Қазақстан аумағында бір ғана саласы бар. Жағалауында халық тығыз
қоныстанған және суармалы егіншілік жақсы дамыған. Бұл
Сырдария
өзені
Арал теңізі алабына жатады.
2.
Жыл бойы суы мол болады. Өзеннің
орта ағысы Қазақстан
жерімен өтеді. Өзен бойында ірі бөгендер мен су электр станциялары көп
салынған. Бұл өзен халық шаруашылығы үшін өте маңызды рол атқарады.
Өзеннің барлық бөлігінде кеме жүзуге қолайлы.
Өзен суы Орталық
Қазақстанның және Шығыс Қазақстанның өндіріс орындарын сумен
қамтамасыз етеді.
Солтүстік мұзды мұхит алабына жататын
Ертіс өзені Қазақстанның
ірі өзені болып саналады.
3.
Суының молдығы жөнінен елімізде үшінші орын алады.
Негізінен қар және мұз суымен қоректенеді.
Өзен алабындағы тау
өзендерінде тасқын жиі болып тұрады. Басында тау өзені болғанымен
орта және төменгі ағысында жазық өзенге айналады.
Өзеннің Қазақстан
жеріндегі ұзындығы 815 км. Өзен алқабында еліміздегі ең ірі қала
орналасқан.
Бұл
Іле өзені
Балқаш-Алакөл алабына жатады.
4.
Еліміздегі бұл өзен солтүстіктен оңтүстік
бағытқа қарай
ағады. Жылдық су шығынының 80% көктем мезгіліне келеді. Өзен өте
бағалы бекіре балығымен әйгілі. Бұл өзеннен
Жем мұнай кәсіпшілігі су
құбыры тартылған. Өзен атырауы екі тармаққа бөлінген. Өзен
жағалауында құм, саздан түзілген биік жарқабақтар көп.
Жайық өзені
Каспий теңізі алабына жатады.
Сабақтыңсоңы
Достарыңызбен бөлісу: