18
формальды қателерді анықтау, бағдарламаны орындау т.б. жұмыстарды атқарады.
Алгоритмдік
тілдің бірнеше
түрі
бар. Олардың
кейбіреулері
ғана
(мыс., алгол, кобол, лисп, Пл/1, Фортран, Паскаль т.б.) кең тараған.
Орта мектепке арналған барлық информатика оқулықтарында мектептік
алгоритмдік тіл (МАТ) берілген.
Информатика
пәнінің
кіріспе
бөлімінде
алгоритмдеуге
есептер
қарастырылған, онда алгоритмнің жазылу ережесі ескеріліп, компьютердегі
атқарушыға қолдану қажет.
Алгоритмдік тілдердің құрылымы 2-сұлба көрсетілген.
2 – сұлба. Алгоритмдік тілдердің құрылымы
Алгоритмдік тіл – алгоритмді бейнелеу әдісі. Ол табиғи немесе жасанды
тіл ретінде беріледі.
Адамдар қатынас жасайтын тіл – табиғи тіл. Табиғи тілге, мысалы, қазақ
тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және т.б. тілдер жатады. Алгоритмдегі нұсқаулар мен
амалдар анықтай түсу үшін кейде осы тілдерге математикалық өрнектер
қосылады.
Электрондық есептегіш машиналар – алуан түрлі есептерді шешуге
арналған ақпараттарды өңдеудің жоғары өнімді құралы. Алайда ЭЕМ – бар
болғаны адам құрастырған жарлықтарды тез және дәл орындайтын автомат.
Мұндай жарлықтарды дайындау, яғни есептерді шешудің барлық жолын біле тұра
жобалау – есептегіш машинаны пайдаланумен байланысты әрекетінің ажырамас
бөлігі. Жетілдірілген есептегіш машиналар есептеу бағдарламаларының зердесін
сақтайды, сонда адамға тек бағдарламаны құрастырып және машина зердесіне
орналастыру ғана қалады, ал барлық қалғанын – тікелей есеп шешуді – машина
автоматты түрде, яғни адамның араласуынсыз жүзеге асырады. Бұл жағдайда
машина бағдарламалы есептегіш техникаға айналады да, онда есепті шешу
процесі тікелей бағдарламаны құрастыруға байланысты болады. Демек, есептегіш
машинаға арналған бағдарлама негізінде берілген есепті шешу алгоритмі, яғни
Достарыңызбен бөлісу: