ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«D050 – ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ЭТИКА» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАР
ТОБЫ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ, 2021
1. Емтихан тақырыптарының тізбесі
«Ғылымның тарихы және философиясы» пәні
1 тақырып. «Ғылым тарихы және философиясының пәні. Ғылыми танымның
табиғаты»
Ғылым философиясының негізгі тақырыптары. Ғылым философиясының мәселелері және
нәтижелері, олардың ғылым мен философия үшін маңызы. Ғылыми білімнің даму заңдылықтары –
ғылым тарихының пәні. Ғылымды зерттеудің қырлары: ғылым философиясы, ғылымтану, ғылым
социологиясы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы.
Ғылымды білім жүйесі және әлеуметтік институт ретінде түсіну. Ғылым – қоғамдық сананың
формасы және қоғамның өндіргіш күші. Ғылымның мәдениеттегі орны мен рөлі туралы
пікірталастар: сциентизм және антисциентизм. Интернализм және экстернализм – ғылым
тарихының екі қарама-қарсы концепциясы. Қазіргі дәуірде ғылымның рөлі мен өзектілігінің
артуы.
2 тақырып. «Ғылымның дүниетанымдық негіздері және қызметтері»
Ғылымның дүниетанымның басқа да тарихи түрлерімен және қоғамдық сананың
формаларымен өзара байланысы. Ғылыми және қарапайым білім: қисынды ақыл және ақиқат.
Ғылым – дүниені игерудің ерекше тәсілі. Ғылыми танымның ерекшеліктері. Нақты дүниені заттық
және объективті зерттеу. Мәдениет типінің өзгеруінің ғылыми білімді баяндау түрлеріне, нақты
дүниені көру тәсілдеріне ықпалы. Ғылыми білімнің генерациясы үдерісіне әлеуметтік-мәдени
факторлардың қосылуы. Ғылымның адамның рухани қызметінің басқа түрлерімен өзара әсері.
Ғылымның дамуындағы философияның дүниетанымдық рөлі.
Ғылымның қызметтерін жіктеу мәселесі. Ғылымның қызметтері. Білім беру үдерісінің негізгі
құрамдас бөліктерін қалыптастырудағы ғылымның рөлі: мақсаттары, құралдары, нәтижелері,
принциптері, формалары және әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |