Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Танымдық саланың даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет50/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

Танымдық саланың даму ерекшеліктері. Сӛйлеу әрекетінің 
дамуында, бала ӛмірінің алғашқы ҥш жылы маңызды болып 
саналады. Алғашқы кездегі баланың уілдеу тілі, оның сӛйлеу 
және психикалық дамуының келешекте дҧрыс қалыптасуына 
кепілдік бермейді. Уілдеу қалыпты дамудағы сау балада да, 
сондай-ақ, 
дамуында 
ауытқуы 
бар 
балада 
болады 
(интеллектуалды кемістік, есту қабілетінің кемістігі бар). 
Алалиясы бар балаларда былдырлау тілі болмайды, болған кҥнде 
де ӛте нашар, ешқандай айқын екпін жоқ, әрі ӛте кеш - 2 жас 
шамасында ғана қалыптаса бастайды. Сол сияқты, ринолалиясы 
және дизартриясы бар балалардың былдырлау тілінің сапасы мен 
дамуында, ӛзіндік ерекшеліктер кӛзге тҥседі (О. Н. Усанова, О. А. 
Слинько). 
Алалиясы бар балалардың тілдік қарым-қатынасына 
қарағанда, вербальды емес қатынас қҧралдары анағҧрлым жақсы, 
әрі қарқынды дамиды (мимика, ымдау). Сӛйлеуінде патологиясы 
бар, бірақ интеллектісі сау сақталған балалар жасы ӛскен сайын, 
осы 
қҧралдарды 
белсенді 
қолдана 
бастайды. 
Мҧндай 
жағдайларда, қолданыстағы белсенді сӛздік қорынан гӛрі, енжар 
сӛздік қоры тез толығады, балалар ӛздеріне қаратылып айтылған 
сӛздерді жақсы, әрі жылдам тҥсінеді, бірақ ӛздері сӛйлеуді кӛп 
пайдаланбайды (сенсорлық алалиядан ӛзге). 
Сӛйлеудің ауыр бҧзылуы бар балаларда алғашқы сӛздер мен 
алғашқы фразалық тіл кеш пайда болады.
Кейбір бҧзылуларда (мысалы, моторлы алалияда), тілдік 
белсенділік ӛте тӛмен, баламен тілдік қарым-қатынас жасау 
ҧмтылысы негативизммен қабылданады; басқа тілдік бҧзылуы 
бар балаларда (сенсорлық алалия), белсенді тілдік қатынасқа 
деген 
ҧмтылыс 
байқалады, 
бҧл 
ҥрдіс 
ашушаңдықпен, 
эмоционалды лабильділікпен қатар жҥреді, кейде баланың тілін 
ӛзгелер тҥсінбеген жағдайда, ол кҥшті эмоционалды реакциямен 
жауап береді.Тілдік интенция, яғни тілдік қарым-қатынасқа 
ҧмтылу, баланың интеллектуалды қабілетіне байланысты 
(интеллекті 
тӛмен 
балалардың 
сӛйлегіштігі, 
айналасындағылармен тез тіл табысатыны белгілі), баланың жеке 
тҧлғалық қасиеттеріне, ӛз кемістігіне, ӛзінің және ӛзгелердің 


75 
қатынасына байланысты. Ғылыми әдебиеттерде әртҥрлі тілдік 
патологиясы бар балалардың (алалия, дизартрия, ринолалия, 
кекештену), тілдік қарым-қатынастан бас тартатыны, ӛзінің тіл 
кемістігін жасыру мақсатында, тҥрлі амал жасайтыны туралы 
айтылады.
Алалик балалардың ерте сәбилік кезеңінде, қалыпты 
дамудағы балалармен салыстырғанда, локомоторлы қызметтердің
дамуында, кешігу байқалды: балалар жасқа сай нормадан кеш 
жҥре бастайды, қол моторикасы ҧзақ уақытқа дейін жеткілікті 
сараланбайды, артикуляциялық моторика бос болады. Зерттеулер 
сӛйлеудің даму деңгейі, қолдың ҧсақ моторикасының дамуымен 
тікелей байланысты екендігін дәлелдейді.
Е. М. Мастюкова еңбектерінде сӛйлеуі бҧзылған балалардың 
басым кӛпшілігінде, интеллект қабілеті сақтала тҧра, оқу 
барысында айтарлықтай қиындықтар болатындығын, психикалық 
дамудың ӛзіндік дисгармониялық тежелуін сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет