Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет49/134
Дата07.04.2023
өлшемі1,6 Mb.
#80207
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

1. Фонетикалық бұзылулар — бір дыбысты немесе бір 
топқа жататын дыбыстарды айта алмау (ызың, шҧғыл, тіл ортасы, 
тіл алды дыбыстардың бҧзылуы; дауыссыз дыбыстардың қатаң-
ҧяң-ҥнді айтылуының бҧзылуы, дыбыстарды дҧрыс қабылдау 
қабілетінің бҧзылуы). Бҧған дислалия, дизартрия, фонетикалық-
фонематикалық жетілмеу жатады. 
2. Лексикалық-грамматикалық бұзылулар. Бҧған енетіндер: 
шектеулі сӛздік қор, жадағай фраза; фразадағы және сӛйлемдегі 
сӛздердің ӛзара қиыспауы, шылаулар мен жалғау–жҧрнақтарды 
қате қолдану (сӛйлеудің жалпы жетілмеуі). 
3. Әуендік – екпіндік бұзылулар: екпінді дҧрыс қоймаумен 
байланысты (логикалық — фразада, грамматикалық — сӛзде); 
дауыстың кҥші мен жоғарылығы, тембрінің бҧзылуына қарай 
(ақырын, қарлығыңқы, бақылдақ, тҧншыға шығатын, анық емес
мәнерсіз, шырылдақ, кҥмілжіңі). Мысалы: дисфония, ринолалия
ринофония т.б.. 
4. 
Қарқындық–ырғақтық 
бұзылулар: 
мидағы 
қозу 
ҥдерістерінің басымдығымен байланысты болатын шапшаң 
қарқын (тахилалия); тежелу ҥдерістері басым болатын баяу 
қарқын (брадилалия); ҥзік–ҥзік қарқын (қажетсіз паузалар, сҥріну, 
қҧрысу сипатты емес кекештену – физиологиялық итерациялар
полтерн және қҧрысу сипатындағы – тҧтығу немесе кекештік). 
5. Жазба тілдің бұзылуы: жазуда:фонеманың графемаға 
қате айналуы; толық жазбау; сӛздегі әріптерді тастап кету немесе 
шатастыру; сӛйлемдегі сӛздердің ӛзара қиыспауы немесе 
орындарының ауысуы; жазу жолынан шығып кету т.б., оқуда: 
дыбыстарды алмастыру мен шатастыру; әріптеп оқу; сӛздің 
дыбыстық–буындық қҧрамын бҧрмалау; оқылғанды тҥсінудің 
бҧзылуы; аграмматизмдер. Мысалы: дислексия мен дисграфия. 
6. Сӛйлеудің жүйелі бұзылуы: сӛйлеу мҥмкін емес немесе 
былдырлау мҥмкіндігі ғана болады, мысалы, алалия және 
афазия»
1
.
 
Сӛйлеудегі кемшіліктерге қарай, балаларды бірнеше
------------------ 
1
Логопедия. Под ред. Л.С.Волковой, С.Н.Шаховской. – 3-е из. перераб.и доп.-М.:ГИЦ 
«Владос», 2003. – С.67. 


74 
топтарға бӛлу, коррекциялық жҧмыстар жҥргізуде қолайлы болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет