1. Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы. Жүрек


 Оңжақ лимфа түтігі, оның қалыптасуы, топографиясы, веналық арнаға ашылу



Pdf көрінісі
бет41/119
Дата06.04.2023
өлшемі1,72 Mb.
#79930
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119
Байланысты:
1. Ж рек, дамуы, топографиясы, шекаралары, ж рек а па тарыны а

56. Оңжақ лимфа түтігі, оның қалыптасуы, топографиясы, веналық арнаға ашылу 
орны. 
Оң лимфа түтігі, ductus lymphaticus dexter, ұзындығы 1-1,5 см, диаметрі 2 ммге жуық 
лимфа тамыры, оң бүғанаүсті шұңқырында орналасады және v. jugularis interna dextra 
және v. subclavia dextra бірігуінен түзілген оң веналық бұрышқа ашылады. Оң лимфа 
түтігі лимфаны оң қолдан, бас пен мойынның оң жартысынан және кеуде торының оң 
жартысынан жинайды. Оны келесі лимфа сабаулары түзеді. Оң жақ лимфа түтігі оң жақ 
бұғанаасты венасына құйылады. Көбінесе ол болмайды, ондай жағдайда жоғарыда аталған 
үш баған бұғанаасты венасына жеке-жеке келіп құйылады. 
1. Оң бұғанаасты сабауы, truncus subclavius dexter, лимфаны қолдан әкеледі.
2. Оң мойындырық сабауы, truncus jugularis dexter, лимфаны бас пен мойынның оң 
жартысынан жинайды.
3. Оң бронхкөкірекаралық сабау, truncus bronchomediastinalis dexter, лимфаны жүректен, 
оң өкпенің, өңештің және кеңірдектің төменгі бөлігінің оң жартысынан, сонымен қатар, 
кеуде қуысы қабырғасының оң жартысынан жинайды. Оң лимфа түтігінің сағасында 
қақпақшалар бар. Оң лимфа түтігін құрайтын лимфа сабаулары түтіктің түзілуіне дейін 
өзара байланысуы мүмкін немесе венаға жеке-жеке ашылуы мүмкін. 
57. Сүт безден, өңештен және тілден лимфаның ағу жолдары.
Сүт безінің лимфа тамырлары кеуде қабырғасының лимфатикалық тамырларымен 
байланысты .Терінің және сүт безі тінінің (паренхимасының) лимфа тамырлары дербес 
өрімдер тері ішілік және паренхиматоздық өрім құрайды. Тері-лимфа тамырлары үрпіден 
радиалды бағытта басталып, айналасындағы лимфа түйіндеріне құяды. Сүт безі сыртынан 
лимфа-қолтыққа, жоғарғы бөлігінен - бұғана үстіне, ішкі бөлігінен - төс маңында- ғы (ішкі 
кеуде артериясы бойымен) лимфа түйіндірге құяды. Сүт безі паренхимасынан лимфа-
субареолярлы лимфатикалық өрім- ге, одан транспекторалды қолтықтағы лимфа 
түйіндеріне өтеді. Бұл өрім арқылы лимфа үрпіден, areola таттае-дан және сүт безі 
паренхимасынан жиналады. 


 Осы өрімнің афференттік тамырлары паренхимада бөліктер арасында орналасып бездің 
шығарушы өзекшелері арасымен радиалды бағытта өтеді. Эфференттік лимфа тамырлары 
өрімнің медиалды және латералды бетінде екі баған құрады. Олар бездің латералды 
бетінде қосылып, қолтықтың алдындағы лимфа түйіндеріне құя- ды. Паренхима лимфа 
тамырларының бір бөлігі сүт безінің қапшы- ғы мен кеуденің үлкен бұлшықетінің 
фасциясы арасындағы лим- фатикалық өрімге құяды (plexus lymphaticus retromammaris). 
Бүл өрімнің эфферентті тамырлары, кеуденің үлкен бұлшықетін және fascia clavipectoralis-
ті тесіп өтіп, қолтықтағы лимфа түйіндері- не өтеді. Лимфа тамырлары кеуденің кішкене 
бұлшықетін тесіп өтіп, бүғанасты және бұғана үсті лимфа түйіндеріне құяды. Транс- 
пекторалды және субпекторалдық лимфа тамырларының болуы қатерлі ісік кезінде, 
радикалды операция кезінде, кеуде бүлшықет- терін алып тастауды қажет етеді. Сүт 
безінің төменгі медиалды квадранты семсер тәрізді өсінді- ден 2,5 - 3 см жерде 
орналасқан. Осы жерден бірнеше лимфа та- мырлар, ақ сызықтың жоғарғы бөлігіндегі 
жұқа жерінен өтіп, ішперде алдындағы лимфатикалық өріммен, ал lig. teres hepatis ap- 
қылы бауырға өтеді. Бұл жол арқылы қатерлі ісік клеткалары ішперде алдындағы өрімге, 
содан кейін бауыр және кіші жамбасқа өтеді. 
Сүт безі маңындағы аймақтың лимфатикалық түйіндері : 
1) қолтық алдындағы лимфа түйіндері лимфаны сүт безінің латералды бөлігінен 
қабылдайды. Жолында III қабырға тү- сында, үлкен кеуде бұлшықетінің латералды қыры 
астын- да, меншікті шандырдан терең Зоргиус түйіні орналасқан. Қатерлі ісікте бұл түйін 
бәрінен ерте ісінеді. Кей-кезде қатерлі ісік клеткалары Зоргиус түйінін айналып, тереңдегі 
түйіндерге өтуі мүмкін;соответствие 
2) қолтықтың орталық түйіндері қолтық венасы бойында, кіші кеуде бүлшықетінің 
бекіген жерінің астында жатады. Ол лимфаны бездің жоғарғы-латералды бөлігінен 
қабылдайды. Осы бездер арасынан қабырға аралық-иық нерві өтеді. Қа- терлі ісік кезінде 
нерв қысылса, иықтың ішкі бетінде үде- мелі ауырсыну белгісі пайда болады;
3) қолтықтың артындағы түйіндер сүт безінің артқы лате оралды бөлігінен қабылдайды. 
Бұл түйіндер қолтық артында және жауырын асты артерия бойында жатады; 
4) қолтықтың латералды түйіндері қолтық венасы мен иық ве насы бойында орналасқан. 
Лимфаны сүт безінің ортасынан қабылдайды;осхічно 
5) бүғанасты түйіндер артынан - қолтық венасы, астынан бірінші қабырға аралық 
кеңістік, алдынан - бұғана кеуде фасциясынан (fascia clavipectoralis) құрылған бұрышта 
жа- тады. Бұл топқа қолтық лимфа түйіндеріне соқпай, сүт бе- зінің жоғарғы бөлігінен 
лимфа келеді. Осы түйіндердің эфферентті тамырлары бүғананың оң және сол асты- лық 
лимфатикалық бағанын құрайды. Олар оң жағында бұғанасты және ішкі мойындырық 
венаның қосылған же- ріне, сол жақта кеуде өзегіне құяды; 
6) төменгі кеуде түйіндері лимфаны сүт безінің үрпісінен жи- найды. Осы аймақтан лимфа 
бесінші қабырға аралықта- ғы дорсалды қабырға аралық түйіндеріне бағытталған. Бұл 
түйіндердің эфферентті тамырлартқы қабырға аралық, омыртқа жотасындағы түйіндер 
мен кеуденің артқы аралы- ғы түйіндеріне бағытталған;


7) кеуде алдындағы түйіндер кеуде ішілік артерия бойында орналасқан. Олар лимфаны 
сүт безінің төменгі және жоғар- ғы медиалды квадранттарынан алады. Бұл тамырлар кеуде 
аралығыныңалдыңғы, кейде тікелей артқы аралығына және бұғана үсті лимфа түйіндеріне 
өтеді; 
8) кеуде бүлшықеттері арасындағы лимфа түйіндер (nodi lym phatici interpectoralis) үлкен 
және кіші кеуде бүлшықеттер арасында орналасады. Бүл түйіндерге лимфа - сүт безінің 
жоғарғы сыртқы квадрантынан келеді. Эфференттік тамыр- лар қолтық және бүғанасты 
бездерге құяды;
9) кеуде бұлшықетінің астындағы лимфа түйіндер (nodi lym phatici subpectoralis) кеуденің 
кіші бұлшықеті астында ор- наласып, қолтық бездерімен байланысады. Олардан лим- фа 
кейде бұғана үстілік түйіндерге күяды. Кеуде астылық түйіндерге лимфа - сүт безінің 
жоғарғы медиалды және ла- тералды квадранттарынан келеді;
10) ішастар артындағы лимфа түйіндері - лимфаны сүт безінің төменгі (әсіресе медиалды) 
квадрантынан алады. Бұл ағыс жолы метастаздың құрсақ қуысына және кіші жамбасқа 
өтуіне себеп болады;лицензия
11) шап аймағы лимфа түйіндері - құрсақ қуысынан немесе құрсақ қабырғасынан тараған 
метастаздар шап аймағының лимфа тамырларына таралуы мүмкін. Осылай сүт безінің 
лимфа тамырларының бәрі қолтықтағы түйіндер арқылы өтеді. Сүт безінің қатерлі ісігінде 
метастаз безден алыстағы аймақтарға да таралуы мүмкін. 
-Өңештің лимфа тамырлары шырышты және бұлшықеттік қабықтардың лимфа 
капилляр торынан және шырышасты негіздің лимфа өрімінен түзіледі. Өңештің жоғарғы
ұшының әкетуші лимфа тамырлары кеңірдектің, ішкі мойындырық және артқы 
көкірекаралық лимфа түйіндеріне; ортаңғы үшінен - артқы кокірекаралық, томенгі үшінеи 
- сол асқазан лимфа түйіндеріне бағытталады. 
-Төменгі ерін мен иекастының лимфа тамырлары иекастылық лимфа түйіндеріне, 
nodi lymphatici submentales, бағытталады. Олар тіласты сүйектің денесінде орналасып, тіл 
ұшының лимфа тамырларынан лимфаны жинайды. 
Тілдік лимфа түйіндері, nodi lymphatici lingunales, тіл түбірінің бүйірінде 
орналасады. 
Тілдің лимфа тамырлары беткей және терең болып бөлінеді, беткей-шырышты 
қабықтың лимфа тамырлары торынан басталады және тереңі қантамырлармен қосарлана 
жүреді. Екі топ тамырлар тілдік лимфа түйіндеріне, nodi lymphatici linguales енеді.
Тілдің әкетуші тамырлары, nodi cervicales profundi, submandibulares et submentales
бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет