ІІ-топты қҧрайтын жасӛспірімдердің ерік дамуының деңгейі
едәуір жоғары. Олар ӛзін-ӛзі адекватты бағалау қабілетіне ие бола
отырып, ӛз мҥмкіндіктерін дҧрыс бағалай отырып, ерік кҥшінің
кӛмегімен, ағзалық және тҧлғалық кемістіктерді компенсациялай
алады. Бҧл жасӛспірімдер науқаспен және оның зардаптарымен
барынша кҥреседі, терапияның тиімді әсеріне қол жеткізуге
ҧмтылады, шыдамды, оқуда табандылық танытады, ӛзін-ӛзі
шынықтырумен, тәрбиелеумен айналысады. Бҧлар барлық
зерттелген жасӛспірімдердің 20%-н қҧрайды.
ІІІ-топқа жататын жасӛспірімдердің ерік саласының даму
деңгейін орташа деп есептеуге болады. Денсаулық кҥйіне, кӛңіл-
кҥйіне
т.б.
толып
жатқан
жағдайларға
байланысты,
жасӛспірімдер эпизодтық тҥрде қажетті ерік кҥшін таныта алады.
Оқу әрекетінде бҧл жақсы бағаға деген қызығушылықпен
байланысты,
медициналық
шараларда
–
емделу
перспективасымен байланысты т.с.с. Ерік кҥшінің жоғарылауы,
ерік белсенділігі деңгейінің тӛмендеуімен алмасып отырады. Бҧл
топқа барлық зерттелген жасӛспірімдердің 43%-ы енді. Жоғарыда
сипатталған топтарға, тірек-қимыл аппаратының әртҥрлі
кемістіктері бар жасӛспірімдер жатады.
Тірек-қимыл аппаратының әртҥрлі кемістіктерінен зардап
шегетін жасӛспірімдермен жҥргізілетін коррекциялық-қалпына
келтіру жҧмыстары, балалардан да, ересектерден де ҥлкен ерік
кҥшін талап ететіні туралы, жоғарыда айтылып кетті. Әсіресе,
бірінше топқа жататын балалар, кӛмекке зәру, олардың әлсіз ерік-
жігері, кӛңіл-кҥйін тек нашарлатады, науқасты асқындыра тҥседі.
Әр бала ҥшін, перспективалық жоспар қҧру, оның тҧлғасының
ерік-жігер
саласын
дамытуда
психологтың,
мҧғалімнің,
логопедтің және басқа мамандардың мақсатты, әрі нәтижелі
жҧмыс жасауы, олардың ерік кҥшін нығайтуға едәуір
158
кӛмектеседі, әлеуметтік-психологиялық реабилитацияға септігін
тигізеді.
Ең маңыздысы, баланың ӛзін шын мәнісінде сезінуі, яғни
біртіндеп ӛз кемістігі мен мҥмкіндіктеріне деген дҧрыс кӛзқарас
орныға бастайды. Мҧндағы жетекші рӛлді, ата-аналар мен
тәрбиешілер атқарады: бала ӛзінің мҥмкіндігі мен науқасын
бағалауды солардан ҥйренеді. Ересек адамдардың мінез-қҧлқы
мен реакциясынан, ол ӛзін ешнәрсеге қабілеті жоқ, қоғамнан
толыққанды адам ретінде орын ала алмайтын мҥгедек ретінде
сезінеді.
Тҧлғаның патологиялық сипатпен қалыптасуы (жеке тҧлға
дамуының психогендік факторларына байланысты), БЦП-ға
шалдыққан балалардың басым кӛпшілігінде байқалады. Бҧл
балалардың мінез-қҧлқындағы кері, жағымсыз қасиеттер,
гиперқамқорлық дәрежесіндегі тәрбиемен байланысты. Ата-
аналар баланың қимыл-қозғалыс бҧзылуына байланысты, қҧлап
қалады, ыдысты сындырып алады, киіне алмайды деп қорқады,
бала ҥшін барлық әрекетті ӛздері орындайды, сӛйтіп, баланы ӛз
бетімен әрекеттену мҥмкіндігінен айырады.
Жеке тҧлғалық дамудағы ауытқулар, отбасындағы тәрбиенің
басқа бір стилімен қалыптасуы мҥмкін. Біраз ата-аналар, баланы
қатал тәрбелеген жӛн деп есептейді. Олар баладан тапсырманың
орындалуын
талап етеді, ал баланың қимыл-қозғалыс
спецификасын, мҥмкіндігін мҥлдем есепке алмайды. Олар
тапсырма орындалмаған жағдайда, баланы жазалайды, ал мҧның
жағымсыз салдары бар, баланың дене бітімдік және психикалық
кҥйі ауырлай тҥседі.
Гиперқамқорлық пен гипоқамқорлық жағдайларында,
баланың ӛз мҥмкіндігін адекватты бағалау қабілетінің
қалыптасуына қолайсыз жағдай туады.
Баланың ӛзіндегі дене кемістігіне реакция жасауын зерттеу,
оның жеке тҧлғалық дамуын зерттеу болып табылады.
Э.С.Калижнюк БЦП бар балалардың ӛз кемістігін сезінуі, 7-8
жаста болатынын, бҧл кезеңнің ӛзі тәрізді балалар тарапынан
кӛрсетілетін, теріс кӛзқарастарға байланысты уайыммен, сондай-
ақ, әлеуметтік депривациямен байланысты екендігін айтады.
Балаларда пайда болатын психогендік реакцияларды Э. С.
Калижнюк екі топқа бӛледі:
159
невротиялық
реакциялардың
енжар–қорғаныс
реакцияларымен ҧласуы – гипостениялық нұсқа (шамадан тыс
сезімталдық, ҧялшақтық, жасықтық, жалғыздыққа бейімдік т.б.).
агрессиялық–қорғаныстық
мінез-қҧлық
тҥрлері
Достарыңызбен бөлісу: |