: +,-,*,/,**; 
▪ алгебрада көбейту амалы орнынан ешнәрсе жазбауға болады, 
мысалы, 6 а, ал алгоритмдік тілде оны былай жазу керек: 6*а; 


26 
▪ қосалқы алгоритмдердің, функциялардың /стандартты, стандартты 
емес/ аргументтері дөңгелек жақша ішіне аланып жазылады. Мысалы:
▪ нақты сандарды жазғанда үтір орнына нүкте қойылады
▪ Арифметикалық амалдардың орындалуы алгоритмдік тіл мен 
алгебрада бірдей: ең алдымен жақша болмаса, онда алдымен 
жәрежелеу, одан соң көбейту және бөлу, соңында қосу және азайту 
амалдарын орындалады, егер бір типтес амалдар болса, онда амал 
солдан оңға қарай жазылу ретімен орындалады.
Оқушыларға математикалық және физика курстарынан «шама» ұғымы 
таныс. Олар тұрақты және айнымалы шамаларды біледі, сондай – ақ оларға 
индексті айнымалы шамалар да таныс. Шамалардың, әсіресе айнымалы 
шамалардан, бір кезде математикаға енгізілуі оған үлкен серпіліс, даму әкелгені 
және әлі күнге дейін маңызды роль атқарып отырғаны белгілі.
Алгоритмдік тілдегі шамалардың маңызы бізге таныс шамалардан кем емес. 
Алгоритмдік тілге шамалардың енгізілуі алгоритмге жалпаламалық сипат беріп
оның өрісін кеңітеді. Мысалы, тек айнымалының мәнін өзгерту арқылы бір 
алгоритммен бернеше типтес есептер шығаруға болады. Біз бұған дейін жазған 
алгоритмдердің көбіне айнымалы шаманы енгізугемәжбүр болдық, бірақ оларды 
мазмұндап жазуды және теліну командасын білмеген соң толық 
пайдаланғанымыз жоқ.
Математика курсындағыдай алгоритмдік тілдегі шамаларды тұрақты және 
айнымалы шамалар деп бөледі.
Алгоритмдік тілге әр шаманың аты, мәні, типі және түрі анықталып 
мазмұндалады /математика шаманың мәнінің берілуі, типі мен түрінің анықталып 
берілуі міндетті емес/. 
Алгоритмдегі пайдалануына сәйкес, атқаратын жұмысына байланысты 
шарттарды түрлерге бөледі. Алгоритмдік тілде шамалардың мынадай төрт түрі 
бар: арг, нәт, арг, нәт және аралық. 
Адам мен ЭЕМ арасындағы информация алмасуды қамтамасыз ету 
алгоритмдік тілде арнайы енгізу және шығару командалары пайдаланылады. 
Мысалы, есептің бағдарламасын, сол сияқты алгоритмнің атқарылуына қажетті 
бастапқы мәліметтер мен басқа да информациялар ЭЕМ зердесіне клавиатурадан 
енгізіледі. Алгоритмді атқару барысында «енгізу» командасы бойынша ЭЕМ 
айнымалысының мәтінін клавиатурадан енгізілуін күтеді. Енгізілген сандық 
немесе литерлік мәні і айнымалысына телінеді де, алгоритмнің атқарылуы әрі 
қарай жалғасады.
«Шығару t» командасындағы шығар қызметші сөз айнымалысының мәні 
экранға шығарылатындығын көрсетеді. Егер экранға текстік информацияны 
шығару қажет болса, ол информация /символ, сөз немесе сөйлем/ «шығару» 
қызметші сөзінен соң тырнақша ішіне жазылады.


27 
Сонымен алгоритмдік тіл жай командалардың жазылу ережесін, құрама 
командалардың, алгоритмдердің құрылымын және олардың мағынасын, яғни 
қалай орындалатынын дәл және бірмәнді анықтайды.
Алгоритмдік тілді анықтауда келесі ұғымдар: 
1. Тілде қолдануға болатын симвлодардың (белгілердің) жиынтығы, яғни 
алфавит. 
2. Тілдің конструкцияларының: айнымалының, өрнектердің, командалардың 
жазылу және алгоритмдік жазудың жалпы құрылымының ережелері, яғни 
синтаксис
3. Әр түрлі командалардың қызметі мен орындалу жолы, яғни семантика 
берілуі керек. 
Табиғи тілдерде бірмәнділік болмағандықтан осы тілдерде жазылған 
алгоритмдегі нұсқаулардың бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Әрине, бұл 
орындаушының осындай тілде жазылған алгоритмді орындауын қиындатады, тіпті 
ондай алгоритмді орындау мүмкін болмайды. Сондықтан, табиғи тілдердің 
байлығына қарамастан, информатика алгоритмдерді бейнелеу үшін бір мәнді 
жасанды тілдерді қолданады. Олар жасанды графикалық тілдер және жасанды 
вербальды – сөзді тілдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет