1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


N n. splanchnici pelvini құрамында тамыр кеңейткіш талшықтар (пп. erigentes)



Pdf көрінісі
бет112/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   119
N n. splanchnici pelvini құрамында тамыр кеңейткіш талшықтар (пп. erigentes) 
болады. Олар corpora cavernosa penis et clitoridis-тің эрекциясын қамтамасыз етеді. 
Жұлынның сакралды бөлімінен шығатын парасимпатикалық талшыктар nn, erigentes пен 
nn. splanchnici pelvini құрамында ғана емес, сонымен бірге nervus pudendus да жамбас 
астау өріміне барады (ганглилік талшықтар), жыныстық нерв күрделі нерв болып 
табылады, оның құрамында анималды талшықтардан басқа төменгі құрсақасты өріміне 
кіретін вегетативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) талшықтар да болады. 
Симпатикалык сабаудың сегізкөз бөлімі түйіндерінен түйіннен кейінгі талшықтар түрінде 


шығатын симпатикалық талшықтар кіші жамбас астауы қуысында жыныс нервіне 
қосылып, төменгі құрсақасты өрімі арқылы жамбас астауы ағзаларына өтеді.
Бірқатар қуысты ағзалардың қабырғаларында нерв өрімдері орналасады, олардың 
құрамында ганглиозды жасушалар мен миелинсіз талшықтар бар ұсақ түйіндер 
(терминалды) жатады; бұлар ганглиозды- торлы немесе итрамуралды жүйені түзеді.
Интрамуралды жүйе өте-мөте ас қорыту жолында айқын білінеді, бұл жерде ол бірнеше 
өрімнен тұрады
1. Бұлшықет-ішек өрімі - plexus myentericus - ас қорыту түтігінің бойлық және 
сақиналық бұлшықеттері арасында орналасады.
2. Шырышастылық өрім - plexus submucosus - шырышасты негізде жатады. Ол 
бездер мен бүрлер өріміне ауысады.
Аталған өрімдердің сыртында диффузды нерв торы орналасады. Өрімдерге симпатикалық 
және парасимпатикалық жүйелерден нерв талшықтары келеді.
Интрамуралды өрімдерде парасимпатикалык жүйенің түйінге дейінгі талпықтары 
түйіннен кейінгі талшықтарға ауысады. Интрамуралды өрімдер тұлға қуыстарының 
экстраағзалық өрімдері сияқты құрамы жағынан аралас болып келеді. Соңғы кезде ас 
қорыту жолы интрамуралды өрімдерінде симпатикалық текті жасушалар да табылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет