9
▪ Логикалық бақылаудағы блоктарды өңдеу;
▪ Алгоритм схемасын оптимизациялау;
▪
Параметрлерді анықтау;
▪ Машиналық ресурстарды бағалау.
Алгоритм дегеніміз- іздеген нәтижеге жеткізетін әрекеттер тізбегі, яғни
орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де
дәл
ұйғарым.
Кез келген есепті компьютер көмегімен шығару жұмысын келесі этаптарға
бөлуге болады.
1)
Есептің математикалық қойылымы;
2) Таңдалған есепті қалыптастыру;
3) Есептің алгоритмін құру.
4) Бағдарламалау тілінде бағдарлама құру;
5) Бағдарламаны тестілеу және тексеру;
6) Алынған нәтижелерді есептеу және сараптау.
Алгоритмді оқытудың теориясы мен тәжірибесі
Алгоритмді оқытудың теориясы мен тәжірибесі
ұғымы жалпы ғылыми
категориямен толық үндеседі. Информатика тілінде теория компьютерлік әлемнің
жұмысын, қасиеттерін түсіндіру
немесе болжау құралы, ал тәжірибеде теория
мен теорияларға арналған гипотезалар көзін тексеру құралы. Мысалы,
дәріс
сабағында мәліметтер қорын басқару жүйесіне қатысты теория: іздеуге
сұранысты құру ережесі және т.б. Тәжірибеде
оқушы машинамен меңгеріп,
дәлелдеу теориялық әдіспен жүргізіледі. Бірақ, бұл тәсіл аса күрделі емес
алгоритмдерден шектеледі.
Алгоритмді құру немесе түрлендіру – бұл оқушының жұмыс істеуіне,
нұсқауына негізделген теориялық іс-әрекет. Тәжірибенің негізгі түрі
ешқандай
ережесіз компьютерлік ортаны зерттеу болып табылады. Тіпті, ағылшын тіліндегі
нұсқау қолда болғанмен, оның мазмұны барлық уақытта түсінікті бола бермейді.
Жұмыстың комбинацияланған әдісі бағдарламаны жүргізу болып
табылады. Бұл жерде қатенің себептерін тәжірибелік талдау мен оны тәжірибелік
тексеру өзара үйлесім табады.
Достарыңызбен бөлісу: