практикалық маңызы. Ол организмдегі жасушалар мен тіндердің метаболизмі мен
тазаруында маңызды рөл атқарады. Қан айналым жүйесінен айырмашылығы,
сүтқоректілердің лимфа жүйесі ашық және орталық сорғысы жоқ. Онда айналатын лимфа
баяу және аз қысыммен қозғалады.
54. Лимфа капиллярлары, тамырлары және өрімдері, құрылыс ерекшеліктері.
Лимфа капиллярлары. Лимфа жүйесі капиллярлардан басталады. Олардың диаметрі 10
мм-ден 200 мм-ге дейін, пішіні тегіс емес, бүйірлік шығыңқы жерлері бар,ал қантамырлар
капиллярлары 5-тен 25 ммге дейін.
Лимфа капиллярлары қабырғасы тек бірқабат эндотелийден тұрады. Олар микрожіпшелер
арқылы жанында жатқан коллаген талшықтарына бекиді. Мұндай қүрылым лимфа
капиллярларының ашық жағдайда болуын қамтамасыз етеді. Лимфа капиллярлары пішіні
саусақтәрізді (жіңішке ішек бүрлерінде), кеңейген қапшық тәрізді (өтқуықта) және жабық
(тұйық)
тортәрізді (ағзалардың басым көпшілігінде) болып кездеседі.
Капиллярлар торының орналасуы ағзалардың құрылысына байланысты: қуысты
ағзалардың қабырғаларындағы қабаттарында, сірлі кабықтарда (ішастар, өкпеқап) бір
жазықтықта; паренхималы ағзаларда (бүйрек, бауыр) 3 жазықтықта орналасады.
Дәнекер тінде лимфа капиллярларымен қатар қантамыр капиллярлары орналасады.
Тейхман ережесі бойынша эпителийге немесе эндотелийге жақын қантамыр
капиллярлары, ал тереңірек лимфа капиллярлары орналасады.
Лимфа капиллярларының қызметі:
1. Дренаждық қызметі - қантамыр капиллярларымен бірге ағзалардағы тінаралық
(интерстициялық) сұйыктықты сіңіреді.
2. Резобциялық қызметі, яғни сіңіру қызметі, қантамыр каииллярларына өте
алмайтын көптеген заттар тін аралығына лимфага өтеді. Олар: белоктардың ірі түйіршікті
коллойдты ертінділері, бөгде заттар бөлшектері, қатерлік ісік жасушалары, бактериялар.
Осы қасиетіне байланысты ағзаларга контрасты зат жібсріліп, лимфа жүйесі зерттеледі.
Жарақат алғанда, қабыну кезінде, лимфа капиллярларларының көлемі 2-3 есе үлкейеді,
сіңіру аймағы көбейеді. Лимфа капиллярлары қабырғасының бірқабатты болуы, олардың
сіңіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сіңіру үрдісі екі жол арқылы жүзеге асады:
а) Жасушааралық - екі эндотелий жасушаларының аралығы арқылы;
б) Эндотелий жасушасын тесіп өтеді (пиноцитоз). Лимфа капиллярлары балаларда жақсы
дамыған, кәрі адамдарда азаяды, себебі жас адамдарда зат алмасу үрдісі жоғары деңгейде
жүреді.
3. Лимфа тамырлары, vаsa lymphatica. Лимфа капиллярларының қабыргасының құрылысы
өзгеріп жуандайды да, лимфа тамырларына айналады. Ағзаішіндегі және көп жағдайда
ағза сыртындағы лимфа тамырлары эндотелийінің сыртында жұқа дәнекер тінді қабық
орналасады (бұлшықетсіз тамырлар). Ірірек лимфа тамырларының қабырғасы 3 қабықтан
тұрады:
1. Эндотелий - tunica interna.
2. Бұлшықеттік - tunica media.
3. Дәнекертінді - tunica externa, s.adventitia.
Лимфа тамырларында қақпақшалар (клапандар - valvule lymphaticae) орналасады, олар
лимфаны бір бағытта өткізуге көмектеседі. Егер лимфа капиллярларында қақпақша
кездесетін болса, олар лимфа посткапиллярлары болып есептеледі. Әр қақпақшалар ішкі
қабықтың қарама қарсы орналасқан бір қатпарынан түзілген (ішкі ағзалар ішінде 2-3 мм-
ден 12-15 мм дейін іріленеді). Қақпақшалар орналасқан жерде лимфа тамырлары
кеңейген, ал қақпақшалар аралығында тарылған. Осы кең және тар жерлерінің өзара
алмасып отыруы лимфа тамырларына ұсақ моншақ тәрізді пішін береді. Қақпақшааралық
сегменттер лимфангиондар деп аталады.
Лимфа ағынын қамтамасыз ететін жағдайлар:
1. Түзіліп отыратын лимфа қысымы, тегеуріні.
2. Лимфа тамырларының бұлшықет қабығының жиырылуы. Олар ағза сыртындағы лимфа
тамырларында айдаушы рөлін атқарады, минутына 8-10, кейде 20 рет жиырылады.
3. Қаңқалық бұлшықеттер мен ішкі ағзалар (асқазан, ішек, т.с.с.) құрамындағы бірыңғай
салалы бұлшықеттер жиырылуы.
4. Қан тамырларының соғуы, лүпілі.
5. Тыныс алу кезінде кеуде қуысында пайда болатын теріс қысым.Әдетте лимфа
тамырлары қан тамырларының қасында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |