1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


Түйіннен кейінгі постганглионарлы талшықтар



Pdf көрінісі
бет115/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

Түйіннен кейінгі постганглионарлы талшықтар кірпікті бұлшықетті, қарашық 
қысқышын, ал сезімтал талшықтары – көз алмасының қабығын нервтендіреді. 
122. ВНЖ парасимпатикалық бөлігінің сакралді бөлімі, орталық және шеттік бөліктері. 
Парасимпатикалық орталықтар жұлында, ІІ-ІV сегізкөз сегменттері деңгейінде бүйір 
мүйіздің substantia internaeialater–те жатады. 
Парасимпатикалық жүйенің сакралды бөлімінің шеткі бөлігі ІІ-ІV сегізкөз нервтерінің 
алдыңға түбіршіктері, одан әрі олардың алдыңғы тармақтары құрамында кіші жамбас 
астауына кіріп plexus sacralis-ты (анималды өрім) түзетін талшықтардан тұрады. Олар бұл 
жерде өрімнен бөлініп, nn.splanchnci pelvini plexus hypoglastricus inferior-ға барып, 
сонымен бірге жамбас қуысындағы: colon sigmoideum мен тік ішекті, несепқуығының, 
сыптқы және ішкі жыныс мүшелерін нервтендіреді. Nn.splanchnici pelvini тітіркендіруінен 
тік ішек пен несепқуығы - m. Detrusor vesicae – жиырылып, олардың қыспақтары 
босаңсиды. Симпатикалық құрсақтылығы өрім талшықтары бқл мүшелердің босауын 
тежейді; олар жатырдың жиырылуын қоздырады да, ал nn.splanchnici pelvini оны тежейді. 
Бұл нервтерді әр авторлар әруақытта түрлі атаумен беріп келді: nn. erigentes, n.pelvici; n. 
splanchnici sacralis.
Nn. splanchnici pelvini құрамында тамыр кеңейткіші талшықтар (nn. erigentes) болады. 
Олар corpora cavernosa penis et clitoridis-тің эрекциясын қамтамасыз етеді. Жұлынның 
сакралды бөлімінен шығатын парасиммпатикалық талшықтар nn. erigentes пен 
nn.splanchnici pelvini құрамында ғана емес, сонымен бірге nervus pudentus құрамында да 
жамбас астау өріміне барады (ганглилік талшықтар), жыныс нерві күрделі нерв болып 
табылады, оның құрамында анималды талшықтардан басқа төменгі өқрсақасты өріміне 
кіретін вегетативтік талшықтар да болады. Симпатикалық сабаудың сегізкөз түйіні бөлімі 
түйіндерінен түйіннен кейінгі талшықтар түрінде шығатын симпатикалық талшықтар кіші 
жамбас астауы қуысында жыныс нервіне қосылып, төменгі құрсақасты арқылы жамбас 
астауы ағзаларына өтеді.
Парасимпатикалық нерв жүйесіне интрамуралды нерв жүйесі деп аталатын да жатады. 
Бірқатар қуысты ағзалардың қабырғаларында нерв өрімдері орналасады, олардың 
құрамында ганглиозды жасушалар мен миелинсіз талшықтар бар ұсақ түйіндер жатады; 
бұлар ганглиозды – торлы немесе интрамуралды жүйені түзеді. 


Интрамуралды жүйе өте-мөте ас қорыту жолында айқын білінеді, бұл жерде ол бірнеше 
өрімнен тұрады: 
1. 
Бұлшықеттік өрімі – ас қорыту түтігінің бойлық және сақиналық бұлшықеттері 
арасында орналасады. 
2. 
Шырысастылық өрім – шырысасты негізде жатады. Ол бездер мен бүрлер өріміне 
ауысады. 
Аталған өрімдердің сыртында диффузды нерв торы орналасады. Өрімдерге симпатикалық 
және парасимпатикалық жүйелерден нерв талшықтары келеді. Интрамуралды өрімдерде 
парасимпатикалық жүйенің түйінге дейінгі талшықтары түйіннен кейінгі талшықтарға 
ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет