147
жасайды.
Гермафродитизм. Бірқатар омыртқасыз жануарларда
гермафродитизм байқалады. Әр дарақта аталық мен аналықтың жыныс бездері
болады. Ең танымал гермафродит болып табылатындары жаңбыр құрттары,
сүліктер және көптеген ұлу түрлері . Алайда, осы дарақтардың өздері ұрық және
сперматозоид шығарса да, олар бір – бірімен қосылады және өзара жыныстық
жасушалармен алмасады. Ірі, сауыты жоқ моллюскалар аплизий немесе теңіз
қояндары, теңіз жағалау аймағында мекендейтіндері, ұрықтандыру үрдісінде
аталық және аналық рөлінде болады.
Алайда, жануарлар - гермафродиттер
жыныс жасушаларының екі түрінің болуына қарамастан, олар өздігінен
ұрықтануына өте сирек жүгінеді, керісінше әдетте басқа дарақпен шағылысуға
ұмтылады, соның ішінде жақсырағы туыстас емес дарақтармен.
Достарыңызбен бөлісу: