Әдістемелік құрал


Оқушылардың алгоритмдік мәдениеті



Pdf көрінісі
бет8/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#79685
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
Алгоритм және оның мүмкіндіктері

 
Оқушылардың алгоритмдік мәдениеті 
Математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде бағдарламалауды оқыту 
арнайы және профессионалды-бағытталған мүмкіндіктердің үлкен бөлігін 
қарастырады. Бірақ, сонымен қатар ЭЕМ-ге жалпы білім беруде әсер етуді зерттеу 
және барлық орта мектептерде оқуды қамтамасыз етуде адамның жұмыс істеуінің 
жаңа облысы етінде бағдарламалау енеді. Басынан бастап бағдарламалау 
облысынан алынған әдістер мен идеялардың жалпы білім беретін күші мектептік 
білім беруде жаңа фундаментальды компоненттерді қамтамасыз етуді дамыту 
үшін үлкен потенциалды жүзеге асыратыны белгілі. 
ЭЕМ үшін бағдарламалау негізіне алгоритмдеу түсінігі жатады. Ол кең 
мағынада берілген тілдің әдістерімен алгоритмдерді суреттеп және құрылымын 
жасау процесі ретінде қарастырылады. Бірақ алгоритмдеу адамның нақтыланған 
орындаушыларымен қарым-қатынасына сүйенетін әдіс ретінде ЭЕМ үшін 
бағдарламаны құрумен ғана байланысты емес. Модельдеу сияқты, алгоритмдеу – 
бұл кибернетиканың жалпы әдісі. Әр түрлі жүйелерді басқару процесі қандай да 
бір алгоритмді құрастыруға әкеледі. Алгоритмді құру ең қарапайым автоматты 
құрылғыларды жасау және басқарудың автоматты жүйесін қиын өнімді 
процестерді өңдеумен байланысты. Алгоритмдеудің түпкі негізі қазіргі 
математиканың теориялық облысында – алгоритмдер теориясында жатыр, бірақ 
практикалық мағынада алгоритмдеу алгоритм туралы рационалды ойлау 
қабілетіне негізделген анықталған практикалық әдістер жинағы ретінде түсініледі. 
Алгоритмдік процестер туралы түсінік және оларды суреттеу әдістері 
иформатика мен есептегіш техника шыққана дейін мектептік пәндерді оқыту 
кезінде оқушылар түсінігінде қалыптасқан. Мектептік пәндер арасында негізгі 
роль математикаға түсті, өйткені операциялық және алгоритмдік іс-әрекеттер 
оқыту жұмысы элементінің бірін құрады. Шынында да, негіздеу, жазу қабілеті,
математикалық алгоритмдерді тексеру, сонымен қатар оны әрқашанда нақты 
орындау оқшылардың математикалық мәдениетінің маңызды компонентін құрады, 
бірақта «алгоритм» термині мектептік оқыту програмасында қолданылмауы да 
мүмкін еді. ЭЕМ-нің және бағдарламалаудың көбеюіне байланысты 
математикалық мәдениеттің бұл секторы өзіндік мағына ала бастады, тек қана 


15 
алгоритмдеудің белгілі компоненттерінің есебімен оны толықтыру қажет болды. 
Сонымен қазіргі әрбір адамның жалпы мәдениетінің жаңа элементін анықтайтын 
спецификалық түсінігінің арқасында және жалпы мектептік білім алуды қосу 
нәтижесінде оқушының алгоритмдік мәдениеті деген атау алды. 
Төменде алгоритмдеу негіздерін жалпы оқыту анализі негізінде 
құрастырылған алгоритмдік мәдениет компоненттерінің суреттелуі мен құрылымы 
келтірілген: 
1. Алгоритм түсінігі және оның оның құрамы. Алгоритм түсінігі 
алгоритмдеудің орташа түсінігі, және де алгоритмдік мәдениеттің негізгі 
компоненті болып табылады. Алгоритмдеуді оқытуда бұл түсінікті математикалық 
дәлдікпен қолданудың қажеті жоқ, тек қана оны интуитивті-көрнекі деңгейде 
түсіндіру жеткілікті. 
2. Алгоритмдерді суреттеу тілінің түсінігі. Алгоритмді суреттеу мәселесі 
әрқашанда суреттеу орындалған кейбір тілдердің түрін көрсетеді. Сондықтан 
алгоритм түсінігінің өзі алгоритм мазмұнының әдісі ретінде тіл түсінігімен 
үзілмес байланысты. Әрбір жеке жағдайда тілді таңдау алгоритмді қолдану 
облысымен анықталады, яғни орындаушы ролінде қатысатын объектілердің (адам, 
автомат, компьютер) курамы анықталады. Орындаушы қарым-қатынасындағы 
тілдік мүмкіндіктердің шекараларын қатал сақтауда алгоритмдеудің кейбір 
мағынасында қызмет етеді. Бұл жағдайды түсіну және әрбір суреттеудің 
мүмкіндіктерін дәл сақтау да алгоритмдік мәдениеттің маңызды компонентін 
құрайды. 
3. Суреттеуді нақтылау деңгейі. Суреттеуді нақтылау деңгейі түсінігі тілдің 
түсінігімен ажырамас байланыста. Егер суреттеу автомат үшін құрастырылса, 
онда бұл жағдайда қолданылатын тіл тілдің синтаксисін құрайтын нақты ережелер 
жүйесіне сәйкестендірілген қатаң шектеулерге бағынады. Мұндай жағдайда тілдің 
өзі нақтылана түседі. Бірақ тәжірибеде алдын-ала суреттеуді құрастыру кезінде, 
алгоритмдерді құру процесінде тек қана қатаң шектеулер ғана қолданылмай, 
тілдік әдістер де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, мұндай жағдай алдын-ала 
құрастыру процесінде ғана мүмкін емес. Егер де, мысалы, алгоритм адамға 
жіберілсе, онда алгоритмдеудің соңғы варианты нақты емес, «қалқымалы» көрініс 
болуы мүмкін. Тәжірибеде қолданылатын алгоритмдердің көпшілігі нақты емес 
вариантта жұмыс істейді. Тек қана алгоритм орындаушыға түсінікті болғаны 
маңызды, яғни оның мүмкіндіктер шекарасынан шығатын көрініс әдістерін 
қолданбауы керек. Орындаушы үшін алгоритм түсініктілігінің факторын 
есептеумен әр түрлі нақтылау деңгейіндегі тілдермен жұмыс істей білуі 
алгоритмдік мәдениеттің нақты компоненті болып табылады. 
4. Суреттеудің дискретті принципі. Алгоритмді құру қажет ететін 
шешімдерге әкеліп соғатын мүмкін элементарлы іс-әрекеттерді нақты бағыттау 
әрекетін орындайды. Бұл іс-әрекеттер оған нақтылық және түсініктілікті айтатын 
алгоритмдерді суреттеудің анықталған дискретті құрылымын құрайды. Әр түрлі 
тілдерде алгоритмдердің мұндай жеке этаптары әр түрлі әдістермен көрсетіледі. 


16 
Алгоритмнің (табиғи тілде) сөздік түсінігімізде – бұл жеке ұсыныстар, 
көрсеткіштер, пункттар, схемалар тілінде – бұл жеке блоктар, ЭЕМ-нің объектті 
тілінде – бұл жеке командалар, алгоритмдік тілдің жоғары деңгейдегі – 
операторлар. 
5. Блоктау принципі. Алгоритмді құру үшін қолданылатын тілдердің 
мүмкіндіктері детализациялау деңгейін таңдауға әкеліп соқтырады. Бірақ оның ең 
бірінші схемасын суреттеу кезінде қажет ететін алгоритмді құрастыру бойынша 
жұмыс істеу процесінде алгоритм жіберген орындаушының мүмкіндіктерімен 
салыстырғанда іс-әрекет бірлігі өте үлкен тілді қолдану керек. Бұл жағдайдағы 
әңгіме, қиын есептерді қарапайым компоненттерге бөле алу туралы болып отыр. 
Есеп қиын болған жағдайда, керек тілде оның шешу алгоритмі дәл сол кезде 
суреттеуге мүмкін болу үшін бұл жолды әрқашанда таңдауға тура келеді. Бұл 
жағдайда есеп меншікті мағына берілетін ақпараттық шектелген бөліктерге 
(блоктарға) бөлінеді және есептің бөлігін қосатын бірінші схеманы 
құрастырғаннан кейін жеке блоктарды детализациялау жұмысы орындалады. Осы 
блоктың әрбірі жаңа ғана суреттелген принцип бойынша детализацияланған 
болуы мүмкін.
Жалпы ойлау қабілеті болып табылатын блоктау принципі жалпы білім және 
тәрбиелік мағына береді. Оның схемасына өте жиі әр түрлі облыстарда зерттеу 
процесі қойылады. Ішкі байланыстар құрғаннан кейін зерттеуші жеке меншікті 
бөліктерге (блоктарға) облысты бөлуге ұмтылады, содан кейін әрбір блоктың 
ішіне кіре бастайды. Блоктау принципі бағдарламалау облысынан алынған жалпы 
білім беру күшін көрнекі түрде көрсетеді: 
а) жеке-жеке блоктарды көрсету алгоритм орнына сәйкес орналасады, ал блоктың 
өзі алгоритмді іздеудің жалпы орындау ролін сызып, сонда «балқып» кетеді; 
б) блоктардың мазмұны алгоритмге құрылмайды, ал оның сәйкестендірілген 
орындарында жіберілетін жеке блоктарға орналасқан жолдамалар орналасады; 
соңғы алгоритм болып негізгі алгоритм бағамы мен оның жеке блоктары 
саналады. 
6. Тармақталу принципі. Алгоритмдерді көрсету үшін қолданылатын 
тілдердің алгоритмдік толықтылығын қажет етуі логикалық жағдайларды 
алгоритмдік суреттеуде құрастыруға мүмкіндік беретін әдістердің бірегейлігін 
қамтамасыз ету керек, яғни берілген бастапқы шарттарға байланысты шешім 
қабылдауын керек ететін жағдайлар. Мұндай алгоритмдерді ұйымдастыру, тілдің 
логикалық әдістерін қолдана білу шеберлігін қажет етеді. Мұнда алгоритмдік 
сауаттылықтың нақты компоненттері болып: 
а) суреттеу мәліметтердің шығу мәліметтер варианттарының барлық 
мүмкіндіктері қарастырылады және әрбір комбинация үшін нәтижелі болуы керек; 
б) шығу мәліметтерінің нақты мағынасы үшін алгоритмдердің орындалуы нақты 
шарттармен анықталатын мүмкін жолдардың ішінен әрқашанда біреуін ғана өтеді. 
7. Циклдеу принципі. Көп жағдайда алгоритмдік суреттеудің эффектілігі 
енгізілген шамалардың әр түрлі мағынасында суреттеудің қайталанатын 


17 
фрагменттерін қайталап өтуде тілдің логикалық әдістерін қолданумен 
ұйымдастырылуы мүмкін, бірақ тіл циклдік алгоритмдерді ұйымдастырудың 
нақты әдістерін де қамтамасыз ете алады (мысалы, тілдің жоғары деңгейлі циклдің 
операторлары). Осы және басқа да жағдайда алгоритмдік мәдениеттің нақты 
компоненті болып циклдік процестің функционалданған жалпы схемасын түсіну 
табылады және алгоритмді айрықша көрсету қабілеті маңызды болып табылады. 
8. Алгоритмді орындау. Алгоритмдік мәдениеттің маңызды компоненті 
алгоритмдеу процесінде қабылдау қабілеті мен жоспарланған шешімдерден 
алынған алгоритмдерді суреттеу фрагементтерін орындау болып табылады. 
Алгоритмдеудің бұл компоненті алгоритм авторын әрдайым қатал орындаушыға 
айналуды қажет етеді және алгоритмдік суреттеуді құру процесінде дұрыс 
бақылау мен алгоритмді толықтыру әдісі ретінде жалғыз жұмыс істейтін процесс 
болып табылады. 
9. Мәліметтерді ұйымдастыру. Алгоритм үшін берілген материал өңдеуді 
қажет ететін ақпарат немесе берілген материал болып табылады. Алгоритм 
құрастырушы өңдеуді қандай ретпен өндіру керектігін ғана ойламай, алгоритмнің 
жұмысының бір айналмалы мен соңғы шешімін тіркестіріп отыру керек. 
Осымен алгоритмдік мәдениеттің компоненттерін атап шықтық. Бірақ 
алгоритмдік мәдениетті құрастыратын компоненттер ерекшелігі оқушының ЭЕМ-
мен қарым-қатынасына пар ориентациясы бар, ал бағдарламалауға қарағанда кең 
мағына алады. Басқа сөзбен айтқанда, оқушының алгоримтдік мәдениеті жалпы 
бағдарламалауға дейінгі көрінісі, қабілеті мен әдістері ретінде тек қана «оқушы - 
компьютер» жүйесінде жұмыс істеу үшін ғана емес, сонымен қатар «оқушы - 
мұғалім», «оқушы - оқушы» және тағы басқа формальды емес машинасыз жүйе 
оқушы мәдениетінің бастапқы деңгейін қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет