19
нәтижеге жеткізуші әрекеттер тізбегінен тұратын дәл жарлықтар құрайды.
Алгоритм бағдарламаға
қарағанда өте жалпы ұғым, ал бағдарлама берілген
есептегіш машинаға түсінікті тілде жазылған алгоритм. Бұдан бағдарламалы
басқарылатын техника көмегімен есептерді шешу процесінің негізгі бөлігі - осы
есепті шешу алгоритмдердің дайындау екендігі көрінеді.
Есепті шешу алгоритмі
айқындалғанда, ол еш қиындықсыз бағдарламалау тілінде беріледі. Басқа сөзбен
айтқанда, бағдарламалы басқарылатын есептегіш машинада есепті шығарудағы
негізгі процесс – алгоритмдеу, яғни алгоритмдік жарлықтарды белгілі бір ережеге
сәйкес қарастырып жазу. Алгоритм құру мәселесі алгоритм жазуға қандай тілді
пайдаланатынымызға байланысты болатындығы
бұрын айтылғандардан көруге
болады.
Алгоритмдік тілді меңгеру информатика курсының маңызды мәселелерінің
бірі болады. Алгоритмдік тіл оқытуда екі негізгі міндет атқарады. Біріншіден, оны
қолдану курста қарастырылатын барлық алгоритмдерді стандарттауға, оларға
ортақ форма беруге мүмкіндік жасайды, бұл жайт
алгоритмдендірілген мәнін
түсіну үшін алгоритмдердің қасиеттері туралы түсініктері қалыптастыру үшін
маңызды.
Екіншіден, алгоритмдік тілді оқу бағдарламалы тілін оқудың бастамасы
болып табылады. Алгоритмдік тілдің және оны пайдалану ережесінің
құрылымдық қарапайымдығы бұл тілді бағдарламалау элементтеріне баулудың
бастапқы кезеңінде ойдағыдай қолдануға мүмкіндік береді.
Оның негізгі
құрылымдарының ережелері көптеген бағдарламалау тілдерінің негізіне алынған.
Сондықтан алгоритмдік тілді игеру келешекте бағдарламалау тілдерін
пайдалануға көшкенде жеңілдік жасайды.
Алгоритмдік тілдің бірқатар әдістемелік артықшылықтары бар екенін атап
өту керек, осы себепті де алгоритмдер мен бағдарламалау негіздерін оқуды
бағдарламалау тілін емес, дәл осы тілді пайдалана отырып бастаған орынды.
Алгоритмдік тіл
ең алдымен табиғи тілге жақын, бұл жайт оқушының осы
тілдің ережелерін тез меңгеруге және келешекте назарын негізінен оқитын
алгоритмдердің мәніне шоғырландыруға мүмкіндік береді. Күрделі алгоритмнің
үлкен бөлімдерін бір команда ретінде жазу және қабылдау мүмкіндігі
алгоритм
жазуда оңай бағдарлануды қамтамасыз етеді. Ақырында, әлі де көптеген
мектептер ЭЕМ-мен жабдықталмауы жағдайында,
алгоритмдік тіл адамның
орындауына бағдарланған. Алгоритмдерді жазудың ыңғайлы тілі болып
табылады. Оқушы жарлықтарды алгоритмдік тілдің командаларына сәйкес
орындай отырып, алгоритмдердің жекеленген қадамдарын орындау кезінде есепті
тұтастай түсінік жатудың қажеті жоқ екенін, тек команданы команданың соңынан
дәл орындау маңызды екенін, өз бетінше аңғара алады.
Бұдан тағы бір мақсатқа
қол жетеді: барлық әрекеттерді автоматтық құрылғыға жүктеуге болатының
түсінікті.
Алгоритмдік тілдің жазылуы жалпы түрде мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: